Мектепке дейінгі дайындық пен бастауыш сынып арасындағы математикалық білім мазмұнындағы сабақтастық



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі дайындық пен бастауыш сынып арасындағы математикалық білім мазмұнындағы сабақтастық

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мектеп және балабақша арасындағы сабақтастық
1.1 Мектепке дейінгі мекеме мен мектеп арасындағы ерекшеліктері ... ... ... ... 6
2.2 Сабақтастық үрдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сыныпта математиканы оқытудың өзіндік ерекшеліктері мен математикалық сабақтастығы
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуда жаңа технологияны қолдану жолдары ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Математика пәнін бастауыш сыныпта оқытудың ерекшеліктері ... ... ... ...21
2.3 Математика пәнін оқытуда мектепке дейінгі ұйыммен бастауыш арасындағы сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесі қарқынды дамуда. Бағыты - тура, мақсаты - айқын, міндеттері жоспарлаулы білім саласының бүгінгі жеткен жетістіктері аз емес. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауларында ел тарихындағы маңызды салалардың бірі, әрі бірегейі ретінде білім саласына басты назар аударып отырады.Себебі, білімді ұрпақ - ел келешегі. Білімді ұрпақ болашағының жарқын болуында негізгі орын алатын балабақшалар мен мектептерде білім мен тәрбие берудің бүкіл жүйесін қайта құру және жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда елімізде 8590 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істесе, оларға 644,3 мың бала барады. Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарымен қамтылуын іске асыруды бастағанда 36% ( пайыз) болса, қазіргі таңда 71,5 %-ды құрап отыр. Елбасының тапсырысымен бірегей Балапан бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартылды, осы бағдарламаның аясында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамту қарастырылуда. Мектеп жасына дейінгі балаларды толық қамту проблемасы мектепке дейінгі білім беру мазмұнын модернизациялауды талап етеді.
Біз бағдарлама мақсатына қол жеткізуіміз үшін мынадай міндеттерді шешуіміз қажет:
- инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен және жеделсатылармен және т.б. жарақтандыру)
- мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемаларын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау
- мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды жүзеге асыру
Болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастығымен тығыз байланысты. Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.
Балалар білім икемдігі мен машықтарын пайдалану және одан әрі дамыту кезінде олардың оқу ісінде әр алуан байланыстар орнату, жаңа білім мен бұрынғы білімді өзара байланыстыру. Сонымен бірге, білімді кеңейту мен тереңдету, оқығандарды жаңа, жоғары деңгейде байыптау.
Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық - ағартушылық және тәжірибелік.
Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу - тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы топтары мен мектептің бірінші сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.
Екіншісі аспект, бір жағынан мұғалімдердің балабақшада өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысу, екінші жағынан, тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отыруымен бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары: мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін балабақшадағы дайындық топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс - әрекетін бақылау, балалардың диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу.
Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш саты арасында оқытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
1) Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш саты арасындағы сабақтастықты қалыптастыру
2) Екі буын арасындағы сабақтастықтың салдарынан туындаған қиыншылықтарды жою жолдарын іздестіру
Болжамы: Егер екі буын арасындағы сабақтастық жұмыстары дұрыс жүргізілетін болса онда болашақта математиканы жетік меңгерген білімді ұрпақты тәрбиеленеді.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. Мектеп және балабақша арасындағы сабақтастық
1.1 Мектепке дейінгі мекеме мен мектеп арасындағы ерекшеліктері
Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі. Ә. Бидосов былай деген "Сабақтастық дегеніміз - мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі пәндерді оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату". Балалар білім икемдігі мен машықтарын пайдалану және одан әрі дамыту кезінде олардың оқу ісінде әр алуан байланыстар орнату, жаңа білім мен бұрынғы білімді өзара байланыстыру. Сонымен бірге, білімді кеңейту мен тереңдету, оқығандарды жаңа, жоғары деңгейде байыптау".
Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық - ағартушылық және практикалық.
Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу - тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы топтары мен мектептің бірінші сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.Екінші, тәжірибелік аспект - бір жағынан мұғалімдердің балабақшада өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысу, екінші жағынан, тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отыруымен бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары: мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін балабақшадағы дайындық топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс - әрекетін бақылау, балалардың диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу.
Қазіргі оқу тәжірибесінде мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқуындағы сабақтастықты жүзеге асыруда негізгі екі бағыттарын белгілеуге болады. Олардың біріншісі, балалар дамуының темптерін көбейту және мектепке дейінгі мекемелердің мектептегі оқудың талаптары мен ерекшеліктеріне жету міндеттерінен тұратын тәжірибеге сүйенеді. Екінші, бастауыш мектепке дейінгі білімдер, іскерлік және дағдыларды дамыту тактикасына негізделеді. Мұнда В. В. Давыдовтың белгілеуі бойынша, бастауыш мектеп оларды жүйелейді және жалпылайды, оқуға, жазуға, санауға және т. б. үйретеді. Біздің көзқарасымызша, бұл бағыт жан - жақты емес, бірақ біріншісіне қарағанда көп қаланады.Сабақтастықтың жағымсыз жақтарын тереңдететін негізгі фактор болып біздің пікірімізше, бірінші сыныптың бағдарламаларының күрделену тенденциясы жалпы білім беретін мектептерде практикаға, оқытудың альтернативті формалары мен жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, бірінші сынып оқушысына өте жоғары талаптар қою. Бұл тенденциялардың бірі - көптеген арнайы мектептерде балаларды қатал таңдау. Бірінші сыныпқа баратын балалардың оқи білу, санау операцияларын игеру, санның құрамын ұғыну және т. б. талап етеді. Бұл өзінің баласының "жақсы" мектепке түсуін қалайтын ата - аналар жағының балабақшаға сәйкес талап қоюын тудырады.
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар.Мақсат, мазмұн бірлігі неғұрлым тиімді деген әдістерді, оқыту құралдарын, балалар мен оқушылардың жетістіктеріне қорытынды жасау және бағалауды таңдап алуға негізделген білім берудің мектепке дейінгі, бастауыш буын сатыларындағы көп түрлі, көп нұсқалы бағдарламалардың болмауы, осы сатылардың арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетеді. Берілген бағдарламаларда білімді игеру көлемі, жеке тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілмеген. Бастауыш буын мен мектепке дейінгі білім беру бір-бірінен алшақ жатыр деуге болады.
Сондықтан балабақша мен бастауыш буын сабақтастығын айқындауда біріншіден:
* аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы, білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың белсенді дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне;
* екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуына назар аудару керек (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері).
Сонымен қатар аталған сабақтастық сақталу үшін мектепке дейінгі кезеңде -- жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Бастауыш сатыда -- мектепке дейінгі шақтағы жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді.
Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады:
* баланың дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің дамуы мен көру қабілеті т.б.
* іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі;
* құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы;
* қоршаған ортасын қабылдау бейімі т.б.
Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын -- ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар. Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта:
* оқу, ойын, жатын бөлмелері;
* жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;
* гигиеналық талапқа сай асхана;
* сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын;
* баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы.Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері Баланы мектепке даярлау мақсатында балаларды партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді. Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады,себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деп ойлаймын. Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді қолдана білсе. Сонымен қатар бұл шақта баланың көрнекі-әрекеттік және бейнелі-ойлау түрлерін де жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген әріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп елемей, тез арада сөздік- логикалық ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік қалыптасуы нақ осы көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет.Көрнекі-әрекеттік ойлау- нақты заттарды пайдаланып, белгілі мақсатты көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады. Көрнекі-бейнелілік ойлау- заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін табу қабілеті дамиды.Сөздік-логикалық ойлау -- сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Осындай жұмыстарды бірлесе отыра атқаратын істер сабақтастық мәселесін шешудің тиімді бағыты деуге болады.

2.2 Сабақтастық үрдісі
Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады. Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі балалардың жетістігін қалыптастырып алып, балалардың жинақтаған әлеуетін педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың осындай түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады. Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады; әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы). Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.
Мектепке дейінгі ұйымның міндеттері
- Салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
- Эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау;
-Талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
-Айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;
Бастауыш мектептің міндеттері
- Салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған сай реттеу;
- Қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери)
- Мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;
- Әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту;
- Мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету;

2.Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сыныпта математиканы оқытудың өзіндік ерекшеліктері мен математикалық сабақтастығы
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуда жаңа технологияны қолдану жолдары
Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату. Оқу іс-әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске талпындыру жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану. Сабақты қызықты өткізу үшін қосымша материалдар пайдаланамын,сол себепен мен өзімнің тәрбиелеп жүрген балаларыма оқу тәрбие үрдісінде болып жатқан жаңалықтарды пайдаланып келемін. Мектеп жасына дейінгі балалар кішігірім математикалық терминдер, геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, қосу, алу тең ұғымдарын үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік), жігерін жұмсайды, Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дедуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыруға, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. Әр шаңырақтың үміті болып өсіп келе жатырған алдымдағы әрбір шәкіртімнің бабын таба білу, жүрегіне ел, ұлт деген ұғымды ұялатып, жан шырағын жаға білу. З жастан асқан, үйден келген балалар болғандықтан көпшілігі оң-сол, жоғары -төмен,алыс- жақын деген негізгі ұғымдарды меңгергенімен алыс- жақын, биік- аласа, көп -аз, үлкен- кіші ұғымдарын шатыстырып, 0- ден 5-ке дейінгі сандарды тура санағанымен кері санау және сандарды таңбасына қарай ажырату қиын болды. Ересек топқа келсек 0 - ден 10- ға дейін тағы да кері санауда қиынсынды, кейбір балалар ауызша есептер шығарғанда көп қиналады. МАД тобында осы балалармен деңгейлік тапсырмалар орындату қиыншылық туғызды. Деңгейлік тапсырмалар 1,2,3,4 деңгейде беріледі. Деңгейлік тапсырмаларды тексеріп, дұрыс болған жағдайда ғана келесі деңгейге көшу керек,осы кезде тәрбиешіге барлық баланы тексеріп шығу өте ауыр, сондықтан. Өзіме ыңғайлы болу үшін, 1-ші қатарға З деңгейді бірдей уақытта орындайтын баларды отырғыздым, 2-ші қатарға 2 деңгейлі бірдей уақытта орындайтын балаларды, 3-ші қатарға 1 деңгейді ғана орындайтын балаларды отырғыздым. Бұл балалардың тапсырмаларды қызыға, ынталана орындап, кез- келген қиыншылыққа төзуге,жеңуге болады деп ойлаймын.
Осы тапсырмаларды өз бетімен орындау- шығармашылық жұмыс бастамасы Келесі 4 деңгейді орындайтын оқушылар бірте - бірте дараланып шыға бастайды.Ал, 4 деңгей тапсырмаларын үнемі жеке карточкалар арқылы беріп отырамын. Бүгінгі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мәселесін де заман талабына сай,уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр, сондықтан әрбір педагогтың алдына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үрдісіне енгізу мақсаты қойылып отыр. [1]
Балабақшаның басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс-қимылын жан-жақты дамыту.Бұл кезең баланың іс әрекетінің қалыптасуымен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын мезгіл. Бұл мезгілде балаларға берілетін білім ең алдымен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Таным ең алдымен сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап,көріп тануынан тұрады.Сезіну үдерісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды, Баланың логикалық ойлау түсігіні ең алдымен оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін) теңістіру, орналасуын, саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді.
Дамыта оқыту технологиясы. Білім беру жүйесін қайта құру балабақшадан басталатыны белгілі. Ал, білім беруді жақсарту педагогқа байланысты екендігі сөзсіз. Соған орай білім берудің жаңа технологияларын мақсатқа сай қолдана білу қажет. Мысалы : ертегінің мазмұнын ашу барысында Дамыта оқыту технологиясын қолдансақ, онда Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесінің негізгі мақсаты жеке адамның жоғарғы дәрежеде жан -жақты дамуы үшін негізін жасау. Дамыта оқытудың басты мақсаты- баланы оқыта отырып жан -жақты дамыту.Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе балаларды оқытуда шығармашылық әрекетін енгізу. Күнделікті сабаққа әзірленгенде осы дамыта оқытудың әдіс- тәсілдерін пайдаланамын. Балалардың сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыруда сабақты түрлендіру, әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана өткізудің де маңызы зор. [2]
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Қазіргі балабақша тәжірибесінде қолданып жүрген сыни ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары баланың ойлауына, шығармашылық ізденісіне, педагогтың шеберлігіне жол ашты. Технология әдістерін қолдануда педагогтар нәтижесінде: баланың ойлауына, бала белсенділігіне, сөздік қорын дамытуға, баланың өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтындығын айтып жетістікке жетуде. Баланың өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой- өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, бірте - бірте мұғалімнің түсіндіргеніне қарағанда өз ізденісімен қызығу танытып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі дайындық пен лекциялық бастауыш сатысы арасындағы математиканың білім мазмұнындағы сабақтастық
Математиканың білім мазмұнындағы мектептің бастауыш және орта сатысындағы сабақтастығы
Бастауыш мектеп математикасын оқыту үрдісіне дамыта оқыту технологиясын қолдану
Мектепке дейінгі баланың жоспары
«Балбөбек» төл бағдарламасы
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
МАТЕМАТИКАНЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ туралы
Сауат ашу кезеңінде бірінші сынып оқушыларының сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
Ондық жүздіктен неше есе кем
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Пәндер