Қоғамды басқаратын аппарат



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І.Мемлекеттің пайда болуы
А)Мемлекеттің функциялары
Ә)Мемлекеттің қоғамдағы ролі
ІІ.

Мемлекеттің пайда болуы.
Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктсріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін "өсуі" керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің адында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс-әрекеті мен қылыптының аяғы неге апарып соғатындытын болжай алмайтындығымен сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудын жетілмеген, дерекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек өнімділігі табыстың жинақталып, осынша қалып қалуына мүмкіндік жасай алмады ол қалдықсыз пайдаланылды.Мемлекет дегеніміз бұл -- адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдері тән саяси ұйым.
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың,
және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кеңтармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық күш құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық суъбектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет функциясының сипаттамасы түрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Фунмкцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру неғұрлым кең тараған. Адамдардың өндіріс, орналастыру және алмастыру саласындағы қатынастарын қамтитын мемлекеттің экономикалық функциясы жетекші орындардың бірін алады. Экономикалық функцияның көлемі, масштабы және өрісі түрлі мемлекеттерде әр түрлі болады. Алайда қандай жағдайда да мемлекет мына төмендегі жағдайларға ықпал ете алады және әдетте, ықпал етеді де:

1) экономиканы дамытудың сара жолын талдау (мысалы, нарықтық, ди-рективалық жоспарлы немесе аралас экономиканы таңдау);
2) мемлекеттік реттеу дәрежесі, оның жетекші салаларын ынталандыру және қолдау;
3) экономикалық дамудың неғұрлым перспективалы бағыттары үшін жайлы жағдай тудыру;
4) жеке меншіктің түрлі нысандары мен шаруашылық қызметінің түрлі субъектілерінің мәртебесін анықтау;
5) экономикалық инфрақұрылым құралдарын (шаруашылық басқарудың қаржы ақша құралдары, несие беру, заем беру, инвестициялық саясат) пайдалану
. Салық саясаты экономикалық функцияның айырықша компоненті болып табылады, өйткені мемлекет бюджетінің құралуы, мемлекеттің кірістері мен шығыстарының балансталуы осыған тікелей байланысты. Мемлекет функцияларын түрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Функцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру неғұрлым кең тараған. Егер мұндай саланы ең ірі түрінде (қоғам мен мемлекеттің ішкі және сыртқы саладағы өмір тіршілігі) алатын болсақ, онда мұндай жағдайда мемлекеттің барлық функцияларын ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады.Мемлекеттің ішкі функцияларына қоғамның ішкі өмірінің ірі салаларына мемлекеттік ықпал ету немесе мемлекетгік басқару бағыттарын жатқызуға болады. Бұл функцияның мақсаты -- халықтың арасында мемлекеттің саясатын түсіндіру, осы азаматтардың көпшілік тобының қолдауы мен мақұлдауын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарын, ғылыми-білім беру, мәдени-ағарту және мекемелердің басқа да идеологиялық бағытын аталған міңдеттерді шешуте жұмылдыр.Сыртқы функциялар халықаралық қатынастар сапасына қатынасты және оның сыртқы саяси міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды. Ішкі функциямен салыстырғанда олар, әдетте, басымдық таныта алмайды; керісінше, ақыр соңында біріншісінен туындайды, олардың табысты жүзеге асырыуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бейім түрады.Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ Конституция ұғымын ерте заманда сонау Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде "конституция" деген сөз "саяси құрылыс" ұғымын білдіретін. Конституцияның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте жоғары заңдық күші бар, бір жағынан адам мен коғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, қоғамдық және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам азаматгың негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, мемлекеттің құрылысын, ел басының екілетгілігін, өкіметтің заң шығарушы, атқарушы және сот органдарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаларын бекітушілері реттеуші. Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Оның басты мақсаты-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, конституциялық құрылыстын мызғымайтындығын, еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын оның халықаралық қатынастарын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан Конституцияны орындау талабы бүкіл Қазақстаи үшін де, әрі оның әкімшілік-аумақтық қүрылымдары үшін де қажет. Тек осы мақсаттар ғана Конституцияның жоғарлылығын, ең жоғары заңдылық күші барын және оның нормаларының Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолдана тындығын нақтылай түседі.Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылға 30 тамызда республикалық бүкілхалықтылық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс мелекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні дей жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұдайды.Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы кіріспеден (преамбуладан), негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде, едетте, Ата Заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы, кейде құқықтар мен бостандықтары немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесі Ата Заңды қабылдаудың себептері мен мақсаттарын былай түсіндірген. "Біз, ортақ тарихи тағдыр бірілген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекетті құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.Ата Заңның негізгі белігіне азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі, жергілікті мелекетгік басқару және өзін-өзі басқару туралы) нормалар енген. Яғни, бұл нормалар Қазақстан Республикасы Конституциясының І-ҮІІІ бөлімдерінде баяндалған. Қорытынды және өтпелі ережелер бандалған ақырғы IX белімде Ата Заңға өзгерістер мен толық-тырулар енгізу төртібі туралы, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды кабылдау рәсімі мен басқалар жайлы сөз болады.

Cонымен қатар, мүліктік қатынастар байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық зандармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туыңдамайды.Жоғарыда көріп отырганымыздай, азаматтық құқығымен реттелінетін коғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны - мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әр түрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өңдіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік игілігіне және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.Мүліктік емес жеке қатынастар, муліктік қатынастарға тығыз байлаиысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатыиастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау арқылы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланыеты, өйткені өнертабыс иесінің өнер-табысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сыйақы алу құқығы пайда болады.Азаматтық қүқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматгардың басым көпшілігі -- Қазақстан Республикасы.Курыстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі заманғы заң әдебиетінде мемлекеттің пайда болуы анықталған қоғам мен мемлекеттің өмір сүру және даму талаптарымен шартталатын барлық табиғи құбылыстардың тұтас жиынтығы ретінде түсіндіретін анықтама орын алған.Мемлекеттің қоғамдағы орны мен ролі қай кезеңде болмасын, ойшылдарды ойландырғаны белгілі. Қоғам мемлекет арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған ұмтылыстар ежелгі заманнан бері белгілі. Саяси-құқықтық ой тарихында мемлекеттің қоғам үшін қандай роль атқару керектігі мәселесінде әр түрлі пікір-таластың да орын алғаны белгілі. Тарихи тәжірбие көрсетіп отырғандай, сан ғасыр өтсе де, мемлекет қоғам мүшелерінің әл-ауқатын көтеру үшін қоғамда қорғалуды қажет ететін топқа қызмет етуге міндетті екендігін өмір көрсетіп отыр. Сонымен қатар ежелгі грек ойшылдарынан бастап, қазіргі кезеңге дейінгі аралықта қоғамдық белесте мемлекеттің пайда болуы туралы сан түрлі пікірлер айтылды.
Саяси-құқықтық ой тарихында мемлекеттің қоғамдағы атқаратын ролін, алым-салықты қалай жұмсау мәселесімен көп ойшылдар байланыстырды.

Мемлекеттің пайда болу турасында туындаған ой-пікірлер Ресейдің саяси-құқықтық ой тарихында да белгілі дәрежеде көрініс тапты, оның ішінде Ресейдің зиялы қауымы, бұл мәселені қоғамдық қажеттілікпен де байланыстырады.
Саяси-құқықтық ой әлемдік мемлекеттік құқықтық тәжірбиенің дамуының нәтижесін, теориялық негізін көрсетеді, мемлекеттің пайда болуы сол әлемдік өмір тәжірбиесі дәлелдеген қоғамдық келісім мен қажеттіліктің бірі болып табылады. Сонымен қатар мемлекеттің мәніне терең бойлайтын болсақ, мемлекеттің негізгі мақсаты да қоғамдағы әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған қызмет ету тұғырнамасын алға тартады.Мемлекеттің шығу тегін тап күресінің аясында ғана қарастыру Маркс ілімінің ең осал тұсы. Ал түбегейлеп зерттесек, бұл көзқарас та батыстық, яғни отырықшылық өркениет туғызған әдістемелік өpic. Көшпенділер тұрмысында өзара кереғар әлеуметтік таптардың күресін сипаттау өзіндік жат құбылыс, бұл қоғамның өзегі генеологиялық-рулық байланыстарда жатыр.Мемлекет дегеніміз -- eкi түрлі тап, екі түрлі мәдениет деп тану адамзат баласы туғызған тоқсан тарау тіршіліктің мағынасына қатысты өріс алады. Батыс Еуропа елдерінің жаңа дәуірдегі тарихының кейбір қырлары қоғамдық тіршіліктің қай саласын қарастырса да мемлекеттің пайда болу тұрғысында еуропалық ілімдер материализмге негізделеді. Бұл Батыс елдерінің даму ерекшеліктері туғызған зандылық. Ф. Энгельс мемлекеттің шығу тарихы мен себептерін қарастыра келе үш кезеңге арнайы тоқталады: Афин, Рим және ежелгі Германдық мемлекеттердің дүниеге келуі. Бұл аталған үш кезеңге де тікелей себеп болған қоғамның iшкі дамуындағы әлeyмeттiк қарама-қайшылықтар. Батыс қоғамы әуел бастан материалдық құндылықтарға тым бағыныштылығымен ерекшеленеді. Tіпті көне демократиялық мемлекеттің ең әдемі үлгісі саналатын Афинның өзі де алғашқы рулық қауымның ыдырауы барысында, оның бүкіл iшкі қарама қайшылығының асқынуы арқасында дүниеге келді. Ру ішіндегі аристократиялық әулеттердің әлсіз топтарды барынша қанауы, одан кейін құлдануы Ежелгі Грек мемлекеттepiнің құл иеленушілік бағытын анықтап берді. Еңбек бөлінісіндегі осы дәстүр, үстеме пайданы бөлу және оның бip қолға шоғырлануы -- Батыс мемлекетінің түпкілікті себептері. Одан бepi бірнеше мың жыл өтсе де iшкі, сыртқы қанау Еуропа мемлекеттік билігінің нақты көpiнici болып келеді.Мемлекеттің пайда болуы тек материалистік түсінікке яғни марксизммен ғана шектеліп қалмайды. Тіпті көне заманның өзінде Платон сияқты ғұламалардың ілімдерінде де мемлекеттен құл иеленушілік құрылымның тоталитарлық сипаты анық аңғарылады.

Платоннан бастап орта ғасырлық Томазо Кампанеллаға дейінгі аралықта Еуропа ойшылдарының қиялынан туған мемлекеттерде үстеме байлыққа, материалдық құндылықтарға иелік жасайтын аристократиялық топтар басшылық жасайды. Т. Кампанелланың Күн қаласының Сталин тұсындағы тоталитарлық кеңестік империядан айырмашылығы шамалы. Халықтың бәрі де бip белгілі тәртіппен іс-әрекет етіп, олардың тууы, уйленуі, балалы болуы, дүниеге аттануы -- бәpi-бip топ аристократтардың қолында.Гоббс, Руссо сияқты ағартушылардың шығармаларында материалистік ілімге бағынбайтын көзқарастар бар. Бірақ олардың түпкі ceбeбi ғалымдардың өз шығармаларына Батысты емес, Шығысты, немесе табиғи адамды басты кейіпкер етуі тікелей байланысты.Егер де адамдар арасында тең дәрежелі және еркін қарым-қатынас қамтамасыз етілсе, меншік түрлеріне және көзқарастарға тиым салынып, қудалауға ұшырамаса, қоғам мемлекеттік басқару жүйесін толық бақылап, жауапқа шақырып отырса, ол қоғам мемлекеттің идеалды үлгісі деп танылады. Қазіргі уақытта саясаттану мұндай қоғамды азаматтық қоғам деп те атайды. Азаматтық қоғам туралы Батыс елдерінде Т. Гоббс шығармаларынан бастау алады. Адамзат көшін басқарып келе жатқан елдердің арасында осы идеалды талғамға айналдырып келеді.Қоғамдық келісім -- мемлекеттің негізгі арқауы. Бұл теория бip жағынан мемлекет қайдан пайда болды деген сұраққа, екінші жағынан мемлекет болашақта қандай болуы керек деген мәселеге жауап береді. Гоббс, Руссо ілімдеріндегі жеке тұлға , жеке адам , табиғи адам еуропалық елдердің қажеттілігі туғызған түсініктер. Феодалдық қоғамнан капитализмге, рационализмге ұмтылған Еуропаға тұлға қажет болды. Осылай бо-ла тұра тұлға туралы түсініктердің мемлекеттің пайда болуын зерделеуге де өз көмегі тиеді. Мемлекет белгілі дәрежеде азаматтардың өзара келісімінің нәтижесі. Егер қоғамдық топтар мен олардың өкілдерінің арасында келісім (шартты, не шартсыз) болмаса кез келген мемлекет құлап қалары анық еді. Бұл әcіpece мемлекеттің ерте кезеңіне қатысты болса керек.Бірақ Руссо алғашқы қоғамдық келісімнен тез арада деспо-тизм өciп шығатынын жасырмайды. Билік иелерінің мемлекетке өз меншігіндей қарауы, ал мемлекеттің халқын қара тобыр есебінде қабылдауы қоғамның ішінде бітіспес кереғарлық барын көрсетсе керек. Қандай да бip қоғам мүддесі материалдық байлықпен байланысты болса, ол жерде теңсіздік epiп жүреді. Бұл қарама-қайшылықтан тек азаматтық құндылықтарға негізделген көшпелілер ғана аман қалады. Көшпелі қазақ қоғамының ішкі дамуына қатысты үйлесім мен адамгершілікті қашан да алға шығады.
Бұл курыстық жұмыста мемлекеттің пайда болу алғышарттары жан-жақты қарастырылады. Оның ішінде мемлекеттің белгілері және оның түсінігі тереңнен сарапталып, ондағы мемлекеттің пайда болу себептері мен ерекшеліктері айқындалады. Зерттеушілердің пікірінше мемлекеттің пайда болуына не-гізгі себеп -- екі өмір салтының арасындағы айырмашылык. Осы мәселеге аса көңіл бөлген Л. Фробениуас көшпелі -- малшылардың өмip салтына жоғары баға береді: дала мен шөлдің адамы тіпті басқаша. Оның мәдениеті бойында, дүниетанымы әлеуметтік күштердің тепе-тендігіне, дамылсыз ой-қимылына, білімге негізделген. Олардың арасында жүріп мен өмірімде бірiншi рет орман адамына тән топастықты кездестіргенім жоқ. Аз -- көп уақыт өткен соң мен олармен тіл табысатынмын, тілін тапқан уақытта көзі жадырап, не туа біткен, не мұраға қалған, не өзінің бақылауынан туған көсем ойларды түйдек-түйдек шығарады. Бұл ғылыми жарқын ойлардың соңғы қозғаушысы атақты шығыстанушы В. В. Бартольд болды.Әр ғылым саласының пәні өзіне ғана тән құбылыстарды зерттеп, мемлекеттің өмірге келуі туралы теориялар негізін ашуды қажет етеді. Бұл дипломдық жұмыста мемлекеттің пайда болуы және оның объективтік заңдары мен мемлекеттің өмірге келуі туралы негізгі теориялар қарастырылады. Қоғамдағы мемлекеттің орны мен мәні және мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері талданады. Мемлекетке саяси сипат тән, соған қарай ол қоғамның саяси жүйесінің құрамына кіреді. Алайда мемлекет -- оның мемлекеттік емес буындарына ұқсас саяси жүйесінің, әдеттегіден тыс бөлігі. Ол -- оның белгілі бір мөлшерде ондағы шоғырландырушы және үйлестіруші рольді орындайтын өзегі.Оның ішінде қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны да ерекше. Қоғам дамуындағы мемлекетті кейіптеу мәселелері де бүгінгі таңда теория жүзінде байыптап зерттеуді қажет етеді. Мұнда қоғам дамуындағы мемлекетті формациялық және мәдениеттілік тұрғысынан кейіптеу негізгі орынға шығады және бүгінгі күннің талабына орайлы айшықты мәселе.курстық жұмыс негізгі үш тараудан тұрады. Олар: Мемлекеттің пайда болу алғы шарттары, Мемлекеттің өмірге келуі туралы теориялар , Қоғамдағы мемлекеттің орны мен мәні деп аталады. Сонымен бірге кіріспе, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.Жоғарыдағы мәселелерді талдай келе мемлекеттің пайда болуы турасында отандық ғалымдардың еңбектерінен терең зерттей отырып, өз тың тұжырымдамамды ұсынамын.

Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілер
Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады:Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі үкімет деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда халық, ел, қоғам сөздеріне сәйкес.Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.
Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.
Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.
Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.
Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.
Қорыта келе, мемлекет деп - белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.
Мемлекеттің мынадай белгілері болады:
1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т.с.с. пайда болды.
2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т.б. құралдар қажет болады.
3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол - ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.
4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.
5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.
6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды.
Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді.

Мемлекеттің қызметтері
Мемлекеттің ішкі, сыртқы қызметтері болады.
Ішкі:
Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономикалық бағдарламаны жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге, т.с.с. қатысады.Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен айналысады.Заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқықтың пайда болуы туралы
Мемлекеттік аппараттың түсінігі
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
Мемлекет функциялары туралы
Мемлекеттік аппарат түсінігі және түрлері
Егемнді мемлекеттік билікпен құқықтық мемлекеттік мүшемен білдіру, егеменді билікті мемлекетпен қоса бағынуды хабардарлау түрінде себебі
Мемлекет құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар
Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны.
Мемлекет және құқықтың пайда болуы
Пәндер