Бастауыш мектепте музыка пәнін оқытудың маңызы



Кіріспе
1. Бастауыш сыныпта музыкалық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері.
2. Мектептегі музыка сабағы және оның ерекшеліктері.
3. Мемлекеттік стандарт және бағдарламаға шолу.
4. Музыка қабылдау
5. Вокалдық жұмыс
6. Тақырыптылық және балалар шығармашылығы
7. Музыка сауаттылығы
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Жалпы музыкалық білім беру жүйесі жас ұрпақты музыка өнеріне баулып, олардың жан жақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып өсуі үшін, ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады. Еліміз егемендік алып, өз шаңырағымызды тіктеген тұста ұлттық өнерімізді, мәдениетімізді, білімімізді жаңғыртып, ұрпақтан –ұрпаққа жеткізу міндеті қойылды.
Бүгінде білім саласына көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп, авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып келеді. Музыка саласында да дәстүрлі халық музыка байлығын, Қазақстан сазгерлері шығармаларын насихаттау жаңа қырынан алға қойылып, жаңартылған музыка бағдарламалары жасалуда.
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, олардың музыка өнері жөніндегі түсінігін кеңейтуде, ой -өрісін дамытуда заман талабына сай құрылған музыка сабағының маңызы зор.
Мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани ләззат, әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат мақсаттарға жетелеп, өнегелі істерге баулыйды. Осы маңызды міндеттерді орындау үшін баланың бойындағы қабілетті дамыту керек. Ал жалпы музыкалық қабілетті дамыту үшін музыка пәнінің мұғалімі « сегіз қырлы бір сырлы» болуы тиіс. Ол- әнші, музыкант, актер, әдебиетші, тарихшы – қысқасы, ғылымның әр саласынан хабардар болғанда ғана, бүгінгі күн талабына сай ұстаз бола алады.
Жалпы білім беретін мектептің музыка сабақтары білім берудің, тәрбие берудің маңызды саласы болып табылады. Музыка пәнінің мақсаты – қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық ( ұлттық) музыкаға баулу. Сол арқылы өз халқына деген патриоттық сезімін ояту, ұлттық тәлім –тәрбие беру.
Музыка – құдіретті күш, жан дүниені ерекше әсерге бөлеп, адамды сәулелі өмірге жетелейтін сиқырлы өнер. Музыка тағдыры, жалпы музыка мәселесі тек сазгерлер мен музыканттардың, әншілер мен орындаушылардың, музыка зерттеушілері мен өнер қайраткерлерінің ғана жанашырлығын қажет етпейді.
Қолданылған әдебиеттер

1. Сүлейменова Р.Ә., Жұмалиева Г.Ғ. Музыка пәнін оқытудың әдістемесі ( бастауыш сыныптарға арналған) Астана : Фолиант, 2008

2. 1-4 сыныптарға арналған «Музыка» оқулықтары. Алматы: Атамұра 2009-2011.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: Бастауыш мектепте музыка пәнін
оқытудың маңызы

Қабылдаған: Жуманбаева К.Р.
Орындаған: Джолдинова А.К.

Қарағанды қ.
2011ж.
Кіріспе

Жалпы музыкалық білім беру жүйесі жас ұрпақты музыка өнеріне
баулып, олардың жан жақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып
өсуі үшін, ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады. Еліміз
егемендік алып, өз шаңырағымызды тіктеген тұста ұлттық өнерімізді,
мәдениетімізді, білімімізді жаңғыртып, ұрпақтан –ұрпаққа жеткізу міндеті
қойылды.
Бүгінде білім саласына көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп,
авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып
келеді. Музыка саласында да дәстүрлі халық музыка байлығын, Қазақстан
сазгерлері шығармаларын насихаттау жаңа қырынан алға қойылып, жаңартылған
музыка бағдарламалары жасалуда.
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қанағаттандыра
отырып, олардың музыка өнері жөніндегі түсінігін кеңейтуде, ой -өрісін
дамытуда заман талабына сай құрылған музыка сабағының маңызы зор.
Мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып
сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани
ләззат, әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат мақсаттарға
жетелеп, өнегелі істерге баулыйды. Осы маңызды міндеттерді орындау үшін
баланың бойындағы қабілетті дамыту керек. Ал жалпы музыкалық қабілетті
дамыту үшін музыка пәнінің мұғалімі сегіз қырлы бір сырлы болуы тиіс. Ол-
әнші, музыкант, актер, әдебиетші, тарихшы – қысқасы, ғылымның әр саласынан
хабардар болғанда ғана, бүгінгі күн талабына сай ұстаз бола алады.
Жалпы білім беретін мектептің музыка сабақтары білім берудің, тәрбие
берудің маңызды саласы болып табылады. Музыка пәнінің мақсаты – қоғамның
әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық ( ұлттық)
музыкаға баулу. Сол арқылы өз халқына деген патриоттық сезімін ояту, ұлттық
тәлім –тәрбие беру.
Музыка – құдіретті күш, жан дүниені ерекше әсерге бөлеп, адамды сәулелі
өмірге жетелейтін сиқырлы өнер. Музыка тағдыры, жалпы музыка мәселесі тек
сазгерлер мен музыканттардың, әншілер мен орындаушылардың, музыка
зерттеушілері мен өнер қайраткерлерінің ғана жанашырлығын қажет етпейді.

1. Бастауыш сыныпта музыкалық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері.

Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу – тәрбие жұмысының
нәтижесі мен сапасын көтеру мәселесі – бүгінгі таңда алдыңғы қатарда тұрған
маңызды істердің бірі.
Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның
ішінде білім беру саласына да түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар
енгізіліп, оқыту мүмкіндіктері туды.
Бастауыш сатыда білім берудің түбегейлі мақсат – міндеттерін жүзеге
асыруда музыка пәнінің де алатын орны ерекше. Оқушылардың эстетикалық
талғамын, рухани байлығын, әсемдігін, терең сезімін, музыкалық сауатын
қалыптастыруды шығармаларды тыңдау, музыканы айту, тыңдау арқылы жүзеге
асыру үшін музыка пәні мұғалімдерінің алдына көптеген міндеттер жүктейді.
Бастауыш сыныптарда музыка пәнін оқытудың басты міндеті және мақсаты –
оқушыларды сабақтарда түрлі көрнекілік іс - әрекеттерге қатыстыра отырып,
балалар жүрегіне халық дәстүрінің рухына толы, оны қабылдай алатын біртұтас
ңөркемдік – эстетикалық мүмкіндіктер туғызу.
Балалар музыка сабағынан өзін қоршаған дүниенің әдемілігі мен
сұлулығын өнермен үйлесімді сезінуге тиіс болса, ұстаз осыларға сәйкес
музыкалық шығармалардың терең педагогикалық дәстүрін таныта білетін
тәрбиенің әдістемелік көздерін табуы қажет.
Өзін қоршаған өмір мен мектептегі музыка сабағын тығыз байланыстыра
ұстау, оқу тәрбие жүйесіндегі басты және негізгі міндет болуы керек.
Өйткені, өзімізді қоршаған табиғат, күнделікті еңбек, халықтың материалдық
– рухани мәдениеті, халық ауыз әдебиеті, ойын сауық, салт –дәстүр, т.б.
музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің басты мақсаты болып табылады.
Бастауыш сыныптарда музыкаға тәрбиелеу міндеттері:
1. Оқушылардың музыка сабақтарына деген ынтасын арттыру, музыканы өнер
ретінде танып, оны өмір қажетіне айналдыру, құштарлық сезімін
тәрбиелеу.
2. Оқушылардың жоғары көркемдік талғамын, өнер шығармаларын тек шынайы
сезіммен қабылдап, бағалай білу қабілетін қалыптастыру, оларды
бейнеленген түрлі құбылыстарды салыстыра білуге музыкалық шығармалардың
сипатына, стилі мен жанрына және дәуіріне қарай түсінуге тәрбиелеу,
музыкалық шығармалардың сипатын танытатын жанрлар, саздар, ырғақтық,
тембрлік ерекшеліктер туралы және оларды музыка пәнінің бағдарламасында
белгілі бір логикалық құрылымы арқылы жүзеге асыру.
3. оқушылардың музыкалық өнермен қарым-қатынасындағы түрлі практикалық
тәсілдерін игеруді қалыптастыру.( Ән айту дағдысы, музыка тыңдау,
музыка сауатын меңгеру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру). Көркем
бейнелерді қабылдау негізгі музыка болып табылатын өнердің әр алуан
түрлерін біріктіру нәтижесінде жүзеге асады. Бұл –оқушылардан түрлі іс
әрекет барысында белсенді шығармашылық даму мүмкіндігінің болуын талап
етеді.
4. Музыка сабақтарында оқушылардың музыкалық –шығармашылық дағдыларын
дамыту. Ол музыкалық білім беру, тәрбие негізінде оқушылардың бойындағы
өнердің әр саласына деген бейімділігін қалыптастыру болып табылады.
2. Мектептегі музыка сабағы және оның ерекшеліктері.

Мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең
түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани ләззат, әсер
алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат-мақсаттарға жетелеп өнегелі
істерге баулыйды.
Музыка сабағы мектептегі басқа пәндерге қарағанда оқушыларға ерекше
әсер етіп, олардың ой өрісінің дамып, шығармашылығының қанаттануына зор
ықпал етеді. Музыка сабағы арқылы оқушылар тек қана ән айтып, музыка тыңдап
қана қоймайды, ғылым –білімнің әр саласынан мағлұмат алып, бойларындағы
қалаған өнердің немесе мамандықтың негізін қалыптастырады. Музыка сабағында
оқушылар еркін ойлап, қиялдап, өз қиялдарының нәтижесін баяндауға немесе
суреттеуге дағдыланады.
Оқушылардың өнерге деген құштарлығы, еңбекке, іскерлікке деген ынтасы
артып отыруы үшін мұғалімнің әр сабақты сапалы да жүйелі ұйымдастыруы
қажет.
Дұрыс ұйымдастырылған музыка сабағы арқылы оқушылардың бойында
адамгершіліктің, жоғарғы мәдениеттіліктің негізі қаланып, саналы, тәртіпті,
ақылды болып өсуі қалыптасады.
Музыка сабағы бірнеше іс-әрекеттерден тұрады:
- ән айту,
- музыка тыңдау,
- музыка сауаты;

Осы негізгі іс -әрекеттерді жүзеге асыру үшін қосымша дауыс жаттықтыру,
шығармашылық тапсырмалар, музыкалық аспаптарда ойнау, музыкалық ойындар
қолданылады. Әр іс- әрекетті ұйымдастыру барысында кіріспе әңгімелер,
талдау, жұмыстарын бір-бірімен тығыз байланыстыра, жымдастыра отырып
сабақтың негізгі тақырыбына сай біртұтас етіп өткізу керек. Музыка
сабағының кәсіби ерекшелігінің өзі осы бірнеше іс - әрекеттердің мазмұнын
бір тақырыпқа жинақтауда. Мысалы сабақтың тақырыбы : Күмбірлеген күміс
күй болса, тыңдатылатын шығарма да, үйретілер ән де осы тақырыпқа сай
болуы керек. Әрине күй тақырыбы болған соң, күйді орындайтын музыкалық
аспаптар туралы, оның шығу тарихы және осы аспапта орындаған күйшілер
туралы кіріспе әңгіме арқылы күйші композиторлардың шығармалары тыңдалады.
Тақырыптың бірізділігі мен жүйелілігі принципін сақтау музыка пәні
мұғалімінің міндеті.
Музыка сабағы басқа пәндердей емес көбінесе ауызша, практикалық түрде
оқушылардың есту, ойлау қабілетінің негізінде өткізіледі.
Жасөспірімдерді музыка әлеміне терең бойлап, түсініп қабылдауға,
талғамын арттыруға, эмоциялық сезімдерін қалыптастыруға, жан –жақты
білімді, мәдениетті болып өсуіне зор ықпал ететін музыка сабағының орны
ерекше. Ал осы музыка сабағын баланың мектепке келген алғашқы күнінен
бастап дұрыс ұйымдастырып, музыкалық тәрбие беру музыка пәні мұғалімінің
алдында көптеген міндеттер жүктейді.

3. Мемлекеттік  стандарт  және   бағдарламаға  шолу.

Егеменді, бостандық  алған  Қазақстан  республикасының  білім  беру 
саласында, педагогикалық  тәжірибенің  мазмұнын  жаңарту  кезінде, қоғам 
өмірін  жаңартуда, адамның  жаңа  қоғамға  деген  көзқарасы, болашақ 
ұрпақты  жан - жақты  білімді, мәдениетті, өз  мәдениетін, өз тілін, өз 
халқының  тарихын  музыка  пәнінің  бағдарламасы – оқушылардың  музыка 
өнерінің  негізі  мен  оның  өмірімен  байланысы жайлы  түсінігін 
жетілдіру, бағдарламаның  тақырыптық  құрылымында  көрсетілген  басты 
мәселелерді, музыкалық, тәжірибелік  іскерліктері  мен дағдыларын 
қалыптастыру, музыканы  түсініп  шығармаларды  мәнерлі орындап,
орындағанда  әуенінiң   таза  болуы, ырғақты  сезіне  білу, вокалды - ән 
айту  дағдыларын  қалыптастыру  мақсатымен  халық  және композиторлардың 
ән - күйлер, қазіргі  уақытқа  сай  профессионалды музыкалық  шығармалар,
жергілікті  сазгерлердің  ән - күйлері  келтіріліп отыр.  Сондықтан  жалпы 
білім  беретін  мектептерде  музыка  сабағының  негізгі  мақсаты:
оқушылардың  бойында  рухани  мәдениеттің  аса  маңызды  әрі  ажырамас 
бөлігі – музыкалық  мәдениетті  қалыптастыру.  Балалардың  Отанға, өз 
халқына  деген  сүйіспеншілігін, әр  түрлі  ұлт  өкілдерінің  бір – біріне 
деген  достық  сезімдерін  оятады  және  оны жетілдіреді.  Бағдарламаның 
мақсаты  оқушыларды  біртіндеп  музыка әлеміне  бой  ұрғызу.
Тақырыптың  жүйе  принципі  бағдарламаның  жүйелігін  орнықтыру
мақсатын  көздейді.  Адамгершілік  және  эстетикалық  тәрбиені  сабақтың 
негізіне  айналдыру  баланың  музыканы  дұрыс  қабылдауын  дамытуға
көмектеседі.  Музыкалық  тәжірибе  жинақтау  мен  практикалық  іс
әрекеттер  барысында  оқушылар  біртіндеп  музыка  туралы  түсініктерін
қалыптастырады.  Бағдарлама  ән  мен  әуенділік, би  мен  ырғақтылық, марш
пен  екпінділік, музыканы  тыңдай, қабылдай  білу, қызығушылығын  арттыру,
ән  орындауға, тыңдауға  дағдыландыру, музыканың  өмірмен  байланысты 
екенін  ұғындыру, композитордың стилін, оқушылардың  музыкалық  қабілетін 
дамыту – сезімталдық, есту  қабілеті, ырғақ, есте  сақтау, музыканың 
сазын  сезіну, музыкаға шығармашылықпен  қарау, ән  айту  мәдениетін, оны 
әдемі, ашық  дауыспен  орындау.
Музыка  сабағын  оқу – тәрбие  процесінің  негізгі іс - әрекеттерін 
қамтиды, олар:
- міндеті,
- мазмұны 
- оқыту  әдісі. 
Ең  негізгісі  сабақты  ұйымдастыра  білу.  Ертеде  музыка  сабағы 
үш  бөлімнен  тұратын: ән  айту, музыка  тыңдау, музыкалық  сауатын  ашу.  
Ал, қазір,  музыка  сабағы - өнер  сабағы  болғасын, мұғалімге  үлкен  
міндет, талап  қойылады.
Бағдарлама  тақырыптылыққа  байланысты, оқушылардың   өнерге 
баулудың  негізі - сезімділік, музыканы толғаныспен  қабылдау, оны  түсіну,
шығарманың  көркемділігін, сюжетін, құрылымын, формасын қабылдау, оны
түсіну, музыкалық  шығарманы  тұтас  қабылдау.
Тақырыпқа  байланысты  мұғалімнің  міндеті: музыка  сабағын
логикалық  байланысты  белгілеу  және  де  сабақта  әр  түрлі  музыкалық 
материалға  бірқалыпта  көшу, ән  айту  бола  ма, музыка  тыңдау  бола 
ма,  музыкалық  сауатын  ашу  ма, қимыл - ырғақ, сурет  салу, ойындар 
өткізу  сабақтың  тақырыбына  байланысты, жалпы  оқушыларды  музыка 
өнеріне  баулу.
Сонымен,  бағдарламаның  ең  негізі  тақырыптылық.  
1 сынып:
1. Музыка қандай сезімді  білдіреді? (ойын баласы)
2.  Музыка  қандай  сыр  шертеді? (бала және ертегі)
3.  Музыка  қалай  толғайды? (бала шығармашылығы)
4.  Музыка  нені  толғайды? (бала және аңыз)
Бұл  тақырыптар  бір - бірімен  тығыз  байланысты. Олар: музыкалық 
шығарманың  сипатымен, эмоциялық  мазмұнымен  танысу, көркемдік  бейнемен 
танысу, мәнерлік  әдісімен  танысу, мазмұны  мен  мәнерлік  арасындағы 
байланыспен  танысу.
Оқушылардың  жас  ерекшелігіне, педагогика - психология  заңдылығына 
сүйене - оқушылар  сабақта  2 - 3  шығарма, 2 - 3  қысқаша  әндер  үйреніп,
оның  мазмұнына  байланысты  қимылмен  бейнелеп, би  орындайды,  музыкалық
ойындар  үйренеді.  Сондықтан  сабақтың  құрылысы: әңгіме  арқылы, сұрақ –
жауап арқылы, жаттығу  жұмысы, ән  үйрену, музыка   тыңдау, музыкалық 
қимылдар  жасау, билеу, қарапайым  ырғақты  үйрену. Бірінші  сынып  баласы
- ойын  баласы.  Оның  өмірі  әлі  де  ертегі ,  мультфильмдер, аңыздар,
ойын.  Сондықтан  музыкалық  материалды  осыған  байланыстыруға 
болады. Қандай  әндер, шығармалар, оған  байланысты  орындау, билеу,
2    сынып:
1. Музыкадағы  төрт  жанр: ән, би, күй, марш.
2. Музыка  ненi, қалай  бейнелейдi, суреттейдi?
3. Жанрлар  бiздi  қайда  жетелейдi?
4. Музыка  тiлi  дегенмiз  не?
Жалпы  міндеті -  1сынып  оқушыларына  қойылатын  міндеттермен  
сипаттас, сабақтас  болып  келеді.  Қызығушылығын  әрі  қарай
қалыптастырады, музыкалық  қабілеті  дамиды.  Музыканы  саналы  түрде  
қабылдап, терең  сезіне  білуіне, әнді  орындау  шеберлігінің  шыңдала 
түсуіне  бағытталады.
Біріншіден - 2  сынып  оқушысы  тәжірибелі  бала, мектептің сабаққа  
қойылатын  талабын  біледі, зейіні  тұрақтала  түседі.Олардың  оқи, жаза 
алатындықтары  музыка  сабағында  қойылатын   талаптарды  шешуге  жағдай 
жасайды. Оқушыларға  музыка  сабағын  өте   қызықты  өткізуге  толық 
мүмкіндік  бар.  Оқушылар  ұжымды  түрде  жұмыс  істейді, қызығушылығын 
арттыру,  өз  ойын  жинақтау, шығарманы  талдайды, ән әуенінің  тембрін
(бояуын) айқындауға  талаптандырады.
Музыка  мен  өмірдің  өзара  тығыз  байланыстыру, шығарманы 
түсініп   қабылдау, әндердің  мәнін  сезініп - қадағалау  керек.  Ән 
үйрену  кезінде  Ән  айту қалпын сақтау.Нотаның  жазылу тәртібімен
таныстыру, орындау, қысқасы: музыка  сауатымен  таныстыру  бағдарлама 
бойынша  жүргізіледі.
2 сынып  оқушыларының  дене  құрылысы  шымыр, қуатты  келеді, үздіксіз 
қозғалысқа  жетелейді, тынымсыздығымен  ерекшеленеді.   Ақыл - ойының  
даму  жағынан  да  әлдеқайда  жоғары.  Назары  мен  есте   сақтау 
қабілеті  еркін  сипатта  болады.  Өзіндік  пікірі  қалыптасады.  Музыка 
арқылы  тұлға  қалыптастыру. Музыка  материал  түрлерін  талап  
етеді.                           
   
3 сынып 
1. Ән, күй, би,  марш - Әуенділікке, ырғақтылыққа, екпінділікке, 
ерекшелікке  ұласады.
2. Интонация - ол  дән, музыка  мен  тіл  интонациясы, әуенділігін,
екпінділігін, ырғағын  көрсетеді, оны ашады, бейнелеу  мен   суреттеу 
интонациясы  т. б.
3. Музыканың  дамуы.  Интонация  мен  даму - музыканың  негізі  және 
бірлестігі. Даму – ол  адамның  көңіл - күйі, ойы  және  пікірі.   
4. Музыка  дегеніміз: ол  музыкалық  образдың  мазмұнын  түсіну.  Ол 
музыка  орындаушылық  шеберлігінің  дамуы.  Мажор – Минор  сазын  сезіну,
ол  музыканың  дамуына  әсер  етеді.  Музыка  дегеніміз - ол музыканың 
мәнерлеу  құралдары  - әсерлеу, екпін, ырғақ, саз, бояуы т.б.  Музыка 
дегеніміз - ол  интонацияның  және  дамуының  қарама - қарсылығы, оның 
сипаты, музыканың  құрылысы  (формасы).  2 - 3  бөлімділігі, сипаты. Рондо.
Вариация.  Күрделі  жанрлар: увертюра, соната, сюита, симфония, концерт.
 
4 сынып.
  4  сыныпқа  оқушы  қандай  музыкалық  дайындылықпен  келді? Әрі 
қарай  қойылатын  талаптарға  ілесе  ала  ма?  Музыкалық  қабілеті әрі 
қарай  дамиды ма? Ән  айту, музыка  тыңдай  білу  мәдениеті  қандай? Нота 
сауатын  қаншалықты  игерді?  Қазақ  халқының  салт - дәстүрін, халық 
өміріндегі  музыканың  алатын  орны  қандай?  Әр  халықтың музыка  тілінің 
бірлігімен  байланысы  бар  ма? – деген  сұрақтарға  жауап алатындай 
білімін  жетілдіріп, ұлттық  негізінде  тәлім – тәрбие  беру т.б.т.с..
Сонымен, 4  сыныптағы  музыка  сабағының  тақырыптары: 
1 тоқсан:  Негізгі тақырып Менің халқымның музыкасы, оның  ішінде  халық
әндері  мен  композиторлық  әндер, қазақ  халық  әндерінiң  жанрлары,
қазақ  халқының  аспаптық  музыкасы. 
2 тоқсан: Қазақ халықы мен өзге халықтың  музыкасының  арасында шекара 
жоқ. (Композитор және фольклор. Отанымның тарихы. Ұлтаралық бірлестігі мен 
музыка. Музыка және патриоттық  тәрбие).      
3 тоқсан:  Әлемдегі  барлық  елдердің  музыкаларының  арасында  шекара жоқ
(халық салт - дәстүрлері - халық мұрасы, жаңа  музыкалық  дәстүрлер,
музыка  және  интерұлтаралық  шығармалар.
4 тоқсан: Негізгі тақырып: Композитор – орындаушы – тыңдаушы. (Әлем өнері -
адамның рухани байлығы, достық және  орындаушылық  шеберлігі, әлем
халықтарының  музыкасы  т.б).

4. Музыка  қабылдау   
      
Баланы  музыка  тыңдауға, тыңдай отыра оны саналы түрде  (осознанно)
қабылдауға баулу  музыкалық тәрбие беру  жұмысындағы  күрделі  міндеттердің
бірі. Музыканы  қабылдау - сабақта қолданылатын  іс әрекеттердің 
іргетасы.  ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
Дүниетану пәнін оқытуда қазіргі кезде қойылатын талаптар
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Музыка пәнін оқытудың тиімділігі
12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Шағын жинақталған мектептердегі мәселелерді шешу
Бейнелеу өнерін оқытудағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың интеграциялық мазмұны
Музыка сабағы - өнер сабағы
Әңгімені талдау
Пәндер