Мектеп жасына дейінгі балаларға өзін өзі бағалауына арналған тренингтер
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Педагогика және психология
кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі жастағы баланың өзін-өзі бағалау ерекшелігі
Пәні: Мектепке дейінгі психология
Тексерген: Мектепке дейінгі оқыту, тәрбиелеу мамандығының 4 курс студенті
Орындаған: Сарсенгалиева А.Б.
Орал - 2016
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 тарау. Өзін - өзі тәрбиелеу, бағалау - өмір талабы
1.1. Өзін-өзі бағалау мәселесіне жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Өзіңді өзің тану - адамгершілік құндылықтардың негізі ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.3. Мектеп жасына дейінгі жастағы баланың өзін-өзі бағалау ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2 тарау. Мектепке дейінгі балалардың өзін-өзі бағалауына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері
2.1. Өзін-өзі бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2. Ересектер тобындағы оқу іс-әрекетіне ұйымдастырылған
технологиялық картасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3. Мектеп жасына дейінгі балаларға өзін өзі бағалауына арналған тренингтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде балабақшаларда баланың жан-жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Тәрбиесіз толыққанды тұлға тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан мұнда бала бейнесі, яғни адам бейнесі маңызды. Біз көбіне баланың шынайы бейнесін емес, өзіміз қалаған бейнені, бала идеалын көреміз. Баланы субъекті ретінде емес, объект ретінде көріп келдік. Тек соңғы жылдары ғана оған субъект ретінде мән берілуде және оның өзегі болып табылатын басты қасиеттері мен сапаларды айқындуға ұмтылыстар жасалып келеді. Ал біз В. С. Кукушкин қасиеттерді емес тұлғада жүретін үрдісті көрсетудің, маңызды деген пікірге қосылсақ, тұлғада жүретін: өзін-өзі тану; өзін-өзі көрсету; өзіне-өзі сену; өзін-өзі анықтау; өзін-өзі іске асыру; өзін-өзі реттеу және т.с.с. үрдістердің мәні мен маңызы зор.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: ... жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық жэне дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік - адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады - деп атап көрсетті.
Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, А.И.Липкина, И.И.Чеснакова т.б.).
Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар. (Коссов Б.Б, Сафин З.В, Спичак С.Ф. т.б.).
Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен Р.Ш.Сабырова, С.Ж.Өмірбекова және Л.С.Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінді.
Қазіргі қоғамда балалардың өзін-өзі бағалауын психологиялық тұрғыда зерттеудің психология ғылымы мен педагогика ғылымы үшін қажеттілігі әрқашан да зор. Сондықтан да, біздің зерттеуіміз өзін-өзі бағалау оқытудың табыстылығына әсер ететінін негіздей отырып, балалардың өзін-өзі бағалауына арналады. Өзінің әртүрлі тұрғыларында бағалау Отандық және шетелдік психологтар мен педагогтар (А.Е.Берікханова, Б.Г.Ананьев, Ю.К.Бабанский, П.П.Блонский, Дж.Брунер, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, Э.Ф.Голубева, А.Н.Леонтьев, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, Д.Б.Эльконин, А.И.Липкина) еңбектерінен көрініс тапты.
Тұлғаның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолында негізінен Е. С. Кузьминнің, А. А. Свинецскийдің, К. Роджерстің, А. Маслоудың тағы басқа ғалымдардың тұжырымдаулары бойынша тұлғаның өзін - өзі бағалауы, өзіндік Менін бағалауы, өзіндік актуализациялануға талпынысы, қоршаған ортаны субъективті қабылдауы, әлеуметтік - психологиялық қасиеттерін қарастырудықң маңызы зор! Тұлғаның қоршаған ортамен қарым - қатынасы, жеткен жетістіктері мен ерекшеліктері көптеген жағдайларға тәуелді, оларды тұлғаның әлеуметтік есею ұғымымен түсіндіріледі. Шетел психологиясында тұлғаның әлеуметтік есеюін өзіндік аяқталу терминімен белгілейді және оның мағынасын тұлғаның өз мүмкіндіктерін аңғаруына және дамытуына бағыттылы деп сипаттайды. Өзіндік актуализацияланатын тұлға ең алдымен дербестігімен, өз мәнді іске асыра алуымен, өзіндік тұжырымдауларымен, ақиқатқа талпынысымен сипатталады. Адамдар өз жағдайларын өздері құрайды. Сонда әлеуметтік жағдайды қатысушылардың әрекеттері құрайды. Әлеуметтік орта өздігінеен өгеретін ауа - райынан өзгеше болып келеді. Ол үйі сияқты, біз оны өзіміз құраймыз.
Тәрбиеші мен балалар мақсатына жетуге бағдарланған арнайы ұйымдастырылған басқарылатын және бақыланатын өзара әрекеті. Сондықтан оның өзіндік ерекшеліктері, жүйесі болуы заңды. Балабақшаның кешенді тәрбие жүйесіне сүйене отырып, бағыт бағдарды айқындап жүйелі нақты тәрбие жоспарын жасалды.
Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі балалардың өзін өзі бағалау ерекшеліктерімен танысу.
Зерттеу міндеттері: Балалардың өзін өзі тану ерекшеліктері мен бағалау ерекшеліктері туралы түсінік беру және өзін өзі бағалау әдістерімен таныстыру, психологиялық тренингтер пайдаланудың ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі балалар.
Зерттеу пәні: оқу іс-әрекетіндегі өзін өзі тану, бағлау диагностикасы.
Зерттеудің теориялық мәні: Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен Р.Ш.Сабырова, С.Ж.Өмірбекова және Л.С.Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінді.
Зерттеу әдістері және процедуралары. Ғылыми - педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, ғылыми зерттеулер, бақылау, байқау; ата - аналар және мұғалімдермен әңгіме, сұхбат жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Өзін-өзі бағалау мәселесіне жалпы түсінік
Адамдардың өзін - өзі тәрбиелеу, бағалау дегеніміз - жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білу. Әр адам - жеке тұлға. Мектепке дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулері керек.
Адам өзін-өзі тәрбиелейді, алдына мақсат қоя біледі, сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, өз өмірім өзіме құнды деген қағиданы басты назарда ұстау қажет. Адам ен бастысы жоғары адамгершілікте болса ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады.
Жеке тұлға қалыптасуының маңызды факторы өзін - өзі бағалау болып табылады. Балалар өзін - өзі бағалауды қалыптастыру мәселесі - оның тұлғасының дамуын анықтайтын маңызды мәселе. Міне, сондықтан да балалардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері мәселесі психологтардың назарына алынып, бүгінгі күн талабына сай мәселелердің бірі болып отырады.
Өзін - өзі бағалаумен байланысты мәселелер кеңестік кезең зерттеушілері - Л. С. Выготскийдің, С. Л. Рубинштейннің, В. В. Давыдовтың, Л. И. Божович, Э. Эриксонның, М. С. Тайчиновтың т.б., сондай - ақ шетел зерттеушілері - Р. Бернс, Куперслиздің, Скоттың зерттеген еңбектерінде жан - жақты қарастырылған.
Адамзат тарихында ұлы адамдарға өмірлік бағдарламасын нақты орындауға көмектескен өзін-өзі түзету мысалдары өте көп кездеседі. Өзін-өзі түзету өзін-өзі жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі. Л.Н.Толстой Өзін жетілдіруге деген ұмтылыстан басқа еш нәрсе адамның өз игілігі мен басқа адамдардың игілігіне септігін тигізе алмайды- деп бекер айтпаған.
Тәрбиенің демократиялық жүйесі баланың, басқа адамдар ықпалына бағынышты болмай, керісінше өзінің қабілеттері мен күштерін бағалап, өз дамуын өздігінше анықтауға үйрететін бірден-бір жүйе болып саналады. Тәрбиенің осындай нәтижесі тек қана педагог пен өсіп келе жатқан баланың тығыз ынтымақтастығы негізінде ғана мүмкін болады.
Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады.
Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек.
Балаға өмірде әр түрлі жағдаяттарды шешуге тура келеді. Зерттеулер бұл жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Автобуста отырғанда жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Ескертуді естімеген боласың ба? - деген мұғалімнің сұрағына бала өзінің көзқарасына, мінез-құлқына сүйеніп жауап беруі жаңа талаптарға сай іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын өзгертеді.
Тәрбие жұмысының нәтижелерін балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, балаларды өзін-өзі сендіруге үйрету, балалардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері - баланың өзіндік педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.
Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.
Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
:: балалардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру.
:: тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру.
:: педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы.
Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады.
Адамдар арасындағы өзара қатынастар белгілі дәрежеде бағалау сипатына ие болады, мұның педагогикалық қызметтегі орны зор.
Бағалау мен өзін-өзі бағалауды педагогикалық үрдісті зерттеу балаларға тиімді ықпал жасауда, өзара қатынас орнатуда жұмыс туралы болуы қажет. Өзін-өзі бағалау әдісі, егер адам өз әрекеттерін бағаласа, оның нақты тәртібі жөнінде объективті деректер береді. Ол адам бойында сенімділік, өз-өзін бағалау дәрежесін анықтауға мүмкіндік ашады. Бағалауды өз-өзін бағалаумен салыстыру адамдар арасындағы өзара қатынастарды, жанжалдарды айқындауға жол беретін ерекше әдіс ретінде көрініс алады.
1.2. Өзіңді өзің тану - адамгершілік құндылықтардың негізі
Қазіргі педагогика ғылымы тәрбие саласындағы басымдық міндеттердің бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық даналығының жалпыадамзаттық құндылықтарын меңгерту негізінде тәрбиелеу қажеттігін дәлелдеп отыр.
Өзін-өзі тану пәнінің Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты пәнді оқытуға толықтай негіз бола алады.
Баланы жан-жақты дамытып, өзінің ішкі дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдауға үйретуді мақсат ететін Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білімінің қағидалары мен әдістеме-нұсқауларының қайнар бұлағы - ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардан негіз алады.
Атап айтқанда, халқымыздың аңыз-әңгімесі, ертегісі, мақалы, нақыл сөздері, ұлылардан ұлағат алу, ақын-жазушыларамыздың шығармашылық еңбектерінен тәрбиенің түйінін табу, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйрену Өзін-өзі тану пәнінің өзегі болып табылады. Бұл пән адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт ұстайды. Әрбір жеке тұлға, жеке азамат өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Осыған орай өтілген әрбір сабақ баланы өзінше ойлауға, шешім шығаруға, өз ісіне жауапты болуға баулиды. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткен халқымыздың мол мұрасы осы пән арқылы келесі ұрпаққа жетіп жатса біздің де мақсаттарымыздың орындалғаны.
Өзін-өзі тану пәні сабақтарының мақсат, міндетін ашуға, сабақта берілетін құндылықтарды түсінуге, талдауға, ұғынуға, балалардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыруға, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, берілген тапсырманы орындау арқылы ойлануға, өз ойын түйіндеуге, рухани адамгершілік білімді меңгеріп, баланың жан-жақты қалыптасуына және баланың сабақ барысында өзіндік құрал ретінде қолдану үшін оқулық, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, бала дәптері тағы басқа оқу құралдары ұсынылған.
Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндерден өзіндік ерекшелігі, әдіс-тәсілдері, шартты белгілері бар. Оқулықтағы шартты белгілер балаларға түсінікті болуы үшін берілген. Сонымен бірге әдіс-тәсілдері шаттық шеңберден басталады. Берілген әрбір тапсырма баланың ішкі әлеуетін оятуға негізделген. Демек, бала пән арқылы өмірге шынайы қарауға тәрбиеленеді. Оның негізі адамгершілікке, махаббатқа, сүйіспеншілікке келіп тіреледі.
Мектепке дейінгі мекемелердің, атап айтқанда балабақшалардың ересек және мектепалды топтарына, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалып, жаңартылып екі рет баспадан жарық көрді.
Қорыта айтқанда, Өзін-өзі тану пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
1.3. Мектеп жасына дейінгі жастағы баланың өзін-өзі бағалау ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың өзін-өзі тануы, бағалауы өзіндік даму жағдайымен, өзін-өзі жетілдірумен қарастырылады. Бұл бағыттың өкілі американдық ғалым К.Роджерс адам құрамын реалды Мен және идеалды Мен деп бөліп көрсетеді, ал адам өміріне әсерін тигізетін әлеуметтік ортаны қосымша етіп алады.
Реалды Мен - өзі туралы ой, сезімі, талпынысы тағы сол сияқты елестету жүйесі.
Идеалды Мен - адам болашақта қандай болғысы келетiнi, терең ойлауы мен өзiнiң тәжiрибесi.
Әлеуметтік орта - бұл басқа адамдардың баға беруi (адамның құндылығы, көзқарасы, iс-әрекетi, нормасы тағы сол сияқты).
Реалды мен және идеалды мен өзара сәйкес келмеуi мазасыздықты, әрекеттiң бейiмделе алмауы, әртүрлi психологиялық мәселелер туындайды.
Сонымен, В.Г. Маралов бойынша өзiн-өзi бағалау - өзiндiк тәжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi.
Психологияда өзін-өзі бағалау саласын алғаш атап көрсеткен американдық психолог У. Джеймс. Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану абзал.
Өзiн-өзi тану аймағы мен саласы жайлы кең түрде Д. Лафта және Г. Интрома Джогари терезесiн көрсеттi.
Кесте 1. Джогари терезесi
Мен өзім жайлы жақсы білетінім
Өзім жайлы білмейтінім
Мен жайлы өзге адамдардың білуі
Арена - мен өзiм жайлы бiлетiнiм және мен туралы қоршаған ортадағы адамдардың бiлуi.
Соқыр дақ - мен жайлы басқа адамдардың бiлуi, бiрақ мен өзiм бiлмеуiм.
Мен жайлы өзге адамдардың білмеуі
Жасырын аймақ - мен өзiм жайлы бiлуiм, бiрақ өзге адамдар мұны байқамайды.
Белгiсiз - мен өзiм жайлы және өзге адамдарда мен туралы бiлмеуi.
Сонымен, өзiн-өзi тану пәнiнiң қорытындысы Арена терезесiн жоғары деңгейге көтеру, кеңейту, ал соқыр дақ аймағын тарылту, жасырын аймағын нақтылау, яғни ненi өзге адамдардан жасыру, ненi ашық көрсету мен мақсатқа жету үшiн ненi қолданған пайдалы және оны жетiлдiру. Осындай модельдi қолданса тұлға өзiндік бақылау жасай отыра, өзге адамдардың тұлға жайлы не ойлайтынын бiле алады.
Өзiндiк сана - Мен образын тану субьектiсi ретiнде Мен iс-әрекетi (Мен-концепциясы). Мен образы, Мен субьективтi ретiнде құрылымындағы реттеушi қызмет.
1. Эмоционалды құндылық қатынасы
2. Өзiн-өзi тану
3. Өзiн-өзi реттеу
4. Өзiн-өзi бақылау
5. Өзiн-өзi бағалау
Мен субьект ретiнде әртүрлi белсендi iс-ірекеттердiң әсерiнен өзiн-өзi тану қызметiн атқарады, оның өзi эмоционалды құндылық қатынасымен тығыз бiрге жүредi.
Өзiн-өзi тану қорытындысында Мен образы тұсiндiрiледi және кейде жаңа Мен образы жинақталынады. Баланың талпынысы Мен образы бiрден пайда болмайды, ең алдымен тұлға қасиеттерi, қылық, әрекет ерекшелiктерi тағы сол сияқты өзi жайлы ойлар қалыптасады. Мұнда басты орынды өзгелермен салыстыруы, өзiн-өзi бағалауымен ерекшеленедi. Егер Мен образы рационалды түсiнiктi қабылданған мезетте Мен концепциясы жоғары деңгейде болады, ол адам өмiрiне әсерiн тигiзiп, мақсатын, жоспарын анықтауға әсерiн тигiзедi.
В.Г. Маралов сипаттамасында өзiн-өзi тану - бұл әрекеттiң дәйектiлiгi мен жиынтығы. Алдымен қандайда бiр тұлғалық қасиетi немесе iс-әрекет сипатын анықтап алу, бұл өте маңызды, онсыз өзiн-өзi тану мәнi жойылады. Оны санамауға бекiтiп, талдау соңында адамның тұлғалық қасиеттер құрылымын, оның шекарасын қарастырып бағалауы да Мен концепциясын қабылдамайды. Өзiн-өзi тану процесi - бұл өзiнiң бойынан қандайда бiр қасиеттi анықтау.
1. Өзiн-өзi танудың түсiну және түсiне алмау деңгейi. Адам қарапайым өмiр сүредi, оқиды, еңбектенедi, қарым-қатынасқа түседi, өз-өзiмен сөйлеседi. Өмiр барысында көптеген дәйектер жиналып (өзге адамдар жайлы, өзі жайлы), бір мезетте санада бекітіліп, түсініп немесе түсіне алмауы, яғни өзіне деген қатынасына бақылау жасай алмауы қабілетінің төмендегі байқалады.
2. Мақсаттылық. Жеке адам өз алдына қандайда бір мақсат қояды және бағыттылығын, қабілеттілігін, тұлға қасиеттерін қолдана отырып, сол мақсатқа жетуге тырысады. Осы жағдайда әрекет арқылы өзін-өзі бағалауы, талдауы, өзін-өзі тануы жүзеге асады. Тұлға неғұрлым іс-әрекетте өзін-өзі тануын жүзеге асырған сайын, соғұрлым терең өзі жайлы біле түседі. Бұл жерде керi модел де кездеседi, егер эмоционалды күй жоғары деңгейде болса, өзiн-өзi тануы объективтi болмайды, әртүрлi комплекстер пайда болады.
3. Өзiн-өзi танудың қанығуы әртүрлi өмiрлiк жолдарында кездеседi. Тұлға тек жағдайды, өзге адамдарды бiлiп қана қоймай, өз мүмкiндiгiн, қасиетiн, өзiнде бiлген жөн.
4. Өзiн-өзi танудың аяқталмауы - бұнда ересек адамдардың өмiрi бай және шынайы тұлға. Өзiңдi толық тану мүмкiн емес, тiптi әлеуметтiк ортада орны зор, қабiлеттi деп санайтын адамның өзi де жоғары деңгейде өзiн-өзi тани алмайды.
Өзiн-өзi танудың психологиялық механизмi - ол тұлғаның құндылық мағыналық өзiндiк реттелуi, өзiнiң барлық жеке дара, типтiк қасиеттерiн, эмоционалдылық-ерiктiк, мотивациялық танымдық жетiлдiруi.
Р.М. Жақыповтың айтуынша, өзiндiк тану, өзiндiк сана, рефлексия және әлеуметтік талаптарды еске алу арқылы өзiн-өзi дамыту тұлғаның өзiн-өзi танытуының алғы шарттары болып табылады.
Өзiн-өзi танытанын тұлғаның негiзгi қасиеттерiнiң бiрi белсендiлiк. К.А. Абульханова көзқарасы бойынша, белсендiлiк - бұл тұлғаның қажеттiлiктердi, қабiлеттердi, өмiрге қатынастарды және қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын интеграциялау негiзiнде тұлғаға ғана тән, өмiрдi ұйымдастыру, реттеу және өзiндiк реттелу тәсiлi [1, б. 96].
Өзiн-өзi сыйлауға деген қажеттiлiгi адамның өз талаптарына және қоршаған ортадағы адамдардың талаптарына жауап беруiмен жоғары дәрежеге жетуiмен көрiнiс бередi. Мен-iң тұтастығына деген қажеттiлiгi Мен образының соңына жету.
Барлық қажеттiлiктер бiр-бiрiмен тығыз байланысты және бiр-бiрiн толықтырып отырады. Өзiн-өзi сыйлау және Мен тұтастығы, олар өзiн-өзi тану қажеттiлiгiн күшейтедi. Өзiн-өзi тану қажеттiлiгi басқа да қажеттiлiктердiң қанағаттануымен жеңiлдетiледi. Мысалы, өзiңе талапты қоя бiлу үшiн, ең алдымен өзiңдi бiлу қажет, ал өзiңдi жақсы бiлсең тұтастығыңды құрай аласың және Мен образына ешқандай қарама-қарсылық тумайды.
Мұндай қажеттiлiктiң қанағаттандырылуы өзiндiк дамуымен байланысты. Өзiңдi бiлу үшiн және өзiн-өзi тану қажеттiлiктi күшейту үшiн, көбiрек қарым-қатынас жасау керек, ал қарым-қатынасқа түсу үшiн өзiңдi жақсы бiлу қажет, ал бұл жетiстiктегi қажеттiлiктердiң қанағаттануымен жүзеге асады. Жетiстiкке жету үшiн де өзiңдi бiлген жөн.
Балалардың өзін-өзі тану процесі - өзін тану, білу мақсатына жету әрекеттердің ауысуы, ал өзін-өзі тану құралы - өзін-өзі бақылау, өзіндік талдау, өзін басқалармен салыстыру. Өзін-өзі бақылау өз іс-әрекетін, қылығын, ішкі жағдайларына бақылау жасау және ол мақсат-бағдарлы болып келеді. Өзін-өзі бақылау - мінездік сипатын, қарым-қатынас ерекшелігін, тұлға қасиеттерін анықтауға мүмкіндігін тудырады.
Өзін-өзі талдау, өзін-өзі бақылау арқылы және бақылаудың соңында талдау жасалынады. Алайда, адам өзін үнемі өзгелермен салыстырады, ал салыстыру әдісі өзін-өзі тану компоненті ретінде өзін-өзі бағалауы қалыптасады.
Қорыта айтқанда, өзін-өзі тану - бұл өзін тану мен тұлғалық, интеллектуалдылық ерекшеліктері және қасиеттері, басқа адамдармен қарым-қатынас, өз бойынан белгілі бір қасиеттерді қабылдау процесі.
2 тарау. Мектепке дейінгі балалардың өзін-өзі бағалауына
арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері
2.1. Өзін-өзі бағалау
Тақырыбы:Өзін-өзі бағалау
Мақсаты: Тәрбиешілердің жеке тұлға тепе-теңдігін, сенімді мінез-құлықты дамыту. Адамның Мен деп өзін бағалай білу керектігін түсіндіру. Өзіндік талдау мен өзіне баға беру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.
Міндеттері: Әлеуметтік психологиялық климатты құру Қарым-қатынастың үйлесімділігі , өзін-өзі тану процесін тереңдету, топтағы адамдардың көмегімен өзін тану.
Құралдар: Ақ парақ, қарындаштар
Амандасу ретінде Бумба-Юмба тайпасы жаттығуы
Психолог: Біз сіздермен барлығымыз Бумба - Юмба таппасына қоршауға түсіп қалдық.Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасуымыз керек. Қолымызды, алақанымызды 1 рет соққанда сіздер қасыңызда отырған адаммен бір-біріңізді мұрындарыңызбен үйкейлейсіздер. Белгі беріліп, алақандарыңызды 2 рет соққанда бір-біріне арқаларын түйістіріп, үйкелесу қажет.
Рефлексия: Сіздер қандай сезімдесіздер? Қандай әсер алдыңыздар?
Мен бәрінен жақсы істей аламын жаттығуы
Допты ұстаған адам өзінің нені күшті жасай алатынын топ алдында айтады. Өз жетістігін аргументтеу керек.
Танысу жаттығуы
Тәрбиешілер шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есіміне қосып, есімінің бас әріпінен басталатын жеміс-жидек атын атап шығады.
Алақан жаттығуы
Әрбір саусаққа өз бойындағы іскерлікке қабілетті, жағымды қасиеттерді, мінездің мықты жақтарын жазады. Сосын әрбір алақандағы жазуларды оқиды, ал қатысушылар оның кім екенін анықтайды.
Өзін -өзі бағалауы
Нұсқау: Берілген жеті атау бойынша өзіңізді пайызбен бағалап, пайызын жазып, пайыздарын қосып, жеті санына бөлеміз.
1. Денсаулығы
2. Ақылдылығы
3. Мінезі
4. Басқаларға ықпалы
5. Шеберлігі
6. Сыртқы бет-әлпеті
7. Өз -- өзіне сенімділігі
45-тен төмен
Өзін -өзі бағалауы төмен. Сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді тым бағаламайсыз. Сырт көзге көріне бермеседе, өзіңізге өзіңіз сенбейсіз. Ал сіздің мүмкіндіктеріңіз сіз ойлағаннан жоғары.
45-71 . Өзін-өзі тепе - тең бағалайсыз. Сіз өзіңізді жеткілікті реалистік тұрғыда бағалайсыз және өзіңіздің бағаңызды жақсы білесіз.
75-100 Өзін-өзі бағалауы аса жоғары. Сіз өзіңізді және мүмкіндіктеріңізді асыра бағалауға бейімсіз. Бұл қарым-қатынасына белгілі қиындық тудыруы мүмкін.
Бұл мен және мені қоршап тұрған әлем Тест
Тәртіпті жақсы көретін адамдар Тік мінезді адамдар
Сөзі мен ісі басқаша адамдар Баяу, сабырлы адамдар
Ашық айтсам.. жаттығуы
Тәрбиешілерге төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.
Сабақтың жүргізілген күні_______________________________ __
Менің тренингтік есімім_____________________________ _____
Менің тренинг барысында түйгенім_______________________
Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады______________________
Жүргізушіге ұсыныс_____________________________ _____________
Қолы ___________________________________ _____________
Қоштасу Майшам (шырақ) жаттығуы
Психолог: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын.
Ал қазір майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып майшамды беріп тұрамыз. Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген арқашанда жақсы нәрсе, сондықтанда алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек.
Өзін - өзі тану пәні бойынша ересектер тобында өткізілген әлеуметтік - рольдік ойынның конспектісі
Тақырыбы: Көшеде
Жақсылыққа - жақсылық адамдықтың белгісі.
Нақыл сөз
Мақсаты: әлеуметтік ойын арқылы балаларда шынайы өмірлік жағдаяттардан туындаған нақты немесе басқа да іс-әрекеттерді орындау барысында әлеуметтік қарым-қатынас әрекетін жетілдіру.
Міндеттері:
+ достарға деген мейірімді қарым - қатынасқа үйрету;
+ адалдық қасиеттерін дамыту;
+ балалардың ойын тапсырмалары мен ережелерін орындауға бағытталған дербестігін тәрбиелеу;
+ үлкендерге, құрдастарына деген құрмет сезімін және олардың ойын үстіндегі қимылдары мен мінез-құлықтарына қызығушылық сезімін тәрбиелеу.
Түйінді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz