Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері жайлы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледжі

Педагогика жне психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері

Пәні: Мектепке дейінгі психология

Орындаған:

Тексерген: Сарсенғалиева А.Б.

Орал, 2016ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Мектепке дейінгі психикалық даму және оқыту
1.1 Мектепке дейінгі псхология пәні, мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Мектепке дейінгі психологияның қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..13

2. Мектепке дейінгі психологиядағы психиканы зерттеуге арналған әдістер
2.1 Баланың өзін-өзі бағалауын анықтайтын графикалық тест ... ... ... ... ... ...19
2.2 Қорқыныш сезімінен арылуға және өз-өзіне деген сенімділікті
арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен даму деген сөзге тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңамен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты инвариант (лат. тілінен өзгерілмейтін) деп аталады, осыған тіректелетін жаңаны өзгерілгіш деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістер болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.Инварианттық қасиеттің қалыптасуы тарихи дәуірлерде психика дамуының шарты болды. Инварианттық, яғни тұрақты қасиеттер, соның ішінде шартсыз рефлекстер, не өмір үстінде ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік ортасында берілетін адамның кейбір мінез-құлықтары жатады. Осы тұрақты қасиеттер үнемі өзгерістерге ұшырап отырады. Сонымен психика түгелдей өзгеріске ұшырайды деуге болмайды. Баланың бір жаста ие болған психикалық қасиеттерді, екінші жас кезеңіне көшкенде, біржолата жоқ болып кетпейді, бір-бірінің үстіне үйіліп, қосылып жатады. Демек, психикалық даму психиканың әр саласына жатады. Психикалық дамудың жаңа сапалары бұрынғыдан қалған кескінділерді өзіне тірек ретінде пайдаланбайды. Себебі жаңа сапа тұтас күйінде кездеседі, - дейді. Мұны қирау теориясы деп атайды. Бұл теория диалектиканың тек сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да дамудың түрлері кездеседі. Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамының бәрі бірдей өзгермейді. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына әсері. Осылай болғанның өзінде де тұқым арқылы берілетін қасиеттер баланың пихикалық тұрғыдан қалай дамитынын толық түсіндіре алмайды. Өйткені тұқым қуалау қасиеттері өзінен-өзі қызмет атқармайды. Оларды қызмет еттіріп оятып жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт. Биологиялық факторды баланың туылғаннан берілген дене бөлшектері десек, керісінше, адамнан тек адам тууы биологиялық кодтар арқылы берілген. А. Н. Леонтьевтің пікірінше, әлеуметтік фактордың ықпалы көбірек болады. Әлеуметтік ортаның атқаратын рөлі өте үлкен. XX ғасырдың бас кезінде индус психологы Рид Сингх Амаланның ойынша, бала кішкентайынан адамға тән қасиетке ие болып психикасын ойдағыдай дамыту үшін, оның қоғамдық ортада өсуі, тәрбиеленуі қажет дейді. Әйтпесе, бала адам қатарына айнала алмайды. Сонымен, биологиялық және әлеуметтік факторлардың дамуына тигізетін әсері өте үлкен. Егер биологиялық фактордың ықпалы баланың жас кезінде (нәресте кезінде) үлкен рөл атқарса, енді әлеуметтік факторлар күннен-күнге өріс ала бастайды.
Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі психология пәні туралы және психологиядағы балалардың даму ерекшеліктерін анықтау және психикасын дамытуға арналған әдістермен танысу.
Зерттеу міндеттері: Мектепке дейінгі психология пәні туралы және мақсаты мен міндеттеріне тоқталу. Балалардың психикалық дамуы туралы түсінік беру, балалардың ойлау қабілеттерін арттырудың ерекшеліктері және даму психологиясының ерекшеліктері туралы түсінік беру. Балалардың психикасын дамытуда әдістердің, тренингтердің рөлі туралы мағлұмат беру.
Проблема. Елдің болашағы оқу - тәрбие ісіне тәуелді. Сондықтан да оқу - тәрбие ісіне келелі міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иелерін тәрбиелеп өсіру отбасының, балабақшаның міндеті.
Болжам. Балалардың психикасын дамыту, олардың ойлау қабілеттерін арттыра отырып білім сапасын жоғарылатады. Балалалардың ойлау қабілетін дамыту табысты өтеді, егер тілдік теорияны үйрету үрдісінде көрнекілік пайдалану; мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, есте сақтау өнімділігін арттыруға бағытталған жаттығулар, кіші мектеп жасындағы балаларға жанама есте сақтауды қалыптастыру, яғни есте сақтау үшін қосымша құралдарды пайдалану, оның ішінде символ-белгілер сияқты жағдайлар жасалса.
Зерттеу нысаны. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы.
Зерттеу пәні. Мектепке дейінгі психология.
Зерттеу әдістері. Ғылыми - педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, ғылыми зерттеулер, бақылау, байқау; ата - аналар және тәрбиешілермен әңгіме, сұхбат жасау.
Практикалық пайдасы. Эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата - аналардың педагогикалық сауатын ашуда, психологтардың практикалық іс - шараларында қолдануға болады.
Зерттеу базасы. Балабақша
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі. Мектепке дейінгі психология пәні балалар психологиясының ерекшеліктерін зерттеу және оқу процесінде қабілеттерді зерттеуге байланысты негізгі теорияларды зерттеу негіз болды (В.Д.Шадриков, С.А.Изюмова, Т.В.Зотова, Л.В.Черомошкина).
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Мектепке дейінгі психикалық дам және оқыту
1.1 Мектепке дейінгі псхология пәні, мақсаты мен міндеттері

Бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер, оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, - дейді. Шетел психологы Дж. Брунердің ойынша, психиканың дұрыс қалып тасып, дамуы үшін оқыту өте қажет, және де оны дұрыс жүргізудің маңызы өте зор. В. В. Давыдовтың ойынша, оқыту баланың ақыл-ойының дамуына өте зор әсер етеді, егер баланың сабақ үлгеріміне шақ келетін материалдар бір қалыпты меңгерілетін болса, онда психикалық даму нәтижелі болады. Бұл жерде ақыл-ой деп балалардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтамыз.
Мектеп жасына дейінгі баланың дамуын зерттеу күрделі мәселе, оның өзінің ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер төмендегідей принциптерге бағынады:
Ізігілік принципі. Жеті жасқа дейін баланың психикасына сыртқы жағымсыз ықпалдар әсер етеді, сондықтан да зерттеу барысы ізгілік принциптеріне негізделуі тиіс. Психолог немесе зерттеуші баланың мінез-құлқының ауытқуының шынайы себебін анықтайды.
Тиімділік және ғылымилық принциптері. Аталған принциптер психикалық дамуды, оның механизмдерін, заңдылықтарын балалар психологиясы тұрғысынан қарастырады. Тиімділік пен ғылымилық принциптері мектеп жасына дейінгі баланың толыққанды адам екенін, яғни әлемге өзінің көзқарасы барын, ойлау ерекшелігін ескергені дұрыс. Баланың ішкі әлемінің дамуын түсіну үшін зерттеуші арнайы психологиялық білім, ұғымдар, психология ғылымының негізгі идеяларымен қарулануы тиіс.
Детерминизм принципі психикалық функциялар мен қасиеттердің қалыптасуы, сонымен қатар олардың ішкі және сыртқы себептермен байланысының ерекшеліктеріне негізделеді. Бұл себептер баланың өмір сүру ортасы, тәрбиесі, ересектермен, өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы, әрекеті мен белсенділігінің ерекшелігіне байланысты болады. Зерттеуші бала бойында пайда болған мінез-құлқындағы өзгерістің ненің салдарынан болғанын анықтап, түсіндіре алуы керек.
Әрекеттегі психика, сананың дамуы принциптері. Бұл принциптер бала әрекетінің психикасының көрінуі мен дамуының шарты болып табылады.
Сондықтан да мектеп жасына дейінгі баланың психикалық ерекшеліктерін зерттеу үшін қажетті әрекет түрлерін ұйымдастыру қажет.
Сана мен әрекет бірлігі принципі. С.Л.Рубинштейн ұсынған бұл принцип сана мен әрекеттің өзара ықпалын білдіреді. Бір жағынан, сана әрекет барысында оған жетекшілік жасай отырып қалыптасса, екінші жағынан әрекет жаңа әрекет түрлерін меңгеру оның санасын өзгертеді. Сөйтіп, баланың мінез-құлқын қылықтарына талдау жасау арқылы түсінуге болады.
Жеке жас және тұлғалық ерекшеліктерді ескеру принципі. Психиканың дамуының жалпы заңдары әрбір баланың даму ерекшелігінің басқалармен бір дәрежеде, деңгейде болғанымен, өзінің ерекшеліктері болатынын білдіреді.
Кешенділік, жүйелік пен мерзімдік принциптері. Бір зерттеу арқылы баланы әр қырынан танып-білу мүмкін емес. Сондықтан, баланы бір қырынан ғана емес, кешенді түрде әр мезгілде даму ерекшелігін жүйелі түрде қарастыру керек.
Әдістің ғылыми фактілер жинау тәсілі екені белгілі. Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістеріне бақылау, эксперимент, әңгіме және балалар әрекетінің өнімін талдау жатады. Аталған әдістердің ішіндегі бастысы бақылау әдісі болып табылады.
Бақылау психологиялық фактілерді мақсатты бағытталған қабылдау мен фиксацияны білдіреді. Кез-келген бақылаудың алдына мақсат қойылады.
Бақылауды бастамас бұрын оны жүргізу схемасы жасалады, жасалған схема алынған мәліметтерді дұрыс талқфлауға көмектеседі. Бақылау барысында зерттеуші баланың табиғи әрекетін көре алады. Бұл бала тұлғасы туралы шынайы нәтиже алуға көмектеседі. Бақылау шынайылығы үш шартты сақтау барысында анықталады.
1. Бала өзінің зерттеу нысаны екенін білмеуі тиіс.
2. Зерттеу жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
3. Зерттеушінің балаға деген ешқандай жағымды немесе жағымсыз қарым-қатынасы болмауы керек.
Бақылау барысы хаттамаға сипатталып жазылады. Сипаттама түрінде жазылған бақылау хаттамасы математикалық әдістер арқылы өңдеуге қиындық туғызады. Сонымен қатар, бір мезгілде бір ғана баланы бақылауға болатындықтан, тез арада көп материал жинап алу мүмкін емес. Бақылау кезінде ересектерге бала әрекетіне кірісуге, психикалық құбылысты тудыруына болмайды.
Бақылаудың бірнеше түрі бар:
- толық бақылау;
- жартылай бақылау;
- тікелей;
- жанама.
Толық бақылау барысында барлық психикалық көріністер зерттеледі, жартылай бақылауда тек бір психикалық дамудың бір түрі ғана қарастырылады.
Тікелей бақылау кезінде зерттеуші өзі қатысады, балалармен қарым-қатынасқа түсе алады, ал жанама бақылау сырттай бақылау арқылы жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуын зерттеудің тағы бір әдісі эксперимент болып табылады. Эксперименттің бірнеше түрі бар:
- лабораториялық;
- табиғи;
- анықтаушы;
- қалыптастырушы.
Лабораториялық эксперимент кезінде табиғи ортаға сәйкес келетіндей жағдай жасалады. Табиғи эксперимент психикалық көріністердің процестің жүру барысында қаз қалпында көрінуімен тиімді. Анықтаушы эксперимент оқыту мен тәрбиелеудің қарапайым жағдайындағы зерттелетін процестің даму деңгейін анықтайды. Қалыптастырушы эксперимент балалардың бойында қандай да бір психикалық процесс, сапа, қасиеттерді қалыптастыруға жағдай жасайды.
Эксперимент жүргізу барысында баланың психикасын зерттеу үшін арнайы жағдайлар жасалады. Бұл жағдайлар эксперимент жүргізу әдістемесіне сәйкес зерттеу мақсаты, өткізілу барысы, мәліметтерді өңдеу өлшемдері мен көрсеткіштерімен анықталады. Әдістемеде көрсетілген барлық нұсқаулар қатаң сақталады. Сонымен қатар, балалардың жас ерекшеліктеріне де баса назар аудару керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуын зерттеудің бір әдісімен ғана анықтау мүмкін емес. Сондықтан зерттеу барысында бірнеше әдісті қолдану ғана тиімді нәтиже береді.
Тәрбиешінің кәсіби педагогикалық әрекетінің функциясының бірі - гностикалық функция. Аталған функция тәрбиешіге баланың жеке, тұлғалық және жас ерекшеліктерін тану арқылы жеке тұрғыдан қарауды қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мекемесінің тәрбиешісі баламенұзақ уақыт (кейде бірнеше жылдар бойы) күнделікті қандай да бір әрекеттерді бірлесіп жасау арқылы, яғни оқыту және тәрбиелеу арқылы бала психикасының дамуы жайлы мәлімет жинақтайды.
Тәрбиешінің психологиялық зерттеуі практикалық бағыттылығымен ерекшеленеді. Олар баланың бойындағы психикалық даму механизмінің көрінуін нақты бір жағдайлар барысында бақылайды. Демек, тәрбиешінің баланы зерттеуінің мәні олардың мінез-құлықтарының себептерін түсіну, қабілеттерін анықтау. Сонымен қатар, осы қабілеттерді дамыту үшін жағдай
жасау, дұрыс әдіс-тәсілдерді таңдау болып табылады. Тәрбиеші баланың психикалық дамуындағы кемшіліктерді дер кезінде тауып, оларды уақытында түзетіп отыруы тиіс. Сөйтіп, тәрбиешінің зерттеушілік іс-әрекеті баланың дұрыс психикалық дамуына, оның тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы зор. Бұл жағдайда тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктерін, бала дамуында психиканың қасиеттерінің өзара байланысын, баланың әрбір жас ерекшелігіне сәйкес психикалық даму сабақтастығын білу маңызды.
Даму психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні - адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып балалары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жасөспірімдер психологиясы, геронтопсихология даму психологиясының тармақтары болып табылады. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т.б. зерттейді.
Даму психологиясының салалары. Жасына, жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас жас даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.
Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П.П.Блонский мен Л.С.Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.
Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл - әр балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т. б.) ерекшеліктері де енеді.
Даму ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.
Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна- ласындағылармен қарым-қатынас ерекшелігімен, балаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.
Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.
Адамның өмір сүру ерекшелігіне байланысты, психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:
1) нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін);
2) бөбек кезең (1 жастан 3 жасқа дейін);
3) мектепке дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін);
4) бастауыш мектеп кезеңі (7 жастан 11 жасқа дейін);
5) жеткіншек кезеңі (11 жастан 15 жасқа дейін);
6) жоғары сырып кезеңі (16 жастан 17 жасқа дейін);
7) жасөспірімдік кезең (17 жастан 20 - 23 жасқа дейін);
8) жастық шақ (20 жастан 30 жасқа дейін);
9) кемелдік кезең (30 жастан 55 - 60 жасқа дейін);
10) қартаю кезеңі (60 - 70 жас аралығы);
11) кәрілік кезең (70 - тен жоғары).
Даму психологиясының мынадай салалалары бар:
- балалар психологиясы;
- жасөспірім психологиясы;
- балаң жас психологиясы;
- акмеология (кемелдік);
- геронтопсихология (кәрілік).
Даму психологиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даму психологиясы пәні мен міндеттері
Ішкі әрекет - сыртқы әрекеттің интериоризациясы
Мектеп жасына дейінгі балаларға өзін өзі бағалауына арналған тренингтер
Қиял дамуының психологиялық-педагогикалық негіздері
Педагогикалық психологияның обьектісі, зерттеу пәні, мақсат-міндеттері
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Өзін - өзі тану тұлғаның дамуының факторы
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері
Оқыту процесіндегі төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамыту
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Пәндер