Қышқыл азықты өндіру технологиясы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

«Биотехнология, мал және балық

шаруашылығы» кафедрасы

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Қышқыл азықты өндіру технологиясы»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2014ж.


МАЗМҰНЫ

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . . 3

1. 1. Әдебиетке шолу . . . 5

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Азықтың химиялық құрамы мен қоректік заттары . . . 11

2. 2. Қышқылдар және қышқыл азықтардың мал шаруашылығындағы маңызы . . . 12

2. 3 Қышқылдардың химиялық қасиеттері . . . 18

2. 4 Азық құрамындағы органикалық қышқылдардың

арақатынасы мен мөлшері . . . 21

2. 5 Мал азығын химиялық жолмен консервілеу . . . 26

2. 6 Дәнді дақалдың құрамындағы қышқылды анықтау . . . 28

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33


I. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Жануарлардың өнімділігінің 60% оларды азықтандыруда, оның теңгерімділігінен, рациондағы қуат, ақуыз, минералдық заттар мен дәрумендердің мөлшеріне, азықтың сапасына байланысты болады.

Азық малшаруашылық өнімділігінің өз құндылығының құрылымында жоғары меншікті салмақ алады (сүт шаруашылығында 50-55%, шошқа шаруашылығында 65-70%), сондықтан олардың сапасын жақсартуға өнімнің бірлігіне қоректі заттардың шығынын төмендету үшін алғашқы деңгейлі көңіл аудару керек. Жануарлардан максималды, экономикалық жағынан ақтайтын өнімділік алу үшін оларды қоректік заттармен, дәрумен, макро-микроэлемент пен негізгі азық және азық қоспамен бірге ағзаға келетін биологиялық активті заттардың қажеттілігін қанағаттандыру керек. Одан басқа, рацион жануарлар үшін тартымды болу керек, олар азықты тәбетпен жеуі тиіс, яғни рацион азықтары белгілі бір дәмді артықшылығы, консентенциясы, температурасы, ұсақтау белгілі өлшемі және т. б. болуы қажет. Азық алынатын өнімділікке ықпал етеді, сондықтан өнімділік бірлігіне азықтың минималды мөлшерімен шығымына сапалы өнімді алуға мүмкіндік беретін рациондағы азықтың оптимальды қатынасы қажет.

Азықтық базаны табиғи-климаттық зона бойынша табиғи және мәдени өсімдік қауымын рационалды пайдаланып нығайту, дайындаудың прогрессивті әдістерін пайдалану, консервілеудің әдістеріннің қалыптасуын, азықтандыру алдындағы дайындық пен азықты сақтаудың-негізгі маңызды міндеттер болып табылады, оларды біздің елдің мал шаруашылығының дамуында шешу керек.

Азықтандырудың талдап жасалған нормасында азықтың қоректілік көрсеткіші ретінде алмасу энергиясы МДЖ немесе азық өлшемін қолданады. Малдың азықтандырылуын бақылау үшін рациондағы азықтық құрғақ заттардың мөлшерін де есептеу қажет.

Тәулігіне жейтін құрғақ заттың, соның ішінде көлемді азықтар қосқандағы кұрғақ зат мөлшері берілген. Норма бойынша сауын сиырлар сүтейту кезінде әр 100 кг тірілей салмағына 2, 8 кг құрғақ зат жейді. Негізінде ғылыми түрде жасалған рацион бойынша сауын сиырлардың сүтейту кезеңінде 3 килограмға дейін кұрғақ зат жеуге мүмкіндігі бар, одан кейінгі кезеңдері бұл мөлшер азая бастайды. Сонымен бірге, сиырлардың кұрғақ қоректі заттарды пайдалануы, рационының құрамы мен азықтың сапасына ғана емес, малдың жасына, тірілей салмағына да байланысты болады.

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру ғылымының қазіргі даму деңгейі клеткалық деңгейде болатын ас қорыту физиалогиясына, зат алмасу болатын биохимиялық үрдістер. Азықты тиімді пайдалануға, денсаулықты сақтауға, өнімділіктің жоғары деңгейін алуға және кәдімгі өнімділік қасиетін сақтауға бағытталған.

Азықтандыру нормасының негізінде азықтандыру рационын, яғни қоректілігі норма көрсеткіштерін өтейтін мал басына жегізілетін азықтар мен азықтық қосындыларын құрастырады. Рацион құрылымымен құрамы мал түлігі мен құс түрінің ас қорыту физиологиясын, өнімдікбағытына байланысты зат алмасу ерекшелігіне сәйкестендіріледі. Мал азығына алдымен өзінің үйреншікті, дағдыланған, жергілікті жемшөптіжұмсайды. Өйткені мал азыктандыруда арзан жергілікті жемшөптімейлінше мол пайдалану арқылы мал шаруашылығы өнімінің өзіндікқұнының басым бөлігін құрайтын азықтандыру шығындарын азайтып, саланың экононикалық рента белдігін жоғарылатады. Азықтандыру нормасынын көрсеткіштерін толығымен өтеу үшін қосылған жаңа азық пен азықтық қосындыларға малды біртіндеп, аз мөлшерден бастап үйретеді. Малға жегізілетін ондай жекелеген азық пен негізгі азыктық топтардың көлемі мен арақатынасы малдың ас қорыту физиологиясы мен биохимиясына мейлінше үйлесімді, жуғымды келіп, қоректік затгар қорытылуы мен игерілуін жоғары деңгейде қамтамасыз етулері керек. Мысалы, ас қорыту жолы толықтырылып, желінген азықтың қарында араластырылып, ішекпен уақытылы жылжытылуына көмектесетін қарын моторикасы мен ішек перистальтикасын (жиырыл-уын) қамтамасыз ету үшін желінген азықтың мал үйренген аумағы болғаны жөн,

Азық үлесіндегі органикалық заттан азотты затты, яғни «шикі» протеинді алса, «шикі» май мен көмірсулардан тұратын азотсыз заттары қалады. «Шикі» май тобына глицерин мен май қышқылдарынан, яғни үшглицеридтерден тұратын бейтарап май болып табылатын липидтермен қоса азық сынамасын органикалық еріткіштермен (эфир, бензин) өңдегенде еріп, экстракцияланатын фосфатидтер, холин, балауыз секілді май тәріздес қосындылар - липоидтер де кіреді.

Азық үлесіндегі жалпы азотты аммиакқа дейін күшті күкірт қышқылымен ыдыратып барып байлайтын Кельлал тәсілімен анықтайды да, протеинде орташа есеппен 16% азот болғандықтан 100:16=6, 25 коэффициентіне көбейту арқылы протеинге айналдырады. Бірақ пептидтердегі азот мөлшері 15, 0-18, 4% аралығында ауытқитындықтан, дәлірек есептеу үшін бидай, қара бидай, сұлы мен арпа азотын - 5, 83-ке, күнжара мен майлы дәндердікін - 5, 9-ға, жүгері, бұршақ тұқымдастар дәні мен ет, жұмыртқанікін - 6, 25-ке, сүттікін 6, 38-ге көбейтеді.

Биологиялык маңызы анықталған биогендік элементтердін 99, 95%-ын көміртегі, сутегі, оттегі, азот, кальций, фосфор, калий, күкірт, натрий, магний, темір, мыс, мырыш, марганец, кобальт, йод, селен, молибден мен вольфрам қүрайды. Бұлардың 98, 5% көлеміндегі басым бөлігі алғашқы 6 элементтің, оның ішіңде, 98, 0% органогендік 4 элемент -оттегі (70%), көміртегі (18%), сутегі (10%) мен азот үлесіне тиеді.

Азық органикалық заты азотты және азотсыз қосындылардан тұрады. Барлық азотты қосындылар «шикі» протеин аталып, көппептидті белоктық заттармен қоса азықтағы одан тыс кездесетін азотты қосындыларды, атап айтқанда әлі пептидтік қосындыларға енбеген жекелеген аминқыш-қылдарын, аммоний тұздары мен нитрат, нитриттерді біріктіреді.

1. 1. Әдебиетке шолу

А. А. Петров, Х. В. Бальян, А. Т. Трощенко (1975) айтуынша, азықтағы қоректік заттар мал организмінің тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар жеткізуші көзі болып табылады. Демек олар тірі организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделіп өсіп өніп ұрықтанып көбейіп, өнім өндіруінің негізгі факторлары ретінде қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, азықтағы қоректік заттар энергетикалық және құрылымдық қосындыларға бөлінуіне шартты түрде қарау керек, өйткені олар негізгі функциясымен қатар тіршілік кажеттілігіне байланысты басқа да қызметке жұмсалады.

А. В. Перакалин, С. А. Зонис (1966) деректерінде қоректік заттардың маңызы мен атқаратын қызметі мал мен кұс түріне байланысты да өзгереді. Айталық, карапайым қарынды мал түзуге тек белок азотын қосындыларды пайдалана алатын болса, күрделі қарынды күйіс қайыратын мал алдыңғы қарын микроорганизмдерінің көмегімен басқа да азотты заттар аммиагін игереді. Сол микроорганизмдер қатысуымен олар басқа мал мен құс қорыта алмайтын азық жасунығын жақсы қорытып, өсімдік көмірсуларының энергетикалық қуаттылығын толығырақ пайдаланады

Алексеев А. В. (1974) пікірінше, азықтандыруда олардын қорытылу ерекшелігін, таратуғаыңғайлылығын ескереді. Әдеттегіде ірі азықты шырышты азықтан бұрын таратады. Оның ішінде пішенді танертең беріп, түнге сабан салып қойған дұрыс. Ұнтақты шырынды азықпен араластырып берген жөн. Азықтандыру мен суару тәртібі әсіресе жұмыс аттарына кушті әсер етеді. Оларды міндетті түрде суытып барып азықтандырып, содан кейін суарады. Суыту ушін алдымен ірі азык беріп, кейін шырынды азық таратып, суарады да, артыншан жем береді. Сұлыны суарғаннан кейін 30-45 минут, арпа мен басқа жемді 1-1, 5 сағат өткен соң береді. Сүт қышқылы ашу процесі анаэробты жағдайда өте жақсы жүреді. Сондықтан сүрлемге ауа ендірмеу керөк. Егер сүрлемге ауа енсе, онда зең саңырауқұлағы қаулап дамиды да ондағы органикалық қышқылдармен қоректеніп, сүрлемнің сапасын төмендетіп жібереді. Сондықтан сүрлемді ауа кірмейтіндей етіп жабу оның саласын арттырудың негізгі шараларының бірі болып саналады.

Байжұманов А. Б. (1987) деректерінде жұмысқа аттарды азықтандырғаннан кейін бір сағат өткен соң шығарады. Тәуліктік азық мөлшерінің ірісі негізінен кешке салып қояды, өйткені алдыңғы қарны жоқ жылқы малы жұмыстан бос уакытының көбін азықтануға жұмсайды. Ертеңгісін ірі азықтың аз бөлігін, ал түсте тіпті аз мөлшерде салады. Өйткені жемшөпті мұқият шайнап жұтатын жылқы берілген азықты жеп үлгермейді. Жемді де ертеңгісін және түсте бірдей көлемде, кешкісін ұлғайтып береді

Бегімбеков Қ. Н., Төреханов А. Ә., Байжұманов Ә. (2006 ) зерттеулерінде азықтандыру типі шаруашылықтағы қалыптасқан жемшөп қорына сәйкестендіріледі. Айталық, табиғи жайылымы кең, оты мол жерлерде жайылымды азықтандыру типі (пастбищный тип кормления) қолданылса, жері жыртылған, түрлі техникалық дақылдар өсіретін шаруашылықтарда олардың азықтық қалдығымен азықтандыру типтерін қолданады. Соған орай сүрлемді (силосный), картопты-жемді (картофельно-концен-тратный), тамыржемісті-жемді (корнеплодно-концентратный), бардалы, жомды, т. с. с. азықтандыру типтерін ажыратады. Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңіріне ғылыми-зерттеу орталықтары мал түлігіне жергілікті жемшөп қорына негізделген типтік азықтандыру рациондарын ұсынады

Бексеишов Т. К. (2003) әдебиеттеріне суйенсек, рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы көректілігіне (а. ө. не АЭ бойынша) пайыздық қатынасы рацион құрылымын (структура рациона) айғақтайды. Рацион құрылымындағы басым азық тобы не жекелеген азық мал азықтандыру типін (тип кормления) белгілейді. Өсімдіктердегі эпифит микроорганизмдердің ішінде біраз сүт қышқылы бактериялары болады. Олар сүт қышқылы ашу процесін жеделдетеді. Сондфқтан өсімдіктерді сүрлемге салғанда оған сүт қышқылы бактерияларын қолдан көбірек қосу көзделеді. Ол үшін сүт қышқылы бактерияларының актив топтарынан ашытқылар даярланып, оны сүрлем салу кезінде жемшөпке біркелкі бүркеді. Азықтандырудың тепе - теңсіздігі, жеткіліксіздігі немесе шамадан көп берілуі, азықтандыру тәртібінің бұзылуы және азықтың сапасыздығы мал организмін стрестік жағдайға әкеп соқтырады. Стресс жағдайының азыққа байланысты себептері азықтық стресс факторлары деп аталады. Егер, организм кейбір маңызы зор қоректік заттарды жеткіліксіз немесе толық қабылдамаса жете азықтандырылмаған, жартылай немесе толық ашығады деген сөз.

Богданов Г. А. (1990) мағлұматы бойынша азыктағы қоректік заттарға мал тіршілігіне қажетті барлық қосындылар жатады. Азық құрамын зерттегенде олар организмде атқаратын физиологиялық-биохимиялық қызметі бойынша топтастырылатынын жоғарыда айтқан болатынбыз. Олардың ішінде негізгі қоректік заттар ретінде алмасу барысында, яғни ыдырағанда, энергия (жылу) бөлетін «шикі» протеин, «шикі» май, «шикі» жасунық пен азотсыз экстрактивті заттар тобы алынады. Сонымен қатар, бұл қосындылардың ыдырап, алмасуға қатысуына қолайлы жағдай туғызатын азық минералды және биологиялық әсерлі қосындыларын да қоректік заттарға жатқызады.

Борисенко Е. Я. (1967) мәліметі бойынша организмдегі бүкіл зат алмасуы судың қатысуымен өтеді. Сондықтан да суды да тіршілікте маңызы зор қоректік заттар қатарына жатқызуға болады. Пішенге кептірілген шөп ылғалдылығы 15-17%-дан аспай ол шы-рынды балаусадан қатайған ірі (трубый) азыққа айналады. Дұрыс сақталуы үшін дән ылғалдылығы да осы көлемнен аспауға тиіс. Көкшөп шырынын қыста да сақтау үшін дайындауға кептірмей, шабылғаннан кейін бірден салынған сүрлем ылғалдылығы 70-75%, ал жартылай дегдітіп салған пішендеме ылғалдылығы 45-55% деңгейінде болады. Азықтық тамыртүйнектер ылғалдылығы 80-90% болады

Боярский Л. Г. ( 2001) мағлұматына сүйенсек - қойларды жазғы және қысқы жайылымдыққа күтіп-бағуға мынадай міндеттер қойылады: табиғи және жасанды азықты жайылымды тиісінше тиімді пайдалану, мал басының жақсы қоңдылығына, оның жоғары төлдегіштігі мен жүн өнімділігіне қол жеткізу. Республикамызда қой ұстайтын жайылымдық жерлер көлемі көптеп саналады. Өріс оты мол құрғақ жоталар учаскелері қойды жайып бағуғу өте қолайлы. Еліміздің оңтүстігі және оңтүстік-шығысында көпжылдық жоңышқа, бетеге, қоңырбас, еркекшөп, әртүрлі жусандар кездеседі. Жусан өсімдігі қойдың асқазан-ішек жолдарының гельминттен арылуына ықпал етеді. Оның үстіне ащы жусанның бойында мыс, кобальт, марганец, магнийй, фосфор, кальций және басқа да организмнің қалыпты қызметіне қажетті минералды элементтер бар. Жайылымдық оты жұпыны, құрғақ далалы аудандарда қойға арнап пішеннен сүрлем дайындауға болады. Жұғымдылығы нашар шөптер өсетін ойпатты, батпақты учаскелерде малдың ауруға шалдығуына себеп болатын түрлі шөптер өседі. Мұндай өріс қой жаюға жарамайды. Қойларды жайылымда күтіп-бағу шығарар алдында тұяқтарының өскен жерлерін қияды, көздері мен құйрығының төңірегіндегі жүнді қырқады. Өріске айдар алдында қойларды ірі азықпен азықтандырады, ас тұзын беріп суарады. Бұл іш өтудің алдын алу үшін қажет, өйткені оның ұзаққа созылуынан қозылар мен еркек қойлардың тірілей массасы азайып, жүні былғанады.

Бірімжанов Б. А., Нұрахметов Н. Н., (1993) мағлұматы бойынша, құрғак жемді мал қорасындағы ауаны тозаңдатып, микробтық ластануын, ал ылғалды азық - ауа ылғалдылығын жоғарылататынын ескеру қажет. Және де берілетін азықтардың белгіленген тәртіппен таратып, тәртібінің бұзылмауын сақтаған жөн.

В. Г. Иванов, В. А. Горленко, О. Н. Гева (2003) деректерінде дұрыс қолданылмаған азық тіпті іш тастатып, ал төлді емізетін бастардың сүт кұрамы өзгертіліп, сол арқылы төлді тышқақтатуы мүмкін. Жана азыққа және де қысқы азықтан жазғы азыққа малдың біртіндеп, 10-15 күнде үйрету кажет. Бұрынғы азықтарды бірте-бірте азайтып, орнына жаңа азықты көбейтеді. Малдың азықтануына сыртқы орта температурасы да әсер етеді. Ыстықта малдың ас қорыту сөлдері аз шығып, ондағы ферменттер азаяды, ас корыту жолының жиырылуы бұзылып, қорытылымы төмендейді. Мұндай кұбылыстар сыртқы ауасында көмірқышқыл газы, аммиак көп жиналғанда орын алады.

В. Г. Дрюк, М. С. Малиновский (1987) дерегіне сүйенсек, мал азығына жұмсалатын жемшөп пен азықтык қосындылардың химиялык, құрамы алуан түрлі болып келеді. Мал организмі күрделі биологиялық құрылым болғандықтан, ондағы қоректену барысында өтетін өзгерістерді, әрине мұндай қарапайым кесте мен бейнелеуге келмейді. Ол өзгерістер сан-алуан болғандықтан, бір жағынан, бір-бірімен тығыз байланыста, ал екінші жағынан, бір-біріне тәуелдіде бір-біріне ықпал етіп өтеді. Сол секілді жемшөп көмірсулары энергияға айналуымен қатар кейбір қосындылар құрылымына да кіреді.

Джапаридзе Т. Г., Зарытовский В. С. (1983) зерттеулерінде жекелеген минералды элементтер көптеген кұрылымдар құрамына (кальций мен магний - сүйектің, фосфор -аденозинфосфатты қышқылдардың, темір-гемоглобиннің, кобальт-цианкобаламиннің, йод-тироксиннің, т. с. с. ) тікелей кіруімен қатар организмдегі қышқыл-сілтілік қатынас пен иондық теңдікті, осмостық қысымды калыптастыруға қатысады, микроэлементтер ферменттер функциясын әсерлендіретін коферменттер құрамына кіреді. Өте аз мөлшерде болатын витаминдер зат алмасуының барлық қырын ретгестіру арқылы организм тіршілігі мен өнімділігіне ықпал етеді.

Дурст Л., Виттман М (2003) мағлұматы бойынша жылқының ең құнды азықтандыру жүйесі-ол малдың тәбетін ашумен қатар, жем- шөптің сіңімділігі және тез қорытылуы сол үшін ең бірінші ірі шөппен, содан кейін шырынды, ең соңында құрама жеммен, ал одан кейін тағы ірі шөппен азықтандырған пайдалы. Денесінің ірілігіне қарамай қарынының сиымдылығы небәрі 14-16 л. көлемінде. Сондықтан жылқы бос уақытының бәрін азықтандыруға жұмсайды. Бұл әсіресе қара жұмыс аттары үшін көңіл аударалық жағдай. Өйткені күйісті малдікіндей жеген азығын түпкілікті өңдеуден өткізетін месқарыны болмағандықтан, жылқы жем-шөпті ауызымен мұқият шайнап, мол сілекеймен ылғалдандырып барып жұтатындықтан, азықтандыруға ұзағырық уақыт жұмсайды.

Егеубаев Р. (1998) деректерінде жылқыны азықтандыру кезінде ірі азықтан екінші азыққа көшу жүйесі біртіндеп өтуі тиіс. Ал енді бір азықтан екінші азыққа бірден өтетін болса онда мал азыққа тез үйрене алмайды, осыдан барып малдың ас қорыту жүйесі бұзылады, іші өтеді, ішек қатады, іштің бұрып ауруы мен метеоризм пайда болады.

Жазылбеков Н. А., Мырзахметов А. Н., Кинеев М. А., Тореханов А. А., Ашанин А. И., Таджиев К. П. ( 2005) мағлұматы бойынша ұзақ эволюциялық даму барысында түйе шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Оның организміндегі зат алмасу процесі ерекше болып келуіне байланысты, ол азықты үнемді пайдаланады. Түйе тыныштық жағдайда өзінің тірі салмағының әр бірлігіне жылқыға қарағанда 38% төмен энергия жұмсайды. Сонымен қоса бордақылау кезінде басқа малдармен салыстырғанда азықты аз жейді. Түйенің көк шөпке деген күндік қажеттілігі жайылымның сапасына қарай орта есеппен 24- 27 кг арасында болса, ол жиналған шөпке қажеттілігі 6- 12 кг аралығында. Тірі салмағының 500 кг айналасындағы түйенің тәулік ішінде орта есеппен алғанда рационының құндылығы 4 азықтық бірліктен кем болмауы керек. Ал тірі салмағы 500- 600 кг асатын жұмысқа пайдаланылатын түйелердің азыққа деген тәуліктік нормасы 8- 10 азықтық бірліктен кем болмауы керек. Сауылатын інгендерге 1 кг сүт түзілу үшін азықтың мөлшерін 0, 7- 0, 8 азықтық бірлікке көбейтеді

Жиряков А. М., Хамицаев Р. С. (1986) айтуына қарағанда пропион қышқылы бактерияларына ашытқы саңырауқұлақтарды қосып жүгеріні сүрлегенде азықтық сапасы жақсарып қана қоймай, оның құрамындағы «В» тобындағы витаминдердің мөлшері де артқан. Бұл витаминдер - мал организміне аса кажетті заттар. Соның әсерінен сиыр сүтінің майлылығы артып, тауық пен үйректердің жұмыртқалағыштығының жиілейтіндігі байқалған. Бактериялы ашытқыларды колхоз бен совхоздарда сүрлем даярлауда кеңінен пайдаланады.

И. А. Артеменко (2003) дерегінде қышқыл - химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдарқұрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінетіндігі жазылған.

И. И. Гранберг ( 2002) азық құрамындағы кездесетін қышқалдар азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н 3 3 ) - қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек зат. Көмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.

Иванов М. Ф. (1947) зерттеулер нәтижесінде қышқылдың өзіндік ерекшеліктерін айқындауға қол жеткізілді. Мысалы, қоқырлы қышқылдың (фосфорэлементін алу кезінде түзілетін фосфорлы қоқыр) таза термиялық фосфор қышқылынан айырмашылығы - құрамында тотықпай қалған фосфордың әр түрлі формалары (Р 4 , H 2 PO 2 , H 2 PO 3 , H 3 PO 3 ), сілтілік, сілтілік-жер, ауыр металдар катиондары, фторидтер, органикалық заттар, тағыда басқа заттардың болуында.

Калашников А. П. (1985) зерттеулерінде жалпы сүрлем даярлаудың екі әдісін ажыратады: салқын әдіспен жемшөпті сүрлегенде онда температура +30°, +35°-тан аспайды. Бұл үшін көк шөпті шауып, турап, тез арада сүрлем қоймасы - орға салып, әбден нығыздайды, үстінен ауа енбейтіндей етіп, қымтап жабады. Сонда сүрлемде тез арада органикалық қышқылдар, соның ішінде басым көпшілігі сүт қышқылы түзіледі. Сапалы сүрлемде аз мөлшерде болса да сірке қышқылы болатыны анықталды.

Кравченко Н. А. (1973) айтуына қарағанда с үрлемде тіршілік ететін сүт қышқылы бактерияларының ішінде гетероферментативті топтары қанттан сүт қышқылымен бірге сірке қышқылын түзуге бейім келетін де түрлері бар екен. Салқын әдіспен даярланған сүрлем 8-10 күн ішінде даяр болады. Оның түсі жасыл-сары, иісі тұздалған овощ немесе жеміс иісіндей болады. Мал оны сүйсіне жейді.

Қасымов Қ., Өтесінов Ж. (1988) республикамыздың дән балансында мал азығына арналған мал азақтақ дәндердің мөлшері жыл санап артуда. Сүт қышқылы бактерияларының әрекетінен өсімдік қантынан сүт қышқылы түзілетіні мәлім. Бұдан сүрленетін жемшөпте міндетті түрде қант болуы тиіс. Сапалы сүрлемде сутегі ионы концентрациясының көрсешіші - рН 4, 2-ге тең болуы тиіс. Ал рН 7, 0-ге тең болса, орта нейтралды, одан жоғары болса - сілтілі, төмен болса - қышқылды болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрама жемнің сапасын арттыруға арналған пробиотикалық препараттарды зерттеу
Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі
«Айс-Плюс» ЖШС-де іс-тәжірибе өту есебі
Дәнді азықтар және қалдықтарын малдарды азықтандыруда қолдану
Азықтарды сүрлемдеу және сүрлемдеу техналогиясы
Бір жылдық шөптер
Мал азығын консервілеуде қолданылатын бактериялы ашытқылаодың түрлері
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістермен техникалық аппаратуралар жайлы
«Сиыр табынын толтыратын ұрғашы бұзауларды азықтандыру»
Қой қоңдылығын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz