Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық тәрбиесі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Мектепке дейінгі педагогика пәнінен
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық тәрбиесі
Орындаған: Салимгереева Г.А.
Тексерген: Л.А.Жайманова
Орал, 2015ж.
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
1. І кіші топ балаларының сенсорлық дамуындағы ойынның маңызы ... ... ... ... 4
2. Сенсорлық қабілетін дамытуға арналған ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
3. Сенсорлық тәрбие қоршаған ортаны толық қалыптастыруға бағытталған...14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Кіріспе
Қазақстанның білім саласындағы саясатын айқындайтын Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құруда жеке адамдардың, қоғамның және еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыра алатын, бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған Білім туралы заң білім беру жүйесін реформалауды қамтамасыз ететін аса маңызды құжат болып отыр.
Білім беру жүйесін реформалау жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағдарлануы басты орынға шығып отыр. Сондықтан да білім берудің жаңа моделін құру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді ұлғайту, балалардың жан-жақты дамуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету негізгі міндет болып табылады.
Сенсорлық тәрбие дегеніміз- бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы.Түйсігі мен қабылдауы мол баланың қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең,жан-жақты келеді.Сөйтіп баланың сенсорлық мәдениеті,оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар.
Біріншісі- заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру.
Екіншісі- қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру.
Ойын іс-әрекеті үстінде оқу ісі де қалыптаса бастайды, кейінірек ол бала іс-әрекетінің басты түріне айналады. Ойын кезінде қарапайым оқу әрекетін меңгеріп жүргенін сәбидің өзі де аңғармайды, яғни тәрбиеші оқытудың ойын формасын қолдану арқылы сәбидің оқуға көзқарасын ақырындап байқаусыз қалыптастырады.
Негізгі бөлім
1. І кіші топ балаларының сенсорлық дамуындағы
ойынның маңызы
Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру стандартында Мектепке дейінгі білімнің нәтижеге бағытталған жаңа моделінің педагогикалық үрдісі баланың психологиялық қорғанышын, өмірге деген сенімділігін, өмір сүру қуанышын психологиялық саулығын, жеке тұлғалық қалыптасуын жеке мәдени базасын, сонымен қатар балалар мен педагогтерді артық жүктемелерден қорғайтын, жеке бағыттағы сипатты көрсетеді 1, - делінген.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамыту үшін жас баланың психологиялық ерекшелігін жақсы білуі керек.Өйткені бала психологиясын білмей,баламен жұмыс жасап,одан нәтиже шығару мүмкін емес.
Сондықтан баланың бойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді?-дегенді анықтау әлдеқайда маңызды. Баланың дамуы үлкендерді үнемі таңдандырады, әрі қуанышқа бөлейді. Ол бүгін кешегісіне, ал ертең бүгінгісіне ұқсамайды. Алғашқыда басын жерден шаққа көтеретін,ол екі айдан кейін отырып,шылдырмақтармен ойнайды, ал тағы бірнеше уақыттан соң тәй-тәй басып, алғашқы қадамдарын жасайды. Бұл қадам әлі сенімсіз, тәлтірек болғанымен, ең маңыздысы оның басталуында. Енді оның алдынан жаңа кең байтақ дүние - бұрын ол ағаш бесіктің тал қоршауының ішінде отырған кезде ойына кіріп те шықпаған жаңа дүние есігін ашады. Тағы бірсыпыра күндерден кейін ата-анасының ет-бауырын елжіретіп ма-ма-ма, ба-ба-ба дегенді айтады. Содан соң сәби мама деп те, папа деп те, бер, ал деп те айта бастайды. Әлі де сөз қоры аз болғанымен, бұл жердегі ең бастысы оның сөйлеуді бастағаны, оның адамзат тілінің бай қазынасына жол ашқаны. Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында, іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы қарапайындылықтан неғұрлым күрделі, ойланып атқарылатын қимылға ауысуы, сөйлеуді игеруі, дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы, міне, осылардың бәрі сәбидің дамуын сипаттайтын фактілер.
Жеке балалардың дамуындағы өзгешеліктерге, олардың өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, бүкіл сәбилердің бәріне ортақ қасиеттер болады. Олардың барлығы да дамудың бір кезеңдерінен, сатыларынан өтеді.
Психолог ғалым Ә.Алдамұратов сәби жастан бастап, баланың өсуін,дамуын үш кезеңге бөліп сипаттаған:
Алғашқы саты-сөйлеуге дейінгі кезең.Бұл кезең баланың екі айлығынан он бір айға дейінгі сатысы деп аталады.Екінші саты-баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі-он бір айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды.Бұл кезең үш жасқа дейінгі уақытты қамтиды.Бала тілінің шығуы оның дүниетаным шеңберін кеңейтіп,сөйлеу тілін дамытады,-деп қорытқан.
Мектеп жасына дейінгі баланың психикасы толық жетіліп қалыптаспағаны,қоршаған дүниені әлі толық танып-білмегені,сондықтан оның сөздік қоры да шамалы екенін барлық дерлік психологтар көрсетіп отырған.Т.Тәжібаев ол туралы былай деген: Мектепке дейінгі бала заттар мен құбылыстардың шын мазмұны мен қарым-қатынасын толық аша алмайды.Заттардың мазмұны мен ішкі байланыстарын дұрыс аша алмағандықтан, бала көбінесе заттардың сыртқы көрінісі мен құрылысына қарай бір-бірімен байланыстыра қабылдайды - деген.Бұдан жас бала затты танығанмен,оның қасиетін бірден біле алмайтыны анықталды,олай болса заттың ішкі сырын ашуға тәрбиешінің көмегі керек екені анықталды.
Ал психолог Қ.Жарықбаев: Мектеп жасына дейінгі балалар түрлі нәрселерді ұстап,байқап,сипап қарайды, олардың формасын,үлкен- кішілігін көреді.Кейін есейіп, тәжірибесі артып, ой-өрісі кеңейген кезде заттардың кеңістікте орналасуын жақсы аңғара алатын болады -деп көрсеткен.
Психолог ғалым М.Мұқанов қоршаған дүниеде заттар көп,олардың ұқсастығы да,айырмашылығы да бар.Мектеп жасына дейінгілердің таным әрекетінде қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстары бірінен соң бірі тәртіпсіз көрінеді.Оны қабылдау үшін ойша тәртіпке келтіруді ұсынады. Ойша тәртіпке келтіру деп отырғаны мынау:құбылыстар мен заттар тым шексіз,түрі мен қызмет жағынан ұқсас болып келеді.Заттар мен құбылыстардың осындай ұқсас жақтарын,біріншіден,бір ұғымға жатқызып,топтастырып отыру қабылдау кезінде тәртіпсіздікпен күресуге мүмкіндік беретінін айтады.Екіншіден,тиісті нәрселерді ойша тәртіпке келтіру үшін нендей қасиеттер мен құбылыстар нәрсенің қандай түріне жататынын білу қажет. Үшіншіден, заттың салмағын,көлемін ұзын не қысқа екенін өлшемей-ақ білмесек, онда ортамызға бейімделу қиынға соғар еді.
Баланың дүниетанымының өсуі қоршаған дүниемен таныстырумен тікелей байланысты. Сондықтан да ғалымдардың бәрі қоршаған ортамен таныстыруды баланың ақыл-ойын дамытудың негізгі нысаны ретінде алып отырған.Бұл мәселе туралы психолог-ғалым Х. Т. Шерьязданованың өте пайымды жан-жақты талдағанын ғалымның төмендегі пікірінен көруге болады: Баланы қоршаған дүниемен таныстыру-баланың психикасын дамытудың, жеке бастың сапасын қалыптастырудың қажетті шарты.Тәрбиешінің міндеті заттар жөнінде, адамдар мен олардың еңбегі жайындағы балалардың ой-өрісін кеңейту болып табылады- деп көрсетті.
Енді мына біздің алдымызда үш жасар бала делік. Бұл - өзінің ерекше ішкі дүниесі, өзіндік тілегі, әдеті, талғамы бар, көп жағдайда өз дербестігін көрсетіп, оны табандылықпен сақтай алатын адам. Ол жүруді, қол сілтеп әр түрлі қимыл жасауды ғана емес, сонымен бірге киімдерді, ыдыс-аяқты, басқа да көптеген заттарды қолдану тәсілдерін де игереді, яғни сәбидің сенсорлық дамуының қарқынды кезеңі басталады.Сенсорлық даму ақыл-ой тәрбиесінің негізі-сенсорлық тәрбие арқылы жузеге асады.Ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді,заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәрбиесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлық этолонға ауысады. Сенсорлық этолондар дегеніміз - қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түрлері. Бұларға түс, пішін, заттардың шамасы, олардың кеңістіктегі орны, дыбыс күші, уақыт аралықтарының ұзақтығы, тағы басқалар жатады. Баланың сенсорлық этолондарды игеруі балалар бақшасының бағдарламасына сәйкес жеке геометриялық пішіндермен, түстермен танысудан басталады. Заттардың қасиеттері туралы кез-келген түсініктер пайда болу сияқты сенсорлық этолонды меңгеруде, үлгілердің мәніне ие болуға тиісті тексерілуге бағытталған пішіннің жеке түрлері, түсі, шама бойынша қатысы басқа да қасиеттері мен қатыстылығы қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде өтеді. Әйтсе де бұл жеткіліксіз
1 жастан 3 жасқа дейінгі сенсорлық тәрбие балалардың әр түрлі сенсорлық әсерлерін байытуға бағытталған.Ол баланың жалпы ақыл-ой дамуының негізін құрайды, сенсорлық этолондар мен қарапайым рәміздік нысандарды меңгеруге негізделеді және кейінгі танымдық, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерді дамытудың алғы шарты болып табылады. Сенсорлық тәрбие жалпы сенсорлық қабілеттерді қалыптастыруды және балалардың бойында аналитикалық қабылдауда, түстердің үйлесімін заттардың пішіндерін тани білуді, шаманың жекелеген өлшемдерін ажыратуды көздейді.
Балаларды сенсорлық этолондардың көптеген түрлерімен және оларды жүйелеумен тетелес таныстыру - мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі. Мұндай таныстырудың негізінде әрбір қасиеттердің негізгі жеке түрлерін тексеру мен есіне сақтау балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру жатыр. Осы жеке түрлер этолондар мәніне ие болуы тиіс. Балаларды сенсорлық этолондармен таныстыру заттардың қасиеттерінің негізгі жеке түрлерін білдіретін сөздерді баланың есінде сақтауын ұйымдастыру болып табылады. Балаларға геометриялық пішіндердің, түстердін, шамалар қатынасының жеке түрлерін тек қана көрсетіп, олардың аттарын есте сақтауға қол жеткізген жағдайларда, тіпті дұрыс қолданатын сөздің өзі мектеп жасына дейінгі баланың ұғымдары мен қабылдауларын жетілдіруге себепші бола алмайды.
ХХ ғасырдың басында Монтессори талдап жасаған сенсорлық тәрбие жүйесі балалардың түстер мен реңктерді,пішіндер мен көлемдерді ажырату дәрежесі жоғары болуына қол жеткізуді өз алдына мақсат етіп қояды.Ол пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған,сезімдік органдардың дамуы тіл дамуымен,өнімді қызметпен байланысты болған жоқ.
Е.И.Тихиева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол жасаған дидактикалық материалдар, ойындар да түсті, көлемді, пішінді ажырата білуге бағытталған,балаларды заттардың қасиетімен,сапасымен таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі білім мен ұғымды жақсы игеруге көмектеседі.Ойын-балалар үшін оқу да, еңбек те. В.Сухомлинский Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ол дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын-ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар отыр+1- деген ой айтқан.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтер, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзингтің Ойыншыл адам, Д.Б.Элькониннің Ойын психологиясы, Эрик Берннің Адамдар ойнайтын ойындар атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В.Вербицкий, Т.В.Кудрявцев, И.П.Пидкасистый, қазақстандық ғалымдар: Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров т.б.
Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезінде ойын әрекетінің психологиялық негізінде құрастырған жағдайда ғана табысты іске асырылады. Бұл ойынның дамуы баланың психикасын үдемелі өзгертумен және ең алдымен бала тұлғасының барлық жағынан дамудың фундаменті болып табылатын оның интеллектуалдық ортасына байланысты
Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді
Мазмұнды - бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық пен шығармашылық сипатта болады.
Құрылыс материалдарымен ойын кезінде пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, белсенділік көрсетеді.
Дидактикалық ойындар барысында есту, көру, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz