ҚР кітапханашылары жаңа жағдайда мәселелері, даму жолдары
Құрманғазы атындағы саз колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
ҚР кітапханашылары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Орындаған: Өтепова А.А.
Тексерген: Суйншкалиева Г.Х.
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Кітапхана ісі маманының кәсіби ерекшеліктері
1.1 Кітапханашының кәсіби құзыреттілігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Кітапханашының сөйлеу мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.ҚР кітапханашылары жаңа жағдайда: мәлелері, даму жолдары
2.1 Кітапханашы мамандарды даярлауда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Кітапхана мамандарының кәсіби құндылығын қалыптастыру - кітапхана саласын модернизациялаудағы маңызды қадам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Білім мен ғылымның, әдебиет пен мәдениеттің інжу-маржандары тізбектеліп, кітап атаулы шоғырланған кітапхана - адамзаттың рухани тыныс-тіршілігінің көзі. Кітапхана ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Қазіргі кезде адамдардың әртүрлі талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен қабілетін дамыту және эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапхананың алатын орны ерекше. Кітапхана мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады.
Заманымыздың әр кезеңінде кітапханашы мамандығы туралы түсінік терең мәнді, қажеттілігі жоғары болуына көңіл бөлінуі тиіс. Бүгінгі кітапханалар осы заманғы ақпараттық жаңа технологиялармен жұмыстануда. Кітапхана қызметін автоматтандыру мен компьютерлендіру қазіргі кезде кеңінен қолданылуда.
Кітапханашы мамандары кітапханалардың арнаулы дайындығы бар қызметкерлерінің негізгі тұрақты мамандары.Кітапханашы-библиограф қызметі кітапхана жүйесін, басқа да осыған ұқсас ақпараттық мекемелерде қызмет атқаратын кітапханалық білімі бар маман. Кітапханашы-библиограф маман - ол құжаттарды жүйелі ұйымдастырады және ақпараттық технологиямен электрондық техниканы қолданады, жүзеге асырады. Ақпараттық жүйе деп ақпаратты жинақтау, өңдеу, іздестіру, сақтау және таратуды айтады.
Кітапханашы мамандық, оның мазмұнына оқырмандарға қызмет көрсету, олардың оқу талғамын қалыптастыру, оқу қажетін қанағаттандыру, оқуына басшылық ету, әдебиеттерді насихаттау, сондай-ақ кітапханадағы жұмыс процестерінің бүтін кешені енеді. Кітапханашы өз ісінің бастаушысы болуы керек. Оқырмандармен жұмыс істей білуі, кітапхана жұмысының әдістерін меңгеруі, осы әдістердің көмегімен кітапхананың бүкіл жұмысын ұйымдастыра білуі керек. Қоғамға жақсы танылған осындай қызметтерді атқара отырып, ол халыққа қызмет көрсетудің белсенді ұйымдастырушысы ретінде көрінеді. Мәдени ой-өрісінің кең болуы, мамандық білімінің тереңдігі, педагогикалық жұмыс әдістерін игеру- кітапханашыларға тән қасиет.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Биыл Жолдау аясында Елбасы Нұрлы жол - болашаққа бастар жол атты жаңа экономикалық саясаттың жүргізілетінін мәлімдеді. Биылғы Елбасы Жолдауының білім саласы қызметкерлері үшін де орны ерекше болды. Нұрлы жол даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтты. Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосады. Бүгінгі таңда еліміздің егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Сондықтан қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани, қарым-қатынас мәдениетімізді жетілдіру көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Зерттеу мақсаты: ҚР кітапханашылары жаңа жағдайда: мәслелері, даму жолдары туралы мағлұмат беру.
Зерттеу міндеттері:
1.Кітапханашы мамандығы туралы түсінік беру;
2. ҚР кітапхана ісінің дамуы туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Кітапханашының кәсіби құзыреттілігі
Кітапханалар мен библиографиялық мекемелерде, сондай-ақ ғылыми және техникалық ақпарат мекемелерінде, баспа орындарында, газеттер мен журналдар редакцияларында болатын қызмет. Істелінетін жұмыстың күрделілігіне қарай мынадай категорияларға бөлінеді: библиограф, аға библиограф, бас библиограф. Библиограф кадрларын жоғарғы оқу орындарының (мәдениет институттарының, университеттердің, педагогикалық институттың, өнер институтының) кітапхана факультеттері дайындайды. Сондай - ақ салалық библиографияда сол сала бойынша білімі бар (тарихшы, әдебиетші, юрист, физик, биолог т.б.) және кітапханалық курстардағы оқу процесінде библиография теориясы мен әдістемесін меңгерген көптеген маман библиографтар қызме атқаруда.
Кәсіби оқулықтар мен әдебиеттерде маманның жұмысы арнайы жоғарғы білім мен одан кейін де ұдайы өз білімін өз бетінше толықтырып отыруды қажет ететін қызмет. Біліктілік деңгейіне қарай библиограф мамандығы келесідей категорияларға бөлінеді: библиограф, жетекші библиограф, бас библиограф және олар сәйкес разрядтарға жіктеледі. Кітапхана ісін жүргізу барысында және оны ұйымдасыру ісінде библиограф қызметін басшылық, яғни кітапхана ісінің басшылығы тағайындайды және ол жұмысқа лайық кітапханашылар тәжірибелі, жоғарғы санаты кітапханашылар болуы тиіс.
Күні бүгінде бұл жаңа технологиялар өмір ағысымен, елдегі саясаттың тұрақтылығына байланысты барлық елді мекендерге дейін жетіп, ауылдық жерлердегі кітапханашылар өз жұмыс барысына компьютерді пайдаланып, жаңа жағдайға батыл көшуде. Яғни кітапхана жұмысының барлық қызметтері компьютер көмегімен атқарылып, алыс қашықтықтағы мәліметтер базаларымен жұмыс атқарып, кітапханшы - библиограф мамандардан енді тереңірек технологиялық білімді де қоса меңгеру талабы қойылып отыр. Кітапханашылар жаңа технологияларды меңгеріп, кітапханалық, библиографиялық, ақпараттық іздеу жұмыстарын жүргізеді. Мұнда экономикалық фактор үлкен роль ойнайды: мысалы, мәліметтер қорының толықтырылуы дәстүрлі картотекаларға қарағанда көбірек уақыт жұмсалады, ал штат сол қалпында сақталады. Қазіргі кезде кітапханашы -библиограф мамандарға дәстүрлі жұмыс ырғағынан өзге жаңа кәсіби талаптар қойылуда. Солардың бірі мамандардың қатысуымен аймақтық, ведомстволық корпоративті мәліметтер базаларының құрылуы. Бұл жөнінде шетелдік әріптестеріміз мәселені әлдеқашан шешіп алған болса, ресейлік кітапханашылар да аймақтық (Мәскеу, Санкт-Петербург, Орал аймақтары т.б.) мәліметтер базаларын құрып, бірлескен жұмыстар атқаруда.
Соңғы он жыл көлемінде Қазақстан кітапханашылары да бұл мәселені шындап қолға алып, аймақтық, корпоративтік мәліметтер базаларын құруда. Мысалы, РАБИС және
КАБИС автоматтандырылған мәліметтер қоры бағдарламасы Қазақстанның барлық облыстық кітапханаларында жасақталуда. Сондай-ақ көптеген ведомстволық, жоғарғы оқу орындарының кітапханалары Ресейдің МАРК, Библиотека 4.02; 4.5, Библиотека 5.2 бағдарламалары бойынша жұмыстануда.
Кез келген жұмыс орнында кітапханашы-библиограф үшін кең түрдегі білімділік пен жоғарғы ой-өріс, өз ісіндегі биік кәсібилік қажет. Ал арнаулы немесе әмбебап кітапханалардың бөлім библиографтары үшін сол арнаулы білім саласы жөнінде және нақты білім саласы немесе нақты кітап қоры туралы кең түрдегі білім мен арнайы мамандық дайындық аса қажет. Әсіресе ғылыми кітапханалардың кітапханашыларына деген кәсіби талап жоғары болады, десек те көпшілік кітапханалардың да оқырмандарына арналған анықтама-библиографиялық қызмет көрсету ісінде жоғары білім мен кәсіби шеберлік кем болмайды. Мұндай кітапханалардың оқырмандар құрамы мен кітап қоры қандай кең салалы болса, оқырмандардан түсетін сұраныстар мен талаптар да соншалықты сан алуан болып келеді. Бұл арада кез келген кітапхананың жоғары кәсіби шеберлікпен құрылған анықтама- библиографиялық аппаратының библиограф үшін пайдасы зор. Егер ғылыми кітапханаларда оқырмандардан түскен сұраныстарды орындауда бай түрде жасақталған анықтама- библиографиялық аппарат көмекке келсе, ал көпшілік кітапханаларда түрлі монографиялар мен оқулықтарды, оқу құралдарын жиі қарап, тақырыптық жинақтарды ұдайы бақылап отырудың маңызы зор. Сондай - ақ анықтама - библиографиялық қызмет көрсету жұмысының біріккен жұмыстары да маңызды орын алады.
Білімділігімен, іскерлігімен және жаңашылдығымен ерекшеленіп тұратын кітапханашы- библиограф мамандығына сәйкес кәсіби этика қалыптасып, күнделікті жұмыс ырғағы барысында жолға қойылған. Бұл жөнінде біздің Ресейлік әріптестеріміз қабылдаған "Ресей Федерациясының кітапханашыларының кәсіби этикасы" кодексін мысалға алуға тура келеді.
Бұл кәсіби этика оқырмандар кітапхананың ақпараттық ресурстары мен материалдарын кедергісіз алып, олар үшін жайлы қызмет көрсету жұмысын орнатуға, тең дәрежеде, жоғары сапалы қызмет көрсетуге бағытталған. Яғни кітапханашы - библиограф үшін өз қызметінің ең құнды мақсаты- қолындағы материалдық құжаттар мен әдебиеттерге деген пайдаланушының, яғни оқырманның сұранысы. Сондықтан да кітапханашы-библиограф сұранысты толық, сыпайы, шынайы, уақытымен орындауы қажет. Ол үшін кітапханашы- библиограф алдымен кітапхананың негізгі кітап қорына, сондай-ақ басқа кітапханалар қорына немесе жаңа технологиялық құралдар арқылы мәліметтер қорлары мен ақпарат жүйелеріне жүгінеді. Мұндай сәттерде оқырманның жасы, білімі, ортаға әсері, т.б. белгілеріне қарап емес, сұранысқа қарай қызмет көрсетілуі тиіс.
Сондай-ақ интеллектуальды тәуелсіздік пен кітапханадағы ақпарат материалдарына жосықсыз қожалықты болдырмау, адамзаттың рухани өмірін толықтыратын, әлемдік және ұлттық маңызы бар рухани қазынаға кедергісіз қол жеткізу көзделген. Мемлекеттік деңгейдегі рухани қазына мен оны пайдаланушы оқырман ортасындағы дәнекер ролін атқара отырып, сол рухани қазынаның сақталуын, келешек ұрпаққа аман жетуіне үлес қосуға, өз мамандығының намысын қорғап, өз әріптестері мен ортақ мақсат мүдделер үшін қызмет етуге тиісті.
Өз қызметінің құзіретін пайдаланып, оқырмандар мен пайдаланушыларға оқу мәдениеті, оқырмандардың кітап оқу көрсеткіштерімен ақпараттық сауаттылықты ұсына алады. Ең бастысы кітапханашы-библиограф қоғам мен мемлекеттің, жалпы халықтың мүддесі үшін қызмет ететін мәдени ошақ ретінде ашық демократиялық қоғам құруға атсалысуы қажет.
Міне жоғарыда айтылған барлық мәселелерді талдай келе кітапханашы - библиограф мамандығының кәсіби этикасына мынандай талаптарды жатқызамыз:
+ Оқырмандардан келіп түскен сұраныстардың қиындығына, нақты еместігіне немесе толық еместігіне қарамастан оны орындау барысында табандылық пен жігерлілік;
+ Оқырмандарға берілетін ақпараттың өте толық болуы, оны орындау барысында қолда бар мүмкіндіктерді мейлінше толық пайдалану;
+ Қарапайымдылық пен нақтылық, оқырманмен байланыста жинақылық болуы, яғни ирониялы немесе өктем байланысқа жол бермеу;
+ :: Оқырманға берілген қанағаттанарлықс ыз жауаптың мәнін түсіндіру, оған с ол тақырыптағы басқа әдебиеттерді ұсыну;
+ Өз жұмысының сапасының өзінің жауапкершілігімен тығыз байланыста екенін терең түсіну, өзіндік білім алуға ұмтылу; т.б.
Кәсіби этика ұғымына сондай-ақ кітапханашы-библиографтардың өз білімдерін ұдайы жетілдіріп отыруы да кіреді. Ол әр түрлі бағыттарда жүреді. Мысалы, кәсіби мерзімді басылымдарды әрдайым оқып отыру, өндірісітік оқу- тәжірибе, басқа әріптес кітапханалармен кітапханашылармен кәсіби байланыс, іс-тәжірибе алмасу, конференция, семинарлар т.б. айтуға болады. Сондай-ақ кітапхана мен оның жұмысын жақсарту мақсатында қоғамдық қызметтерге араласып, кітапхананың қоғамдағы, адамзат өміріндегі рөлін көтеріп отыруға мүдделі.
1.2 Кітапханашының сөйлеу мәдениеті
Кітапханашы - библиограф мамандарының кәсіби даярлығын дамыту барысында қарым - қатынас мәдениетінің қыр - сырын, іскерлік дағдыларын қалыптастыру қажет. Қарым - қатынас мәдениеті - адамдардың қарым-қатынасының психологиялық және адамгершілік бағыттарын қарастырады.
Қазіргі қоғам жоғары адамгершілік деңгейдегі мамандар даярлауды қажет етеді, қалыптасып келе жатқан қоғамға мәдениеттілік қалпын енгізуді көздейді.
Кітапханадағы қарым-қатынастың өзіне тән маңызы бар, олар: Коммуникативтік - бұл кітапханалық қарым-қатынастың түрі, кітапханалар ортасындағы қарым-қатынастық қызметтің құралы болып есептеледі; Ақпараттық - кітапхана оқырманға ақпарат беріп отырады.
ХХІ ғасыр - ақпараттар ғасыры, компьютердің, интернеттің ғасыры, адам үшін техника жұмыс істейді дегенімізбен, өмірге еніп жатқан сан алуан ақпараттарды қабылдап, оны тыңдаушысына өз деңгейінде дұрыс жеткізу үшін кітапханашы мамандар тіл мәдениетін, оның өзіне тән ішкі заңдылықтары мен талаптарын игеруі тиіс. Сөйлеу мәдениеті, тіл мәдениеті - кітапханашыдан үлкен кәсіби біліктілікті қажет етеді. Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Адам баласының сана - сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор.
Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой- санасын дамытып, жетілдіруде де аса маңызды рөл атқарады. Айтылған сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс.
Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді сөзі мірдің оғындай екен дейді. Ескі қазақ жұртының ғұлама ғалымы Ж. Баласағұн Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу - пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Сөйлеу жеке адамдардың арасында өзара түсінісуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адамға тән сөйлеу мәдениетінде екі сипат болуы шарт. Мұның біріншісі - сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі- оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздің мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы.
Сөздің мәнерлілігі дегеніміз - адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді анық айта алуы. Мәнерлі сөйлей білудің кітапханашы үшін маңызы зор. Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай, сөйлеу түрлі ерекшеліктерімен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа жіктеледі.
Кітапханашы маманының басты құралы оның сөйлеу мәдениеті. Қарым-қатынас орнату, сөйлесу, сөйлеу арқылы хабар алу немесе керісінше хабар жіберу көне заманда адамзат санасымен қатар қалыптасты. Шындығында, күллі процестер мың есе орындалады - орта өзгереді, біздің өзіміз, әр нәрсені білеміз, түсінеміз, өзіміздің білімімізді тәрбиелеу және оқыту барысында қолдана аламыз. Адамға сөйлеп үйрену үшін қаншама үлкен асулардан өтуіне тура келеді. Кітапханашы мамандығы адамнан сөйлей білуді, оқырманмен тілдесу мәдениетін талап етеді. Бұл түсінікті жәйт: жұмыс істей отырып, біз оқырмандарымызбен сөйлесеміз, хабар алысамыз. Оқырманның біліміне, жасына, мамандығына қарамастан, біздің сөйлесу жүйеміз оларға түсінікті болуы керек. Бұл - біздің табысты жұмысымыздың басты шарты. Кітапханада оқырман барлық жерде және әрдайым жүреді.
Кітапханашының сөйлеу мәдениетінің қандай болу керектігі жөнінде ойластырып көрелік. Оқырманмен сөйлесу кезінде оның айтқан сөздерін қатты дауыспен қайталау міндетті емес. Мұндай жағдайда келесіде оқырман сізбен сенімді түрде сөйлеспейді. Кітапханада дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды. Оқырмандарды бүған үйретуге болады, ең бастысы кітапханашылардың өздері бұл ережені бұзбаулары тиіс. Кітаптың қасиеті мәңгілік. Ол қасиет қалам ұстаған сөз зергерлерінің ғана емес, өзін қоғамның белді мүшесімін деп есептейтін әрбір адамның бойына дарығанда ғана нұрлы болмақ. Кітаппен кездесе отырып, бүкіл адамгершілікке қатысты қасиеттерді тануға болады. Кітап оқып отырған адамның шыдамы таусылып, өзге халыққа, мәдениетке назары ауа бастайды. Оқи отырып ол бір ғана өмірде емес, өзге ұлт авторымен бірге болып, әр түрлі халықтың өмірін таниды. Ғасырлық кұндылықтарға жақындай отырып, ұлттарды, халықтарды жақындатып отыруға мүмкіндік береді.
Сөйлеу мәдениеті кітапханашының басты құралы. Оқырмандарды кітаппен кездестіре отырып, бүкіл адамгершілікке қатысты қасиеттерді тануға үйретеді. Кітапханашыларымыз бесаспап маман болғанда ғана бүгінгі күннің биік талаптарын орындай алмақ. Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану - кітапхана қызметінің сапасын арттырып, оқырман санын толықтырып, мәдени деңгейінің көтерілуіне тиімді әсер етеді. Әдетте тұрақты түрде өткізіліп отыратын кәсіби семинарлар кітапханашылар арасында өзара байланысты жақсартып, жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдерін іздестіріп, табуға мүмкіндік береді. - Әр кітапханашы өз жұмысын сүйіспеншілікпен атқарса, біздің еліміздің кітапханалары өркениетті елдердің кітапханаларымен иық теңестіреріне еш күмән жоқ. Айтылған талаптарды әрбір кітапханашы тұрақты ұстанып отырса, оның күш-қуатты, көңіл-күйі әрдайым жоғары болады да, жұмысының сапасы артып еңбегі де әрдайым жана түседі.
Егер кітапханада адамға деген жылы шырай танылмаса, ол кітап тарататын, сақтайтын жерге айналады. Кітапқа көбіне кішкентай балалар ғашық болады. Есейген сайын кітапсыз өздерін жаман сезіне бастайды. Қандай да өркениетті елдің дамуында білім, ғылым, мәдениет басты орын ала отырып, кітап оқуға деген құштарлық та арта береді. Қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуында сөйлеу мәдениеті ерекше орынға ие. Студенттер арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің бейнесі жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның тұлғалық бейнесін оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның әр қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді.
Студенттің жеке тұлға ретіндегі ішкі жан дүниесі, оның сөзі мен тілінен айқын көрініп тұрады. Қандай сөздер мен тіркестерді қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, олардың ерекшеліктерін байқауға болады. Ал қарым- қатынас мәдениеті оқу-тәрбие барысында пайда болып, қалыптасуы біртіндеп жүзеге асады. Әсіресе оқытушының қарым-қатынастағы мәдениеті маңызды роль атқарады, бұған үлкен мән берілуі қажет . Демек, қарым-қатынас мәдениетіндегі сөйлесу мәдениетіне ерекше мән беріледі. Адам иманына тілдің, сөздің тигізетін ықпалы үлкен. Тілдесу мәдениетін бағалай білетін халқымыз: "Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар" деп сөздің маңызын тани білген. Көпшілік алдында сөйлеу үшін кітапханашы белгілі бір білік - дағдыларға ие болуы керек. Психологтардың анықтамасынша, дағды дегеніміз - белгілі бір операцияны ең үздік нұсқада жүзеге асыру мүмкіндігі. Шешен қандай дағдыларға ие болуы керек? Негізгі дағдылар мыналар: әдебиеттерді іріктеу дағдысы, іріктелген әдебиетті оқу дағдысы, жоспар құру дағдысы, сөйлейтін сөзін жазу дағдысы, аудиторияның алдында өзін-өзі ұстай білу дағдысы, уақытты мөлшерлей алу дағдысы. Осы дағдылардан барып кітапханашыға шешендік біліктілік қалыптасады.
:: Ол мынадай біліктілікке ие болуы тиіс:
1. сөйлейтін сөзін өз бетімен дайындау;
2. сөзін тапқыр әрі сенімді мазмұндау,
3. тыңдаушы сұрағына жауап бере білу;
4. аудиториямен байланыс орнату мен оны ұстап тұра білу.
Егер осы білік- дағдылардың бірі сөз сөйлеушіде болмаса, оның сөзінің тыңдаушыларға тигізетін әсері әлсірейді. Айталық, сіз сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін жақсы жазасыз, бірақ оны аудитория алдында қарапайым әрі анық жеткізе алмайсыз. Сондай-ақ сіз аудиторияны сөзіңізбен қызықтыра аласыз, бірақ белгіленген уақытты жеткізе алмадыңыз, негізгі ойыңыз айтылмаса, сіздің шешендік сөзіңіздің әсері төмендейді. Сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеу сәттілігі шешеннің сөз мазмұнының негізін, яғни тақырыбын жақсы білуіне тікелей байланысты. Бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогикалық ғылым алдында, білім берудің мақсаты мен мазмұнына оны орындаудың әдіс тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар қалыптасуда. Олардың негізгі алдына қойған мақсаты - өзін-өзі дамыта алатын, өз бетімен білім алатын, тәрбиелі қоғамның белсенді азаматын жан-жақты етіп қалыптастыру.
Қарым-қатынас мәдениетін (сөз мәдениеті, мінез-құлық мәдениеті т.б.) болашақ кітапхана ісі мамандарын даярлау барысында пайдалануда зерттеуге бағытталған проблеманы жан-жақты қарастырып, оның мазмұнын, тәрбиелік мүмкіндіктерін ашып, анықтау қажеттігін көрсетеді. Қарым- қатынас мәдениетіне болашақ кітапхана ісі мамандарын тәрбиелеудің маңызы, жеке адамның құндылықтар мен мүмкіндіктердің негізін үйретіп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz