Абай Құнанбаев қазақ халқының тарихындағы ерекше құбылыс


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісін кеңейтіп, жан-жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдің дамып өркендеу барысында сөз мағынасы мен оның даму заңдылықтарын арнайы құрастырудың мәні зор. Өйткені тілді адамдар арасында қарым - қатынас жасаудың құралы деп танысақ, сөздер сөйлем құрамында өзара семантикалық синтаксистік үйлесімділікте айтылғанда ғана белгілі бір ақпаратты жеткізе алады.
Абай Құнанбаев - қазақ әдебиеті тарихында ғана емес бүкіл қазақ халқының тарихындағы ерекше құбылыс, өзгеше белес. Ол - қазақ халқының тұтас бір заманындағы ақыл-ойының, мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің, тілінің айнасы.
Бүгінгі таңдағы Егеменді еліміздің ең басты мақсаты - өркениетті елдердің қатарында болу, бүкіл әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын тың арнаға, жаңа сапаға жеткізудің қажеттілігін алға тартады. Осымен байланысты қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын жан - жақты дамыту, ұлттық тәлім - тәрбиені сіңірту, рухани жан дүниесін қамықтыру міндеті қойылады. Бұл мәселені шешу жас ұрпаққа туған тіл табиғатын жете меңгертумен байланысты. Себебі ХІХ ғ. Екінші жартысында өмір сүрген неміс философы, лингвисі В. Гумбольдт айтқандай. Тіл дегеніміз - ұлттық рух болып табылады. Сондықтан да жас ұрпақ бойынша ұлттық рухты қалыптастыратын тіл десек, бұл орайда ұлттық рухпен суарылған данышпан Абай шығармашылығын мектепте оқыту арқылы, бір жағынан жас ұрпақ тұлғасына ұлттық рухты сіңіру проблемасы өз шешімін таппақ. Өйткені бүгінгі, кешегі және болашақтағы көкейтесті мәселе - жас ұрпаққа білім беру, оқыту, ізгілікке тәрбиелеу - өз кезінде Абай шығармашылығынан орын алып, мәнімен маңыздылығы айқындалған мәселе.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, мемлекетіміз білім кеңістігіне аяқ басқан кезеңде, ғылым - білімнің құндылығы, рухани маңыздылығы артып отырғаны белгілі. Сондықтан да ертеңгі ұрпақ жарқын болашақта өмір сүріп, дамыған елдермен иық тіресе қатар тұруы үшін, ең алдымен терең білім мен жан - жақты рухани сұраныс қажет. Бұл орайда оқушы бойында білімге деген құштарлықты, ғылымға деген сүйіспеншілікті оятуымыз қажет. Мұның өзі бала дарындылығын дамытып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға жол ашады. Осыған қатысты Абай «ғылым білім» ұғымдарының маңыздылығына қандай баға береді? Абай көзқарасындағы ізгілік, тәлім - тәрбие дегеніміз не? Әрине, бұлар өз кезеңінде, әр уақытта сөз болған мәселелер. Дегенмен, қазіргі білім беру мақсатын жүзеге асыруда, біз дәл осы мәселелерге жаңаша көзқаарспен қарап, Абай шығармашылығын осы заман келбетімен зерделеп, терең тани таныта білуіміз керек.
Сөз - күрделі құбылыс. Ол тіл білімінің барлық саласының зерттеу нысаны болып табылады. Соның ішінде сөздердің тұлғалық құрылымымен жасалып қалыптасуын сөзжасам мен морфология ғылымы қарастырады. Қазақ тіл білімінде қос сөздердің лексика-семантикалық, грамматикалық қасиет белгілері толық зерттелінді дей алмаймыз. Сондықтан Абай шығармашылығын қазақ тілі сабағымен байланыстыру - жұмысымыздың негізгі нысаны етіп алынды.
Курстық жұмыстың мақсаты - Абай шығармаларын қазақ тілі сабағымен байланыстыру, шығармалардағы қос сөздердің қолданылу аясын анықтау, яғни қос сөздердің лексика-семантикалық, грамматикалық белгілерін анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
- қазақ тілі сабағының ерекшелігі туралы түсінік беру және Абай шығармаларымен байланыстыра отырып зерттеу;
- күрделі сөздерге, соның бірі қос сөздерге байланысты айтылған ғалымдардың пікірлеріне ғылыми талдау жасау;
- қос сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігін айқындау.
Зерттеу әдістері. Жұмысты зерттеу үшін төмендегідей әдістерді қолдандық: талдау әдісі, жинақтау, ой қорыту, жүйелеу, статистика әдістері.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- Күрделі сөздердің ХI ғасырлардан бастап жиі қолданылғандығы анықталды.
- Еркін сөздердің күрделі сөздерге дейін дамуына әрі мағыналық, әрі морфологиялық жағынан дамуы, десемантизация, деформацияға түсуі анықталды.
- Абай шығармаларындағы қос сөздердің мол қабаты анықталды. Олардың семантикалық ерекшеліктері айқындалды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, екі бөлім және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Абай-дана, Абай дара қазақта» (он жетінші қара сөзі негізінде)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абайдың он жетінші қара сөзінде айтылған даналық ойларынан ақыл, қайрат, жүрек сапаларын, олардың мәнін ұғыну. Оны өз сөздерімен жеткізе алу. Тірек сөздердің мағынасын түсініп, сөйлем, мәтін құрастыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойында ізгілік, мейірім, сұлулық, адамгершілік сапаларының жетекші сапалар ретінде қалыптасуына құлшыныс тудыру. Ақыл мен қайраттың пайдасы мен пайдасыз жақтарын біліп, жақсылығына басымдық беру түсінігін қалыптастыру.
Дамытушылық (кәсіби-біліктілік) : оқушылардың өзара пікір алысу,, ортақ ьой тұжырымдау, оны көпшілік алдында айта алу дағдыларын жетілдіру. Ұжымда өзара әрекеттестікте жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту.
Сабақтың тегі: меңгерген жаңа материалды жинақтау және жүйелеу сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ, рөлдік ойын, пікірталас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивтік әдістер, сыни ойлау әдісі, ойға шабуыл, ойталы, пікірсайыс, коммуникативті әдіс, проблемалық ізденіс әдісі.
Сабақтың жабдығы: «Абай қара сөздері» (Семей 2001жыл) . Абай энциклопедиясы, Абай шығармаларының жинағы. Г. Құрманбай. «Абай қарасөздері»-сабақта. Оқу құралы.
Жұмыс дәптерлері, таратпалы материалар, техникалық құралдар, суреті
1. Сабақтың барысы:
2. Ұйымдастыру.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
3. Үйге берген тапсырмаларды тексеру.
Оқушылар өздеріне ұнаған қарасөздерін жатқа оқиды. Талап: Абай қарасөһздерін оқуға шығармашылық шешім табуы керек. (Ақылдасуға, айтуға, қойған сұрақтарға жауап бергендеріне 10 минут уақыт беріледі) .
Оқытушы өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырады.
-Балалар, өткен сабақта Абайдың он жетінші қара сөзінің мазмұнымен танысып, біраз оқушылар Абайдың он жетінші сөзіне келіспейтіндіктерін білдірген еді. Сіздердің өтініштеріңіз бойынша, бүгінгі сабағымызды он жетінші сөзге арнаймыз, пікірсайыс өткіземіз. Пікірсайысты бастамас бұрын он жетінші қарасөзде не туралы айтқан еді» Баршамызға түсінікті болу үшін мазмұнымен таныстыра кетейік. (Ғылым, Ақыл, Қайрат, Жүректің диалогі. 5 минут) .
Мұғалім: - Балалар, Абай осы он жетінші қарасөзіндегі ойын өлеңімен бекіткен деп едік қой. ОЛ қай өлеңі еді? Кім оқиды? Бір оқушы «Әуелде бір суық мұз, ақыл зерек» өлеңін оқиды. (1 минут) .
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек, Бәрін жүректі билет дейді, ал енді сендер не дейсіңдер»?
4. Меңгерген материалд жинақтау және жүйелеу мақстында он жетінші қарасөзге пікірсайыс, яғни дебат өткізу.
Төреші дебаттың шарттарымен таныстырады (1 минут)
Дебат (20 минут) Резолюция: «Ақыл мен қайрат жүрекке бағынуы шарт па?» Бәрін жүрекке билет деген дұрыс па?»
Шарты:
а) әр оп өз тұжырымын өмірімен саақтастыра дәйектеу керек;
ә) бір-біріне сұрақ қоюы, жауап беруі;
б) бір-бірінің пікіріне сын айтуы, өз пікірлерін дәлелдеуі.
Мақсаты; Нақты тапсырма бойынша өз пікрін дәйектеп жеткізуге және қарсыластарымен пікірсайысуға, сұраққа да нұсқа жауап беруге дағдыландыру.
Бағалау шрттары:
-пікірлерін түсінікті әрі жүйлі жеткізе алуы;
- өзгелердің пікірлерін сараптай алуы:
- өз тұжырымдарын дәлелдей білу дағдылары;
-өз мәдениеті және сөйлеу мәдениеті.
Тапсырма: Қарсы тп оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты екі сұрақ дайындаңыздар (2 минут)
Мақсаты: оқушыларды сұрақ-жауап негізінде өзара сұқбаттасуға, бір-бірінің жауабындағы мәнді немесе басы артық пікірлерді саралауға төселдіру
Бағалау шарттары:
- сұрақты дұрыс қоя білу іскерліктері;
- өзгелердің сөзіне сын көзбен қарап, бағалай алу дағдылары:
- өз пікірін әдеппен жеткізе білуі.
Төреші қай топтың жауабы дұрыс болғанын айтады.
Тапсырма: Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, Абай туралы
шағын мәтін құрап айтыңыздар:
толық адам, ақын нәр алған қайнар бұлақтар, өлеңдердегі сыр, қарасөздердегі мұң, ұлттық мәдениеттің үлгісі.
Бағалау шарттары:
-сөз мағыналарын дәл ажыратып, сөздерді дұрыс қолдану;
тірек сөзден сөйлем, одан біртұтас мәтін құрау дағдылары;
мәтіндегі ойдың мазмұнын жеткізе білу.
Тақырып бойынша оқушылар түйіндемесі.
Үйге тапсырма: «Болмасаң да ұқсап бақ! » (Абай қарасөздеріне ұқсатып өз қарасөздеріңді жаз) .
Қорытынды.
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазғанмын Абайдың үлгісіменен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден . . .
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін, -
депті XX ғасырдың атақты ақыны Мұқағали Мақатаев
Қадірлі оқушылар, сендердің жүректеріңде де дара Абайға, дана Абайға орын бар деп білемін. Абай жаққан сәулені сөндірмеулеріңді өтінемін. Рахмет сендерге!
Қорытынды.
Қос сөздер түркі тілдің бәрінде бар тілдік құбылыс. Қос сөздер ең көне Орхон жазба ескерткіштерінің тілінде де болған. Содан бері қарай қос сөздер түркі тілдерінің бәрінің сөздік қорынан мол орын алып, тілде жиі қолданылатын лексикалық бірліктер қатарында келе жатыр. Қос сөздер мәселесі зерттелмеді дей алмаймыз. Ол жайында құнды пікірлер мен тұжырымдар да аз еместігін жоғарыда айтып өттік. Соған қарамастан, оны лексикалық тұрғыдан егжей-текжейлі зерттеп, тілдің әр саласына жататын жақтарын анықтап алмай, оны бір ғана құбылыс деп қарай алмаймыз. Қос сөздер мәселесі ғылымда әбден танылған, тілдік құбылыс.
Тарихи шығу төркінін, қалыптасу заңдарын топшылағанда, қос сөздер мынадай екі түрлі жолмен дами келіп, үлкен бір арнаға сыйған.
1. Қайталама қос сөздер айтылатын ойға әртүрлі экспрессиялық, эмоциялық және басқа қосымша мән беру мақсатымен әуелде бір сөзді екі рет қайталап қолдану машығынан пайда болған.
Ал, сөздің ықшамдалып келіп, бір буын түрінде қайталануы сондай-ақ, сөздің я дауысты дыбыстың қайталануы кейінгі заманда қалыптасқан формалар.
2. Қосарлама қос сөздер мынадай екі түрлі жолмен дамып қалыптасқан:
а) Қосарлама қос сөздердің бір алуаны сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің, айқындауыш мүшелердің логикалық, интонациялық, формалық райға қарай бірте-бірте орын жағынан өзара орайласып, бір-бірімен үнемі жұпталып қолданылуына сәйкес, бірде күрделі, бір бүтін тұрақты сөз ретінде, бірде бір-бірінен ажырасатын бірыңғай мүшелер ретінде жұмсалынуының нәтижесінде қалыптасқан. Практикада әрі байлаулы, әрі еркін қолданылатын қасиет мағыналы қосарлама сөздерге тән. Сондықтан ондай қосарлама сөздердің компоненттері ауыспалы болады, бірде қос сөз құрамында қолданылса, бірде олар бір-бірінен ажырап дербес, жеке дара сөз ретінде қолданыла береді. Қос сөздердің екі сыңары да бірыңғай, яғни бір ғана сөз тобына тән сөздерден құралатын себебінің бір негізі олардың бірыңғай мүшелермен ұштастығында да болуға тиіс.
б) Қосарлама қос сөздердің бір алуаны белгілі бір төл сөзге бір рудың не тайпаның тіліндегі пар-пар я мәндес сөзді немесе көшірме, айлас-күлес отырған, я бұрынғы-соңды белгілі қарым-қатынаста болған басқа халықтардың тіліндегі балама сөзді жарыстыра, қосарлап қолдану нәтижесінде туып қалыптасқан.
Бірақ бұлардың ішінен кейбіреулерінің жеке, я екі компаненті әуелгі өз мағынасын не солғындатып, не жоғалтып, тек қосарлама сөздің құрамында ғана қолданылатын көне формаға айналған. Бұл процесте тиісті фонетикалық құбылыстардың маңызы болғаны күмәнсіз. Осыған көз жеткізу үшін романдағы мына қос сөздерді алып салыстырамыз: бала-шаға, жора-жолдас, некен-саяқ, тоқты-торым, дос-жар.
Жалпы туындыдағы қос сөздерді мағынасына қарай мынадай негізгі топтарға бөліп қарастырдық:
1. Жинақтық я жалпылық мағынаны білдіретін қос сөздер: бала-шаға, әке-шеше, қыз-келіншек т. б.
2. Жіктеу, даралау мағынаны білдіретін қос сөздер: мая-мая, қора-қора, топ-топ, қос-қос т. б.
3. Болжау мағынасын білдіретін қос сөздерге: бүгін-ертең, екі-үш, төрт-бес.
4. Белгілі амалдың бір рет емес, әлденеше рет қайталанғанын білдіретін қос сөздер: сарт-сұрт, бара-бара, қайта-қайта, қағып-қағып, мұңдап-мұңдап т. б.
5. Екі субъектінің арасындағы әрекеттің немесе қарым-қатынастың
тікелей болатынын білдіретін қос сөздер: бетпе-бет, ауызба-ауыз, қолма-қол, көзбе-көз т. б.
6. Қимылдың я көріністің бірқалыпты емес, бірде олай, бірде бұлай құбылып отыратынын білдіретін қос сөздер: жалт-жұлт, сарт-сұрт, тарс-тұрс, сақыр-сұқыр т. б.
7. Аталатын затты кемсіну-қомсыну мағынасын білдіретін қос сөздер: ат-мат, ақсақ-тоқсақ т. б.
8. Заттың түсін, көлемін я болмаса сапасын күшейту мағынасын беретін қос сөздер: сап-сары, үп-үшкір, кіп-кішкене, ып-ыстық, жұп-жұмсақ, түп-түгел, жіп-жіңішке т. б.
9. Мезгіл мағынасын білдіретін қос сөздер: бүгін-ертең, анда-санда, күндіз-түні, күнбе-күн т. б.
Сонымен қоса туындыдағы қос сөздер атауының бәрі мынадай заңдылықтар арқылы жасалады:
1. Қос сөздер сыңарлары кез-келген сөздерден бола бермей екі сыңары да бір сөз табынан болады: қарға-құзғын, төрт-бес, ақ-қара, кәрі-жас т. б.
2. Қос сөз сыңарлары мағыналас, синоним, антоним сөздерден жасалады: аяқ-қол, күш-қуат, қазан-ошақ, пішін-мүсін, еркек-әйел т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz