Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары

Орындаған:

Жетекші:

Орал, 2016
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Дүлдүлдер өткен, дүбірлі даланы тербеп
1.1. Жамбыл Жабаевтың өмірі жайлы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Жамбыл поэзиясындағы патриоттық жалын ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 9

2.Мектепте Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін оқыту жолдары
2.1 Жамбыл туындыларын оқушыларға танытудың кейбір жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2 Ж.Жабаевтың Өтеген батыр шығармасын оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... .24
2.3.Сабақ үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Кіріспе
Тәуелсіздікті тұғырлы, баянды етуде біздер, мұғалімдер қауымының қосатын үлесі аз емес, өйткені біз елдің ертеңгі тірегі жас ұрпаққа білім беру ісімен айналысамыз.Бұл міндет бізден өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеуге үлкен күш жүгер жұмсауды талап етеді.Білім беру саласы еліміз дамуының басты бағыттарының бірі ретінде таңдалып отырғаны тегін емес.
Ел дамуындағы жаңа тарихи кезең мемлекет дамуының жаңа деңгейін қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі болып табылатын білім беру жүйесінің алдына үлкен міндеттер қояды. Ол негізінен білім беру жүйесінің халықаралық білім жүйесіне интеграциялануына байланысты осы салаға жаңа үрдістерді батыл енгізу сияқты міндеттерден туындайды. Өйткені, бүгінгі заман талабы бойынша шын сауатты адамның білімі мен біліктілігі, дағдылары әлемнің кез - келген елінде қолданысқа жарайтын ,яғни халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс.
Зерттеу өзектілігі. Халық поэзиясы көбіне ауызша шығарылып, ауызша айтылады. Кейін қағазға түсіріліп оқылады. Оның көркемдеу құралдары да басқаша, көбіне байырғы тіл әдісімен баяндалады. Оның талантты өкілдері нағыз көркем сөз шебері болып, айтулы ақын дәрежесіне көтеріледі.
Кеңес заманында халық поэзиясының ірі өкілдерінің бірі - Жамбыл Жабаев. Жамбыл әлемі - күрделі әлем. Жамбыл-екі ғасырды көріп, жүз жасаған ұлы ақын. Жамбыл - шығыс желісіне құрылған талай дастандарды жатқа айтып, мыңдаған шумақтар мен ұйқастарды зердесіне сақтап, шежіре-аңыз, тарихи оқиғаларды, айтыс-толғауларды, бұрынғы-соңғы ақын-жыраулар мен батыр-билердің өмір деректерін, ауызекі әңгімелерді көкірегіне құйып алған, өзі де толғаулар шығарған жырау.
Жамбыл - ірі айтыс шебері.Ақынның ақындық өнері кеңес дәуіріне дейін-ақ, арысы - қырғыз, берісі- Жетісуға дейін кеңінен танымал болған.Жамбылдың көркемдік әлемінің қуаты - халықтың сан ғасырлық дәстүрлі жыр қайнарынан шыққандығы. Ол қазақ поэзиясының адамгершілік мұраттарын жаңа мазмұнға байытты, дәстүрлі поэзияны дамыттты.
Балалар әдебиетiн жасауда заман ақын-жазушылар алдына үлкен талаптар қояды. Сол талаптарды орындаған әрi балаларды жанындай жақсы көрген халық поэзиясының алыбы - Жамбыл Жабаев.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық - саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды.
Ж.Жабаевтың өмірін, бүкіл шығармашылығын, әлемдік мәдениетке қосқан үлесін бағдарлама бойынша берілген сағат аясына сидыру мүмкін емес. Бұл орайда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденісі, сыныптан тыс әдеби жұмыстар, оқу сабақтары әр түрлі әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылып, байланыстырыла жүргізілгенде ғана әдебиет пәні мұғалімі өз мақсатына жетеді.
Балалар әдебиетiн жасауда заман ақын-жазушылар алдына үлкен талаптар қояды. Сол талаптарды орындаған әрi балаларды жанындай жақсы көрген халық поэзиясының алыбы - Жамбыл Жабаев.
Жамбыл - шығыс желісіне құрылған талай дастандарды жатқа айтып, мыңдаған шумақтар мен ұйқастарды зердесіне сақтап, шежіре-аңыз, тарихи оқиғаларды, айтыс-толғауларды, бұрынғы - соңғы ақын-жыраулар мен батыр-билердің өмір деректерін, ауызекі әңгімелерді көкірегіне құйып алған, өзі де толғаулар шығарған жырау.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ж.Жабаев өлеңдерінің тәрбиелік мәні және оны мектепте оқытудың жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1.Ж.Жабаев өмірі мен шығармалары туралы;
2. Ж.Жабаевтың өлеңдерін мектепте оқыту жолдарын анықтау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әддебиеттерден тұрады.

1. Дүлдүлдер өткен, дүбірлі даланы тербеп
1.1. Жамбыл Жабаевтың өмірі жайлы мәлімет
Балалық шағынан - ақ өлең айтуға құмар Жамбыл ел ішіндегі түрлі оқиғалар туралы, жеке адамдардың мінез-құлқы туралы өлең шығаруды ерте-ақ бастайды. Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен-деген жазушы Мұхтар Әуезов. Жамбыл өзінің Кеңес Одағындағы әрбір маңызды оқиға мен әрбір қол жеткізген табысқа үнемі ақындық үнін қосып отырады.
Жамбылдың есiмi дүние жүзi халықтарына кеңiнен мәлiм. Ол мектеп, медресе есiгiн ашпаса да, қолына қалам ұстап, жазу-сызуды бiлмесе де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерiн үйрендi, кейiннен ақындығымен бiрге әйгiлi жыршы атанды. Жамбыл - өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің ұшан-теңіз жыр-толғау, айтыстары да түгел сақталмаған. Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы мысқылдап шығарған "Шағым", ақындық жолына рұқсат сұраған "Әкеме", "Менің пірім Сүйінбай" деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры - "Айкүміспен айтысы", сылқым бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды, Қаратау, Сыр өңірін өнеріне тәнті еткен, қырғыздың шалқар "Манасын", Шығыстың әйгілі қиссаларын жырлаған ақын мұрасынан бірталайының аты ғана белгілі. "Кедей күйі", "Пұшықтың ұрыға айтқаны", "Әділдік керек халыққа", "Кәрібайдың төбеті", "Жылқышы", "Мәңке болыс" тәрізді тегеурінді де өжет ақындык мінезден, халықтық даналықтан туған өлеңдері, әйгілі Құлмамбет, Сарбас, Нұрмағанбет, т.б. ақындармен айтысы, Өтеген, Сұраншы батырлар туралы ұзақ дастандары - даңқты шайырдың төңкеріске дейінгі шығармашылығынан сақталған қомақты мұрасы. Осылардың өзінен-ақ, Жамбылдың халықтың ақындық қазынасын жете, зерделей меңгеріп, жаңғырта, жаңарта дамытқан, өмір-тіршілік даналығын көкірегіне тоқыған, елдің арғы-бергі тарихын әділдік, шындық сөзін ешкімнен де тайсалмай айтатын, өлеңі тау өзеніндей тасқынды үлкен дарын иесі екенін танимыз.
Болашақ акын 1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Ол жайында ақынның өзі "Менің өмірім" - деген өлеңінде:
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей -- көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан, -
дейді. Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Ел ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты әнші екен. Жамбылдың аталарынан әріректе өнерпаз, сері, палуандар, ділмар шешендер шыққан. Ал оның руы - Екейлер туралы айтылатын ел ішіндегі:
Екейде елу бақсы, сексен ақын, Жаратып мінеді екен ерттеп атын. Қобызы, домбырасы үнін қосып, Гулейді жын қаққандай кешке жақын, - деген әзіл сөзде мол шындық бар. Жамбылдың ұстазы - әйгілі Сүйінбай ақын да осы Екей елінен шыққан. Бала Жамбыл ақындық жолын қууға рұқсат сұрағанда, әкесінің: "Екейде елу бақсы, сексен ақын" деген сөз де жетер, сен сексен бірінші болмай-ақ қой. Акынның түбі - қайыршылық, бақсының түбі - жын, жын жиып, бақсы болып ел кезгенше, мал бақ!" - дейтіні де Екей елінің өнер дарыған жұрт екенін көрсетеді.
Жамбыл өмірге келген кезде Қазақстанның оңтүстігі, оның ішінде ақынның туған өлкесі - Жетісу өңірі Қоқан хандырына бағынышты болатын. Ал Қоқандықтардың халыққа жасаған зорлық-зомбылығы айтып жеткізгісіз ауыр еді. Ақынның өзі ауылдары солардан қашып бара жатқанда, қақаған аязды қыс айында көш-жөнекей туыпты.
1864 жылға дейін Қоқан хандығы, онан соң Ресей империясы билеген замандағы халықтың мүшкіл тірлігі, өз отбасының жұтаң тұрмысы, мықтының әлсізге зорлық-зомбылығы тумысынан талантты, намыскер Жамбылдың ішіне қайғы болып байланады. Ақын жыр, айтыстарының уыттылығы, адамдықты, әділдікті, батырлықты көксеген аңсары, кедейді жақтап, қайырымсыз бай, төрелерді ызалы шенеуі сол күйік-наладан бастау алып жатқан-ды. "Менің бақытым" деген бір сөзінде өзі де: "Мен өзімнің барлық өмірімде қыр қожайындарының бетіне шындықты қорықпай айтып, шайқасумен өттім", - дейді.
Жамбылдың өлеңге, ақындыққа құмарту сезімі ерте оянған. Өзінің айтуынша, 13 жасынан бастап ақын болуға бекем бел байлайды. Дүмше молдадан оқығанша, "домбыраны қолға алам" деп, әкесінен рұқсат сұрайды.
Жас талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны Сүйінбаймен кездесіп, батасын алуы оның ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады. Бірде 14-15 жастардағы Жамбыл жарапазан айтуды сылтауратып, Сүйінбай ауылына келеді. Үйінің сыртында ат үстінде тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең шығарып, ұзақ жырлайды.
Ардақты үйдің иесі,
Бата бер менің жырыма.
Қуат бітіп үніме,
Көңілін тапсын елімнің.
Жар бол да, өзің жәрдем ет,
Жібер мені бір демеп, -
деп өтінеді жасөспірім ақын. Айтқандарына сүйінген Сүйінбай Жамбылды үйге шақырып, ұзақ отырып, өлеңін зор ықыласпен тыңдайды. Бала ақынның болашағынан үлкен үміт күткен көреген жырау: "Осы шабысыңнан тайма! Өлең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті жырла! Кәне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, даңғыл жолға түс! Өлеңің бүкіл халық сүйсініп, көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын! Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!" - деп бата береді. Жамбыл да:
Менің пірім - Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай.
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп жырласам,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай, -
деп, Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап, ұстазының есімін ардақтаумен өтеді.
Жамбыл ақындық айтысқа 17-18 жасында араласып, "Көрұғлы", "Өтеген" сияқты дастандарын да сол тұстарда жырлай бастаған.
Ақын "Менің өмірім" шығармасында:
Топ десе он жетімде тартынбадым,
Семсердей майдандағы жарқылдадым.
Ақынды ауылға ермек басып озып,
Жұлдыздай көзге түсіп, жалқындадым, -
дейді.
Ел таныған ақын болу үшін, әрине, сол өңірдің ақындарымен түгел танысып, өнер сынасу керек. Жамбыл да бұл жолды өтіп, ақындық сайыстарда үлкен табыстарға жетеді.
Байдың қойын бағып жүргенде он үштегі кезінде ұйықтап қалып, түсінен ақын болып оянған Сүйінбай ұстазы сияқты, Жамбылға да ақындық түсінде аян беріп қоныпты. Ол туралы Жамбылдың өзі: "Бір күні Жетісай жайлауында жылқы бағып жүріп, түс көріппін. Түсімде ақсақалды қария келіп: "Өлең аласың ба, көген аласың ба?" - деген. Мен: "Өлең!" - деппін. Оянып кетсем, түсім екен, көкірегімді бір толқын кернеп, алқымыма тығылғандай, дереу үйге жетіп, домбыраны ала салдым да, оңды-солды төгіп-төгіп жіберіп едім, кеудем ашылып, орта түскендей болды", - деп еске алады.
Жамбыл жиырма жасында сол кездің атақты ақыны - Жаныспен айтысып, оны жеңеді. Әлгі "Менің пірім - Сүйінбай" деген өлеңін Жамбыл осы Жаныспен айтысқанда айтады. Жамбылдың "Жылқышы", "Пұшықтың ұрыға айтқаны" сияқты белгілі өлеңдері сол шамада шығарылады. Атақты "Айкүміспен айтысы" да осы тұста болады.
Одан кейін "Сәт сайланарда", "Жалғызбын деп жүрмесін", Алматыда Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болуына байланысты көңіл айтуы, "Өсиет", "Әділдік керек халыққа", "Кәрібайдың төбеті" тәрізді белгілі өлең, толғаулары туады.
Жамбыл 35 жасында, яғни 1881 жылдың күзінде Іле бойында өткен бір үлкен жәрмеңкеде сол кезде орта жастардағы атақты ақын Құлмамбетпен айтысып, жеңіске жетеді. Сөйтіп, Жамбыл осыдан былай Жетісу өңірінін нөмірі бірінші ақынына айналады. Бірақ, айтыстан кейін де екі ақын бірін-бірі құрметтеп, ардақтап өткен. Атақты Бақтыбай ақынмен кездескенде де:
Қаздай қалқып, ерінбей,
Өлең тердім жасымнан.
Майкөт ақын, Құлмамбет
Орын берді қасынан, -
деп, Жамбыл аға ақынның есімін құрметтеп, ардақтай ауызға алады.
Қазақтың ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерінен көп үйренген Жамбыл өзінің өлең шығару шеберлігін де, айтыстағы шеберлігін де арттыра түседі.
ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарында Жамбыл белгілі ақын болады. Бұл кездері ұсақ өлеңдерімен қатар, көлемді жылдар шығарады. Өтеген батыр, Сұраншы батыр сияқты тарихи тақырыпқа арналған поэмаларын ақын асқан шеберлікпен, шабытпен, жаңа мән, мағына беріп жырлады. Ақын ол екі поэмасын да бүгінгі заманмен, бүгінгі өз сезімі, өз қуанышымен аяқтайды. Өмірінің соңғы жалдарында жиі науқастанған Жамбыл 100 жасқа аяқ басқанда, 1945 жылы 22 маусымда қайтыс болады.

1.2 Жамбыл поэзиясындағы патриоттық жалын
Жамбыл Жабаевтың Шәкiрт балаларға, Атаның әлдиi, Балама хат, Жаңа жыл сәлемi, Жүз жасаған жүректен, өнердiң өсуi, балаларға, Жастық жыры, Бесiк жыры тағы басқа да көптеген өлеңдерi балалар әдебиетiнен өшпес орын алады.
Жамбыл Шәкiрт балаларға деген өлеңiнде:
Сендердi қоссам жырыма, Мектептен сендер келгенше,
Саңқылдап үнiм сайраған. Тағы да бiр жыр ойланам.
өаудаңдап кәрi саусағым, Келген соң, айтып бермесем,
Шекте бойлап ойнаған. Балалар, кiнә қой маған, -
деп ақын ата балалар алдында өзiне үлкен мiндеттер қояды. Өзiнiң жеке басының жақсы сапаларымен де, әсерлi өлеңдерiмен де балалардың тәрбиесiне айрықша әсер еткiсi келедi. Жас өспiрiмдердегi барлық жақсы қасиеттердi өздерiнiң алдарына тосып, сол жақсы қасиеттерден айрылып қалмауға шақырады. Ержетiп өскен сайын балалаық шақтағы жақсы қасиеттердi шыңдай түсуге, адамгершiлiк сапаны ардақтай бiлуге баулиды.
Балаларға деген өлеңiнде де Жамбыл жас шәкiрттер арасында бiрер жетiдей болмай қалса, қуанышым, тiрегiм, жас ботам деп аңсаған сағынышты көңiлiн бiлдiре, оларды өзiне жақын тартып, қуантып, мәз-мейрам етiп, бар ықыласымен жыр төгедi.
Балалар әдебиетi тақырыбына жазылған соғыс жылдарындағышығармалар балалардың жауға деген өшпендiлiгiн арттырады. Жас болса да, оң мен солды танытып, олардың да жауынгершiлiк рухын көтере түстi. мұны бiз оның Балама хат деген өлеңiнен көремiз.
Жамбылдың жастар мен жас өспiрiмдерге арналған қай өлеңiн алсақ та, ол алдымен жастардың күшiне сенiп, соларды мақтаныш ете жырлайды. өйткенi жiгер де, күш те, қайрат та солардан табылады. Балаларға осылайша сенiм арта сөйлеу олардың күш-жiгерiн тасытып, рухын көтередi.
Отан соғысы жылдарында қазақ балалар әдебиетiнiң күшi мен оның мазмұны және нағыз халық сипаты бұрынғысынан да айқын көрiнедi. Мiне, осының өзi балалардың Отанға, өзiнiң туған елiне сүйiспеншiлiк сезiмiн арттыра түседi. Отан соғысының тарихи тақырыптары балалар әдебиетiнде соғыстан кейiнгi жылдардағы бейбiт өмiрiмiздiң дамуымен де және бейбiтшiлiк жолындағы iзгi күреспен де тығыз байланысты дамып келуде.
Жамбыл өзiнiң балаларға арналған барлық өлеңдерi арқылы жас өспiрiмдердi көтерiңкi рухта тәрбеилеудi iске асырған және соның тамаша үлгiсiн көрсеткен.

Көктем деген немене?
- Көктем деген немене? Көктем деген, балалар,
- Көктем деген көп жаңбыр. Құлыншақ қой зулаған.
әнге салып әуеде, Еркелеген далаға
өарлығаш ол тұрған бiр. Құрық салсаң тулаған.
Көктем деген - ашылған Көктем деген қыстайғы
Бұлақтардың көзi ғой. әнiмiз ғой айтатын.
Ақ тұманның басында Көктем деген құстар ғой
Жаңа туған қозы ғой Туған жерге қайтатын.
Шу өзенініңбойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы февраль айы екен. Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.
Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. Мен киіз үйде өстім. Сол кездені барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін, мен тіл ал-май қасаратынмын.
Менің ағам -- әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тнгенде, барлық тентектікті ұмытып, Бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені катты кызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда даусым Бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім. 14 жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладын. Ораза кезінде үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сияпат көрсете бастады. 15-ке толған мен атақты ақын Сүйінбай туратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап, оның үйіне танып келдім де, мен әндете бастадым.
Жүрегім менін елжіреп, Көзімнің жасы мөлдіреп, Өткізіп ем ертерек, Өксумен бала шағымды. Көксеген бірақ көбірек, Бақытты болашағымды.
Алба-жұлба киініп, Кедейлікке күйініп, Жаяулап жерді жағалап, Домбыраны сабалап, Безегем тіл мен жағымды.
Жамбыл Жабаев
Сүйінбай Аронұлы

Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып:
-- Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы, ұнайсың, жігітім, -- деді Сүйінбай.
Қарт ақынның тілеуі бойынша мен көптеген әндерді құйқылжыта айтып бердім. Онын біреуін сол үйде отырып шығардым. Сүйінбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, қошеметімді, өзімнің жастығым мен тәжірибесіздігімді өлеңге қосып, Сүйінбайды аспан әлемін нұрға бөлеген таң шапағына, жарық жұлдызға теңеп, өзімді ақынның інісімін деп атап, көмегін, колдауын сұрадым. Ол уәде берді.
Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді. Сүйінбай түні бойы ақындық, шеберлік жайында әңгімеледі. Сөйтіп мен оның шәкірті болдым, онын өлекдерін жұртқа тараттым. Тек 16 жасымнан бастап қана мен өз бетіммен жырлауға бел байладым, бірақ көрнекті, тәжірибелі ақындармен айтысқа түспедім. Қазақ даласында айтыста жеңілу -- ақынның өлгенімен тен саналатын. Сондықтан да мен алғашқы кезде тек жас, онша әйгілі емес акындармен сөз таластырып жүрдім.
Мен Шу өзенін бойлап көшіп-қонып жүрген ауылдарды аралап, оларға халық өлендерін, ертегілерін, қиссаларын, атақты ақындардың өлендерін, өз өлендерімді айтып беріп жүрдім. Ғасырлар бойы қалыптаскан жәйт суырып салма ақын -- рулар мен тайпаларды, ру ақсақалдарын, атақты адамдарды, окиғалардын бәрін білуге тиіс еді. Ол барлық жаңалықтарға үн қосып, жағдайды ескере білуге тиіс еді. Ақын тілінің өткірлігі, қысылтаяңда тапқырлығы, тез де ұтқыр жауап беруі арқылы бағаланады. Ол әріптесін күлкі, сықақ уытына бөлеп, өзі байсалды, ұстамды болуға тиіс еді. Мен осының барлығын үйрендім.
1941 жылы Жамбылга мемлекеттік сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы күндеріңдің Жамбыл өзінің өлеңдерінде халқын Отанды қорғауға, еңбектегі ерлікке шақырды.
Жамбылдың ақырғы жыры 1945 жылы 9 майда айтылды. Бұл неміс фашистерін біздің халқымыздың каһармандықпен жеңгендігіне арналған еді. Жамбыл Жабаев орденмен, Еңбек Кызыл Ту және Құрмет Белгісі ордендерімен наградталды. Жүз жасқа небары бірнеше ай қалғанда, 1945 жылы 22июньде Жамбыл дүние салды.
Жамбылдың Шәкірт балаларға, Атаның әлді, Сәлем саған, комсомол, Ленинградтык өрендерім, Балама хат, Жеңіс жырын жырландар, Жаңа жыл сәлемі, Жүз жасаған жүректен, Өнердің өсуі, Балаларға, Жастық жыры, Бесік жыры тағы басқа да көптеген өлендері балалар әдебиетінен өшпес орын алды.
Шәкірт балаларға деген өленінде:
Сендерді қоссам жырыма, Саңқылдап үнім сайраған. Қаздаңдап кәрі саусағым, Шекте бойлал ойнаған.
Мектептен сендер келгенше, тағы да бір жыр ойланам. Келгенсоң айтып бермесем, Балалар, кінә қой соған! -- деп, ақын ата балалар алдында өзіне үлкен міндеттер жүктейді. Ақын ата өзінің әсерлі өлеңдерімен балалар тәрбиесіне айрықша мән беріп, бейнелі сөздері жыр етіп төгеді. Ер жеткен сайын балалық шақтағы жақсы касиеттерді шыңдай түсуге, адамгершілік сапаны ардақтай білуге, өз Отанынын мақтанышы, азаматы болуға баулиды. Өзін ұялы байтерекке, биік шынарға балаумен қатар, жасыл жапырақтай жамырасқан бөбектердің де биік шынардай болуына талпынтады. ...бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Олардың ақылы өсіп, адамгершілігі артып жетіледі. Жеке адамның тікелей тигізетін әсерін ешбір формамен, ешбір уставпен, ешбір тәртіп ережесімен, сабақ уақытының кестемсімен алмастыруға болмайды. Адамның жеке басының әсері жас жанға күн сәулесімен бірдей, мұны ешбір басқа нәрсемен алмастыру мүмкін емес -- - дейді, К-Д- Ушинский. Өзінің жеке басының мінез-құлқын және ақын-жазушылар шығармасынын жоқ.
Балаларға деген өлеңінде -- Жамбыл жас шәкірттер арасында бірер жетідей болмай қалса, куанышым, тірегім, жас ботам деп аңсаған сағынышты көнілін білдіре, оларды өзіне жақын тартып, қуантып, мәз-мейрам етіп, бар ықыласымен жыр төгеді.
Балалар. аманбысың, шырақтарым, Жабысып көлге біткен кұрақтарым, Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын, ішінен асып кете бір аптаның, -- деп, бірден тасқындата, балаларды өзіне еліктіріп, қызықтыра сөз маржанын тізеді. Ақын ата бұл өлеңінде адам баласының ертеден арман еткен тілегі, болашақтан күткен үміті, балаға деген барлық махаббат, олардың бақыт бақшасы -- даңқты партияның басшылығы арқасында ғана біздін, ұлы Отанмызда іске асқанын жыр етеді.
Балаларды кеңестік патриотизм рухында тәрбиелеу міндеті соғыс жылдарында бұрыннан гөрі ерекше жауаптылықпен қолға алынды. Жас өспірімдердің рухын көтеретін Жамбыл өлеңдеріңің осы жылдар ішіндегі ролі, оның патриоттық рухы жастар үшін мейлінше ықпалды болды. Елімізге қатер тудырған неміс басқыншыларының зұлымдық әрекеттері әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеп өсіп бара жатқан бағытын тоқыратып, тоқтатып тастай алған жоқ. Балалар әдебиеті тақырыбына жазылған соғыс жылдарындағы шығармалар балалардың жауға деген өшпенділігін арттырды.
Жас болса да, оя мен солын танытып, олардың жауынгерлік рухын көтере түсті. Ақын Балама хат деген өлеңінде:
Есінде, балам, бар шығар, Айтқаным Отан әмірін. Шегінбе жаудан жанды сал, Шешілмек содан тағдырың -- деп, әкелік әмірін көрсете, баласынын алдына шарт қойып, жауапты міндеттер жүктеді. Балаға үміт арта сөйледі:
Аянба, балам, аянба! Бәлекет сонда аршылар. Алғадай, ылги алда бол, Аянған адам болмақ кор! Бәйгеге барын тігемін,
Сендерге арнап осы жол. Достарыңа осыны айт, Жауларыңды жеңіп кайт! Айтарым арнап, саған сол әке әмірі екі етілген жоқ орындалды. Көп ұлтты каһарман кеңес халқы жер жүзінде өздерінің ерлік, патриоттык күшін танытып, Отан соғысын жеңіспен аяқтады. Басқыншылықпен кіріп, біздің бейбіт өмірімізді шайқаған неміс қарақшыларының тасталқанын шығарды, тізе бүктірді, жермен жексен етті. Балаларға арналған Жамбыл өлендерінің патриоттық сезімдерге толы күш-қуаты осындай ерекшеліктерінен көрінеді.
Жыл сайын ақпанның соңғы күндері Жамбыл мұражайында жыр алыбының туған күніне орай жиын өтеді. Ұлы ақынның ұрпақтары, қаламгерлер бас қосып, ата жайлы, оның телегей теңіз мұрасы жайлы ғибратты сөз, естеліктер айтылады. Дастарқан жайылып, ұлы ақын рухына бас иіп, дұға бағыштаймыз. Біз осы бір шараға қатысқан сайын үнемі бір өзгеше әсерде боламыз. Ең алдымен, жүз жасаған абыздың аруағын тым жақыннан сеземіз. Жаңа ғана шапанын сүйретіп, жай басып жанымыздан өтіп кеткендей. Ол басқан топырақта әлі суымай табан ізінің жылуы жатқандай. Ауада қалқып шалдың шапан исі қалғандай. Сондайда өкініш баурайды. Көзі тірісінде бала болып осы шалдың киелі шапанының шалғайына бір кіріп-шықпағаныңа өкінесің. Сөйте алған ұрпақтың бақытына қызығасың. Соның өзі-ақ былайғы өмірде рухани азық, жанға медет болар еді-ау! Осындайда дана тұлға, өмірде көрмегені жоқ шежіре шалдарды сағынасың. Сол шалдар қасиетті ақ дастарқан басында алқа-қотан отырып, әңгіме қозғағанда босаға жақта отырған біздің көз алдымыздан көлбеңдеп күллі дүние өтер еді-ау. Өткен ғасырмен бірге келмеске шапанын сүйретіп, көшпелі дәуір куәсіндей "дария кеуде тау мүсін" қариялар да өтіп кетіпті-ау! Біздің бала кезімізде ондай қариялар әр ауылда болушы еді. Сөйлеп кетсе табан астында тарих тіріліп қоя берер еді... Аузында дұғасы, өн бойында иманы тұнған сол қариялар ауылдың даналық қазынасындай көрінуші еді. Ал енді сол кемеңгер қариялар, арасына домбырасын көтеріп алыстан жырау келер болса, бәрі ысырылып төрден орын беретін. Өйткені, кемеңгер қариялар әр ауылда кездессе де суырыпсалма сайыпқыран жыраулар әр ауылда кездесе бермейтін. Жыраудың орны бөлек. Сондықтан да олар ескі ауылдың сағына күтетін қонағы. Кітапхана, баспасөз, театр, кино, теледидары, радиосы жоқ ол заманда ескі ауыл үшін жырау-жыршының келуі бір мереке болатын. Өнер мерекесі. Тек қана өнер мерекесі емес, сондай-ақ жеткіншек ұрпақ үшін теңдессіз мектеп, елдік пен ерлік мерекесі. Жамбыл ата естелігінен: "Ел менен жыр сұрағанда, кепкен ботаның тұлыбына еміренген маядай, батырларды жырла дейтін. Мен де жұрттың тілегіне сәйкес Өтеген батыр, Саурық батыр, Сұраншы батыр, Көрұғлы батыр, Алатай Жапарқұлдың жырларын айтатын болдым. Ел есіткенде ыңыранып жылайтын..."
Байқайсыз ба?! "Батырларды жырла дейтін", "Ел есіткенде ыңыранып жылайтын" дейді Жамбыл ата. Шолақ қайырылған осынау жолдар астарында неткен ауыр ақиқат, телегей теңіз сыр жатыр! "Ыңыранып жылайтын" дейді. Астапыралла! Аузына қараған дүйім жұртты "ыңырантып жылатқан" ол неткен құдірет!? Дүйім жұртты жылатып, жүрегін көздің жасымен шылатқан неткен құдірет!? Дүйім жұртты аузына қаратып жан-дүниесін дүр сілкінткен ол қандай сиқыр?! Біздің мынау мүмкіндігінде шек жоқ дамыған заманда, жалт-жұлт еткен заманауи өнеріміз дәл солай қарақұрым халықты қойдай иіріп қойып ыңыранта ала ма? Тереңін шайқап тебіренте ала ма?! Ал жалғыз домбыралы жалғыз жырау сөйте алушы еді ғой. Сонда бұл феноменнің сыры неде? Ол нендей құдірет? Сөйтсек, ол құдірет -- ұлы жырау Жамбылдың көмейінен күмбірлеп құйылған жыр құдірет екен. Әзелден атамыз қазақ табынған сөз құдірет екен. Оған тағы да екі құдірет қосылады екен. Домбыраның сазы мен жыраудың әуезі. Осынау үш құдіретке ие болған жырау ғана бұл өнердің шарықтау шыңына көтеріле алыпты. Халық сүйіспеншілігіне бөлене алған. Ұлттың рухын қалыптастыруда айрықша рөл атқарған. Тіптен, шешуші рөл атқарған. Шаршы топта Жамбыл жырау толғағанда "елдің ыңыранып жылауы" содан. Осынау үш өнер - сұңғыла сөз бен сылқым саз және күміс көмей әуез дарыған жыр сүлейімен жүздесу қашанда сананы сілкіп, сұрапыл сезім дауылын қозғаған. Тыңдаған жұртты ыңырантқан. Ондай жүздесуде қаңсып жатқан шөл аспанын қақыратып найзағай ойнап нұр жауғандай жанға дауа шипалы сөз-жаңбыр нөсерлейтін болған. Шөліркеген шөл даланың сусыны қанып, аспаннан райыс нұры құйылатын болған. Тыңдарман қауым рахат арылу күйін кешкен. Рухтанған, түлеген, жаңғырған, желпінген, тазарған, ширыққан. Ал енді осы қаумалаған қара құрым қауымның жан дүниесіне жыр жаңбырын нөсерлеткен құдіретті өнер иесінің өзі қалай қалыптасты? Бастауын қайдан алды? Мұндай дәстүрлі өнер тек ғасырдан ғасырға, ұстаздан шәкіртке жалғасу, сабақтасу арқылы жеткені айғақ. Кез келген жыраудың қайнар көзіне үңілсеңіз, соған көзіңіз жетеді. Бұл өнердің түп-тамыры көз жетпес көне дүние түкпірінен басталады.
Бұл өнердің бастауы тым әрі, орта ғасырлардағы Сыпыра жырау, Асан қайғыдан да әрі Қорқыт ата, одан да ежелгі түркі тарихын жырмен тасқа қашаған Йоллытегін, Тоныкөк жырауларда жатыр, аты қалмаса да соңында "Ергенекон", "Алып Ер Тоңға", "Аттила", "Томирис" тәрізді жырларының жаңғырығы қалған ежелгі түрік, ғұн, сақ жырауларында жатыр делінеді. Ендеше, жыраулық өнер - сабақтас өнер. Алыстан келе жатқан алтын тін - жібек арқау үзілместен жалғанып жиырмасыншы ғасырға жеткен. "Жалғанып" дедік. Ендеше, бағзыдан келе жатқан баба жыр-дәстүр, алтын арқаудың келесі жас ұрпаққа көшер, жалғанар тұсы болғаны. Бұл өзі "Олимпияда отын" көтеріп жүгірген желтабанның қолындағы мәңгілік алауды өшіріп алмай келесі желтабан жүйрікке тапсыру сәтін елестетеді. Талантты шәкіртке тарлан ұстаздың кездесу тұсы. Немесе, жыраулық өнердің жалғануы. Жыраулар тағдырында ол бір өмірге қайта келгендей таңғажайып сәт. Оны тек бастан кешкен біледі. Өйткені, ол - шәкірттің анадан қайта туғандай ақын болып оянар сәті. Санасына ұлы өнер жарқ еткізіп сәуле шашып жарықтандырып, жан дүниесін астан-кестең еткен сәті. Ол әсерді сөзбен жеткізу қиын. Сезімтал бала бастан кешкен мұндай сәт адам санасына өшпес із, тозбас таңба салады. Балғын жастың болашақ тағдыр арнасын өзгертеді. Мұны балауса шағында ұлы жырау өнерімен жүздескен жан ұға алады. Сондай күйді бала Жамбыл да жасы он үштен аса бере бастан кешкен. Алатау бөктерінде Сәтімбай жайлауында отырған өз ауылында ұлы жырау Сүйінбаймен жүздескен. Жапаның үйінде отырып ұлы жырау қаумалаған халық алдында соны бір мақаммен соны бір дастанды бастайды. Бұған дейін ауыл арасы әнші, күйші, жыршыларды талай тыңдап жүрген Жамбыл бала үшін бұл мақам, бұл толғаудың аяқ алысы бөлек, бір тосын да тылсым жыр әлемі болғаны анық.
Бастайын Көрұғлының хиқаятын,
Түрікмен Текежәуміт дейді затын.
Әкесі Көрұғлының Раушанбек,
Толыбай арғы атасы аталатын
- деп боздай бастаған жырау дастан қақпасын жұртқа соныбір қоңыр сарын, парасат сабырмен аша түседі. Сол қақпаның арғы жағындағы тылсым әлемге мына қаумалаған қалың жұртты бастап ертіп жетелеп барады. Бала құлағы бұрын шалмаған қызылбастың қанқұйлы патшасы мен түріктердің текетірес заманы көз алдында іңірде пері көшкендей көлбеңдеп өре бастады. Жырау көмейінен өрбіген кең құлашты зор күңіреніс алыс заманның ащы шындығын тірілтіп, пияз қабығындай біртіндеп арши түсті. Бұл күңіреніс, зор күңіреніс бейнебір ұмыт қалған бағзы дәуір бабалар гөй-гөйі. Парасатты. Сабырлы. Терең толғаулы. Сол үн, күңіренген көне үн жыраудың тәңір дарытқан таңдайы арқасында алыстан ғасырлар қойнауынан оянып, күмбірлеп бүгінгі тірі құлаққа талып жетеді. Жамбылдың бала құлағы ұлы жыраудың көмейінен көне мақаммен өрілген түйдек-түйдек шумақтарды қомағайлана қылғытады. Табиғаты сирек алтын сөз. Асыл жақұт, маржан сөз. Бірін шашпай, шашау жібермей теріп отыр. Жырау толғауымен сол сөздерден құралып кең тынысты батырлық дастанның оқиғасы да өріліп барады. Өрілген сайын елге қалқан болам деген жас батырды қатал заманның қатыгез тағдыры біресе отқа, біресе суға салады. Шыңдап ширатады. Сүйінбай жыраудың "Қөрұғлыны" айтқандағы мақамы қандай десеңші! Кісіні естен тандырады. Көне түркілердің көмей толғауы. Кейде ботадай боздап желіп отырады. Кейде қайқаң қағып көкке қыранша самғайды. Биіктен сорғалайды. Құлақтан кіріп бойды алады. Сана сезіміңді солқылдатады. Сондықтан да сиқырлы, соны. Бала Жамбылдың санасын матап, шырмап, баурады. Тыңдаған сайын ұстаз тұлғасы көз алдыңда биіктеп, қол жетпес құдірет иесіне айналып барады. Айберен аруақтанып, айшықталып түседі. Жырау барған сайын арқаланып, көз жанары шақпақтай жарқылдап арсы-гүрсі өркештеніп барады. Батыр жауға шапқанда өзі де қалың қамысқа тиген өрттей қаулап дүрілдейді. Батыр жаумен жағаласқанда бейнебір қарсы келген жаумен өзі бетбе-бет келгендей өршеленіп, екіленеді. Не болар екен деп оны тыңдап отырған жұрттың зәресі ұшады. Ал бала Жамбыл болса көз шарасы ұлғайып Қөрұғлының қасында қан майданда бейне өзі жүргендей ширығып алған. Ұлы дастан таң сарғайып, тау иығынан жылтырап күн сығалағанша толас таппады. Соған дейін ана құшағындағы сәбилер болмаса киіз үйдің туырлығын түріп қаумалаған қалың жұрт кірпік ілген жоқ. Әсіресе, бала Жамбыл әрі-сәрі.
Ұлы өнер сыйлаған ұлы бақыттан есі шығып есеңгіреп қалған. Ұлы жырау толғаған ұлы дастан әсерінен шыға алар емес. Бала Жамбыл ол әсерден ғұмыр бойы шыға алмасын ол сәт аңғарған жоқ. Бұдан былай Сүйінбайға сыйынбай сөз сөйлемейтінін түйсінген. Бұл кездесуден кейін бала Жамбыл ұлы жыраудың жанынан қарыс қадам қалған жоқ. Баланың айтқыштық талантын аңғарған ұлағатты ұстаз да ақ батасын беріп, Жамбылды шәкіртім деп жариялады. Шәкірт баланың төбесі көкке жетті. Осы күннен бастап ұстазы табылған Жамбыл бала ұлы өнер айдынына шындап құлаш ұрды. Жыраудың атқосшысы болып ел аралады. Сүйінбай айтатын жыр жалғыз "Көрұғлы" емес екен. Айлап айтса да таусылмайтын айдын шалқар көл екен. "Мың бір түн", "Шахнаме", "Манас", "Ләйлі-Мәжнүн", "Тотыкамал", "Сейттбаттал", "Қыз Жібек", "Орақ-Мамай", "Едіге", "Шора батыр", "Қабанбай", "Бөгенбай" "Ерназар - Бекет", "Садыр патша - Жамбыл патша", "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр". Осылай жыраудың жыр қоры тізіліп кете береді. Бала Жамбыл осы жырларды құлағына құя берді. Жаттай берді. Жаттаған сайын өресі де, өрісі де кеңейе берді. Жас Жамбыл қиядағы ұясында қанатын қомдаған бала қырандай. Қанаты қатайып, күні келгенде шаңқылдап жыр көгіне көтерілді. Тау қыранының дауысы алысқа жетті. Ұяда көрген тәлімі жыр додасында жебеді. Қолтығынан демеді. Шаршы топқа түскенде шалыс қадамнан сақтады. Ақын деп аузыңа қараған қарақұрым халықпен бетбе-бет қалудың өзі қатал сын - қылкөпір екен. Ол көпір үстінде сен жан-жақтан, төменнен қадалған мың сан көз ұшында жалғызсың. Әр қимыл, әр қадамыңды қалт жібермей қадалған көздер. Табаның тайды екен, құладым дей бер дозақ отына. қылкөпірден қаз-қаз басып, сиынған пірің жар болып, аман-есен өттің екен... алдыңда абырой, атақ, даңқ күтіп тұр... Жыраудың жәннат бағы... Халық алдына шыққан сайын немесе мың сан назар ұшында осынау қылкөпірге көтерілген сайын Жамбыл жырау да шыңдалып өнер шыңына көтеріле түсті. Тіптен бұл өнердің еш ұстаз айта алмайтын қырық қатпар қыр-сырына қанықты. Мысалы, жырдағы батыр ол, ең алдымен, мына қаумалаған жұрт сенімінен шығуы тиіс. Ол отқа салса күймеуге, суға салса батпауға тиіс. Қорқу дегенді білмеуге тиіс. Бір өзі он емес, жүз кісі қарсы келсе де қоғадай жапырып, қырып салуға тиіс. Ол пендешіліктен ада. Халық үшін туып, халық үшін қажет болса өлуге тиіс. Батырдың сүйгені міндетті түрде ақылға дана ару жар. Жалпы қазақ түсінігіндегі әйелге тән жақсылықтың, жақсы қасиеттің бәрі батыр сүйген қыздың бір бойынан табылуы керек.
Батырлық дастанның талабы осы. Өйткені, жырау алдында отырған бозбала - батырдан үлгі алуы керек, қыз бала батыр сүйген қыздан үлгі алуы керек. Тыңдарман талабы осы. Мінеки, сондықтан да батыр мен оның сүйгенінің бойында да, ойында да мін болмауы керек. Мін байқалар болса, оны жырау дереу қырнап, жонып-жөндеп тыңдарманға әдемілеп жеткізуі керек. Оқиға желісін де әр айтушы жырау осылай өзінше дамытып отырады. Осындай әр жыраудың сүргісінен өткен жырда қырнала-қырнала мін қалмайды. Тап-таза, жалт-жұлт еткен жауһарға айналады. Тыңдарманға керегі осы. Тыңдарман жырауды да жағымды кейіпкерлер көтерілген кісілік биіктен көргісі келеді. Ол оңай талап емес. Нәтижесінде, жырау өзі қолдан қашап жасаған батырларға, даналарға тартпай тұра алмайды. Ерлік, мәрттік, тектілікті жырлап, жағы талмай насихаттай бергеннен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл Жабаев өлеңдерін мектепте оқыту
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің тарихы мен қызметі
Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 - 1945) АҚЫН ӨМІРІ
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
Жамбыл Жабаев
Жабаев Жамбыл– қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Пәндер