Менеджмент қызметі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Евразия академиясы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Менеджмент қызметі
Орындаған: Жумагалиев Т.Г.
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 бөлім. Қаржылық менеджменттің мазмұны
1.1. Қаржылық менеджменттің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қаржылық менеджменттің принциптері мен функциялары ... ... ... ... ... ...1 7
2 бөлім. Қаржылық менеджмент басқару жүйесі ретінде
2.1. Басқару жүйесінің объектісі мен субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...21
2.2. Қаржылық менеджмент - басқару кешені түрінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3 бөлім. Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері
және ақпарат жүйесі
3.1. Қаржылық менеджменттің базалық тұжырымдамалары ... ... ... ... ... ... ... 25
3.2. Қаржылық менеджменттің механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Кіріспе
Еліміздің нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорын қаржыларының маңызын арттыра түсті. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ресурстарының жағдайы, оның қызметінің нәтижелерін анықтайтын фактор болып табылады. Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық параметрлері оның нарықтағы орны мен экономикалық кеңістікте тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды. Осы мәселелердің барлығы экономиканы басқаруда қаржыларды басқарудың маңызын арттыра түсті. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және төлем қабілеттілігі ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен анықталады да ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және де ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуын және пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл - ауқатының максималды көбеюі болып табылады. Қаржыны бақаруда оңтайлы нәтижеге жету үшін,бизнестің жалпы құрылымындағы қаржылық менеджмент маңызды орын алады.
Еліміз нарықтық қатынастардың дамуын, жеке меншік секторды өз экономикасында шетелдік әйгілі фирмалардың қазіргі заманғы қаржылық басқару әдістерін ескере отырып, ішкі экономикалық қатынастарды ұлғайтуға тиімді қолданып отыр.
Менеджмент дегеніміз - белгілі жетістіктерге жету үшін обьектіге мақсатты түрде әсер ету әдістерінің жиынтығы.
Қаржылық менеджменттің ұғымы - тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағынын, оның бүкіл қаражаттарының қозғалыс механизмін басқару жүйесі болып табылады. Жалпы қаржы ресурстары ұғымы экономикалық теорияда да, практикада да кең қолданылады. Кәсіпорын капиталы - бұл пайда түсіретін кәсіпорын мүлкінің қаржылары. Капитал - кәсіпорынды құру және дамытудың басты экономикалық базасы.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы басқару ісі қаржы менеджменті деп аталды. Қаржы менеджменті - әлеуметтік - экономикалық процестерді басқарудың негізгі құралы.
Қаржылық менеджмент - кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және байланысты, ақша айналымы мен қаржыларды басқару мен байланысты үрдіс және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруда қолданылатын әдіс-тәсілдер және формалар жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: қаржылық менеджменттің мәнін аша отырып, оны кәсіпорынды тиімді басқаруда және көзделген нәтижеге жету үшін оңтайлы екендігін айқындап көрсету.
Курстық жұмысымда қаржылық менеджменттің мәні, оның принциптері мен функциялары қарастырылған.
1 бөлім. Кәсіпорындағы менеджмент қызметі
1.1. Менеджменттің мәні, ұғымы
Менеджмент деген сөз ағылшыннан аударғанда басқару деген мағына береді, демек қаржылық менеджмент - бұл қаржыны басқару, яғни кәсіпорындардың ақша айналамын және қаржылық ресурстарының қолдануын басқару.
Кәсіпорын құрылымының алғашқы негізгі элементтеріне толық мәлімет беріледі. Кәсіпорын автономды құрылым ретінде талқыланады. Басқарудың жүйелі жолына анықтама беріледі және оның маңызды сипаттамасы анықталынады. Кәсіпорындағы басқару қызметінің функциялары қамтылады. Басқару жүйесін, ұйымдық құрылымды таңдау қарастырылады.
1. Кәсіпорын басқару жүйесінің құрылымы, қағидалары. Кәсіпорын құрылымының алғашқы негізгі элементтері - бұл жұмыс орындары, өндірістік учаскілерге біріктірілген цехтар, қызмет көрсетуші шаруашылықтар.
Кәсіпорынға өзара бөліну қасиеті тән. Мысалы, жұмыс күші, негізгі өндіріс қорлары, шикізат, негізгі және қосымша материалдар, отын, энергия, өндірілетін өнім.
Кәсіпорын автономды құрылым: оның әрбір элементі жеке қарастырылуы мүмкін. Кәсіпорынның басты ерекшіліктерінің бірі-барлық элементтерінің көрнектілігі және оның жұмысы туралы түрлі статистикалық, бухгалтерлік, оперативті ақпарат алу.
Ақпараттық жүйе екі кіші жүйеден тұрады.Оларға басқарылатын және басқарушы, басқарудың субьектілері мен басқарудың обьектілері басқару жүйесі жатады.
Кәсіпорынды жүйе ретінде 3 түрде қарастыруға болады:
· Физикалық (материалдық)
· Кибернетикалық (ақпараттық)
· Экономикалық (әлеуметтік)
Олардың бірігуі нақты біртұтас жүйені құрады.
Басқарудың жүйелі жолы - бұл логикалық ойлау сана-сезімі,кез келген шешім қабылдау үрдісі жүенің ортақ бір мақсатқа жетуіне ықпал етеді.
Мақсат - жүйенің жоспарланған жағдайы, жүйе қызметінің түпкі нәтижесі. Мақсаттарды белгілеу үшін мақсаттардың деңгейі бойынша көрсетеді. Орналасқан мақсаттарды маңыздылығына, орындалу мерзіміне қарай бөліп қарайды.
Қойылған мақсаттарға жету жолдары - мақсатқа жету жолдары неғұрлым көп болса, олардың ішінен ұтымдысын таңдау соғұрлым ыңғайлырақ жүзеге асырылады.
үлгі - жүйелі талдаудың соңғы кезеңі болып табылады.үлгілер нақты жүйенің мәнді ерекшіліктерін немесе оларды басқаруды зерттеу үшін құрылады.
Критерий. Критерий деп қойылған мақсатқа жету әдістерінің ең тиімдісін таңдау үшін белгіленетін шарт пен нысанды айтамыз. Критерийге жататындар-еңбек өнімділігі, табысты арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету, т.б.
Кәсіпорынның басқарушы және басқарылатын жүйелерінің өзіне тән құрылымы мен құрамы бар. Басқарылатын жүйе, құрылымдық жағынан, еңбекті кооперациялау көлемі бойынша және функционалдық белгілері бойынша сыныпталады.
Кәсіпорынды, өндірістік бірлестікті басқару менеджменттің заңдарына негізделеді. Сонымен бірге кибернетика және басқарумен байланысты т.б. ғылымдардың заңдары да басқаруда елеулі маңызды орынға ие болады.
2.Басқару функциялары мен құрылымы. Кәсіпорынды басқару қызметі жеті функцияға бөлінеді:
· Болжау және жоспарлау
· ұйымдастыру
· үйлестіру және реттеу
· Ынталандыру
· Бақылау
· Есепке алу
· Қолдау және байланыс.
Басқару қызметі өндірістік үрдістің жекеленген сатыларына әсер етуі бойыншағөндірістің техникалық деңгейін үнемі көтеру және ұйымдастыру, жоғары сапалы өнім шығару, тұтынушылар талаптарын барынша толық қанағаттандыру мақсатында бұйымдар ассортиментін кеңейту және жаңарту міндеттеріне бағынады.
Міндеттерді шешудің маңызды бағыты-табыстың өсуі және кәсіпорынның экономикалық және әлеуеттік дамуын өзіндік қаржыландыруы негізінде ғылым мен техника жетістіктерін ауқымды, кешенді және дер кезінде енгізу.
Қазіргі кезде аталған функциялардың бәрі келесі жүйелерге бөлінеді:
· Перспективті,ағымдағы техника-экономикалық және әлеуметтік жоспарлау
· Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
· өндірістің техникалық дайындығын басқару
· Технологиялық үрдістерді басқару
· өндірісті жедел басқару
· Метрологиялық жабдықтауды ұйымдастыру
· Техникалық бақылау және сынақ
· Еңбекті және еңбекақыны ұйымдастыруды басқару
· Материалдарымен,техникамен қамтамсыз ету
· өнімді өткізу
· Капиталды құрылыс
· Қаржылық қызметті ұйымдастыру
· Есеп және есеп-қисап жүргізу
· Экономикалық талдау.
Өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы деп басқарудың органдарға және сатыларға бөліну жүйесі, олардың өзара байланысы және тәуелділігі түсіндіріледі.
Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыруда басқарудың типтік құрылымдарының бірқатар ережелері мен элементтерін пайдалану керек:сызықтық, функционалдық және сызықтық - функционалдық.
Басқарудың экономикалық әдістерінің ішінде жұмысшылардың еңбегінің саны мен сапасына байланысты еңбекақысын төлеу маңызды орынды материалдық ынталандыруды әдісін атап көрсетуге болады. Еңбекте жеке, ұжымдық ынталандыру қолданылады.
Басқару шешімдерін әзірлеу және жүзеге асыру келесі кезеңдерден тұрады:
· өндірістік-шаруашылық жағдайын талдау
· басқару шешімдерін дайындау және негіздеу, шешімдерді оңтайландыру
· басқару шешімдерін қабылдау
· қабылданған шешімді жүзеге асыру жөніндегі ұжымның жұмысын ұйымдастыру, есепке алу, бақылау, үйлестіру
· қабылданған шешімді жүзеге асыру нәтижелерін талдау, бағалау, жаңа міндеттерді алға шығару.
3. Басқарудың ұйымдық құрылымдары. Басқару жүйесі берілген шарттар негізінде мақсаттарды оңай жүзеге асыратындай буындар мен байланыстардың жиынтығын білдіреді.
ұйымдық құрылымды таңдауға келесі факторлар әсер етеді:
· кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны
· қызмет ету аясы (өндірілетін өнім түрі, бұйымның ассортименті)
· жұмыс ауқымы
· шаруашылық қызмет ету үрдісінде кәсіпорын шығатын нарықтар
· қолданылатын сыртындағы және ішіндегі ақпараттық ағындар
· ресурстарымен қамтамасыз ету деңгейі және т.б.
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымын қарастыра отырып:ұйымның сыртқы ортамен, ұйымның бөлімдері, ұйымның адаммен өзара әрекет ету деңгейі ескеріледі.
Қаржының қазіргі заман шеңберіндегі теориясында ғалым ретінде қаржыны басқарудың методологиясы мен техникасына арналған қолданбалы пән Қаржылық менеджмент қалыптасқан.
Қаржыны басқаруда қолданылған жаңа әдістер басқару өрісінде жаңа мамандықтың пайда болуына мүмкіндік туғызды. Ол қаржы менеджері. Кәсіпорынның қаржы қызметінің басшысы (қаржы менеджері) жоғары білімді, кең көз - қарасты, ойшыл, келесі дамыған ғылымдардың: қаржы, статистика, есеп, қаржылық талдау, салық салу, бағаның құрылуы және т.б. қорытындыларын өз қызметінде әдісін тауып қолданатын маман.
Шағын бизнесте қаржыны басқару үшін бухгалтер және экономистің қызметтері жеткілікті, себебі қаржылық операциялар негізі ақша айналымынан тұратын қолма-қол ақшасыз есеппен шектеледі.
Үлкен бизнестің қаржылық операцияларында мүлде басқа тактика қолданылады. Үлкен капиталдың үлкен ағымы және тиісті өнім қажеттілігін талап етеді. Сондықтан, үлкен бизнестің қаржысын басқару үшін қаржы бизнесі саласындағы арнайы дайындалған маман, қаржы теориясын, менеджмент негіздерін жете меңгерген - қаржы менеджлерін, бизнестің басты тұлғалары ретінде өте қажет.
Қазақстанда нарықтық қатыныстардың қалыптасуы көптеген біздің елде экономика салсында дәстүрлі ғылым және практика тауарлырының бөлімдерін елеулі өзгертіп ғана қоймай, біршама жаңа деп саналатын бағыттарды тез дамуының қажеттілігіне әкелді. Соңғылардың ішінде сөзсіз Батыста ең тез дамып келе жатқан бағыт болып саналатын бірқатар мамандықтарға (бухгалтер, экономист) және соңғы жылдары Қазақстанда пайда болған (аудитор, менеджер, қаржы менеджеріне) тікелей қатысы бар менеджменті кіреді.
Қаржылық менеджмент - экономикалық ғылымда қаржы, басқару, есеп және талдау салаларындағы теориялық практикамен сәтті біріктіріп келе жатқан перспективті бағыт.
Қаржылық менеджмент іс жүзінде қолданбалы ғылымдарға жатады.
Жалпы түрде қай ғылым болмасын консептуалдық негіздері, оның тақырыбы мен әдістерін тұжырымдау және теңестіру арқылы көрсетіледі.
Қаржылық менеджменттің ғылыми аппараты - бұл шаруашылық субъектілердің қаржылық қызметін басқарудың жалпы ғылыми және нақты ғылыми әдістерінің жиынтығы.
Фирмалардың ұйымдық құрылымындағы қаржы службасы.
Шаруашылық субъект қаржылық жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы қаржы службасын құрады. Қаржы службасының қызметінің басты мақсаттарына бағындырылған: олар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсу және табыс табу үшін алдын ала тұрақты жағдай жасау.
Фирманың қаржы службасының міндеттері:
1. тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржы құжаттарын тез, сапалы және қажетті көлемде дайындау;
2. кәсіпорынның басты мақсатына жету үшін барлық бөлімдердің қызметін байланыстыру және бағыттау қабілеті;
3. шаруашылық субъектінің қаржы жоспарларының сапалы құрастырылуына жауапкершілікті;
4. нарықтық жағдайда кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуі бұл службасыз мүмкін еместігі.
Қаржы службасы бірыңғай шаруашылық қызметті басқару механизмінің бөлігі, сол себептен кәсіпорнының басқа да службаларымен тығыз байланысты.
Нарықтық қатынастарының дамуымен, сыртқы рынокқа шығу қаржы службасының алдында жаңа да сапалы міндеттер қояды. Олар: нарықтық экономикаға парапар әдістермен каржылық ресурстарды тиімді басқаруды ұйымдастыру. Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу қаржылық менеджмент деңгейінде ғана мүмкін.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және төлем қабылеттілігі ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен анықталады, ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуы мен пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл-ауқатынын максималды көбеюі болып табылады, яғни пайданың, кәсіпорынның нарықтық бағасы.
Қаржыларды басқарудың екінші жағы-қорларды сатып алу болып табылады. Олардың қайнар көзі әр түрлі болуы мүмкін және әрқайсысының өзіне тән мінездемесі бар, олар капиталмен жабдықтаушылармен анықталады: баға, төлемнің мерзімі, белгілі бір уақытта қолда бар болуы, мүмкін болатын қайшылықтар және тағы басқа шарттар. Осы факторлар негізінде қаржылық менеджер кәсіпорынды қаржыландыру көздерінің оңтайлы шешімдерін қабылдап отыруы керек.
Қаржылық менеджмент - бұл кәсіпорынның қаржылық ресурстарының құрылуымен, бөлінуімен, оларды қолданумен және кәсіпорынның ақшалай жүйе айналымының ұйымдастырылуымен байланысты болатын басқару нәтижелерінің әзірленуі және жеткізуінің принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі болып табылады.
Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірістік әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады.
Қаржылық менеджмент акция иелерінің хал - ахуалын немесе меншік кірістерін барынша көбейту барысында өткізіліп отырған, басқарудағы нарық жағдайында фирманың қаржы-қаражатының оңтайлы құрылымын құрып, оны сақтаумен байланысты қабылданған шешімдер жиынтығымен байланысты.
Сонымен қатар қаржылық менеджмент басқа да экономикалық пәндермен тығыз байланысты теориялық пән болып табылады.
Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:
oo қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі;
oo қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: қамсыздандырылмаған қысқа мерзімді қаржыландыру, қамтамасыз етілмеген қысқа мерзімді қаржыландыру, қысқа мерзімді жалды қаржыландыру;
oo ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау:капиталды бюджеттендіру, лизинг немесе ұзақ мерзімді несие, қарапайым және артықшылығы бар акциялар шығару, инвестициялық жобаларды бағалау және инвестициялық қоржынды басқару, алдағы кезеңдегі кіріктерді ескере отырып, ақшаның құнын бағалау;
oo мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау;
oo шешімнің нұсқамасы және орындалуы;
oo шешімнің орындалуын бақылау;
oo шешімнің жүзеге асырылуы барысын талдау және оның орындалуы туралы есеп беру.
Қаржы менеджментінің басты мақсаты - қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл - ауқатын барынша көбейту. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады.
Қаржылық менеджменттің басты міндеті-бұл фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым акция бойынша, мүмкін болатын дивиденд бойынша көбеюін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет тәртібін анықтау.
Қаржы менеджментінің нарықтық экономикадағы жалпыға бірдей қабылданған жоғарыда атап өткен мақсаты туралы сөз еткенде, біздің көпшілігімізде қалыптасқан, кәсіпорынның қаржы әрекетінің басты мақсаты пайданы барынша көбейту деген ойымызға қарама-қайшы келетінін атап өткен жөн.
Қаржылық менеджмент өзінің басты мақсатын жүзеге асыру үрдісінде төмендегі негізгі тапсырмаларды шешуге бағытталады.
Кесте 1 - Қаржылық менеджменттің негізгі тапсырмалар жүйесі
Қаржылық менеджменттің басты мақсаты
Қаржылық менеджменттің өзінің басты мақсатын жүзеге асыруға бағытталған негізгі тапсырмалары
Қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл-ауқатын барынша көбейтуді қамтамасыз ету
oo алдағы уақытта кәсіпорынның даму тапсырмаларына сәйкес қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құрауды қамтамасыз ету;
oo кәсіпорынның негізгі бағыт аясында қаржы ресурстарының құрылған көлемін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
oo көзделген пайда дәрежесінде қаржы тәуекелі дәрежесін барынша азайту;
oo кәсіпорынның даму барысында,оның қаржы тепе-теңдігін үнемі қамтамасыз ету;
- Алдағы уақытта кәсіпорынның даму тапсырмаларына сәйкес қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құрауды қамтамасыз ету. Бұл тапсырма кәсіпорынның алдағы уақытта қажетті жалпы қаржы ресурстарын анықтау, ішкі көздер есебінен өзінің қаржы ресурстар көлемін барынша көбейту, сыртқы көздер есебінен өзінің қаржы ресурстарын құрудың мақсатқа лайықтылығын анықтау, ресурстық қаржы потенциалын құру және құралдар мен көздерді оңтайландырылумен жүзеге асырылады.
- Негізгі бағыт аясында қаржы ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Қаржы ресурстарының құрылған көлемін бөлуді оңтайландыру, олардың кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму мақсатына қажетті пропорцияны анықтайды.
- Қаржы айналымын оңтайландыру. Бұл тапсырма кәсіпорынның ақша айналымы үрдісінде ақша ағымын тиімді басқару, жеке кезеңдер бойынша ақша қаражатының түсуін және шығындалуын қамтамасыз ету, айналым активтерінің қажетті өтімділігін қолдау жолымен шешіледі. Осындай оңтайландыру нәтижесінде бос ақша активтерінің орташа қалдығы азаяды, бұл өз негізінде тиімсіз қолданудан және инфляциядан болатын шығынды азайтуды қамтамасыз етеді.
- Көзделген қаржы тәуекелі негізінде кәсіпорынның пайдасын көбейтуді қамтамасыз ету. Пайданы барынша көбейту, кәсіпорын активтерін тиімді басқару, қарыз қаржы-қаражатын шаруашылық айналымға енгізу, операциялық және қаржы әрекетінің тиімді бағыттарын таңдау арқылы жүзеге асырылады.
- Көзделген пайда дәрежесінде қаржы тәуекелін барынша азайту. Егер кәсіпорынның пайда дәрежесі алдын-ала жоспарланған немесе тапсырылған болса, ең басты тапсырма қаржы тәуекелін азайту болып табылады.
- Кәсіпорынның даму барысында, оның қаржы тиімділігін үнемі қамтамасыз ету. Бұл тиімділік қаржы тұрақтылығының жоғары дәрежесіне және кәсіпорынның барлық даму кезеңіндегі төлем қабілеттігімен сипатталады, әр түрлі көздер есебінен қаржы ресурстарын құру көлемінде тиімді пропорциясымен инвестициялық қажеттілікті өзін-өзі қаржыландырудың жеткілікті дәрежесімен сипатталады.
Жоғарыда қарастырылған қаржы менеджментінің барлық тапсырмалары әр түрлі бағытта сипат алғанымен, бір-бірімен өте тығыз байланысты. Сондықтан қаржы менеджменті үрдісінде жеке тапсырмалар өзара оңтайландырылуы қажет, бұл оның басты мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қаржылық менеджменттің ең негізгі екі буыны - пайда және тәуекел, олардың арақатынасы, әрбір нақты бір кезеңде корпорацияның қаржы менеджерінің нақты шешімін анықтайды. Осыған байланысты қаржылық менеджмент құрамына қаржы әрекетінің екі түрі енеді: біріншіден - пайданы көбейту, екіншіден - компанияның нақты өтімділік деңгейін қамтамасыз ету.
Қаржылық менеджментті іске асыру ерекшеліктерінен қаржы менеджменттің обьектісі ретінде классификациялау қажеттілігі туындайды.
Жеке классификациялау белгі бойынша:
1. Меншік формасы бойынша:
- меншіктің мемлекет формасындағы кәсіпорын (мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде);
- мемлекеттің мемлекеттік емес формадағы кәсіпорындар.
2. Іс-әрекеттің ұйымдық - құқықтық формалары бойынша:
- жеке кәсіпорын;
- серіктестік;
- корпоративті.
3. Сомалық белгі бойынша:
Соманың істеп тұрған классификаторы мен іс - әрекеттің түріне сәйкес кәсіпорынның түрі.
4. Меншікті капиталының көлемі бойынша:
- кіші кәсіпорын;
- орташа кәсіпорын;
- үлкен кәсіпорын;
- ірі кәсіпорын.
5. Нарықтағы монополиялық орны бойынша:
- кәсіпорын табиғи монополист;
- тиісті нарықтағы өзінің өнімін өткізу үлесі бойынша монополиялы кәсіпорын;
- бәсекелестік ортада жұмыс істейтін кәсіпорындар.
6. Өмірлік цикл сатысы бойынша:
- "құрылу" сатысындағы кәсіпорын;
- "балалық шақ" сатысындағы кәсіпорын;
- "жастық шақ" сатысындағы кәсіпорын;
- "ерте даму" сатысындағы кәсіпорын;
- "соңғы даму" сатысындағы кәсіпорын;
- "тоқырау" сатысындағы кәспорын;
Қаржы менеджментінің негізгі субьектілері:
- кәсіпорын иесі. Қаржыны басқару функцияларын және қаржылық іс-әрекеттің біршама бөлігін өзі жүзеге асырады.
- кең профильді қаржы менеджері. Маман болып табылатын қызметкер кәсіпорынды қаржылық басқарудың барлық функцияларын орындайды.
- функционалды қаржы менеджері. Тар мамандалған жұмысшы,кәсіпорын бір сферасындағы қаржы іс - әрекет басқару функциясын орындайды.
1.2 Қаржылық менеджменттің принциптері мен функциялары
Кәсіпорынның қаржылық әрекетін тиімді басқару бірқатар принциптерді жүзеге асыру барысында қамтамасыз етіледі, соның ішінде ең негізгілері:
1. Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен біріктірілуі.
Кәсіпорынның қандай саласында болмасын басқару шешімі,тура немесе жанама түрде ақша ағымының құрылуына және қаржылық әрекеттің нәтижесіне әсерін тигізеді. Қаржылық менеджмент өндірістік менеджменттен, инновациялық менеджменттен, жұмысшылар менеджментімен және басқа да қызметтік менеджменттермен тікелей байланысты. Бұл кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен қаржылық менеджменттің үйлесімді біріктірудің қажеттілігін анықтайды.
2. Басқару шешімдерінің құрылуының кешенді сипаттамасы.
Қаржы ресурстарын құру, бөлу, және қолдану саласындағы және кәсіпорынның ақша айналымын ұйымдастыру бойынша басқару шешімдері оның қаржы қызметінің нәтижесімен тығыз байланысты және оған тура немесе жанама түрде әсер етеді. Кейбір жағдайларда бұл әсер қарама-қарсы сипатта болады.
Мысалы, өте мол кіріс әкелетін қаржы инвестицияларын жүзеге асыру өндірістік қызметті қаржыландыру тапшылығына, сәйкесінше операциялық пайданы көлемнің азаюына әкеледі. Сондықтан қаржылық менеджмент кешенді басқару жүйесі тұрғысынан қарастырылуы тиіс және де ол кәсіпорынның қаржы қызметінің жалпы нәтижелігіне өз үлестерін қосатын өзара байланысты басқару шешімдерінің дайындығын қамтамасыз етуге тиіс.
3. Басқарудың жоғары динамизмі.
Кәсіпорында, өткен кезеңде дайындалып, жүзеге асырылған,қаржы ресурстарын құрып, қолдану және ақша айналымын оңтайландыру саласындағы тиімді басқарушылық шешімдер үнемі кәсіпорынның қаржы қызметінің келешектегі кезектерінде қолданыла бермейді. Бұл нарықтық экономикаға көшу кезеңіндегі сыртқы факторлардың жоғары серпініне және ең алдымен - қаржы нарығының жағдайының өзгеруіне байланысты. Сонымен қатар, уақыт өткен сайын кәсіпорынның ішкі жағдайлары да өзгереді. Сол себепті қаржылық менеджментті сыртқы орта факторларының, ресурстық мүмкіндіктердің, өндірістік және қаржы қызметінің ұйымдастыру нысандарының, қаржы жағдайының және өзге де кәсіпорынның қызмет ету параметрлерінің өзгерісін ескеретін жоғары динамизммен сипаттауға болады.
4. Жеке басқарушылық шешімдерді дайындауға көзқарастың көпнұсқаулылығы.
Осы принципті жүзеге асыру үшін,қаржы ресурстарын құру және қолдану, ақша айналымын ұйымдастыру саласындағы әрбір басқарушылық шешімді әрекеттің балама мүмкіндігін ескере отырып дайындау қажет. Басқарушылық шешімнің балама жобалары болған жағдайда, кәсіпорынның нақты қаржы саясатын немесе қаржы стратегиясын, қаржы идеологиясын анықтайтын критерийлер жүйесін негізге ала отырып, жүзеге асыратын таңдау жасау қажет. Мұндай критерийлер жүйесін кәсіпорын өзі бекітеді.
5. Кәсіпорынның даму стратегиясынан хабардар болу.
Ағымдағы кезеңде қаржы қызметі саласындағы қандай да болмасын басқарушылық шешімдерінің жобасы тиімді болып көрінгенмен, егер ол кәсіпорынның басты мақсатына, оны дамытудың стратегияның бағыттарына қарама-қайщы келсе, алдағы уақытта қаржы ресурстарының ішкі көздері әсерінен меншікті қаржы ресурсын құрудың экономикалық базасын бұзса, ол қабылданбау керек.
Жоғарыда аталған принциптерді ескере отырып ұйымдастырылған тиімді қаржылық менеджмент кәсіпорынның өндірістік қызметінің жоғары қарқынмен өсуі мүмкіндігін қалыптастыра алады, тауар және қаржы нарығында бәсекелестін позициясын біршама жоғарылатады, стратегиялық болашақта экономикалық дамуды қамтамасыз ете алады.
Қаржылық менеджменттің 2 негізгі функциясы бар: басқару обьектісінің функциялары және басқару субьектілердің функциялары.
Басқару обьектісінің функцияларына мыналар жатады: ақша айналымының ұйымдастырылуы, қаржылық құралдар және инвестициялық жабдықтармен жабдықтау, қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру және т.б.
Басқару субьектілердің функциялары қаржылық жұмыста және шаруашылық процесте адамдардың қарым - қатынасына әрекет жасауға бағытталған жалпы қызмет түрі. Бұл функциялар, яғни нақты басқару қызмет түрі жинақтардан, табыстардан, ақпаратты сақтаудан, шешімдерді қабылдаудан тұрады. Қаржылық менеджментке мынадай функциялар тән: болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, қайта өңдеу, тарату, бақылау.
Болжау қаржылық менеджментте - белгілі бір құбылыс, обьекті, процестің нақты болашақ дамуында болжамды әзірлеу болып табылады.
Болжау функциясы деп мүмкін болатын көрсеткіштерге негізделе отырып болашақтың көрінісін айқындауды айтады.
Қаржылық менеджментте жоспарлау маңызды орын алады. Қаржылық жоспарлау экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың негізгі бөлігі болып, қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі болып табылады. Қаржылық жоспарлау - ақша ресурстарын құру, бөлу, қайта бөлу және пайдалану процестерін жоспарлы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz