Мектепке дейінгі балалардың өзін өзі бағалау ерекшеліктерімен танысу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
Педагогика және психология
кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі жастағы баланың өзін-өзі бағалау ерекшелігі
Тексерген: Мектепке дейінгі оқыту, тәрбиелеу мамандығының 1 курс студенті Қайырлиева А.С.
Орындаған: аға оқытушы Калкенова Г.Б.
Орал - 2014
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 тарау. Өзін - өзі тәрбиелеу, бағалау - өмір талабы
1.1. Өзін-өзі бағалау мәселесіне жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Өзіңді өзің тану - адамгершілік құндылықтардың негізі ... ... ... ... ... ... ... . 9
2 тарау. Мектепке дейінгі балалардың өзін-өзі бағалауына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері
2.1. Өзін-өзі бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2. Ересектер тобындағы оқу іс-әрекетіне ұйымдастырылған технологиялық картасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде балабақшаларда баланың жан-жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Тәрбиесіз толыққанды тұлға тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан мұнда бала бейнесі, яғни адам бейнесі маңызды. Біз көбіне баланың шынайы бейнесін емес, өзіміз қалаған бейнені, бала идеалын көреміз. Баланы субъекті ретінде емес, объект ретінде көріп келдік. Тек соңғы жылдары ғана оған субъект ретінде мән берілуде және оның өзегі болып табылатын басты қасиеттері мен сапаларды айқындуға ұмтылыстар жасалып келеді. Ал біз В. С. Кукушкин қасиеттерді емес тұлғада жүретін үрдісті көрсетудің, маңызды деген пікірге қосылсақ, тұлғада жүретін: өзін-өзі тану; өзін-өзі көрсету; өзіне-өзі сену; өзін-өзі анықтау; өзін-өзі іске асыру; өзін-өзі реттеу және т.с.с. үрдістердің мәні мен маңызы зор.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: ... жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық жэне дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік - адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады - деп атап көрсетті.
Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, А.И.Липкина, И.И.Чеснакова т.б.).
Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар. (Коссов Б.Б, Сафин З.В, Спичак С.Ф. т.б.).
Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен Р.Ш.Сабырова, С.Ж.Өмірбекова және Л.С.Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінді.
Қазіргі қоғамда балалардың өзін-өзі бағалауын психологиялық тұрғыда зерттеудің психология ғылымы мен педагогика ғылымы үшін қажеттілігі әрқашан да зор. Сондықтан да, біздің зерттеуіміз өзін-өзі бағалау оқытудың табыстылығына әсер ететінін негіздей отырып, балалардың өзін-өзі бағалауына арналады. Өзінің әртүрлі тұрғыларында бағалау Отандық және шетелдік психологтар мен педагогтар (А.Е.Берікханова, Б.Г.Ананьев, Ю.К.Бабанский, П.П.Блонский, Дж.Брунер, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, Э.Ф.Голубева, А.Н.Леонтьев, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, Д.Б.Эльконин, А.И.Липкина) еңбектерінен көрініс тапты.
Тұлғаның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолында негізінен Е. С. Кузьминнің, А. А. Свинецскийдің, К. Роджерстің, А. Маслоудың тағы басқа ғалымдардың тұжырымдаулары бойынша тұлғаның өзін - өзі бағалауы, өзіндік Менін бағалауы, өзіндік актуализациялануға талпынысы, қоршаған ортаны субъективті қабылдауы, әлеуметтік - психологиялық қасиеттерін қарастырудықң маңызы зор! Тұлғаның қоршаған ортамен қарым - қатынасы, жеткен жетістіктері мен ерекшеліктері көптеген жағдайларға тәуелді, оларды тұлғаның әлеуметтік есею ұғымымен түсіндіріледі. Шетел психологиясында тұлғаның әлеуметтік есеюін өзіндік аяқталу терминімен белгілейді және оның мағынасын тұлғаның өз мүмкіндіктерін аңғаруына және дамытуына бағыттылы деп сипаттайды. Өзіндік актуализацияланатын тұлға ең алдымен дербестігімен, өз мәнді іске асыра алуымен, өзіндік тұжырымдауларымен, ақиқатқа талпынысымен сипатталады. Адамдар өз жағдайларын өздері құрайды. Сонда әлеуметтік жағдайды қатысушылардың әрекеттері құрайды. Әлеуметтік орта өздігінеен өгеретін ауа - райынан өзгеше болып келеді. Ол үйі сияқты, біз оны өзіміз құраймыз.
Тәрбиеші мен балалар мақсатына жетуге бағдарланған арнайы ұйымдастырылған басқарылатын және бақыланатын өзара әрекеті. Сондықтан оның өзіндік ерекшеліктері, жүйесі болуы заңды. Балабақшаның кешенді тәрбие жүйесіне сүйене отырып, бағыт бағдарды айқындап жүйелі нақты тәрбие жоспарын жасалды.
Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі балалардың өзін өзі бағалау ерекшеліктерімен танысу.
Зерттеу міндеттері: Балалардың өзін өзі тану ерекшеліктері мен бағалау ерекшеліктері туралы түсінік беру және өзін өзі бағалау әдістерімен таныстыру, психологиялық тренингтер пайдаланудың ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі балалар.
Зерттеу пәні: оқу іс-әрекетіндегі өзін өзі тану, бағлау диагностикасы.
Зерттеудің теориялық мәні: Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен Р.Ш.Сабырова, С.Ж.Өмірбекова және Л.С.Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінді.
Зерттеу әдістері және процедуралары. Ғылыми - педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, ғылыми зерттеулер, бақылау, байқау; ата - аналар және мұғалімдермен әңгіме, сұхбат жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Өзін-өзі бағалау мәселесіне жалпы түсінік
Адамдардың өзін - өзі тәрбиелеу, бағалау дегеніміз - жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білу. Әр адам - жеке тұлға. Мектепке дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулері керек.
Адам өзін-өзі тәрбиелейді, алдына мақсат қоя біледі, сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, өз өмірім өзіме құнды деген қағиданы басты назарда ұстау қажет. Адам ен бастысы жоғары адамгершілікте болса ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады.
Жеке тұлға қалыптасуының маңызды факторы өзін - өзі бағалау болып табылады. Балалар өзін - өзі бағалауды қалыптастыру мәселесі - оның тұлғасының дамуын анықтайтын маңызды мәселе. Міне, сондықтан да балалардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері мәселесі психологтардың назарына алынып, бүгінгі күн талабына сай мәселелердің бірі болып отырады.
Өзін - өзі бағалаумен байланысты мәселелер кеңестік кезең зерттеушілері - Л. С. Выготскийдің, С. Л. Рубинштейннің, В. В. Давыдовтың, Л. И. Божович, Э. Эриксонның, М. С. Тайчиновтың т.б., сондай - ақ шетел зерттеушілері - Р. Бернс, Куперслиздің, Скоттың зерттеген еңбектерінде жан - жақты қарастырылған.
Адамзат тарихында ұлы адамдарға өмірлік бағдарламасын нақты орындауға көмектескен өзін-өзі түзету мысалдары өте көп кездеседі. Өзін-өзі түзету өзін-өзі жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі. Л.Н.Толстой Өзін жетілдіруге деген ұмтылыстан басқа еш нәрсе адамның өз игілігі мен басқа адамдардың игілігіне септігін тигізе алмайды- деп бекер айтпаған.
Тәрбиенің демократиялық жүйесі баланың, басқа адамдар ықпалына бағынышты болмай, керісінше өзінің қабілеттері мен күштерін бағалап, өз дамуын өздігінше анықтауға үйрететін бірден-бір жүйе болып саналады. Тәрбиенің осындай нәтижесі тек қана педагог пен өсіп келе жатқан баланың тығыз ынтымақтастығы негізінде ғана мүмкін болады.
Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады.
Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек.
Балаға өмірде әр түрлі жағдаяттарды шешуге тура келеді. Зерттеулер бұл жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Автобуста отырғанда жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Ескертуді естімеген боласың ба? - деген мұғалімнің сұрағына бала өзінің көзқарасына, мінез-құлқына сүйеніп жауап беруі жаңа талаптарға сай іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын өзгертеді.
Тәрбие жұмысының нәтижелерін балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, балаларды өзін-өзі сендіруге үйрету, балалардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері - баланың өзіндік педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.
Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.
Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
:: балалардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру.
:: тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру.
:: педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы.
Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады.
Адамдар арасындағы өзара қатынастар белгілі дәрежеде бағалау сипатына ие болады, мұның педагогикалық қызметтегі орны зор.
Бағалау мен өзін-өзі бағалауды педагогикалық үрдісті зерттеу балаларға тиімді ықпал жасауда, өзара қатынас орнатуда жұмыс туралы болуы қажет. Өзін-өзі бағалау әдісі, егер адам өз әрекеттерін бағаласа, оның нақты тәртібі жөнінде объективті деректер береді. Ол адам бойында сенімділік, өз-өзін бағалау дәрежесін анықтауға мүмкіндік ашады. Бағалауды өз-өзін бағалаумен салыстыру адамдар арасындағы өзара қатынастарды, жанжалдарды айқындауға жол беретін ерекше әдіс ретінде көрініс алады.
1.2. Өзіңді өзің тану - адамгершілік құндылықтардың негізі
Қазіргі педагогика ғылымы тәрбие саласындағы басымдық міндеттердің бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық даналығының жалпыадамзаттық құндылықтарын меңгерту негізінде тәрбиелеу қажеттігін дәлелдеп отыр.
Өзін-өзі тану пәнінің Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты пәнді оқытуға толықтай негіз бола алады.
Баланы жан-жақты дамытып, өзінің ішкі дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдауға үйретуді мақсат ететін Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білімінің қағидалары мен әдістеме-нұсқауларының қайнар бұлағы - ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардан негіз алады.
Атап айтқанда, халқымыздың аңыз-әңгімесі, ертегісі, мақалы, нақыл сөздері, ұлылардан ұлағат алу, ақын-жазушыларамыздың шығармашылық еңбектерінен тәрбиенің түйінін табу, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйрену Өзін-өзі тану пәнінің өзегі болып табылады. Бұл пән адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт ұстайды. Әрбір жеке тұлға, жеке азамат өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Осыған орай өтілген әрбір сабақ баланы өзінше ойлауға, шешім шығаруға, өз ісіне жауапты болуға баулиды. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткен халқымыздың мол мұрасы осы пән арқылы келесі ұрпаққа жетіп жатса біздің де мақсаттарымыздың орындалғаны.
Өзін-өзі тану пәні сабақтарының мақсат, міндетін ашуға, сабақта берілетін құндылықтарды түсінуге, талдауға, ұғынуға, балалардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыруға, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, берілген тапсырманы орындау арқылы ойлануға, өз ойын түйіндеуге, рухани адамгершілік білімді меңгеріп, баланың жан-жақты қалыптасуына және баланың сабақ барысында өзіндік құрал ретінде қолдану үшін оқулық, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, бала дәптері тағы басқа оқу құралдары ұсынылған.
Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндерден өзіндік ерекшелігі, әдіс-тәсілдері, шартты белгілері бар. Оқулықтағы шартты белгілер балаларға түсінікті болуы үшін берілген. Сонымен бірге әдіс-тәсілдері шаттық шеңберден басталады. Берілген әрбір тапсырма баланың ішкі әлеуетін оятуға негізделген. Демек, бала пән арқылы өмірге шынайы қарауға тәрбиеленеді. Оның негізі адамгершілікке, махаббатқа, сүйіспеншілікке келіп тіреледі.
Мектепке дейінгі мекемелердің, атап айтқанда балабақшалардың ересек және мектепалды топтарына, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалып, жаңартылып екі рет баспадан жарық көрді.
Қорыта айтқанда, Өзін-өзі тану пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Рухани-адамгершілік білім беру - жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
2 тарау. Мектепке дейінгі балалардың өзін-өзі бағалауына
арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері
2.1. Өзін-өзі бағалау
Тақырыбы:Өзін-өзі бағалау
Мақсаты: Тәрбиешілердің жеке тұлға тепе-теңдігін, сенімді мінез-құлықты дамыту. Адамның Мен деп өзін бағалай білу керектігін түсіндіру. Өзіндік талдау мен өзіне баға беру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.
Міндеттері: Әлеуметтік психологиялық климатты құру Қарым-қатынастың үйлесімділігі , өзін-өзі тану процесін тереңдету, топтағы адамдардың көмегімен өзін тану.
Құралдар: Ақ парақ, қарындаштар
Амандасу ретінде Бумба-Юмба тайпасы жаттығуы
Психолог: Біз сіздермен барлығымыз Бумба - Юмба таппасына қоршауға түсіп қалдық.Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасуымыз керек. Қолымызды, алақанымызды 1 рет соққанда сіздер қасыңызда отырған адаммен бір-біріңізді мұрындарыңызбен үйкейлейсіздер. Белгі беріліп, алақандарыңызды 2 рет соққанда бір-біріне арқаларын түйістіріп, үйкелесу қажет.
Рефлексия: Сіздер қандай сезімдесіздер? Қандай әсер алдыңыздар?
Мен бәрінен жақсы істей аламын жаттығуы
Допты ұстаған адам өзінің нені күшті жасай алатынын топ алдында айтады. Өз жетістігін аргументтеу керек.
Танысу жаттығуы
Тәрбиешілер шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есіміне қосып, есімінің бас әріпінен басталатын жеміс-жидек атын атап шығады.
Алақан жаттығуы
Әрбір саусаққа өз бойындағы іскерлікке қабілетті, жағымды қасиеттерді, мінездің мықты жақтарын жазады. Сосын әрбір алақандағы жазуларды оқиды, ал қатысушылар оның кім екенін анықтайды.
Өзін -өзі бағалауы
Нұсқау: Берілген жеті атау бойынша өзіңізді пайызбен бағалап, пайызын жазып, пайыздарын қосып, жеті санына бөлеміз.
1. Денсаулығы
2. Ақылдылығы
3. Мінезі
4. Басқаларға ықпалы
5. Шеберлігі
6. Сыртқы бет-әлпеті
7. Өз -- өзіне сенімділігі
45-тен төмен
Өзін -өзі бағалауы төмен. Сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді тым бағаламайсыз. Сырт көзге көріне бермеседе, өзіңізге өзіңіз сенбейсіз. Ал сіздің мүмкіндіктеріңіз сіз ойлағаннан жоғары.
45-71 . Өзін-өзі тепе - тең бағалайсыз. Сіз өзіңізді жеткілікті реалистік тұрғыда бағалайсыз және өзіңіздің бағаңызды жақсы білесіз.
75-100 Өзін-өзі бағалауы аса жоғары. Сіз өзіңізді және мүмкіндіктеріңізді асыра бағалауға бейімсіз. Бұл қарым-қатынасына белгілі қиындық тудыруы мүмкін.
Бұл мен және мені қоршап тұрған әлем Тест
Тәртіпті жақсы көретін адамдар Тік мінезді адамдар
Сөзі мен ісі басқаша адамдар Баяу, сабырлы адамдар
Ашық айтсам.. жаттығуы
Тәрбиешілерге төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.
Сабақтың жүргізілген күні_______________________________ __
Менің тренингтік есімім_____________________________ _____
Менің тренинг барысында түйгенім_______________________
Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады______________________
Жүргізушіге ұсыныс_____________________________ _____________
Қолы ___________________________________ _____________
Қоштасу Майшам (шырақ) жаттығуы
Психолог: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын.
Ал қазір майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып майшамды беріп тұрамыз. Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген арқашанда жақсы нәрсе, сондықтанда алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек.
Өзін - өзі тану пәні бойынша ересектер тобында өткізілген әлеуметтік - рольдік ойынның конспектісі
Тақырыбы: Көшеде
Жақсылыққа - жақсылық адамдықтың белгісі.
Нақыл сөз
Мақсаты: әлеуметтік ойын арқылы балаларда шынайы өмірлік жағдаяттардан туындаған нақты немесе басқа да іс-әрекеттерді орындау барысында әлеуметтік қарым-қатынас әрекетін жетілдіру.
Міндеттері:
+ достарға деген мейірімді қарым - қатынасқа үйрету;
+ адалдық қасиеттерін дамыту;
+ балалардың ойын тапсырмалары мен ережелерін орындауға бағытталған дербестігін тәрбиелеу;
+ үлкендерге, құрдастарына деген құрмет сезімін және олардың ойын үстіндегі қимылдары мен мінез-құлықтарына қызығушылық сезімін тәрбиелеу.
Түйінді құзіреттер: өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынасты жасау.
Түйінді құндылықтар: мейірімділік, қамқорлық, әдептілік.
Ойынның әдіс - тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Қажетті ойын құралдары: автобус, үйлердің, аялдама макеттері, тиым салу белгісі, жұмыскерлердің киімдері (2 жилет, 2 күрек, 2 каска), әткеншек, отбасы мүшелерінің атрибуттары.
Топтағы алдын-ала жұмыс: балалардың қалауы бойынша ойынды ойнату.
Балалар Өзін-өзі тану бөлмесіне музыка әуенімен кіреді.
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн достар! Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын!
Армысың шапағатты Күн-ана!
Армысың шапағатты Аспан - ана!
Армысың мейірімді Жер-ана!
Құт дарытып бар әлемді жарылқа.
Тәрбиеші: - Міне балалар Күн-ана өзінің мейірім шуағын төгіп біздің жан дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр. Күн сәулесі біздің бетімізге, саусағымызға, алақанымызға мейірім шуағын төгіп тұрады. Енді осы жүрек жылуымызды бір-бірімізге, қонақтарға сыйлайық.
Тәрбиеші: - Балалар, сендер мультфилімдерді көргенді ұнатасыңдар ма?
Балалар: - Иә, жақсы көреміз ... ..
Тәрбиеші: - Мен сендерге таныс мультфильмдерден үзінділер ассортиін көруге шақырамын. Мультфильмді көрген соң, біз сендермен сол көргендерің бойынша жеке жағдаяттарды талдаймыз.
Балалар орындыққа отырады.
Мульфильмдер үзінділерін көру.
Тәрбиеші: - Балалар, сендерге мультфильм ұнады ма?
Балалар: - Иә ...
Рефлексия
Тәрбиеші: - Осы үзінділер арасында қандай байланыстар бар?
Балалардың жауаптары: ... ... ... ...
Тәрбиеші: - Бұл жағдаяттар мультфильмде болды, ал өмірде осындай жағдаяттар кездесе ме?
Балалардың жауаптары: - Көшеде жүру тәртібінің ережелері бұзылған және т.с.с.ж.
Тәрбиеші: - Иә, дұрыс айтасыңдар көшеде жүру тәртібі бұзылған.
Тәрбиеші: - Ал сендер осындай көшелерде, яғни қасқыр сияқты бұзақылар, қоқыстар бар жерде тұрғыларың келе ме? Біздің өмірімізде осындай жағдаяттар кездеспеу үшін, біз не істеуіміз керек? Қала көшелерінде осындай жағдаяттардың алдын ала қалай ескертуге болады?
Балалардың жауаптары: жоспарлары, ойлары, гипотезалары, ұсыныстары (балалардың қалауы бойынша).
Тәрбиеші: - Балалар, ал мен, бала жасынан үйренуге болатын тағы да бір тәсілін білемін. Бұл - ойын. Мен сендерге бүгін Көшеде деген жаңа ойынды ойнауды ұсынамын.
Ойын ережесі: - Мен оқиғаның авторымын, ал сендер сол оқиғаның кейіпкерлерісіңдер, әрқайсыларың өздеріңнің ролдеріңді атқарасыңдар. Оқиғаның басы менікі, мен оқиғаны бастаймын, ал сендер болса, өз аттарыңды қалай естисіңдер, сол кезде сендер роль бойынша әрекет жасауларың керек. Мұқият тыңдаңдар. Мен тоқтағанда, сендер өз ойларың бойынша әрі қарай не істеуге болатынын және қандай дұрыс шешім қабылдауға болатынын анықтауларың керек. Оның үстіне балалар, бұл әрекеттер менің көмегімсіз өтеді, бұл жерде сендер өз шешімдерінді жүзеге асыруларын керек.
Бірінші оқиға Әткеншек
Тәрбиеші: - Биылғы жылдың көктемінде он жетінші шағын ауданына біздің кеншілеріміз балалар үшін ойын алаңың сыйлады. Ойын алаңында әдемі әрі көрікті әткеншек теңселіп тұрды. Сол әткеншекте күн шуағындай жарқырап Асылжан деген қыз бала тербеліп отыр екен. Асылжанның көңіл күйі өте көтеріңкі, куанышты болды. Сол аулада Мұхамед, Әділжан деген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz