Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Мектепке дейінгі психикалық дамыту және оқыту
1.1 Мектепке дейінгі псхология пәні, мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Мектепке дейінгі психологияның қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ...14
2. Мектепке дейінгі психология пәнінің зерттейтін салалары
2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін қалыптастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Балалар психологиясы - баланың психикалық даму ерекшеліктері
туралы ғылым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3. Мектепке дейінгі психологиядағы балалар психикасын дамытуға
арналған әдістер
3.1. Балалардың танымдық үрдісін дамытуға арналған жаттығулар мен әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.2 Қызықты ойындар арқылы таным үрдісін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды.
Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.
Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен даму деген сөзге тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңамен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты инвариант (лат. тілінен өзгерілмейтін) деп аталады, осыған тіректелетін жаңаны өзгерілгіш деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістер болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.Инварианттық қасиеттің қалыптасуы тарихи дәуірлерде психика дамуының шарты болды. Инварианттық, яғни тұрақты қасиеттер, соның ішінде шартсыз рефлекстер, не өмір үстінде ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік ортасында берілетін адамның кейбір мінез-құлықтары жатады. Осы тұрақты қасиеттер үнемі өзгерістерге ұшырап отырады. Сонымен психика түгелдей өзгеріске ұшырайды деуге болмайды. Баланың бір жаста ие болған психикалық қасиеттерді, екінші жас кезеңіне көшкенде, біржолата жоқ болып кетпейді, бір-бірінің үстіне үйіліп, қосылып жатады.Демек, психикалық даму психиканың әр саласына жатады. Психикалық дамудың жаңа сапалары бұрынғыдан қалған кескінділерді өзіне тірек ретінде пайдаланбайды. Себебі жаңа сапа тұтас күйінде кездеседі, - дейді. Мұны қирау теориясы деп атайды. Бұл теория диалектиканың тек сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да дамудың түрлері кездеседі. Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамының бәрі бірдей өзгермейді.Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына әсері. Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды, тек психофизиологиялық процестің негізінде ықпалын тигізе алады. Бірақ кейде зерттеушілер экологиялық деген сөзді тұқым қуалаушылық мағынасында қолданады. Осылай болғанның өзінде де тұқым арқылы берілетін қасиеттер баланың пихикалық тұрғыдан қалай дамитынын толық түсіндіре алмайды. Өйткені тұқым қуалау қасиеттері өзінен-өзі қызмет атқармайды. Оларды қызмет еттіріп оятып жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт. Биологиялық факторды баланың туылғаннан берілген дене бөлшектері десек, керісінше, адамнан тек адам тууы биологиялық кодтар арқылы берілген. А. Н. Леонтьевтің пікірінше, әлеуметтік фактордың ықпалы көбірек болады. Әлеуметтік ортаның атқаратын рөлі өте үлкен. XX ғасырдың бас кезінде индус психологы Рид Сингх Амаланның ойынша, бала кішкентайынан адамға тән қасиетке ие болып психикасын ойдағыдай дамыту үшін, оның қоғамдық ортада өсуі, тәрбиеленуі қажет дейді. Әйтпесе, бала адам қатарына айнала алмайды. Сонымен, биологиялық және әлеуметтік факторлардың дамуына тигізетін әсері өте үлкен. Егер биологиялық фактордың ықпалы баланың жас кезінде (нәресте кезінде) үлкен рөл атқарса, енді әлеуметтік факторлар күннен-күнге өріс ала бастайды.
Зерттеу мақаты: мектепке дейінгі психология пәні туралы және психологиядағы балалардың даму ерекшеліктерін анықтау және психикасын дамытуға арналған әдістермен танысу.
Зерттеу міндеттері: Мектепке дейінгі психология пәні туралы және мақсаты мен міндеттеріне тоқталу. Балалардың психикалық дамуы туралы түсінік беру, балалардың ойлау қабілеттерін арттырудың ерекшеліктері және даму психологиясының ерекшеліктері туралы түсінік беру. Балалардың психикасын дамытуда әдістердің, тренингтердің рөлі туралы мағлұмат беру.
Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі балалар
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі психология пәні.
Ғылыми болжам: балалардың психикасын дамыту, олардың ойлау қабілеттерін арттыра отырып білім сапасын жоғарылатады. Балалалардың ойлау қабілетін дамыту табысты өтеді, егер тілдік теорияны үйрету үрдісінде көрнекілік пайдалану; мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, есте сақтау өнімділігін арттыруға бағытталған жаттығулар, кіші мектеп жасындағы балаларға жанама есте сақтауды қалыптастыру, яғни есте сақтау үшін қосымша құралдарды пайдалану, оның ішінде символ-белгілер сияқты жағдайлар жасалса.
Зерттеудің теориялық мәні: мектепке дейінгі психология пәні балалар психологиясының ерекшеліктерін зерттеу және оқу процесінде қабілеттерді зерттеуге байланысты негізгі теорияларды зерттеу негіз болды (В.Д.Шадриков, С.А.Изюмова, Т.В.Зотова, Л.В.Черомошкина).
Зерттеу әдістері және процедуралары. Ғылыми - педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, ғылыми зерттеулер, бақылау, байқау; ата - аналар және мұғалімдермен әңгіме, сұхбат жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Мектепке дейінгі псхология пәні, мақсаты мен міндеттері
Бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер, оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, - дейді. Шетел психологы Дж. Брунердің ойынша, психиканың дұрыс қалып тасып, дамуы үшін оқыту өте қажет, және де оны дұрыс жүргізудің маңызы өте зор. В. В. Давыдовтың ойынша, оқыту баланың ақыл-ойының дамуына өте зор әсер етеді, егер баланың сабақ үлгеріміне шақ келетін материалдар бір қалыпты меңгерілетін болса, онда психикалық даму нәтижелі болады. Бұл жерде ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтамыз.
Мектеп жасына дейінгі баланың дамуын зерттеу күрделі мәселе, оның өзінің ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер төмендегідей принциптерге бағынады:
Ізігілік принципі. Жеті жасқа дейін баланың психикасына сыртқы жағымсыз ықпалдар әсер етеді, сондықтан да зерттеу барысы ізгілік принциптеріне негізделуі тиіс. Психолог немесе зерттеуші баланың мінез-құлқының ауытқуының шынайы себебін анықтайды.
Тиімділік және ғылымилық принциптері. Аталған принциптер психикалық дамуды, оның механизмдерін, заңдылықтарын балалар психологиясы тұрғысынан қарастырады. Тиімділік пен ғылымилық принциптері мектеп жасына дейінгі баланың толыққанды адам екенін, яғни әлемге өзінің көзқарасы барын, ойлау ерекшелігін ескергені дұрыс. Баланың ішкі әлемінің дамуын түсіну үшін зерттеуші арнайы психологиялық білім, ұғымдар, психология ғылымының негізгі идеяларымен қарулануы тиіс.
Детерминизм принципі психикалық функциялар мен қасиеттердің қалыптасуы, сонымен қатар олардың ішкі және сыртқы себептермен байланысының ерекшеліктеріне негізделеді. Бұл себептер баланың өмір сүру ортасы, тәрбиесі, ересектермен, өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы, әрекеті мен белсенділігінің ерекшелігіне байланысты болады. Зерттеуші бала бойында пайда болған мінез-құлқындағы өзгерістің ненің салдарынан болғанын анықтап, түсіндіре алуы керек.
Әрекеттегі психика, сананың дамуы принциптері. Бұл принциптер бала әрекетінің психикасының көрінуі мен дамуының шарты болып табылады.
Сондықтан да мектеп жасына дейінгі баланың психикалық ерекшеліктерін зерттеу үшін қажетті әрекет түрлерін ұйымдастыру қажет.
Сана мен әрекет бірлігі принципі. С.Л.Рубинштейн ұсынған бұл принцип сана мен әрекеттің өзара ықпалын білдіреді. Бір жағынан, сана әрекет барысында оған жетекшілік жасай отырып қалыптасса, екінші жағынан әрекет жаңа әрекет түрлерін меңгеру оның санасын өзгертеді. Сөйтіп, баланың мінез-құлқын қылықтарына талдау жасау арқылы түсінуге болады.
Жеке жас және тұлғалық ерекшеліктерді ескеру принципі. Психиканың дамуының жалпы заңдары әрбір баланың даму ерекшелігінің басқалармен бір дәрежеде, деңгейде болғанымен, өзінің ерекшеліктері болатынын білдіреді.
Кешенділік, жүйелік пен мерзімдік принциптері. Бір зерттеу арқылы баланы әр қырынан танып-білу мүмкін емес. Сондықтан, баланы бір қырынан ғана емес, кешенді түрде әр мезгілде даму ерекшелігін жүйелі түрде қарастыру керек.
Әдістің ғылыми фактілер жинау тәсілі екені белгілі. Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістеріне бақылау, эксперимент, әңгіме және балалар әрекетінің өнімін талдау жатады. Аталған әдістердің ішіндегі бастысы бақылау әдісі болып табылады.
Бақылау психологиялық фактілерді мақсатты бағытталған қабылдау мен фиксацияны білдіреді. Кез-келген бақылаудың алдына мақсат қойылады.
Бақылауды бастамас бұрын оны жүргізу схемасы жасалады, жасалған схема алынған мәліметтерді дұрыс талқфлауға көмектеседі. Бақылау барысында зерттеуші баланың табиғи әрекетін көре алады. Бұл бала тұлғасы туралы шынайы нәтиже алуға көмектеседі. Бақылау шынайылығы үш шартты сақтау барысында анықталады.
1. Бала өзінің зерттеу нысаны екенін білмеуі тиіс.
2. Зерттеу жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
3. Зерттеушінің балаға деген ешқандай жағымды немесе жағымсыз қарым-қатынасы болмауы керек.
Бақылау барысы хаттамаға сипатталып жазылады. Сипаттама түрінде жазылған бақылау хаттамасы математикалық әдістер арқылы өңдеуге қиындық туғызады. Сонымен қатар, бір мезгілде бір ғана баланы бақылауға болатындықтан, тез арада көп материал жинап алу мүмкін емес. Бақылау кезінде ересектерге бала әрекетіне кірісуге, психикалық құбылысты тудыруына болмайды.
Бақылаудың бірнеше түрі бар:
- толық бақылау;
- жартылай бақылау;
- тікелей;
- жанама.
Толық бақылау барысында барлық психикалық көріністер зерттеледі, жартылай бақылауда тек бір психикалық дамудың бір түрі ғана қарастырылады.
Тікелей бақылау кезінде зерттеуші өзі қатысады, балалармен қарым-қатынасқа түсе алады, ал жанама бақылау сырттай бақылау арқылы жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуын зерттеудің тағы бір әдісі эксперимент болып табылады. Эксперименттің бірнеше түрі бар:
- лабораториялық;
- табиғи;
- анықтаушы;
- қалыптастырушы.
Лабораториялық эксперимент кезінде табиғи ортаға сәйкес келетіндей жағдай жасалады. Табиғи эксперимент психикалық көріністердің процестің жүру барысында қаз қалпында көрінуімен тиімді. Анықтаушы эксперимент оқыту мен тәрбиелеудің қарапайым жағдайындағы зерттелетін процестің даму деңгейін анықтайды. Қалыптастырушы эксперимент балалардың бойында қандай да бір психикалық процесс, сапа, қасиеттерді қалыптастыруға жағдай жасайды.
Эксперимент жүргізу барысында баланың психикасын зерттеу үшін арнайы жағдайлар жасалады. Бұл жағдайлар эксперимент жүргізу әдістемесіне сәйкес зерттеу мақсаты, өткізілу барысы, мәліметтерді өңдеу өлшемдері мен көрсеткіштерімен анықталады. Әдістемеде көрсетілген барлық нұсқаулар қатаң сақталады. Сонымен қатар, балалардың жас ерекшеліктеріне де баса назар аудару керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуын зерттеудің бір әдісімен ғана анықтау мүмкін емес. Сондықтан зерттеу барысында бірнеше әдісті қолдану ғана тиімді нәтиже береді.
Тәрбиешінің кәсіби педагогикалық әрекетінің функциясының бірі - гностикалық функция. Аталған функция тәрбиешіге баланың жеке, тұлғалық және жас ерекшеліктерін тану арқылы жеке тұрғыдан қарауды қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мекемесінің тәрбиешісі баламенұзақ уақыт (кейде бірнеше жылдар бойы) күнделікті қандай да бір әрекеттерді бірлесіп жасау арқылы, яғни оқыту және тәрбиелеу арқылы бала психикасының дамуы жайлы мәлімет жинақтайды.
Тәрбиешінің психологиялық зерттеуі практикалық бағыттылығымен ерекшеленеді. Олар баланың бойындағы психикалық даму механизмінің көрінуін нақты бір жағдайлар барысында бақылайды. Демек, тәрбиешінің баланы зерттеуінің мәні олардың мінез-құлықтарының себептерін түсіну, қабілеттерін анықтау. Сонымен қатар, осы қабілеттерді дамыту үшін жағдай
жасау, дұрыс әдіс-тәсілдерді таңдау болып табылады. Тәрбиеші баланың психикалық дамуындағы кемшіліктерді дер кезінде тауып, оларды уақытында түзетіп отыруы тиіс. Сөйтіп, тәрбиешінің зерттеушілік іс-әрекеті баланың дұрыс психикалық дамуына, оның тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы зор. Бұл жағдайда тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктерін, бала дамуында психиканың қасиеттерінің өзара байланысын, баланың әрбір жас ерекшелігіне сәйкес психикалық даму сабақтастығын білу маңызды.
Даму психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні - адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жасөспірімдер психологиясы, геронтопсихология даму психологиясының тармақтары болып табылады. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т.б. зерттейді.
Даму психологиясының салалары. Жасына, жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас жас даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.
Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П.П.Блонский мен Л.С.Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.
Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл - әр балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т. б.) ерекшеліктері де енеді.
Даму ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.
Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна- ласындағылармен қарым-қатынас ерекшелігімен, балаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.
Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.
Адамның өмір сүру ерекшелігіне байланысты, психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:
1) нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін);
2) бөбек кезең (1 жастан 3 жасқа дейін);
3) мектепке дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін);
4) бастауыш мектеп кезеңі (7 жастан 11 жасқа дейін);
5) жеткіншек кезеңі (11 жастан 15 жасқа дейін);
6) жоғары сырып кезеңі (16 жастан 17 жасқа дейін);
7) жасөспірімдік кезең (17 жастан 20 - 23 жасқа дейін);
8) жастық шақ (20 жастан 30 жасқа дейін);
9) кемелдік кезең (30 жастан 55 - 60 жасқа дейін);
10) қартаю кезеңі (60 - 70 жас аралығы);
11) кәрілік кезең (70 - тен жоғары).
Даму психологиясының мынадай салалалары бар:
- балалар психологиясы;
- жасөспірім психологиясы;
- балаң жас психологиясы;
- акмеология (кемелдік);
- геронтопсихология (кәрілік).
Даму психологиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні - оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу.
Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы - педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады.
1.2. Мектепке дейінгі психологияның қысқаша тарихы
Адамның өзіндік даму жолындағы ерекшеліктерді ескере отырып, әсіресе өмірдің алғашқы кезеңдеріне аса көңіл аудару қажет. Осындай пікірді қолдайтын психологтар, бала өмірінің ерекшеліктеріне, әсіресе оқыту мен тәрбиелеу жүйесіне көңіл аударды. Мәселен, Ж. Ж. Руссо Бала - кішкентай ересек адам - деген жалпы қорытынды жасады. Кейіннен, Кеңес елдерінде, АҚШ-та өрістеген көптеген зерттеулер балалардың қабілеттері, олардың байқаулары, есте сақтауы, пайымдаулары, күйзелістері осыған сәйкес үлкен адамдардың көріністерінен сан жағынан біраз айырмашылығы болса, сонша сапалық ерекшеліктері болатыны анық.
Маркстік - Лениндік философияның негізгі қағидаларына және диалектика қағидаларына, физиология саласындағы жоғары жүйке қызметіндегі жаңалықтарға сүйене отырып, кеңес ғалымдары адамның даму процесі (онтогенезі) табиғат құбылыстары мен адам адам қоғамындағы кез келген әсер ететін заңдарға бағынған, бірақ бұл заңдар адамының жеке бас ретіндегі, жаңа қоғамды құрушы азамат ретіндегі психикалық даму процесінің ерекшелігіне сәйкес өзгешелік болып табылады.
Даму психологиясындағы биогенетикалық және әлеуметтік-генетикалық бағыттар. Балалардың психикалық даму мәселесі, мұндай дамудың қайнар көздері мен заңдылықтары даму психологиясы үшін әрқашанда басты мәселе.
20 ғасырдың басында даму психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін (факторларын) әр түрлі түсіндіруші 2 ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа деген сөз емес. Биогенетикалық және әлеуметтік-генетикалық бағыттар баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды.
Биогенетикалық бағытқа туа біткен ерекшеліктерді мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуына жеңіл-желпі, түс түсіну тенденциялары жатады. Биогенетиктер үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болғанымен, биологиялық ең алдымен тұқымқуалаушылық фактор айқындаушы болып есептелінеді. Биогенетиктердің пікірінше, даму жеке адамның сапалық және сандық жақтары міндетті түрде тұқымқуалаушылықпен анықталады, ал орта - бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқымқуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсы бір өзгермейтін фактор ғана.
Биогенетикалық заңды ең алғаш тұжырымды алғаш ашқан 19 ғасырда Геккель болды. Сонымен, психологиядағы биогенетикалық заңның негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады, ал сыртқы фактор ретінде қайсы бір тұқымқуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуге жарамды болады деген идея жатқызылады.
Әлеуметтік-генетикалық бағытты қолдаушылардың пікірінше, бала дамуының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да адамды зерттеп білу үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті, қоршаған орта қандай болса, оның мінез-құлықтарының механизмі, даму жолдары, сондай болмақ. Мінез-құлық пен дамуды генетикалық бейімділіктің жүзеге асуына апарып таңып, адам белсенділігін жоққа шығарған биогенетиктер секілді социогенетиктер де барлық себепті әлеуметтік орта әсеріне таңып, жеке адам белсінділігін мойындамады. Нәтижесінде белгілі бір әлеуметтік ортада көптеген көрсеткіштері жағынан мүлдем алуан түрлі адамдардың қалайша қалыптасатыны, ал неліктен түрліше ортада ішкі жан дүниесі, мінез-құлықтарының мазмұны мен формалары жағынан өте ұқсас адамдар шығатындығы түсініксіз болып қалды.
Ж. Пиаженің психикалық даму мәселесі жөніндегі пікірлері. Швейцария ғалымы Ж. Пиаженің генетикалық психология теориясы - психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж. Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық қағида дәрежесіне көтерді.
Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-ойының (интеллект) қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы бала интеллектісінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдайды.
Ж. Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектісінің құрылымын зерттеу еді. Осы құрылымды қарапайым эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, яғни, интеллектілік күрделі ақыл-ойдың психикалық элементтерден құралатынын дәлелдемекші болды. Ж. Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі - баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-ойдың өрістеу тұғырын интеллектінің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына орын қалдырмады.
Ж. Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен-өзі кемелденбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан-жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін тіпті көре алмады.
Генетикалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқы кемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік - қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылды.
Ғылым - ең алдымен ісі. Сондықтан, ғылым сипаттамасы тек оның пәнін анықтаумен шектелмейді, әдістер аймағын тануды да қамтиды. Осыдан зерттеу әдістері ғылымның өзімен бірге дамып, өзгерістерге келіп отырады.
Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай болады. Даму психологиясында адамның психикалық қызметтің зерттеулерінің алуан түрлі әдістері бар. Оларды былай топтастыруымызға болады:
- бақылау әдісі;
- эксперимент әдісі;
- әңгімелесу әдісі;
- қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі;
- анкета әдісі;
- тест әдісі;
- модельдеу әдісі;
- егіздерді зерттеу әдісі;
- социометрия.
Бақылау әдісі. Бұл даму психологиясында кең тараған. Бұл әдістің мәнісі, басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын сыртқы көріністерін, қозғалысын, сөйлеген сөзін, мимикасын, оның қылықтарын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды. Осыған орай ол адамның психикалық процестері, жай-күйі, қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Бақылау әдісінің ерекшелігі, ол адамның психикалық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды. Кемшілігі бақылаушы өзі күткен көрінісін тосуға тиіс.
Эксперименттік әдіс. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызатындығы. Эксперименттік әдістің 2 түрі бар:
Лабораториялық эксперимент - арнаулы жағдайда, жайда өткізіледі. Табиғи эксперимент - табиғи жағдайда адамның іс-әрекетінің барысында өтеді. Лабораториялық эксперименттік әдісті ең алғаш ашқан орыс ғалымы А. Ф. Лазурский болған.
Әңгімелесу әдісі. Бұл әдісті қолданғанда мақсатын алдын-ала анықтау қажет. Негізгі сұрақтарды дайындау қажет. Әңгіменің негізгі мазмұнын, мәнін сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Әңгіменің бүкіл барысында жайма-шумақ ықыласты сақтау керек.
Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бұл әдіс адамның шамасы, дағдылары, жұмысқа деген қабілеті, білім деңгейі сияқты психикалық еркешеліктерін анықтайды. Балалардың жазған шығармаларын, суреттерін, күнделіктерін, еңбек сабағында істелген заттары арқылы, зерттеу арқылы болады.
Анкета әдісі. Зерттелушілерге бірқатар сұрақтарға жауап жаздырады. Жазба жауаптарға анализ жасалынады, содан соң статистикалық өңдеуден өткізіледі, одан кейін белгілі бір қорытынды жасалынады.
Тест әдісі. Ағылшын тілінен енген сөз (сынақ) деген мағына білдіреді. Арнайы дайындалған, стандартталған сұрақтар тізбегін тест деп атаймыз.
Интроспекция әдісі. Адамның өзінің ішкі дүниесіне үңіліп, зерттеу жүргізуі.
Егіздерді зерттеу әдісі. Егіздер 2 түрлі болады:
- бір жасушадан жаралған;
- екі жасушадан жаралған.
Бақылау әдісі, оның түрлері, ерекшеліктері. Бақылау әдісі - таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп, психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз.
Бұл даму психологиясында кең тараған. Бұл әдістің мәнісі, басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын сыртқы көріністерін, қозғалысын, сөйлеген сөзін, мимикасын, оның қылықтарын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды. Осыған орай ол адамның психикалық процестері, жай-күйі, қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Бақылау әдісінің ерекшелігі, ол адамның психикалық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды. Кемшілігі бақылаушы өзі күткен көрінісін тосуға тиіс.
Эксперимент әдісі және оның түрлері. Даму психологиясында эксперименттің рөлі өте зор. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызатындығы. Эксперименттік әдістің 2 түрі бар:
1) лабораториялық эксперимент - арнаулы жағдайда, жайда өткізіледі;
2) табиғи эксперимент - табиғи жағдайда адамның іс-әрекетінің барысында өтеді.
Лабораториялық эксперименттік әдісті ең алғаш ашқан орыс ғалымы А. Ф. Лазурский болған.
Әсіресе, баланы зерттеуде табиғи эксперимент жетекші рөл атқарады. Оқу-тәрбие процесі жағдайында жүргізілген табиғи эксперимент оқушылардың танымдық әрекеттерін жеке адамның қалыптасу ерекшеліктері мен жеке адамдар арасындағы қатынастарды тәрбиешінің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік ұйымдастырған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкіндік береді.

2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін қалыптастыру ерекшеліктері
Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды [10, 91 б.].
Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады [16].

В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді [10, 77 б.].
Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.
Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру - баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады [10, 89 б.].
К.Д. Ушинский Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz