Жас ұрпақтың дүниеге көзқарасын қалыптастырудағы ұлттық ойындардың, өнердің және ертегілердің мәні


ҚАЗІРГІ ЗАМАН ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы: Жас ұрпақтың дүниеге көзқарасын қалыптастырудағы ұлттық ойындардың, өнердің және ертегілердің мәні
Қабылдаған: Аширбекова Г. Е.
Орындаған: Джолдинова А. К.
Қарағанды қ.
2012ж.
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
2. Өлеңдердің тәрбиелік мәні
3. Ертегілердің тәрбиелік мәні
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер 12
Кіріспе
«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
творчествосыз, фантазиясыз толық
мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды»
Ұлы педагог В. И. Сухомлинский
Балаға тәрбие берудің мүмкіндіктері ретінде салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, поэтикалық мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, ертегілер, жұмбақтар, жыр-дастандар және ұлттық ойындар, ата тек шежіресі, діни ілімдер, дүниетанымдық озық ой-пікірлер және т. б. ұтымды пайдаланған.
Ұлттық тәрбиенің басты құралы ауыз әдебиеті және дала даналарының тәлімдік өнегелері - қазақ этнопедагогикасының теориялық алғышарттарының негізі болып табылады. Бала тәрбиесін заттың атын атап, сан үйретуден бастаған қазақтың ұлттық тәліміндегі ерекшеліктер сол ұлттың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи және табиғи жағдайларына байланысты. Балаға сан үйретуді, тіл ширатуды, мақал-мәтел үйретуді, тақпақ жаттауды игі әдетке, одан әдепке, әдептен дәстүрге айналыдырып, қазақ халқы «тілашар» дәстүрін қалыптастырған. Қалыптасқан тілашар дәстүрі бойынша қазақ ұлты баланың бес жасқа дейінгі тәлім-тәрбиесін осы тілашар дәстүрімен байланыстырған. Тілашар дәстүрі баланың шілдехана тойы, бесікке салу, тұсау кесер рәсімдерінен басталып, бөбектің тілі шыға бастағанда оған сан үйрету, жаңылтпаштар айтқызу, үш жастан бастап тақпақ айтқызу, ән үйрету, дарынын дамыту рәсімдері орындалған.
М. Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады.
1. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т. б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т. б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлы педагог В. И. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К. А. Покровский, А. И. Ивановский, Н. И. Гродеков, Е. А. Алекторов, Ә. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф. Лазаревский, П. П. Пашин, Г. С. Запряжский, А. Шиле, А. Харунзин, А. Горячкин, П. Ходыров, Е. Букин, О. Әлжанов, т. б. болды делінген.
Е. Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. М. Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Балғымбаев, Ә. Бүркітбаев, т. б. есімдерін атауға болады. Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б. Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген. Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Ә. Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа - спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады. Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А. Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады. Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын ашып көрсетеді.
Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М. Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т. б. құндылықтарға мән берілуі - халық данышпандығының белгісі.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.
2. Өлеңнің тәрбиелік мәні
Тәрбиенің қалыптасып дамуына халық шығармашылығы орасан зор роль атқарды. Халық шығармашылығына ауызекі поэтикалық, музыкалық, сәндік-қолданбалы өнер түрлері енеді. Онда қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық бауырмалдық, туыстық, достық, жодастық сезім, туған жерге, елге сүйіспеншілік, ұлттық намыс, ата-баба дәстүріне сыйластық көзқарас, ұлттық өнерді құрметтеу, сақтау, отансүйгіштік сынды құнды адамгершілік қасиеттер дәріптеледі. Жеткіншектердің жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей ықпал еткен тәрбиенің негізгі құралдары - халық шығармашылығының тәлімдік тағылымдық мәні.
«Өнер өрге бастырады»деп халық көркемөнерді жоғары бағалайды да, « ақын - елдің еркесі», « шебердің қолы ортақ», «күйші -қиялды, биші-зиялы» - деп, өнер адамдарын ардақтайды.
Музыка өнерінің әсем үлгілері халық күйлері мен халық әндері арқылы кеңінен танымал. Халық күйлері домбыра, сыбызғы, қобыз, сырнай, жетіген, шаң қобыз, аса таяқ, сылдырмақ, т. б. құралдар арқылы орындалады.
Ән -би -сауықшылардың өнері ғана емес, теңдік пен туыстыққа тартатын өнегелі өнер. Ән-би сауығы қысылып- қымтырылудан арылтатын, еркіндікке еміренушілік, әркімнің қырағылығы мен көрегендігіне демеушілік ететін ашық өнер, оның қызбалы түрі. Мысалға, әнші мен биші, қалжыңқой не айтамын десе де, аңшы нені атамын десе де өз еркінде еді. Ән - би - қуаныш пен жұбаныштың бейнелі тілі. Өнер тілімен орындаушы мен көрермен, жеке мен көпшілік өзара түсінісе де, таныса да алады. Мұның бәрі де, біржағы, сыртқы көріністерге ұқсайды, біржағы өзіндік кемшілікті жеңудің, өзіндік табысқа жетудің амалды әрекетіне жатады. Осындай белсенділікке қазақтың балалары ерте араласқан. Ойын- сауықтарға белсенділік- мінездегі кемшілікке, жеке адам мен қоршаған ортадағы келіссіздікке қарсылық, сондай-ақ бойдағы ебедейлікті көрсетуге шек қоймайды.
Түптеп келгенде, ән-би, ойын-сауық
Өнерпаздық - ұқыптылық пен ынталылық нәтижесi, тәртiптiлiк пен қабiлеттiлiк көрiнiсi, халықтың болашақ дамуының кепiлi. Онда рухани жетiстiктер iрiктелiнедi, құндылықтар қолдау табады. Өнерпаздарда бостандыққа деген сүйiспешiлiк, кiсiге деген кiшiпейiлдiлiк, ертеңiне деген сенiм, бiлiмге деген құмарлық басым. Өнерпаздар өз ырқымен киелi қасиеттердi көпке таратады, жекенiң өтiнiшiн көпшiлiкке жеткiзедi. Өнерпаз өтiнiштен бас тартпады, шамасы келгенше көңiлден шығуға тырысады. Ойы мен еркi, пайымдауы мен парқы, денелiк шапшаңдығы мен шеберлiгi үйлескен жандар ойын-сауықтың бас кейiпкерiне айналады. Өнерпаз өрескелдiктi қабылдамайды, бұйрыққа жүрмейдi. Жаны таза, рухы биiк, денесi шымырлар ғана ойын-сауықтың беташарына жарайды, ойын тәртiбiн сақтады. Өзiн ұстай бiледi, бақылаулы және бақылаусыз кеңiстiктi ажырата алады. Бақылаудан тыс қалмайды, бiреудiң жетегiне жүре бермейдi. Ойынның бiр түрiнен қанағат таппаса, қызықтыратын басқа түрлерiне ауысады. Мұндай еркiн таңдауда мәселе де, қарсылас та, тәртiп түрi де өзгерiп, жаңарып отырады. Үлкен мұрат үшiн тер төккен өнерпаздан халық сый-құрметiн аямайды, өнерпаз да еңбегi мен талантын құрметтегендi жақсы көредi. Құрмет көңiл ашады, шабытына шабыт қосады.
3. Ертегілердің тәрбиелік мәні
Бала санасында тәрбиелік ықпал етуде ертегілер ерекше орын алады. Қазақ ертегілерін ең алғаш зерттеп, жинақтағандар - Ш. Уәлиханов, Г. Р. Потанин, Н. Березин, М. Көпеев, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллин, М. Әуезов. Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман-мүддесі, болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Жанрлары сан қилы қазақ ертегілерінің жас ұрпақ тәрбиесіне берер өнегесі мол. Қазақ халқының ертегілері тереңдігі, шыншылдығы, тапқырлығы, әжуа мысқылы және әлеуметтік мәні жағынан алғанда көрнекті көркем құбылыс болып табылады. Қазақтардың алғыр ойлылығын, тапқырлығын, эпикалық дастан мен ертегілерді жатқа айтып шығу және оларды ұзақ мерзім есте сақтау қабілетін өзіндік ерекшелік ретінде кезінде көптеген зерттеуші ғалымдардың атап көрсеткені белгілі. Осы қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға беріліп отырды.
Қазақ ертегілері сан алуан. Оларды: хайуанаттар туралы, қиял -ғажайып, тұрмыс-салтқа байланысты, батырлық, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz