Қазіргі кезеңдегі жалпы орта білім беретін мектепте сызуды оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қазіргі кезеңдегі жалпы орта білім беретін мектепте сызуды оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мектепте сызу пәнін оқытудың мақсат-міндеттері
1.1 Сызу пәнінің мазмұны мен мақсаты, міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..6
1.2 Жалпы орта және кәсіптік мектептердегі сызу пәнін
оқыту әдістерінің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Жалпы білім беретін орта мектептерде сызу пәнін оқытудың қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2. Сызу пәнін оқытудағы негізгі әдістемелер
2.1 Сызу сабақтарында жобалау технологиясын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Сызу пәнін оқытудағы формализмдер мен оны жою жолдары ... ... ... ... .21
2.3 Сызу сабақтарында қолданатын техникалық әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Болашақ бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімінің дайындығындаоларға сызу пәнін оқытудың педагогикалық мәселелерін меңгерту маңыздыорын алады. Бұл пәнді студенттерге оқытудың басты мақсаты болашақмұғалімдерді мектептегі сызу пәнін оқытуға дайындау, педагогикалыққызметтің ішіне кіретін оқу әдістемелік жұмыстарының мазмұнымен,формаларымен әдіс тәсілдерімен таныстыру болып табылады. Онымен қатарстуденттерге сызу пәнін оқытуды жоспарлау, ұйымдастыру, сабақ нәтижелерінжоспарлау және талдау жұмыстарының практикалық дағдыларынқалыптастыру мақсаты қойылады.Сызуды оқыту әдістемесі пәнінің типтік оқу бағдарламасына сәйкессызуды оқыту әдістемесі пәнінің дәрісбаяндық курсы бойынша сабақтартақырыптары жалпы білім беретін мектептердегі сызу курсының құрылымы,сызуды оқыту әдістемесі, сызуды оқытудың шетелдік әдістеріне тарихи шолу,Ресейде сызуды оқыту әдістемесі, Кеңес дәуіріндегі сызуды оқыту әдістемесінталдау бағыттарына бөлінеді.Сызуды оқыту әдістемесі пәнінің практикалық сабақтарындастандарттармен танысу, жалпы орта білім беру мектептерінде сызуға арналғаноқулықтар мен бағдарламалардың мазмұнын талдау, сызбаны безендіру менсызу құрал жабдықтарымен жұмыс, проекция түрлері, екі немесе үшжазықтыққа проекциялау түрлері, проекцияны шешу жолдары тақырыптарыноқытып үйрету жолдары қарастырылады. Сонымен қатар аксонометриялықпроекциялар тақырыбын оқыту әдістері, техникалық сурет және эскиздертақырыбын оқыту әдістері, сызбаны оқыту сабағы және оның әдістері, қимамен тілік сабағын жүргізу әдістері, аксонометриялық қиылысуды оқыту әдістерітақырыптары бойынша эмпирикалық талдаулар жасау көзделеді. Сызуды оқытуәдістемесі пәнінің практикалық сабақтарын өткізудің бір бағыты жалпы ортамектептердегі сызу пәнін оқып үйрену негізінде репитициялық сабақтардыжүргізуге үйрету, қорытынды сабақтарды өткізу жолдарымен таныстыру жәнеоларға талдау жасаудың педагогикалық білімдері беріледі.Практикалық сабақтарда болашақ мұғалімдер мектептегі сызу пәнініңжылдық тақырыптық күнтізбелік жоспарын, сабақ жоспарларын, сабақтыңқұрылымындағы кезеңдерін жоспарлау, сыныптан тыс ұйымдастырылатынүйірме жұмыстарының жоспарын жасау тақырыптары бойынша тапсырмаларорындайды. Сонымен қатар практикалық сабақтар барысында студенттерсыныптан тыс сызу пәніне қатысты мамандар жұмыс жасайтын кәсіпорындарғаоқушылардың экскурсиясын ұйымдастыру, сызудан апталық өткізу, сызу кешінжоспарлау, сызуға арналған көрме ұйымдастырудың жоспарын жасаудыңпедагогикалық іскерліктері мен дағдыларын меңгертуге бағытталғанпрактикалық жаттығулар орындалады.Сызуды оқыту әдістемесі пәнінің практикалық сабақтарымен қатарстуденттердің өз бетінше жұмыс жасауына бағыт бағдар беріліп, өзіндікжұмыстардың тапсырмаларын орындау студенттерден талап етіледі. Студенттердің өз бетінше жұмыстарында қима сабағының әдістемесі, қарапайым тіліктер сабағының әдістемесі, күрделі тіліктер сабағыныңәдістемесі, сызбаларды оқу шарттары, күрделі сызбаларды оқу және оныңішінен белгілі бір бөлшектің сызбасын бөліп алып орындау, құрастырусызбасын оқу және оны орындау, құрастыру сызбасын бөлшектерге бөлусабағы, құрастыру сызбасымен танысу тақырыптары бойынша өзіндік жұмыстапсырмаларын орындау ұсынылады.Сызуды оқыту әдістемесінің практикалық сабақтарында студенттермектептегі сызуды оқытудың бір жылдық немесе жарты жылдық күнтізбеліктақырыптық жоспарын, сабақ жоспарын, белгілі бір тақырыптың әдістемелікталдауларын жасап үйренеді. Сонымен қатар, сызуды оқыту әдістемесініңпрактикалық сабақтарында студенттер педагогикалық практикаға шыққан кездеқолдану қажеттігіне байланысты сыныптан тыс сызудан көрме ұйымдастыру,сызудан апталық, сызудан кеш өткізудің жопарлары мен әдістемелік оқутәрбие іс шараларына қажетті талдауларын дайындайы. Сызуды оқыту әдістемесі пәнінің сабақтарында студенттердің меңгергентеориялық білімдері мен практикалық дағдылары, олардың болашақпедагогикалық қызметіне қажетті әдістемелік дайындық болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: мектепте сызуды оқытудың мақсатын, міндеттерін және әдістемесін қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- мектепте сызу пәнін оқыту мақсаты;
- сызу пәнінің негізгі міндеттерін анықтау;
- сызу пәнін оқытуда қолданылатын әдістерді көрсету.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспелен, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Сызу пәнінің мазмұны мен мақсаты, міндеттері
Әрбір мұғалімнің алдында үш сұрақ тұрады: неге оқыту, не үшін оқыту және қалайша оқыту. Бұл сұрақтарға жалпы көлемде осы пәнніңоқу бағдарламасы жауп береді. Бұл құрстың алдына қойған мақсаты педагогикалық дидактика негіздеріне сүйене отырып, сол сұрақтарға мүмкіндігінше толығымен жауап беру. Осы курстың мақсаты - болашақ мұғалімдерге, еңбек жолын енді бастаған сызу пәнінің жас мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру, дәріс берудің негізгі формаларымен, әдістерімен және әртүрлі тәсілдерімен таныстыру.
Жоғарыда көрсетілген мақсатты орындаудағы әдістемелік курсқа негізделген талаптар төмендегідей:
- сызу пәнін оқытудағы тәжрибелі мұғалімдердің қолданып жүрген тиімді әдістері;
- оқушылардың ойлану қабілетін және кеңістіктегі нәрсені көз алдына елестете білуіне талаптандыратын әдістер мен құралдар;
- аксонометриялық проекция негіздеріне сәйкес орындалған эскиздер мен көрнекі кескіндерін бейнелеу әдістері мен құралдары;
- практика жүзінде сызбаларды оқи да,орындай да білуіне мүмкіндік жасауды қамтитын әдістер мен құралдар;
Сызу пәнін оқыту процесінде оқушының өзіндік еркін шығармашылығын дамыту осы курста кеңінен қамтылған. Осыдан оқыту әдістемелеріне ғылыми тұрғыдан анықтама беретін болсақ: Сызба әдістері - бұл жалпы білім берудің, тәрбиелеудің мақсаты мен талабына сәйкеес графикалық сауаттылықтың мазмұны мен әдістерін анықтайтын педагогика ғылымдарының бір саласы. Сонымен бірге сызу әдістері графикалық жұмыстар орындаудағы формаларды талдауда және оқу процесін тиімді ұйымдастыруда үнемді тәсілдерді қолдану әдістерін зерттейді.
Бұл оқу-әдістемелік құрстағы жазылған материалдар сызу пәні мұғалімінің тәжірибесіне үлкен көмек көрсетеді. Бірақ әрбір мұғалім өзінің педагогикалық қолтаңбасына, темпераментіне, эрудициясына, шеберлігіне және өзіндік мінез-құлқына сәйкес өз тәжрибесінде басқа да әртүрлі әдістермен бірге өзге тәсілдерді қолдануы да мүмкін.
Әрбір тәжірибелі мұғалім әрдайым оқулықтан оқып білгенін сын көзбен қарап, өзінің кәсіби тәжірибесімен салыстыра отырып, нақты жағдайына бейімдегеннен кейін ғана ол кітапты қалай қолдануға болатынын ойлана отырып, шешім қабылдайды.
Сызу, орта мектепте басқа пәндер сияқты оқушыларды өмір тәжірибесіне, кәсіптік өндірістегі ізденісін қалыптастыруда және келешектегі білімін тереңдетуде алатын орны бөлек. Сызу - техника тілі болғандықтан, қазіргі заманғы өндірістің негізгі заңдылықтарын түсінуде атқаратын қызметі орасан зор. Ол мектептегі пән есебінде оқушылардың конструкторлық модельдеу, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын дамытуды қалыптастырады. Қазіргі мектептің мақсаты тек жалпы білім беру емес, оқушырадың келешекте техникалық сауатты азаматтар болуына, олардың сызу өнерін меңгеруін жетілдіру, бұл заман талабы.
Сызу пәнін оқытудың басты мақсаты, оқушылардың кеңістіктегі көріністері көз алдына елестетуді дамыту арқылы оқушыларға сызбаларды еркін оқи білуін және олардың техникалық суретін орындау, сұлбасын сызу білуін дамыту болып табылады. Бұл келешекте әртүрлі кәсіптегі, әртүрлі мамандықта жұмыс істейтін адамдардың түрлі операцияларды орындауда өз ойларын толық жеткізуіне мүмкіндік жасайды. Мұғалім мектептегі сызу пәнінің бағдарламасы бойынша керекті көрнекі құралдармен дидактикалық үлестірме материалдарын іздене отырып, шаршамай, уақтылы дайындап отырса, осы пәнді оқыту барысы жандана түсіп, оқушылардың бұл пәнге деген қызығушылығы артар еді және алған тиянақты білімін келешекте еркін қолдана алуына мүмкіндік болар еді.
Сызу пәнін оқытуға дейінгі оқушының бейнелеу өнерінен дайындығы мен қабілеті, әрине үлкен әсер ететіні түсінікті. Тек оны оқушыға ұмыттырмай, әрдайым жаттығу жасатып, есіне түсіріп отыру қажет. Мысалы, әртурлі формалардың көлеміне назар аудару, олардың жан-жағынан қарағандағы көріністерін елестету, көкжиек горизонт сызықтарының қалай орналасқандығы туралы есіне түсіріп отыру, т.б. Параллелепипед, цилиндр, конус, призма, шар сияқты әртүрлі геометриялық форамлаға ұқсас заттардың суреттерін, бейнелеу өнері сабақтарында кескіндеудегі тәжірибесін, оқушылар сызу пәні сабақтарында сол формалардың сызбаларын орындауда қолдана алады. Жалпы білім беретін мектептерде сызу пәнінің негізгі мақсаты оқушылардың техникалық сызбаларды оқи да, орындай да білуіне жол ашу, механизмдегі бөлшектердің өзара байланысын сызбалар арқылы оқи білуі, олардың кеңістіктегі заттардың орналасуын көз алдына елестете білуін үйрету.

оқыту әдістерінің негізгі бағыттары
Еліміздегі техникалық даму әрбір адамның жоғарғы деңгейде графикалық сауаттылығымен, мәдениеттілігімен тығыз байланысты. Өндірісті механикаландыру, автоматтандыру және олармен жұмыс істеу үшін адамдардың техникалық сауаттылығын керек етеді. Ал техникалық сауаттылық сол адамдардың сызбаларды еркін оқи да,оларды орындай да білуі екенін ескеру керек. Заман талабына сәйкес бұрынғы сызу пәнін оқыту бағдарламасына кейбір өзгерістер енгізіліп, негізінен техникалық сызбаларға көбірек көңіл бөлінген (бұл жерде айта кету керек,осыған дейінгі бағдарламаларда негізінен геометриялық құрылымдарға сәйкестендіріліп жасалған болатын. Сабаққа берілген уақыттың біразы сол геометриялық денелер және олардың комбинациялары тақырыптарына бөлінетін).
Енді оқушылардың сызба құралдарын дұрыс пайдалана білуін қалыптастыру, техникалық сызбаларда геометриялық негіздерді игеру ғана емес, кейбір қарапайым заттардың сызбаларын оқи да, орындай да білуін мақсат етіп қою болып отыр. Ғылым мен техниканың дамуына сәйкес, орта мектеп оқушыларының графикалық дайындығын жақсартуды керектігі,бұл-өмір талабы.Осыған байланысты оқу пәндерінің системасында сызу пәнінің алатын орны анықталып, ол өз орнын табу керек. Неғұрлым осы пәнді оқыту әдістемелерін жетілдіріп,оны өмірге дұрыс пайдалана білсек, соғұрлым адамзат тіршілігінін барлық саласында қолданылатын сызбаларды оқушыларымыз оқи да, орындай да алар еді. Оқушыларға жалпы сызбаларды оқуды үйретуде, оның ішінде жұмыс сызбаларын оқытуда олардың еңбектерін жан-жақты елеп, марапаттап отыру оқушылардың сызу пәніне деген ынтасын артыруға көп себеп болары сөзсіз. Бейнелеу өнерімен бірге сызу пәні де оқушыларды графикалық сауатылыққа баулиды. Жазықтық бетіне кеңістіктегі формаларды кескіндеу арқылы оның мазмұнын түсіну, басқа пәндерді оқуда да үлкен көмегін тигізетінін ескерген жөн. Сондықтан әрбір сабақта оқушы өз логикасымен ойланып, практикалық ,болмаса графикалық жұмыс істегені дұрыс.Бұл жерде айта кету керек, бірыңғай графикалық, болмаса практикалық жұмыс пен шектелуге болмайды. Терең теориялық біліммен қаруланған оқушы, практикалық білімді тығыз ұштастыру арқылы ғана өз дәрежесіндегі графикалық сауатты оқушы бола алады. Әртүрлі тәсілдермен орындалған түрлі сызбаларды, графикалық кескіндерді, схемаларды еркін оқи да,орындай да білген оқушы осы пәнді толық игереді деп есептеуге болады.
Орта мектептегі сызу пәнін оқытудың формасы мен әдістемесі, оның ұйымдастырылуы және мазмұнын анықтайтын міндеті, оқушылардың өмірмен тығыз байланысты күнделікті қолданылуы мен дағдылануына тәрбиелеу. Осыған байланысты мектеп бітірушунің графикалық дайындығы өте жоғары болуы тиіс. Оқулықтар, болмаса мұғалімнің тақтада сызған дайын сызбаларын механикалық түрде көшіріп сызу оқушыларға ешқандай білім бермейді. Ондай әдіс олардың логикалық ойлануына ешқандай да жол ашпайды. Сондықтан оқушыларға жеке жұмыс істеуіне, жеке тапсырма беру әдістемелерін қолдану олардың өздігінен шығармашылықпен ойланып жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Кез келген практикалық тапсырмаларда оқушылардың кеңістіктегі затты көз алдына елестетуін дамытуға, танымдылығын арттыруға, олардың білім өрісін кеңейтуге ықпал жасау керек. Осындай әдістер оқушылардың өтілген материалдарды есте сақтай отырып, олардың ойлану қабілетін, айналаны қоршаған әртүрлі формадағы көріністерге басқаша қарай білуіне, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды. Мұғалімнің сызбалардың дамуы, олардың қандай себептермен өзгеріске ұшырағаны, сызбаларды көрмеудегі өзгерістер туралы қызықты тарихи әнгімелері, оқушылардың білімін жан-жақты арттыру ғана емес, оларға тәрбиелік мән береді. Ондай әнгімелер барысында, міндетті түрде, әртүрлі қызықты суреттер мен көрнекіліктердің, заман талабына сай оқытудың қазіргі технологияларында қолданылатын құралдың көмегімен кодоскоп, оқулық теледидары, компьютерлік жүйелердің мүмкіндіктері, т.с.с. әртүрлі мамандықтар, машиналар, технологиялар, құрылыстарда қолданылатын сызбалардың атқаратын қызметі туралы әнгімелердің беретін әсері мол. Мұғалім негізінен 9-шы сынып оқушыларымен жұмыс істейтін болғандықтан, жас ерекшеліктерін де ескере отырып, олардың тез қозғалуын, өздеріне көп кқңіл бөліну керек екендігін, бір қалыпта көо уақыт отыра алмайтындығын, алдына қойған мақсатын тез арада орындап тастауға талпынатындығын, көңіл-күйінің тез ауысып отыратындығын есептеп, тәрбиелік жүйеге икемдеп отыруы керек. Көптеген тәжірибелі мұғалімдер осыны ескеріп, оқушылардың энергиясын жаңа ақпарат алуға шебер пайдалануда, оларға графикалық жұмыстардың қызықты элементтерін қолдана отырып, ойлануды қажет ететін әртүрлі тапсырмалар береді. Осындай қиын ситуациядан тез шығу кез келген мұғалімге ойына түспейді. Сызу пәнінен әртүрлі графикалық жұмыстарды орындағанда эстетикалық тәрбие де орнын жоғалтпау үшін оларға мән беріліуі. Тақырыптарға сәйкес құрылыс жоспарлары, архитектуралық жобалау құжаттары, генеральдық жоспарларын орындау кезінде осы эстетикалық талғам жағына да көңіл бөлінгені дұрыс. Соңғы кездердегі заман талабына сай графикалық жұмыстардың сапасын жақсарту үшін жалпы орта мектептегі сызу пәнінің бағдарламасына басқа тақырыптардың есебінен көркемдік және техникалық конструкциялау элементтерін еңгізу керек сияқты. Орта мектептегі сызу пәні мен эстетикалық тәлім-тәрбие беру бағыттары өз орынын табу керек екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
1.3 Жалпы білім беретін орта мектептерде сызу пәнін оқытудың қысқаша тарихы
Жалпы білім беретін орта мектептердегі сызу пәнінің орны мен ролін анықтау үшін аздап болса да оның пән есебінде оқытудың даму тарихымен танысқанымыз жөн сияқты. Бұл пәнді мектеп бағдарламасына енгізуге қандай қиындықтар, қандай кедергілер болды?
Осы жағдаймен танысып, зерттеп болған соң барып, сол кездегі жақсы тәжірибелер мен қателерді ескере отырып, осы кезеңдегі мектеп оқушыларының сызу пәнін ойдағыдай меңгеруі үшін қалай оқыту керек екенін анықтай аламыз.
Қазақстандағы мектептердің негізгі бағыты революцияға дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі Ресей мектептерінің бағдарламасына сәйкес құрылғанын ескере отырып, сол революцияға дейінгі Ресей мектептерінің бағдарламасына сүйенсек, сызу пәнінің мектеп бағдарламасына енүі ХVIII ғасырдан басталады екен. Сызу пәні алғашқы кезде, негізінен, тауөнеркәсіп (горнозаводские) мектептерінде, гимназияларда өткізіле бастаған. Оқу пәні есебінде сызу геометрия класына еңгізілген. Бұл пәнмен олардан басқа әскери архитектура және география сабақтарында да таныстырылып отырған.
Ресейде 1786 жылы жалпы мемлекеттік халыққа білім беру жүйесі құрылған. Халықтық бас училищелер (главные народные училища) бекіген. Бұл оқу орындарына ер балалармен қатар қыз балалар да қабылданылған. Оқу клас-сабақ жүйесінде өтіле бастаған. Окушылар, негізінен, геометрия сабағында ғана сызу пәні туралы мәлімет алған. Ол кезде жалпы сызу пәнін оқытуға барлығы 60 сағат бөлінген. 1802 жылы Ресейде халық ағарту министрлігі құрылып, білім берудің бірыңғай жүйесінің ережесі бекітілген. Гимназия оқу бағдарламасындағы сызу пәні сабақтары гравюралық және фотографиялық фигуралар мен денелер геометриялық перспективалық түрінде оқылған. Сол кездегі оқу ережелеріне сәйкес Ресей мектептерінде сызу пәні 1828 жылдан бастап нақты жолға қойылған. В.И.Курдюмов (1853-1904) пен Н.А. Рынин (1877-1942) жазған ғылыми жұмыстары мен сызу және сызба геометрия оқулықтары сызу пәнін оқытудың әдістемелерін жетілдіруге, оны жақсартыға көп көмегін тигізді. Қазан төнкерісі Ресей ғана емес, Қазақстанда да мектептердегі оқыту құрылымының мазмұнын түбірімен өзгертті. Кеңес өкіметінің алғашқы құжаттарында, жалпы білім беретін бірыңғай еңбек мектептері ережесінде оқушылардың графикалық сауттылығына көңіл бөлінгенін 1918 жылдың 12 қыркүйек күні өтілген Халық ағарту комиссиясының алтыншы отырысындағы шешімдерінен көруге болады. Ол құжатта: оқушы өз қарындашымен ерекшелікпен және өзінің ойын нақты жеткізе алатын деңгейге жетуі керек, әрбір сабақта эскиз, жоба, көркемдеп кескіндеу өз орнын табу керек делінген. Сонда да болса ол кезде сызу пәні өз денгейіде оқу бағдарламасында орнын алды деу ерте екенін айта кету керек. 1921 жылғы бағдарламада сызу пәніөзінің мәні бойынша екінші орында болды. Алайда, сызбалардың ақпараттық көлемі (осы кездегі бағдарламаның бір ғана бөліміндей) өте аз болатын. 1930 жылы шыққан фабрика-завод жетіжылдық мектептеріне арналған сызу пәнінің бағдарламасы, оқушылардың графикалық сауаттылығын ашуды жақсартуда қомақты үлес қосты деуге болады. 1945-1953 жылдардағы сызу бағдарламасы өзіндік мазмұны және алған бағытымен жиырмасыншы және отызыншы жылдардағы бағдарламалардан ерекшеленеді. Еліміздегі өнеркәсіптік дамуына орай ол жылдардағы бағдарламаларда проекциялық сызбалармен техникалық бөшектердің сызбаларын орындауға біршама орын берілген.
1954 жылғы бекітілген бағдарламада сызу пәнін оқыту мен тәжірибе жүзінде қолдануды жақындатуға мүмкіндік берді.
Ұлы отан соғысынан кейігі қалыпқа келтіру кезеңінде халық шаруашалығын жаңа машиналармен, агрегаттармен жабтықтау үшін өнеркәсіпті үздіксіз үнемді түрде жаңарту керек болатын. Әрине, бұл жұмысты мамандардың техникалық сауаттылығын керек етті. Сондықтан мектептердегі, оқу орындарындағы сызу пәнін оқытуды жолға қою тұрды.
Жалпы білім беру саласы, ұзақ уақыттар бойы оқушыларды графикалық сауаттылық негіздеріне баулуда сырттап қалғанын көруге болады. Осы кезде де сызу пәнін оқытуда осы кемшіліктердің орын алып отырғаны белгілі жағдай.
Педагогикалық оқытуда келесі дидактикалық принциптер қолданылады:
1).Ғылымилық;
2).Жүйелілік;
3).Теорияның практикасымен байланысты;
4).Оқушылардың қабілеті мен белсенділігі.
5).Көрнекілік;
6).Оқушылардың білімін берік қалыптастыру;
7).Түсіндіру;
Осы принциптер арқылы мектепте кез - келген пәндерді оқытуға болады.Осы принциптердің барлығы оқытуда өзара тығыз байланысты.Оқытуда сызуда қолданылатын әрбір принциптің ең негізгі жақтарын қарастырамыз.
Оқытудың ғылыми принципі. Оқытудың ғылыми принципі оқушылардың (сызуға)қабілетін сызуға, ғылыми әдіске, планиметрияға, және де сызба геометрияға негіздегенде ғана толықтырылады.Сызуды оқытудағы басты роль пәнаралық байланысқа жатады. Геометрияны қалыптастыруда геометриялық, проекциялық және техникалық сызуды оқытқан жөн. Сызу пәнін оқытуда геометрияның практикалық мысалдарын келтіре кеткен жөн. Оқытудың ғылыми принципі бірінші осыны қажет етеді.
Жүйелілік принципі. Жүйелілік принципін оқытуда, сызуды жүйелік пән ретінде жүргізіп, оның құрлысын және ішкі логикасын түсіндіру керек, сонымен қатар оқушылардың жүйелік білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру керек. Графикалық білімді қалыптастыру жүйелілігі оқушылардың қабілеттілігін және де білім күшінің біртіндеп дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылар техникалық бөлшектерді жүйелі түрде түсінуі қажет, өйткені бөлшек (зат) элементтері оларға тұтастық бөліктері ретінде қабылдануы керек. Оқушыларды әрбір заттарды оның геометриялық формасын мүшелей білуге үйрету, әрине егерде дене күрделі болған жағдайда .
Теория мен практиканың байланыс принципі.
Теория мен практиканың байланысы сызу теориясы сабағының өмірмен, еңбекпен, практикамен тығыз байланысында көрінеді. Практикалық тапсырманы шешуде білімді қолдана білу білім сапасын арттырады. Бұл принцип политехникалық мектепте үлкен мағынаға ие.
Теория мен практиканың ерекшелігі оқытуда оқу пәнінен көрініс табады. Мысалы, теория мен практика байланысы сызу курсына әртүрлі формада көрінеді. Практикалық сабақтарға,өндіріске, жоба-конструкциялық ұйымдастыруға экскурсия жасағанда көрінеді, сонымен оқушылардың пайдалы еңбегі.
Озат ұстаздар (сызу пәні бойынша)өз сабағын өткізуде қазіргі өндіріс пен байланыстырады. Бұл ұстаздар, өндірісті жүйелі түрде қолдана отыра, өздері және өздерінің оқушыларын жұмыс сызбаларымен, сонымен қатар жұмыс сызбаларының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz