М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. М. Мақатаев поэзиясы
1.1 М.Мақатаев поэзиясындағы көркемдік жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2. М.Мақатаев поэзиясындағы ұлттық рух
2.1 Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы ұлттық көрніс ... ... ... ... ... .22
2.2 Мұқағали поэзиясы тақырыбындағы сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Құдіретті сөз өнері, оның ішінде поэзия XIX ғасырдың екінші жартысында Абай өлеңдері арқылы ең биік тұғырға көтерілді. Ал ХХ ғасырдың бел ортасында әдебиет есігін ашқан жас талап, жаңа буын өкілі Мұқағали жырлары да сол биікке арман сапарына яғни альпинистік заңғарға қол созып, шырқау шыңға жол тартты. Сөйтіп, Абай салған соқпақ ізімен ілгері басты. Мұқағали поэзиядағы парасаттылыққа мән бере отырып, ұлылықтан үйренуге талпынды. Әсіресе Абай парасатынан нәр алып, ұлы ақын талабына орай үн қатты.Ұлттық мұраны толықтыруға өз әлінше күш салды. Рас, Абай да, Мұқағали да тақырға түскен дән емес. Құндақтаған елдің, құнарлы топырақтың, қазыналы ортаның жемісі. Олар бай ауыз әдебиетінен жүзіп ішті, әсіресе шешендік өнердің шеберлігін меңгерді, философиялық тереңдігін игерді. Жыраулар поэзиясының өткірлігі мен өршіл рухын бойына сіңірді, тың сонарларын шалды. Яғни халық даналығының небір нәрі мен дәнін жинады. Өскелең орыс әдебиетінің озық үлгілерімен, әлем классиктерімен талмай танысты, Одаққа танымал таңдаулылардың суреткерлік қабілет қарымдарынан, әдеби әдіс-тәсілдерінен үйренді. Ғаламдық деңгейде дүние танымдарын жетілдірді. Өздеріне дейінгі мықты білім қорымен қаруланды. Заманның өнегесі неде, өріссіздігі қайда екендігін ажырата білді. Соған сәйкес ащы шындығын да айта алды. Шындықты айту қашанда қиын екендігін аңғарды.
Мұқағали - советтік құрылыстың, коммунистік қоғамның дүркіреген дәуірінде еңбек етіп, тіршілік етті. Кезінде кереметтей дәріптелген, "күні күлімдеген, жұлдызы жымыңдаған" дейтіндей "аса прогрессшіл қоғам" саналған кеңестік жүйенің бітім болмысы туралы жазылуға, жырлануға тиіс кезеңде өмір сүрді. Сол ыңғайда ақынның шеңберден шыға алмағаны, ақ тиындай шығырда шыр айналғаны байқалады. Бостандық, теңдік, еркіндік деген ұғым-түсініктердің аясы тарлығы танылады. "Неге бұлай?" деген ақын түйткілі түсіндірілмеді, жауапсыз қалды. Бір елі ауызға екі елі қақпақ қатар әрі қатаң қойылды. Соған қарамай адам баласын, азаматтық қоғамды мұқият зерттеп, жеке басының мұң мен шерін, шаттығы мен бақытын халық мүддесімен қабыстырып, ұлттық сипатқа жеткізе білді. Рухы күшті рухани қазына жасады. Мұқағали жырлары қарапайымдылығымен қасиетті, дәлдігімен дәмді, ой-ырғақ еркіндігімен ерекше, "тілге жеңіл, жүрекке жылылығымен" құрметті де құдіретті.
Мұрат Мұқағали өлеңдерінің рухани астарына үңіліп, рухани күші мен құдіретіне талдау жүргізу, эстетикалық, этикалық тәліміне ден қою, поэма, дастан, толғауларының тарихи-танымдық ұстанымдарына, тәрбиелік, тағылымдық мәніне көңіл бөлу, көркемдік - шеберлік иірімдеріне үңілу.
Ал 1975 жылы 26 қаңтарда: "Айналып келгенде, поэзияда рух үлкен роль атқаруға тиіс. ... Кімде рух болмаса, ол поэзиядан аулақ жүруі керек..." [11.], - деп жазады. Шындығында оқырманға күш - қайрат сыйламаған, жан - жүрегін баурамаған, ашындырып - тұщындырмаған өлең түкке алғысыз. Оның бәріне жетекші асқақ та адуынды ақын рухы ұлттық сипатында деген үлкен тұжырымға келіп тірейді. Ақыры 1976 жылы 14 ақпанда " ...Мен өзімнің "менім" арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы - бәрі осында. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. Сонымен достар, бүкіл менің жазғаным - бар-жоғы бір ғана поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма. Егер нанбасандар, барлық өлеңімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Естерінде болсын, әрбір өлеңім өз орнында тұрсын. Яғни жылына және бойына қарай, содан соң көз алмай оқыңдар. Сюжетіне көңіл аудармай-ақ қоюларына болады, ал композициясы мен архитектоникасына зер салыңдаршы. Егер мені содан таппасаңдар, онда ақын болмағаным" [11.40-41 б ] деген екен ақын. Міне бұл айтылғандар біздің зерттеуімізге үлкен көмекші, қадау-қадау сілтемелер. Ақынның шығармашылық жағрафиясын горизанталь да, вертикаль да жағынан алдыға жайып салып отыр. Ендеше одан біз өз керегімізді инемен құдық қазғандай іздеп көрелік.
М.Мақатаев поэзиясындағы көркемдік жүйенің бір парасы өзі өмір сүрген кездегі ауыл, ел тіршілігі, ұлттық мінез, ұлттық психология, табиғат көріністерінің көркем бейнесін жасауға негізделген. Ұлттық сипат кейіпкердің түр-түсімен, киім киісімен, сөйлеген сөзімен анықталмайды. Бұл сырт көрініс, ұлттық мейрам Наурыз мерекесінде қазақы шапан киіп, басқа халық тілдерінде сөйлеген бауыр-туғандарымыздың сұр - сықпыты, міне, осы сияқты. Мәселе ұлттың дамуының әлеуметтік, экономикалық және тарихи ерекшелігіне дүниетанудағы көзқарасына, сезудегі ұлттық психологиясына байланысты. Әрі ұлттық ерекшеліктерді бірыңғай ұнасымдылықтан, жақсы қасиеттерден іздеу де оғаштық. Яғни ол жаман қылық пен қасиеттерде де жатуы әбден мүмкін. Қысқасы, ұлттық сипат тарих көшіне ілесіп дамып, жаңа реңге ие болып отыратын құбылыс.
Зерттеу мәселесі. Ұлттық сана - біріншіден өз халқын, ұлтын сыйлайтын ыстық ықылас пен сергек сезімнен туады. Екіншіден, елінің, халқының ұлттың өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп халық тағдырына, ұлт мәселесіне елдік, мемлекеттік тұрғыдан қарайтын саналы, салихалы ойдан туады. Бұл ретте ұлттық сананың жасаушысы, сақтаушысы, қорғаушысы әрқашан да ұлттық интеллигенция, зерделі авангард топ зиялы қауым, әсіресе ақын-жазушылар. Абайда: "Қыранша қарап Қырымға, мұң мен зарды қолға алып, кектеніп надан зұлымға, шиыршық атып толғататын" Шоқан, Ыбырай, Шәкәрім, Әлихан, Ахмет, Мағжан, Халел, Мыржақып, Жүсіпбек, Мұстафалар сияқты ұлы ойшылдар ғана ұлттық сананың негізін салып, ірге тасын қалайды. [12.572-576 б]. Бұлар халқының өткеніне қиналған, қазіргісіне қынжылған, келешегінен үміттенген.
Дәл осындай шығармашылығында ұлттық сипаттар басым қазақ ақынының бірі - Мұқағали Мақатаев. Әр кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы аға буынның жеткен жерінен бастайтындығын ескерсек, Мұқағали да Абай мұрасын құран хадистеріндей құлағына құйып өскен өрен. Абай поэзиясының түп тамыры өмірде, ұлттық негізде, тарихта екендігін жете зерделеген Мұқағали оны игеріп қана қоймай дамытты, жемісті үрдістермен жетілдірді. Сөйтіп дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын туғызды. Бұл бұрын да бар, алда да жалғасын табар құбылыс. Жалпы көркем әдебиет, өнер аса сындарлы тәрбиеші. Ата-анадан да, ұстаздан да өткін ұлы тәрбиеші - әдебиет, оның ішінде - поэзия. Тәрбиелік роль атқармаған өнер тұл.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Мұқағали поэзияның ерекшілігі, отаншылдық рухы туралы мағлұмат беру.
Зерттеу нысаны. М.Мақатаев поэзиясы
Зерттеу пәні. М.Мақатаев поэзиясының педагогикалық негіздері
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер оқушыларға М.Мақатаев поэзиясын оқытып таныстырса, балалардың бойында ұлтшылдық, отаншылдық рухы қалыптасады.
Зерттеу міндеттері:
1. М.Мақатаев поэзиясының зерттелуін қарастыру;
2. Ақын өнерімен халық өмірінің арасында байланысты анықтау;
3. М.Мақатаев поэзиясының тәрбиелік мәні.
Жетекші идея. Мұқағали өлеңдерінің рухани астарына үңіліп, рухани күші мен құдіретіне талдау жүргізу;
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Тәрбие жұмыстарында көмекші әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасы Білім заңы, оқыту мазмұны бойынша тұжырымдамалар, оқулықтар теориясы, философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер.
Зерттеу әдістері. Ғылыми әдебиеттерден, М.Мақатаевтың еңбектерінен деректер жинақтау.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең - ізденіс кезеңінде зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерді жинақтау және оларды оқып-үйрену, зерттеу мәселесінің қазіргі кездегі хал-ахуалын анықтау істері жүргізілді, оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық - әдіснамалық талдау жасалды, архив материалдарын жинастыру, қорытындылау. Жинақталған материалдарға құрылымдық талдау жүргізілді. М.Мақатаевтың өмірі мен еңбектеріне тоқталып, поэзияларының ерекшелігі анықталды.
Екінші кезеңде - алынған материалдары сұрыптап өңделді. Оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеуде М.Мақатаевтың поэзияларын қолдану арқылы көптеген жұмыстар жүргізілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеу барысында қолданылған әдістер оңтайлы әсер етті. Зерттеуден алынған мәліметтерді педагогикалық тәжірибеде қолдану оқушылардың отаншылдық қасиеттің артқандығын көрсетті.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен , қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. М. Мақатаев поэзиясы
1.1 М.Мақатаев поэзиясындағы көркемдік жүйе
Өзінің жан дүниесін ақын: "Айналып келгенде, поэзияда рух үлкен рөл атқаруға тиіс. ... Кімде рух болмаса, ол поэзиядан аулақ жүруі керек..." , - деп ашса, ол оның поэзияға қаншалықты талап қоя білгендігінің бір белгісі. Шындығында оқырманға күш - қайрат сыйламаған, жан - жүрегін баурамаған, ашындырып - тұщындырмаған өлең түкке алғысыз. Оның бәріне жетекші асқақ та адуынды ақын рухы деген үлкен тұжырымға келіп тірейді. М.Мақатаев поэзиясындағы көркемдік жүйенің бір парасы өзі өмір сүрген кездегі ауыл, ел тіршілігі, ұлттық мінез, ұлттық психология, табиғат көріністерінің көркем бейнесін жасауға негізделген.
Әр кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы аға буынның жеткен жерінен бастайтындығын ескерсек, Мұқағали да Абай мұрасын құран хадистеріндей құлағына құйып өскен өрен. Абай поэзиясының түп тамыры өмірде, ұлттық негізде, тарихта екендігін жете зерделеген Мұқағали оны игеріп қана қоймай дамытты, жемісті үрдістермен жетілдірді. Сөйтіп дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын туғызды. Бұл бұрын да бар, алда да жалғасын табар құбылыс. Мұқағали поэзиясы - ұлттық сананы сілкіп оятатын қуатты дәру, жан - жүйеңе ізгілік нұрын шашатын энергия көзі. Құт-береке құюшы құндылық. Оны қара өлеңнің қарымы, мол мүмкіндігі арқылы танытып отырады. Қара өлең - Мұқағали үшін - қазына кені. Ананың ақ сүті, әкенің жасындай арқылдаған жігері, қайрат -күші.
Қалқам!
Мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Бұл шынайы елжандылықтың сөзі, асқақ патриотизм үлгісі, кең- байтақ елге дабысы кетіп, әлемді тамсандырған орыстың поэзия орбитасында күн нұрындай шұғыла шашқан Лермонтов, Пушкин, Есениндердің атақ-даңқын ардақтағанмен, абыройын дара қойғанмен, құлдық ұрып қол қусырмайды, табынып тәңіріне баламайды. Қайта оның есесіне қара өлеңді биік ұстайды, құдіретті рухқа, ұлы ұстазға балайды. Оның түпсіз терең, сұңғыла сыры бар. Ол қарапайымдылығында, бейнелеушілік мүмкіндігінде, шеберлігінің шексіздігінде, даналыққа суғарылғандығында. Қара өлеңнің күйсандығын ойнай білген, сөйлете алған жан ғана даласына тартып туған перзенті болмақ. Бұл әрі ұлттық сананың сырына қанықтырып, сиқырына үңілту. Сондай-ақ көне мұраға деген көзқарас. Қазақ өлеңіне ревизия жасаймыз, өлең өрнегіне өзгешелік ендіреміз, жаңалық ашамыз деп даурыққандарға тойтарыс бере отырып, анайылыққа барудан, тұрпайылыққа ұрынудан сақтандырады. Әр ақынның өлеңі халықтың жүрегіне жол тартатын қара өлеңдей сіңімді, ойға орнықты, өміршең болумен қатар қазақтық қанмен, ұлттық намыспен, ұлыстық нәрлі сөлмен жазылуын нұсқағандай. Өзіндік концептуалды көркемдікті көктен іздемей дәстүрлі жырдың ағысынан табуды көздейді.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.
Қазақтың қарапайым қара өлеңі - қас шеберліктің үлгісі. Оның авторы - халық. Ол сан ғасыр жасап, сап алтындай сараланған, сан ұрпақтың елегінен өтіп өңдеуін көрген, сұрыпталған дүние. Ол ақындықтың әліппесі, айтыскерліктің аренасы. Осы қара өлеңнен қанаттанған, халықтық мектептен дәріс алған Мұқағали өзін абыз халқының алдында ақынмын деп айтудан жасқанады, ізеттілік сақтап именеді. Мұқағали өлеңінің нанымдылығы, құпия құлпылануы әсіресе соңғы қос жолда "Күпі кию" - қазақтық белгінің тайға басылған таңбасындай көзге ұрады да ұлтымыздың түр-тұлғасынан хабар береді. Кешегі бітім- болмысы күпімен кескінделсе, бүгінгі түр-сипаты шекпен киген қалыпқа сыйып қазақ табиғатын тануға мол мүмкіндік беріп тұр.
Ақынның "Отыз бесінші көктемім" өлеңі бір қарағанда 35 жылдық өмірдің күз, қыс, көктем, жаз белестері мен елестерін шолып өткен есепті түйіндеу болса, екінші жағынан ұлттық сананың алауына ұсталған, шұғыласына малынған өлең.
Мені жұрт: "Жақсыдан қалған көз", - дейді,
"Жақсыдан қалған сөз", - дейді.
Ақымақ болсаң төзбейді,
"Хайуан" дейді, "ез" - дейді.
Қақым жоқ жаман болуға,
"Мені жақсыдан қалған көз", -
дейді деп, әркімнің адамдық менін, тектілігін оятады. Мұнда ата-тектік, ұлттық, асылдық қасиеттерден айырылмауға үндеумен бірге, жеке бастың өнегелік-үлгілік үрдісін эстафета таяғындай берік ұстауға, ген арқылы берілетін қазақтық қағиданы көздің қарашығындай сақтауды міндеттейді. "Болар елдің баласы - он бесінде баспын дейтін" еті тірілікке, қағылездікке, "болмас елдің баласы жиырмасында жаспын дейтін" еркетотай енжарлықты қарама-қарсы қойып, кері кетушіліктен сақтандырып саналылыққа жетелейді.
Тіршілікке еніп, өмір көшіне ілескен соң өз ортасында орны бар ірі болуға, білімнің шыңына шығуға, іскерлік пен өнер-ғылым қууға, елінің намысын жыртып тұғырын биіктетуге үлес қосқанға не жетсін? Лирикалақ кейіпкер 35-ті аз ғұмыр деп отырған жоқ, қазақтың ұғымындағы орда бұзар, дүниені дүр сілкінтер, аймағына аты кетер жас екенін ұғынып отыр. Сондықтан өмірден ойып тұрып орын алуға, қашап тұрып жыр жазуға құлшынулы. Өзіне есеп беріп, алды - артын болжауы, өлшеніп берген өмірді қиқымдап, өткізіп алмауға тырысуы саналы жанға ой саларлық. Заңды орнына таласуы. Абай айтқан "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қаланмен" идеялас. Бұл өнер, өлең мұратындағы дәстүрлі жалғастық.
Мұқағали Мақатаев - жырлары поэзия майданына аттанған жас талапкердің де, өлең әлемінде өз қолтаңбасын тапқан ақын-жазушының да, әдебиет зерттеушілерінің де назарын көп аудартқан дара суреткер. Жыл өткен сайын ақын поэзиясына үніліп, оның нәрін сезініп, қуат алушы ұрпақ қатары артпаса толастамауда. Ақын поэзиясына мұндай қуатты дарытқан жай жырларының өмірдің өзінен өрбіген шынайы сезім мен шындықтан өрілуі болса керек.
Қырық бес жыл өмір сүріп, артына өшпес із қалдырған ақиық ақынның мұралары әр ұрпақ келген сайын, заман алмасқан сайын таңғажайып дара тұлға жаңарып, түлеп келе жатқандай.
Мұқағали - қазақ халқының әлеуметтік, ұлттық психологиясын жақсы білгендіктен ол әрдайым саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты тез өзгеріп отыратын қайшылықты, қарама-қарсы қоғамдық құбылыстардың куәгері болған. Өйткені ол халықтың қалың ортасында тәрбиеленген, халықпен етене араласқан үлкен азамат. Жақсылық пен жамандық, барлық пен жоқтық сықылды бір-біріне ымырасыз күштер текетіресе түсіп, тайталасып, арпалысып жатқанын көрген ақын оны жырларында шынайылықпен көрсетті. Ол өз ұлтының қасиетті тамаша дәстүрін, ұлттық психологиясын, өзіндік өрнек-бояуымен ерекше жырлады. Ақын өнерімен халық өмірінің арасында нық байланыс бар екені оның өлеңдерінен анық көрінеді.
Шын мәнінде ақынның өнерінде халық даналығының таңбасы бар. Демек, өнердің жасампаз күші оның халықтан туып, халық қажетіне жарауында жатыр. өз шығармалары арқылы ақын әдебиеттің халықтығын ту ғып көтерді; поэзия бәрінен бұрын, халық өмірінің айнасы болуын, поэзияда, бәрінен бұрын халықтық мәні бар келелі шындықтардың суреттелуін көкседі.
Қолаң қара шашың-ай күн қақтаған!
Қос бұрым-ай жотаңда бұлғақтаған!
Қарғам, сенде жерімнің иісі бар-ау,
Жер иісі жұпардан қымбат маған! -
деп толғайды бір өлеңінде. Яғни оның халқын сүюі табиғатынан, қанынан, бар болмысынан туады. Бұл ақынның туған топырағымен тұтастығын танытады.
Қазақ поэзиясындағы дәстүрлі тақырыптардың бірі - туған жер, оның бауырында өткен балалық, атамекеннің тағдыры, оған деген сүйіспеншілік екені белгілі.
Мұқағали Мақатаев - туған жерінің суретін бейнелеуде өзіндік өрнек таныта, өзгеше поэтикалық әлем аша жырлайды. Табиғат аясында туып-өскен әрбір ақынның сол тақырыпқа қалам тартпауы мүмкін емес. Туған жерді, оның әдемі табиғатын жырлау - барлық ақынның перзенттік парызы. Қазақ даласының табиғатын Мұқағали пәк, таза күйінде көргісі келеді. Адам мен табиғатты ол тұтастықта таниды. Табиғат та адам сияқты кейде көңілді, кейде мұңды. Соған лайық ақын да оны әр-күйде суреттейді. Бірде ол дала бетін жапқан жібектей жасыл шөптер мен асқар тау, балдан тәтті сулар көрсе, кейде сол даладағы бабасы өскен Кеңбұлақты ғасырлардан оралған көштерге теңейді. Кейде сарғайған сары белін сәулелі лағылға теңесе, енді бірде сол даланың соққан самалынан таңдайына қымыздың дәмі келген.
Жаралған жан емеспін басы бөтен,
Туған жер, топырағыңды басып өтем.
Кеудемде қатып қалған бірдеңе бар,
Кім білсін, туған жердің тасы ма екен?!
Ақынның ойы да, сезімі де еркін, сыршыл, нәзік мұңды көңіл-күйі аралас жүреді. Ақын көлгірсімейді, ағынан жарыла шынын айтады. Сезім мөлдірлігін, үлкен шеберлікті, суреткерлікті танытатын мұндай өлеңдер Мұқағалида мол.
1.2 Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармалары
ХХІ-ғасырдың алғашқы он жылын артқа салдық. Биылғы 2011 жыл - қазақ поэзиясы үшін есте қаларлық, кейін мол жемісін берерлік серпіліс жылы. Өйткені бұдан 100 жыл бұрын қазақтың қара өлеңіне өзгеше түр, ерекше екпін әкелген хас талант Қасым Аманжолов туған. Ал осыдан сексен жыл бұрын қазақ жырының бұрын көрінбеген жаңа қатпарларын ашып, қара өлеңді әрбір қазақтың сырласына, мұңдасына айналдыра білген қыран қанат тау ұлы Мұқағали ақын дүние есігін ашқан. Қазір асыл сөзді ардақтап, қара өлеңді қастерлеген әрбір қазақ Қасым деп дем алып, Мұқағали деп тыныстайтын күнге жеттік. Бұл да болса, еліміз тәуелсіздігінің, жеріміз бүтіндігінің, рухымыз біргелігінің белгісі. Құдайға, мың да бір тәуба!
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім, -
деп жырлаған Мұқағали ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.
Қазір оның туғанына сексен, дүниеден озғанына 35 жыл өткен кезде, ой көзімен қарасақ, қазақ поэзиясы дегенде, Мұқағали есімі бірден ауызға ілінетін, көз алдымызға шашын артқа қайырған тау тұлғалы ақын бейнесі елестейтін, тіпті оның сонау жиырмасыншы ғасыр қойнауында жазып кеткен мұңды, сырлы жырлары тілге бірден оралатын күнге де жеттік. Ақын рухы - ұлт рухының ажырамас бөлшегі. Қазақ қазақ болғалы ұрпақ жадында өзіне өзі сөзден ескерткіш сомдаған біртуар ұлылар бар. Данышпан Абай, абыз Жамбыл, отты Махамбет, жұлдыз Сұлтанмахмұт, тұңғиық Мағжан, Құлагер Ілияс, дауыл Қасым сияқты тұлғаларымыздың асыл ой, жауһар сезімге суарылған жырлары қазақ халқының рухани әлемін байытқан үстіне байыта түсті.
Солардан кейін қара өлеңнің көш керуенін қара нардай алға сүйреген биігіміздің бірі әрі бірегейі Мұқағали екендігі Ай мен Күндей ақиқат.
Сонау бір 1931 жылдың басында Нарынқол өңірінің ескі Қарасаз ауылында дүние есігін ашқан Мұхамедқали Сүлейменұлы Мақатаев - қазақ поэзиясының басына қонған бақ екенін ол кезде ешкім де білмейтін. Осы тұста ақынды дүниеге әкелген асыл ана Нағиман апамыздың бір сұхбатта берген жауабындағы мына сөздер ойға оралады: Мұқағалиым 1931 жылдың наурыз айының сегізінде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан екі апта кейін Наурыз тойы болады деп күтіп отырғанбыз. Ал құжатта қалайша ақпанның тоғызы деп жазылғанын білмеймін, - дейді. Демек ресми аталып жүрген 9 ақпан ақынның туған күнін нақтылау да келер күндер еншісінде.
Мұқаңның атын нағашысы Бизақ қояды. Мұхаммед пайғамбар мен пайғамбардың төрт шадиярының бірі - Әли сияқты қасиетті қос есімнен құралған атты иеленген бала тегін азамат болмас, - деген ырыммен қояды. Кейін жеңгелері айтуға оң-айландырып Мұқағали атап кеткен екен.
Ақынның әкесі Сүлеймен 1941 жылы 29 желтоқсанда қан майданға аттанып кете барады. Үш айдан кейін хабар-ошар біржола тоқтайды. Бала Мұқағали өзі де қиын кезеңдегі жетімдікті бастан кешіреді. Әжесі Тиын мен анасы Нағиманның тәрбиесінде жетіліп жатқан оның алғашқы өлеңдерінің тууына да өз әкесіне деген балалық сағынышы себеп болады. Қазір ескі Қарасазда орны ғана қалған, мұражайда сызба жобасы тұрған шағын лашық үйде Мұқағалидың балалық шағы өтеді.
Әкесі Сүлеймен өз қолымен салған сол там туралы:
Мен өскен лашық - бір бөлме,
Бір бөлме - маған мың бөлме.
Хан тағы қараң қалатын,
Босағаңды аттап кіргенде, - деп туған үйдің құдіретін жырға қосқан да болатын. Алғашқы өлеңдерінің куәсі де сол бір өзен жиегіндегі көзінің қарасындай қымбат қоржын там да қазақ поэзиясының тарихына еніп кеткенін сезер ме екен ақын жүрегі.
Мұқағали Мақатаев - ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын. Өзінің көзі тірісінде Ильич, Армысыңдар достар (1966), Қарлығашым келдің бе? (1968), Мавр (1970), Шөп жапырақтары, Сонеттер, Құдіретті комедия, Дариға жүрек (1972), Аққулар ұйықтағанда (1974), Шуағым менің (1975), Өмір-дастан (1976) секілді барлығы 11 кітабы жарық көріпті. Олардың әрқайсысында таңдамалыға ұялмай ұсынатын ғажайып жырлар орын алған. Қолда барда алтынның қадірі жоқ, - деп қазақ атамыз тегін айтпаған. Қазіргі айтылып, жазылып жатқан астатөк мақтау, марапат сан алуан естеліктердің ол кезде бір де біреуі жоқ еді. Тек тарих беттерін парақтағанда, көзге ілінетін кейбір деректерді бүгінгі үлкен тойдың мінберінен ерекше тоқталып айту біздің парызымыз. Мұқаң 1948-49 жылдары ҚазМУ-дың заң факультетінде, Алматы шет тілдер институтында, 1973-74 жылдары Мәскеудегі Әдебиет институтында оқыған. Оның Қырман басында, Қойшы бала Әкітай өлеңдері алғаш рет Нарынқол ауданының Советтік шекара газетінде 1949 жылы жарық көрген. Талапты жігітті арнайы іздеп барған, газетке жұмысқа алған сол кездегі редактор, қаламгер Әлнұр Мейірбеков ақсақал болатын. 1951 жылы бір топ өлеңдері Қасым Аманжолов құрастырған Жастық жыры ұжымдық жинағына енді. Мұқағалидың Әдебиет және искусство (қазіргі Жұлдыз) әдеби журналының 1954 жылғы № 6 санында Біздің жақтың іңірі, Әкем туралы сөз, Хат атты үш өлеңінің жарық көруі - республика көлеміне танылуындағы алғашқы белестерінің бірі.
Ақын талантын алғаш бағалаған, таныған Әбділда Тәжібаев екендігін де жұрт біледі. 1960 жылы 18 наурызда Қазақ әдебиеті газетінде ақын өлеңдеріне жазған кіріспе сөзінде: Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма? - деп ағынан ақтарылды.Әбекеңнің дуалы аузымен айтылған осынау жылы сөз, дәл баға Мұқағалидың абыройын аспандатып, биікке бірден көтеріп жібергендегін замандастары қазір де еске алып отырады. Мұқағалидың талантын танып, ағалық қамқорлық көрсетіп, Социалистік Қазақстан газетіне қызметке алдырған ақжүрек жазушы-журналист Жекен Жұмаханов есімін де құрметпен атау ләзім. Ал енді ақынның көзі тірісінде алған ақиқат бағасы 1969, 1972 жылдары екі мәрте аса білікті де білгір жазушы Әбіш Кекілбайұлының тарапынан айтылған екен. Өзінің Дәуірмен бетпе-бет атты кітабында осыдан аттай қырық жыл бұрын, Әбіш аға былай деп ақиқатын жазды: М.Мақатаев бұл салада ұзақ ізденді, ұзақ еңбектенді. Ашық бояулы, анық үнді іргелі талант екені тағы даусыз. Бірақ, осыншама орасан еңбектің нәтижесі неге бұлай?
Мен М.Мақатаевтың әр жаңа поэмасын оқыған сайын осындай ойға қалушы едім. Сол сауалдың жауабын ақын-ның кейінгі екі лирика кітаптарынан таптым.
Поэзия - адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнелен-бей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; ақынның өзге жұрттан артықшылығы - бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні.
Бұл - ақынның табиғаты. Өлең ең әуелі тап осындай табиғаттан жаратылса керек, ол сонда ғана табиғи; әйтпесе, жазып отырған кісінің өзін-өзі күштеуінен туған шығарма оқушыны да тебірентпейді.
М. Мақатаевтың Қарлығашым, келдің бе? кітабындағы махаббат жырлары сезім жалаңдығынан, парықсыздықтан атымен аулақ, өзек өртердей оттылықтан шынайылықтан тұратын шығармалар.
М. Мақатаевтың махаббат лирикасын оның жалпы, суреткерлік тенденциясынан, былайғы творчествосынан бөлек қарау орынды болмас еді. Олар да - шын мәніндегі асқақ азаматтық дауысқа ие жырлар.
М.Мақатаев - адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның туған ауылына, Алатау табиғатына, сүйген жарына, аяулы әжесіне, балаларына, достарына, сағынышты махаббатына - баршасына арналған өлеңдері де шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған жырлар. Олардың бояу әлемі мен әуен-сазы да ақын көкірегінің толғаныс-тебіреністен жасаған; бәрі де адамның өз дем, өз тынысындай шынайы, табиғи. Мұнда әккі қасапшының пышағындай жаланған жалаң техника жоқ, өмір мен соған елтіген көңілдің қас-қабағын баққан үйлесімді шеберлік бар. Әдетте ішінде жақсы өлеңі көп кітап көп те, ішінде бірде-бір жаман өлеңі жоқ жыр кітаптары аса сирек ұшырасады. М.Мақатаевтың Қарлығашым, келдің бе? жинағы сондай айда-жылда бір ұшырасатын аса сиректің бірі.
Жалпы Мұқаңның көзі тірісінде осындай ақадал пікір білдіріп, талантты танып, оның жақсылығын айтып нұрын тасытқан Әбіш ағаға біз, бүгінгі ұрпақ, қашан да алғыс айтуға тиіспіз. Мұқағалидың бүкіл шығармашылығына берілген зор бағалардың бірі де осы болса керек. Өйткені оны ақын көзі тірісінде оқып, қанаттанған, шабыттанған шығар. Өзі туралы мұндай бағалау сирек болғанмен, Мұқағали өзінің қазақтың аса дарынды ақыны екенін, өзінің ешкім аласарта алмайтын биіктігін білген. Бұл оның көзін көргендердің айтқанынан түйсінгеніміз, өлеңдерінен түйгеніміз.
М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ол дүниеден озғалы бері тоқтаусыз айтылып та, жазылып та келеді. Бірнеше ғылыми диссертациялар қорғалды. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті, қазақ поэзиясы хақында сөз болғанда, Мұқағалидың өлең, дастандарына соқпай өту мүмкін болмай қалды. Ақын жырлары мектеп, жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларынан ойып тұрып орын алды.
Оның өзі қайтыс болғаннан кейін Өмір-өзен (1979), Бәсіре (1981), Соғады жүрек (екі томдық) (1982), Шолпан (1984), Жырлайды жүрек (1989), Күнделіктері (1991), Үш томдық шығармалары (1991-1993) Жылап қайттым өмірдің базарынан (1994), Қарасаздан ұшқан қарлығаш (1999), Аманат (1999), Төрт томдық шығармалары (2002) кітаптары жарық көрген сайын Мақатаев поэзиясы оқырманмен етене жақын қауышып, әр қазақтың сырласына айналды.
Өзінің Күнделігінде ақын 1976 жылдың 14 ақпанында былай деп жазыпты :
- Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамау-ларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай. Жалған күйініш, жалған махаббат пен қуаныш, өтірік патриотизм және тағы-тағылар поэзияның жаулары. Көпшіліктің көңілін аулау үшін, рухыңның ыңғайын табу үшін жазу керек. Әрбір жазатын адам оқырманды күлдіріп абыржыта алады (бәрі оның шеберлігіне байланысты), бірақ оның жанына кіріп, есіңде мықтап қалу үшін барынша ашық, сезімтал әрі түсінікті болу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz