Мүйізді ірі қара лейкозы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

эмблема ЗКАТУ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті.

"Эпизоотология, паразитология және ВСС"

кафедрасы

«Эпизоотология ветеринарлық санитариямен» пәні бойынша

Өзіндік жұмыс

Тақырыбы: "Мүйізді ірі қара лейкозы "

Орындаған: ВС-43 топ студенті

Бекмашева А. С.

Тексерген: аға оқытушы,

Мырзабаев К. Е.

Орал, 2012

Жоспар

  1. Кіріспе . . . 3
  2. Әдебиетке шолу . . . 4-13
  3. Ауруға сипаттама . . . 14

3. 1. Аурудың тарихи деректері мен қоздырушылары . . . 14

3. 2. Аурудың індеттік ерекшеліктері мен дерттенуі . . . 15-16

3. 3. Өтуі мен симптомдары және паталогиялық-анатомиялық

өзгерістері . . . 16-18

3. 4. Ауруды балау және емдеу шаралары . . . 18-20

3. 5. Дауалау және күресу шаралары . . . 20-21

3. 6. Сойғаннан кейінгі анықтау және санитарлық бағасы . . . 21-22

IV. Негізгі бөлім:

4. 1. Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік

жоспары . . . 23-24 4. 2. Инфекциялық ауруларды жою, оны сақтандыру шаралары . . . 25-27

4. 3. Шаруашылықты эпизоотологиялық тексеру картасы және

эпизоотологиялық жағдай туралы акт . . . 27-34

4. 4. Жоспарға түсініктеме . . . 35

V. Қорытынды . . . 36-37

VI. Қосымшалар . . . 38-39 VII. Библиографиялық тізім . . . 41

Кіріспе

Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі саласы болып табылатын мал шаруашылығы еліміздің халық шаруашылығында маңызды орын алады, халықты бағалы азық-түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен, күш-көлікпен, маңызды органикалық тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Кей өнімдерінен дәрі және түрлі препараттар, ерекше мал азықтарын жасайды.

Мал дәрігерлігінің маман болып қалыптасуында індеттану және микробиология пәнің алар орны ерекше. Бұл пәндерде шаруашылықтардағы малдарды әр түрлі жұқпалы аурулардан алдын ала сақтау, санитарлық және басқа да шаралар жүргізудің негіздері белгіленеді, соның нәтежесінде шаруашылықтарда жұқпалы аурулардан алдын ала сақтандыру, қоршаған ортаны қорғау және жоғарғы сапалы мал өнімдерін өндіру мүмкіндіктері туғызылады. Жоғарыда атап айтылған міндеттерді орындауда орта буынды мал дәрігерлік мамандардың алар орны ерекше. Мал шаруашылығы - еліміздің халқын сапасы жоғары азықпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының ең манызды сапасы. Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының аса маңызды саласының бірі. Халқымыз мал шаруашылығын ет, қымыз, тері сияқты әр түрлі өнімдерді алады. Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастай - ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар қымызды ашытып, түрлі жеміс жидектерден шарап, нан сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болған. Республикамыздағы ауыл шаруашылық малдарының жұқпалы, созылмалы ауруларының ішінде ірі қараның лейкоз ауруы біршама алаңдаушылықты туғызуда.

Менің курстық жұмысымның мақсаты мүйізді ірі қарада кездесетін лейкоз ауруын зерттеп балау және алдын алу шараларын ұйымдастыру болып табылады.

Осы мақсаттарды басшылыққа ала отырып мынадай міндеттерді орындауға тырысамын:

  • сиыр лейкозына қарсы вакцинаны шаруашылықта қолданып, тиімділігін анықтау;
  • сиырдың лейкозын балау және алдын алудың

тиімді жолдарын қарастыру;

  • аталған ауруға қарсы жүргізілетін ветеринарлық - санитарлық шаралардың неғұрлым озық, тәсілдері нәтижелі және басқа да аспектілерін меңгеру.

II. Әдебиетке шолу

Т. Сайдулдин (2009ж) дерегіне сүйенсек сиыр лейкозы (Leucosis bovium, лейкоз крупного рогатого скота) - қатерлі ісік шалу негізінде жетілмеген қан түзу және лимфоидты торшалардың шамадан тыс көбейіп, әр түрлі ағзаларды жайлап алуы және ісікті ұлпалардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Н. Нид (1957) өз жұмысында комплемент балау реакциясы үшін лейкозбен ауырған ірі қара малдың ұлпалық антигенін қолданады.

А. Толле (1961) серофлюоресценция реакциясы үшін лейкозбен ауырған сиырлардың қан сарысуын пайдаланды.

В. Д. Егорова, Л. И. Притула (1967) және У. С. Түрдықұлов (1968) ірі қара малдың лейкозын балау мақсатымен қан сарысуын және ауру сиырлардың лимфа бездерінің 10%-тік сығындысын қолданды. Бірақ та мұндай антигендер өз түріне тән (типоспецификалық) қан сарысуымен айқын оң қорытындылар бермеді. Оның үстіне агар геліндегі преципитация реакциясына ауру сиырлардың ядро-цитоплазмалық және митохондриалды-сомальды фракциясының ұлпа клеткалары қолданылып, ол ойдағыдай тиімділік бермеген (Г. А. Аленечкина, 1974), В. Д. Егорова (1967, 1976) агглютинация реакциясын қоюға лейкозбен ауырған ірі қараның лейкоциттерінің жиынтығын антиген ретінде қолданды. Бұл жағдайда оң, теріс реакциялардың қорытындылары бірдей болған, сондықтан мұндай антиген ірі қараның лейкоз ауруын балауға жарамсыз.

Осыған сәйкес А. Д. Валихов және т. б өз жұмыстарында лейкоцитарлық антиген алу жолдарын біршама жетілдірді. Бұл үшін олар онковирустық «С» типінің себіндідегі жиынтығын аяқ асты ауырған сиырдан алды. Себіндідегі вирустың белсенділігін жоюға эфир қолданды. Осы антиген ірі қараның 86 процентіне дейін лейкоз вирусыменен залалданғанын анықтауға мүмкіндік берді. Дегенмен лейкозбен ауырған немесеонковирутың «С» типімен залалданған ірі қараның лейкоциттерінен біртектес себінді ( монокультура) алу Қазақстанда жүргізілмеген.

Ауру сиырлардан немесе денесіне онковирустың «С» типі дарыған ірі қараның лейкоциттерінен монокультура алу мүмкіншілігін зерттеу үшін алатау және латвиялық қоңыр тұқымдардың будандарын өсіріп жатқан Алматы облысы Іле ауданы Қазақстанның 40-жылдығы атындағы лейкоздан сәтсіз шаруашылық алынды. Бұл шаруашылық малдардың бруцеллез, туберкулез және қан паразиттерінен болатын ауруларынан сәтті. 46 бастан қан алынды, бұл малдар 2-5 жыл бойы бақылауда болып, көк тамырынан қан алынып, әр тоқсанда клиникалық - гемотологиялық зерттеулерден өткізіліп отырды. Осы малдардың 8-і серопозитивті, ал 5-і гематология бойынша ауру болды. Олар лифмоцит және лейкоциттердің тез мерзімді себіндісін алуға донор ретінде қолданылды.

Бақылау үшін гемотологиялық көрсеткіштері дұрыс клиникалық сау 2 мал алынды. Алынған қанды лабораторияда стерильді флакондарға құйып, 1500д, 15 мин центрифугирлеп, содан соң стерильді жағдайда лейкоциттер қабықшаларын сорып алып, стерильді түбі жайпақ шыны колбаларға құйдық. Лейкоциттерден түзілген қабыршақтарды үш мәрте Хэнкс ерітіндісімен жудық та, оған 25 мл көлемде 199-қоректік орта қосып магнитті араластырғышта қопсыттық. Лейкоцит суспензияларын 1500д, 15 мин центрифугадан өткізген соң түбі жайпақ стерильденген шыны құтыларға ауыстырдық. Лейкоциттерден түзіліген қабыршақтарды Хэнкс ерітіндісімен үш мәрте жуған соң 25 мл көлемде 199-қоректік орта қосып, магнитті араластырғышта қопсыттық. Лейкоцит суспензияларын жеке- жеке 3 қабатты дәкеден сүзген соң клеткалардың санын 5-6 млн/мл жеткізу үшін санадық. Одан соң ауру сиырдан алынған лейкоцит суспензиясына тепе-тең сау бұзаулардан алынған лейкоцит қостық.

199-ортаға ірі қараның 2% есебімен қан сарысуын қостық, 10мл клетка тұнбасына 10 мл-ге 0, 2 мг есебімен фитогеммаглютинин (ФГА), 100 Ед/мл пенициллин және 50 мкг/мл стрептомицин қостық. Сонымен сау сиырлардан алынған лейкоциттерге ірі қараның 20%-тік қан сарысуы, 10 мл клетка тұнбасына 0, 2 мл есебімен ФГА, 100 СД/мл пенициллин және 50 мкг/мл стрептомицин қостық. Клетка тұнбасын жеке-жеке көлемі 50 см 3 Павлецский флаконына септік. Одан соң, оларды ыстықтағы 37С 0 термостатқа орналастырып, 6-9 тәулік өсірдік. Қоректік ортаға 20 мкг/мл көлемде инсулин 3г/л глюкоза қосып, 35%-тік полиэтиленглюколмен өңделген ірі қараның 10%-тік қан сарысуын қостық.

2-3 флаконда жаппай бірқатар лейкоциттер түзілген соң, әр партиядан жекелеп алдық, ал қалған флакондардағы клеткаларды версенмен түсіріп алып, 1:2 қатынасында қан сарысуы, ФГА, пенициллин, срептомицин, инсулин РН 7, 2-7, 4 ортада термостатта алғашқы субкультура алғанша қайта өсірдік.

Жүргізілген тәжірибелердің нәтижесінде in vitro лейкоциттердің себіндісін өсіргенде 48, 72, 96 сағат өткен соң лимфоциттер мен лейкоциттердің алғашқы және субкультуралары алынып, мембраналарында бүршіктелген бөлікшелер бар көп ядролы синцития түзейтіндігіне көз жетті. Бұл лимфоциттер мен лейкоциттер клеткалардың өсінділерінде лейкоз вирусының өсіп өнетінін көрсетті. Алынған мәліметтер S. Miller(1969), А. Ф. Валиков (1974) және басқалардың зерттеу қорытындыларымен сәйкес келеді.

Ж. Б Ахметов (1993ж) дерегі бойынша лейкоздар деп қан жасаушы клеткалардың жүйелі және үдемелі түрде өсіп кетуімен сипатталатын ісіктерді түсінеді.

Лейкозды бірінші рет ашқан неміс ғалымы Р. Вирхов (1845) қанның түріне қарап - «ақ қан» ауруы деген ат берген болатын. Екі жылдан кейін ол «лейкемия» деген (лейкоциттер санының қанда көбейіп кетуі) терминді ұсынды. Бірақ лейкоздардың алейкемиялық, яғни қанда лейкоциттер санының көбеймейтін түрі түрі де бар, сондықтан біздің ғасырымыздағы 20- жылдарында «лейкоз» - яғни қан жасаушы ұлпаның жүйелі гиперплазиясы деген термин қабылданды. Қазіргі кезде лейкоздың орнынына гемобластоз термині қоданыла бастады. Бұл сөз қан жасаушы ұлпалар ісігі деген мағынаны береді.

Этиологиясы мен патогенезі. 1908 жылы Элерман және Банг тауықтар лейкозын вирус қоздыратынын дәлелдеген. Одан кейін тышқан, құстар, теңіз шошқасы, ит, мысық лейкоздарын да вирустар тудыратыны анықталды. Дегенмен де адам лейкозының вирустар арқылы қоздырылуы әлі де толық дәлелденбеген. Тек Эпштейн-Барр вирустарының Бернет лимфомасының дамуына қатысы бар екендігі жөнінде ғылыми деректер жиналуда.

Көптеген зерттеулер иондаушы радиацияның лейкоз пайда болуындағы ролін көрсетіп отыр. Мысалы, атомдық жарылысты басынан кешірген Хиросима мен Нагасаки тұрғындарының арасында басқа жапондықтарға қарағанда лейкоз 11-18 есе жиі ұшырайтыны анықталған. Семейдегі ядролық полигон айналасындағы тұрғындар арасында лейкоздар мен лимфосаркомалар санының Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда бірнеше рет көбейгені анық болып отыр. Рентгенологтар басқа дәрігерлерге қарағанда лейкозбен 8 рет жиі ауыратыны белгілі.

Көптеген химиялық канцерогендер (бензпирен, холантрен және т. б. ) ісіктерімен қатар лейкозды шақыра алады. Лейкоздардың пайда болуында гендер мутациясының маңызы зор. Мысалы, созылмалы миелолейкозда 22-жұптағы аутосоманың біреуінің көлемінің кішілігі әрдайым кездесетін құбылыс. Оны филадельфия хромасомасы деп атайды. Дауна сырқатында осы өзгерістер көбірек көрінеді, соған байланысты оларда лейкоз сау балаларға қарағанда 15-20 рет жиі кездеседі.

Осылайша, лейкоздар, басқа ісіктер сияқты көп себепті және бір патогенезді сырқаттар қатарына жатады. Жоғарыда айтылған әсерлер нәтижесінде қан жасаушы ұлпалардың арасында қалыпты құрылысы өзгерген (мутацияға ұшыраған ) клеткалар пайда болады. Ісік, әрине, организмнің иммунды жүйесі әлсіреген жағдайда ғана дами алады, себебі қалыпты жағдайда осы өзгерген клеткалардың бәрі де бүтіндей жойылып отырады. Лейкоз белгілі бір жерде, бір клетканың көбеюі салдарынан басталады да, кейін бүкіл организмге тарап жүйелі ісікке айналады. Қазіргі кезде лейкозға тән ісік клеткалары әуел баста өзгерген жалғыз клетканың әулеті екені анықталған.

Барлық гемобластоздар өзінің даму дәуірінде екі кезеңнен өтеді. Әуелі бірәулетті (моноклонды) ісктер пайда болады. Кейін ісіктің дамуына байланысты осы клеткалар арасында жаңа қасиетке ие болғандары сұрыпталып, олардың әрқайсысы өз алдына көбейе бастайды. Осылайша гемобластоздың ең соңғы көпәулетті (поликлонды ) кезеңі басталады.

Лейкоздардың жіктелуі. Лейкозды клеткалардың сипатын есепке ала отырып екі топқа бөледі: 1) жіті лейкоздар; 2) созылмалы лейкоздар. Қандағы лейкоциттер, сонымен бірге лейкоз клеткалары санының өсу дәрежесіне қарай лейкоздардың: лейкемиялы, сублейкемиялы, лейкопениялы және алейкемиялы түрлерін ажыратады.

Жіті лейкоздар. Жіті лейкоздар жіті жұқпалы аурулар тәрізді өтіп, сырқаттың ыстығының өте жоғары болуымен, некрозды баспа, гингивит, геморрагиялық диатез дамуымен сипатталады. Сырқат ыстығының көтерілуі қалыпты лейкоциттердің аздығымен, аутоинфекциялардың қозуымен, ал терідегі қанталау қан жасаушы элементтердің, әсіресе тормбоциттердің өте азайып кетуімен байланысты. Үлкен қан құйылу ошақтары, мысалы миға қан құйылу, қан тамырлары қабырғасының лейкоз клеткалары сіңіп қалуына байланысты селдіреуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар жіті лейкоздар үшін екіншілік инфекциялардың дамуы өте тән. Ауыз қуысында, өкпеде, кейде өңеште, асқазанда, ішекте және басқа ағзаларда бактериялы инфекциялар мен бірге саңырауқұлақтар қоздыратын қабынулар да дамиды. Олардың ішінде ең жиі кездесетіндері кандидамикоз бен аспиргилез. Кандидамикоз ауыз қуысынан басталып сепсиске дейін дамыса, аспергилез көбінесе өкпеден басталып әрі қарай бүкіл организмге тарайды. Бұл инфекциялардың дамуына иммунодепрессия шакырушы химиялық препараттармен (цитостатиктер), гормондармен емдеу, организмді қорғаушы күштердің өте әлсіздігі себепші болады.

Жіті лейкоздардың морфологиялық жіктелуі лейкоз клеткаларының гистохимиялық өзгерістеріне негізделген. Осыған қарай жіті лейкоздардың мына түрлерін ажыратады:

  1. Дифференциаланбаған;
  2. Лимфобласты;
  3. Миелобласты;
  4. Монобласты;
  5. Миеломонобласты;
  6. Эритромиелобласты;
  7. Плазмобласты;
  8. Мегакариобласты.

Дифференцияланбаған жіті лейкоз қан жасау жүйесінің белгілі бір топқа жатпайтын, ең жетілмеген клеткаларынан дамиды. Бұл лейкоз үшін ешқандай гитохимиялық реакцияның оң болмауы тән.

Жіті лейкоздар жалпы лейкоздардың 2% қамтиды. Балаларда лейкоздардың ішінде ең көп кездесетіні жіті лимфобласты лейкоз. Бұл лейкоз айырша бездің, лимфа түйіндерінің, көкбауырдың үлкеюімен, жілік майында, бүйректерде, ішек-қарын жүйесінде жетілмеген лимфоциттерден тұратын клеткалар санының мөлшерден тыс асып кетуімен сипатталады. Осы лейкемиялық сіңбе нәтижесінде айырша бездің салмағы әдеттегіден 30-40 есе асады, сонымен қатар көкбауыр, көкірек қуысындағы және шажырқайдағы лимфа түйіндері де үлкейеді. Оларды кесіп қарағанда ақшыл-қызғылт түрде көрінеді. Үлкейген бездер айналасындағы ағзаларды басып қалуы мүмкін.

Ұзын сүйектердің жілік майы қып-қызыл, нәрлі болып көрінеді. Микроскоптан қарағанда барлық ағзалардағы жілік майындағы лимфоциттердің Т- лимфоциттері қатарына кіретіні анықталды. Лейкоз клеткалары ми және жұлын қабықтарына да сіңіп қалып, кейде созылмалы лептоменингитпен ауырған асқынады. Дегенмен де лейкоздың тек осы түрімен ауырған науқастардың тең жартысы химиотерапия жәрдемімен толық айығып кетеді.

Жіті миелобласты лейкоз негізінен сүйек майына, лимфа түйіндеріне, бауырға, өкпелерге, шырышты қабықтарға миелобласт клеткаларының сіңіп қалуымен сипатталады. Кейде сүйектердегі, бауыр және бүйректердегі ісік түйіндері жасыл реңге боялады. Сүйек майындағы ісік тіпті сүйектің барлық қабаттарына сіңіп кетеді. Ішек- қарын жолдарындағы лейкоздық сіңбелер ауыз қуысында, бадамша бездерде, асқазанда некроз ошақтарының, жаралардың пайда болуына соқтырады. Жіті миелобласты лейкоз үшін геморрагиялық диатез құбылысы өте тән. Осыған байланысты қан құйылған ағзаларды (миға, бүйректерге, шырышты және сірі қабықтарға) кесіп көргенде ала-шұбар болып көрінеді. Науқас көбінесе осы өзгерген ағзалардан қан кетуінен, екіншілік инфекциялардан немесе сепсистен өледі.

Жіті монобласты лейкоз лимфа түйіндеріне, көкбауырға, сүйек майына, теріге, өкпелерге әртүрлі пішіндегі, цитоплазмасы эозинофилді, ядролары бұршақ тәрізді клеткалардың сіңіп қалуымен сипатталады. Олардың арасында бірлі-жарымды алып клеткалар да кездеседі. Лимфа түйіндері, бауыр, көкбауыр үлкейеді. Терідегі сіңбелер кейде жараға айналады. Басқа дистрофиялық өзгерістермен қатар қан құйылу ошақтары да табылады.

Жіті миеломонобласты лейкоз жіті миелобласты лейкозға ұқсайды.

Жіті эритромиелобласты лейкоз қызыл қан жасаушы клеткалардың ең жас - бласты түрлерінің көбеюімен, олармен қатар миелобластардың, монобластардың пайда болуымен сипатталады. Қан элементтері түрлерінің пайда болуы бұзылып, анемия, лейкопения, тромбоцитопения және осы өзгерістерге байланысты патологиялар дамиды.

Жіті плазмобласты лейкоз клеткалары патологиялық иммуноглобулиндер - парапротеиндер бөліп шығарады. Қан жасау жүйесінің барлық ағзаларында плазмобластардан тұратын лейкоздық сіңбелер табылады.

Жіті мегакариобласты лейкоз дифференциалданбаған бластардың арасында мегакариобластардың, пішінсіз мегакариоциттердің пайда болуымен ерекшеленеді. Тромбоциттер саны 1-1, 5 миллионға жетеді.

Созылмалы лейкоздар.

Созылмалы лейкоздар бірнеше жылдар бойы моноклонды, жетілген ісік түрінде дамиды. Олардың тек соңғы кезеңі ғана қатерлі ісік түрінде өтіп небәрі 3-6 айға созылады. Бұл кезде қан құрамында жас клеткалар саны күрт көбейіп, ісік әртүрлі клеткалар жиынтығынан тұратын поликолонды қасиетке ие болады. Созылмалы лейкоздар:

  1. Миелоциттерден;
  2. Лимфоциттерден;
  3. Моноциттерден туындайтын лейкоздар деп үш топқа бөледі.

Миелоциттерден туындайтын созылмалы лейкоздардың негізгілері: созылмалы миелоидты лейкоз, созылмалы эритромиелоз, эритремия және нағыз полицитемия (Вакез-Ослер сырқаты) .

  1. Созылмалы миелоидты лейкоз көкбауырдың, бауырдың ұлғаюымен

сипатталады. Көкбауырдың массасы 6-8 килограмға, бауыр 1, 5-3 килограмға жетеді. Теріде қан құйылу ошақтары және лейкозды сіңбелер табылады. Көкбауырды кесіп көргенде ол қызыл түсті, көбінесе жаңа немесе ескі инфаркт ошақтары анықталады. Бауырдағы лейкоз сіңбелері сұр түсті ошақтар немесе жолақтар түрінде көрінеді. Лимфа түйіндері үлкейеді бірақ та бір-біріне жабыспайды. Жалпақ сүйектердің майы қызғылт-сұр түсте, ал ұзын сүйектер майы -сұрғылт-қызыл, сұрғылт-сары түрде көрінеді. Созылмалы миелоидты лейкоздан өлген кісілердің терісі бозарып, қансызданып тұрады. Сонымен қатар теріде қан құйылу ошақтары табылады. Бұл аурудың асқыну кезеңі шырышты және сірі қабықтардың көпшілігіне қан құйылуымен сипатталады. Асқазандағы, ішектегі лейкозды сіңбелер шырышты қабықтардың қалыңдауына кейде олардың жараланып некроздануына соқтырады. Лейкозға тән өзгерістер бүйректерде және басқа мүшелерде де табылып, оларда қан құйылуы туғызады.

  1. Созылмалы эритромиелоз қан жасаушы ұлпаның эритроциттер және миелоциттер түзетін бөлімдерінің қатар пролиферациясы нәтижесінде дамитын лейкоз.
  2. Эритремия ұзақ уақыт қатерсіз өтетін лейкоздар қатарына жатады. Қанда негізінен эритроциттердің, сонымен қатар нейтрофилді лейкоциттердің және тромбоциттердің көбеюімен сипатталады. Бұл қан тамырларының тромбозына, ағзалардың гиперемиясына, көкбауырдың ұлғайып кетуіне әкеледі. Симптомдық гипертонияның дамуына байланысты жүректің сол қарыншасы ұлғаяды.
  3. Нағыз полицитемия морфологиясы бойынша эритремияға жақын сырқат.

Лимфоциттерден туындайтын созылмалы лейкоздарға созылмалы лимфоматозы және парапротеинемиялық лейкоздар кіреді.

  1. Созылмалы лимфолейкоз қанда жетілген лимфоциттер санының өте

көбейіп кетуімен, негізінен лимфа түйіндерінің, аз мөлшерде көкбауырдың, бауырдың үлкейіп кетуімен сипатталады. Қандағы лимфоциттер В- лимфоциттерге жатқанмен организмде иммуноглобулиндер түзуге қатыспайды, осыған байланысты организмде әртүрлі аутоинфекциялар қозып, аутоиммунды процестер көп кездеседі. Созылмалы лимфолейкоз негізінен кәрі кісілерде болып, көбінесе отбасылық тұқым қуалау жолымен, гендік факторлар есебінен дамиды. Осы сырқаттың пайда болуына хромосома құрамының өзгеруі де себеп бола алады.

Лимфа түйіндерінің өте үлкейіп кетуі созылмалы лимфолейкоз үшін тән құбылыс, олар үлкейген, бірақ бір-біріне жабыспаған жұмсақ, кесіп қарағанда ақшыл-сүр түсті пакеттер түрінде көрінеді. Олар кейде үлкейген лимфа бездері айналасындағы ағзаларды басып қалып, олардың қызметін бұзады.

Көкбауыр 600-800 грамға дейін үлкейіп, кесіп қарағанда қызғылт-сұр түсті болады.

Бауыр да үлкейеді, оының кесінділері арасында лейкозды сіңбелерге сай келетін сұрғылт ошақтар табылады.

Жіліктер және жалпақ сүйектер майы қызғылт-сұр болады. Микроскоппен қарағанда осы аталған ағзаларда және бүйректерде, миокардта, сірі және шырышты қабықтарда лимфоциттерден түзілген сіңбелер табылады.

Осының нәтижесінде кейде лимфа түйіндерінің, көкбауырдың құрылыс ерекшеліктері бүтіндей жойылады. Сонымен қатар бауырда бүйректерде, жүректе белокты және майлы дистрофия құбылыстары көрінеді. Сүйек майында лейкоздық сіңбелер сүйек пластинкаларының жұқарып, сорылып кетуіне соқтырады, ал өкпеде пневмония дамуына себепші болады.

Лимфолейкоздың асқыну кезеңі үшін өте ауыр, бактериялар кейде саңырауқұлақтар қоздыратын пневмониялардың дамуы өте тән. Кейбір жағдайларда, организмдегі аутоиммундық өзгерістерге байланысты, аутоиммунды гемолиздік анемия немесе тромбоцитопения дамиды. Осы айтылған асқынулар ауру өлімінің бірден-бір себебі бола алады.

  1. Тер лимфоматозы немесе Сезари сырқаты. Созылмалы

лимфолейкоздың бір түрі, теріден, кейбір ішкі органдарда ісіктік Т-лимфоциттердің сіңіп қалуымен ерекшеленеді.

  1. Парапротеинемиялық лейкоздар ісік клеткаларының біртекті

иммуноглобулиндер немесе олардың фрагменттерін, яғни парапротеиндерді жасап шығарушымен сипатталады. Осы жағдайларда қанда иммуноглобулиндердің тек бір түрі көбейіп кетеді, сондықтан оларды моноклонды иммуноглобулиндер деп атайды. Осы сырқаттар тобына: миеломды сырқат, Вальденстремнің біріншілік макроглобулинемиясы және Франклиннің ауыр тізбектер сырқаты кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лейкоз
Сиыр лейкозын балау, сауықтыру шаралары
Лейкоз туралы түсінік
Сиыр лейкозын балау
Вирустық аурулар туралы түсініктер
Сиыр туралы жалпы түсініктеме
Бруцеллезді болдырмау шараларын ұйымдастыру
Ауытқушылықтар мен аурулар, иммунитет генетикасы
Құс лейкозы
Бруцеллез ауруына сипаттама беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz