Мемлекеттік меншікті жекешелендіру


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:
Евразия академиясы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Мемлекеттік меншікті жекешелендіру»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алудың
теориялық аспектілері
1. 1 Жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алу түсінігі . . . 5
1. 2 Халықаралық жеке құқық және Қазақстан Республикасы
құқығындағы жекеменшік құқық мәселелері . . . 9
2 Қазақстанда жекешелендіру және мемлекеттік меншік
иелігінен алу мәселесін талдау
2. 1 Жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алу
барысын құқықтық реттеу ерекшеліктері . . . 14
2. 2 Өтпелі экономика жағдайында жекешелендіру және мемлекеттік
меншік иелігінен алудың ерекшелігі . . . 24
Қорытынды . . . 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 28
Кіріспе
Меншік түсінігімен біздің әрқайсымыз күн сайын, өмір бойы ұшырасып отырамыз. Адамдар «менікі» және «бөтендікі», «біздікі» деген үғымдарды айыра білу кажеттілігіне ұдайы ұшырасады. Басқаша айтқанда, бұл ұғымды экономикалық жүйенің орнығуына, үкіметтің шараларына, табысты бөлісуге меншік институтының ықпалын талдай келіп түсінуге болады. Меншік - ол игіліктерді адамдардың экономикалык иемдену.
Тарихи анықталған қоғамдық тәсілі, осыдан туындайтын экономикалык агенттер (субъектілер) арасындагы катынасы, өзара іс-әрекеті. Ол өндіріс факторларымен, игіліктермен, бұйымдармен (мүліктермен, иемдену нысандарымен) және адамның экономикалық субъект ретінде қарастыруымен байланысты болуы мүмкін.
Сонымен бірге, меншік және меншік катынастарының экономикалық және құкықтық мазмұнын айыра білу керек. Меншік құқығы заң санатының тұрғысынан алғанда иелік ету, ұйғарым жасау және мүліктерді пайдалану қатынастарының жиынтығы болып шығады.
Меншік құқығы экономикалық субъектілердің катысуымен экономикадағы өзара бірлескен әрекеттерді реттейтін ереженің («ойын ережесінің») басым бөлігін құрайды. Меншіктің шынайы қатынастары экономикалык жүйелердін негізін құрай отырып тарихи-мәдени, рухани, ұлттық, географиялык, демографиялық және қоғамның басқадай ерекшеліктерінен жинақталынады.
Өндіріс кұралдарын меншіктену өңдіріс үрдісінде болатын адамдар арасындагы экономикалык өзара қатынастар (өзара байланыс) сипатын ғана Экономикалык дамудың қазіргі заманғы модельдері. Әлеуметтік бағытталған рыноктық экономика тұжырымдамасы. Меншік экономикалық және құқықтық категория ретінде. «Меншіктің құқықтық экономикалық теориясы».
Жеке меншік институтының калыптасуы мен дамуының мәселелері. Экономиканы ұйымдастыру үшін, оның мәселелерін шешу үшін, әрбір қоғам әр түрлі құрылымдар мен тетіктерді, институттарды, механизмдерді пайдалана алады. Олардын жиынтығын, өзара байланысы мен қызметтерін экономикалык жүйе деген ұғым арқылы қарастыруға болады. Қазіргі кезенде бұл ұғым туралы экономикалық ғылымда ортақ пікір жоқ. Қолданған әдіснамасына және жіктеу өлшемдеріне байланысты әр түрлі экономикалық жүйелерді қарастыруға болады. Негізгі өлшемдерге емес, сонымен бірге өңдіріс өнімін (тауар, қызмет), оның айырбасталу және тұтыну түрлерінде анықтайды.
ҚР Конституциясының 6-бабында меншіктің екі түрі бегітілген: мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең шамада қорғалады. Сонымен бір уақытта меншік пайдалану қоғамдық игілікке қызмет ету тиіс. Меншіктің объектілері мен субъектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудың көлемі мен шектері, олардың қорғау кепілдігі заңда белгіленеді.
Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ұйымдастыру нысаны шегінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның нысанын таңдау жеке ынта мен талғамға байланысты, бірақ басты жағдайда объективті жағдаймен - қызмет аясымен, ақшалай қаражаттың болуымен, кәсіпорынның болжамды нысанының жағымды және жағымсыз жақтарымен байланысты.
Мемлекет экономиканы ұйымдастыруымен айналысуы қажет, бірақ сонымен бірге кәсіпкерге айналмауы керек, шаруашылық қызметіне тікелей араласпауы керек, сөйтіп, саяси ұйымдастырушы ретінде қалып, экономиканы реттеуде заңдық, атқарушылық және орындаушылық биліктің өз органы арқылы жүзеге асыруы тиіс: Мемлекетте қоғамның ортақ мүддесін қорғау үшін билік бар, ал барлық қалғаны кәсіпкерлерді қосқанда қоғам мүшелеріннің өздерінің қарастыруымен жүзеге асырылуы керек.
Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: жекешелендіру және мемлекеттік меншіктен шығару мәселесін зерттеу.
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
- жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алудың теориялық аспектілерін зерттеу;
- жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алу түсінігіне сипаттама беру;
- жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алудың шетелдік тәжірибесін анықтау;
- Қазақстанда жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алу мәселесін талдау;
- жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алу барысын құқықтық реттеу ерекшеліктерін ашу;
- өтпелі экономика жағдайында жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алудың ерекшелігін талдау;
- жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алу процессін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде жекешелендірудің теориялық аспектілері зерттелінген, екінші бөлімінде жекешелендіру барысына талдау жасалып, тақырыпты қорытындыладым.
1 Жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алудың
теориялық аспектілері
1. 1 Жекешелендіру және мемлекеттік меншік иелігінен алу түсінігі
Жекешелендіру дегеніміз - мемлекеттік мүлікті жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың меншігіне, меншік иесі болып табылатын мемлекеттің еркімен, заң актілерінде белгіленген арнаулы процедуралар шеңберінде сату.
Жекешелендірудегі мақсат - мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану. Мұның астарында мемлекеттің ұтымды шаруашылық жүргізуге мүдделі еместігі және қабілетсіз екендігі жайында даулы болжам жатыр. Тек рынок ғана сұраным мен ұсыныстың ара қатынасын дәл анықтай алады, қоғамға қажетті өндірісті ұйымдастырады және қоғам мүшелерін өнімді еңбекке ынталандырады деген топшылама бар.
Жекешелендіру сонау КСРО кезінде-ақ басталды. КСРО-ның 1991 жылғы 1 маусымдағы "Мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің негізгі бастамалары туралы" Заңы мен Қазақ КСР-дің 1991 жылғы 22 маусымдағы "Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру туралы" Заңы экономиканың мемлекеттік секторын екі бағытта қысқартуды көздейді: мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа (мемлекеттік емес) формаларына негізделген кәсіпорындарға айналдыру (мемлекет меншігінен алу) арқылы және мемлекеттік мүлікті азаматтардың және олар құрған заңды тұлғалардың меншігіне беру (жекешелендіру) арқылы.
Қазақстанда жекешелендіру төрт кезенде жүргізілді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған Бағдарламасы шеңберінде (1-кезең) мыналар жүзеге асырылды: кәсіпорындарды кейін сатып алу құқығымен еңбек ұжымына жалға беру, ұжымдық кәсіпорнына айналдыру; мемлекеттік мүлікті еңбек ұжымының өтеусіз сатып алуы; халықтың жекешелендіруге инвестициялық купондар (ЖИК) арқылы қатысуы; мемлекеттік мүлікті аукцион және конкурс арқылы сату.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 05 наурыздағы №1135 Жарлығымен "Қазақстан Республикасыңда мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы" (2-кезең) бекітілді. Ол мынадай міндеттер атқарды: мемлекеттік кәсіпорындарды акциялау; жеке жобалар бойынша жекешелендіру; жаппай жекешелендіру; шағын жекешелендіру; агроөнеркөсіп кешеніңде жекешелендіру. Президенттің "Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға қайта құруды ұйымдастыру шаралары туралы" Жарлығына сәйкес еңбек ұжымының қызметкерлері акциялардың он пайызына дейін ақысыз алуға құқылы болды; жаппай жекешелендіру объектілері бойынша акциялардың кемінде 51 пайызы купондар аукционында халықтың ЖИК-і үшін инвестициялық жекешелендіру қорларына сатылуға тиіс еді; акциялардың 39 пайызы қор биржалары, аукциондар, конкурстар арқылы ақшаға сатылуға тиіс болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 11 наурыздағы "Акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін мемлекеттік акционерлік қоғам басшыларына бөлу туралы" №1589 Жарлығына сәйкес кәсіпорындардың басшылары бес пайызға дейін акцияларды атаулы құн бойынша иемденуге мүмкіндік алды.
Қазақстандағы 1996 жылдан бергі жекешелендіруді реттейтін негізгі нормативтік құжат - Қазақстан Республикасы Президентінің; 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Жекешелендіру туралы" заң күші бар №2721 Жарлығы. Бұл Жарлықты іске асыру мақсатында 1996 жылғы 7 ақпанда Үкімет қаулы қабылдады, онымен Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1996-1998 жылдарға арналған бағдарламасы (3-кезең) бекітілді. Жекешелеңдіру жүргізудегі негізгі принциптер, ол - жариялылық, бәсекелестік, құқықмирасқорлық, лауазымды адамдардың жекешелендіру жүргізудің заңдылығы үшін жауаптылғы және сатуға қойылған объектілер туралы берілген мәліметтердің растылығы (Жекешелендіру туралы Жарлықтың 4-бабы) .
Жекешелеңдіру мақсатында мемлекет қандай мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға сатуға болатындығын анықтайды. Әдетте бұл мүліктік кешендер ретіндегі кәсіпорындар және акциялардың мемлекеттік пакеттері. Сонымен қатар Үкімет жекешелендіруге жатпайтын мүліктердің тізбесін жасады. Қозғалмайтын мүлікті жекешелендіргенде жер учаскесіне меншік құқығы жер заңнамасына сәйкес сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің құны жекешеленген объектінің құнына қосылады.
Жекешелендіру саудаластықта (аукцион, тендер) сату немесе тікелей атаулы сату жолымен жүзеге асырылады. Саудаластық немесе атаулы сату жүргізу үшін объект тиісті даярлықтан өтеді. Оның балансы нақтыланады, борыштар анықталады, әлеуметтік инфрақұрылым бөлінуі мүмкін, т. б. Көсіпорын акциялануы немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Мемлекеттік мүлікті сатуға әкеп тікелей тіремейтін, бірақ оның келешекте сатылуын көздейтін әрекеттер (мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам етіп қайта құру, жалдаушының не сенімгерлік басқарушының кейін сатып алуға құқығымен мемлекеттік мүлікті жалға өткізу не оны сенімгерлік басқаруға беру) жекешелендірудің бір түрі емес, оның алғашқы сатысы деп қарастырылады (Жекешелендіру туралы Жарлықтың 12-бабы) . Мемлекеттік мүлікті сатуды уәкілетті мемлекет органдар жүзеге асырады. Әдетте бұл Қаржы министрлігі департаменттерінің бірі (бұл органның аты мен құрылымы ауық-ауық өзгеріп тұрады, кейде оның функциясын бірнеше орган атқарады) .
Жекешелендіру - меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социолисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру - күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді.
Жекеменшік кәсіпкерлерінің пайда болуы ек түрлі жолмен жүзеге асады:
Жекеменшік капиталы барысында құрылған жаңа мекемелер және жекешелендіру барысында мемлекет меншігін мемлекеттік емес меншікке көшіру арқылы.
Жекешелендіру процесі мемлекет меншігінен шығару арқылы әрекеттерінен тұратын күрделі жүйе болып табылады. Оның құрамына шаруашылықты басқарудың демократизация, мемлекет кәсіпкершілігін шектеу, жекеменшік капиталын жігерлендіру жатады. Жекешелендіру - экономиканы күрделендірудің соңғы мақсаты болып табылмайды, ол дегеніміз жаңа экономикалық жүйеге көшкенде болатын меншік қатынастарын өзгерту тәсілі.
Жекешелендіру жүргізген кезде республика экономикасының ерекшеліктерін ескеру керек. Бұл ерекшеліктерге еліміздің шикізаттық қоры, ауыр машина өндірістің сырттан әкелінетің шикізат пен материалдарға байланысты өндірістік қаражат инжра құрылымдарының әлсіз дамуы т. б. кіреді.
Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру - күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім, мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 - 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 - 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді.
Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасы 1991 жылы қабылданған болатын. 1991 жылы қабылданған жекешелендіру туралы заң жекешелендірудің мынадай тәсілдерін қарастырады:
1) Еңбек коллективтерінің мекемелерді біртіндеп сатып алуы;
2) Аукцион және тендер.
Біздің республикамызда өтетін жекешелендіру процесі келесідей бағыттарда жүреді:
1) Аукцион және тендер арқылы кішігірім мекемелердің кіші жекешелендірілуі;
2) Аукционерлік қоғамдарға көшіру арқылы орта және үлкен мекемелердің топтық жекешелендірілуі;
3) Күрделі проектілер барысындағы үлкен және мамандандырылған мекемелердің жеке проектілер арқылы жекешелендіру бағыттарына өтеді.
Айрықша әлеуметтік мағынасы бар тауарларды шығаратын немесе табиғи монополист болып табылатын мекемелер әдейі жасалған проектілер арқылы жекешелендіруден өтеді.
Жеке проектілі жекешелендірудің тәсілдері ретінде төмендегіні қарастыруға болады.
1) Келісілген шартпен анықталған инвесторға сату;
2) аукцион және конкурс арқылы сату;
3) бақылау туралы келісім шартқа отырумен акциялардың ашық сатылуы.
Жекешелендіру бағдарламаларында ерекше орын шетел инвесторларына беріледі.
Өткен уақыт ішінде жеке проектілер арқылы жекешелендірілуге 170 объекті өтіп, оның 4-уі жекешелендірілді. Олардың қатарына Алматы темекі комбинаты, Алматы және Қарағанды май зауыттары және Шымкент кондитер фабрикасы жатады.
Сонымен, Қазақстандағы жекешелендіру процесі күрделі әрі ұзақ процестерге жатады. Оның мақсаты еркін кәсіпкершілікті жандандыру ғана емес, сонымен бірге, экономикалық және әлеуметтік процестердің жаңа талаптарына сай келетін жаңа жүйе құру да болып табылады.
1. 2 Халықаралық жеке құқық және Қазақстан Республикасы құқығындағы жекеменшік құқық мәселелері
Халықаралық жеке құқықта бірден заң қақтығыстарына, яғни жекеменшік құқығындағы қайшылықты сұрақтарға назар аударылады. Олар жекеменшікті сатып алу немесе тоқтату, жекешелендіру, оған қаржы салу барысындағы жекеменшік құқық мәселелерін қарастырады.
К. Маркстың анықтамасы бойынша «меншік деген тұлғаның материалдық игіліктерге өзінің жеке меншігіне қарым-қатынасы сияқты көзқарасы» [1] . Е. А. Васильевтің пікірінше меншік заңдық немесе құқықтық категория ретінде идеологиялық құқықтық қарым-қатынас болып табылады. Р. Л. Нарышкина меншіктің заңдық категориясын қоғамдық-өндірістік қарым-қатынастың заңдық көрінісі деп анықтайды. С. С. Алексеев меншік деген жеке тұлғаның затқа, мүлікке, жеке басына тиесілі затқа қарым-қатынасындай көзқарасы дейді [2] .
Жоғарыда келтірілген пікірлерді біріктіре келе, заңдық категория ретіндегі меншік материалдық игіліктерді иелікке беру және иемдену бойынша қоғамдық қарым-қатынастардың бекітілген құқықтық нормалары деп қорытылады.
Меншік туралы қолда бар ілімді негізге ала отырып, біз оның материалдық игілікті иелену, пайдалану және біреудің қарамағына беругебайланысты қоғамдық қатынастар кешенін біріктіретін күрделі құбылыс екенін білдік. Осылайша, меншік ұғымының мазмұны иелену, пайдалану және біреудің қарамағына қолдануға беру категорияларымен айқындалады [3] .
Құқық нормаларымен реттелген материалдық игілікті иелену, пайдалану және біреудің қарамағына беру (табиғат өнімдері және еңбек қорытындылары) бойынша меншік қатынастары заңдық категория ретіндегі меншіктен «меншік құқығы» заңдық категориясына айналады.
Әдебиетте «меншік құқығы» термині субъективті және объективті мағынада қарастырылады. Е. А. Васильев субъективті және объективті меншік құқығының келесі тұжырымдамасын жасайды: «Мемлекет мүліктік құндылықтарға ие болу, пайдалану және біреудің қарамағына беру қатынастарын, өндірістің өнімдері мен жабдықтарын иелікке беруді іске асыратын қоғамдық-өндірістік қатынастарды реттейтін және бекітетін заңдық нормалар жүйесін белгілейді. Бұл нормалардың жиынтығы объективтік мағынадағы меншік құқығын құрайды да, соған сәйкес субъективтік мағынадағы меншік құқығы туындайды. Бұл нақты субъектілердің белгілі бір мүліктік нысандарды (өндіріс жабдықтары және тұтыну заттары) өз билігімен өз қызығушылығы аясында және мемлекет бекіткен құқықтық тәртіп шеңберінде пайдалануы» [4] .
А. С. Скаридов объективті мағынадағы меншік құқығы дегеніміз меншік қарым-қатынасын бекітетін, регламентін белгілейтін және қорғайтын құқықтық нормалар жиынтығы дейді. Меншік құқығының субъективті мазмұны мүлікті иелену, пайдалану, қолдану түріндегі үш заңдылықпен түсіндіріледі.
Бүтіндей алғанда Ю. Г. Басин атап айтқандай: «Меншік құқы-субъектіге тиесілі азаматтық құқық нысандарын бекітілген заңдар шеңберінде, жеке дара ешкімнің рұқсаты мен келісімінсіз толықтай иелік етуі, өз пайымдауынша пайдалануы. Ол субъектінің мемлекет тарапынан танылған және қорғалған абсолюттік құқы»-дейді [5] . Бұл анықтама көптеген құқықтық жүйелерде кездеседі. Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттердің теориясы мен тәжірибесі меншік құқы дегеніміз-мемлекет тарапынан танылған, тұлғаның мүлікті немесе затты т. б. толықтай иелену мен пайдалану құқықтарына ие болуы.
Халықаралық жеке құқықтағы меншік құқы өзінің жоғарыда айтылған негізгі элементтерін жоғалтпайды, керісінше ұлттық құқықтағы меншік құқы мен халықаралық жеке құқықтағы меншік құқын бір-бірінен ажырататын негізгі элементке ие болады.
Халықаралық жеке құқықтағы объективтік мағынадағы меншік құқы меншік иегеріне тиісті мүлікті оның өз қалауынша, өз қажеттіліктері мен қызығушылығы шеңберінде пайдалануы мен иеленуін реттейтін халықаралық жеке құқық институтын ұсынады. Бірақ мұнда міндетті түрде шетелдік элемент болуға тиіс. Аталған институтқа меншік құқы институттарына тән субинституттар мен азаматтық құқық нормаларынан басқа халықаралық жеке құқық институттарына тән субинституттар мен нормалар кіреді: мүлікке қатысты қайшылықты нормалар; шетелдік элементі бар қарым-қатынасты реттейтін материалдық-құқықтық нормалар: ұлттандыру туралы, жекешелендіру туралы, шетелдік инвестициялар туралы, Қазақстан Республикасының қазақстандық меншігі мен Қазақстандағы шетелдік меншіктің құқықтық режимі туралы, Қазақстан Республикасының шетелдегі заңды және жеке тұлғалары туралы.
Халықаралық жеке құқықтағы субъективтік меншік құқы-шетелдік элементпен күрделендірілген, меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша, өз қызығушылығы аясында пайдаланудың заңдық тұрғыдан қамтамасыз етілген мүмкіншілігі.
Осылайша, халықаралық жеке құқықтағы меншік құқы өзінің жоғарыда айтылған негізгі элементтерін жоғалтпайды, керісінше ұлттық құқықтағы меншік құқы мен халықаралық жеке құқықтағы меншік құқын бір-бірінен ажырататын негізгі элементке ие болады. Халықаралық жеке құқықтағы меншік құқында міндетті түрде шетелдік элемент болуы қажет. Меншік қарым-қатынасындағы «шетелдік элемент» нені білдіреді? Бұл жағдайда шетелдік элемент деп: субъект, объект және заңдық фактіні танимыз. Субъект бойынша жеклей алғанда қарым-қатынас шетелдік элементпен күрделендірілген деп танылады, егер: құқықтық қарым-қатынас субъектілері әртүрлі елдерде болса, объект бойынша, егер құқықтық қатынас объектісі шетелде болса, заңдық факт бойынша, егер заңдық факт әрекеті шетелде орын алса, оның негізінде қарым-қатынас туындаса, өзгерсе немесе тоқтатылса, мұндайда меншікке қатысты барлық құқықтық қарым-қатынас түрінің үшеуі бірге де, жекелей де туындауы мүмкін. Меншік құқына мінездеме беруде ұлттық құқықтағы сияқты халықаралық жеке құқықта да меншіктің барлық түрлерін, сондай-ақ меншік құқының субъектілері мен объектілерін және меншік құқын қорғау мен иеленудің барлық тәсілдерін тең деп тануға зор көңіл бөлінеді.
Жеке меншік қарамағына заң актілеріне сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға меншікке беруге болмайтын мүліктен басқа барлық мүлікті жатқызуға болады (ҚР АК 191 бабы) . Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекеттік меншік меншіктің екі түрімен ұсынылған: республикалық және коммуналдық. Ресей заңнамасында мемлекеттік меншік ол мемлекеттің федеративтік құрылымына сәйкес көрсетілген. Көпшілік елдердің заңнамасында дәл жоғарыдағыдай меншік құқы субъектілері тізімі бекітілген: жеке тұлға, заңды тұлға және мемлекет. Ұлттық құқықтық жүйедегі меншік формаларының аражігін ажырату және олардың салыстырмалы сараптамасы халықаралық жеке құқықта маңызды орын алады. Өйткені әртүрлі құқықтық жүйелерде түрлі меншік түрлерінің болу, болмауына байланысты халықаралық жеке құқықтағы қайшылықты сұрақтың жауабы не оң, немесе теріс шешіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz