Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасу кезеңдері


Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
«Мектепке дейінгі педагогика» пәнінен
Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
«Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасу кезеңдері»
Орындаған: Г. С. Умбетова
Тексерген: Л. А. Жайманова
Орал, 2015ж.
Жоспары
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы . . . 5
2. Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің жетістіктері . . . 12
Қорытынды . . . 16
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 18
Кіріспе
Қазақстан республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалықөрлеу-қазақстанныңжаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында «балаларды мекепке дейінгі оқыту мен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған Балапан арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын. 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауытиіс». Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеумен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолданкелгеннің бәрін жасау қажет-деп атап көрсеткен еді. Аталған стратегияны жүзеге асырудағы басым бағытбілім беруді жаңарту -Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатын маңызды құрал болуында. Білім берудің бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының Ата Заңында, Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және басқа мемлекеттік құжаттарда негізделген. Қоғам дамуындағы, заман ағымындағы болып жатқан соңғы өзгерiстер мен бiлiм беру саласыныңалғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейiнгi ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретiнде қалыптастыруға сәбилiк шақтан бастап толықжағдай жасауды, тәрбиелеу мен бiлiм беруге аса жауапты қарауды басты мiндет етiп қойып отыр. Аталған мiндеттердi шешуде кезек күттiрмейтiн мәселелердiң бiрi ретiнде мектепке дейiнгi кезеңде білім мазмұнын жаңартуды қамтамасыз етудiңжолдарын нақтылаудың маңызы зор. Ұлттық негіздегі білім беру ұйымдарының мәнi өз шәкiрттерiне халқының мәдениетiн тереңде жан-жақты үйрету, олардың санасына ұлтына деген құрмет пен мақтаныш сезiмiн сiңiре бiлудi басқа ұлттардың мәдениетiн қадiрлей бiлумен ұштастыру болып табылады. Осы орайда, өз заманымыздағы ғылым салаларынан түгелдей хабардар болған аты әйгiлi ақын, философ, қоғам қайраткерлерi түркi халықтарыныңмәдени рухани мұраларымен таныстыруды жөн көрген, қасиеттіқағидалармен өсер ұрпаққа өсиет қалдырған Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, Науаи, Қожа-Ахмет Яссауи, М. Қашқари, М. Х. Дулатисынды т. б ойшылдардың педагогикалық ой тұжырымдарынан нәр аламыз. Өткеннiң тәжiрибесiн бүгiнмен жалғастыра озық өнегелi рухани дәстүрдi ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзу үдерiсi үнемі жүрiп отырады. Бұл үдерiссiз қоғамның өркениеттi елдер деңгейiне жету мүмкiн емес. Ұлт мәдениетiнiң маңызы және оның жеке тұлғаның рухани дамуына тигiзер әсерi, білім беру туралы ой-пiкiрлердiң қалыптасуына Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Т. Шонанов, Ә. Бөкейхановсынды мен өнер қайраткерлерiнiң қосқан үлесi зор болды. Өз халқына бiлiм мен өнер сәулесiн шашқан Н. Құлжанова, М. Бегалиева, М. Ниязова, Ш. Иманбаева сияқты қаза қәйелдерiнен шыққан алғашқы қарлығаштар өз еңбектерiнде жас ұрпақ тәрбиесiнiң өзектi мәселелерiне байланысты айтқанқұнды пiкiрлері әр кезеңдердегі білім мазмұнын жаңартуға негіз болмақ.
Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту -негізінен білім мазмұнының мәнін ашу және оны дұрыс таңдай білу, бiлiм мазмұнын жүйелеу, білім сапасын арттырумен және оны қалыптастыруда дәстүрлі әдіс-тәсілдердің орнына жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана білумен де тығыз байланысты. Мұнда Ресейлік ғалымдар: В. В. Рубцов, А. Г. Асмолов, «балалар көп нәрсені тек қана үлкендерден ғана емес, бір-бірімен қарым-қатынасарқылы да үйренеді» десе, А. П. Усова, Н. Н. Поддьякова, А. Н. Поддьяков, «балалар әр түрлі обьектіні өздігінен зерттеп, қарап көру барысында, тәжірибелік іс-әрекеттежан-жақты дамиды»-деп дәлелдейді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдерісті зерттеуші ғалым Н. Ю. Вознюк: білім мазмұнын жаңарту мәселесіне жүйелі талдау жасаған. Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістің мәнін ашып, ұйымды басқарудың тиімді жолдарын ашып көрсеткен. Г. П. Щедровский. «білім берудің мазмұнын жаңарту оқу пәндерінің аясындағы өзгертумен шектелмеуі қажет, ол бүкіл адам білімдері жүйесінің мазмұны мен ұйымдастыру формаларын қамтуқажет» деген ойды айтады. Г. И. Ильин: «оқу көздерінің жаңа көздері пайда болуда: пресса, радио, көп арналы теледидар, аудио-бейнетаспалар, интернет. Сол себепті педагогикалық үдерісті әлеуметтік, әдістемелік тұрғыдан кең көлемді қарастыруымыз керек» деп есептейді. Р. Р. Витчинкина: Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың жеке тұлға ретінде дамуын теориялық тұрғыдан негіздеп, мектепке дейінгі жастағы бала дамуының моделін жасаған, осы жастағы даму өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтап, оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін нақтылап, белгілеп берген. Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог тәрбиешілер баланың жеке басының сапаларын дамытуға арналған бағдарлама ұсынған. С. В. Жундрикова, М. Х. Мизова, И. Б. Бичева, Е. А. Аникудимова т. б. мектепке дейінгі тәрбие мамандарын дайындаудың мазмұны мен тиімді әдіс-тәсілдерін, формалары мен құралдарын айқындап, оның мектепке дейінгі тәрбие жүйесіне тигізетін ықпалын өз зерттеулерінде дәйекті дәлелдеген. Болашақ мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының кәсіби тұлғалық дамуының сабақтастығы және Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сыныптардағы білім мазмұны сабақтастығы мәселелері жан-жақты қарастырылған. Қырғыз қыздарынан алғашқы шыққан педагогика ғылымдарының докторы, ғалым ұстаз М. Р. Рахимованың еңбектерінің көбі жас балаларға, яғни мектепке дейінгі жасқа арналып, тәрбие жұмыстарында басшылыққа алынуымен құнды. Атап айьқанда: «Балаларды ерте еңбекке тәрбиелеу», «Балабақшада балаларға оқитын кітап», «Қырғыз жазушыларының балабақшаларға жазған еңбектері» т. б зерттеулерімен қоса мұғалім дайындаудағы проблемалар мен педагогиканың тарихына байланысты мәселелерді қарастырғандығы атап көрсетілген. Бұл еңбектерден біздің зерттеуімізге байланысты қырғыз еліндегі мектепке дейінгі тәрбиеде білім мазмұнын айқындаудағы оқу әдістемелік құралдардытәжірибеде пайдалану мүмкіндіктерініңкең екендігін байқаймыз. Жалпы орта білім беру мазмұнын жан-жақты зерттеген отандық ғалым М. Ж. Жадринаның ебектерінде білім берудің мәні мен маңызын ашып көрсете отырып, ғылыми-әдістемелік, дидактикалық тұғыдан негіздейді. Оқу пәндерінің вариативтік және инварианттық бөліктері негізінде білім мазмұнын қарастырады. Инварианттық бөлік оқу пәндері мазмұнының негізгі компоненті, сол арқылы пәнді оқытудың мақсаты жүзеге асырылады деп есептейді. Ол негізгі ережелер мен заңдылықтарды, теориялар мен бөлімдерді және тақырыптарды қамтиды. Мектептегі білім мазмұны қоғамдық құндылықтың көрнісі тұрғысынан зерделеген ғалым С. Д. Мұқанова: өзінің еңбектерінде шет елдік және отандық ғалымдардыңмектептегі білім мазмұнына сәйкес тұжырымдамалары мен анықтамаларына талдау жасай келіп, 12 жылдық білім берудің жеке тұлғаға бағдарланған үлгісі, заманауи педагогикалық тұжырымдамасы дайындалып, қоғамдық сұраныстарды, талаптарды қамтамасыз ету жолдарын қарастырды. А. А. Бейсембаеваның еңбектерінде: педагогикада білім беру мазмұны өтекүрделі көп қырлы түсінікте беріледі. Ғалымның пікірінше, білім беру мазмұны дегеніміз-жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекеттәсілдерді меңгеруі мен жүйелі білім алуы, іскерлікпен дағдыны қалыптастыру, ақыл-оймен сезімді дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру-деп пайымдайды. Білім мазмұнын анықтауда, жалпыға міндетті білім беруде, оның ғылым мен техниканың және мәдениеттің даму деңгейіне сай болуын қамтамасыз ету мақсатында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жетілдіру аса қажет болуда. Білім мазмұнын іске асыру барысында аға ұрпақтың жинақталған тәжірибесін болашақ ұрпаққа меңгерту, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени тұрғыдан мазмұнын дамыту мақсатында ғылым туралы толықмәлімет беру (білім мазмұнының теориялары, заңдары, ұғымдары т. б) білім мазмұнының ғылыми және практикалық мәнін ашу, білім алушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру, әртүрлі пәндерді оқытуда берілген мерзіміне, көлеміне қарайберу, білім беру мазмұнын әлемдік тәжірибемен ұштастыру, мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-әдістемелікжәне материалдық базасына сай құру қажет. Білім беру мазмұнын жаңартудың мақсаты қашанда қоғамның қажеттілігін, жеке тұлғаның сұранысы мен қызығушылығын қанағаттандырып отыруы тиіс. Осыған орай, мектепке дейінгі кезеңдегі білім мазмұнын жаңартуда-жас ерекшелігіне сәйкес берілетін білім, білік, дағдылар жиынтығын және ол арқылы баланы мектепке дайындап, мектептегі білім мазмұнындағы сабақтастықтың сақталуын қамтамасыз етіп, қоғамның әлеуметтікдамуын жүзеге асыру көзделеді. Мектепке дейінгі біліммазмұнын жаңарту -негізінен білім мазмұнының мәнін ашу және оны дұрыс таңдай білу, бiлiм мазмұнын жүйелеу, білім сапасын арттырумен және оны қалыптастыруда дәстүрлі әдіс-тәсілдердің орнына жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана білумен де тығыз байланысты. Қазақстан Республикасында білім мазмұнын ізгілендіру тенденцияларын айқындай отырып, соңғы жылдардағы мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұнын жүзеге асыру барысына байланысты ғылыми зерттеулерге талдау жасай келе, білім беру құрылымы мен мазмұны жаңаша бағыт ала бастағанадығы байқалады. Ақпараттар ағымы дәуірінде білім мазмұны тез ескіріп, үнемі жаңартуды және оқу материалдарын берудің әдіс-тәсілдерін жаңартуды талап етеді. Бұл білім беру саласындағы шешімін табуда кезек күттірмейтін негізгі мәелелердің бірі. Білім мазмұны оқу материалдарының мазмұнына ғана емес оны балаға жеткізудің тиімді әдіс-тәсілдері мен формаларына және тәрбиелеу мен білім беруде баланың ақыл-ойының дамуына тікелей де жанама да әсер ететіндей сипатының болуымен маңызды болмақ. Білім беру мазмұнының сипатын жеке тұлға бойында саналы өзгеріс болған жағдайда көруге болады. Жеке тұлғаның өзгеру динамикасы дегеніміз-субьектінің санасы мен қасиетіндегі елеулі өзгерістер. Бұл мәселе тұрғысында В. С. Леднев білім алушылардың бірлескен іс-әрекетініңмазмұнына көңіл аудару теориясын негізге алу керек деп санайды. Білім беру мазмұны шынайы педагогикалық өлшем бойынша, негізінен, нақты оқу процесін игерумен байланысты. Жалпы білім беру мазмұнының жобасын құрастырғанда оның ұстанымдарымен технологияларын меңгерту қажеттілік екенін басшылыққа алған дұрыс. Оның негізгі құрылымдық ұстанымын әртүрлі деңгейде қалыптастыру барысында теориялық мазмұнының негізі болып табылатын пәннің оқу материалдарымен, педагогикалық іс-әрекет, білім алушының тұлға ретінде бейнесімен сәйкес болуы қадағаланады. Жалпы білім беру мазмұнының ізгілендіру ұстанымы ең алдымен, білім алушылардың жалпы адамзаттық мәдениетті белсенді шығармашылық және практикалық тұрғыдан игерулеріне жағдай жасауға тікелей байланысты. Білім мазмұнының негізгі компоненттері жоғарыда айтылған мәдениет түрлерін қалыптастыруға тікелей байланысты. Білім беру мазмұнының тұжырымдамасындағы мақсат ізгілік тұрғысынан ойлануға, әлеуметтіктәжірибенің барлық құрылымдық бөліктерінде педагогикалық бейімделуге сай келеді. Білім алушылардың дүниетанымын қалыптастыруғажәне қазіргі қоғамдық жағдайды ескере отырып, жеке тұлғаның ізгілік мәдениетінің негізгі компонентін: өмірде өзін-өзіанықтау мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси және құқықтық мәдениеті, интеллектуалдық, адамгершілік, экологиялық, көркемдік және дене мәдениеті, имандылық мәдениеті, отбасы және қарым-қатынасмәдениетін қалыптастыруға байланысты. Жалпы білім беру мазмұны оның негізгі компоненттеріне байланысты, яғни жалпы адамзаттық мәдениетпен кіріктіріледі. Жоғарыда аталған ғалымдар еңбектерін зерделей келе, олар өз еңбектерінде білім беруді ізгілендіру идеясына сәйкес білім мазмұнын анықтаудың мәні «жеке тұлғаға бағытталған»-деп түйіндейді. Осыған орай, білім мазмұны-ол білім алушылардың оқылатын пәндер бойынша меңгерген білім, білік, дағдылары деген тұжырымға тоқталдық. Аталған пікірге орай балалар тек, білім мазмұнын игеріп қана қоймайды, олардың жеке тұлғалық сапалары: өз ісіне жауапкершілікпен қарау, өз елінің, жерінің тағдыры толғандыру, қоршаған ортаны қорғау, әділетсіздікке төзбеу және қиындықты, кездескен кедергілерді жеңе білуге деген шыдамдылығы қалыптасады. Авторлар білім мазмұнын педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе деп қарастырып, оның құрылымдық ерекшелігін төрт түрлі элементтен тұрады деп есептейді. Олар:-білім -нәтижеге жетудегі танымдық іс-әрекетретінде қарастырылуы; (табиғат, қоғам, техника, іс-әрекеттің тәсілдері және ойлау туралы) ; -үлгі бойынша белгілі іс-әрекеттің жүзеге асырылуы (интеллектуалдық және тәжірибелік білік пен дағды) ; -шығармашылық іс-әрекет-бұл кездескен жағдаяттар мен іс-әрекет барысында дәстүрден тыс шешім қабылдай білуі (экспериментке қатысу, көркемдік және техникалық шығармашылық жұмысқа қатысу) ; -тұлғалық бағдар негізінде эмоционалдық-құндылық қатынастардың жүзеге асырылуы (қоршаған ортаға, адамдарға, өзіне-өзі, моральдық нормаларға, әлемдік дүниетанымдық көзқарастарға) ; Білім мазмұнының бұл элементтері бір-бірімен тығыз байланысты қарастырылады. Сондай-ақ, бұл элементтерді меңгеруде жас ұрпақ тек оны орындаушы ретінде ғана қарамай, әлеуметтік тәжірибе тұрғысынан өздігінен әрекететуге, шығармашылыққа және сол жүйеге өз үлесін қосып ықпал ете білугетиіс. Осыған орай, енді біз білім мазмұнының құрылымын қарастырыпкөрейік. Білім мазмұны ол үш біртұтас үдерісті сипаттайды. Біріншіден, өткенаға ұрпақтың тәжірибесін меңгеру, екіншіден, жеке тұлғаның тәрбиесіндегі типтік сапаларды ескеру, үшіншіден, адамның ақыл-ой және дене дамуының ерекшеліктеріне баса назар аудару. Мұндағы жетекші іс-әрекеттіңтүрі оқыту, білім берудің ең жақын уақыттағы және тікелей қатысты мақсаты-тәжірибені меңгеру. Білім мазмұнының құрылымы, ол қоғам талаптарынан туындап, ғылыммен техниканың дамуына, тарихи кезеңдердегі әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты анықталады. Дегенмен де, қоғам талаптарының ең басты, маңызды бөлігі, білім мазмұнының философиялық негізі болуында және адамның қоғамдағы орны мен ролі білім беру мақсатымен тығыз байланысты қарастырылуында. Бұл білім беру теориясының тамырын терең философиялық ой түйіндерден алатындығында жатыр. Білім берудің классикалық теориясының дидактикалық көзқарастарында мақсат, міндеттер, білім беру мазмұны, оқулықтың ролі және мұғалім жайында анықтамалар берілген. Мұнда, білім мазмұны білім көздері-деп түсіндіріледі. Білім беру тарихы қоғамның дамуының нақты дәуірімен тікелей байланысты. Біріншіден, білім беру мақсаты мен міндеттері қоғамның сұраныстарымен анықталады. Екіншіден, қоғамның даму жағдайы білім беру жағдайына да байланысты. Білім беру-елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани тұрақты дамуын, тұлға мен қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық, дене жағдайларын үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында жас ұрпаққа білімді, мәдениетті жеткізу және жетілдіру, сақтауға бағытталған қоғам, мемлекет қызығушылығындағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі. Білім беру мен ғылым интеллектуалдық жетекшілікке ие болуы тиіс. Оқытудың теориясы мен тәжірибесінде оқу-тәрбие үдерісі туралы жиі айтылады. Шындығында білім беру көпқырлы. Ол балалардың дамуы, олардың тәрбиешімен, бір-бірімен, сыртқы әлеммен өзара әрекеті, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру шарттары, реттеу нормалары, әлеуметтік факторлар және т. б. қамтиды. Осы орайда, зерттеу барысында білім беру үдерісіннеғұрлым тиімді құруға мүмкіндік беретін білім мазмұнын жаңартудың назар аудардық. Оқыту мен білім беру теориясының әдіснамасы ретінде ғылыми негіздеменің Э. Г. Юдин төрт деңгейін анықтады: -философиялық-ғылымитаным процедураларын ұйымдастырудың негізгі нормативтерімен байланысты; -жалпы ғылыми-қолданылатын тұрғылардың мәнін көрсетеді (жүйелілік, әрекеттік, аксиологиялық, герменевтикалық және т. б. ) -нақты ғылыми-аталған әрекет аумағының негізгі қағидалары мен заңдылықтарына бағдарлауды ұйғарады; -нақты зерттеу деңгейі-танымдық міндеттері адекватты қойылған жеке әдістеменісұрыптау логикасын анықтайды; Әдіснаманыңбұл төрт деңгейі белгілі бір өзара бағынуға тәуелді күрделі жүйені құрайды. Әдіснама әрекетті ұйымдастыру туралы ілім ретінде ғылыми білімге негізделеді. зерттеу әдістері туралы ілім ретінде қарастырылады. Бұндай түсінік зерттеу әдістерінің мүмкіндіктерін талдаумен шектеледі. Педагогикада әдіснамаға кең тараған, тұрақты жалпылауға қарағанда абстракцияның неғұрлым жоғары сатысында тұрған барлық теориялық құрылымдар жатқызылды. Сөйтіп, педагогикада дәстүрлі дидактика, тәрбие теориясы, мектептану т. б. жалпылау деңгейі бойынша барлығын педагогика әдіснамасына жатқыза бастады. Педагогикада әдіснаманы «Педагогикалық шынайылықты тану мен қайта түрлендіру принциптері, формалары мен процедуралары туралы ілім», кең мағынада әдіснама-нақты ғылымда танымның ғылыми әдістер жиынтығы немесе ғылыми әдіс туралы ілім (В. И. Журавлев) деп түсіндіреді. иерархиясы бар: ғылым әдіснамасы, педагогика әдіснамасы, дидактика әдіснамасы, білім беру әрекетінің әдіснамасы, білім беру мазмұнының әдіснамасы және т. б. Педагогикалық әдіснаманызерттеуші ғалым В. В. Краевский: әдіснама құрамына педагогиканың өзінің теориясының проблемасын жатқызады, яғни педагогикалық білім түрлері, оның басқа ғылымдармен байланысы, ең алдымен психологиямен, мектеп тәжірибесінде дидактикалық білімді қолдану мәселелері деп есептейді. Ол бір жағынан әдіснама пәннің өрісін кеңейтсе, екінші жағынан педагогика әдіснамасына берген анықтамасында тарылтады.
2. Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің жетістіктері
Қазақстан республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында «балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп, оны іске асыруды тапсырды. 2015 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет-деп атап көрсетті. Аталған стратегияны жүзеге асыруда мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің бірқатар жетістіктерін атап өтуді жөн көрдік.
Бiлiм беру саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейiнгi тәрбиенің жетістіктері біріншіден: білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындауда қоғамдағы, білім беру саласындағы өзгерістерді ескере отырып, білім мазмұнын айқындайтын мемлекеттік құжаттар мен философиялық, педагогикалық, психологиялық және мектепке дейінгі педагогика мен әдістемелерге арналған еңбектерге жан-жақты талдау жасалды. Отандық және шет елдік ғалымдардың білім мазмұнына берген анықтамаларына сүйене отырып, білім мазмұнын жаңартуға байланысты ой-пікірлер мен тұжырымдар зерделенді. Мектепке дейінгі білім мазмұнын таңдаудың принциптері, білім мазмұнын жаңартуға ықпал ететін маңызды факторлар айқындалды. Білім мазмұнының құрылымын, әдіснамалық негіздерін, заманауи ғылымдағы әдіснамалық жүйенің үш негізгі қызметі мен әдіснамалық тұғырлары жан-жақты қарастырылды. Қазақтың ғұлама ойшылдары мен ағартушылары, қазақ зиялылырының еңбектері олардың ұрпақ тәрбиесіндегі алатын орны, баға жетпес құндылығы қуатталды.
Екіншіден, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамасы ұсынылып оның мемлекеттік құжаттардағы көрнісі айқындалып, мақсат, міндеттері нақтыланып, білім мазмұнын жаңартудың қазіргі кездегі жағдайына сипаттама жасалды. Білім мазмұнын жаңартудың қажеттілігі, тиімді тенденциялары, өлшемдері мен көрсеткіштері, негізгі принциптері белгіленді. Білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық негіздеріне шолу жасай отырып, оның теориясы мен тәжірибесінің байланысын және білім мазмұнын жаңартуға қойылатын талаптары, негізгі бағыттары және оны іске асырудағы күтілетін нәтижелер ұсынылды. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері мен шарттарының нақты көрсетілуі білім мазмұнын жаңартуға ықпал ететіндігін дәйекті дәлелдейді. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың үлгісін жасауда аналитикалық-прогностикалық, мазмұнды дамытушылық, дидактикалық ұйымдастырушылық компоненттері бойынша арнайы өлшемдер мен көрсеткіштері, құрылымы, педагогикалық шарттарының ұсынылуы білім мазмұнын жаңартудағы қоғамдық, әлеуметтік сұраныстар мен қажеттіліктерді ескере отырып, оның ұстанымдарын, мақсатын, әдіснамалық тұрғыларын, әдістерін нақтылауда басшылыққа алынуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz