Кәсіпорын қызметіндегі, бухгалтерлік есептегі материалдық емес активтердің алатын орны



Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым мистрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Материалдық емес активтердің есебі

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Аудиттің мақсаты мен ұйымдастырылу жолдары
1.1 Кәсіпорынның материалдық емес активтердің аудиторлық мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Материалдық емес активтерді есептеу аудитін ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2. Материалдық емес активтердің есебі
2.1 Материалдық емес активтердің есебінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2 Материалдық емес активтердің есебі мен аудитін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқаруға аса қажетті әртүрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы қолданбалы ғылымдарға ерекше маңыз беріліп отыр.
Қоғамның ғылыми және рухани потенциалы дұрыс әлеуметтік-экономикалық саясатпен бірге қоғамның алға қойған мақсаттарына жетуін қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды болып отыр. Елімізде шикізат пен энергия тасымалдаушыларды сыртқа шығаруға ғана сеніп қоймай, міндетті түрде ғылыми сиымды және күрделі өндірістерді дамыту керек, әлемдік технологиялық еңбек бөлінісінде өз орнын табуға көңіл бөлу керектігін Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайын жолдауында атап өтіп өтіп міндеттеп отырады.
Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің болмауы кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерінің бұрмалануына ұшыратты. Өндірісте бірінші рольде тұратын нақты бар капитал - интеллектуалдық меншіктің болуы теріске шығарылды, ал бұл активтерді мойындап, олардың бағасын білгендер үшін үлкен пайдаларға қол жеткізуге мүмкіндік болды.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің мәні мен ролі күнннен күнге артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпараттарды қалыптастыру бухгалтерлік есеп пен аудиттің басты мақсаттары болып табылады.
Микроэкономикалық деңгейдегі даму туралы айтар болсақ, өндіріс тиімділігінің маңызды бағыттарының бірі - субъектінің активтерін пайдалануын жетілдіру, олардың қайтарымдылығын өсіру, олардың тұрақты және реттелген кеңейтілген ұдайы өндірісін жетілдіру. Бұл кез-келген шаруашылықтың материалдық және қаржылық ресурстарының шектеулілігімен тікелей байланысты. Субъектінің активтерін толық пайдалану еңбек өнімділігін өсіруге, ағымдағы өндіріс шығындарын азайтуға, оның басқа сапалық көрсеткіштерін жақсартуға және пайда үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты активтердің есебі мен экономикалық мазмұнын, кәсіпкерлік қызметтегі ролі мен орнын дұрыс түсіну оларды тиімді пайдалану жолдарын анықтау өндірістің экономикалық нәтижелеріне оң әсер тигізеді.
Әр қоғамның өмірінде материалды өндірістен басқа рухани өмір маңызды орын алады. Адам туылған кезінен бастап ойлауға, шығармашылыққа, ғылым мен өнер туындыларын жасауға қабілетті болып келеді. Мұндай әрекеттердің нәтижелері әрбір халықтың, мемлекеттің сонымен қатар жалпы адамзаттың рухани және интеллектуалдық потенциалын құрайды және арттырады. Ол жетістіктер интеллектуалдық меншік деп аталады, ал есеп жүйелерінің мақсатында оларды материалдық емес активтерге жатқызады.
Дамыған елдерде тауар белгілері, фильмдер мен кітаптар, күрделі химиялық өнімдер, дәрі-дәрмектер мен тағамдық қоспалар, үнемді экологиялық таза технологиялар, электронды есептеуіш машиналарға арналған интегралдық микросхемалар мен бағдарламалық өнімдер сияқты шығармашылық интеллектуалдық әрекет нәтижелерімен сауда жүргізуде басты табыс көзіне айналуда.
Қазақстан Республикасы орын тепкен нарықтық қатынастардың ақиқатын түсіне отырып, интеллектуалдық меншік мәселелерін реттеудің нормативтік-құқықтық негізін жасады, адамның шығармашылығының барынша елеулі объектілерінің мәртебесін анықтады. Бұл саладағы нормативтік құқықтық актілер жеткілікті базаны қалыптастырады және әлемде белгілі материалдық емес активтерді толық дерлік қамтиды.
Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінде материалдық емес активтерді сауатты және дұрыс анықтау, рәсімдеу, бағалау мен есептеу бизнес нәтижелері мен фирма бағасына тікелей әсер етіп өте маңызды роль ойнайды.
Материалдық емес активтерді зерттей отырып мынандай шарттарды орындау тиіс екендігіне көз жеткіздім:
oo халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарындағы берілген анықтамасына сәйкес келуі;
oo болашақтағы материалдық емес активтерден алынатын пайданың жоғары мүмкіншіліктерін анықтау;
oo активтердің құны нақты анықталғанда ғана мойындалуы;
oo мойындалған сәтте активтердің құны бастапқы бағасымен бағалануы.
Материалдық емес активтерді №2 Ұлттық Қаржылық есептілік стандартының 17 бабында активтерден пайдаланылуы тиімді, әрі сенімді бағаланып кәсіпорын ішінде қалыптасқанда және сатып алынғанда талаптарға жауап беретіндей болуы тиіс деп көрсетілген. Кәсіпорын балансындағы материалдық емес активтердің кәсіпорын шаруашылық қаржылық жағдайына әсер етуі немесе қаржылық жағдайын жақсартуға ықпалдылығының зор екендігін белгілі.
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорын қызметіндегі, бухгалтерлік есептегі материалдық емес активтердің алатын орнын қарастыру, олардың түрлерін, бағалау тәсілдерін, аудитін жүргізуді меңгеру болып табылады.
Курстық жұмыстың алдына қойған мақсатқа жету үшін жұмысты орындау барысында келесідей міндеттерді шешу қарастырылған:
oo материалдық емес активтер туралы әртүрлі әдебиеттер мен ғылыми жарияланымдарды пайдалана отырып, материалдық емес активтердің экономикалық мәнін айқындау мен нақтылау;
oo материалдық емес активтердің түрлері мен қолданылу аясын қарастыру;
oo материалдық емес активтердің аудитін жүргізуді меңгеру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе, негізгі тарау және қорытындыдан тұрады.

1 Аудиттің мақсаты мен ұйымдастырылу жолдары
1.1 Кәсіпорынның материалдық емес активтердің аудиторлық
мақсаты мен міндеттері
Аудитті аудиторлардың алдында жүргізу кезінде мынандай міндеттер орындалады:
oo синтетикалық шоттағы мәліметтердің баланс пен Бас кітапта дұрыс көрсетіледі ме;
oo материалдық емес активтердің баланстағы мәліметтері дұрыс көрсетіледі ме;
oo материалдық емес активтердің синтетикалық шоты дұрыс жүргізіледі ме;
Журнал - ордер №10, №12 (журнал - ордер есебі бойынша);
oo материалдық емес активтер бойынша бухгалтерлік провоткалар дұрыс құрылды ма;
oo баланстағы шотқа дейін материалдық емес активтердің есебі дұрыс жүргізілді ме.
Материалдық емес активтер баланстағы көрсетілімнің жүргізілуінің қосындасын тексереді, олардың да материалдық емес активтердің сияқты екі ең аңызды сәттері болады:
1. меншікті обьектілердің материалдық емес активтердің құрамына кіреді ме екендігіне міндетті түрде көз жеткізу керек;
2. материалдық емес активтердің олардың тозуын және дұрыстығын тексеру.
Аудиттің ең басты міндеті - материалдық емес активтердің дұрыстығын тексеру:
oo материалдық емес активтердің есебін бағалау;
oo материалдық емес активтердің тозуы және жөндеу есебі бойынша қарастыру;
oo материалдық емес активтердің қолданысын рационалдау;
oo материалдық емес активтердің мен бухгалтерлік есеп беру есебінің қозғалысының мәліметтерін қарастыру.
Бұған қарамастан, аудиттің ең маңызды мақсаттарының бірі - матеиалдық емес активтердің жеткіліктілігін және сақтандыруын тексеру.
Осы тапсырмаларды қарастыра отырып, аудитор материалдық емес активтердің дұрыс сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпорынның жетекшісінің жарғысы бойынша материалды - жаупкершілікті тұлғалармен белгіленуі, материалдық емес активтерді сақтандыруға жауап береді ме екендігін міндетті түрде біліп алу керек:
oo жеке жауапкершілікті тұлғалар жазба келісім шартқа отырады ма;
oo материалды - жауапкершілікті тұлғалар материалды құндылықтарды сақтандыруын қамтамасыз етеді ме, сейфтер, шкафтар және т.б. сақтау орындарының жағдайлары қарастырылды ма;
oo сақтау орны өрт сөндіру қызметімен жабдықталған ба;
oo кәсіпорын шекарасы материалды - құндылықтарды шақыру тәртібімен қамтылған ба;
oo материалды емес активтерді сақтандыру жағдайын текеру жөнінде жетекшінің жарғысымен инвентаризациялық комиссия белгіленді ме;
oo жылдық бухгалтерлік есептесу алдында материалдық емес активтердің инвентаризациясы жүргізілді ме;
oo материалдық емес активтердің жетіспеушіліктеріне кінәлі адамдарға қандай жаза қолданылды.
Материалдық емес активтердің аудиторлық тексерістерінің бағдарламасын жасау кезінде төмендегідей шарттарды орындау керек:
oo материалдық емес активтердің баланстағы дұрыстығын тексеру;
oo материалдық емес активтердің дұрыстығын тексеру;
oo материалдық емес активтердің дұрыс бағалануын тексеру;
oo материалдық емес активтердің түсуін есеп операциялары арқылы орналастыру;
oo материалдық емес активтерді тозу есебіне енгізу;
oo материалдық емес активтердің жөндеу есебі бойынша операцияларын белгілеу, материалдық емес активтерді жалға беру және жалға алу;
oo кәсіпорынның операцияларын салық заңдары бойынша жүргізу, материалдық емес активтерді иемденумен байланысты;
oo материалдық емес активтерді эффектілеу және техникалық жағын талдау;
Аудиторлық қорытындыны аналитикалық бөлігінен бағалаймыз және жіберілген қателіктерді жою жолдарын анықтау және есепті орнықтыру ережелерін қарастыру және басқа да сұрақтарды аудитор игеріп білуі керек.
Материалдық емес активтердің қозғалысының дұрыстығын ішкі және сыртқы аудит арқылы бағалау қажет. Есептік саясатта уақытты ұйымдастыру мен қажеттілікті қарастыруға болады.
Есептік регистір мен алғашқы құжаттар мынандай ретпен ұйымдастырады:
- бухгалтерлік баланс
oo балансқа № 3 қосымша
oo Бас кітап
oo журнал - ордер № 10 және №12,
oo есептелген кесте № 6 және № 9 - алғашқы құжаттарымен (МА - 1, МА - 2, МА - 3, инв - 1, инв - 18) есеп беруді тексеру.
Материалдық емес активтер сомасын есептелген кестесі бойынша есеп айырысу, материалдық емес активтер және басқа да құжаттардың есеп айырысу сомасын есептік кестеде белгілеу.
Қаржылық - шаруашылық кәсіпорынның типтік жоспар шотында бухгалтерлік есептер типтерге бөлінеді: Материалдық емес активтер шоттар орны: 2730, 2740, 2741, 2810 материалдық емес активтер түрлерінің арасында белгіленген. Бұған кіретіндер
Статистикалық есеп және есептесу, көпшілік процестердің есептесуін қарастыру, эканомикалық заңдылықтарын қарастыруға, МА таңдауының маңызы болып танылады. Тозу аудиті және МА жөндеу құрылғылары да жатады. Осыған арналған спицификалық жағынан қолдансақ, бухгалтерлік есептің мәліметтері статистика жағынан қарастырылады.
Бухгалтерлік есеп пен жедел есеп, статистикалық есеп пен ұқсастығын салыстыру жөніндегі мағлұматтар. Ішкі аудитке мұндай мәліметтер өте қажетті болып табылады. Шаруашылық процестер мен операциялардың міндетті тіркелуі кәсіпорында жиі өткізіледі, МА есебімен байланысты есеп беруді жасайды.
Таңдаулы есептік мәліметтерді тереңдетуге және бөлшектелген есептік көрсеткіштердің МА қозғалысын көрсетеді, соңғы жылдары МА тексерісінің бөлімдік таратылымын алдық. Есептік мінездеменің бастамасы деп, бастапқы құжаттар мен ағымдағы бухгалтерлік есеппен байланыстырып, таңдаулы мәліметтерді қарастыру қажет.
Аудиттік қозғалыстың материалдық емес активтердің есептелмеген ақпараттар есебіне жататындары:
oo ішкі және сыртқы аудит материалдары;
oo санитарлық және лабороториялық материалдарын қадағалау;
oo баспа материалдары;
oo қаржылық және несиелік жұмыстарын қадағалау;
oo басшылықпен жеке қарым - қатынас арқасында материалдарға қол жеткізілген, тексерілмеген кәсіпорынның жұмысшылары мен жеке кәсіпкерлерден түскен мәліметтер;
oo басқа да жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен, аудитке байланысты және тозу талдауына және материалдық емес активтердің жөнделуіне қажетті мәліметтер.
Материалдық емес активтерді жөндеу мақсаты бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне және де материалдық емес активтердің қорытындысын құрастыру, нақты көз қарасты білдіреді.
Материалдық емес активтер аудитінің мақсатының бірі ол - қателіктерді алдын ала ескеру және алданып қалмау, бұл тозу аудитінің ең басты мақсатының бірі болып есептеледі.
1 кестедегі материалдық емес активтердің аудиторлық тексерісі сынақ түрінде көрсетілген. Бұл бухгалтерлік есеп программасын дұрыс орындауға көмектеседі, сонымен есеп беруді құруға көмектеседі.
Осыдай нәтижеге жету үшін бұндай тексеру сынағын материалдық емес активтер есебі ішінен қадағалау қажет, олар өте түсінікті әрі ұқыпты жасалуы тиіс, жетекшілерден, қаржы министрлерінен, эканомистер мен бухгалтерлерден нақты жауап алу үшін, бұл кестені шетелдік тәжірибе арқылы орындадық.
Аудитті және материалдық емес активтердің қозғалысының талдауының ең басты ақпараттық базасы бухгалтерлік есеп беру болып есептеледі, есептік тіркелу, есеп айырысу жағдайларымен байланысты.
Кесте 1. Кәсіпорынның материалдық емес активтерінің аудит жөніндегі бағдарламасы бойынша тестілеу.


Аудиторлық операцияның мазмұны
Сипаттама
1.
Материалдық емес активтер қозғалысы бойынша бастапқы құжаттардың толтырылуының дұрыстығын тексеру.
Қабылдау актісі (МА -1), жөнделінген уақыттығы қабылдау актісі, жөнделінген обьектілер (МА - 2), материалдық емес активтердің көшірмесінің актісі (МА - 3), автотранспорттық жүйенің көшірмесінің актісі (МА - 4), материадық емес активтер есебінің инвентерлық карточкасы (МА - 6), материалдық мес активтердің қозғалысы есебінің карточкасы (МА - 12), жалға алынған материалдық емес активтер карточкасы (МА - 12а), материалдық емес активредің орналасқан жеріне байланысты (МА - 13)
2.
Материалдық емес активтердің жіктелуінің дұрыстығын тексеру
Техникалық құжаттама (төл құжат және т.б.) МА - 1, МА-2, МА-3, МА-4, МА-6, МА-13 және т.б.
3.
Материалдық емес активтердің бағалануын тексеру
Келісімшарт құны, сатып алу келісімшарты, жалға алу, материалдық емес активтерді бағалау кестесі, МА - 1, МА-2, МА-6 және т.б.
4.
Материалдық емес активтердің дұрыстығын тексеру
Техникалық құжаттар, МА-1, МА-6 және т.б. Журнал - ордері №1,2,3,4,5,6,7,8. Бас кітап.
5.
Материалдық емес активтердің тозу есебі бойынша есептесуінің дұрыстығын тексеру
Есептік саясат жарғысы, материалдық емес активтердің тозуы бойынша есеп айырысудың есептік кестесі, деңгейлі құжат, журнал - ордер №10, Бас кітап
6.
Материалдық емес активтерді жөндеуге жұмсалған құжат және бухгалтерлік есептердің дұрыстығын тексеру
Есептік саясат жарғысы, проэктіленген құжаттар, орындалған жұмыстың актісі, басқа да біріңғай құжаттар, аналитикалық есептің шоты және шығын шотының мәліметтері
7.
Есептің дұрыстығын тексеру және жалға беру шотының төлемі, материалдық емес активтердің жалға беру жөніндегі операциялар
Жалға беру туралы келісімшарт, жалға берілген материалдық емес активтер есебінің карточкасы (ұзақ мерзімді жалға беру (МА-12)).
8.
Материалдық емес аткивтердің шығарылған есебінің дұрыстығын тексеру
МА-1, МА-3, DS-4, МА-6, келісімшарттар, инвестициялау мен сынақтаудың мәні журнал - ордер, Бас кітап.
9.
Салық салу және есептің материалдық емес активтерге жататынын тексеру.
Салық салу, журнал - ордер 1 N 5 және No 86, 3130 шоты бойынша Бас кітап.
10.
Материалдық емес активтердің қолданысы және техникалық жағдайын талдау
Аналитикалық есептесу.

Содан соң материалдық емес активтер аудиттік программалардың мағынасын қарастырған жөн, 6 - шы кестеде берілген сұрақтарды қарастырған жөн:
Материалдық емес активтердің аудиторлық тексерісінің нәтижесінде, ең алдымен баланстың дұрыстығымен, бұл үшін материалдық емес активтердің тозуын және баланстың мәліметтерін қарастыру керек. Олар барлық жағынан да келісуі керек: бастапқы сальдо мен айдың соңы, айдың соңындағы айналым. Егер келіспеушіліктері кездеспесе, онда кәсіпорында материалдық емес активтер инвентаризациясын ұйымдастыру керек.
Кәсіпорынға келген кезде міндетті түрде мынаны білу керек:
oo кәсіпорынның материалдық емес активтерінің есеп беру жиілігінің есептік саясатымен танысу және оның өзгеруін салыстыру қажет;
oo материалдық емес активтердің инвентаризациясы соңғы рет қашан жүргізілді және оның нәтижесі;
oo материалдық емес активтерді бағалаудың сонғы материалдарын қарастыру;
oo жеке және заңды тұлғалармен жасасқан материалдық емес активтерді жалға алу жөніндегі келісімшарпен танысу;
oo бухгалтерияның материалдық емес активтерінің карточкасы және материалды жауапкершілікті тұлғалармен жүргізілетіндігіне көз жеткізу;
oo материалдық емес активтерді сақтауға жауапты тұлғалар туралы толық мағлұмат алу;
oo кәсіпорынның бухгалтериясы нормаланған құжаттармен қаншалықты қамтамасыз етілген, материалдық емес активтер есебін біріңғай құжаттарының үлгілерімен қамтамасыз еткен.
Осы арқылы кәсіпорындағы материалдық емес активтер есебі арқылы мәліметтерді алуға және де тексеріс кезінде ерекше мән беретін жерлері де бар.

1.2. Материалдық емес активтерді есептеу аудитін
ұйымдастыру жолдары
Келіп түскен материалдық емес активтердің біріңғай құжаттармен, техникалық төл құжат, материалдық емес активтер есебінің обьективтік мінездемесінің карточкасының дұрыстығын аудитор тексеруі керек:
oo материалдық емес активтердің классификасиясы, егер ол дұрыс бөлінбеген жағдайда тозудың дұрыс есептелмеуіне әкеп соқтырады және соңғы нәтижеде шығынның дұрыс есептелмеуіне әкеп соқтырады;
oo материалдық емес активтерді құрылғыларға бөлу, егер бұны дұрыс бөлмеген жағдайда жалға берудің ақысын және тозу құнын дұрыс есептемеуге әкеп соқтырады;
oo материалдық емес активтердің өндіріске қатысу мінездемесі бойынша, бұларды дұрыс бөлмесе амортизацияның дұрыс есептелмеуіне әкеп соқтрады;
oo материалдық емес активтерді қызметіне қарай бөлу, оларды дұрыс бөлмесе амортизацияның дұрыс есептелмеуіне әкеп соқтырады. Бұған қарамастан, материалдық емес активтердің классификациясына, қызметіне және типтеріне дұрыс бөлмесе материалдық емес активтерді бағалау есебінің дұрыс есптелмеуіне әкеп соқтырады.
Аудитор материалдық емес активтер обьектісінің эканомикалық салаларына байланысты дұрыстығын тексеру керек. Тексеріс кезінде аудитор мынаны ескеруі керек:
oo жалға беру кезінде мүлік жалға берушінің иелігіне қайтарылады. Жалға алу кезінде оның құқығы мен міндеттері жалға лаушыға міндеттеледі, жалға берушінің иелігінде тек мүлікке ие деген құқығы болады.
oo материалдық емес активтердің обьектілерін жалға беру қаржылық нәтижеге және де келешекте пайдаға ие болуына әсерлеседі;
oo жалға беруші құралдар есебіне келісімшарт арқылы жалға берілген құралдар, жалға алынған туақыты біткенде, ол жалға берушінің иелігіне көшеді. Материалдық емес активтердің бухгалтерлік жазбалары арқылы аударылады;
oo ағымдағы материалдық емес активтерді жалға беру есебімен баланстағы Жалға берілген негізгі құралдар шотында бастапқы құнына байланысты, жалға беру келісімшартында көрсетіледі;
oo ұзақ мерзімге жалға берілетін материалдық емес активтер обьектілері, бұл келісімшарт бойынша жалға алушы белгілеген соманы төлей алмаса, жалға берушінің иелігіне өтеді. Егер де жалға берілген уақыт ішінде келісімшартта көрсетілген соманы төлей алса, меншік жалға берушінің иелігінде қалады.
Жоғарыдағы көрсетілгендей аудитор жұмысының дұрыстығын тексеру:
oo жалға берудің ағымдағы немесе ұзақ мерзімді материалдық емеғс актив актілерін толтыру арқылы беріледі;
oo ағымдағы және ұзақ мерзімді жалға берудегі бухгалтерлік есптің жүргізілуі;
oo ұзақ мерзімді жалға берілетін материалдық емес активердің тозу есебі;
oo жалға берілген негізгі құралдардың көлеңкелі капиталдағы салымдары.
Аудиторға қолданылатын құралдар санын орнату, оның сапалық, сақталу, керек емес мүлікке қолданылатын шаралары, мүліктің пайда болу есебін қарастыру керек.
Аудитор таңдаулы әдіспен жұмыс машиналарының сақтандыру мен санын және құрал - жабдықтарды түгелімен айтқанда транспорттық жүйелерді.
Аудитор обьектілердің материалдық емес активтеріне дұрыс орналастырғанына ерекше мән беруі тиіс. Материалдық емес активтерге пайдалануы бір жылдан аспайтын жұмыс құралдары жатады.
Аудитор материалдық емес активтердің дұрыс бағалануына ерекше мән беру керек, соңында қаржылық қорытындылар мен өндірістік ұсталымдар осыған байланысты болады және де материалдық емес актвиердің бухгалтерлік есеп беруінің мәліметтерінің дұрыстығына көз жеткізу керек.
Материалдық емес активтердің әр түрлі әдістермен бағалауды ескере отырып, кәсіпорынның балансына келіп түскен, олардың есептегі дұрыстығын тексеру керек:
oo кәсіпорында материалдық емес активтерді қаблдау және қорытындасын белгілеу комиссиясы құрылды ма;
oo материалдық емес активтерді сатып алу келісімшарты (жеке тұлғалардан сатып алған кезде) жүргізілді ма, онда обьектілер құны көрсетілуімен;
oo келісімшарттағы құнының протоколы құрылды ма;
oo материалдық емес активтердің қаблдау - өткізу актісінде алғашқы құны белгіленді ме;
oo эксплуатацияға МА кіруін өз мерзімінде толтырды ма. Тексеріс кезінде келесіге мән беру керек: капиталдық шығындарды есептеу кезінде нақты шығындарды есептеу керек, материалдық емес активтердің нақты құнындағы формаларды және материалдық емес активтердің құнын жоғарлатпайтын құрылғылар.
Материалдық емес обьектілерінің құнын есептеу үшін ,мына әдістер пайдаланылады:
oo материалдық емес активтердің обьектілерінің нақты құнын мамандар қорытындылайды және бұны мамандандырылған кәсіпорындар қарастыруы тиіс;
oo өндіретін кәсіпорындардың өнімдерінің құны туралы мәліметтерді жазба түрде алады;
oo кәсіпорындағы материалдық емес активтердің құны туралы сатушыларданмәлімет алу керек;
oo бағасы туралы мағлұмат, мамандандырылған бөлімдерде көрсетіледі.
Материалдық емес активтердің келуін тексеру,аудитор олардың дұрыс шығуын тексеруі тиіс. Материалдық емес активтердің шығу жағдайында оның 2740 - 2741 Материалдық емес активтер несиелік шотында жазылады.
Баланстық пайданың көбеюіне материалдық емес активтердің қаржылық қорытындасы әсер етеді. Сондықтан да аудитор Материалдық емес активтер шотының дұрыстығын тексереді.
Материалдық емес активтердің кәсіпорындағы түсуі мен шығуының унифициялданған құжаттар түрімен жасалады. Аудитор бұл құжаттардың дұрыстығын және дұрыс толтырылғандығын тексеруі керек.
Сонымен, аудитор тексерісінің нәтижесінде, Каспий Инжиниринг АҚ жүргізілген тексерістен мынандай қорытынды жасауға болады, материалдық емес активтердің қозғалысының құжаттары бухгалтерлік есептегі талаптарға сәйкес. Материалдық емес активтерді қаблдауды жетекші ұйымдастырған комиссия жасайды. Осы комиссиямен қабылданған қабылдау актілері тексерілді. Мұнда келтірген мағлұматтардың бәрі дұрыс: техникалық құжаттардың бәрі тексерілді. Материалдық емес активтерді ликвидациялау актілері де.
Аудит процесінде комиссия құрамы жөнінде бұйрық тексерілді, сатып алу келісімшарты және басқа да құжаттар, қабылдау туралы мәліметтерді сақтайтындар, кәсіпорын қабылдаған материалдық емес активтер немесе, негізгі капитал. Сонымен бірге Каспий Инжиниринг ЖШС инвентеризацияның қорытындысы мерзіміне сай тексерілді.
Материалдық емес активтердің келесі міндеттемелерінің бірі тозу есебі мен негізгі құралдарды тексеру.
Аудитор таңдаулы әдіспен материалдық емес активтердің кәсіпорынның баланстағы көрсеткіштерін табу керек.
Егер кәсіпорында материалдық емес активтердің обьектілері көп емес болса онда оларды түгелімен тексеру қажет. Егер олар аз болса онда материалдық емес активтердің тобын құру керек, оларды тексеру топтары және топшалары болуы керек.
Материалдық емес активтердің түгендігін және сақтандыруын тексерген кезде, аудитор инвентарлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айналым капиталы
Қаржылық есеп және есеп ақпараттарын қолданушылар
Заңды тұлғалардың салық есебі және жиынтық жылдық табысты талдау
Материалдық емес активтердің аудиті мен талдауы
Шағын бизнес субьектілері
Бухгалтерлік есеп шоттары
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
Қысқа мерзімді активтер есебін зерттеу
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы ақпарат
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы
Пәндер