Ғылыми зерттеудің әдістемелік принциптері.


ҚАЗІРГІ ЗАМАН ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы: Ғылыми зерттеудің
әдістемелік принциптері.
Қабылдаған: Жуманбаева К. Р.
Орындаған: Джолдинова А. К.
Қарағанды қ.
2011ж.
Мазмұны
Кіріспе
- Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістері
- Педагогика ғылымының қазіргі кезеңдегі міндеттері
- Педагогикалық зерттеудің түрлері
- Зерттеу жұмысының мақсаты, міндеті, нысанын анықтау әдістері
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Педагогика - ақиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін және обективтік дүниені танудың, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден -бір әдісі болып саналатын филосафия негізінде дамиды. Мысалы: диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы дамуының заңдылықтарын зерттейді. Диалектиканың қағидаларын басшылыққа ала отырып, педагогика педагогикалық оқиғаларды жалпылама түрде ғана « көшіре» салмайды, ол тәрбиенің заңдылықтарын ашады, тәрбиедегі себепті, нәтижелі байланыстарды анықтайды, тәрбиенің болашағын көрсетеді.
Педагогика - диалектикалық материализмнің оқиғалармен өзара жалпы байланысы жөніндегі қағидасын қоғам өмірінің басқа оқиғалармен органикалық байланыста қарастырады.
Педагогика ғылымы - қоғамдық құрылысқа жаңа жағдайға сай адамның даму заңдылығын зерттейді. Педагогика ізгілікті демократиялық тәрбиенің мәнін ашып, қоғам үшін қажетті білім жүйесін жан жақты жарасымды жетілген еңбекке негізделуді, зерттеуді міндеттейді. Біздің елімізде тәрбиенің, білім берудің, оқытудың бір ізді жүйесі құрылған.
Сонымен, педагогика ғылымы жан жақты жарасымды жетілген еңбекке негіздеуді міндеттейді. Біздің елімізде тәрбиенің, білім берудің, оқытудың бір ізді жүйесі құрылған.
Сонымен, педагогика ғылымы жан -жақты тәрбие, білім беру, оқыту процестерінің заңдылықтырын зерттейтін ғылым. Педагогика - үнемі дамып отыратын ғылым. Тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі мәселелерді ғылыми -теориялық, тәжірибелік жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады.
Бақылау әдісі
Мектеп құжаттарын зерттеу
Әңгіме әдісі
Оқушылардың жұмысын зерттеу
Эксперимент
Кибернетикалық және математикалықәдістер
Тексеру
Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу ажолдары
Педагогикалық процестерді модельдеу
Педагогикалық зерттеудің әдістері
Педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді.
Теориялық әдістер :
- ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау;
- индукция
- дедукция
- жіктеу
- аналогия
- салыстыру
Э мпирикалық әдістер :
- мәліметтерді жинау ( бақылау, әңгімелесу сауалнама, тест)
- Тексеру және өлшеу ( шкалалау)
- Мәліметтерді өңдеу
- Математикалық статистикалық, графикалық кесте
- Баға беру әдістері (өзін -өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум)
- Зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу ( эксперимент)
Бақылау әдісі
Зерттеулерде мынадай әдістер қолданылады:
- Педагогикалық бақылау
Бақылау баланың мінез құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді. Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық -педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші. Л. Н. Толстой « Мұғалім баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек», деген. Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің бәрінің қатысуына байланысты.
- Күрделі бақылау
Бұл зерттеу жұмысында қолданылаитын бақылау. Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады. Бақылау еңбек операциясының, іс -әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудың негізгі қызметі -зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру. Ол танымның бас кезінде жүргізіледі. «Нақты пайымдау » ой елегінен өткізумен байланысты, аталған әдіс арқылы күрделі педагогикалық құбылыс, процестердің байланысы ашылып, ғылымда белгілі құбылыстарға түзетулер енгізіледі.
Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес.
- Тікелей, жанама, ашық, жабық бақылаулар
Зерттеушінің зерттеу обектісімен байланысына қарай болатын бақылау түрлері. Бақылаудың бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді.
Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама ақылау зерттеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының ойындарын, жоғары сынып оқушыларына бақылатуға болады. Ол үшін зерттеуші нақты нұсқаулар береді, бақылаудың табыстылығы, зерттеушінің дайындығына байланысты.
- Ұжым болып бақылау
Ұжым болып бақылау кезінде біріншісі - зерттеуші мұғалімнің іс әрекетін, екіншісі - оқушылардың, үшіншісі жекелеген оқушылардың іс әрекетін белгілейді.
- Өзін өзі бақылау
Зерттелетін педагогикалық құбылыстардың жасырын жерлеріне енуге мүмкіндік беретін бақылау. Мысалы бастауыш сынып оқушылары зерттеушінің сұрауыпен өздік жұмысты орындауға кеткен уақытты, үй тапсырмасын қалай орындап жүргендерін жазады. Бақылау нәтижелерінің дұрыстығы педагогикалық процестің табиғилығына байланысты
- Үздіксіз бақылау
педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы : сабақ, тәрбиелік іс -шара, т. б. обектілер үзіліссіз қаралады.
- Монографиялық бақылау
Бұл арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады. Мысалы биыл бірінші сыныпқа қабылданған оқушыларды зерттеу. Обектілері - оқушының мәдениеттілігі, ой -өрісі, мінезі, т. б.
Педагогикалық құбылысты бөліп алып бақылау ғылыми жұмыстың міндетіне байланысты.
Бақылау фактілері кезінде белгіленіп отырылмаса, жақсы жүргізілген бақылаудың өзі де құндылығын жоғалтады. Бақылауды күнделік дәптер түрінде жүргізілген ыңғайлы. Ең әуелі баланың денсаулығы, отбасылық құрамы, ата аналарының мамандығы жөнінде жазулар болады. Жазулар хронологиялық тәртіппен жүргізіледі. Сабақ кезінде, үзіліс уақытында, сыныптан тыс сабақтың кезінде барлығын түгел жазып отыруға мұғалімнің уақыты жоқ. Дегенмен, қысқаша жазып отыру керек болады. Оқушылардың айтқан сөздерін, олардың сөздерінің өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, сөзбе сөз жазған жөн. Жазуда байқалған оқиғаның іс жүзіндегі жақтары көрсетілуі қажет. Әрбір жазуда мына жайлар болуы тиіс: бала өзін көрсеткен кездегі жағдай тәрбиешінің және баланың іс әрекетін сипаттау, баланың жасаған ісіне басқалардың көзқарасы, айтқан сөздері немесе қимылдары.
Бақылаудың осы айтылған жақтары ешбір алдын ала белгіленген ережесіз, сол күйінде, оқйғаның болған кезіне қарай, жоғарыдағы екінші жазуда айтылғандай жазылуы тиіс. Күнделік дәптерге әрбір оқушы туралы жүйелі түрде жазып отыру керек.
2. Әңгіме әдісі
Бақылау мәліметтері әңгіме әдісі арқылы түскен деректермен толықтырылады. Оның арнайы жоспары болады. Әңгімелесу кезінде жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін ескеруді керек етеді. Себебі, кейбір оқушылар мұғалім сұрағына жауап бермей, өзінше сақтанып ар жағындағы ойын айтпайды. Сондықтан әңгімелесуге мұғалім алдын-ала дайындалу керек. Жауаптар дәптерге жазылады. Әңгіме бақылау және экспериментпен ұштасса, нәтижелі болады.
3. Эксперимент
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындагы негізгі әдіс. Ол оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеті педагогикалық ықпал мен оның нәтижелері арасында байланыс онату. Эксперимент өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс -тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады. Ғылымға сүйеніп жасалған, алдын -ала айтылған ой - гипотеза деп аталады.
Көлемді экспериментке көп оқушылар қатысады. Жергілікті, микроэксперименттерге аз оқушы қатысады. Кең көлемді, ірі эксперименттерді мемлекеттік, ғылыми мекемелер және білім беруді басқау органдары өткізеді.
Ойдағы эксперимент
Бұл іс әрекетті санада жасау. Жасанды жағдай - бір не бірнеше оқушыны ұжымнан бөлу. Эксперимент педагогикалық жұмыстың қандай да бір әдісінің тиімділігі туралы қорытынды болғанда өткізіледі.
4. Тексеру
Тексеру эксперименті, ғылыми педагогикалық зерттеу институттары шығарған оқулықтарының пайдалылығын арнайы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Мектептегі озат тәжірибелерді зерттеу процесінде пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Оқу мен тәрбиенің мазмұнын ұйымдастыру түрлерін, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі, оны жасампаз эксперимент дейді.
5. Мектеп құжаттарын зерттеу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz