Қолжетімді баспана -2020 бағдарламасы


«Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы
«Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасының өзі 8 санатқа бөлінеді. Оның ішінде арендалық үйлер деген бар. Арендалық үйлерді кімдер ала алады дегенге келсек, ең алдымен жас отбасыларға беріледі. Бағдарламаның негізгі мақсаты да сол, жастардың баспаналы болуын қамтамасыз ету. Жас отбасылар арендалық үйлерге қалай қол жеткізе алады дегенге келер болсақ:
- Ең алдымен арендалық үй алуға арыз жазады. Арыз жазған уақытқа дейінгі жасы ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29-ға толмаған болу керек.
- Некеге тұру ұзақтығы есепке алынады (кемінде екі жылдан бастап есептеледі)
- Бұған дейін кемінде 5 жыл бойы атында үйі болмау керек
Айта кету керек, бір адамға 15-18 шаршы метрден деп есептеледі. Жас отбасыларға ең тиімдісі олар сол жаңа пәтерде тұрып ең алдымен 8 жыл бойы үй бағасының 50 пайызын депозитке жинақтайды. Қалған 50 пайызын әрі қарай ең төменгі пайыздық несиемен төлейді. Бір атап айтарлық жеңілдік жас отбасылар аренда төлемейтіндігі, сонымен қатар өзінің жаңа үйінде тұрып 50 пайызын жинақтайды. Мәселен, қарапайым мысал, жас отбасы 50 шаршы метр пәтер алды делік. Әр шаршы метрі 80 мың теңгеден деп есептегенде үй бағасы 4 млн. болып есептеледі. Сол 4 млн. теңге қаржының 50 пайызын 8 жыл бойы банк депозитінде жинауға тиіс. Сонда ай сайын 24000 теңгеден депозитке салып тұрады. Ал, 8 жылдан кейін сол пәтерді өз атына жекешелендіріп алып, әрі қарай 4 пайыз несиемен қалған 50 пайызын төлейді. Несие 4 пайызбен 15 жылға дейін беріледі.
Арыз наурыз айынан қалалық «Тұрғын үй инспекциясында» қабылданады. Ал, банк үй алғысы келетіндердің төлем қабілетін анықтап береді. Бір айта кетерлігі, осы бағдарлама бойынша үй алғысы келетіндер банкке келіп жеке есепшотын ашып, ақша жинақтай беруге болады. Себебі, ертең салымшы жинақтаудың алғашқы 6 айын бірден төлеуге міндетті. Сол уақытта осы кезден бастап жинақтаған ақшаңыз болса, әркімнің де өзіне жеңіл болатыны сөзсіз. Жалпы, бүгінгі уақытта әрбір азамат тапқан табысының шамалы бөлігін болса да жинап үйрену қажет. Біздің қазақ ақша жинап үйренбеген. Бүгіннен бастап жиналған тиын ертеңгі күні баспаналы болуыңызға септігін тигізетіні сөзсіз.
Жас отбасылардан бөлек барлық санаттар үшін де осындай талап қойылады. Мұндағы айырмашылық, жас отбасылардан басқасы жаңа пәтерге аренда төлеп тұрады. Арендалық төлем әр шаршы метрге 60 теңгеден деп бекітілді. Яғни, барлық санаттар пәтер бағасының 50 пайызын банктегі есепшотына жинау уақыты кезінде, яғни сегіз жыл бойы аренда төлеп тұрады. Мұнан әрі сату-сатып алу келісім-шарты жасалып, төменгі пайызбен несие төлей бастайды.
Баспана кімге қолжетімді?
Баспанасы жоқтың бабы келіспейтіні анық жайт. Осы ретте мемлекет тарапынан жасалып жатқан шаралар да аз емес. Әсіресе, елімізде соңғы 4-5 жыл бедерінде тұрғын үй саясаты жақсы жолға қойыла бастағаны мәлім. Сондай шаралардың бірі, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы осы мақсаттағы тіршіліктердің шоқтығы биік тұрғаны деп айтуға болады. Ендеше, бағдарлама бүгінгідей қарқынмен іске асырыла берсе, тұрғын үй нарығын реттейді деген болжам бар.
Демек, баспана өзекті тақырып болып тұрған шақта аталған бағдарлама аясында сауалдар көп-ақ. Сол себеппен редакцияда «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының тиімділігі турасында дөңгелек үстел болып өтті.
2005-2012 жылдар аралығында 239 жастар мен жас отбасыларына жеңілдетілген несие арқылы ипотекалық пәтерлер берілді.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша тұрғын үй алу кезегінде 533 жетім мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелген. Жетім балалардың алдыңғы қатары кезекке 2006 жылдан бастап тіркелген. Жуырда Астана мөлтек ауданынан 112-пәтерлік «Жасөспірімдер үйі» салынып, ғимараттың төменгі қабатын жатақхана типтес, онда балалар үйінен шыққан 18-23 жас аралығындағы балалар паналаса, ғимараттың жоғары қабаттары 23-29 жас аралығындағы жетім балаларға арналған 1 бөлмелік пәтерлер ретінде берілгендігіне ерекше тоқталғаны шынында да атап айтуға тұрарлықтай игілікті іс болғаны анық.
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бекітіліп, төмендегідей негізгі бағыттар көзделіп отыр:
1. Жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй салу.
2. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша:
1) халықтың барлық санаттары үшін;
2) жас отбасылар үшін тұрғын үй салу.
3. «ҚИК» Акционерлік қоғамының тұрғын үй салуы. негізгі жұмыс барысы-2013 жылы аймақта “Қолжетімді тұрғын үй-2020” бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін 6 тұрғын үй, яғни 270 пәтер салынып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Бағдарлама бойынша жас отбасыларға арналған тұрғын үйлерді алу мақсатында бағдарламаға қатысушыларды іріктеу және тұрғын үйді беру кезектілігінің тәртібін Жергілікті атқарушы орган белгілейді.
Мәселен, тұрғын үй қарыздарын алу үшін аталған бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- Отбасының құрамына ерлі-зайыптылар, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалар, ерлі-зайыптылардың еңбекке жарамсыз ата-аналары қосылады;
- Ерлі-зайыптылардың екеуінің де Бағдарламаға қатысуға өтініш берілген елді мекенде тіркелуі;
- Соңғы 5 жыл ішінде ерлі-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй жағдайларын қасақана төмендету фактілерінің болмауы;
- Өтініш берердің алдындағы соңғы 6 ай үшін отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да аударымдарды есептемегенде) мынадай шекте:
а) ең төменгі Алматы, Астана қалалары үшін төменгі күнкөріс деңгейінің 4 есе мөлшері, басқа қалалар үшін төменгі күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшері;
б) ең жоғарғы-төменгі күнкөріс деңгейінің 12 есе мөлшерінен артық емес.
Жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру берген күннен бастап, бірақ жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы басталған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей Бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді қабылдауды бастайды және жалға берілетін тұрғын үйді іске қосуға 6 ай қалғанда аяқтайды.
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер аз болған жағдайда атқарушы орган өтінішті қабылдау мерзімін ұзартуға құқылы.
Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті қабылдаған кезде жергілікті атқарушы орган өтініш иелерінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Баспанаға әркімнің бар таласы
Алдымен «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» дегеніміз қандай бағдарлама, оған кімдер қол жеткізе алатынына тоқталайық.
Мемлекет тәуелсіздігін жариялағаннан соңғы қиындықтарды өткеріп, ел ес жиғаннан кейін тұрғын үй құрылысы Қазақстанның болашаққа жоспарлаған даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болды.
Екі мыңыншы жылдардың ортасынан бастап үкімет бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылдап, осы бағыттағы заңнамалық актілерге тұрғын үйдiң жалға берiлетiн секторын дамытуға қолайлы жағдай жасауды көздеген өзгерістер енгізді. Бұдан бұрын қабылданған тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға, 2008-2010 жылдарға және 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламалары қарапайым халық үшін аса тиімді бола қойған жоқ. Материалдық жағынан алып қарасақ, тұрмысы орташа деуге келетін тұрғындардың негізгі бөлігі үшін тұрғын үйді толық қолжетімді ету мүмкін болмады. Жас отбасыларды, белгілі бір категорияға жататын азаматтарды баспанамен қамтуға келгенде де бұрынғы бағдарламалар уақыт талабына жауап бере алмады.
Осы мәселені шешу үшін Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында құрылыс саласында қолданылып жүрген бағдарламаларға тексеру және талдау жүргізуді, олардың негізінде жыл сайын жалға берілетін тұрғын үйдің көлемін 1 млн. шаршы метрге жеткізуді және сатып алу құқығымен жалдау тетігін, сондай-ақ құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі кешенді шараларды көздейтін бірыңғай «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Содан кейін, өткен жылы шілдеде ел Үкіметі әркімнің таласы бар баспанаға кез келген адамның қолы жететіндей етіп мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Қазір оның барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бағдарлама шеңберінде жергілікті атқарушы органдар аймақтарды жаңа үйлердің құрылыс алаңына айналдырмақ. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатылатын кредиттік баспана салудың жаңа схемасы, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту, екінші деңгейлі банктерді тарту жолымен коммерциялық тұрғын үйлер салу, «Самұрық-Қазынаның» жылжымайтын мүлік қоры арқылы үй салу көзделген. Бағдарлама бойынша жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй салу бірінші орынға қойылады. Тұрғындар қазірден бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарына және Ақтөбе қаласының Алтынсарин көшесіндегі (№2 үй) қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты тұрғын үй қорын есепке алу секторына өтініштерін апарып, тізімге тіркелуге талаптануда. Екіншіден, үйлер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша берілетін барлық тұрғындарға және жас отбасыларға арнап салынады. Бағдарламаның осы тұсына көбірек тоқталайық. Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жас ерекшелігіне қарамастан, табыс көзі бар, жұмыс істейтін әр адам еліміздің кез келген аумағынан үй сатып ала алады. Ол үшін банк салымшыларына ұсынылатын тарифтер бойынша ұзақ мерзімге жалға алып, кейін төлеп құтылу, үш жыл бойы банктегі шотына қаражат жинақтау, баспана құнының 50 пайызын шотқа салып, қалған 50 пайызын несиеге алу немесе ешқандай жинақ ақшасыз пәтер құнының 70 пайызын банктен 10 пайыздық үстемемен несиеге алу сияқты жеңілдіктерді қолдануға мүмкіндік бар.
Ал некеде тұрғанына екі жыл толған, жастары жиырма тоғыздан аспаған жас отбасылар үшін арнайы бағдарлама қабылданып отыр. Олар белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттарын көрсеткен жағдайда пайыздық үстемесі жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, жалға алған пәтерін кейін өзіне алып қалуы үшін өтемақысын оңай төлей алады.
22300 салымшының үміті
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Гүлнар Дабылованың айтуынша, қазір банк жаңа бағдарлама бойынша баспаналы болуға талаптанған салымшылардың өтініштерін қараумен, салымшы тарту, талаптарды түсіндіру жұмыстарымен айналысуда.
- Бүгінгі таңда облыстың 22300 тұрғыны - біздің салымшымыз. Соңғы екі-үш жылдың ішінде салымшылардың саны үш есе артты деуге болады. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы қабылданбас бұрын да екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелеу талаптарымен танысқан тұрғындардың көбісі баспана алу үшін ең тиімді тәсіл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болу екеніне көз жеткізіп келді. Енді Елбасы міндеттеп жүктеген жаңа бағдарлама біздің тарапымыздан тұрғындардың баспаналы болуына көмектесу мүмкіндіктерін кеңейте түсті.
Бүгінгі күнге біздің банк филиалы арқылы 2860 салымшы 8 миллиард 547 мың теңге несие алып, баспанаға қол жеткізіп отыр.
Енді жаңа бағдарламаның екі бағыты бойынша жұмыс істейтінімізді түсіндіріп жатырмыз. Бірінші бағыты бойынша несиесін төлеп құтылуға қабілеті бар кез келген адам бізге өтініш бере алады. Екінші бағыты бойынша жас отбасылардың үйлі болуына мүмкіндік береміз, - дейді Гүлнар Дабылова.
Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың ықпалымен салынған үйлерді алдымен банк сатып алады да, жеңілдетілген пайыздық үстемемен ұзақ мерзімге салымшыларына сатады, жалға береді. Осы уақытқа дейін салымшылары 393 пәтердің иесі атанған банк филиалы өткен жылы бюджетке 2 миллиард теңгеден астам ақша аударған.
«Нұр Ақтөбенің» алғашқы тұрғындары
Биыл маусым-шілде айларында Хромтау мен Орск трассаларының қиылысы маңында салынып жатқан «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивінен «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасына қатысушыларға арналған алғашқы үйлердің құрылысы аяқталады. Осы аптада «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанынан үйлер құрылысының сапасын бақылайтын арнайы комиссия құрылды.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі сол жерден 607 пәтерді алып, клиенттеріне бағдарлама бойынша қол жеткізу мүмкіндігін жасамақ. Негізі 226 мың тұрғынға арналған қалашықтың құрылысы алдағы 15-20 жылға жоспарланып отыр. Жалпы, 2013-2020 жылдарға арналған тұрғын үй салу жоспарына сәйкес, Ақтөбе қаласында 3 089, 0 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Қазіргі күні жергілікті атқарушы органдарға барып, баспаналы болу үшін кезекке тұрған адамдардың жалпы саны - 15 558 адам.
Облыстық құрылыс басқармасындағы тұрғын үй мониторингі бөлімінің бастығы Нина Бауманның айтуынша, Ақтөбеде «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы несиеге берілетін, әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтарға және жас отбасыларға кейін сатып алу жолымен жалға берілетін, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы, «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ негізінде, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы, коммерциялық және жеке тұрғын үйлердің салынуы сияқты сегіз бағыты бойынша 2012-2020 жылдардың жоспары аясында 4374, 2 мың маршы метр үй салынады.
- Ел үкіметінің «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын қабылдауы қоғамымыз үшін аса маңызды құжат болды. Бұл құжат бойынша бағдарламаның екі бағытын іске асыру біздің банкке сеніп тапсырылды. Енді біз банкке тиесілі болатын 607 пәтердің кілтін алдымен сатып алуға мүмкіндігі бар салымшыларымызға ұсынамыз. Артылып қалған пәтерлерді бес және сегіз жылдың ішінде сатып алу мүмкіндігімен жалға беретін боламыз. Ол пәтерлерді беру кезінде біз міндетті түрде банк талабы бойынша балдық жүйеге жүгінеміз. Салымшылардың ай сайын ақшаларын жинақтау шотына уақытылы салып тұрғанына ерекше мән беріледі. Бұл салымшының жауапкершілігіне, материалдық мүмкіндігіне айғақ бола алады. Қазір аталған бағдарлама қабылданғаннан кейін біз аудандармен де жұмыс істеп, ауылдағы ағайынның да баспаналы болуына мүмкіндік беретін әдістерді қарастырып жатырмыз. Ол үшін Қазпоштаның, Халықтық банктің аудандардағы бөлімшелері арқылы біздің банктегі есепшотына ақша жинақтауға жағдай туғызамыз. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасады, - дейді Г. Дабылова.
Жинағы жоқ адам да пәтер алады
Қазақстандық нарықта тоғыз жылдан бері жұмыс істеп, ел сеніміне ие болған банк бүгінгі күні клиенттеріне «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» деп аталатын тарифтік жобаларын ұсынып отыр. Бұл жобалардың бірін клиент мүмкіндігіне қарай таңдап алады. Банктен есепшот ашып, үш жыл бойы пәтер сомасының 50 пайызын жинаған адамға банк қалған 50 пайызын 3, 5-5 пайызбен береді. Бұл негізгі тұрғын үй заемын салымшының өзі жинақтағандағы жағдай. Ал үш жыл бойы жинақтамай, қолында сатып алатын пәтерінің 50 пайызына жететін ақшасы бар болған кезде клиент қалған елу пайызды алу үшін банктің аралық тұрғын үй заемын пайдаланады. Оны жеті пайызбен шартта көрсетілетін мерзімде төлеп құтылады.
Ал жинақ ақшасы, бастапқы жарнасы жоқ адам табысы туралы анықтама тапсырып, жылдық 10 пайызбен өзі таңдап алған тарифтік жобалардың бірі бойынша 10 жылдан 23 жылға дейінгі мерзім ішінде несиесін өтей алады. Мұндай жағдайда сатып алатын пәтердің бағалау құнының 70 пайызын банк несиеге береді. Бұл алдын ала тұрғын үй заемы бойынша атқарылатын шаруа.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz