Мемлекеттік басқарудың әдістемелік негіздері



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір хан аындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Мемлекеттік және жергілікті
басқару кафедрасы

Мемлекеттік басқару теориясы пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мемлекеттік басқарудың әдістемелік негіздері

Орындаған: БГУ-31 топ студенті Рауилова С.Ж.
Тексерген: аға оқытушы Киматова Р.Г.

Орал, 2012 ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Бөлім Мемлекеттік басқарудың эволюциясы
1.1 Мемлекеттің пайда болуы, негізгі белгілері, қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ...5
1.2 Мемлекетті басқару түсінігі, ерекшелігі, функциялары мен атқарушы билікпен қарым - қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2 Бөлім Мемлекеттік басқарудың әдістемелік негіздері
2.1 Мемлекетті басқару қажеттілігі, тиімділігі, концепциялары мен әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Мемлекеттік басқарудың функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе
Басқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдаық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару - процесс ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік экономикалық жүйелерде объективті түрде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуын басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80 жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай-ақ Қазақстан қоғамдық саяси ахуал қарама - қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақасыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама қайшылығын үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей берекет пайдалануына мүмкіндік береді, мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиеленісе түсуіне әкеліп соқтырады. Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Кеңестік жүйенің күйреуі алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру, талондық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады. Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады. Сонымен көптеген мемлекеттердің айқын дәлелдегендей, барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалықдербестігін қамтамасыз етеді,өндірушілердің монополиясына жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы алғышарттар қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан мемлекеттік егемендігі туралы Деклорациясы және 1993 жылы Республиканың Ата Заңының қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында айрықша орын алады.
Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси экономикалық процестерді басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің негіздері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл жәйт Республика дербестігінің экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқаруды барлық сферасын анықтайды. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның қойма байлықтарына, ішкі және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен жан жануарлар әлеміне, тарихи, мәдени құндылықтарына, өндірістік және өндірістік емес объектілігіне деген төтенше меншігі.

1 Бөлім Мемлекеттік басқарудың эволюциясы
1.1 Мемлекеттің пайда болуы, негізгі белгілері, қалыптасуы
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған.Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.
Қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді.5-4 мыңжылдықтарды сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды.Мемлекет пен құқық тарихы туынды - қоғамның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары:
- қосымша өнімнің пайда болуы;
- жеке меншіктің қалыптасуы,
- таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы,
- қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрлыс тапқа бөлінуінің туындысы.Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс -әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда үкіметтің күш- қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдерінде) мемлекеттің қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлеекттік меншік қалыптасты. Сол меншіктіңиеліктері: чиновниктер, ру, тайпалар басшылары, король императорлар болды. Король - императорлар жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп, бұл елдерде көбінесе мемлекеттік деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында- абсолютті монарх болды, одан төменгі- екінші дәрежедегі билік уәзір министрлердің қолында, одан төменгі билік - чиновниктерде болды. Осы сатылық биліктер бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншікпен қатар жеке меншік те дамыды. Шығыс типті (Азия типті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда шығыс Еуропа, Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты. Сонымен, Азия типті мемлекеттердің қалыптасу себептері:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру;
- барлық жұмысты бір орталықтан басқару.
Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы ру - тайпаны басқаратын аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп, әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ - ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып келді ( Қытай, Иран т.б.)
Еуропалық елдерде - мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты. Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде - мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық жүйедегі саияс бірлестік болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны жергілікті халық санынан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртіп орнады.
Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:
1) Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру. Билікті осы территорияда жүргізу;
2) Қоғамдыдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы.Бұл аппарат үстем таптың, топтың мүдде - мақсаттарын орындау үшін қалыптасты;
3) Салалық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты;
Мемлекеттің пайда болу, даму себептеріне келесілерді жатқызуға болады :
- қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады.Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
- қалың бұқараның, қаналушы таптың үстем тапқа топқа қарсы іс - әрекеттерін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
- қоғамды, экономиканы дамыту үшін әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
- қоғамның қорғанысын күшейту үшін , заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды;
Мемлекеттің негізгі белгілері болып келсілер саналады:
1) Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы (әскер, полиция, сот, т.б.) Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты мемлекттің механизмі де күрделене түседі.
2) Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сәйкес қоғамдыққарым - қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.
Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты руына қарай емес, жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасу процесіне әсер етті. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар, одақтар, бірлестіктер т.б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси ұйымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғарғы үкімет билігіне (тәуелсіз - суверендік құқыққа) иелігі. Мемлекеттік үкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық ұйымдарды қамтиды. Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:
- мемлекет қоғамдық көлемде бірден - бір билік жүргізетін ұйым; басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативті актілерді қабылдай алады;
- мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында орындалуын, іске асуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылып отырады;
- мемлекеттің ішкі және сыртқы істеріндегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның шеңберінде мемлекеттің пайда болуын ғылыми тұрғыдан түсінуге болмады.Мемлекеттің пайда болуын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсіндіретін теория - Тарихи материалистік теория. Бұл теория мемлекетті тарихи туынды - қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді.
1.2 Мемлекетті басқару түсінігі, ерекшелігі, функциялары мен атқарушы билікпен қарым - қатынасы
Мемлекет және құқық теориясы, құқықтану саласының көрнекті ғалымы Алексеев С. С. Кезінде мемлекеттік басқару жөнінде былай деп айтқан болатын: Мемлекеттік басқару мемлекеттің, оның органдары мен мекемелерінің қоғам жүйесіне немесе оның аяларына мақсатты бағытта ықпал етуі. Сондықтан биліксіз әлеуметтік басқару болмайды деген тұжырымның негізі бар екенін көреміз. Мемлекеттік басқарудың мына келесідегідей өзіне тән ерекшеліктері бар:
1. мемлекеттік басқару саяси сипатта болғандықтан басқару жөніндегі негізгі салмақ мемлекетке түседі. Мемлекет мемлекеттік - құқықтық, техникалық - ұйымдастырушылық және тағы басқа да басқару құралдарына арқа сүйей отырып қоғамды басқаруды орындайды;
2. мемлекеттік басқару құқықтық нысанда жүзеге асырылады;
3. мемлекеттік басқару ғылыми негізге сүйенеді;
Алексеев С. С. Мемлекеттік басқару өзара тығыз байланысқан басқару сатыларынан тұратын ұдайы процесс деп айта келіп, сондай-ақ осы аядағы органдардың басқару қызметтерінің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегі басқару сатыларын бөліп шығарған:
1. басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау;
2. басқару шешімін дайындау және қабылдау;
3. шешімді атқаруды ұйымдастыру;
4. есептеу және бақылау.
Мемлекеттік құрылыс және құқық салассының белгілі ғалымы Г. В. Атаманчук мемлекеттік басқарудың мынадай анықтамасын берді: мемлекеттік басқару мемлекеттің ұйымдарға, адамдардың тәртіптері мен іс - қимылдарына, олардың ұжымдарына біртұтас қоғамға тікелей ықпал етуге бағытталған, ғылыми негізделген, жоспарланған, ұдайы және құқықтық нысанда жүзеге асырылатын қызмет.
Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесінің мына әрекеттер мен элементтерді қамтитынын көрсеткен:
- басқару субъектісінің ұйымдастырылуы және қызмет атқаруы;
- басқарушы мен басқарылушы объектілердің өзара байланыстарының құрылымы, басқарушы іс - қимылдарының жиынтығы;
- мемлекеттік басқарушы ықпалдарға тікелей бағынатын қоғам жүйесінің элементтері;
Осы жүйе басқаруға байланысты әрекеттерде, қатынастарда міндетті үш элементтің болғанын қалайды:
1) басқару субъектісі немесе оның лауазымды адамы, органы;
2) құрылған және жүзеге асырылатын басқарушы ықпал;
3) жеке тұлғаның, кәсіпорынның, ұйымның және мекемелердің қызметтеріндегі түріндегі ықпал ету объектісі.
Сондықтан басқаруға әлеуметтік процесс тұрғысынан қарасақ, оның маңызы өте терең, ерікті және саналы бастамасы бар екеніні байқаймыз.
Алғашқылардың бірі болып басқару ісіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлген К. Маркс болатын. Қоғамдық өндіріс процестерін талдау барысында К. Маркс басқару дегеніміз еңбектің қоғамдық прпоцесінен туындайтын айрықша функция деген қорытындыға келген.
Іс жүзінде басқару өзінің мәні бойынша жұмыс істеу бағдарламасын жасау, оны қажетті материалдармен қамтамасыз ету, бірлесіп еңбек етушілердің арасында жалпы міндеттерді бөлу, ұжымдардың әрекеттері мен күштерін біріктіруге ат салысу және олардың күнделікті қызметтерін реттеп отыру, сондай- ақ барлық атқарылатын қызметтердің алға қойған міндеттерге сай болуына қадағалау жүргізу болып табылады. Осы бағыттар бойынша барлық бірлескен қызметке қатысушыларды жалпы нысаналы мақсатқа жетуді көздеп бағындыруды қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Әлеуметтік басқарудың объектісіне адамдардың тәртібі және іс-қимылдары жатады.
Осы процесте тұлғаларды басқару қамтамасыз етіледі, олардың өзара қатынастары ұйымдастырылады. Жұмыс атқару кезінде адамдардың жүріп-тұруы, іс-қимылы оны еркіне, сана-сезіміне байланысты болады. Демек, басқару адамдардың әртүрлі ерікті қатынастары арқылы жүзеге асырылады.Әлеуметтік басқарудың субъектісі адамдар болып табылады, яғни басқару дегеніміз адамдардың адамдарды басқаруын жүзеге асыру. Басқарудың нақты субъектісі ретінде адамдардың ұйымдастырылған ұжымдары, қоғамдық немесе мемлекеттік органдар немесе жеке тұлғалар есептелінеді.
Сонымен басқару субъектісі мен объектісінің арасындағы белгілі бір байланыс басқару ретінде көрініс табады. Оның мәні субъектінің қоғамдық процестің басқарылушы адамдарға ұйымдастырыған түрде ықпал етуі. Басқарудың шынайы көрінісі ретінде өктем билікті айтуға болады. Бұл жөнінде Ф. Энгельс Беделсіз ұйым болу мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес, себебі істін бірінші шарты болып басшылық ететін ерік - бедел табылады. [6]
Басқару функциясын атқару үшін басқару субъектісі қажетті билікке ие болуға тиісті. Сондықтан бұл жерде билік ету- бағыну қатынастары туындайды.
Билік жүргізу басқарудың белгісі ретінде әртүрлі нысанда болады.Үкімет билігі әлеуметтік процестерді реттеу құралы болып табылады. Козлов Ю.М. басқаруды әлеуметтік функция деп қарастырсақ, онда оны былайша сипаттауға болады дейді:
1) басқару тек адамдардың бірлескен іс- қимылдарын жүзеге асыратын жерден орын алады;
2) басқару адамдардың бірлескен іс- қимылдарын біріктіру және олардың жүріс- тұрыстары мен іс- қимылдарын келістіру арқылы нысаналы мақсатқа бағыттап қамтамасыз етуге ат салысады;
3) басқару бірлескен қызметке қатысушыларды басқарушының бірыңғай еркіне бағындыру бастамасы ретінде жүзеге асырылады.
Сонда басқару деп өктем- ұйымдастырушы функцияларды жүзеге асыруды айтамыз.Әлеуметтік басқару негізінде екі бағытта жүзеге асырылады: мемлекеттік басқару және қоғамдық басқару. Демек, мелекеттік басқару әлеуметтік басқарудың айрықша түрі болып табылады. Басқару саяси сипатта болады, сондықтан ол мемлекеттің мүдделері мен міндеттеріне қызмет етеді. Мемлекеттік сипаты мына жайлардан көрініс табады:
- басқаруды жүзеге асыру кезінде мемлекет мүддесі көзделеді;
- басқару функцияларын мемлекет еркіне сай қалыптастырылған арнайы субъектілер жүзеге асырады;
- осы субъектілер мемлекет атынан қызмет атқарады;
- оларға қажетті мемлекеттік- өктем сипаттағы өкілеттілік беріледі.
Мемлекеттік басқару процесін құрылым тұрғысынан алып қарастырса, онда басқару субъектілері мына келесідегідей негізгі сатыларды белгілі бір бір тәртіппен жүзеге асырады:
1. Басқарудың бастапқы сатысында басқару органдарының жүйесінің атқаратын қызметтері ұйымдастырылады және басқару субъектілері мен объектілерінің мәртебелері алдын- ала белгіленеді.
2. Бұл сатыда шешімдердің, белгіленген ережелер мен нормативтердің орындалуы оларға түзетулер жүргізілуі және тікелей жарлық ету жүзеге асырылады.
3. Басқару жүйесінің қызмет атқаруын тексеру және қадағалау.

2 Бөлім Мемлекеттік басқарудың әдістемелік негіздері
2.1 Мемлекетті басқару қажеттілігі, тиімділігі, концепциялары мен әдістемесі
Мемлекеттік басқару тиімділігі оның атқарушы органдарының және ұйымдастыру формаларының барлық типтеріне тиеселі ережелер мен міндеттерден тұрады. Басқару тиімділігі экономикалық маңыздылығына қарай қызмет көрсетудің сатылық деңгейінің бөлінуіне байланысты ерекшеленеді.Басқару тиімділігінің алғышарттары келесідегідей:
1) алға қойған мақсаттың бір болуы;
2) жаңа іскерлік мүмкіншілікті тұрақты іздеу;
3) жүйелі түрде жоспарлау;
4) ақпараттылық;
5) сенімділік;
6) тәуелділік.
Мемлекеттік органдардң және қоғамдағы барлық топтардың жұмыс жетістектері басқару тиімділігінің негізгі көрсеткіштері, яғни мемлекеттік басқару тиімділігі негізгі маңызды қызметтердің тиімділігін арттыру арқылы жүргізіледі.Мемлекеттік басқару қызметінің тиімділігін арттыру қағидалары төмендегідей:
- іс - әрекеттілік және ұйымның мақсатқа жету деңгейі;
- үнемділік;
- сапалы қызмет көрсеткіштерінің тұтынудың стандарттарына жауап беруі;
- пайдалылық, жалпы шығынның пайдаға қатынасы;
- өнімділік, мемлекеттік қызмет шығындары мен ресурстардың өнімділік деңгейінің сәйкес келуі.Өнімділік арқылы өнім сапасы, қызметкердің еңбек шарттары анықталады.
- белсенділік, мемлекет өзінің заңдық өзгерістерін ерекшщеліктеріне сәйкес өз тарапындағы және коммерциялық сипаттағы ұйымдардың функционалдық аймақтарына жаңа өзгерістер енгізеді.
Мемлекеттік сипаттағы басқару тиімділігін арттыратын және басқарудың экономикадағы қажеттілік екендігін түсіндіретін негізгі ережелер мен алғышарттар бар. Басқару тиімділігін арттыратын және әрбір билік органы міндетті түрде қарастыруы керек мынадай көрсеткіштер бар:
1) Ұлттық экономиканың әлеуметтік - экономикалық жағдайына байланысты тұтынушының орташа еңбекақы деңгейін ескере отырып, оларға мақсатты деңгейде көңіл аудару;
2) Мемлекеттік басқару органдары және кез - келген ұйым үшін қажетті ресурс адам екенін ұмытпау;
3) Мемлекет экономикалық сипатта бірнеше саладан тұратындығына байланысты нақты іс -әрекетті бағалай білу;
4) Мемлекеттік органдар, олардың қарамағындағы ұйымдар мен құрылымдар ең басты көрсеткіш қоғамдағы заңдық, құқықтық негіз екенін ескеру;
5) Жалпы мемлекеттің, басқа ұйымдардың негізгі құнды бағыттарын жіктеп қарастыру арқылы оның стратегиялық маңыздылығын түсіндіре білу;
6) Мемлекеттік сипатта қабылданған заңды немесе экономикалық ережелер халыққа түсінікті, әрі мүмкіндігінше жеткізілуі тиіс;
Мемлекеттік басқаруда жалпы және жеке сипаттағы бірнеше концепцияларды атауға болады. Олар :
1) Либералды және демократиялық;
2) Авторитарлы;
3) Тоталитарлы социалистік;
4) Мемлекеттік - діни;
Басқарудың либералды және демократиялық концепциясы түрлі мектептермен таныстырылады, соның ішінде мемлекет - жақсылық және мемлекет - зұлымдық, мемлекет - түңгі күзетші және мемлекет - басқарудың саяси және экономикалық әдістерінің басымдылығын қолдайтын күшті реттеуші ойларымен, рационалды бюрократия концепциясымен байланысты болып табылады. Либералды концепцияда басты назар жеке бостандыққа аударылса, демократиялық концепцияда халық билігіне орын беріледі. Алайда, екеуі де жалпы адамдық құндылықтар, демократия қағидалары, саяси және идеолоиялық плюрализм қағидалары, билік бөлінісі, құқық басымдылығы, жергілікті басқаруды мойындау сияқты мемлекеттік басқарудың жалпы постулаттарына сүйенеді.Олар тоталитаризм мен авторитаризмді қабылдамайды, мемлекеттік қызметкердің халық алдында жауапты болуын, оның жеке мүддеге емес, жалпы мүддеге қызмет жасауы туралы айтады.
Авторитарлыжәне тоталитарлы концепциялар антидемократиялық көзқарасқа негізделеді, жеке билік, күшті қол және т.б идеяларға негізделеді. Осындай ұқсас идеялар фашистік Италияға, Германия мен Франко билік еткен кездегі Испаниға (70 жылдардың ортасына дейін), Салазар блік еткен кездегі Португалияға (80 жылдардың ортасына дейін) тән. 90 жылдарға дейін ақтардың басқаруының расистік концепциясы мен оның іс жүзіндегі көрінісі Оңтүстік Африка Республикасында орын алған. Оның атауы: апартейд режимі.Елдің байырғы тұрғындары азаматтық құқықтан айырылған, мемлекеттік басқару мен Ақ парламентке сайлауға қатыспаған.
Мемлекеттік басқаруға қатысты мемлекеттік - діни, теократиялық ( мысалы, Сау Арабиясы) немесе клерикалды (Иран) көзқарастар көбіне мұсылман елдеріне тән. Басқару туралы мұсылмандық фундаментализм концепциясы басқарудың ең жақсы нысаны ретінде халифат идеясымен байланысты, сондай - ақ мемлекеттік органдарға сайлауды терістеумен байланысты.(олар монарх сайлайтын консультативтік кеңеспен алмастырылады- билеуші кезіндегі аш-шура). Тұрғындардың басқаруға қатысуының орнына басқарылатындармен кері байланыс нысаны ретінде маджилис тәжірибесі қолданылады (адамдарды қабылдау бекітілген күні болады, мемлекет басшысы имам болып есептеледі). Либералды ойлардың ықпалында болған араб елдер (Алжир, Египет т.б. ) республика болып отыр және ежелгі тәртіптің тек элементтері сақталған (әйелдерді саясат пен мемлекеттік қызметке жібермеу, аш - шура болса президент жанындағы жекелей сайланатын консултативтік кеңеске айналған )
Мемлекеттік басқаруда мақсатты анықтау - бул басқару теориясы мен прктикасындағы маңызды сұрақтардың бірі. Көптеген жылдар бойы елімізде халық қандай қоғамды көргісі келетіндігі жайлы мәселе қозғалған жоқ. Мемлекет пен қоғам алдындағы мақсаттар император, лидер сияқты жоғары басқарушылармен шешілген. Мемлекеттік басқарудағы мақсаттарды көрсету үшін оның жүйені құраушы кезеңдерін көрсету керек.Олар:
- мемлекеттік басқарудағы мақсаттардың қалыптасуы мен тіркеудің қоғамдық көздері. Қалыптасқан стереотиптерге қарамастан мемлекеттік басқару мақсаттары төменде қалыптасу керек, яғни мақсаттар мемлекетке біріккен адамдардың қызығушылығы мен мүдделерінен туындауы қажет.
- мақсатты анықтаудағы субъективтік жағы мен мемлекеттік басқарудың қалыптасқан мақсаттарының ашықтығы мен қатыстылығы.
Мақсатты негіздеуде біршама қиындықтар кездеседі.Барлық өткен жағдайлар тарих болып қалады, ал болашақ жайлы тек болжай аламыз. Француз философы О. Конттың формуласы белгілі: алдын - ала көре білу үшін білу керек, ал басқару үшін алдын - ала көре білу керек. ХХ ғасырдың 20 жылдарында Н. Д. Кондратьев алдын - ала көре білу, оның ішінде өзара байланысты алдын - ала көре білу мәселесін қарастырды.
1 ) құбылыстардың стихиялық жолы;
2) адамдармен жүзеге асырылатын әрекеттер мен шаралардың анықталған тиімділігі;
3) біздің құбылысқа әсеріміздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекетті басқарудың теориялық астары
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығы
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін - өзі басқарудың әлемдік тәжрибесі
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік кешені
Мемлекеттік реттеудің әдістері мен түрлері
Пәндер