Құқықтық мемлекет және адамның құқықтары



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Құқықтық тәртіп

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Құқықтық тәртіп негіздері
1.1 Құқықтың түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Құқықтық тәртіп - құқықтық мәдениетті жетілдірудің
басты мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Құқықтық тәрбие беру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру ... ... ... ... ... .13
2. Құқықтық мемлекет және адамның құқықтары
2.1 Адам құқығы - адамзат қоғамының өте құнды туындысы ... ... ... ... ... ... ..1 7
2.2 Қазақстан Республикасының Конституциясы - адамның
құқығы мен бостандығының кепілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, бай-рақатты тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру- әлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты. Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, әлеуметтік және саяси пактілерге қосуға бет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік береді.
Азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуде халық пен халықаралық қауымдастық алдында жауапты мемлекет болып табылады. Сондықтан, құқықты қамтамасыз ету жүйесіне мемлекеттік органдар жүйесі сәйкес келуі керек. Яғни, олар осы саладағы қызметті жоғары кәсібилік пен келісімпаздық негізінде жүзеге асыруы тиіс. Мемлекеттік билік органдарының айрықша функциясы азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау. Мемлекеттік билік белгілі бір институттар, механизмдер жүйесінсіз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ете алмайды. Бірде бір құқықтық мемлекет адам құқығына кепілдік беретін кең және көпжақты органдар мен іс-әрекеттер жүйесінсіз өмір сүре алмайды.
Қазақстанда құқықтық мемлекет орнату жолындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру болды. Біздің ойымызша, бұл жүйеде Президент орны ерекше. Қазақстан Президенті адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны, әрі кепілі. Осы тұрғыдан алғанда Президент Жолдауларының орны ерекше. Президент Жолдаулары парламенттің адам құқығы мен бостандықтарын қорғау саласындағы заң шығарушы қызметіне бағыт-бағдар беріп отырады. Президент Жолдауларына талдау жасай отырып келесі қорытындыға келеміз, мемлекет басшысы барлық мемлекет органдарын азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау және жүзеге асыру саласында тиімді жұмыс істеуге бағыттайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында -- Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 - бабында: Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, -- деп баян етілген [1].
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі - азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі - адам құқығының мәдениеті. Адам құқықтары туралы ақпаратпен жүйелі қамтамасыз етудің қажеттілігі маңызды екенін ескерсек, онда бұл салада адам құқығы мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі - білім беру ұжымдары десек қателеспейміз.
Адам құқығы туралы айтқан кезде бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы өзара қатынасын айтамыз,- дейді М.Новицкий [2].
Заңгер ғалымдарымыз: Адам құқығы - адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін іс-әрекеттің (мінез-құлықтың) өлшемі (шамасы) -- деп анықтама берген [3]. Адамның құқықтары мен бостандықтары табиғи және оған тумысынан берілген, ажырамайтын, табиғи ретінде танылады және ең жоғары әлеуметтік құндылық болып табылады. Адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау мемлекет функцияларының бірі.
Тұлға мен мемлекеттің қарым - қатынасы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам концепциясына сәйкес дамуда. Мемлекет пен адам құқығының арасындағы өзара байланыстылығы және өзара негізділігі құқықтық мемлекеттің басты мақсаты адам және азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылатындығынан көруге болады.
Зерттеу мәселесі. Қоғам тәртіпке негізделіп, қалыптасып, өмір сүреді. Қоғамдағы тәртіп түрлі әлеуметтік нормалардың, адамдардың мінез -- құлқын реттейтін қағидалардың әсерімен, яғни күшімен орнатылады. Құқықтық нормаларды қолдану нәтижесінде құқықтық тәртіп орнығатыны, ал құқытық нормалар негізінен заңнан нәр алып белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Еліміздің заңдарын сақтау, оған мойынсыну- жауапкершілікті, түсіністікті, заңдарды білуді және соған сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекеттерді үйлестіруді талап етеді.
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі - қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен ата-аналар, азаматтар да түсінуде. Құқық бұзушылық жөнінде Құқық бұзушылық дегеніміз - адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі, -- деп көрсетілген [4]. Қоғамда тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да кездеседі және бұл -- құқық бұзушылықтың орын алуына әкеп соқтырады, сондықтан құқық бұзушылық -- қоғам өміріне тән қауіпті дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты ықылым заманнан осы күнге дейін әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Солардың ішінде құқықтық нормаларды бұзуына ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқауға болады.
Зерттеу мақсаты: құқықтық мемлекет ұғымын және құқықтық тәрбинің негзгі формаларын анықтау.
Зерттеу міндеттері: құқық түсінігі, құқықтың мәдениет және құқықтық тәрбие беру негіздері туралы мәлімет беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Құқықтық тәртіп негіздері
1.1 Құқықтың түсінігі мен мәні
Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық нормалар көмегімен ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма - адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.
Әлеуметтік нормалардың белгілері:
- реттеу пәні қоғамдық қатынастар болып табылады;
- жалпылық сипаты болады, олар адамдардың саналы-ерікті әрекеті нәтижесінде құрылады.
- субъективті құрамы әлеуметтік аяның өкілдері ретіндегі адамдармен байланысты;
Әлеуметтік нормалар құқықтық, адамгершілік, діни, саяси, эстетикалық, әдет-ғұрыптық, корпоративтік және т.б. болып бөлінеді.
Адамгершілік нормалары - халықтың ұлттық ұғымымен жақсылық, зұлымдық туралы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік норманың бір түрі. Діни нормалар - әр түрлі діни сенімдермен тағайындалған және белгілі бір дінді тұтынушылар үшін міндеттілік маңызы болатын әлеуметтік нормалар. Әдет-ғұрып - қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп дәстүрге айналған, қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілген әлеуметтік норманың бір түрі. Корпоративтік нормалар - қоғамдық ұйымдардың жарғыларында анықталған, ұйым мүшелеріне міндетті болатын әлеуметтік нормалар.
Құқықтың пайда болуы. Құқықтың қалыптасуының негізгі себептері мен жолдары. Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар:табиғи-құқықтық, теологиялық, нормативистік, марксистік, психологиялық, социологиялық.
Құқық философия мен теория категориясы ретінде шынайы мазмұнды құрай отырып, инструменталдық роль атқарады. Құқық түсінігіне, шығу жолына, мәні мен мағынасына қатысты ғылымда сан алуан көзқарастардың болу мүмкін. Бірақ құқықты өмірде қолдануға келгенде міндетті түрде біркелкі ойдың, көзқарастың тұрғысынан табылу керек. Егер құқық әртүрлі мағынада ұғынылатын болса, онда ол өзінің құндылығын, қоғамдық қатынастарды тұрақтандыру мен ретке келтірудегі ролін жоғалтушы еді. Құқық түсінудегі анықталғандық - қоғамдық қатынастардың анықталғандығы мен тәртібінің бастауы.
Құқыққа деген әртүрлі көзқарастар қоғамды демократияландырумен ұштасады, пікір плюрализміне сәйкес келеді. Субъективті, объективті факторлармен қатар, көзқарастардың көптігіне гносеологиялық та себеп бар. Таным барысында құбылыстың бір ғана жағына еліктеу, оны жоғары санап, өзгелерін жоққа шығару мүмкіндігі бар. Міне, осыдан құқықтың әртүрлі анықтамалары туындайды. Егер бір жақты анықтама өзгелерін алмастыруды мұрат тұтпаса, жалғыз дұрыс деген атауға ұмтылмаса, онда одан келетін еш жамандық жоқ. Құқықты терең түсіну үшін, егер ол шындыққа сәйкес келетін болса, кез-келген анықтама пайдалы. Ал, практикалық қолдану үшін құқықтың тұтас түсінігі болуы қажет.
Құқық көп жақты, күрделі құбылыс. Сондықтан оған берілетін анықтамалар да сан қырлы. Құқық (жалпы әлеуметтік мағынада) тиісті мүмкіндіктердің заңда көрсетілген, көрсетілмегендігіне қарамастан адамгершілік, әдет-ғұрып тұрғысынан әрекеттің негізделуі мен еркіндік ретінде танылады. Құқықтың функционалдық анықтамасы - қазіргі кездегі экономикамен негізделген халықтың, көпшіліктің еркін білдіретін, нормативті анықталған және бұзылудан тәрбиелеу, сендіру және қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларымен қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқаратын, құқықтық демократиялық мемлекет қалыптастыру мақсатында қоғамдық келісім құралы болатын нормалар жүйесі ретінде көрсетеді.
Құқыққа мынандай белгілер тән:
-еріктілік сипаты болады;
-жалпыға бірдей міндеттілік күші танылған;
-нормативтілік;
-мемлекетпен қалыптастырылады және қорғалады;
-жүйелілік;
-қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқарады.
Құқық термині екі мағынада: обьективтік және субьективтік болып қолданылады, бірақ қай қайсысының да мағынасы толық ашылмаған. Бірінші мағынасында құқық дегеніміз өмірдің заңдық тәртібі, мемлекетпен қорғалатын барлық құқықтық ережелердің жиынтығы, ал екінші жағдайда - құқық дегеніміз жеке тұлғаның нақты құқық өкілдігіндегі абстрактылы ереженің нақты көрініс табуы.
Құқық мәнін анықтау барысында екі түрлі көзқарасты ескеру қажет.
1.Таптық қөзқарас, онда құқық экономикалық үстем таптың заңдастырылған еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар жүйесі ролін атқарады.
2.Жалпы әлеуметтік көзқарас бойынша құқық қоғамның әр түрлі топтарының арасындағы келістіруші ролін атқарады.
Дегенмен де, құқық түсінігі тәріздес, оның мәнінің де жан-жақты көп қырлы екендігін естен шығармауымыз қажет. Осы тұрғыдан құқықтың діни, ұлттық, нәсілдік және тағы да басқа мәні болатындығын атап өту қажет. Құқық мәнін анықтайтын нормативистік, табиғи-құқықтық, тарихи-материалистік, әлеуметтік теориялар бар.
Құқықтүсінушіліктің негізгі типтеріне мыналарды жатқызады:
:: нормативистік;
:: әлеуметтік юриспруденция;
:: табиғи құқық теориясы;
:: философиялық құқықтүсінушілік.

Құқық - қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпыадамзаттық және таптық сипатын көрсететін жалпыға міндетті, формальды-анықталған нормалар жүйесі; мемлекетпен шығарылады немесе санкцияландырылады және бұзылудан мемлекеттік мәжбүр ету мүмкіндігімен қорғалады; қоғамдық қатынастарды өкімдік-ресми реттеуші болып табылады.(Байтин М.И.)
Құқық - көмегімен құндылық тағайындалымдар анықталынатын және бекітілетін, белгілі бір социумның өкілдерімен жалпы маңызды ретінде танылған және заңдық кепілдіктер жүйесі мен заңдық жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілген біртектестендірілген әрекет стандарттарының жиынтығы.(Ромашов А.И.)
Құқық - мемлекеттен бастау алатын және орындалуы онымен қамтамасыз етілетін әрекет тәртібі жүйесі. Сондықтан даулы мәселе құқықты қалай түсінуде емес, мәселе осы тәртіптің мән - мағынасын қоғамның қалай қабылдайтындығында - деп санайды Раянов Ф.М.
Экономика, саясат және құқық түсініктерінің арақатынасына тоқталмастан бұрын, олардың әрқайсысына жеке-жеке анықтама беру қажет. Экономика - нақты қоғамның өндіріс тәсілі, өндірістік қатынастарының жиынтығы. Саясат - билікке байланысты таптардың, топтардың қатынасын сипаттайтын қоғамды басқару өнері. Құқық туралы жоғарыда баяндалды. Аталған құбылыстардың арақатынасына екі түрлі көзқарас анықталған.
Бірінші көзқарас бойынша олардың арасында басымдылығымен танылатын құбылыс жоқ, қоғам дамуындағы атқаратын ролі тең деп саналады. Себебі, қоғамдық қатынастардың пайда болуы мен қызмет етуінің алғашқы факторы ретінде адамдардың мүддесі танылады. Белгілі бір жағдайларда мүдде құқықта жүзеге асырылады да, содан кейін әлеуметтік байланыстардың өзге салаларына таралады. Бұл жағдайда құқықтың экономикаға тигізетін әсері туралы айтуға болады.
Екінші көзқарас бойынша экономика саясатты да, құқықты да анықтайды. Кейінгілер қондырмалық құбылыс болғандықтан, базиске (өндіріс тәсіліне) тәуелді болады. Дегенмен де экономиканың үстемдігі шартты, себебі саясат пен құқық экономиканың дамуына немесе кері кетуіне әсер ететіндей күшке ие. Бұнда да саясат экономика мен құқықтың дәнекері болып табылады.
Саясат пен құқықтың да арақатынасы екі түрлі. Кейбір жағдайда ықпал етуші фактор ретінде саясат үстемдігі танылса, кейде үстемдік құқыққа тиесілі болады.
Адамгершілік - адам әрекетін жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі. Адамгершілік пен құқық қоғамдық қатынастарды ретке келтіру барысында өзара әрекеттестікте болады. Олардың адам әрекетіне қоятын талаптары көбінесе ұқсас келеді. ұқсастықтары мынада:
-әлеуметтік нормалардың ішіндегі ең әмбебап түрі, қоғамның барлық мүшелеріне таралады;
-реттеу объектілері қоғамдық қатынастар болып табылады;
-қоғамнан бастау алады.
Адамгершілік пен құқықтың өз алдына жеке құбылыстар болуына байланысты өзіндік ерекшеліктері де бар:
-шығу тегіне байланысты әртүрлі. Адамгершілік нормалары адамзат қоғамымен қатар пайда болса, құқық нормалары мемлекетпен бірге пайда болған;
-көрініс табу нысандары да әртүрлі. Адамгершілік адам санасында орын алса, құқық жазба нысандағы мемлекеттің арнаулы актілерінде көрініс табады;
-әрекет ету аймақтарына байланысты ажыратылады. Егер адамгершілік қоғамдағы барлық қатынастарды ретке келтіре алатын болса, құқық барынша маңызды бөлігін ғана қамтиды;
-қолданысқа енгізілу мерзімі де ерекше. Адамгершілік түйсікпен сараланған мезеттен бастап әрекет етсе, құқықтың заңды күшіне ену мерзімі нақты анықталады.

1.2 Құқықтық тәртіп - құқықтық мәдениетті жетілдірудің
басты мақсаты
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын, атсалысатын субъектілердің бірі -- оқу орындары болып табылады. Оқу орнында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді.
Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде -- өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсат - міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан -- жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. Құқықтық тәрбие мақсаты - оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет - қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу, -- деп анықталған [5].
Қазіргі Білім туралы Заңның талаптарын орындау әлі де көптеген экономикалық - материалдық, құқықтық - нормативтік базаны нығайтуды, құқықтық тәрбиені шығармашылықпен ұйымдастыруды, жаңа технологияларды тәрбие жұмысында кеңінен қолдануды, шеберлікті қажет етеді. Сондықтан мұғалім жаңа заңдылықтармен танысып, оны жұмыс барысында басшылыққа алып пайдалануды, оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды, тиімді, мақсатты қолдану жолдарын, тәрбиенің әдістерін, түрлі формаларын біліп, жаңа технологияларды кеңінен қолданғаны жөн. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу - олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.
Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие беру біздің баршамызға міндет екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Құқықтық тәрбиені ұстаздар қауымы ата - аналармен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, салауаттылық және денсаулық сақтау мекемелерімен, спорттық ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, тәрбиенің өзге түрлерімен байланыстырып жүйелі жүргізер болса, нәтижелі болмақ.
Оқу орны мен отбасында балалар әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы дағдыларын қалыптастырып адамгершілік, әдеп,заңды мінез-құлық, орынды әрекет- қылық, құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әлеуметтік нормалардың негізгі маңызды түрі болып табылатын әдептік нормалардың құқытық сипаты болмағанымен, оның ережелеріне сусындап өскен бала әрине қоғамға зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі өзінің орнын тауып, елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға негіз, арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын, намысын қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға ұйтқы болады. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттілік, адамгершілік мәні жоғары болады [6].

1.3 Құқықтық тәрбие беру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру
Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала өзімшіл болады, қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады.
Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олқылықтар бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтың тәрбие мәселесі жөнінде жоғары ұйымдары таранынан белгіленген шаралар жүзеге асырылып, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет. Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді.Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтың тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан -- 2030″ стратегиялық бағдарламасында Отан қорғау мен оның қауіпсіздігіне ерекше мөн бергені мәлім. Қарулы күштерінің бір тармағы ретінде ішкі әскердің де іргетасы қаланды. Ішкі әскер барлық қазақстандықтардың, қарапайым азаматтардың мүддесін қорғаушы -- құқықтың тәртіп әскері. Бұл мектеп, отбасы және қоғам жұртшылығының құқықтық тәрбие жұмысын жүргізудегі басты бағытының бірі -- оқушылар арасында заң тәртібін бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізуге кең жол ашып отыр.
Құқықтың мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер. Бүған тек қана білімді болу жеткіліксіз, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардың жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу маңызды.
Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершілігі, дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады:
1. Құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетін оқушының білуі.
2. Тұлғаның педагогикалық және психологиялық мәнінің құқықтық санаға әсері.
Адамның құқықтық мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды. Құқықтық мемлекет демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді.
- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
- заңның орындалуын бекіту;
-қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азаматтың қатынасуы. Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында болу қажеттігі шығады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесі теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтың мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқығы теориясы
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Сот билігі арқылы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің қорғалу механизмдері
Тұлға, мемлекет және құқықты қарастырып зерттеу
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктері
Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі
Жеке тұлға құқықтары мен бостандықтары
Мемлекет функцияларының түрлері
Пәндер