Мектеп оқушыларындағы адами құндылықтарды қалыптастырудағы шет тілінің мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Шет тілі пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Мектеп оқушыларындағы адами құндылықтарды қалыптастырудағы шет тілінің мүмкіндіктері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Қазіргі шет тілі сабағының ерекшеліктері
1.1 Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың тыңдан түсіну іскерліктері мен дағдыларын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Шет тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.Мектеп оқушыларындағы адами құндылықтарды қалыптастырудағы шет тілінің мүмкіндіктері
2.1 Тұлғаны қалыптастырудағы ағылшын тілінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ..19
2.2 Шетел тілі сабақтарында оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Бүгінгі тандағы білім жүйесіндегі міндеттердің бірі, жеке тұлғаның рухани адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне назар аудару. Жеке тұлғаның адами тұрғыдағы қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту, қазіргі - заман талабы. Егер адам рухани байлығынан айрылыса, онда ол эмоция мен сезімнен айырылады. Осылай материалдық табысты негізгі мақсатқа айналдырған, қоғамдық даму адамзатты рухани жұтаңдыққа душар етіп, құндылық бағдарын өзгертіп жіберуі мүмкін.
Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге өрістейді. Жас ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптасады.
Әр заманның өз адамы деген қағиданың мәніне терең үңілсек, өмір тәжірибесі өзінің нәтижесімен көрсете отырып дәлелдеп береді. Бұл көз қарас Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрініс тапқан онда Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі деп жазылған.
Заман талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі артып келеді. Шетел тілін оқытудағы басты мақсат - оқушыларды шетел тілінде қарым - қатынас жасай алуға дағдыландыру, шет тілін үйрете отырып, ана тілін құрметтей білетін, өзге тілді білуге құштар білімді адамзат тәрбиелеу.
Тіл - қарым - қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Ендеше, біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз. Себебі ол жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым- қатынасты түбегейлі өзгертетін, жетілдіретін байланыс құралы.
Қазіргі таңда ағылшын тілін көптеген елдер өздерінің екінші ана тілі ретінде қабыл алып, жаппай меңгеріп жатыр. Себебі, әлемде нанын тауып, бала-шағасын асырап, дәл осы ағылшын тілі арқылы күндерін көріп жатқан мемлекеттер жетерлік. Мәселен, көп ұлысты, көп құрамды Үндістан мемлекетін бірлестіріп отырған - ағылшын тілі. Ағылшын тілі жаһан бойынша 45 мемлекеттің ресми мемлекеттік тілі. Ал 24 мемлекеттің халқы ағылшын тілін өз ана тілі ретінде жариялаған. Ағылшын тілінде сөйлеушілердің 96 % ағылшын тілінің өкілі емес адамдар болып отыр деп есептелуде. Әлемдік келісімшарттардың 80 % ағылшын тілінде жасалады.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жастарға: Ағылшын тілін үйреніңдер, бүкіл әлемнің білім-ғылымы сол тілдің негізінде жатыр. Әлемдік бәсекеге қабілетті ел боламыз десек, бұл тілді жаппай меңгеру керек, - деген сөзін жиі айтуының да негізі бар. Ағылшын тілі - бүкіл әлемді біріктіріп отыр, тіпті көптілділікке негіз болып отырған да - осы ағылшын тілі. Ағылшын тілі арқылы әлем өзара коммуникациялық байланысқа түсіп, интеграциялану үрдісімен барлық ұлттар бірігіп жатыр. Әлем ғаламдануда, әрі осы ғаламдану үрдісін жүзеге асырап жатқан - ағылшын тілі...
Қазір жаһандану дәуірінде тілдердің үштұғырлы құбылысы пайда болды. Оған өзіміздің елімізде жүргізіліп жатқан Үштұғырлы тіл саясаты дәлел бола алады. Мұның бәрі қажеттіліктен, әлеммен бірігуден туындаған болса, біздің билік бұл саясатты тиянақты жүргізуде.
Зерттеу мақсаты: Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың адами құндылықтарын қалыптастыру әдістерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
oo Ағылшын тілі пәнінңғ маңызы туралы түсінік беру;
oo Ағылшын тілі сабақтарында рухани құндылыққа тәрбиелеу;
oo Адами құндылықтарды қалыптастырудағы шет тілі сабақтарының маңызын анықтау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың тыцдан түсіну іскерліктері мен дағдыларын дамыту
Ағылшын тілі бүгінгі күні орта мектептерде білім алып жатқан оқушылардың барлығымен тілдесуге мүмкіндік беріп отыр. Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ, - деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуіне шақырды, әрі кез - келген ұстаз бен ата - ана бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін шын жүрегінен қолдайды. Мемлекеттік тіл - мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал орыс тілін білу ұлы байлық. Ағылшын ілгерілеушілік пен технологиялардан тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз деді. Сонымен қатар, еліміздің орта мектептерінде білімнің жаңа жүйесі енгізілуде, ондағы негізгі мақсат - білімді әлемдік білім кеңістігіне енгізу.
Қазақстан ресгтубликасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениеті жоғары ХХІ-ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілеңдіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр.
Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана жэне орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тындап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдірііт қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы окушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.
Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым-қатынае жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тындап түсіну - сөйлеудің серігі, сөйлеу экспреесивті формата жатса, тыңдау импрессивті формата жатады. Ауызша айтылтан сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіпу кысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, қабылдауға, логикаға, саната, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты. Тындап түсіну барысында оқушылардың санасында фонетикалық және интонациялық есту қабілетін қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі процес болгандықтан жалпыға ортақ қиындыктарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет. Олар:
- Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін, бұл жағдай оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы - оқушылардың пассивтік және потенциалдык сөздік қорын байыту;
- Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Оқушы өз мұғалімінің сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінбеуі мүмкін. Бұл қиындықты жеңудің жoлы - сабақта техникалық құралдарды жиі колдану керек;
- Мұғалім әдетте сабақта өте баяу ырғақпен сөйлейді, мұндағы мақсат оқушылар оның айтқан сөзін түсінсін дегендік. Окушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, дұрыс ырғақта сөйлеген сөзді түсінбейді. Міне бұл қиындықты сабақта тек техникалық құралды қолдану арқылы жеңуге болады;
- Мұғалім сабақта шетел тілінде сөйлегенде, айтқан сөзін оқушылар түгел түсінсін деп бірнеше рет қайталап айтады. Оқушылар осы қайталауға үйренеді. Шынайы коммуиикацияда сөйлеуші айтқанын қайталамайды, сондықтан мұғалімнің мақсаты окушылардың тыңдаған мәтіннің мазмұнын бір-ақ рет тындағанда түсінуге үйрету. Ал кей жағдайларда оқушылар мәтіннің мазмұнын бір рет тындағанда түсінбесе, оны екінші peт тыңдатуға болады, бірақта бұл жолы мүғалім тындайтын мәтінге қосымша бір тапсырма беруіне болады. Мысалы, мәтінді екінші рет тыңдаңдар да, бұл оқиғаның басты кейіпкеріне, оқиға уақытына, оқиға жеріне және т.б. назар аударыңдар деген сияқты тапсырмалар;
- Келесі бір қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушініц бет- әлпетін көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл-қозғалысын байқап отырса, онда ол өзі тындап отырған сөзді жеңіл түсінеді, бірақта мұндай жағдай үнемі бола бермеуі мүмкін (телефон аркылы сөйлесу, радиодан хабар тыңдау т.с.с.). Жоғарыда айтылған қиындықтарды жеңудің алғы шарты - мұғалімнің сабақта техникалық құралдарды кеңінен пайдалануы және тыңдау қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларды дұрыс ұйымдастыра алуы.
Окушылардың ағылшын тілі сабақтарында тыңдап түсіну қабілеттерін дамытуда төрт жаттығулар тобын ұсынуға болады.
Бірінші топ жаттығуларынын мақсаты - мәтінді тындаудың алдында лингвистикалық және исихологиялық қиындыктарды алдын ала жою.
Екінші топ жаттығудың мақсаты - мәтінді тындауға арналған жаттығулар. Мұнда окушылар мәтінді тыпдап, оның тақырыбын, идеясын анықтай, берілген кестенісызбаны және т.б. толтыру, сұрақтарға берілген жауаптардың мәтін мазмұнына сәйкес келетін анықтай және т.б.
Үшінші топ жаттығудың максаты - мэтін мазмұнын толык түсініп, оқушылардың бойында төмендегідей іскерліктерді дамыту: интерпретация, комментарий жэне талдау жасай алу. Мысалы, тындаған мәтіннің такырыбын талдау, мәтін мазмұнына берілген ассоциограмманы толтыру, уақиғаны бағалау, басты кейіпкерді сипаттау, мәтінді коммуникация жагдайымен ұштастыра білу және т.б. Үшінші топ жаттығуларын орындау барысында оқушыларға тірек, таяныш сөздер, жоспар, суреттер, сызбалар және т.б. ұсынуға болады.
Төртінші топ жаттығудың мақсаты - окушыларды мәтін мазмұнының басты идеясына байланысты ойларын айтқызу, пікір-талас ұйымдастыру, дөңгелек үстел ұйымдастыру, сахналау, сценарий жазу жэне т.б.
Енді тыңдауға арналған мәтіндерге қойылатын талаптарға тоқтала кетсек. Олар:
- тыңдауға арналған мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның мазмұны окушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
- мәтіннің берік логикасы болуы шарт;
- мәтіннің мазмұнында тындаушылар үшін қызықты жаңа мәселе болуы керек;
- мәтін аутентивті, яғни шындыққа негізделген, жасанды мәтін емес болуы тиіс.
Жоғарыда айтылған ойларды корытындылай келе, оқушылардың тындап түсіну іскерліктерін қалыптастырып, дамыту кажет. Егерде окушылардың тындап түсіну іскерліктерін дамытпасак, оқушылардың шетел тілінде сөйлей алуға да үйрете алмаймыз.
1.2 Шет тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
Қазіргі кезде ағылшын тілі мұғалімнің міндеті балаларды ағылшын тілін меңгертіп қана қоймай, оларды өздігінен жұмыс істеуіне, тілге деген қызығушылықтарын дамыту болып табылады.Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. АКТ-ны қолдану оқушы үшін өте қызықты, әрі нәтижелі болды. Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер,ноутбуктар, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып, тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді.Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы, тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу, лингвистикалық білім көлемінің артуы, тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің толығуы, ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту.Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әдістемелік, дидактикалық, педагогикалық және психологиялық принциптердің тұтас комплексін жүзеге асыруға көмектеседі, таным процесін қызықты және шығармашыл етеді, әрбір оқушы үшін жеке дара жұмыс қабілетін ескеруге мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды практикада қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жаңа түрін ашады, нәтижесінде жаңа білім ашылады, оқушылардың танымдық белсенділігі дамиды, білімді өз беттерінше толықтырады, ақпараттар ағымында іздеу және бағдарлауға үйренеді. Жаңа технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолдану тәжірибесін талдай отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: оқыту сапасы артады, тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді, ақпараттық кеңістікте адаспайтын, ақпарат мәдениетін жетік білетін тұлға болып қалыптасуына көмектеседі, тіл тосқауылының кедергілері азаяды. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны сабақтарда қолдану келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талаптты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшын де тигізер пайдасы аса мол.Қазіргі заманғы ұстазға қойылатын талап оқушының өз бетінше оқуына қарқынды түрде көмектесіп, оның сабаққа деген қызығушылығын ояту, сонда ғана оқушы жаңаны тануға талпынып, білімін арттыруға тырысады. Жалпы оқыту жүйелерінде педагогикалық жаңа технологиялар кеңінен орын алып келеді. Әр ұстаз өзі тандаған технологияларды қолдана отырып, оқушылардың білім денгейін көтеруге бар күш - жігерін жұмсайды. Бүгінгі таңда сабақты мультимедиалық кабинетте өткізу, шет тілі сабағында компьютер жүйесін қолдану ұстаздың да, оқушының да жұмысын жеңілдетеді, оқушылардың ынтасын арттырады. Сабақтарда денгейлік тапсырмаларды, сызбаларды, көрнекіліктерді қолдану оқушылардың қабылдауын жетілдіреді.
Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана отырып , ойын әдіс-тәсілін қолданамын.Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын.Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын көтереді , әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады.Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей:
1. Рөлдік ойындар.
2. Іскерлік ойындар.
А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары.
Ә)Өндірістік ойындар.
Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі. Рөлдік ойындар екіге бөлінеді:
1. Әрбір оқушы рөлде ойнайды.
2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.
Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады.Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады. Мынадай түрлері болады:фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б.Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады.деген тақырыптарда.
Шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады.Олар:дайындық ойындары және шығармашылық ойындары.Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады.Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді.Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді.Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде Менің көзілдірігім қайда?немесе Мынау не?деп сұрақ қою.Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, Домино, Бингоойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру.Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған.Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу.
Әдеттегідей ойынға оқушылар 2-3 топқа бөлінеді.Бұл ойындарға дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен таныстырамын.Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады.Сонымен қатар әртүрі викториналар, жағдаяттар, берейін ринг, рөл ойындарын, мысалы, Жұлдызды сәт, Таңғажайып алаңында, XXI ғасыр көшбасшысыойындарын өткіземін.ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады.
Ең бастысы, белгілі бір нәтижеге жету үшін сабаққа үздіксіз дайындаламын, көп ізденемін, тиімді жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруге ынталамын.
Ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздік жұмысын жүргізу.Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады.Оқушының сөздік қорын тексеру әдістері бар.Олар мыналар.
1.Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы:үй іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы, оқу-құралдары, т.б.
2.Оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атату(киім-кешек, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары т.б.).
3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.).
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы - оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын.
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын біліп алу қажет.Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдың - тақырыптық негізінде сөз ірітіледі. Ағылшын тіліндегі сөздер тек лексикалық түрінде ғана оқушыға меңгеріп қоймай, ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет. Мысалы, оқушы, оқы, кітапдеген сөздерді жеке бермей, оны сөз тіркесімен берген жөн.Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады. Сабақтағы ойынның орны, оған бөлінетін уақыт мөлшері оқушылардың білімінің деңгейімен, оқу материалының жеңіл не қиындығымен, сабақтың мақсаты мен мүмкіндігімен т.т. байланысты. Мысалы, егер ойын жаңа материалды алғашқы бекіту кезінде жүргізілсе , онда ойынға уақыт көбірік бөлінеді, ал кейінірек сол ойын өткен материалды қайталау ретінде ұйымдастырылса 3-5 минут жеткілікті.
Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, ағылшын тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті-ойын болса, оқу-тәрбиек үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылтын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойынның мақсаты-бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, таянақтау, пысықтау.
Міндеті-баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар-балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында-өткен сабақты еске түсіреду. Сабақтың ортасында-көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында-тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын-оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімне ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.
Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелері есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс ұшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала отыру; қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған карточкаларды
Қазіргі Қазақстан оқу білім орындарында жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуы қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.
Инновоциялық оқу оқудың түсіндірілмелі-түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекеттерінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойына жобалауды қажет етеді.
Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.
Ағылшын тілі сабағында әр түрлі ойын элементтерін қолдану жақсы нәтижелер береді.
Мысалы: Саусақ ойыны. Сабақтың басында ойналады.
Ойынның мақсаты; Жанұя тақырыбына байланысты лексиканың айтылу дағдысын жетілдіру.
Балалар өлеңді жатқа айтып тұрып саусақтарымен көрсетеді. Көрсетілген саусағын жұмып қояды.
This is our father,
This is our mother,
This is our brother,
This is our sister,
This is our baby,
Oh, how we love them all!
Please деген сөзді естіген соң бұйрықты орында ойыны:
Stand up, please,
Put down your books, please.
Take your books, please.
Sit down, please.
Look at the window.
Look at me, please.
Бұйрықты дұрыс орындамаған оқушы жазаланады -өлең айтады иә мәнерлеп жатқа өлең оқиды.
PrepositionsПредлогтар
Ойынның мақсаты: Предлогтарды ажырата білу, тақырыпқа байланыста лексиканы пысықтау және диалогқа үйрену.
Hide-and Seek in a picture
Бір оқушы тақта алдына шығады. Ол, ойша сыныптағы заттардың бірінің артына тығылады. Ойынды жүрізуші қайда жасырынғанын қағазға жазып мұғалімге береді. Сынып оны іздейді.
P1: Are you under the table?
L.: No, I am not.
P2: Are you behind the blackboard ?
L.: No, I am not.
P3: Are you in the bookcase?
L.: No, I am not.
P4: Are you under the desk?
L: Yes, I am.
Жүргізушінің қайда тығылғанын тапқан оқушы ұпай алады да, ойынды әрі қарай жалғастырады.
Синонимін табайық ойыны.
Ойынды Синоним тақырыбын бекіту сабағында немесе сабақтың мақсатына қарай өткенді еске түсіре отырып өткізуге болады.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың Синоним тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға баулу, сөздіік қорын байыту .
Ойынға синонимдік қатар түзуге болатын мақсаттағы сөздерді интерактивті тақтаға еңгізіледі. Ойынның шарты . Оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар жазу тапсырылады. Ойын соңында синонимдік қатардан сөйлемдер құралады.
Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар, ағылшын тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны қолданудың маңызы өте зор.
Оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меігеруіне ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, өорытынды жасауға дағдылананды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz