Құқық жүйесінің түсінігі
Евразия академиясы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Құқықты реттеу механизмі
Орындаған: Хамудоллаев Д.С.
Тексерген: Кумарова У.Қ.
Орал, 2012ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 бөлім. Әкімшілік - құқықтық реттеу механизмінің түсінігі мен құрылымы
1.1. Құқықтық реттеу механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Құқық нормаларының түрлері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 10
1.3. Әкімшілік - құқықтық нормаларды жүзеге асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 16
2 бөлім. Құқықты реттеу механизмі
2.1. Құқық ты реттеу және нормативті - құқықтық
актілерді жүйелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. Құқық жүйесінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3. Құқық функциясы сипаттамасының әлеуметтік көзқарасы ... ... ... ... ... ...28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Кіріспе
Тақырып өзектілігі. Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құлықтылык және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағынадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді.
Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің сан-қырлы әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар мен күрделі шиеленістен, мүдде қақтығыстарынан тұрады. Мұндай процесстерді бір жүйелі тәртіпке келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі. Таңдалып алынған тақырыптың өзектілігі де осы айтылғанмен анықталады
Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық, тәрбиелік, генетикалық жөне психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағынадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.
Құқық - бұл қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның туындысы ретінде оның дамуының белгілі сатасында пайда болады. Құқық - адам тәртібінің әлеуметтік маңызды реттеутіші, әлеуметтік нормалардың бір түрі. Ол өзіне әлеуметтік аяны қосып алады: а) адамдарды; б) адамдар арасындағы қарым-қатынасты (қоғамдық қатынастарды); в) қоғамдық қатынастардағы субъектілердің тәртібін.
Құқықтың әрекеті қоғамдық қатынастардың субъектілеріне олардың жекелеген ерекшеліктерінен тәуелсіз бірдей шара қолдану принципіне негізделген, шын мәнісінде тең емес субъектілерге (формальды принцип).
Құқық нормалары сырттай объективті болуы міндетті ақылды, әлеуметтік және белгілі ресми нысанда бектілуі шарт (құқықтың қайнар көзінде формальды мағнада): нормативті-құқықтық актыларда, құқықтық дәстүрде, заңды прецеденттерде т.б.
Құқық ішкі ұйымдастыру көз қарасына байланысты (біртұтас) бір-бірімен мақсатқа сай қарым-қатынастардағы элементтердің жүйесі. Құқық бәріне міндетті. Оның айырмашылығы басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда жалпымемлекеттік нормативтік жүйені құрайды және өзінің әрекетін қоғамның барлық мүшелеріне жүргізеді.
Құқыққа процедуралық тән. Процедураны уақытында талдайтын тәртіп ретінде өз мөлшерінде барлық әлеуметтік реттеушілер пайдаланады. Бірақ құқықты процедура (нормативті ретінде) тереңірек көрінеді: құқық жүйесінде көптеген процедуралық салалар бар (азаматтық процессуальдық, қылмыстық процессуальдық). Процедура іске асыру ретінде және заң нормаларын басып шығаруға қолданылады.
Құқық интелектуальды - еріктегі реттеуші ретінде әрекет етеді. Құқық арнайы - заңдылықтағы таза құқықтық тетік ғана емес, сонымен қатар, психологиялық тетік: ол адамның еркін, тек оның санасына байланысты реттейді. Белгілі жағдайда, құқықты билік сипаты бар ақпарат жүйесі ретінде қарауға болады, себебі, субъектілердің еркін, тәртібін саналы түрде басқара алады.
Құқық мемлекетпен тығыз байланыста. Себебі, мемлекет қоғамды нормативтік-құқықтық актыларды шығару арқылы реттейді (сонымен қатар, нормативті - құқықтық актылар шығару үшін өз өкілдігін беру арқылы, белгілі дәстүрлерге санкция беру, заңды прецеденттер жасау), яғни заңға айналдыру. Құқық мемлекеттің күштеуімен қорғалады. Басқа әлеуметтік нормалар ондай мемлекеттік - күштеу арқылы іске асыру мүмкіндігімен қамтамасыз етілмеген (мұнда әңгіме мемлекет жағынан оны қолдау туралы болып отыр).
Құқықтың мазмұны қоғамдық дамудың қажеттілігіне, қоғамдық процесстерге қатынасушылардың белгіленеді. Құқық өзінің табиғатына байланысты (негізіне) қоғамдағы әлеуметтік келісімділіктің құралы (саймандар, нысандар) әлеуметтік қызығушылықтың теңдігін белгілеу, игілікті адал бөлу, жеке адамның әлеуметтік бостандығының өлшемі.
Қоғамдық сананы тетігі және коллективтің еркі арқылы саяси күштің бөлінуіне байланысты шын мәнісіндегі теңдік, азды көпті құқықтың формальды қайнар көзінде ретінде көрсетіледі. Мұндай жағдай құқықтың өз идеалына жақындауы не болмаса одан, өзінің негізінен шегіну болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Құқықтық реттеу механизмін толыққанды түрде ашып көрсетіп, талдау жасау. Құқық әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде нормативтік қасиетке сүйенеді, ол кейіпті реттеуші ретінде бағыты нақты белгісіз атаусыз әрекет жасап, жалпы белгілерге (жасы; есі дұрыстығы, заңды тұлғаның жалпы белгілеріне) сай әрекет етеді.
Курстық жұмыстың міндеттері: Құқықтық түсінігі,
түсінігінің барлық белгілерін қамтый алмайтындығы белгілі.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 бөлім. Әкімшілік - құқықтық реттеу механизмінің
түсінігі мен құрылымы
1.1. Құқықтық реттеу механизмі
Құқықтық реттеу механизмін бұдан бұрын "Мемлекет және құқық теориясы" курсында қарастырылған болатын. Әкімшілік құқықта осы құқықтық құбылысты нақтырақ қарастыратын болсақ ол мынадай түрде болмақ. Мемлекеттің қоғамдық қатынастарға ықпал ету тәсілдерінің бірі құқықтық реттеу. Ал құқықтық реттеу - бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу және субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін кедергісіз жүзеге асыруы. Құқықтық реттеу үшін әртүрлі амал-тәсілдер мен құралдар пайдаланылады және оларға мыналар жатады: құқық нормалары, құқықтық қатынастар, құқық шығармашылық, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер. Бұлардың барлығы құқықтық реттеу механизмінің құрамды элементтері болып табылады.
Сонымен, әкімшілік құқықтық реттеу механизмі - бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын құқықтық қатынастарға ықпал ететін әкімшілік - құқықтық құралдар мен амал-тәсілдердің жиынтығы
Әкімшілік-құқықтық реттеу механизмі мынадай элементтерден немесе кезеңдерден тұрады:
1) ҚР нормативті-құқықтық актілерінде белгіленген әкімшілік-құқықтық нормалар;
2) әкімшілік - құқықтық қатынастар;
3) әкімшілік-құқықтық нормаларды жүзеге асыру.
Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлері
Әкімшілік-құқық, кез келген құқық саласы сияқты, заңды нормалардың жиынтығынан тұрады. Әкімшіліктің құқықтық негізін әкімшілік нормалар құрайды.
Әкімшілік - құқықтық нормалар - бұл мемлекеттік, қоғамдық басқару сферасындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің басқа сферасында туындайтын басқару сипатындағы қатынастарды (әділ соттылықты, прокурорлық қадағалауды) реттейтін мемлекетпен белгіленген немесе бекітілген, рұқсат етілген ережелер болып табылады және оларды орындамаған жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асыралады.
Әкімшілік - құқықтық нормалардың негізгі міндеттері:
1)Мемлекет басқару жүйелерінің әртүрлі құрамдас бөліктерін ретке келтіру;
2)Басқарушы мен басқарылатын жүйелердің арасындағы тиімді арақатынасты нығайту;
3)Әртүрлі басқару салаларындағы байланыстарды, мемлекет органдардың кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, азаматтармен арақатынастарын белгілеу;
Әкімшілік реттеудің мәні - басқару қатынастарын ретке келтіру, әкімшілік құқықтың көмегімен осы қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Олар басқару қатынастарының субъектілерінің мінез - құлықтарын қалай болуы керек екендігін анықтайды.
Әкімшілік құқық нормаларының мән -маңызы мыналарға бағытталған:
1) мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан қатынастарды ұйымдастыруға, ретке келтіруге және жетілдіруге;
2) құқықпен реттелген басқару қатынастарын қорғау.
3) біздің қоғамымызды дамытатын объективті заңдардың талаптарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды тудыруға және дамытуға;
4)қазіргі уақыт талабына сай емес қоғамдық қатынастарды басқару сферасынан шығаруға бағытталған.
Әкімшілік - құқықтық нормалар көптеген басқару органдарының құқықтық жағдайы мен құзырлығын анықтайды, олардың қызметін, басқару нысандары мен әдістерін, басқа субъектілерімен ара қатынастарының тәртібін белгілейді.
Әкімшілік құқықтың нормалары, сондай-ақ, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлердің, мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың құқықтық жағдайын анықтайды.
Әкімшілік заңнамада әкімшілік қатынастарды әртүрлі бұзушылықтан қорғайтын нормаларда бар.
Әкімшілік-құқықтық нормалар мыналарға міндеттейді:
1)белгілі бір әрекеттер жасауға;
2)басқа әрекеттер жасауға тиым салуға;
3)өзге де әрекеттерді жасауға рұқсат беруге
Әкімшілік реттеу үшін мына ықпал ету нормалары тән:
1) Әрекет жасауға бұйрық, жарлық (алдын-ала жазылған);
2) Рұқсат беру;
3) Әрекет етуді қолдау;
4) Тиым салу.
Әкімшілік нормалардың көпшілігі имперактивті сипатты. Оларды бұзғаны үшін заңды жауапкершілікке тартылады.
Әкімшілік-құқықтық нормалардың құрылымы - дегеніміз нормалардың ішкі құрылысы, норма элементтерінің, құрамды бөліктерінің өзара байланыстарының белгіленген тәртібі.
Әкімшілік -құқықтық нормалар мына элементтерден тұрады:
1)гипотеза;
2)диспозиция;
3)санкция.
Гипотеза - бұл құқық нормаларын қолдану жағдайлары. Норманың гипотезасымен қарастырылған мән-жайлар әкімшілік - құқықтық қатынастарды тудыратын, өзгертетін және тоқтатын заңды фактілер болып табылады, мысалы, адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, соның нәтижесінде заңды жауапкершілікке тартылады, адамның белгілі бір жасқа толуы (16 жасқа толуы, бұл кезде азамат төл құжатын алады немесе 18 жасқа толуы, яғни кәмелеттік жасқа толуы, бұл кезде адам құқықтық қатынастардың толыққанды субъектісі болады). Бұл жерде заңды фактілер болып 16 жасқа толу (оқиға), төл құжатын жоғалтып алу (әрекет).
Гипотезаның мынадай түрлері болады:
- абсолютті - анықталған - бұл құқық нормасы қолданылатын нақтылы жағдайды көрсетеді, мысалы, уақытында салықты төлу.
- салыстырмалы - анықталған - бұл кезде құқық нормасы жүзеге асырылатын жағдайлардың жалпы сипаты ғана көрсетіледі.
Диспозиция -бұл мінез-құлық ережелері, бұнда субъектілердің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Құқық нормасының негізін қалайтын басты элементі болып табылады. Диспозиция -бұл ұйғарымдар, бұйрықтар, жарлықтар, тиым салушылықтарлар, рұқсат берушіліктер.
Санкция - бұл мінез - құлық ережелерін бұзғаны үшін нормамен қарастырылған жағымсыз зардаптарды көрсететін құқық нормасының элементі.
Әкімшілік - мәжбүрлеу шаралары (шекараны жабу, жер сілкінісі болған жерлерді оқшаулау) санкцияға жатпайды, сол себебі олар құқық бұзушылықпен байланысты емес. Бұндай шаралар диспозицияда көрсетіледі.
1.2. Құқық нормаларының түрлері мен ерекшеліктері
Құқық нормаларының мынадай түрлері бар:
1) мазмұны бойынша:
а) материалды әкімшілік құқық нормалары- әкімшілік құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, жауапкершіліктерін заңды түрде бекітетін нормалар.
б) іс жүргізушілік (процессуалдық) әкімшілік құқық нормалары - бұл мемлекеттік басқару органдары қалай және қандай тәртіпте әрекет ететінін, мемлекеттік басқару сферасында істерді қарау және шешу тәртіптерін анықтайтын нормалар. Бұл нормалар материалды нормалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін нормалар болып табылады.
2) ұйғарымының сипатына қарай:
а) міндеттеуші - белгілі бір жағдайдарда нормада көрсетілген әрекеттерді міндетті түрде істеу керек екендігі бұйырылады (алдын ала жазылып белгіленеді), мысалы, азаматтың шағымын алған орган оны 30 күн ішінде қарауы қажет;
б) тиым салушы - нормамен берілген әрекеттерді істеуге тиым салу қарастырылған;
в)өкілеттілік етуші - құқық нормасы талабының шегіндегі өз қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат етеді.
3) мерзімдік әрекеті бойынша:
1) мерзімді- алдын-ала әрекет ету мерзімі анықталған нормалар;
2)мерзімсіз - алдын-ала әрекет ету мерзімі белгіленбеген нормалар.
4) ұйғарымының нысаны бойынша:
а)императивті - бұл нормалар субъектілердің құқықтары мен міндеттерін бірден қалыптастырады және құқық нормасымен реттелетін қатынастардың қатысушыларының қалауы бойынша өзгертілмейтін нормалар болып табылады
б)диспозитивті - әкімшілік құқықтық қатынастардың қатысушылары құқықтары мен міндеттерін өздері норманың шегінде белгілейді.
в)ұсынушы - нақты кеңес, ұсыныстар түрінде болатын нормалар және сол немесе өзгеде әрекеттерді жасаудың мақсатқа сәйкестігін көрсетеді.
5) Кеңістіктегі әрекеті бойынша:
а) Республика шегінде әрекет ететін нормалар;
б) жергілікті (локалды) - қала, аудан, облыс шегінде әрекет ететін нормалар;
в)салалық - мемлекеттік басқарудың белгілі бір саласында әрекет ететін нормалар.
г)сала аралық - мемлекеттік басқарудың бірнеше салаларында қолданылатын нормалар. Кеден ісі, стандартизация облыстарында әрекет ететін нормалар.
6) Субъектілері бойынша:
а) мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметтерін реттейтін нормалар;
б) мемлекеттік басқару сферасындағы қоғамдық ұйымдардың қызметін реттейтін нормалар;
в) қызметкерлер мен қоғамдық ұйымдардың қызметін реттейтін нормалар
г) мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың мінез-құлықтарын реттейтін нормалар.
Жалпы әкімшілік нормалары - әкімшілік жауапкершіліктік жалпы шарттарын, әкімшілік.
Дефинитивті нормалар - анықталған, тұрақты - заңды ұғымдардың анықтамаларынан тұрады, сондықтан міндетті түрде орындалуы қажет.
Декларативті - ресми түрде мәлімдеу (нормалар, қағидалар) - басқару органдарын ұйымдастыру және оның қызметін ұйымдастыруда басшылық ететін қағидаларды құрады.
Оперативті - іс жүзінде әрекет ететін нормаларды жояды, олардың қолдану сфераларын өзгертеді, жаңа заңның шығуына байланысты күшін жоғалтқан нормалардың қажетті жағдайда әрекеттерін ұзартады.
Локалды - жергілікті - жергілікті билік органдарымен берілген актілер.
Сонымен, әкімшілік - құқықтық нормалар - бұл атқарушы билік пен мемлекеттік басқару аясындағы қатынастарды реттейтін, басқару субъектілерінің құқықтық мәртебесін анықтайтын мінез-құлық ережесі.
Әкімшілік - құқықтық қатынастар - бұл тараптары әкімшілік - құқықтық нормалармен белгіленген және кепіл болатын өзара құқықтар мен міндеттердің тасушысы ретінде қатысатын әкімшілік - құқықтық нормалармен реттелген басқарушылық қоғамдық қатынастар аталады.
Әкімшілік - құқықтық қатынастардың ерекшелігі не де ?
1) Осындай қатынастардың тараптарының біреуі әр уақытта мемлекеттік биліктік - ұйымдық сипаттағы басқарушылық өкілеттіліктер берілген тиісті атқарушы билік органы немесе оның лауазымды тұлғасы болып табылады;
2) Көп жағдайда тараптарының теңсіздігі болатын биліктік қатынастар.
3) Әкімшілік - құқықтық қатынастардың қатысушыларының арасындағы туындаған даулар әкімшілік тәртіпте (соттан тыс тәртіпте) шешіледі, яғни өкілеттілігі бар атқарушы билік органның (лауазымды тұлғаның) тікелей заңды биліктік және бір жақты өкімімен шешілуі мүмкін - бұл әкімшілік - құқықтық қатынастарға тән өзгешелік;
4) Тараптарының біреуі нормативті талаптарды бұзған жағдайда мемлекеттің, яғни атқарушы билікті органдары болып табылатын мемлекеттік органдардың алдында жауапты болатындығы әкімшілік - құқықтық қатынастардың ерекшелігі болып табылады;
5) Атқарушы билік органдары және олардың лауазымды тұлғалары мемлекеттің тапсырмасы бойынша әрекет ететіндіктен нормативті - құқықтық актілерді шығару құқығына ие;
6) Әкімшілік - құқықтық қатынастар тараптарының кез келгенінің ұйтқысы бойынша туындауы мүмкін, ал бұл кезде екінші тараптың келісімі міндетті емес.
Егерде әкімшілік - құқықтық норма жалпы түрде субъектілердің құқытары мен міндеттерін белгілейтін болса, онда әкімшілік - құқықтық қатынастарда осы құқықтар мен міндеттер оған қатысушыларына қатысты нақтыланады.
Әкімшілік - құқықтық қатынастар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мазмұны бойынша:
а) материалды - әкімшілік құқықтың м атериалды нормаларымен реттелетін, басқару сферасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Материалды құқықтың нормалары меншік нысандарын, мүліктер мен тұлғалардың заңдық жағдайын белгілейді, мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен құрылымын анықтайды, азаматтардың құқықтық мәртебесін анықтайды, әкімшілік құқық бұзғаны үшін жауаптылық негіздері мен шектерін белгілейді.
б) іс жүргізушілік нормалар - жеке -нақты істерді шешумен байланысты басқару аясында туындайтын және әкімшілік - іс жүргізушілік нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастырумен туындайтын қоғамдық қатынастар.
2) қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің арақатынасы бойынша:
а) вертикаль - қатысушыларының біріншісі екіншісіне бағынатын қатынастар. Олар жоғарғы төмен мемлекеттік басқару органдары немеселауазымды тұлғалары арасында қалыптасады, мысалы, ҚР Үкіметі мен облыстық әкімшілік арасында;
б) горизонталь - қатысушыларының арасында бағыныштылық болмайтын қатынастар. Бұл қатынастар мемлекеттік органдар, олардың лауазымды тұлғаларының азаматтармен арақатынасын айтуға болады, мысалы, азамат органға өтінішпен барады, ал орган оны қабылдап, заңмен белгіленген мерзімде міндетті немесе құқық бұзушылықтан зиян шеккен азамат полиция қызметкерін көмек көрсетуге шағым жасайды.
3) әкімшілік-құқықтық қатынастарды тудыратын заңды фактілердің сипатына қарай:
а) құқыққа сай туындаған фактілермен туындаған әкімшілік-құқықтық қатынастар;
б) құқыққа қайшы фактілермен туындаған әкімшілік-құқықтық қатынастар.
Әкімшілік-құқықтық қатынастарды тудыратын өз құрылымы бар. Оның қүрылым 3 элементтен тұрады:
1) әкімшілік - құқықтық қатынастардың субъектісі;
2) әкімшілік - құқықтық қатынастардың объектісі;
3) әкімшілік - құқықтық қатынастардың заңды мазмұны.
Әкімшілік - құқықтық қатынастардың субъектілері - бұл заңды құқықтар мен міндеттерді белгілейтін қоғамдық қатынастарға қатысушылар. Оларға мыналар жатады:
1) ҚР азаматтары;
2) шетел азаматтары;
3) азаматтығы жоқ тұлғалар;
4) мемлекеттік органдар, олардың құрылымдық бөлімдері, кәсіпорындар, мекемелер және өзге де мемлекеттік ұйымдар;
5) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
6) мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері;
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектісі болуы үшін міндетті түрде мынадай қасиеттерге ие болу қажет:
1) әкімшілік құқық қабілеттілік - бұл әкімшілік - құқықтық сипаттағы құқық пен міндетке азаматтың ие болу қабілеттілігі, яғни мемлекеттік басқару сферасындағы құқық пен заңды міндеттерге ие болу қабілеттілігі. Ол пайда болады:
- мемлекеттік органдарда - ол құрылған сәттен бастап, ал ол таратылуымен байланысты тоқтатылады;
- мемлекеттік аппараттың қызметкерлері үшін - қызметке тағайындалған сәттен бастап;
- қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер үшін олардың жарғылық және арнайы нормативті құқықтық актілерімен анықталады.
2) әкімшілік әрекет қабілеттілік - бұл өзінің іс-әрекетімен берілген құқықты жүзеге асыру және мемлекеттік басқару сферасында оған жүктелген міндеттерді орындауда өз іс-әрекеті үшін заңды жауапкершілікті алып жүретін мемлекет мақұлдаған азаматтың фактілік қабілеті. Ол пайда болады:
- азаматтарда - толық әрекет қабілеттілік - 18 жастан; шектеулі (толық емес) - 16 жас (осы жаста төл құжат алады, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін); жекелеген - 6 жастан, өйткені осы жаста ол мектепке барады, оқушыға тән ережелерді сақтауы қажет;
- заңды тұлғаларда - құрылған сәттен бастап.
Әкімшілік - құқықтық қатынастың объектісі - бұл басқару сферасындағы адамдардың іс-әрекеті, соның көмегімен осы құқықтық қатынастарда қарастырылған құқықтар мен міндеттер жүзеге асырылады. Оның мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:
oo жалпы объект - мемлекеттік басқару сферасындағы қоғамдық қатынастар;
- тікелей объект - субъекттердің іс-әрекеттері (мінез-құлықтары).
Әкімшілік құқықтар мен міндеттер әкімшілік-құқықтық қатынастардың заңды мазмұнын құрайды.
Әкімшілік - құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне және туындауына заңды фактілер негіз болады. Заңды факт - бұл әкімшілік - құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне және тоқтатылуына негіз болатын нақты өмірлік жағдайлар. Оны еріктілік сипатына қарай 2 түрге бөлуге болады: іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) және оқиға. Олар өз кезегінде құқыққа сай және құқыққа қайшы деп бөлінеді.
1.3. Әкімшілік - құқықтық нормаларды жүзеге асыру
Әкімшілік-құқықтың нормаларын жүзеге асыру - нормалардың талабына сай мемлекеттің еркін оның субъектілері арқылы өмірге енгізу процесі болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық нормаларды жүзеге асыру - әкімшілік-құқықтық нормаларда белгіленген талаптарымен сәйкестірілген және құқыққа ие болғанда, құқықты пайдаланғанда, құқықтық міндеттемелерді сақтауда немесе орындауда көрінетін субъектілердің құқыққа сай әрекеттері болып табылады.
Әкімшілік - құқықтық нормаларды жүзеге асыру мынадай 4 нысаны бар:
1) сақтау - бұл әкімшілік - құқықтық нормалардың талаптарына ерікті түрде бағыну, құқық субъектілерінің нормада тиым салынған әрекеттерді жасамауы. Бұл кезде субъект құқыққа қайшы әрекеттерден бас тартады. Сақтау субъектінің нақты әкімшілік - құқықтық қатынастарға түспей - ақ жүзеге асырылады. Оның орындаудан айырмашылығы субъекттің бәсең мінез-құлқының болуында. Кейбір жағдайда бәсең, енжар мінез-құлық салақтықты, бос жіберіп алуды білдіреді;
2) орындау - бұл құқық нормасында көрсетілген талаптарды құқық субъектілерінің белсенді заңды әрекеті түрінде жүзеге асыруы. Басқаша, айтқанда, орындау - бұл басқарушылық сипаттағы қоғамдық қатынастарға қатысушылардың әкімшілік - құқықтық нормада көрсетілген заңды ұйғарымдарды сөзсіз, дәл істеуі, мысалы, азаматтардың төл құжаттарын алуы, салықты уақытында төлеуі;
3) пайдалану - бұл құқық субъектісінің ерікті түрде басқару аясында субъективті құқықтарды жүзеге аырумен байланысты құқыққа сай іс-әрекеті. Субъект бұл кезде құқық нормасын пайдалануын, пайдаланбауын өзі шешеді, мысалы, шағым жасауға құқық;
4) қолдану - бұл әкімшілік - құқықтық нормалардың негізінде жекелеген нақты басқару істері мен мәселелерді шешу. Қолдану құқықты жүзеге асыру нысандарының ішіндегі ең ерекшесі болып табылады, өйткені пайдалануды, орындауды, сақтауды барлық адамдар мен азаматтар жүзеге асыра алады, ал қолдануды тек осыған өкілеттілік берілген арнайы мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар ғана жүзеге асыра алады. Әкімшілік - құқықтық нормаларды жүзеге асырудың өзге нысандарынан айырмашылығы қолдану әруақытта белсенді, шығармашылық сипатта, мемлекеттік - өктем, ұйымдастырушы сипатта болады. Әкімшілік - құқықтық нормаларды қолдану мемлекеттің атқарушы-бұйырушы қызметінің негізгі құқықтық нысаны болып табылады және ерекше іс жүргізушілік тәртіпте жүзеге асырылады. Әкімшілік -құқықтық нормалардың дұрыс қолданылуы үшін мынадай негізгі талаптар қойылады:
1) заңдылық;
2) негізділік;
3) құқық қолданушылық қызметті ғылыми ұйымдастыру.
Заңдылық - мемлекеттің құзырлы органдарының әкімшілік - құқықтық нормаларды оларға берілген өкілеттіліктер шегінде және осы норманың ұйғарымдарын қатаң сақтауы. Заңдылық құқық нормасын қолдану кезінде заңды іс жүргізушілік тәртібін қатаң сақтауды білдіреді. Құзырлы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларда құқықтар ғана емес, сондай- ақ әкімшілік - құқықтық нормаларды қолдану міндеттері де жүктеледі. Заңмен ұйғарылған жағдайда норманы қолданбау заңдылықтың бұзылуын білдіреді.
Негізделгендік - бұл құқық нормасын достоверной ақпараттың негізінде қолданылуын білдіреді. Әкімшілік іс бойынша шешім қабылдаған кезде құзырлы орган істің барлық фактілері мен мән-жайларын толық, жан-жақты тексеруге міндетті. Салыстырмалы және құқыққа қайшы фактілердің барлығы назарға алынуы тиіс. Әкімшілік - құқықтық нормаларды қолдану актісі, егер бұл негізделген болса ғана заңды болады.
Мақсатқа сайлық құқық қолданушының іс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz