Қазақстандағы мәдени-ағарту жұмыстарының тарихы



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қазақстандағы мәдени-ағарту жұмыстарының тарихы

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2017ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Қазақстанның мәдени дамуыңдағы өзгерістер
1.1 Қазақстанның мәдени дамуындағы өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..5
1.2 Музыкалық өнердің дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.Қазақстандағы мәдени-ағарту жұмыстары
2.1 Мәдени даму тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Қазақстандағы театрлардың дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазақстан мәдениетінің тарихы бұрыннан қалыптасқан мәдени құндылықтар тарихы жүйесін жаңа заман тұрғысынан қайталау қажеттілігі туындап отыр. Сындарлы кезеңдердің талқысынан өтіп қана қоймай, осы бір тарихи дәуірдердің рухын жинақтап, мейлінше бай тәжірибе-тағылымды өз бойына сіңіре білген, өзінің сан-саналық қасиеттерімен ерекшеленетін мәдениет атты ұлы күштің бағзы замандардан-ақ адамзат баласының зерттеу және оқып-білу объектісіне айналғандығы ақиқат.
Қазақстан мәдениетінің тарихы -- жас мамандарды біртұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалыптасып қана қоймай, олардың бойындағы өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын өркениеттілік құндылықтарға негізделген ілім жүйесін құрайды. Қазақстан мәдениетінің тарихы -- мәдениеттанудың басты объектісі және адамның табиғаттан тыс болмысының жемісі мен адамзат баласының сан ғасырларға созылған тарихи тәжрибесін адам санасында қалыптастырып, болашақ ұрпаққа бере білудің басты саласы. Сонымен қатар, нәтижелік тұрғысынан алып қарастырғанда, мәдениет адамзат баласының өмірі мен қызметін жан-жақты ұйымдастырудың түрлі формаларының жиынтығы болып табылады. Қазақстан мәдениетінің тарихы заман ағысына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін қамтамасыз ете отырып, маманның рухани-адамгершілік, мәдени құндылықтар болмысын байытып, жалпы мәдени құндылықтардың маңыздылығын арттыра түседі. Демек, Қазақстан мәдениетінің тарихы білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты оқушылардың адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.
Халық даналығының мерей-мақтанышы-мәдениеттің мыңдаған жылдық тарихы, бел-белестері, қалыптасу кезеңдері бар.Қазақ халқының мәдениеті оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы. Сондықтан оны игеру, өз алдына ғылым ретінде танып, оқып үйрену қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі.
Бүгінгі таңда әлеуметтік және экономикалық саясаттың нысанасы-адам және оның тұрмысы, еңбегі, отбасы, рухани дамуы, өмір салты болып табылады. Қазіргі таңда төл мәдениетімізді дамыту қоғамда кеңінен көтеріліп жүрген әлеуметтік проблемалардың бірі. Сондықтан жастарға осы пән - мәдениет туралы білім берудің және тәлім - тәрбие берудің негізгі бір жолы. Ол студенттерді эстетикалық, жан-жақты дамуына әсерін тигізеді:
- адамзат баласының мәдени өркениеттілік тәжірибесін игеру, олардың тұтастығы мен өзара ерекшеліктерін сараптау;
-әлемдік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы зандылықтарын айқындау;
-қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына мәдениеттанулық тұрғыдан сипаттама беру, өзекті ғаламдық мәселелермен олардың болашағын болжау. -
Зерттеу мақсаты: Қазақстандағы мәдени-ағарту жұмыстарына сипаттама беру, мәдениеттің дамуындағы өзгерістерді талдау.
Зерттеу міндеттері:
oo Қазақстанда мәдениет саласын дамыту жолдары туралы түсінік беру;
oo Ақпарат және мәдени-ағарту орындарының қызметі туралы түсінік беру;
oo Қазақстандағы мәдениеттің дамуына сипаттама беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Қазақстанның мәдени дамуыңдағы өзгерістер
1.1 Қазақстанның мәдени дамуындағы өзгерістер
50-ші жылдардың басында партия идеологиялык жұмыс жөнінде бірқатар қаулылар қабылдап, тарих, әдебиет пен өнер мәселелері бойынша пікірталастар өткізді. Осыған орай біраз адамдар баспасөз бетінде өз пікірін ортаға салып, партия бағытын қолдауға талаптанды. Бұның барысында ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлеріне әділетсіз, орынсыз сындар айтылып, сыңаржақ баға беру фактілері орын алды. Мұның өзі мәдениеттің дамуына кері әсерін тигізді. Шығармашылық ұйымдарда іскерлік әңгіменің орнына жекелеген ғалымдарга, жазушыларға, театр, кино және музыка кызметкерлеріне жеккөрінішті атақ-айдарлар тағыла бастады. Мұндай жағдайлар Қазақстанда да орын алды. Мәселен, 1950 жылы 26 желтоқсанда Правда газетінде жарияланған Казақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын деген мақаланы талқылауға байланысты бүкіл Одаққа, тіпті дүние жүзіне танымал тұлғалы қайраткерлер М. О. Әуезов пен Қ. И. Сәтбаев, сондай-ак, республиканың басқа да көрнекті жазушыла-ры мен ғалымдары орынсыз жазғырылып, датталды.
Сол жылдардағы рухани мәдениеттегі субъективизм мен тұрпайы социализм элементтері бірқатар қиындықтарға әкелді. Мәселен, әдебиет пен өнердің өмірді көпе-көріне боямалайтын тартыссыз шығармалары одан әрі туындады. Кино өнерінде картиналарды аз жасау қажет, бірақ олар бірден асыл қазыналар қатарына кіруі керек, әрбір фильмде қазіргі заманның аса маңызды күрделі мәселелері, барлық жақтары міндетті түрде көрсетілуі керек деген нұсқау бойынша жұмыс жүргізілді. Әрине, мұндай көзқарас кезінде асыл қазынаның сырт көзге қомақты, бірақ іс жүзінде өмір шындығынан, көркемдік шеберліктен аулақ, ат үсті жасалған шығармалар көбейді. Мұндай сипат әдебиетшілердің айтуынша, белгілі дәрежеде Жамбыл фильмінен болды. Кеңес әдебиеті мен өнеріне тартыссыздық теориясы елеулі зиянын тигізді. Оның рухымен жазылған шығармалар сахнада ұзақ өмір сүре алған жоқ.
Бұл кезде мәдени-ағарту мекемелері әлі де жетіспейтін еді, олардың көпшілігі нашар жабдықталған білікті мамандармен камтамасыз етілмеген болатын. Күрделі құрылысқа және мәдени-ағарту мекемелерін жөндеуге қаржы жеткілікті мөлшерде бөлінбеді.
Қазақстанда тың жерлерді игеріп, индустрия алыптары бой көтеріп, халықтың саны едәуір көбейген 50-ші жылдары халыққа білім беру ісі біраз жанданды. Тың игерілген аудандарда көптеген жаңа мектептер ашылды, комсомол жолдамасымен бұл аудандарға мектептерде жұмыс істеу үшін шеттен мұғалім кадрлар келді. 50-ші жылдарда екі жылдық мұғалімдер институттары жойылып, оның есебінен педагогикалык жоғарғы оку орындары көбейді. 1953 жылы тамызда мұғалімдердің соғыстан кейінгі бірінші республикалык съезі өтіп, онда мектептердің политехникалык білім беруге кешу және мұғалімдердің міндеттері туралы мәселелерге зор көңіл бөлінді. 1955-1956 оқу жылында республикадағы мектептердің саны 9 240-ка жетіп, олардың 3 022-сі жеті жылдық және 1 117-сі орта мектеп болды. Орта мектепті бітірушілер саны қауырт көбейді. Осы жылдардың ішінде бұл жүйе аркылы ауыл шаруашылығының 432,4 мың механизаторы және басқа да маман-дары даярланды.
Дегенмен, бұл жылдары жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстанда әсіресе солтүстік облыстарда қазақ мектептері азайып кетті. Оның басты себебі демографиялық өзге-рістермен байланысты еді. Қазақтар балаларын орыс мектебіне көптеп бере бастады. Осының салдарынан 700 қазақ мектебі жабылып калды. Сондай-ак, республиканың бірқа-тар аудандарында барлығы бірдей жеті жылдық мектеппен қамтылмады, мектептердегі оку бірнеше кезеңде жүргізілді. Қазақ орта мектептерін нығайтуға, олардың санын көбейтуге және қазақ жастарының он жылдық, орта мектеп көлемінде толық білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасауға жете көңіл бөлінбеді.
Мәдениеттің қоғамдағы бүл қызметміндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе -- мәдениет пен білімнің ара қатынасы. Табиғаттан қулығын асырып жіберуге (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі қүрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің пайдейя, ислам Өркендеуіндегі маариф, қазіргі өркениеттегі интеллигенттілік үғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату -- интеллигенцияның басты міндеті... Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалогтың түрін
жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек (Ә. Наурызбаева, Н. Скалон. Диалогтың мүмкіндігі. Шаһар, 1993, № 1, 8-бет). Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғышарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы -- жақсылық пен жамандықты айырамыз.
Реттеу қызметі.
Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда мәдениетті ғылыми жолмен басқару атты сөз тіркесі кең етек алғанды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, әйтпегенде адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айлашарғы үлгілерін көреміз. Айталық, Ертедегі Грекияда ешқандай шенеуніктер адам басына театрлар неше билет сатты деген ақпараттар жинаған жоқ. Солай болса да ол елдегі жоғары мәдениеттің және рухани ізденістің қандай деңгейде болғаны бәрімізге белгілі.
, Алайда солай екен-ау деп мәдениетке сыртқы ықпал жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Мәдениет -- жабулы қазан емес. Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалдыға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени үғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ. Мысалы, мәдениетті адам дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді. Ол -- білімі ғылым деңгейіне, киімі сол кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік талаптарына сай адам.
Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы -- әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте -- қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды.
Ғылымда социализация (әлеуметтену) деп аталатын процесс те мәдени қарым-қатынасқа негізделген. Мәдени қарым-қатынастың түрлері дегенде олардың әмбебаптығына және көп мағыналылығына көңіл бөлу қажет. Мәдени құндылықтарды оларды жасаушылар және тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады. Мәдени туынды қаншама асыл болғанымен, егер ол рухани азық ететіндері белгілі бір себептермен жетпей жатса, онда ол мәдени айналыстан шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос тұрады, отарба жүрмейтін темір жол -- жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап -- шаң басып жатқан қағаз. Мәдени болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз.
Мәдениеттің қоғамда атқаратын басқа да қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық т.б. түрлерін атайды.

1.2 Музыкалық өнердің дамуы
Ауылдарды аралап жүретін әнші-өлеңші (әншілер), күйшілер, ақындар мен жыршылар ертеден дәстүрлі музыка өнерін таратушылар болып саналады. Жаңа кезеңде музыка өнерінің дамуына ХІХ, ХХ ғасырлар ортасындағы белгілі халық композиторлары мен әншілерінің, композитор-аспапшылардың әсері ерекше болды. Олардың арасында қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу-Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ықлас Дүкенов, Мұхит Мералиев, Балуан-Шолақ, Ақан-Сері, Тәттімбет, Мәди, Қазанғап, Дина Нүрпейісова, Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады.
ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен ерекшеленді. Аз ғана тарихи уақыттың бөлігінде республика көп дауыспен және еуропалық классикалық музыка-операның, симфонияның, балет инструменталды концерті, кантатаның, ансамбльдің, оркестрлік және хор орындаушылық түрлерінің жанрлық арсеналы жаңа кәсіби композиторлық мектептің негізін қалады. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарында ұлттық мазмұндағы органдық синтездің және еуропалық форма негізінде қазақ опера өнерінің классикалық туындылары жарық көрді, олар - Е.Брусиловскийдің Қыз жібек, А.Жұбановтың, Л.Хамидидің Абай, М.Төлебаевтың Біржан мен Сара, Е.Рахмадиевтің Қамар сұлу және басқа опералар.
Қазақтың халық әндерін мәтіндік жалпылығына және музыканы айту мәнеріне қарай эпикалық, еңбек, отбасы-тұрмыстық, балалар, лирикалық, тарихи, әлеуметтік наразылық тағы сол сияқты әндер деп бөлуге болады. 60-70-жылдары республикада еуропалық инструменталды музыканың ең күрделі жанрларының бірі - Г. Жұбанова, К.Қожамяровалардың классикалық туындыларына жақын симфоникалық күй туды. Ұлттық аудиторияның ерекше ықыласына бөленген қазақтың монодикалық музыкасының оркестрі мен хоры болды. Ерекше кең таралған музыка ежелгі музыкалық аспаптармен орындалатын оқымысты-фольклористің қолдауымен құрылған Отырар сазы фольклорлы-этнографиялық оркестрін атап өту керек. Бұл ұжымның айрықша, қайталанбас бейнесін дирижер, композитор, жетекшісі және домбырашы Н.Тлендиев жасаған еді.
Орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қатар республикада музыкаландырудың дәстүрлік формалары дамып, бұқаралық музыканың формалары (рок эстрада, джаз) қалыптасуда, фольклор мен Қазақстан халқының ауызша кәсіби дәстүрлері де дамып жатыр. Республикада түрлі көркем салаларды орындаушылық ұжымдар жұмыс жасауда - мемлекеттік симфоникалық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақ халықтық аспаптар оркестрі, мемлекеттік үрлемелі оркестр, хор, халық билерінің ансамблі, Г.Жұбанова атындағы мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамблдер, үрлемелі және джаз оркестрлері.
Қазақстан Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Г.Есімова, Ә.Дінішев, Г.Қыдырбекова, А.Мұсаходжаева, Ж.Әубәкірова және әлемдік музка мәдениеті жұлдыздарының бесігі саналатын М.Бисенғалиева, Э.Құрманғалиева, апалы-сіңлілі Нақыпбековтер, И.Мұратбекова, Қ.Жолдыбаева, Т.Ержанова сияқты халықаралық деңгейдегі орындаушылар отаны. Бүгінгі күні республикада республикалық музыкалық ұжымдары белсенді жұмыс атқаруда: екі опера және балет театры, мемлекеттік филормония, ұлт аспаптар академилық оркестрі, бидің академилық театры, би және аспаптар ансамблдері және басқалар. Зайырлы Қазақстанның рухани-мәдени өмірінің ең белді шағы республикалық және халықаралық Конкурстар мен Фестивальдар . Қазақтың кәсіби балет өнері ХХ ғасырдың 30-жылдарында Абай атындағы Қазақ академиялық театр, опера және балет театрында болған Айман-Шолпан, Шұға, Қыз Жібек, Ер Тарғын, Қамбар-Назым және т.б. қойылымдардан бастап дами басталды.
Мемлекеттік академиялық би театрының репертуарында (1967 ж негізі қаланған, көркемдік жетекшісі халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік премиясының лауреаты, профессор Б.Аюханов) классикалық балет миниатюралар, Шопениана, Кармен-сюита, Болеро, Қозы-Көрпеш - Баян сұлу, Шыңғыс хан, Қыз Жібек сияқты басқа да ұлттық, әлемдік хореографиялық бірактілі балеттері болды. Қазақ әуендері акционерлік қоғамының Гүлдер мемлекеттік би ансамблінің негізін қазіргі эстрадалық хореографиялық билері құрайды.
Қазақ қоғамының қоғамдық-әлеуметтік өмірінде және рухани мәдениетінде музыкалық өнер үлкен орын алады. Осы кезеңде дамуды аспапты әуен алды. Он шақты әуенді аспаптардың ішінде көп тарағаны домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнай.
Әуендік өнерде көрнекті орынды алған атақты күйші-композитор, классикалық домбыралық шығармашылықтың негізін салушылардың бірі, шертпе стильді күйлердің авторы және орындаушысы Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862 жж.). Ол классикалық үлгідегі Қосбасар, Терісқақпай, Боз айғыр, Боз торғай, Алшағар атты дәстүрлі күйлерді шығарған. Тәттімбеттің Сарыжайлау, Сылқылдақ, Былқылдақ, Көкей - кесті атты күйлері ең жақсы қазақ аспапты әуендік шығармаларға жатады.
ХІХ ғ. ІІ жартысы Біржан Сал Қожағұлұлы (1834-1897 жж.) Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913 жж.) есімдерімен белгілі. Атақты композитор, әнші, ақын. Біржан өзінің шығармаларында әлеуметтік мәселелерді, мінездік түсініктерді, жеке тұлғалардың тағдырын қарастырған . Оның ең жақсы шығармаларына Айтбай, Ғашығым, Ләйлім Шырақ, Жамбас сипар, Жанбота және т.б жатады. Қазақтың ән өнерінің мықты, күшті бір өкілі Ақан-сері Қорамсаұлы болған. Қазақстан облысы территориясындағы Қоскөл жерінде дүниеге келген. Ауылдық мектепті бітіргеннен кейін Қызылжар қаласының медресесіне түсті.
Осыдан ХІХ ғ. Қазақ халқының мәдениеті өткеннің мәдениетімен, оның жақсы дәстүрлерімен байланысты. Сонымен қатар, саяси экономикалық жағдайдағы және қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы жаңа құбылыстар мәдени өмірдің дамуына бүтінімен әсер етті. Қарастырылған кезеңде көптеген қалаларда, қазақ ауылдарында 4000-нан астам оқушылары бар, 100-ге шақты екі класстық мектептер қызмет етті, көп мектептерде интернат ашылды. Орыс-қазақ мектептерінің қабілетті түлектері келесі оқуларын Ресей жоғарғы оқу орындарында және кадеттік корпустарында жалғастыра алды. Омскідегі және Неплюевтегі кадеттік корпустар қазақ жастарынан жергілікті колониялық аппараттың шенеуніктерін дайындады. Қазақ жастарының көп мөлшері Санкт-Петербургтің университетінде, әскери-медициналық академияда, Қазанның, Томскінің университетінде және т.б. ЖОО-да оқыды. ХІХ ғ. ІІ жартысында ашылған ғылыми мекемелер мен қоғамдар қазақ даласын орыс капитализімімен неғұрлым кең колониялды қанау үшін ғылыми база дайындады. Сонымен қатар, олар басқа зертеушілерге базалық көз болған. Қазақстанның экономикасы мен тарихы бойынша көп мөлшерде материалдарды жинап, ғылыми айналымға енгізді.

2.Қазақстандағы мәдени-ағарту жұмыстары
2.1 Мәдени даму тенденциясы
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап мәдени өмірде үлкен, сапалы өзгерістер басталды. Біріншіден, тарихи мәдени мұраларымыздың өзіндік орны мен қажеттілігі айқындалды, халықаралық қатынастар дами бастады.
Бұл саланың күрделі мақсаттарының бірі - мәдениетті ұлттың рухани байлығы ретінде дамыту және жандандыру.
Тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстанның мәдени даму барысында ерекше серпіліс пайда болды. Мәдениет, өнер қайраткерлері өз шабыттары мен ұмтылыстарының тек өз шығармашы лық табыстары ғана емес, сонымен бірге бүкіл мәдениетіміздің даму жағдайы сол табыстармен байланысты екендігін түсінді. Көптеген қайраткерлер өздерінің жеке мектептерін аша бастады. Соның ішінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованың музыкалық колледжі, өнертанушы Евгений Гуцалюктің көркемсурет мектебі, суреткер Бақыт Талқамбаевтың Арттерапия мектебі, Қызғылт жал атты халықаралық би фестивалінің қарамағындағы осы аттас би мектебі т. б. Сонымен бірге бірнеше жаңа творчестволық одақтар құрылды. Атап айтқанда:Театр қайраткерлерінің одағы, Хореографтар одағы, Балетмейстерлер одағы. Галерея қозғалысы да жандана бастады, бұрынғы белгілі Ұмай тәңірі, Ұлар, Вояджер, Ретромен бірге жаңа Арт-нават, Ою, Трибуна галереялары өз жұмыстарын бастады. Жаңа әдеби қоғамдар құрыла бастады, солардың ішінде Рудный қаласында (Солтүстік Қазақстан облысы) жарық көретін Пигмалион әдеби-көркем журналы. Бұл басылым жаңа әдеби ағымдағы тәжірибелерге бағытталған. Еліміздің осы өңірдегі прогрессивті суреткерлерімен тығыз байланыстағы мәдени журнал Тамыр қазақ және орыс тілдерінде басылатын мәтіндерін парасатттылық ой-өріске бағыттайды.
Еліміздің негізгі мәдени орталығы Алматының шығармашылық өмірі түрлі мәдени шараларға толы, апта сайын көркемөнер көрмелері, он жыл қатарынан халықаралық ән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім университетінің тарихы
Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер
1920—1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Зерттеу жұмысын жазу барысында соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алдық
Кеңес өкіметінде саяси ағарту мен мектеп жүйесінің құрылуы
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Қазақстандағы бастауыш мектептің әдіснамалық және тарихи-педагогикалық сипаттамалар беру
Қарағанды облысындағы музей ісінің қалыптасуы
Зәки Уәлиди Тоған
Пәндер