Мерекелердің әлеуметтік мәні



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Құрманғазы атындағы саз колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мерекелердің әлеуметтік мәні

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.Мерекелер туралы жалпы түсінік
1.1 Мемлекеттік және ұлттық мерекелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Мерекелердің әлеуметтік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

2.Мерекелердің түрлері, тойлану сипаты
2.1 Мектеп мерекелерінің тиімді жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 22-Наурыз мейрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, мектепке дейінгі мекемелердің алдында, мектеп өмірінде балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті болып тұр.
Балалар өміріндегі мерекелердің маңызы - адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру құралы, әдеби шығармалар, әндер мен өлеңдер патриоттық сезімдер қалыптастырады, балалар бойында тәртіптілік, мінез - құлық, ұжымшылдық негіздерін, мәдениетін тәрбиелейді.[1]
Мейрам күндері - балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты бір әлемі. Сондықтан да, мейрам күндерін балабақшаның әрбір тәрбиеленушісі асыға күтеді, өз өнерлерін жолдастарына, тәрбиешілеріне және ата - аналарына көрсетуге асығады.
Осы жағынан алғанда, жас жеткіншектерді тәрбиелеп, оларды жан - жақты дамытып, жетілдіруге мерекелік күннің үлесі зор. Жас жеткіншектердің өзін қоршаған ортаға дұрыс қалыптастыруға өз Отанына сүйіспеншілігін арттыруға, еңбекке ынтасын күшейтуге, интернационалдық сезімін оятуға үлкен әсер етеді.
Мерекелер өзінің ойластырылған бағыты мен құрылымына қарай үш түрге бөлінеді:
:: Қоғамдық - саяси мерекелер
:: Тұрмыстық мерекелер
:: Маусымдық мерекелер
Қоғамдық саяси мерекелер салтанатты түрде өтеді. Бұл мерекелер музыка залына балалардың көгілдір жалаушалар, шарлар, гүлдер ұстап, салтанатты шеру жасап кіруінен басталады. Оған қоса ұрандар айтылып, Отанымыздың ұлылығына арналған құттықтаулары шатты түрде естіліп жатса, мереке салтанатының әсері арта түспек. Салтанатта көңілді сауықтар, ойындар, билер, топпен айтылатын әндер мерекені жандандырып отырады. Балалар ептілік, тапқырлық жөнінде сайысқа түседі. Мерекенің соңына қарай ересектердің құттықтаулары болады.
Қоғамдық саяси мерекелер:
- 6 шілде - Астана күні;
- 30 тамыз - Конституция күні;
- 16 - 17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні;
- 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні;
- 1 мамыр - халықаралық ынтымақтастық күні;
- 7 мамыр - Қарулы күштер күні;
- 9 мамыр - Жеңіс күні
Тұрмыстық мерекелер балалардың тұрмысы мен өмірі, көркемдік безендірілуі мен құрылымы жағынан өзгеше. Балалар үшін асыға күтетін сүйікті мереке - Жаңа жыл. Жаңа жыл мерекесі ертегідегі сияқты сиқырлы ғажайыптарға толы, ол балаларға толып жатқан қызықтар әкеледі. Оттарымен, ойыншықтарымен жарқыраған шырша - жаңа жыл мерекесінің орталығы. Шырша өзінің әдемілігімен балаларды тартады. Әрбір мерекелерде бала өзі ұнатқан кейіпкерді алып, ойын ойнауы керек. Мектепке шығарып салуға арналған ертеңгілік даярлық топтары үшін ұйымдастырады. Қонаққа келген сәбилер тобы өз өнерлерін көрсетіп аяқтағаннан кейін ересек жолдастарын құттықтайды, бір - біріне естелік сыйлықтар береді.[2]
Тұрмыстық мерекелер:
- Жаңа жыл мерекесі;
- 22 наурыз - ұлыстың ұлы күні;
- Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі
Маусыдық мерекелер жыл мезгілдеріне байланысты өткізіледі. Олардың тақырыбы балаларға күнделікті өмір мен іс - әрекеттен алынатынын, мыс: жазғы мереке кезінде балабақша ауласында концерт түрінде өткізіп, жаңа әндер айтып, би билеуі қаншалықты әсер ететінін байқауға болады. Күз мерекесінде өсімдіктердің көк сабағынан, гүлдерден өрілген әшекейлі тізбектер, жемістер макеті балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін одан әрі кеңейте түседі. Қыс мезгілінде боранның уілдеген даусын салып, қар лақтыру ойынын ойнаса, көктем мезгілінде гүлдермен билеу, жапырақтардың бүршік жаруы туралы түсінік алуы балаларға маусым құбылыстары туралы мағлұмат береді.
Маусымдық мерекелер:
- Көктем келді шуақты"
- Жаз келді жасыл...!
- Сары алтындай сары күз!
- Қыс мезгілі тамаша!

1.Мерекелер туралы жалпы түсінік
1.1 Мемлекеттік және ұлттық мерекелер
Ұлттық мерекелер - Қазақстандық мемлекеттілікті дамытуға маңызды ықпал ететін ерекше тарихи маңызы бар оқиғаларды атап өтуге Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мерекелеу орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы ресми іс-шараларды өткізумен жалғасады. Бүгінгі таңда ұлттық мереке тек Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып табылады.
Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси мәні бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді тойлау ресми іс-шараларды жүргізумен жалғасуы мүмкін.[3]
Кәсіби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.
Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды, бірақ әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі болып табылады.Елде мерекеленетін мейрамдардың өзі бекерден бекер демалатын болмаса тойлай салатын қызыл күндер емес. Олардың мазмұны ұлттық рухты паш ететін, елдің ішкі саясатының айнасы іспетті. Қарапайым жұртқа жай ғана мерекелік күндер болып табылғанымен, ықпалды елдердің мейрамдарының да ықпалы зор. Кезінде әлемнің екі тайталас саяси қосынға жіктелуіне мәжбүр еткен қызыл империя өз қарауындағы бодан жұрттардың мерекесін менсінбегені былай тұрсын, өз ықпалындағы социалистік елдерге де өз мерекесін таңып еді. Сөйтіп, ойдан-қырдан алынған атрибуттар мен рәсімдерден кеңестік Жаңа жыл атты ұлы мереке жасақталып, ол жайында талай фильмдер мен туындылар дүниеге келіп, идеологиялық қайнарға айналғаны бар. Әрине, бұл үшін Кеңес өкіметін жазғыруға болмайды, мемлекет болғасын оның құзырын барынша таныту - сол елдің бір мұраты еді.
Ал, өз мұратымызға біз қалай жетіп келеміз? Бұл қарапайым болғанмен, жайдақ мәліметпен жауап бере салуға болмас, талқыға сөз берейік. Бір қарағанда, тіпті, әлгі кеңестік идеологияны біздің егемен еліміз іліп әкетіп, одан ары жалғастырып отырғандай әсер бар. Бірақ, әсер ғана емес, 20 жылда қалыптасып, орныққан сол баяғы кеңестік мерекелік дәстүр тұтасып тұр екен. Пайымымыз байыпты болу үшін елдегі ресми мерекелерді белгілеп, реттейтін Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы (13 желтоқсан 2001 жыл) заңды азаматтық көзбен шолайық. Осы заңның 2-бабына сәйкес елімізде жалғыз Ұлттық мейрам бар, ол - 16-17 желтоқсан күндері аталатын Тәуелсіздік күні. Мұндағы ұлттық сипат нені береді? Ол бұл мерекенің тойлануына ерекше мемлекеттік сипат пен мазмұн беріліп, оның мерекеленуіне елдік бюджеттен арнайы қаржы бөлінуі тиіс деген сөз! Алайда, оның қалай аталып өтетіндігі айтыла-айтыла жауыр болып, етіміз үйренген ахуалға тірелді.Тіпті, жаңа жылдық салпыншақтарды Тәуелсіздік күнінде тағып, оны әжуәлауға көштік емес пе?!
Әлгі ұлттық мейрамның мысын басып жүрген Жаңа жыл мейрамы да 1-2 қаңтарда аталып өтеді. 1 қаңтарды жаңа жылдың басы дегеннің өзінде 2 қаңтардың оған не қатысы бары белгісіз. Әлде Ресейде солай болса, бізде де қабылдануы керек дәстүр болғасын ба?! Әлде араққа сылқия тойып алып ертеңіне бас жазатын күнді рәсімдеп қойғанымыз ба? Және де негізін Иса пайғамбардың туылған күніне орай алған бұл жаңа жылдың 80 пайызға жуық мұсылман тұратын Қазақстанға неліктен ыстық екені белгісіз! Онымен қоймай, бейресми түрде 12 қаңтарда ескі жаңа жылды мерекелейтінімізді телеарналарымыз қалт жібермей жамырай насихаттай жөнелетіні тағы бар.[5]
Шын мәнінде, 1 қаңтардың Қазақстан үшін жаңа жылға қатысы жоқ, алайда, адамзаттық жыл санау күні есебінде құрмет көрсетуге болады. Жаңа жыл ретінде Наурызымыздың (дәстүрлі жаңа жыл) бар екенін ұмытпайық! Ал, 1 қаңтарды Күнтізбелік жыл басы деп атасақ, өркениетті де, Иса пайғамбарды да, қазақстандықтарды да ренжітпес едік. Себебі, 1қаңтар - ең әуелі күнтізбелік, экономикалық-қаржылық ресми жыл басы екені рас. Тіпті, одан бас тартып керегі жоқ, солай мойындап, 1 қаңтарды ғана мереке күні еткен ләзім.
Аталмыш заңның 3 бабы бойынша мемлекеттік мерекелер деген мәртебе алған мейрамның бұл біріншісі және бастысы. Заңды шолып, мерекелерді жалпылай тізіп шықсақ, мынадай көрініс болмақ:
1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні;
21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
9 мамыр - Жеңіс күні;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
Келмеске кеткен кеңестік 8 наурыздың неғып жүргенін бір ит білсін! Оны, тіпті, гендерлік саясаттың көзі болып табылатын батыс елдері де менсінбейді, ал бізге не қажеті бары беймәлім! Бұл егемен еліміздің Тәуелсіздік мазмұнына ғана емес, тіпті, мыңдаған жылдар бойы кемсіту көрмеген, ру-тайпаға бас болған қазақ әйелдерінің қаһармандық тарихына нұқсан келтіру ғой.
Наурыз мейрамы деген мерекенің не екенін өзіміз де білмеуге айналдық, ол - Көктем мерекесі ме, күн мен түннің теңелу күні ме, әлде қазақы жаңа жыл ма? Айтпақшы, шығыс мерекелерін менсінбейтін кеңес өкіметі тұсында жылдардың хайуандық мазмұны аталмаған еді. Тек қана өткен ғасырдың 80-жылдарының соңында ғана әр жылға тән хайуандық кейіп пен кие барын шығыстық үрдістен білген посткеңестік ағайындар 1 қаңтардан бастап соларды атайтынды шығарды да, соның екпінімен Наурызда енетін жылдық киелерді біз де соғып жіберетін болдық. Еліміздің батысында 14 наурыздан бастап, қыс кетіп, көктем шығуымен қатар, жылдың да мазмұны өзгеретінін ғасырлап мойындап келген ата-бабамыз, Барыс жылымен тек қана сол күні қоштасып келген еді. Енді Қоян жылын Иса пайғамбардың туған күніне орайластырып, 1 қаңтардан енгізетін пұшайман халға жеттік. Сонда не ұттық? Наурыз мерекесінде не мазмұн мен мән қалды? Қысқасы, Наурыз мерекесіне өз мағынасын жүктеп, оны Жаңа жыл деңгейіне көтеру әрекетін қолға алу қажет.
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі деген сөйлем өңі өзгерген кеңестік пайым екені көрініп-ақ тұр. Бірақ бұл бірлік Қазақстанға не беріп отыр деген сауалға келсек, түйткіл көп. Халықтың бірлігі дегеніміз - күнделікті әрбір тату өткен күн емес пе? Оған мереке арнаудың не керегі бар? Онан да Ассамблея күні десек, әлдеқайда дәйекті болар еді. Бірақ оның ел халқына не қатысы бар екені тағы сауал туғызады. Қысқасы, бұл көзге қораш болып, кеңестік тамырымызды үзіп алудан жасқану ниетін әйгілеп-ақ тұрған мереке.[6]
9 мамыр - Жеңіс күні. Бұл да алдыңғы мереке мазмұнымен мәндес ұлттық айшығымыз. Шын мәнінде қазақ даласына, халқымызға жеңіс тек қана 1945 жылдың 9 мамырында келген емес, ол ғасырлар бойы талай күндерде дүркін-дүркін болып келген оқиға. Соның дәлелі - әлемдегі аумағы жөнінен 9-орынды иеленіп отыруымыз. Оған бірден бір дәйек - ата-бабадан қалған Ерлік мінез! Сол себепті, бұл мерекені ең болмағанда Тарихымызбен сабақтастырып, Ерлікті дәріптеу күні деген әлдеқайда аяулы және ұлтымыздың мінезі мен болмысына сәйкес болар еді! Сонда біз далиған даланы сыйлаған батырларымыздың ерлігін дәріптейтін бір күнді арнаған болар едік-ау, шіркін!
25 қазан тарихи жағынан ел егемендігіне жасалған басты қадам болатын. Өйткені, декларацияны басқа жұрттардан кеш жария етсек те, отарлық құрсауын алғашқы бұзу осы күннің еншісінде, сонысымен алашқа аяулы бұл күн. Алайда, қазақтың Тәуелсіздігін нықтай беру әлдебір күшке жақпаған сыңайлы. Әйтеуір, осы мерекеден қағылғанымызға екі жыл. Оның үстіне республика дегеніміз демократияға бір табан жақындастыратын ұғым еді, әлгі күштерге ол жағы да жақпаған болу керек.
Бұлардың бәрі мемлекеттік мәртебесі болғанмен, жергілікті бюджет есебінен аталатын мейрамдар. Жаңа жылдың Тәуелсіздік күнінен де асып түсіп, аса ерекше безендірілуі мен атап өтілуіне қарағанда, жергілікті биліктерде қызыл империяны аңсайтындар қаншалықты дегенді ойласаң, жаның түршігеді.
Алаңдататын тағы бір мерекелер бар. Олар - православиелік Рождество күні мен Құрбан айттың алғашқы күні. Бұлардың ешбір ресми мәртебесі болмаса да, саяси мәртебесі зор екенін қазақ баласы аңғарар ма екен? Шын мәнінде, Еңбек кодексі арқылы қитұрқылықпен жарияланған бұл мереке күндері арқылы Қазақстан мұсылман елі болудан бас тартқандай қадамға барып отыр. Елдегі 20 пайыз православиеліктерге 80 пайыз теңестіріліп, діни екі басты мереке аталып өтуі арқылы Қазақстан православиелік мұсылман елі болуда. Шын мәнінде, 3 күн мерекеленетін Құрбан айт мейрамы неге үш есе азайтылды деуге мұсылман елі болсақ қатты ойлануға тура келеді. Әрине, елді алалау ниетімізде де, ойымызда да жоқ, бар болғаны соны алалайтын кейбір факторларды ашуға тырыстық. Ел болғасын мерекесі де соған лайық болғанға не жетсін! Егемен елдің мерекесі де егемен болуға лайық емес пе?!

1.2 Мерекелердің әлеуметтік мәні
Оқушылардың бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыруда мектептегі мерекелердің педагогикалық маңыздылығын қарастырып әрі талдап көрейік. Көптеген зерттеушілер [2, 3, 4, 5] мектептегі мерекелер оқушылардың өз еріктерімен, қызығушылығымен қатысатын тәрбиелік іс-шара, олар онда қуанады, ойнайды, өзінің шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерін өз еріктерімен көрсетеді, - деп дәлелдеген. Мерекелер оқушылар мен мұғалімдер ұжымының еңбек, шығармашылық, рухани, интеллектуалды өмірін байытады, балаларды батыл, белсенді, инциативті болуға тартады. Сондықтан, біз қазіргі жағдайда мерекесіз және мерекелеусіз мектептің оқушы ұжымын және кез-келген тәрбиелік қызметті елестету мүмкін емес деп есептейміз.
Күнделікті бірсыдырғы өмірден алыстататын көңілді мерекелер оқушылардың есінде мәңгілікке сақталып қалады. Бұған тәрбиелік қызметтеріндегі тікелей тәжірибесі мен педагогикалық ой-толғамдары бар ұлы педагогтар С.Т.Щацкийдің, В.Н.Шульгиннің, А.С.Макаренконың, В.А.Сухомлинскийдің зерттеулері айғақ бола алады. Соңғы жылдары мерекелер еліміздің алдыңғы қатарлы мектептері мен мұғалімдерінің педагогикалық қызметтерінде маңызды орын алып отырғандығын бақылау барысында анықтадық.
Мектеп мерекелерінің әлеуметтік маңыздылығы арта түсетін себебі, олар оқушылар бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыруға шынайы жағдай жасайды. Өйткені мерекелер қатысушылардың өзін жан-жақты көрсетуіне ықпал етіп, ішкі шығармашылық әлеуетін нығайта түседі. Сонымен қатар, мерекелер ауыл оқушыларының қиялдау, армандау, ойлап табу қасиеттерін оятып, таланттары мен қабілеттерін ашуға қажетті жағдай жасайды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстан көргеніміздей, мерекелер балалардың ойлауына, бірге бастан кешуіне, салыстыруына, т.б. үйретеді. Мектеп мерекелерін өткізуге оқушылардың белсенді қатысуы олардың әлеуметтік, рухани-өнегелілік, еңбек ету және шығармашылық өмірін тәжірибемен байытады, әртүрлі әлеуметтік білім мен ұғым, біліктілік алуына көмектеседі.
Мектеп мереклеренің тәрбиелік әлеуеті нарықтық және гуманитарлық принциптер негізімен тығыз байланысты. Себебі, оқушылар мерекені дайындап, өткізу барасында көптеген нарықтық қатынас элементтерімен беттеседі. Сонымен, оқушылар мереке өткізу барысында, викториналарды шешуде, нарықтық ұғымдардың, терминдердың кейбірімен таныс болады.
Егер психологиялық-педагогикалық жағынан мерекелердің барлығы дұрыс ұйымдастырылса, онда ауыл оқушыларының әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен факторларға белгілі деңгейде оң қатынаста болуына мүмкіндік болады: мектепке, білім алуға, мәдениетке, еңбек және халық дәстүріне, шығармашылық-іздену қызметтеріне, қоршаған ортаға, т.б. - бұл зерттеу барысында дәлелденген жағдай.[7]
Мектептегі тәрбие жұмыстарының қорытындысы көбіне оқушылардың қоршаған әлеуметтік әлеммен күнделікті ұйымдасқан байланысының сипатына байланысты екендігін педагогика ғылымы дәлелдеген.
Мектепте немесе сыныпта өткізілетін кез-келген мереке оқушыларға әлеуметтік құнды реакция береді. Мерекелердің арқасында оқушылар адамдар арасындағы кейбір қарым-қатынастарды түсінеді, нақты сыртқы әлемді көруге ұмтылады.
Мерекелердің арқасында педагогикалық рөлдің де маңызы көрінеді, оқушылар шығармашылық іскерлік көрсетеді, мерекеге қатысушылардың барлығын шараға қатынасуға тартады.
Зерттеуден байқағанымыз, оқушылар мерекелер арқылы өз бетінше ешқашан көрсете алмайтын қылықтар мен іс-әрекеттер жасауға мүмкіндік алады. Мысалы, ауылдың қарт адамдарының мәселелеріне көңіл бөліп қамқорлық көрсету, ұжым алдында сахнаға шығып ән салу немесе билеп беру, байқауларға, викториналарға, қойылымдарға (спектакльдерге) қатысу сияқты мәселелерге қызығушылықпен қарайды.
Біздің бақылау барысында байқағанымыз, шығармашылық бағыттағы мұндай белсенділіктер яғни, мерекелердегі әрекеттер, бірте-бірте қатысушылардың көбіне норма болып қалыптасып кетеді. Бұл оқушылардың сезімталдығы мен әсершілдігінің жоғарлығынан болады.
Мерекені дайындауға қатыса жүріп оқушылар өзін ұжымның немесе қоғамның нағыз мүшелері ретінде сезінеді, сондықтан мерекелер өздерін көрсетуге көмектеседі.
Кез-келген көпшілік шараларды ұйымдастыра отырып, мұғалімдер, оқушылар мерекеден тыс қалса, қоғамнан да тыс қалғаны екендігін әркез есте сақтауы тиіс.
Мектеп мерекелері оқушылардың бір-біріне жақын болуына, жеке де қоғамдық та әрекеттерін белсендіруіне көмектеседі. Міне, сондықтан да мектеп пен мұғалімдер оқушылар үшін мерекелік іс-шараларды жүргізуге, оған оқушының атсалысуына мүмкіндік жасауға барынша тырысу керек.
Оқушылардың қарым-қатынас, байланыс қажеттілігін қалыптастыруда мерекелер ауылдың, мектептің, сыныптың жалпы моральдық-психологиялық ақуалға оң, көтеріңкі әсер ететіндіктен маңыздылығы арта түседі[8]
Жақсы ұйымдастырылып, дайындалған мерекелер барлық мектептік ортаны игілендіріп, елеусіз түзетіп отырады, онда шығармашылық, рухани ақуал қалыптастырып, оқушының барлық өмір сүру кеңістігіне оң әсер етеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни мерекелердің рөлі
Бұқаралық мереке сценарийі мен режиссурасы
Мереке, мерекелердің түрлері қоғамдық мәні
Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелері
Ашық ауадағы стадион мен саябақтардағы бұқаралық мерекелер
Бұқаралық мерекелердің өзіндік ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында мереке күндері
Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар
Мерекелер түрлері
Пәндер