Мектептен тыс жұмыс орталығы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектептен тыс жұмыс орталығы
Орындаған:
Тексреген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Балалардың шығармашылық қабілеттерін мектептен тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы мектептен тыс жұмыстардың алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2. Арнаулы мектептен тыс мәдени-ағарту мекемелері
2.1 Мектептен тыс жұмыстар жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.2 Мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Кіріспе
Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі мектептен тыс жұмыс орталықтарын жетілдіруді керек етіп отыр. Өмір талабы адамның біліміне, оны күнделікті тұрмыста тәжірибелік қолдана алу мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтып отыр. Балаларды дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жас ұрпақтың ғылыми-танымдық, экономикалық, нарықтық қатынастарға байланысты мүмкіндіктерді қарастырылды. Баланың жеке тұлға ретінде дамуына тәрбие үрдісінің ықпалы жан-жақты қамтылады. Яғни, бала бойындағы мәдени құндылықтарды: әлеуметтік қатынас, адамгершілік қатынас, әстетикалық қатынас, дене мәдениетін жетілдіру көзделеді.
Балаларды жан-жақты дамыту мәселелері - бүгінгі қоғамның негізгі міндеттерінің бірі. Оқыту арқылы баланы дамыту Л.С.Выготский, А.В.Занков, В.В.Давыдов, Ж.Асанов және т.б. еңбектерінде негізгі орын алады.
Балалардың дамуында іс-әрекеттердің негізгі себеп екені зерттеу барысында айқындалды. Баланы дамытуда тәрбиенің өзіндік ықпалы, яғни тәрбиелей отырып оқыту мектептен тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралар ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырылуы тиіс.
Бастауыш саты балаларының жеке басының қасиетін дамытуда отбасы, мектеп, тектептен тыс мекемелер мектептен тыс уақытта жүргізілетін іс-шараларды кіріктіре ұйымдастыру арқылы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіншілігі бар екені анықталып отыр.
Жалпы мектептен және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В.А.Сухомлинский былай дейді: Балалар әсемдік ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруге міндетті.
Бастауыш сатыда мектептен тысжүргізілетін жұмыстар негізінен: оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін ары қарай дамытуға мүмкіндік жасау; баланың қоғамдық белсенділігін дамыту; балалардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру; белгілі бір еңбекке баулу; оны дамытуға ықпал ету көзделді. Балаларды жан-жақты дамытуда мектептен тыс тәрбие жұмысының тәлімдік мәні аса зор екені ғылыми-теориялық еңбектерде және мұғалімдердің іс-тәжірибесінде дәлелденіп отыр. Соңғы кезде нарықтық қатынасқа байланысты мектептегі мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырылуға байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектердің сирек жарияланатыны аталған шараларды жүзеге асыруға өз кедергісін тигізіп отырғаны байқалды. Сондықтан мектептен тыс тәрбие жұмысын және үйірмелерді бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, нарықтық, ұлтаралық қатынастарға және ұлттық ерекшеліктерге байланысты қарастыруды қажет етеді.
Зерттеудің мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Тақырыптың мазмұнын ашуға бағытталға педагогикалық-психологиялық еңбектерді жинақтау, оларға теориялық талдау жасау.
2. Мектептен тыс жұмыстар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытындағы озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыра зерттеу.
3. Мектептен тыс жұмыстарды жүргізудің жүйелі жолдарын көрсету.
Зерттеудің пәні: Мектептен тыс жұмыс жүйесі.
Зерттеудің объектісі: Мектептен тыс жұмыстардағы балалардың шығармашылық қабілеті.
Зерттеудің әдістері:
Шығармашылық және дидактикалық материалдар, ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу, талдау жасау, педагогикалық-психологиялық тәжірибелерді жинақтау, салыстыру анализдеу, синтездеу.
Зерттеу құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қалыптасатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің, дара-дүниетаным, дара-эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен олардың бойлырандағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. ңБұлақ көрсең, көзін ашң деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс. Бала шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарпынан қолдау тауып отыруы керек.
Шығармашылық жұмыс істеуге үйренген бала жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды шешуге тырысады.
Баланың жастайынан шығармашылық қабілетін қалай қалыптастыру керек? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай?
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі - осы. Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.
Төменгі сынып балаларының дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармышық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.
Қабілеттерді балаларды бұған дейінгі алған білімі және дағдылармен шектеуге болмайды. Білім, білік, дағдылардың жеңіл тез игеру қабілеттерге тәуелді болады. Екінші жағынан бұлардың игерілуі қабілеттердің дпмуына ықпал жасайды.
Білім мен біліктің болмауы, қабілеттердің дамуын тежейді. Қабілеттер балаға дайын түрінде берілмек емес, бұлар тәрбиелеу мен оқыту барысында әрдайым жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Туа бітті тек нышандар, яғни айтқанда қабілеттер негізінде жататын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктер болуы мүмкін. Оқу, білім алу қабілеттерінің өзі баланың нақты іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін емес. Адамдардың барлық қабілеттері - азаматтық қатынастардың жемісі. Қатынастар деңгейі әр балада әр түрлі болатындықтан қабілеттердің деңгейі әр түрлі болады.
Психологтардың айтуынша, қабілетті айқындау мақсатындағы зерттеулер ХІХ ғасырдан басталған. Бұл қасиеттің терең түбінде талант нышаны жатыр.
Қасиеттің тиімділігін дамыту тәрбие жұмысына және жас ерекшелігінің өзгеруіне де байланысты.
Шығармашылық деген не? Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы шығару, ойлап табу дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жетікізу деп түсіну керек. Филисофиялық сөздікте: ... шығармашылық қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С.Выгоский ңшығармашылықң деп жаңалық ашатын әрекетті атағын. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны ңдамуң ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары ңшығармашылықң сөзімен ңжаңалықпенң қатар бастамалылық, белсенділік ұғымдары астарлас қолданылып жүр.
Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл санысында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестері табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой - санасына, айналысатын ісіне байланысты.
Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өзқабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығанмашылықтың мәнін аша отырып, оның ңәрекетң ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекетшығармашылық тудырып, оны нақты болмысқа айналдырсы, ол шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын тиімділігін анықтайды.
Шығармашылық әрекеті балалардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығармашылық әрекетконцерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында балалардың адамгершілік, әсерленушілік жіне ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.
Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әр түрлі анықтамалар береді. Мысалы: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.
А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру болжай білу қабілеттерін атайды.
Шығармашылық ақбілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығын, икемдігі, тапқырлығы, дәлдігі алынады.
Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қасиеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.
Қабілеттің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір адамды мазалайды. Шығармашылық әрекет - өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық - адам іс-әрекетінің түрі. Мұндай әрекеттің ерекшелігі даму деңгейі текәлеуметтік факторларға емес, табиғи биологиялық факторларға байланысты. Бүгінде шығармашылық қабілеттердің дамуы басты нысана болып, ол балада шығармышылықтың белгілірінің болмауы үлкен проблемаға айналып, ойландыруға тиісті кезге жеткен сияқтымыз. Өйткені өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешебілу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келмек. Тек шығармашылық қана адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге, мүмкіндік туғызады.
Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатынбастауыш мектептің алар орны ерекше. Өйткені бастауыш мектеп:
1. Балалардың интеллетуалдық рухани, табиғи нышандарын дамытуға - өзінің қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске қосуға;
2. Жеке адамның сезімдерін қалыптастыруға;
3. ұжымдық және іс-әрекеттер тәсіліне үйретуге;
4. Балының еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне дегенсенімінің болуына жағдай жасауы керек.
Шығармашылық - жаңа нәрені ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Қабілеттер проблемесы - балалардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психологияғылымының негізгі ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Олардың іс-әрекеттің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не төмендеу келеді. Бұған қарап мысалы, музыкаға, хореографияға немесе математикаға қабілеті төмен балаларды дарынсыздар қатарына жатқызу әсте дұрыс емес. Бұл оның қабілетінің басқа салада жатқындығының белгісі.
Қабілет ұғымына берілген психикалық анықтамалар саны баршылық қабілет - іс-әрекеттің белгілі бтүрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті - деп жазды академик Т.Тәжібаев. Қабілеттер - адамның іс-әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері.
Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А.Н.Монтев, А.В.Петровский, В.А.Куртецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев қабілеттер оқысыз ад дамитынын, бірақ онда ол ұзақ процеске айналатындығын атады. Қабілеттер мәселесізерттеушілердің назарын көптеп аударып келуде. Енді сол еңбекьердің кейбіреулеріне тоқтала кетейін. Ең алғаш қабңлеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн. Ол іс-әрекеттің қабілетті дамытуындағы ролін нақтлады. Осыдан бастапқабілеттердің әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта қарастырылатын болды. А.Н.Леонтьев басқа ғалымдардың қабілеттерге берген анықтамаларына қосыла отырып, оларды дамытудағыәлеуметтік жағдайлардың шешуші роль болатындығына назар аударады. Педагогикалық қабілеттерді арнайы зерттеген Н.В.Кузмина оның құрамының үш түрлі қасиеттертобынан тұратындығын анықтап, олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсетеді.
1.2. Балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы мектептен тыс жұмыстардың алатын орны
Балалармен жүргізілетін мектептен тыс жұмыс - оқу-тәрбие жұмысының құрамды бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты балаларды жан-жақты дамытуға бағытталады және бүкіл тәрбие міндеттерін тиімді шешуге көмектеседі.
Мектептен тыс жұмыстың негізгі міндеті - мектеп балаларының қызығуын, бейімділігін, қабілеттілігін жан-жақты дамытып, олардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.
Егер де мектептен тыс тәрбие жұмысы оқу жұмысымен дұрыс ұштасатын болса, онда ол бүкіл тәрбие жұмысының жүйесін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Мектептен тыс жұмыс оқу жоспарын толықтыра түседі.
Бұл бағытта жүргізілетін арнаулы зерттеу жұмыстары әр түрлі мектептен тыс жұмыстар мектеп балаларының кәсіптік қызығуы мен түсініктерінің тууының негізгі көзі болып табылатындығын дәлелдеді.
Мектептен тыс жұмыстардың алатын ролін бағалай келіп, мектептен тыс жұмыс жөнінде Бүкілроссиялық кеңесте сөйлеген сөзінде Н.К.Крупская былай деген еді: ңАл қазір бұрмалаудың басқа түрін - мектептен тыс жұмысты жете бағаламауды жиі кездестеруге болады. Мұны ашық айтпайды, бірақ: ңтек мектеп қажет, қалғандары түкте емесң деп жүргендерді жиі кездестіресің. Бұл дұрыс көзқарас емес. Мектептен тыс жұмыс мектептің өз жұмысын тиісті дәрежеге көтеруге көмектесе алады және көмектесуге тиіс тең.
Балаларды жан-жақты дамытудың міндеттерінен туындайтын тәрбие жұмысы мазмұнының көптігі мектептен тыс жұмыстың әр түрлі формаларын қажет етеді.
Пеадагогика ғылымынды мектептен тыс жұмыстың формалары мен әдістерінің теориясы әлі де жеткіліксіз зерттелген. Қазіргі кезде мектептен тыс жұмыстың мынадай формалыры қалыптасқан: көпшілік, үйірмелік және топтық, жеке формалыры кездеседі.
Мектептен тыс жұмыстың формалырын қарастырайық:
Балалармен жүргізілетін жеке жұмыстың формасы - тыс жұмысқа байланысты мұғалімнің немесе ұжымның әр түрлі міндеттері мен тапсырмаларын жеке оқуышлардың өз бетімен орындауы болып табылады. Оған мынылар жатады. Мәселен, ұсынылған кітаптарды оқу, көркем өнер номерлерін әзірлеу, басқа да таспсырмалар жатады. Балалармен жүргізілетін жеке жұмыстардың мәнін бағаламауға болмайды.
Жеке жұмыстарға икемді баланы да, сабаққа нашар баланы да қатыстаруымыз керек.
Жеке мектептен тыс жұмыстың сапасы мен нәтижесін жақсарту мақсатында әрбір баланың қызғуын білуге ұмтылу керек. Балаларға мынадай сұрақтар қоþға болады: ңСаған бәрінен де не ұнайды? ң Кей жағдайда балалардың жауабы олардың қызығуын толық ашып бере алмайды, бірақ та мұғалім үшін ол мәселе бойынша кейбір бағыт беруге көмектеседі. Үйірмелік және топтық жұмыстарға үйірмелер және басқа бірлестіктер жатады.
Үйірме - бұл балалардың жалпы қызығуымен мектептен тыс қызметінің негізінде құрылған бірлестік. үйірме жұмысы балалардың белгілі бір ғылымның, техниканың, өнер мен спорттың саласында қызығуы мен қабілеттілігін дамытуға және анықтауға көмектеседі. үйірме жұмыстары баланың сабақта алған білімін тереңдете түседі, бағдарламадан тыс жаңа білім мен ептілігін, дағдысын қалыптастырады.
Бастауыш сыныптарда үйірме жұмыстарын жүргізуде бірнеше міндеттер қойылады:
- оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін ары қарата дамытуға мүмкіндік жасау;
- баланың қоғамдық белсінділігін дамыту;
- балалардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру.
үйірме жұмыстарының алдына қоятын негізгі талабы:
- үйірме жұмыстарына қатысатын баланың қабілетін ескеру;
- білім беру, оқыту мен тәрбие берудің өзара байланысы;
- балалардың еркіндігі.
Үйірмеге қатысатын балалардың практикалық білім, білік, дағдылары бірдей болуы мүмкін емес. Себебі, оның білім, қызығушылығу мен белсенділіктері, қабылдауы және жұмысқа қабілеттері әр түрлі болғандықтан, алған дағдылары да тұрақты болмайды. Бірақ, баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қызығушылығу мен белсенділіктерін дер кезінде дамыту мен жоспарлау - әрбір ата-ана мен тәрбиешінің міндеті.
Бастауыш сынып балаларының ерекше қасиеттерінің бірі - үздіксіз дамуға бейімділігі мен жаңалыққа жаны құмарлығы. Осы кезеңдердегі қолайлы сәттерді тиімді пайдаланып қалу үшін сабақтан тыс, мектептен тыс жүргізілетін үйірмелер мен тәрбие жұмыстарының ерекше маңызы бар. Әсіресе, сабақтың жалғасы болып табылатын пәндік, көркемөнер үйірмелері баланың өз бетінше ізденуі мен өз бетінше дамуына, қосымша практикалық іскерлік дағдылардың меңгерулеріне жол ашады. үйірме жұмыстарында балалардың мынадай қабілеттері дамиды:
- техникалық, ән-күйлік жұмыс жасауға, оларды тетіктерінің аталуы мен жұмысқа қосу ерекшелігімен танысады, өзі пайдалана алады;
- мұғалімнің түсіндірген нұсқауын тыңдап, басшылыққа алып, зейін тоқтатаып, оның дұрыс орындалуына өзідігінен шешім қабылдайды;
- өзі жасаған жұмыс нәтижесін айтып, қорытынды жасап үйренеді, тіл байлығы мен ойлау қабілеттері дамиды;
Бастауыш сынып балалары үйірмелерге жүйелі түрде қатыса отырып, білімімен танымдық қасиеттерін толықтырумен қатар, төмендегідей қосымша дағдыларды меңгереді;
- өз жұмыс орынын ұйымдасыта білу;
- күнделікті ағымдағы жұмыстарын өз бетінше жоспарлау;
Жалпы мектептен тыс жүргізілетін іс-шаралар балалардың қызығушылығы мен қабілетіне байланысты бірігіп шағын топтарды құрады. Кейбір үйірмелер әр түрлі жастағы балаларды біріктіретіндіктен, мұғалімнің әр түрлі тәсілдері қарастыруына тура келеді.
Көркемөнер үйірмелерге қатысатын балалардың жұмысқа бейімділігімен іскерлік дағдылары, шығармашылық ізденсі әр түрлібағыттарда дамып отырады. Көркемөнер үйірмесіне қатысатын балалардың эстетеикалық, этикалық талғамдары мен сезімдері жоғары дәрежеде іске асырылады. Балалардың көркемөнер үйірмелерінде сезіммен жұмыс жасауы, олардың ойын кезіндегі іс-әрекеттеріне ұқсас, таза шынайы қатынастардан тұрады. Көркемөнер арқылы бала өзін қоршаған орта табиғатын, әсемдігін, сұлулығын түсіне алады, олардың маусымдық өзгерістерін бақылап, өзіндік тұжырымдар жасайды.
Мектептен тыс жұмыстың көпшілік формаларына кештер, мейрамдар, фестивальдер, сенбіліктер, диспуттар, конкурстар, олимпиадалар, театр мен киноны ұжымдық түрде көру жатады.
Кеңес мектебі мектептен жұмыстың әр түрлі формаларын пайдаланудың көптеген тәжірибесін жинақтады. Қазіргі кезде тәжірибелі мұғалімдеріміз оның тиімділігін арттыру жолдарын іздестеруде. Мектеп тәжірибесінде мектептен тыс тәрбие жұмысының барлық формалары бір-бірімен байланыста қарастырылады. Мектептен тыс жұмыстың тәрбиелік және білімдік мүмкіншілігі күшті болғанымен, істің мәнін шеше алмайды. Ең негізгісі - осы жұмасты іске асыратын тәрбиеші жұмысының мәні мен мазмұнына, педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Қазіргі кезде жастарымыздың эстетеикалық білім алуға деген ынтасы өте зәр болып отыр. Балалар эстетикалық тәрбие саласында ара-тұра, бытыаңқы түрде өткізілетін шаралармен қанағаттанатын мектептер барған сайын азайып барады.
Осы уақытта мектептегі бұл жұмыс барған сайын айқын ұйымдық форамлар алуда.
Мәселен, ең алдымен мектептерде эстетикалық тәрбие бойынша көптеген жұмастар көптеп ұйымдастырылуды.
Қазіргі таңда мектептерге ақы төлеп арнаулы жетекшілер шақырылатын хореография және музыка үйірмелерін, сондай-ақ бейнелеу өнері жөніндегі үйірмелер құруға ата-аналар қаржысы есебінен рұхсат етілген.
Көптеген осындай үйірмелер мен көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс жасап жатыр.
Көркем өнерпаздар кештері мен байқаулары, ән мен би мерекелері өтікізіледі. Кейбір мектептер спектакльдер қойып жүр; бұларды дайындап, көркемдеуге суретшілер де, декораторлар да, техниктер де, музыканттар да шақырылады, яғни творчестволық қызметтің алуан түрелрімен әуестенуші көптеген балалар шақырылады.
Барлық сыныптарда театр спектакльдерін көру және талқылау ұйымдастырылады, балалар концерттерге, музейлерге, киноға барады.
Эстетикалық тәрбие жөніндегі мектептен тыс өтікізілетін жұмыста диофильмдер мен кинофильмдерді пайдалану зор роль атқарады. Өнердің ең бұхаралық түрін - кино өнерін насихаттау мақсатымен көптеген кинолар көрсетуге болады.
Эстетикалық тәрбие бойынша мектептен тыс өтікізілетін бүкіл жұмыстарды ұйымдасыту, әрине, мамандарды - музыканттарды, көркемсөз балаларды, әншілерді керек етеді. Алайда сұғалімдердің өздеріне де арнаулы білімдер мен кең мәдени ой-өріс керек болады.
Балаларға мектептен тыс эстетикалық тәрбие беру баланың қайда тұратынына - үлкен немесе шағын қалада, ірі совхозда немесе шағын ауылда тұратынына, музейлерге, киноға, театрларға бара алу бара алмауына, телевизия хабардарын көре алу, көре алмауына көбіне-көп байланысты болмақ. Қазіргі уақытта кино, радио және телевизия барша жұрттың қолы жететін игілікке айналып отыр, сондықтан мектеп олардың ықпалын ескере отыра алады және ескеріп отыруға тиіс те.
Атап айтқанда мектеп радио тыңдауға және телевизия хабарын көруге біразықпал жасап отыруға тиіс. Мәселен, мектепте қызғылықты әрі пайдалы хабарларды ұжым болып тыңдауды немесе көруді ұйымдастыруға әбден болады.
Арнаулы мектептен тыс мәдени-ағарту мекемелері мен қоғамдық ұйымдар тарапынан жүргізілетін тәрбиелік-білімдікмәні бар жұмыстарды мектептен тыс жұмыстар деп атайды. Ол да сабақтан тыс уақытта өткізіледі, бірақ оны мектепке балалардың бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қабілетін анықтауға және дамытуға, әр нәрсеге қызығушылығын арттыруға, көп нәрсе білуге құштарлығын оятуға көмектесетін, балаларды тәрбиелейтін арнаулы мекемелер өткізеді.
Мектептен тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізіненалғанда балалардың ынталары мен талап тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады. Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық, бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және әдістемелік нұсқаулардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және балалардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл мектептен тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп балаларының талап-тілектеріне сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.
Оның үінші ерекшелігі - жас шамасы әр түрлі балаларды қамтитындығында. Мектеп хорының, мектеп оркестрінің, көркемөнерпаздар үйірмелерінің жас шамалары әр түрлі болып келетін құрамы мектептен тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге кедергі бола алмайды. Керісінше, әр түрлі сыныптардың балаларын біріктіре отырып мектептен тыс жұмыстар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әртүрлі сыныптардың балаларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызады.
Мектептен тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. үйірмелерде, көркемөнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Оны, әрине, педагогтар бағыттап тоырды, бірақ оқыту сабақтарынан ерекшелігі - оны негізнен мектеп балаларының өздері ұйымдастырады. Сынтан тыс және мектептен тыс сабақтарға басшылық жасау инициатива мен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Бала ересектеу болған сайын оның инициативалылығы мен дербестігі толығырақ жан-жақиы көрініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб тектес бірлестіктерге қатысушылар ролінде де көзге түседі.
Қазіргі жағдайлардағы мектептен тыс тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын мектептен тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көрету, формалары басым болып келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие облып келеді. Соның нәтижесінде ол мектеп балаларына, әсіресе жоғары сыныптарда, кәсіптік бағдар берудің өте маңызды да ықпалды құралы ретінде көрініп отыр.
Оның алтыншы ерекшелігі - формалар мен әдістердің сан алуандығы. Мектептен тыс сабақтардың барлық формалары мен әдістерін санап шығу өте қиын және мүмкін де емес. Ең алдымен өнерпаздар клубтарын және ғылыми қоғамдарды құруды көрсеткен жөн. Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастырудың, мектеп балаларының мәдени дүниетанымын көтерудің формалары алуан түрлі бола түсті.
Өкінішке орай, мектептен тыс жұмыстыұйымдастыруда әлі де болса айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Кейбір мектептер үшінбұл жұмыстың жеке бағыттарын ғана дамыту тән болып отыр. Мәселен, кейде педагогтар мен балалар ұжымдары өз күш жігерін дене тәрбиесін немесе эстетикалық тәрбиені ұйымдастыруға ғана бағыттайды. Енді біреулерінде еңбекке тәрбиелеуге, ғылыми техникалық творествоны дамытуға ғана баса назар аударылады. Мектептен тыс жұмыстың бір бағытын арттыру балалардың ынтасы мен бейімділіктерінің жан-жақты дамуын тежейді, баяулатады.
Кейде мектептен тыс жұмысқа балалардың барлығы емес, актив қана тартылады. Басқалары, ең алдымен қиын мінезді балалар, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған әсер ету өрісінен тыс қалады. Ал, алдыңғы қатарлы мектептердің тәжірибесі болса, мұндай балаларды мектептен тыс қызықты жұмысқа тартудың оларды қайта тәрбиелеуге, сабақтан тыс уақытта бірлескен ұжымдық іс-әрекетке деген ынтаны арттыруға көмектеседі.
Қазіргі жағдайдағы мектептен тыс жұмыстың жетінші ерекшелігі - оның бұқаралығы. Ол табиғатты, өнерді сүйетін жеке балаларды ғана емес, барлық балаларды қамтиды.
Мектептен және мектептен тыс тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыра білудің де маңызы ерекше.
1966 жылғы 10 қарашадағы Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралың қаулысына сәйкес 1967-1968 оқужылынан бастап, еліміздің мектептерінде мектептен және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының қызмет орны енгізілді (мектеп директоры орынбасары). Ол пайдалы еңбекті ұйымдастырып, әрі жүргізеді, мектеп балаларының мектептен тыс сабақтарын басқаруға тартылған сынып жетекшілеріне, мұғалімдерге және басқа да адамдарға нұсқау беріп, оларға педагогикалық көмек көрсетіп отырады.
Мектептен және мектептен тыс жұмыстың ұйымдастырушысы директордың тікелей басшылығымен, жалпы мектеп ұжымы қызметінің әр түрлі бағыты бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыратын сынып жетекшілерінің, педагогтардың көмегімен барлық балаларды сабақтан тыс уақытта алуан түрлі қоғамдық пайдалы істерге тартуға, олардың өздерінің бос уақытын мазмұнды өткізуіне күш салады.
Мектептен тыс жүргізілетін музыкалық-көпшілік жұмыстар балаларды барынша көбірек қамтуды, олардың танымын кеңейтіп, музыка өнеріне деген көзқарасын қалыптастыруды мақмат етеді. Осы мақсатқа жету үшін, мұғалім баланың жас ерекшелігінескере отырып, оны қызықтыратындай тақырып пен музыкалық материал таңдап алғаны жөн. ұйымдастыру алдында біршама дайындық әңгіме жүргізіледі.
Көпшілік музыкалық жұмыстың да бірнеше түрі бар. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz