Мектептегі факультатив курстарды өткізу әдістемесі



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектептегі факультатив курстарды өткізу әдістемесі

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Биологиядан оқу жұмысын ұйымдастыру
1.1 Биологияны оқыту формалары жүйесіне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Биология сабақтарының құрылымы мен типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2. Биология пәнінен факультатив сабақты ұйымдастыру жолдары
2.1 Биология пәнінен факультатив сабақты экология бағытында ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Қызықты биология факультатив курсы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...14
2.3 Биологиядан факультатив сабақтардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Кіріспе
Тақырып өзектілігі. Табиғат бәріне жеткілікті байлық берді. Осы жер райын адамдар тозаққа айналдырды. Халықтар аға-қарындас болып, өздерінің ақылдарын тіршілікте еңбекке пайдаланса, табиғат берген байлықты ақылмен игерсе ешкім таласпас еді, дүние- бұл жұмбақ!..., - Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Негізгі пәндермен қоса факультативті сабақ ретінде жүретін қосымша пәндердің өзіндік рөлін көтере дұрыс, қызықты ұйымдастыра білу бала білімін толықтыра жан-жақты дамуына ерекше әсер етеді. Өйткені, бұндай факультативті сабақтарда стандартты түрде белгіленген оқу жүктемесінің болмауы балаға да, мұғалімге де еркіндікбереді. Сол себепті ұстаз өз ізденісі мен мүмкіндігіне қарай факультатив ретінде күнделікті тіршілігімізге де, ғылыми-білімділік жағынанда балаға қажеттілік туындататын бағытты алуға және оны жүйелі түрде ұйымдастыра білуге ұмтылады.
Факультатив сабақтар - оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді.
Білім беру міндеттеріне сəйкес факультатив түрлері келесідей:
- негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру;
- қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т.б.) меңгеру;
- мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға байланысты қосымша пəндерді өту;
Жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген білім беру жүйесі ретінде факультативті сабақты экологиялық сабақ беру мақсатында жоспарлау адам мен қоршаған орта арсында үйлесімділік жасайтын болады. Баланы жас кезінен тіршілік ететін ортасын бағалай білуге, оны аялап қорғай білу жолдарына оқытып-үйретудің маңызы зор. Сол себепті оқытудың бұл үрдісі дұрыс жоспарланған, бағыт-бағдар белгіленген, көрнекілігі жасақталып, оқулығы көрсетілген экологиялық білімге сүйенгені жөн.
Зерттеу мақсаттары: Биология пәнінен факультатив сабақтарды ұйымдастыру, табиғатты пайдалану мен қорғаудың ғылыми теориялық негізіне сүйене отырып білім беру әдісін зерттеу .
Зерттеу міндеттері:
- Биология пәнінен факультатив сабақтарды өткізу әдістемесу;
- оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғатты қорғау ережесін бұзушыларды анықтап, ескерте білу;
- көгалдандыру жұмыстарына қатынастыру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Биологиядан оқу жұмысын ұйымдастыру
1.1 Биологияны оқыту формалары жүйесіне жалпы сипаттама
Оқыту - оқу материалдарының белгілі мазмұнымен жұмыс істеуде оны менгеру және таным әрекетінің тәсілдерін меңгеру максатындағы оқушы мен мұғалім арасындағы карым-қатынас үрдісі. Окыту үрдісін жүзеге асыру үшін, оны ұйымдастыру керек.
Окушылармен белгілі білім жүйесін және біліктілікті игеру үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқыту үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады.
Белгілі - дәрежедегі білім жүйесі мен біліктілікті игеру, окушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқу үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Биологияны окыту әдістемесінде көп түрлі формалар калыптасқан: сабақтар және онымен байланысты міндетті түрдегі танымжорықтар, үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар және міндетті емес сыныптан тыс сабақтар (жекелеген, топтық немесе үйірмелік және жаппай). Осылардың барлығы бірге орта мектепте биологияны оқыту формаларының байланыстыратын негізгі бөлшегі болып, оқытудың негізгі формасы - сабақ тұрады.
Қазіргі кезде біздің елімізде де көп таралып жүрген оқыту формасы - сыныптағы өткізілетін сабақ. Бұл ХҮІІ ғасырдан басталып келеді. Оның алғашқы жобасын сызып берген неміс педагогы И. Штрум болса, әрі қарай теориялық негізге салып қалыптастырып жасаған және іс жүзінде қолдану технологиясын жасаған Я.А. Коменский. Сыныпта өткізілетін сабақты ұйымдастыру формасының өзіне тән ерекшеліктері бар:
- сыныптағы оқушылардың құрамы тұракты, жас ерекшеліктері бірдей, бір деңгейлі дайындықтары бар;
- әрбір сынып өзіне арналып дайындалынған оқу жоспарымен істейді;
- оқу процессі жеке-жеке, бір-бірімен өз-ара байланыста жүретін сабақтардың оқу барысы белгілі ретпен бірінен кейін бірі ауысып отыратын үрдіс;
- сабақты бастаудағы басты фигура оқытушы.
Оқушылардың танымдылык қызығушылығын арттыру - әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жүреді; сондықтан сабақ жүргізудің осындай формасы ең негізгі деп есептеледі. Қазіргі кезде мектепте бұдан басқа да көмекші формалары қолданылып келеді, мысалы, сыныптан тыс, сабактан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, консультация, косымша сабақ, факультативтер, экскурсия, мектеп участкесіндегі жұмыстар, шеберханадағы жұмыстар, табиғат бұрышындағы жұмыстар т.б..
Оқу жүйесін ұйымдастыру формасының ең басты түрі сыныпта өткізілетін сабақ болып есептеледі.
Сабақ - оку процессіндегі ұйымдастыруы, белгілі бір уақыт аралығында жүргізілетін жеке элементтерден, кезеңдерден тұратын толық қалыптасып өткізілетін процесс деп айтуға болады. Бұл оқу процессіндегі өте күрделі де, жауапты кезеңдердің бірі. Қысқа түрде жаксы, сапалы сабак берудің басты талаптары мынаған сай болу керек:
1. Сабақты оқу-тәрбие процессінің негізгі зандылыктарына сүйене отырып құрастырып, ғылымның, педагогикалық практиканың алдыңғы жетістіктерін пайдалана отырып дайындау.
2.Сабақ барысында дидактикалык принциптер мен ережелердің өзара қатынастарын толык пайдалана отырып іске асыруды қамтамасыз ету.
3. Оқушылардың танымдылық қызығушылық жақтарын есепке ала отырып, оған қолайлы жағдайлар жасау.
4. Пәнаралық байланыстардың артықшылығын белгілеу анықтау арқылы оқушылардың көзкарасын ұғындыру, жетілдіру.
5. Бұрынғы алған білімдерін, шеберлігіне сүйене отырып оқушылардың деңгейін жоғарылату.
6. Практикалық білім шеберлігін қалыптастыру және ойлау және іс әрекетін орындауға дағдыландыру.
7. Әрбір сабақты ұқыпты жоспарлау, болжап, саралап,
бакылап отырып дұрыс баскару.
Әрбір сабаққа қойылатын мақсат - білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Сабаққа қойылатын жалпы талаптарды есепке ала отырып дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылык жақтарын нақтылаған жөн.
Сабақ оқыту үрдісінің негізгі формасы ретінде білім беру, төрбиелеу жөне дамытушы міндеттерді шешеді. Сабақ, оны құру және өткізу әдістері биологияны оқытудың ең басты проблемасы. Сондыктан сабақта негізгі биологиялык және экологиялык білім жүйесі мен біліктілікті игеру қажет. Шамаман біркелкі, сыныптағы оқушылар ұжымымен - биологияның бағдарламасы бойынша, тұрақты сабақ кестесімен және мектеп бөлмесінде ұстаздың оқу-тәрбие шарасын ұйымдастырудағы жұмысы.
Биология сабақтары ашык аспан астында - мектеп жанындағы оку-тәрбие алаңында, мектеп айналасында немесе өлкетану және табиғат мұражайларында өтуі де мүмкін.
Әрбір сабақ окушылардың білім, білік игеруі, дүниетанымдары мен ойларынын дамуын, тұлғалық сапалары мен сезімдерінің тәрбиеленуі, өзін жеке тұлға ретінде сезінуі және қоршаған шындықка деген қатынас калыптастыратын тұтас әрі күрделі жүйе болып табылады.
Басты мәселе сабақтың міндеттерін анык кұрып оның сабақтар жүйесіндегі орнын анықтау, бағдарлама талаптарына сай оқу-таным міндеттерін ескере отырып мазмұн мен әдістерді дұрыс таңдау, окушылардың таным белсенділігін камтамасыз ету. Әрбір сабак әртүрлі тәрбиелік міндеттерді шешу мүмкіндігі тұрғысынан ойланылады. Сабактың сапасына қойылатын басты талап - оқушылардың осы пәндерге кызығушылығын дамытуға үлес косу, шығармашылық белсенділігін дамыту. Сабактың пәрменділігі оның барлык элементтерінің анықтығы мен үйлесімділігіне байланысты. Сабақка оқу материалының мазмұнын таңдап алу кезінде окушыларға берілетін оқу жүктемесін реттеу кажет, жетекші ой-пікірлерді бөліп соның негізінде оқушылар кабылдайтын ұғымдардың ашылу көлемімен тереңдігін аныктау және негізгі мазмұнды нактылауға пайдаланылатын қосымша материал ескерілуі керек.
1.2 Биология сабақтарының құрылымы мен типтері
Адам - биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғаннан өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүреді.
Жер бетінде таралған барлық ағзалар бір-бірімен тығыз байланыста болады және олар өздерінің айналасындағы орта жағдайларымен де үнеиі қарым-қатынаста тіршілік етеді. Тіршіліктің осындай өзара байланысы ұзақ кезеңдер ішінде бірте-бірте қалыптасқан және ол белгілі бір табиғи заңдылықтарға бағынады. Осының нәтижесінде ғаламшарда күрделігі әр түрлі экологиялық жүйелер пайда болған.
Соңғы жылдары адамның бүкіл биосфераға әсері күшті байқалуда. Адам санының ұдайы өсуі, табиғатқа ғылыми-техникалық прогрестің ықпалының тездеуінен адамзат әрекетінің әсері ұлғайып отыр.
Қазақстандағы экологиялық проблемалар шиеленіуі жалпы әлемдік шиеленістен кем емес.
Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұғымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, экономикалық заңды шаралар жүйесі.
Ел Президентінің Қазақстан - 2030 жолдауында Біздің табиғат ресурстарымыз орасан зор байлық, әлемдік тәжірибеде табиғи байлығы бар елдер оны дұрыс игере білмегендіктен кедей елдер қатарынан шыға алмай қалғаны туралы айтқан.Олай болса қазақ жерінің байлығын бағалайтын, табиғатын аялайтын жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көбірек көңіл бөлу - қазіргі өмір талабы.
Экология бұл іс жүзіңде аса зор маңызы бар биология бөлімдерінің бірі. Адамзат жаһандық эволюциялық проблемалармен ХХ ғасырда кездесті. Экологиялық апат мүмкіндігінің жалғасы арта түсуде.
Экологиялық тәрбие - Табиғат - адам - қоғам жүйесіндегі қарым-қатынасты оқушылардың ғылыми негізде игеруі нәтижесінде қалыптасатын жалпы білімнің бөлшегі. Бұл тәрбиенің негізгі мақсаты - жас жеткіншектердің экологиялық көзқарасын, сапасын және табиғатқа үлкен парасаттылық пен жауапкершілік қарым- қатынасын қалыптастыру.Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының адамгершілік аспектісін ашуда, ақыл-ой мен сезімін тәрбиелеуде, сананы қалыптастыруда экологиялық мәдениет жетекші орын алады.
Экологиялық мәдениет - барлық рухани өмір мен істе көрініс табатын, адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі және табиғаттың құндылығын түсінетін, экологиялық білім жүйесімен, экологиялық іс-әрекетпен, қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынаспен сипатталатын тұлғангың ерекше қасиеті.
Биолог-әдістемешілер сабақты бірнеше кезеңде бөліп көрсетеді:
- жаңа білімді оқып игеру;
- оларды бекіту мен тексеру;
- үй тапсырмасын ұйымдастыру.
Сабақ типтері. Теориялык жағдайлар мен дидактикалык принциптер және практикасы тұрғысынан келсек биологиядан сабақтың мынадай түрін бөліп қарауға болады:
- жаңа материалды оқып үйрену;
- білімді бекіту сабағы;
-талдап корыту және білімді жүйелеу мен оны колдану;
- аралас немесе құрастырылған.
1. Жана материалды окып үйрену сабағы - барлық дидактикалық кызметтерді сәйкестендірген сабақ, онда сабакка кіріспе; білім мен біліктілікті ескеру; бұрын оқылғанды қайталау; білімді бекіту жүргізіледі. Қайсыбір кызметінің басым болуына байланысты сабақтың осы бір типіне әртүрлі сабақ түрлері жатады: лекция, зертханалық жұмыс.
2. Білімді бекіту сабағы. Осы сабақтағы дидактикалык мақсат - игерілген білімді екінші рет бекіту және оларды колдана алу біліктілігіне төселдіру.
Осы типке мынадай сабақ түрлері жатады: зертханалық сабак, танымжорық, пікірлесу, консультация.
3. Талдап корыту және білімді жүйелеу мен оны колдану сабағы. Бұл сабактағы дидактикалык мақсат - тұжырымдап жүйелеу аркылы білімді біртұтас жүйеге айналдыру. Мынадай түрдегі сабақтар осы типке жатады: семинар, конференция, дөңгелек үстел, пресс-конференция т.б.
4.Аралас немесе құрастырылган сабак. Айтып өткен үш типтің ерекшеліктерінің барлығы аралас немесе құрастырылган сабақта кездеседі. Осы сабақтың типі қазір көпшілік мектептерде тек биология сабақтарында ғана емес баска да пәндерді окытуда кен таралған.
Тақырыптык жоспар. Тақырыптық жоспар алдын ала құратын ауқымды жоспар ол бағдарламаға, типтік оку жоспарына сәйкес кұрылады. Жоспарда сабақтардың тақырыптары аныкталып, олар белгілі логикалык ретпен бөлініп, олардын жобамен өту мерзімі (дата) көрсетіледі. Әрбір сабақта үй жұмысы белгіленеді. Көпшілік жағдайда такырыптық жоспар сызбанұскада жасалады.

2. Биология пәнінен факультатив сабақты ұйымдастыру жолдары
2.1 Биология пәнінен факультатив сабақты экология бағытында ұйымдастыру
Биология пәнінен факультатив сабақтарды өткізудің негізгі мақсаты:
1. Жас ұрпақтың экология және экологиялық көзқарастың негізін білуі;
2. Экологиялық тепе-теңдікке және қоршаған ортамен қауіпсіз өмір сүруге қол жеткізу;
3. Табиғатқа деген экологиялық мәдениетің қалыптастыру;
4. Туған өлкеміздің табиғатын сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Тәрбиелік міндеттері:
oo оқушыларды айналадағы ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға баулу, табиғатты аялауға, сүйе білуге үйрету.
Білімділік міндеттері:
oo экологиялық идеяларды, негізгі түсініктерді, ғылыми дәлелдерді білуді, табиғи ортамен қатынасқа байланысты заңдылықтарды ұғындыруға бағытталған.
Дамытушылық міндеттері:
oo оқушыларды бақылай білуге, бақылау нәтижелерін талдап түсінуге үйретуге, экологиялық сауаттылыққа бағдарлауға негізделген.
Экология-тірі ағзаның қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Қоршаған орта - ол ағзаны қоршап тұрған және оның тіршілігіне әсер ететін тірі және өлі табиғат.
1886 жылы неміс биологы Эрнст Геккель экология деген атау ұсынды. Грек тілінде экос-үй, баспана, тірішілік ортасы, ал логос-сөз, ғылым дегенді білдіреді.
ХХІ ғасырда адамның тірі және өлі табиғатқа әсері өте күшті деңгейде. Адамның табиғатқа әсерін антропогендік әсер деп атайды. Грекше антропос-адам, генес-туылған,туылды.
Адам табиғаттың бөлінбес бөлігі болғанымен бұндай антропогендік әсер табиғатқа үнемі пайда әкелмейді. Эколог ғылымдар адамның табиғатқа әсерін қадағалап зерттеп отырады.
Экологиялық тәрбие беру қажеттілігі- жас баланың жас шыбық тәрізді жаңа ғана гүлдене өсіп келе жетқан кезде тамылжыған табиғатқа, соған қатысты көркем, тыйым сөздерге денқойғыштығын, әсерленгіштігін дер кезінде пайдалана білуден туындайды.
Жалпы мектепішілік жоспарда экологиялық тәрбиеге басты назар аударылса, экология пәнін модельдік-ұйымдастырудың 3-түрінде қолдануға болады.
2-ші модель-бірпәнділік, экологиялық факультативті түрде ұйымдастыру.
Жоспарлауды 2 бағытта жасау.
1-ші бағыт: өлі, тірі табиғат экологиясы;
2-ші бағыт: жер,адам экологиясы.
Өлі, тірі табиғат экологиясы бағытында қарастырылатын мәселелер: күн жүйесі, планеталар, мұхит, құрлық, ауа райы, климат, өсімдік және жануарлар әлемі.
Жер, адам экологиясы бағытында қарастырылатын мәселелер: адамның табиғаттағы орны, әсері, табиғаттың адамға әсері, табиғи және адам әсерінен туындайтын апаттар, катастрофалар.
Жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
- белгілі бір тақырып алып талдау,пікір-сайыс ұйымдастыру, ұсыныс беру, мәлімет жинау;
- түрлі гүл, ағаш көшеттерін үлескеде отырғызу жұмыстарына қатынастыру;
- өз туған жеріміз - Орал өңірінің экологиялық жағдайы жөнінде мәлімет беру, жинақтауды тапсыру;
- табиғатқа зиян келтіруші, ережені бұзушылармен күрес, ескерту жұмыстарын жүргіздіру;
- экологиялық шаралар, акциялар, сайыстар өткізу;
- экологиялық мұражайға бару, жас натуралисттер орталығына көмектесу;
- ғылыми-экологиялық жұмыстар жазу.
Білім дағдысын қалыптастыру және бағалау үшін:
- экобасылымдар жасату(газет, кітапша, альбом т.б);
- экокарточкалар жасату(экотыйым, мазмұнды суреттер, сызбалар, нұсқаулар, үлестірме тапсырмалар);
- экологиялық ертегі, әңгіме, өлең құрастырту;
- экологиялық мәліметтер жинақтатып, зерттеулер жүргізу;
- табиғат аясына жорық ұйымдастыру;
Табиғатты қорғаудың ғылыми-теориялық негізі.
Жұмыстар біріншіден баланың бұл пәнге қызығушылығын, ынтасын, білуге ұмтылуын қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылуы керек. Ол үшін тақырыптардың өзі бала қызығушылығын оятатындай етіп алу қажет.

2.2 Қызықты биология факультатив курсы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты - зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Осы орайда биология пәнінің негізгі мазмұны тірі ағзалардың құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы көзқарасты дамыту, тірі оганизмдердің жасушалық құрылысының негізге алынатын түсініктері туралы, организм және биоценоз тіршілік деңгейінің негізгі формалары екендігі туралы көзқарас қалыптастыру, өсімдіктер мен жануарларды жүйелеп жіктеу туралы ұғым қалыптастыру, тірі организмдердің өзара және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер, саңырауқұлақтар дүниесінің ерекшеліктерін, олардың табиғаттағы, адам өміріндегі және жалпы тіршіліктегі жоғары мәні туралы білімнің құндылығын ұғынуға бағытталады. Осы қағидалар 6-сыныпқа арналған Қызықты биология факультатив курсының бағдарламасында көрініс тапқан.
Қызықты биология факультатив курсының бағдарламасында адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту, биология ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру және күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру, танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Қызықты биология факультатив курсының негізгі мақсаты - адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту, биология ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру және күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру, танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;
Факультатив курстың мазмұнында өсімдіктер дүниесінің зерттелу тарихы, өсімдік жасушасының құрылысы, химиялық құрамы, өсімдіктердің техникалық, космостық ролі, өсімдіктер тіршілігіндегі қозғалыс, оның түрлері, өсімдіктерді вегетативті жолмен көбейту түрлері, өсімдіктердің жеке дамуы туралы тереңірек қарастырылған.
Қызықты биология факультатив курсының бағдарламасы ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты талаптарына сай жасалған.
Курс аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағатқа есептелген.
Бағдарламада 6-сыныптың биология пәні бойынша берілетін тақырыптар толықтырып, қосымша ақпараттармен қамтылған. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Курс мазмұнына сәйкес тақырыптар бойынша бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру үшін сарамандық жұмыстар жоспарланды.
Курстың орны: 6-сыныптың биология курсындағы өсімдік жасушасы және оның құрылысы, өсімдіктердің тіршілік әрекеттері тақырыптарының құрамдас бөлігі
Курстың мақсаты:
Өсімдіктер дүниесі, олардың зерттелуін, өсімдіктер дүниесінің жүйеленуін үйрену;
Өсімдіктердің тіршілік ерекшеліктері, олардың тұрмыстық және техникалық маңызы туралы терең, жан-жақты білім беру;
Курстың міндеті:
- Қоршаған орта табиғатының бір-бірімен тығыз байланыстағы нысандар жиыны екенін ұғындыру;
- Табиғат аясында белгілі бір ережелерді басшылыққа алуды үйрету;
- Топсеруен кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу;
- Жаңа деректер, ғылыми терминдер, анықтамалар негізінде кесте, сызба, суреттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
- Туған өлкенің табиғаты туралы білім бере отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан факультатив жұмыстарды ұйымдастыру
Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру
Факультативті сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі
Математикадан факультативтік сабақтар өткізу әдістері
МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ
Биологияны оқытуда элективті курстарды пайдалану
Химиядан өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Факультативті сабақтардың жалпы сипаттамасы
Физикадан факультативтік курстар
Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы жаратылыстану пәндерінің мәселелері
Пәндер