Мейрамханалар түрлері мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мейрамхана
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Мейрамханалық сервистік қызметкөрсетудің теориялық аспектілері
1.1 Мейрамханалық сервистік қызмет көрсету түсінігі мен классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Мейрамханалар түрлері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 10
2. Мейрамханалардың саудалық және қосымша бөлмелері, олардың құрылғылары
2.1.Сауда бөлмелерінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Мейрамхана сауда бөлімдерінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3 Сауда залдарының интерьері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.4 Тұтынушыларға қызмет көрсетуге дайындық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Кіріспе
Зерттелген тақырыптың өзектілігі. Адамның ағзасына күнделікті қажеттіліктің бірі, ол - тамақтану. Тамақтану тек қана, адамның күнделікті қажеттілігі ретінде қарастырылып қана қоймай сонымен қоса сауықтандырудың басты элементі ретінде және жергілікті мәдениетті тануда үлкен рөлін атқарады соның ішінде - гастрономия. Ұлттық тағам - халық мәдениетінің негізгі элементімен таныстырады, нақты ерекшелігін көрсетеді, біліктілігін танытады, сонымен қоса көңіл көтерудің бір әдісі ретінде қарастырылады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, сонымен, тамақтану тек қана адамның күнделікті қажеттілігі ғана болып қоймай, көңіл-күй көтеру және демалудың бір түрі ретінде қарастырылады. Әр елдің және әр халықтың, өзінің тамақтануында көңіл аударарлықтай ерекшеліктерін көруге болады. Содан басқа, қонақты жақсы күтіп алу - қуанышты дәстүр.
Тамақ өнеркәсіп жұмысының мақсаты-қонақтардың тамақтану процесінде жақсы әсер қалдыру. Тамақтану процесі кезінде сөйлесу және тәрбие беру процестермен қатар, жүріп тұруы жиі кездеседі. Тамақтану саласында қызмет көрсету - қонақжайлылық түсінігінің басты құрастырушы элементі болып табылады. Қонақты күту, сыйлау, оған қызмет көрсету, адамзат тарихындағы әр бір қоғамдық формацияға тән, сонау ата-бабаларымыздың салт-дәстүрінен келе жатыр.
Қазіргі кезде тамақтану саласы біріншіден, қоғамға үлкен пайда келтіреді, екіншіден жүздеген мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, үшіншіден көптеген салалар қатарын ынталандырады. Мысалы, атап айтсақ, ауылшаруашылық саласы, шикізат өндіру саласы, тамақ өнеркәсіп саласы.
Тамақтану мекемелерін жиһазбен, әр түрлі жабдықтарымен, бір сөзбен айтқанда, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, көптеген өндірістік өнеркәсіптері мен сауда-саттық ұйымдары үшін негізгі мақсаттардың бірі ретінде етіп қойылды.
Жалпы тамақтану саласындағы жұмыскерлердің білімін арттыру, және мейрамханалық қызмет көрсетудің кейбір элементтерін мейрамханаларға енгізу, оның нәтижесінде жұмыскерлердің мамандық біліктілігін жоғарылату - бұл жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: мейрамханалық қызмет көрсетудің түрлері мен әдістерін талдау және оларды Қазақстанның жағдайын ескере отырып, жалпы тамақтану салаларына енгізіп, басқару. Берілген мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындауға тура келеді:
Мейрамханалық қызмет көрсетудің теориялық аспектілерін танып білу, соның ішінде: жалпы тамақтану жүйесін мейрамхана қызмет көрсету түрлерін, мейрамханада қызмет көрсетудің амалдары мен әдістерін, жұмысын талдау, мейрамхана кемшіліктерін табу
Зерттеу обьектісі болып, белгілі тұтынушылардың жағдайын ескеріп, оларды қоғамдық және адамдық қажеттіліктерін қанағаттандыруда қызмет көрсету болып табылады.

1.1 Мейрамханалық сервистік қызмет көрсету түсінігі мен классификациясы
Мейрамхана (орысша - ресторан, французша - restauer - көңіл-күйін қалпына келтіру, тамақтандыру) - қонақтарға түрлі тағамдарды, сусындарды, кондитерлік өнімдерді, сондай-ақ фирмалық және даярлануы күрделі тағамдардың ауқымды мәзірін ұсынатын тамақтандыру мекемесі болып табылады.
Қонақ үй кешендерінің құрамында бірнеше мейрамханалар болуы мүмкін. Көптеген таңдаулы қонақ үйлердің құрамында екі мейрамхана болады. Олардың бірі жоғары дәрежедегі фирмалық болса, екіншісінің ұсынатын тағамдары мен сусындарының бағасы төмендеу болады.Қонақ үйлердегі мейрамханалар қонақ үй меймандары мен қатар қала тұрғындарына да қызмет етеді. Мейрамханалық бизнес - қонаќтарды арнайы орында тамақпен, сусынмен қамтамасыз ететін, гигиена және заң талаптарына сай қызмет көрсетуді ұйымдастыру болып табылады.
Мейрамхана дербес түрде немесе қонақ үй құрамында қонақтардың гастрономиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында тамақ түрлерін дайындап ұсынады. Бұл қызмет түрінің экономикалық мақсаты пайда табу. Қонақтардың демалысы мен көңіл-күйін көтеруді ұйымдастыру мейрамхананың негізгі міндеттерінің бірі. Адам өмірінде демалу және көңіл көтеру маңызды да қажетті.
Демалыс - адамның шаршағанын басатын, психикасын, қуатын және интеллектулдық күйін қалпына келтіріп дамытатын психофизиологиялық процесс болып табылады. Демалыс тек шаршағанды басып ќоймай, сонымен қатар күнделікті өмірдің жағымсыз жақтарынан да арылтатын шара. Демалыс әр түрлі ойын-сауық түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Ойын-сауық - қонаќтың көңіл-күйін көтеретін, шаттыққа бөлейтін қызмет түрі. Ойын-сауық түрлері негізінен қонақтың психологиялық тұрғыдағы талғамдарына сай және әр түрлі эмоциялық деңгейде өткізіледі, адам көңілін шаттыққа бөлейді. Қызыќты ойындар, әзіл-сысқақ, қалжың - адам сезімдерін оятады. Ойын-сауық шараларының негізгі мақсаты қонақтардың көңіл-күйін көтеріп, қуаныш пен шаттыққа бөлеу. Мейрамханаға келген адамның көңіл-күйі көтеріліп жақсы әсер алуы керек.
Мейрамханадағы көңіл-күй. Мейрамхана қонақжайлылығын арттырып, меймандар контингенті мен олардың керекті мәдени және әдептілік деңгейін сақтау үшін қажетті атмосфераны ұйымдастыру керек. Мұндай шаралар қонақтардың тәртібі мен әдептілігі қажетті деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Кеше ғана салонды мейрамханада әсем де жарасымды киім де кездескен қонаќтар, ертеңгі күні джинси киіп және өздерін басқаша ұстап бар, кафелерде кездесуі әбден мүмкін. Мейрамханадағы кез-келген бағдарлама режиссурасының негізгі мақсаты көрермендердің (тыңдаушылардың) көңілінен шығатын көркемдігі жоғары атмосфера ұйымдастыру болып табылады.
Бұл бағыттағы мүмкіндіктер шексіз деуге болады.
Мейрамханадағы көңіл-күй:
- салтанатты;
- мерекелік;
- іскерлік;
- мәртебелі;
- қатаң;
- лирикалық;
- ойын-сауық, қалжынды;
- отбасылық болуы мүмкін.
Бір кеш ішінде көңіл-күй бірнеше рет өзгеруі ықтимал. Қонақ, мейрамханадағы көңіл-күйді табалдырықтан аттай сала сезінеді. Қонақтың мейрамханада қалуы, тапсырыс беруі немесе отыру ұзақтығы оны қалай қарсы алғанға байланысты. Алғашқы қонақтарды қарсы алу кезінде қажетті көңіл-күйді орнату өте маңызды. Мейрамханаға бірінші рет келген ќонақтар бос қонақжайда отырғанды ұнатпайды. Бос қонақжай көбіне көңілсіздік туғызады. Сондықтан кейбір шетелдік мейрамханалар бос қонақжайда отыратын арнайы адамдар жалдайды. Көбіне көңіл-күй сипатын қонақтарды күтетін даяшылар қамтамасыз етеді. Егер даяшылар қонақты көңілді қарсы алып, дәмді тағамдар жеп, көңіл көтеріп, демалатындығына сендіре алса, онда ол еш күмәнсіз шақыруды қабыл алады.
Мейрамханалар қызмет көрсету деңгейіне қарай бірнеше түрге бөлінеді.Өздігінен тамақтану мейрамханалары. Мұндай мейрамханаларда даяшылар қызмет көрсетпегендіктен тамақтану бағасы төмен болады. Өздігінен тамақтану мейрамханалары қаланың іскерлік орталықтарында орналасады және мұнда негізінен ұзаќ уақыт бойы тамақтануға уақыты жоқ адамдар келеді. Мұндай мейрамханалардың ішкі құрылымы, жиһазы және интерьері қызмет көрсету деңгейіне сай ерекшеленеді. Ең алғаш бұл түрдегі мейрамханалар Америка штаттарында ашылған.
Кафе - қонақтарға тағамдармен сусындардың, сүт өнімдері мен кондитерлік өнімдердің және т.б. шектелген мәзірін ұсынатын тамақтандыру кәсіпорны. Кафелерде ойын-сауық бағдарламалары да ұйымдастырылады. Қонақ үй жанындағы кейбір кафелер күндіз-кафе, ал кешке бар ретінде қызмет көрсетеді. Мұндай кафелерде кешке дискотека ұйымдастырылады.
Диско-барлар жеке немесе қонақ үйлердің жартылай жертөлелерінде орналасуы мүмкін. Мұндай барларда жастардың демалысы оркестрлердің, әншілердің және актерлердің қатысуымен ұйымдастырылады. Мұнда қонаќтарға түрлі бутербродтар, кондитерлік өнімдер, сусындар ұсынылады. Диско-барлардың залдары заман талабына сай әзірленедір. Би алаңының едені түрлі-түсті паркеттен жасалып, арнайы жарық көздерімен жабдықталады. Диско-барларда слайдтар көрсету үшін үлкен экрандар қойылады және өте қуатты музыкалық аппаратурамен, реңкілік эффектілер туғызатын құралдар, теледидармен және видеоаспаппен жабдықталады. Музыкалық бағдарламаны диск-жокейлер жүргізеді.
Кафетерий - шәй, кофе, какао, ыстық шоколад сияқты ыстық сусындарды, сүт және сүт өнімдерін, бутербродтар мен дайындалуы жылдам кондитерлік және басқа жеңіл тағамдарды сатуға мамандандырылған тамақтандыру кәсіпорыны.
Мейрамхана - көбіне курорттық қонақ үйлерде орналасқан және табысы әр түрлі деңгейдегі адамдарды тамақтандыруды қамтамасыз ететін тамақтандыру кәсіпорыны.
Буфет - кулинарлық өнімдерді, жартылай фабрикаттарды, сондай-ақ ыстық және салқын сусындарды сатуға арналған тамақтандыру мекемесі.
Қонақ үй комплексінің құрамындағы тамақтандыру мекемелерінің барлық түрі, тағамдар мен сусындардың белгілі бір ассортиментін сатып, қонақтарға белгілі бір дәрежеде қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетудің деңгейлері:
- даяршылардың толық қызметі;
- буфетшілердің қызметі;
- даяршылардың толымсыз қызметі;
- өзін-өзі күту.
Қонақтарға ұсынылатын тағамдар мен сусындардың ассортименті бойынша тамақтандыру кәсіпорындары категорияларға бөлінеді:
- толық сервис;
- арнайы.
Қызмет көрсету деңгейіне қарай тамақтандыру кәсіпорындары мынадай категорияларға бөлінеді:
- люкс;
- жоғары;
- бірінші;
- екінші;
- үшінші.
Мейрамханалық бизнесті ұйымдастыру кезінде мейрамхананың түрі анықталады. Қазіргі кезде мейрамханалардың мынадай түрлері бар:
- салондық;
- ұлттық, фольклорлық;
- арнайы;
- интерьерлік;
- музыкалық;
- концерттік;
- аралас;
- арт - кафе;
- мини-мейрамхана.
Салондық мейрамханалар басқалардан керемет әсемдігімен ерекшеленеді. Интерьері, үстелдердің өте бай әрлену дәмді тағамдар, кіші-пейіл, байыпты қызметкерлері, сазды музыка қонақтары.
Дәмхана - жылдам қызмет көрсететін тамақтандыру кәсіп орны. Дәмханалар дастархан мәзірінде - салқын және ыстық тағамдар, көпшілік ұнататын және дайындалуы оңай сосиска, сарделька, тұшпара, жұмыртқа сияқты тағамдар, сондай-ақ шәй, кофе, какао және салқын сусындар, шырындар. Дәмханалар адамдар көп шоғырланатын жерлерде салынады
Музыкалық мейрамхана. Музыканың белгілі бір жанрына, түріне бағытталған музыкалық бағдарламамен қонақтардың көңілін көтеретін мейрамханаларды музыкалық деп атайды. Оларға джаз, рок, фольклорлық немесе классикалық музыка негіз болады. Интерьерді өрлеу, таңдап алынған музыкалық бағытқа сай жасалады. Негізгі қонақтар музыка әуесқойлары, музыкалық фанаттар болғандықтан ондай мейрамханаларды клуб - деп атайды. (джаз клуб, рок-клуб, бард-клуб және т.с.с.) қонақтарды таңдаулы музыка, басқа қонақтармен еркін аралау және ұйымдастырылған көңіл-күйге сәйкес киініп еркін сезіну қызықтырады.
1.2 Мейрамханалар түрлері мен ерекшеліктері
Мейрамханалар ерекшеліктері:
- Өнім ассортименті бойынша - балық, сыра , ұлттық асхана немесе шетел асханасы;
- орналасқан жері бойынша - қала, вокзал, қонақүй, демалыс орны, вагон-мейрамхана және тағы басқа.
Қалалық мейрамханалар қала ішінде орналасады да, белгілі бір уақытқа дейін қатаң жұмыс істейді. Олар көптеген тағам, тіскебасар, сусындар ассортиментін ұсынады.
Бекеттік мейрамханалар теміржол немесе аэробекеттерде орналасады да, үзіліссіз жұмыс істейді. Бұл мейрамханалардың менюіндегі тағамдар саны шектеулі болады.
Ең ірі де, атақты қонақүйлер құрамына кіретін қонақүй кешендерінде 2 мейрамхана болуы мүмкін-фишенебельді-фирмалық және бағасы жоғары емес тағамдар мен сусындары бар шағын мейрамхана.
Ұлттық және тематикалық мейрамханалардағы негізгі шарт: менюде көрсетілетін тағамдар мен сусындардың негізгі - фирмалық өнім болуы тиіс.
Судағы мейрамханаларда жолаушылар мен туристерге сапар кезінде қызмет көрсетіледі. Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас; кулинарлы, кондитерлі өнімдер, суық сусындар беріледі. Даяшылар қызмет көрсетеді.
Ірі су жолаушы теплоходтарында бір немесе бірнеше мейрамхана - салон, буфет, бар, асхана бөлмесі болады. Мейрамхана салон залдарының сыйымдылығы - 48ден 150 орынға дейін. Оларға жиһаздың келесі түрлерін қояды: үстелдер, орындықтар, серванттар. Залда буфет орналасады. Үстел мен серванттар еденге бекітіледі.
Вагон-мейрамханалар - көбінесе темір жолдарда орналасады. Ол бір күннен аса жолда келе жатқан жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Купе-буфет- сапар ұзақтығы бір тәуліктен аспайтын поездарда болады. Купе-буфет үшін екі-үш купе орны беріледі. Жалпы салоннан сөрелер арқылы бөлінеді, тоңазытқыштар мен шкаф жәшіктермен жабдықталады. Негізгі ассортименті: бутерброд, суға пісірілген жұмыртқа, сүт өнімдері, сосискалар, сарделькалар, ыстық сусындар (шай, кофе, какао), кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері, алкогольсіз сусындар, шырындар, жемістер. Жолаушыларға буфетші қызмет көрсетеді.
Автотуристерге арналған мейрамханалар шоссе мен ірі автотұрақ маңында орналасады және көлігін қараусыз қалдырғысы келмейтін автокөлік иелеріне арналады.
Бар - бар тұрағы бар , арнайы мамандандырылған кәсіпорын. Барда көп ассортиментті аралас сусындар, сонымен қатар тағамдар, тіскебасар және кондитер өнімдері сатылады. Бардың негзгі мақсаты - келуші қонақтардың жақсы демалуы, ән тыңдап, видеобағдарламаларды тамашалауы.
Бар ассортиментіне байланысты сыралық, шарапты, сүтті, коктейль-холл және коктейль-бар болып бөлінеді. Коктейль-холдың коктейль-бардан айырмашылығы залдың кеңдігі мен әртүрлі қондырғылардың болуында.
Барды мәдени және сауда орталықтарында, микроаудандарда, мейрамханалардың ішінде, кафе, қонақүйлерде орналастырады.
Бар ғимаратының орналасуына байланысты: вестибюльдік (кездесу және әңгімелесу үшін), мейрамханалық (мейрамхана интерьерінде), көмекші (қонақүй қабаттарында), банкеттік (банкет залында), мини-бар (қонақ бөлмелерде) болып бөлінеді.
Бар менюінде аралас сусындар, табиғи алкогольді сусындар да бар.
Бардағы белгілі тіскебасарлар - сырдан жасалған таяқшалар, канапе, тарталетки, оливки, тұздалған миндаль, фисташки. Ал кондитерлік өнімдер аз ассортиментте: кіші пирожныйлар, шоколад, кәмпит және цукат.
Әрбір барда стереофониялық дыбыс шығаратын аппаратура болу керек. Билейтін алаңның ауданына 50 адам сиюы керек.
Жастардың демалыс орнына, кездесу мен араласу көзіне айналған әртүрлі алкогольсіз барлар пайда бола бастады.
Жақсы жарықтандыру, интерьердің безендірілуі мен жоғары дәрежелі музыкалық қызмет көрсетудің арқасында барлар атақты бола бастады. Соларға мінездеме берсек:
Салат-барда ашық шыны тоңазытқышты витриналары бар. Онда алдын ала салат дайындауға арналған компоненттер сақталады; қияр, редис, қызанақ, оливки, жұмыртқа, сәбіз, қызылша, аскөк, сарымсақ, петрушка, сельдерей, орамжапырақ, сонымен қатар ет, балық, шұжық, сыр, ірімшік және тағы басқа. Әрбір тұтынушы өзіне қажетті салат компоненттері мен қоспаларын өз қалауы бойынша салып алады. Жеке ыдыста; май, сірке суы, қыша, хрен, қаймақ, майонез, қант ұнтағы, тұз, бұрыш сақталуы керек.
Бұл барлар шведтік үстел нұсқасын көрсетеді.
Жеміс-бар - алкогольді сусындарды аз пайдалану мақсатында пайда болған қоғамдық тамақтанудың жаңа кәсіпорны. Ереже бойынша бұл кәсіпорынның іші безендіріледі. Мұнда жарықтандырылған құрылғылар бар: шырындар қойылған сөрелер (15 түрге дейін), стойкалар, сүт коктейіліне арналған электромиксер, электрлікофейник, самауыр. Келушілер шырыннан басқа шай, кофе, кондитерлік өнімдер ала алады.
Сүт-бар - сүт және қаймақты коктейлден басқа бұл барда бутерброд, сэдвич, сырдан жасалған таяқшалар, сүт тағамдары (сүтті лапша), кілегейлі блинчиктер, ірімшіктен жасалған өнімдер, ұннан жасалған тағамдар, тәтті өнімдер мен сусындар болады. Келушілердің назарын тағамды олардың көз алдында дайындайтын барлар аударады.
Диско-бар - күндіз кафе, ал кешке бар түрінде жұмыс жасайды. Оларда үнемі би кештері ұйымдастырылып тұрады.
Диско-барларда жеке тұрған ғимаратта орналастырады. Мұнда демалыс кештері болады, ркестр, әншілер мен әртістер өз өнерлерін көрсетеді.
Ереже бойынша диско-бар жеңіл салқын және аралас сусындар, жеңіл тіскебасарлар ұсынады. Ыстық тағамдар да болуы мүмкін. Десертке: құлпынай, шабдалы, кофе, жаңғақ қосылған балмұздақтар да бар. Зал жаңа заман талабы бойынша әрлену керек. Би алаңында түсті паркет, жарықа сәйкес шамдар болуы керек.
Слайдтар үшін үлкен экран қойылады. Сонымен қатар, музыкалық апараттар, жарық әсерлері, теледидар, видеомагнитафон қойылады. Музыкалық бағдарламаны диско-жокей өткізеді.
Экспресс-бар (яғни, сол сәтте қызмет көрсету) сауда орталықтарында, қонақүйде, бекеттерде орналасады. өнім ассортименті барға сәйкес келеді: бутерброд, тарталетка, фарш қосылған волован, кондитерлік сүт өнімдері.
Снэк-бар (дәмхана) - келушілерге жылдам қызмет көрсетуге арналған. Ереже бойынша менюдегі тағамдар ассортименті шектеулі: бифштекс, лангет, құстан жасалған тағамдар, суық сусындар, шырындар, коктейль, кофе.
Сыра бары - бөтелкедегі және құйылатын сыра сатуға арналған. Құйылмалы сыраны арнайы кран-дозаторлар арқылы босатады. Сатылымда жемісті және минералды сулар болғаны дұрыс. Алкоголь деңгейі жоғары сусындар сатылмайды.
Сыра барларында сырамен қатар, салқын және ыстық тіскебасарлар, бутерброд, сыр, тұздалған, ысталған балық түрлері, қытырлақ картоп, кептірілген қытырлақ нан, зәйтүн, шаян сатылады.
Шарап бары (коктейль-бар) - көбінесе қонақүй, мейрамхана, кафелерде орналасады. Мұнда канапе, бутербродтар, тартинка, гренка алуға болады. Кейбір барларда икра немесе семга қосылған блины береді.
Егер бар ірі мейрамхана залында орналасса, онда бұл бар бар-аперитив деп аталады және қонақтарды жиын басталғанға дейін күтуге арналған. Осындай тыныш жерде әңгімені жалғастыра отырып, кофе ішуге болады.
Гриль-бар - сауда орталықтарында, қала кварталдарында, демалыс орындарында, магистраль, мейрамханаларда, сонымен қатар жеке кәсіпорын ретінде де орналасады.

2.1.Сауда бөлмелерінің түрлері
Бөлмелердің жарық әрі кең болуы үшін мейрамханалардың фасадтарын әшекей-суретті қылып безендіреді. Көбінесе төбелерді айналы шынылармен жасайды. Жазық шынылар жарықталған әшекей витраждарды қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар газондар қоюға да болады. Сөйтіп, фасад қоршаған ортаның бір бөлігін құрайды, табиғи және сәулетшілік бейне пайда болып, тұтынушылардың жақсы көңіл-күйде болуына әсерін тигізеді. Фасадтарды әрлеу кезінде дәстүрлі ұлттық нақыштарды да келтіруге болады.
Кешкі уақыттардағы мейрамханалардың сыртқы түрі дұрыс жарықтандыруға байланысты болады. Сыртқы жарықтандыру кәсіпорынның мінездемесін суреттейтін, сәулет пішінінің жетістігін бейнелейтіндей болуы тиіс. Дұрыс таңдалған жарық - келушілердің назарын аударатын негізгі фактор болып саналады. Тыныш, қаладан шалғай жерлерде орналасқан мейрамхана немесе кафелерге жарықтандыру қолдану керек. Ал қаланың ішінде , шулы магистральдарда, автотранспорт қозғалысы көп аймақтарда жарықтандыру динамикалы және өте жарық болу керек.
Зал 2 не 3 қабатта орналасқан болса, онда ғимараттың сыртқы жағы жап-жарық болғаны дұрыс. Ал егер зал бірінші қабатта орналасса, кешкі уақытта келетін қонақтарға даладан терезе арқылы түсіп тұрған жарық кедергі болуы мүмкін.
Сөйтіп,мейрамхананың сыртқы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz