Листериоз ауруы


Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі
Экология және биотехнологи бөлімі
ЕСЕП
28. 03-15. 04. 16 аралығындағы оқу практикасы
Тақырыбы: Листериоз ауруы
Орындаған: ВТ-31 топ оқушысы
Б.
Практика жетекшісі: арнайы пәндер оқытушысы
Каримова Э. К.
Орал - 2016ж
Мазмұны
І. Кіріспе бөлім
Ауыл шаруашылығының саласы - ірі қара шаруашылығын дамытуда сиырлардан алынатын өнімді арттырып, ірі қара басын көбейту жолында кедергі болатын негізгі себептердің бірі - жұқпалы аурулар.
Листериоз- орталық жұйке жүйесі, жыныс мүшелері, желін зақымданып, өлітию ретінде өтетін жұқпалы ауру. Осы ірі қара шаруашылығының өнімін және басын көбейтуде инфекциялық ауруларға дер кезінде балау жасап, аурудың алдын алудың маңызы зор.
Сиырлардың іш тастауымен, бұзаулардың және ересектерінің жүйке жүйесінің зақымдануымен, бұзаулардың катарлы энтеритке шалдығуымен, т. б. сипатталатын листериоз ауруы шаруашылыққа көп экономикалық зиян келтіреді.
Листериоздың ең қауіпті таратушылары және негізгі табиғи қорламасы- тышқан тектес кемірушілер. Олардың бөлінділерімен жайылым, жемшөп, су және топырақ ластанып, одан барып басқа жануарларға жұғады. Ал ауыл шаруашылық малдары үшін ең басты жұғу көзі болып сүрлем саналады.
Листериозды болдырмау үшін шеттен әкелінген ірі қараларды бұл аурудан сау шарушылықтан алу керек. Жемшөптің, әсіресе, сүрлемнің сапасын үнемі бақыланып, кемірушілермен күрес жүргізіледі.
Листериоз шыққан фермада малдарды жаппай қарап, ішінара ыстықтарын өлшейді. Орталық жүйке жүйесінде зақымданулар бар ірі қараларды бірден союға жібереді. Ауруы күдікті және ауру ірі қараларды оқшаулап, емдейді. Листерия алып жүруші және ауруы жасырын жануарларды анықтау үшін жаппай қан алып, АР және КБР бойынша тексереді. Оң нәтиже берген жануарларды да бөліп алып емдейді. Барлық қалған шартты түрде сау жануарларды АУФ штаммынан жасалған вакцина егілмесе бірден жемге антибиотиктер қосып береді.
Зерттеу жұмысымның мақсаты мен міндеттеріне мыналар жатады: ірі қара листериозына диагноз қойып, оған қарсы АУФ вакцинасын қолданып, осы препаратты листериоздың алдын алу үшін шаруашылықта қолдану. Көрсетілген мақсатты орындау үшін алдымызға келесі міндеттерді қойдым:
- Шаруашылықтағы сиырларды және бұзауларды листериозға тексеру;
- Листериоз ауруының алдын алу шараларын анықтау.
- Листериоз ауруының емі туралы.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Листериоз ауруы туралы түсінік
Листериоз (Listeriosis) - орталық жүйке жүйесі, жыныс мүшелері, желін зақымданып, өлітию ретІнде өтетін жүқпалы ауру.
Тарихи деректер . Бірінші рет бүл ауруды үй қоянында Lucet (1892) сипаттады, ал D. A Gill (1931) қойда анықтағаннан кейін құстьщ, сиырдың және басқа да жануарлардың ауыратындығы белгілі болды.
Қоздырушысы - Listeria monocytogenes грам теріс, таяқша тэріздес бактерия, мөлшері - 0, 5-2 х 0, 3-0, 5 мкм, үштары деңестеніп бітеді, спора жэне қауашақ түзбейді, жіпшелері бар, қозғалады, жартылай ауасыбағалы, кәдімгі коректік орталарда (рН 7, 2-7, 4) өседі. ЕПА-да мөлдіреген шық тэріздес шоғыр түзеді, ЕПС бірінші тэулікте лайланады да, кейіннен өсін пробирканың түбіне шөгіп, қоректік орта мөлдірленеді. Шөгінді шайқаған кезде перде тэрізді көтеріледі, өсу ушін 6Н қолайлы температура 30-37°С, бірақ, бөлме теімпературасында да, тіпті төменгі температурада да (4°С) өсе береді.
Листерияның денесінде О~, кылшаларында Н-антигендері болады. Бірін-шісі жоғары температураға төзімді, 15 түрі белгілі. Екіншісі қыздыруға, фор-малинге төзімсіз. Егер микроб бөлме температурасында өсірілсе, қылшалары мол болып, перитрих ретінде орналасады. 37°С-де өскенде қылшалары аз болып, бір шетінде ғана болады немесе мулдем болмайды. Н-антигенінің 5 түрі бар: А, В, С, Д, Е. Антигендік құрамы бойынша бүл микроб 5 вариантқа бөлінеді. Б^лардьщ екеуІнің індеттік маңызы зор: кемірушілердің жэне куйіс қайырушылардың листериялары. Біріншісі алғаш рет кемірушілерден, екін-шісі сиырдан бөлініп алынған. Екеуі де жануарлардың барлық түрі мен щс-тарда кездеседі.
Төзімділігі. Листериялар сыртқы ортада ұзақ уақыт бойы сақталады және төменгі температурада эр түрлі субстрат пен сурлемде өсіп-өне алады. Кебек пен сұлыда 105, ал шөп пен ет-сүйек ^нында 134 күнге дейін тіршілігін жоймайды, түздалған етте төменгі температурада үзақ уақыт бойы өлмейді. Мал қораларында 24-48 күн, көңмен ластанған даладағы топырақта 8 күннен (жазда) 115 күнге (қыста) дейін, жерге көмілген өлекседе 1, 5-4 айға дейін сақталады. Дезинфектанттар ретінде қолданылатын 5% лизол немесе креолйн ерітіндісі 10 мин, 2 % формальдегид немесе күйдіргіш натрий 20 мин ішінде өлтіреді. 100°С кыздырғанда 5 мин, ал 75-90° -та 20 минутта өледі.
2. 2 Індеттік ерекшеліктері
Листериозға қой, ешкі, сиыр, шошқа, жылқы, қоян, күзен, тауық, үйрек, қаз, күрке тауық бейім. Сонымен қатар, ит, мысық жэне маймылдың да ауыратындығы белгілі болды. Жалпы алғанда листе-риялар 92 түрлі жабайы жануарлар, одан қала берді иксод жэне гамза кенелері, бит пен бүрге, бөгелектің балапан қ^ртынан да бөлініп алынған. Бүньщ бэрі лестриоздың үй жануарларына жұғуы үшін қауіпті. Әсіресе кемірушіер арасында байқалып, оқтын-оқтын тышқан тектестерді көп шығынға ұшыра-татын індет ауыл шаруашылық малдары үшін аса қауіпті.
Қазақстанда және көршілес елдерде басқа малдармен салыстырғанда негізінен қой ауырады да, бұл түліктің ауруға шалдығу көрсеткіші де, өлім көрсеткіші де жоғары болады. Басқа елдерде сиырдың ауруы да жиі ұшырай-ды. Листериозбен жануарлар кез келген жаста ауырады, әйтсе де, жас төл мен буаз малдардың бейімділігі жоғары болады.
Қазақстанда қойдың листериозы солтүстік облыстардың орманды және далалы аймақтарында жиі байқалады. Бүған табиғи себептермен қатар қоздырушысы үшін қолайлы орта болып табылатын сүрлемді мал азығын кеңінен пайдалану да эсер етеді. Листириоздың қоздырушының бастауы -ауырған жэне ауырудан сауыққан малдар. Олар листерияларды сыртқы ортаға несеп, нәжіс, сүт және көзден, танаудан, жыныс мүшелерінен аққан сорамен бөліп шығарады. Ауырып жазылған жануарлар үзақ уақыт бойы, қой мен шошқа 30 күн, кейбір кемірушілер 260 күнге дейін, листериоздан болған желінсау кезінде сүтпен саулықтар 90, ал сиыр 300 күнге дейін сыртқы ортаға микроб бөліп шығарады. Иксод кенелерінде қоздырушы 500 күнге дейін тіршілігін жоймайды.
Листериоздың ең қауіпті таратушылары жэне негізгі табиғи қорламасы -тышқан тектес кемірушілер. Олардың бөлінділерімен жайылым, жемшөп, су мен топырақ ластанып, одан барып басқа жануарларға жұғады. Ал ауыл шаруашылық малдары үшін ең басты жүғу факторы сүрлем болып табылады, әсіресе, сапасы нашар, қышқылы аз сүрлемде ауаның температурасы төмен, 0°С-тан біраз ғана жоғары жағдайда листериялар зардаптылығын сақтап, өсіп-өне береді.
Литериозға белгілі бір аймақта орын тебу жэне табиғи ошақтылық тэн. Қойда көбінесе қыс пен көтемде кездеседі, ал басқа жануарларда мүндай маусымдылық байқала қоймайды.
Әдетте ауру қоздырушысы малдың денесіне негізінен ауыз арқылы, со-нымен қатар, тьіныс жолдары, көз конъюнктивасы, зақымданған тері арқылы енеді. Қан сорғыш жэндіктер: кене, бүрге, бит, т. б. қатысуымен трансмиссив-тік жолмен жұғуы да мүмкін. Көп жағдайды малдардың листериозға шалды-ғуына кемірушілердің арасында таралған індет себепкер болады.
Дерттенуі. Листериялар денеге енген соң қан мен сөлге өтіп, бүкіл ор-ганизмді жайлап, көбейеді де ми мен жұлынға енеді. Микроб эндо- жэне экзотоксиндер бөлуі арқылы эр түрлі үлпаларды, қанның қыл тамырларын за-қымдайды, қанның белоктық қүрамы өзгеріп, моноциттер саны көбейеді. Инфекциялық процестің одан эрі өршуі қоздырушының уыттылығы мен мал организмінің физиологиялық ахуалына байланысты болады. Егер микробтың уыттылығы төмен, ал мал организмінің төзімділігі тиісті дэрежеде болса, қоз-дырушы денеге айтарлықтай зардабын тигізбей сөл түйіндерінде, бауыр мен көкбауырда, бүйректе, жілік майында сақталады. Ондай жағдайда аурудың көзге түсердей клиникалық белгілері байқалмай, мал ұзақ уақыт бойы жасырын листериялар альш жүруші болып қалады. Ал микробтың уыттылығы күшті болса жас жануарларға өлі тиіп, сақа жануарлардың орталық жүйке жүйесі зақымданып, энцефалит, энцефаломиелиттің клиникалық белгілері байқалады, ал буаз малдар жыныс мүшелерінің закымдануынан іш тастайды.
Өтуі және симптомдары. Жасырын кезеңі 7-30 күнге созылады. Ауру жіті, жітіден төмен, созылмалы түрде өтеді де, клиникалық белгілері бойынша өлітиген, жүйке жүйесін зақымдайтын, генитальдік және кәдімгідей емес түрлерге бөлінеді.
Листериоздыц өлітиген түрі жас малда, эдетте 1-3 айлық төлде кез-деседі. Оның басты белгілері: дененің ыстығының көтерілуі, күйзеліске ұшы-рап, жемшөптен қалуы, іш өтуі (катарлы энтерит) көбінесе бұзау мен қозыда байқалады, шошқада енесінен бөлінген 2-4 айлық торайларда кездеседі. Осы жастағы жэне енесін еміп жүрген торайлардың жүйке жүйесі зақымданады.
Өлітиген жануарлардың ауызынан ақ көбік ағып, хынысы жиілейді, басын кегжитіп шайқай береді. Ауру 7-14 күнге созылып, көбінесе өліммен аяқталады. Жазылған төл жетілмей қалады.
Листериоздыц оюүйке жүйесін зацымдайтын түрі өте жиі кездеседі. Қой мен ірі қараның негізінен орталық жүйке жүйесі зақымданады. Ауырған мал денесін дұрыс меңгере алмай, қозғалғанда тәлтіректеп, бІр орында айнала бе-реді. Тепе-теңдігін сақтай алмай, тұла бойы тырысып, бүлшық еттері сіресіп, мойыны қисаяды. Сонымен бірге, көздІң, ауыздың кілегейлі қабықтары қабы-нады. Аурудың соңғы сатысында тріа бойы мен аяқ брішық еттері салданған жануар орнынан тұра алмай жатып қалады. Мөлшері 10 тэулікке дейін со-зылған ауру өліммен аяқталады.
Генитальдік түрі буаз малда кездеседі. Негізгі клиникалық белгісі -буаздықтың екінші жартысында байқалатын іш тастау. Әдетте түсіктен кейін ұзақ уақыт шуы түспейді. Жыныс жолдары, эсіресе жатыры, қабынып, негі-зінен іріңді эндометрит, ал кейде желінсау байқалады.
Кәдімгідей емес түрінің негізгі бегілері: дененің ыстығының көтерілуі, өкпенің қабынуы жэне катарлы гастроэнтерит. Сиырда листериоз эдеттегіден өзгеше өткенде көбінесе зілді катарлы қызбаға үқсас өтеді.
Құстарда листериоз кезінде негізінен орталық жүйке жүйесі зақымданады. Ауруға жас шібилер мен балапандар шалдығады. Олардың жемге зауқы төмендеп, жалпы күйі нашарлайды. Брішық еттерінің салдануынан көп қозғалмайды. Әсіресе, көзге үшырайтын белгісі мойынның былқ-сылқ етіп, бос қалуы. Көздері қызарып, көзден, тұмсығынан шүбатылып сора ағады. Аурудан қүстардың көпшілігі 1 апта ішінде өледі.
2. 3 Паталогоанатомиялық өзгерістер
Листериозға тэн ерекше патанато миялық өзгерістер кездеспейді. Әйтсе де, листериоздан өлген малдың өлек-сесінде мынандай өзгерістер жиі ұшырайды: жүйке жүйесі зақымданғанда ми мен мидың қабаттарының тамырлары қанға толып, мидың үлпасы қанталай-ды, кейбір ішкі ағзаларда да қанталаған телімдер кездеседі. Өлітиген түрінде көк бауыр мен ішкі сөл түйіндері үлғайьш, ішкі үлпершек ағзалар қанталай-ды. Өкпенің қан тамырлары қанға толы болады немесе өкпе үлпасы қабына-ды. Бауыр мен көкбауырда, сирегірек бүйрек пен жүрек етінде, өліеттенген нүктелер кездеседі. Жыныс мүшелері зақымданса аналық малдарда эндоме-трит немесе метрит байқалады.
Балау. Листериозды анықтау үшін індеттанулық деректер, аурудың кли-никалық белгілері, өлекседегі патанатомиялық өзгерістер жэне зертханалық зерттеулердің қорытындылары пайдаланылады.
Бүл ауруға тэн індеттанулық деректер: барлық үй жануарлары, көптеген жабайы жануарлар ауырады, көбінде спорадия түрінде, кейде індет ретінде өтеді, белгілі бір аймақта орын тебуі жэне кемірушілерге байланысы бай-қалады, қойда қыс гіен көктемге келетін маусымдылығы, жас төл мен буаз жануарлардың бейімділігінің жоғары болуы.
Клиникалық белгілерден ескерілетіндері: жүйкені зақымдайтын жэне өлітиген түрлері, іш тастау, метрит жэне мастит.
Түбегейлі диагноз бактериологиялық зерттеудің нәтижесінде қойылады. Зертханаға жаңа ғана өлген малдың өлексесін, не болмаса басын (миын), үл-першек ағзаларын, іш тастағанда тастанды төлді, шарана қабын, жыныс мүшелерінен аққан сораны жібереді. Материялды глицериннің 30% судағы ерітіндісімен консервілейді не болмаса суыққа қатырып тастайды. Патматериялмен қатар бактериологиялық зерттеу үшін күдікті сүрлемді де жібереді.
Бактериологиялық зерттеу материалға сүйкелген шыныдағы жағындыны микроскоптау, қоздырушыньщ өсінін алып, ұқсас микробтардан ажырату арқылы іске асырылады. Биосынама үшін ақ тышқан, теңіз тышқаны, үй қояны қолданылады. Кортизон жіберу (жүқтырардан 4 сағ. бұрын бұлшық етіне 5 мг) ақ тышқанның листериоз қоздырушысына сезімталдығын арттырады. Үй қоянына көк тамыр арқылы жұқтырғанда қанында моноциттердің саны көбейеді. Листериоздан өлген зертханалық жануарлардың бауырында, көкбауырында, бүйректері мен жүрек етінде көптеген өліеттенген телімдер болады. Листериялардың өсінін теңіз тышқаны мен үй қоянының көзіне тамызса кератоконъюнктивит пайда болады (конъюнктива сынамасы) . Диагнозды тездету үшін люминисценциялық антиденелер эдісін пайдаланады.
Листериозға тірі малды серологиялық эдіспен (АР, КБР) тексереді. Co-нымен бірге, серологиялық тексеру жасырын микроб алып жүрушілерді де анықтайды. Кешенді эдіспен листериозға диагноз қойылған шаруашылықта малды жаппай серологшшық тексеру індеттік жағдайды толық айқындауға мүмкіндік береді.
2. 4 Ажыратып балау
Листериозды бірқатар аурудан ажырату қажет. Зілді катарлы қызба кезінде жоғары температура, кератит, ринит, стоматит байқа-лады. Бруцеллез, трихомоноз, кампилобактериоз кезінде негізінен іш тастау, шу түспеу, орхит, эпидидимит байқалады, ал листериоздың белгілері одан гөрі молырақ, олардың ішінде ең бір көзге түсетіні - орталық жүйке жүйесінің зақымдануы. Ауески ауруы аса жүғымтал келеді де, тез тарайды, ересек шош-қаның ыстығы көтеріліп, тыныс мүшелері зақымданады. Колибактериозбен (домбығу ауруы) тек қана енесінен бөлінген торайлар ауырады да, бас жағы домбығады. Ценуроз кезінде мида ценурус болады да, ауру ұзаққа созылады. Қрырықтың өзіне тән клиникалық белгілері болады, қүтырған жануар өш-пенділік көрсетеді, миында Бабеш-Негри денешіктері табылады. Листериозға диагноз қойғанда аралас инфекцияның да болатындығын ескеру қажет.
Иммунитет. Листериозбен ауырып жазылған жануарларда иммунитет қалыптасып, қан сарысуында антиденелер пайда болады. Бірақ, листериозға қарсы гипериммунды қан сарысуының, одан алынған глобулиндердің, ауы-рып жазылған малдардың қан сарысуының емдік, дауалық қасиеті жоқ, сондықтан, бұл ауруға қарсы иммунитет жасушалардьщ эрекетіне негізделген деп есептеледі. 1975 ж. бастап Қазан ветеринария институтында алынған АУФ (ультракүлгін сәуле эсер еткен А варианты) штамынан даярланған вак-цина қолданылады. Сиыр, қой, шошқа бұл вакцинамен жылына бір рет тері астына егіледі. Иммунитет 10-14 күн өткенде қалыптасып, 1 жылға дейін сақталады. Күзен мен үй қояндарында вакцинадан кейінгі иммунитеттің үзақтығы 6 ай.
2. 5 Емі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz