Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасның Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Педагогика және психология кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары

Орындаған: Педагогика және психология мамандығының 3 курс студенті Тажбаева А.Н.
Тексерген: Джонисова Г.К.

Орал, 2014ж

Жоспары
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Оқу формасы түсінігі
2. Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы
3. Оқу процесін ұйымдастыру формалары
4. Қазіргі мектептерде дамыту мен оқытудың жаңа технологиялары және әдіснамалық негіздері
5. Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологиялар

Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептерде оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану - айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2008 жылы 6 ақпандағы өзінің Қазақстан халқына жолдауында Білім және ғылым министрлігінің алдына үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтау міндетін қойды [2]. Осының өзі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған білім беру мәселелеріне ерекше назар аударылып отырғанын айқындайды. Сөйтіп, білім парадигмасы өзгеріп, білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы алғашқы орынға шықты. Сондықтан әрбір оқушының дарынын ашу тұрғысында мұғалімдер қауымына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне енгізу мақсаты қойылып отыр.
1993 жылдан қазіргі күнге дейін Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі ресми түрде расталып, мұғалімдердің сабақты түрлі әдіс-тәсілмен өткізуі өз таңдаулары бойынша жүзеге асып келеді. Әлемдегі он бес елде Л.В.Занковтың жүйесі кеңінен қолданып келеді. Қазіргі кезде дамыта оқыту технологиясын өз пәндерінде тиімді етіп қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланыты болып отыр.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасында көрсетілген оқыту технологиясын жетілдіру мәселесін ғылыми тұрғыдан сипаттап, іс жүзінде тәжірибеге енгізу және тарату қажет. Осы мәселенің шешімін табу мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Қазіргі мектептегі жағдайда оқушыларды оқыту және дамыту жолдары деп алуға негіз болды.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Оқу формасы түсінігі
Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-əрекеттері əрқилы формада жүзеге асып барады.
Латын сөзі форма тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді аңдатады. Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады: 1) оқу формасы; 2) оқу-ұйымдастыру формасы.
Дидактикалық категория ретінде оқу формасы оқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаттары, мазмұны, əдістері мен құрал-жабдықтарына, материалдық жағдайларына, қатысушылар құрамы жəне т.б. элементтеріне тəуелді.
Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тəртібіне орай оқу формасы əрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тəжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық, жұптастық, дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс сыныптық жəне сыныптан тыс, мектептік жəне мектептен тыс, əлбетте, мұндай топтастырудың (классификация) жетілген ғылыми негіздемесі əзірге болмай тұр. Дегенмен, осы тұрғыдан оқу формаларының көптүрлілігін біршама ретке келтіру мүмкін.
Жеке-дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады.
Оқудың топтық формасында оқушылар əрқилы мүдде- мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тəрбиеленеді.
Толық сыныппен жұмыс (фронталь) формасы оқуда мұғалім бір мезетте барша оқушылармен, біркелкі тапсырма, міндет белгілеп, сынып қатысушыларының бəріне ортақ іс-əрекеттер төңірегінде бірқалыпты оқу жұмыстарын алып барады.
Оқудың ұжымдық формасы. Бұл оқу түрінің фронталь оқу формасынан өзгешелігі: сынып оқушылары өздеріне тəн ара қатынас, өзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтаумен біртұтас, мақсат-мүддесі ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде қарастырылады.
Жұптасып оқуда негізгі өзара байланысты оқу əрекеттері екі оқушының қатысуымен орындалады.
Дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс, сыныптық жəне сыныптан тыс, мектеп ішілік жəне мектептен тыс оқу жұмыстары өздерінің өткізілетін орындарымен белгіленеді.
Оқу ұйымдастыру формасы - бұл оқу процесінің жекеленген бөлігінің құрылымы, дəрістің белгілі бір түрі (сабақ, дəрісбаян, семинар, саяхат, факультатив дəріс, емтихан, сынақ жəне т.б.)
Оқудың ұйымдастырылу формалары əрқилы негіздемелерге байланысты қарастырылуы мүмкін.
- Оқу процесінде басым болған мақсатқа орай - кіріспе сабақ; білімді тереңдете оқыту дəрісі; практикалық сабақ; білімді жүйелестіру жəне қорытындылау сабағы; білім, ептілік жəне дағдыларды бақылау, тексеру сабағы; аралас сабақ формалары.
- Дидактикалық мақсаттарға орай - теориялық, практикалық, еңбектік, аралас сабақтар формалары;
Жеке-дара өтілетін дəріс түрлері: репетиторлық , тьюторлық, менторлық, гувернерлық, отбасылық оқу, өзіндік оқу.
Ұжымды-топтық сабақ түрлері өз ішіне дəрісбаян, семинар, конференция, олимпиада, оқу саяхаттары жəне іскерлік ойындарды қамтиды.
Даралықты-ұжымды дəрістер-пəн, тақырып жұмыстарына толық шомдыру (погружение), шығармашылдық апталары, ғылыми апталар, жоба (курстық, диплом) жұмыстары.

2. Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы
Оқу формалары қозғалысты, қоғам, өндіріс, ғылымның даму деңгейіне тəуелді пайда болады, өрістейді, бірі бірімен ауысып отырады. Əлемдік білім тəжірибесі тарихында əрқилы оқу жүйелері қалыптасып, олардың əрқайсысы өзіне ыңғайлы оқу формаларына сəйкес, қолданылған.
Алғашқы адамзаттық қауымның өзінде-ақ тəжірибені бір адамнан екіншіге, ересектен жас əулет өкіліне өткізу мақсатында жеке-дара оқыту жүйесі іске асырылды. Бірақ мұндай жолмен көп санды оқушы қамту мүмкін болмады. Қоғамның бұдан былайғы дамуы сауатты адамдардың көп болғанын қажет етті. Осыдан жеке - дара оқыту басқаша ұйымдастыру формаларымен ауыса бастады. Дегенмен, жеке-дара оқыту өз маңызын осы күнге дейін жоғалтпастан, репетиторлық, тьютарлық, менторлық, гувернерлық оқу формаларында қолданым табуда.
Репетиторлық, əдетте, оқушыны емтихан жəне сынақ тапсыруға дайындаумен байланысты.
Тьюторлық пен менторлық шет елдерде кең тараған жеке-дара оқыту формасы. Оқушының білім жолындағы іс-əрекетінің өнімділігін арттыруда өте пайдалы. Ментор немесе ұстаз - оқушы кеңесшісі, оқылып жатқан пəн мазмұнына даралық сипат береді, тапсырмалар орындауға жəрдемдеседі, тұрмысқа бейімделуге көмек көрсетеді. Тьютор-оқушыға ғылыми жетекшілік жасап, оны конференцияларға, ғылыми іс-шараларға дайындайды.
Соңғы кездерде отбасылық оқу-тəрбие формасы - гувернерлық қайта жаңғыруда.
Жаңа жүйе өзара оқытудың белл-ланкастерлік жүйесі атауын алып, Индия мен Англияда бірдей уақытта тəжірибеге енді. Бұл жүйенің мəні-ересек оқушылар мұғалім басшылығында материалды өздері игеріп, соң қажетті көрсетпе - нұсқаулар алып, өздерінен кіші жолдастарын оқытты, нəтижеде аз оқытушылар санымен жаппай оқуды ұйымдастыруға қол жететін болды. Бірақ оқу сапасы ойдағыдай жоғары деңгейге көтерілмеді, сондықтан белл-ланкастерлік оқу жүйесі кең өрістей алмады.

3. Оқу процесін ұйымдастыру формалары
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да - сабақ өз маңызын жойған емес.
Сабақ - оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар - жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы - бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты классификациясы жоқ. Мұның басты себебі - сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдын ала болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады:
дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:
- жаңа білім материалын хабарлау;
- білімді бекіту;
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;
- қорытындылау;
- білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.
Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:
- оқу саяхаттары;
- кино-теле-сабақтар;
- өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б.
Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
- жаңа материалды игеру;
- бекіту;
- қайталау;
- білімді бақылау, тексеру.
Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атау қабылданған.
Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың əртүрлі формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетіні - дəрісбаян (лекция).
Дəрісбаян - оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты, суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дəріс тыңдармандардың белсенділік көтеріңкілігіне дем беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады.
Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу процесіндегі орнына байланысты дəрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық , қорытындылау жəне шолу- түрлерімен ажыралады.
Оқу дəрістерін өткізу əдіс-тəсілдеріне орай дəрісбаян түрлері төмендегідей:
- ақпараттық дəрісбаян - түсіндірме-көрнекілік əдіспен өткізілетін дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі;
- проблемді дəрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процесі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, əрқилы көзқарастарды салыстыру жəне т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты;
- көрнекілі (визуалды) дəрісбаян - оқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі;
- бинарлы дəрісбаян (диалогты дəрісбаян) - оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі - практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы;
- шатастыру дəрісбаяны (лекция провокация) - мұндай дəрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат - оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға жəне көзделген олқылықтарды байқауға үйрету. Дəрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып, жіберілген қателіктерге талдау беріледі;
- дəрісбаян - конференция - ғылыми-практикалық сабақ түрінде күн ілгері белгіленген, оқу бағдарламасына сəйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды, ақпаратты толықтырады əрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды;
- Кеңес дəрісбаяндар сұрақ-жауап не сұрақ-жауап-сөз-жарыс күйінде материалды оқушыға жеткізу формасы;
- Екеу дəрісбаяны (лекции вдвоем)- бір пəн не тақырып бойынша екі маман бір уақытта дəріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі анықталады.
Дəрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:
- жалпы мақсаттарына байланысты оқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық, тəрбиелік, дамытушылық дəрісбаяндары ажыралады;
- мазмұны бойынша; академиялық жəне ғылыми көпшілік дəрісбаяндары белгілі;
- ықпал-əсеріне орай: көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі дəрісбаяндар қолданылуда.
Құрылымдық жағынан, əдетте, дəрісбаян үш: кіріспе, негізгі жəне қорытынды - бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады, жоспар мен міндеттер таныстырылады, негізгі жəне қосымша əдебиеттер көретіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық жəне практикалық маңызы сипатталады. Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылып, өзекті идеялар мен ұстанымдар нақтыланады, олар арасындағы байланыстар, қатынастар көрсетіліп, құбылыстар талданады, қалыптасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процессінің әдістері мен формалары
Оқытуды ұйымдастырудың формасы
Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары
Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері
Оқыту формасының әртүрлілігі, оның дамуы, Жеке топтық, топаралық, ұжымдық оқыту формалары
Оқыту барысында ойлау процесін дамыту
Оқыту психолгиясының негіздері
Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми - теориялық негіздері
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
Пәндер