Мерекелер мен сауықтардың маңызы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

1. Мерекелер мен сауықтардың маңызы, оларға қойылатын талаптар

2. Мерекелердің түрлері

3. Мерекеге әзірлік және оны өткізу

4. Сауық кештерінің түрлері

Қорытынды


Кіріспе

Мерекелер мен сауықтардың маңызы. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының (2001 ж. 13 желтоқсан) 1-бабында атап өтілетін мерекелер тізімі белгіленген:

- ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер, мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі;

- мемлекеттік мерекелер - қоғамдық - саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер, ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін;

- кәсби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.

Атап өтетін мемлекеттік мерекелер тізімі аталған Заңның 3-бабында көрсетілген, мерекелер Қазақстандық патриотизм мен кәсіптік мақтанышты, сондай-ақ жалпы адамзаттық ынтымактастықты тәрбиелеу мақсатына қызмет етеді.

Балалардың сезіміне, санасына үлкен әсер ететін, қуанышқа бөлейтін мектепке дейінгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар балалар өміріндегі орны ерекше.

Балаларға адамгершілік тәрбие беруде мерекелер мен сауықтардың қызметі үлкен:

- ортақ әсерге біріккен балалар ұжымшылдық негіздеріне тәрбиеленеді;

- әдеби шығармалар, Отан, туған ел, табиғат, еңбек туралы өндер мен өлеңдер оларда патриоттық сезімдер қалыптастырады;

- мерекелер мен сауыктар балалардың бойында тәртіптілік, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелейді.

Балалар өз елі, туған жердің табиғаты, түрлі ұлттардың адамдары туралы кеп жаңа нәрселерді мерекелер мен сауықтарға қатысу барысында сол елдің әнін айту, өлеңін оқу, биін билеу арқылы біледі. Бұл олардың ой-өрісін кеңейтеді, есте сақтау, сөйлеу, қиялдау қабілетін дамытады, ақыл-ой дамуына кемектеседі.

Мерекеге қатысуда балаларда көтеріңкі көңіл күй пайда болады, олар мереке өтетін орынды безендіруге қатысады. Костюмдердің әсемдігі, балаларға жеңіл, жағымды репертуар, балалар өнерінің жарқындығы - эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі.

Мерекелер мен сауықтардың дене тәрбиесі үшін де пайдасы үлкен. Балалар жеке ән айту, топ болып қосылып ән айтуға қатысу, бірге ойынға, биге катысу, ол бала ағзасын нығайтады және дамытады, қимыл үйлесімділігін жақсартады.

1. Мерекелер мен сауықтардың маңызы, оларға қойылатын талаптар

Мектепке дейінгі ұйымда мерекелер мен сауықтарға дайындық жоспарлы және жүйелі түрде, балалар өмірінің күн тәртібін бұзбастан жүргізіледі Тәрбиешінің балалардың нені жақсы көретінін, жеке ерекшеліктерін білуі, олардың бақшада болған әр күнін мазмұнды етеді.

Ұйымдастыру және өткізу. Мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін мерекелер мен сауықтардың езінің ерекшеліктеріне қарай тәрбиелік мақсаты болады, сол мақсат әр балаға жеткізілуі тиіс. Мысалы, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, 16 желтоқсан -Республика күні, 17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні, т. б. Осы мақсат мерекенің бүкіл мазмұнына арқау болуға тиіс, онда орындалатын өлең, музыка, би, қойылым, безендірулер де сәйкестендіріледі.

Тәрбиелік мақсаты мен мазмұны дұрыс алынған мереке балаларға түсінікті болады, олардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктері ескерілсе, ол әрбір баланың зердесіне жеткізіледі. Бұл үшін әрбір жас тобындағы балаларға ұсынылған репертуарды: өлендерді, әндерді, билерді т. б. дұрыс таңдап aлy, олардың әншілік және бишілік дағдыларының даму дәрежесі, қалауы ескеріледі.

Мектепке дейінгі ұйымда өтткізілетін мерекелердің ұзақтығы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты: сәби және естияр топтардағы балалар мектепке дейінгі ересек жастағы балалардан әлдеқайда бұрын шаршайды, сәбилер өлеңді, әндерді т. б азырақ қабылдайды, сондықтан олар үшін мерекенің ұзақтығы 20-30 минуттан аспауға тиіс. Мектепке дейінгі ересек балалар мерекесінің ұзақтығы 45-55 минутка дейін созылады және репертуар күрделірек және алуан түрлі болады.

Мереке бағдарламасы бойынша ұжымдық және жеке орындаулар болғаны жөн. Мерекелік ic-шapa жоспарын жасауда балалардың тезірек шаршап қалатынын ескере отырып, көркемдік іс-әрекет түрлерін дұрыс кезектестіріп отыру қажет.

Балаларға қуаныш әкелетіндіктен мерекеге барлық бала өз шамасына қарай қатысқаны маңызды.

Балапар өздері білетін әндерді, топ болып бірге орындайтын әндерді, билерді бірнеше рет қайталағанды ұнатады, бұларды ерекше ықыласпен және мәнермен орындайды. Сондықтан мереке бағдарламасына осындай материалды міндетгі түрде енгізіп, оған кейбір жаңа нөмірлер (нұсқалар, топ болып бірге орындайтын әндер, ойынды басқаша безендіру т. б. ) қосу керек.

2. Мерекелердің түрлері

Мерекелерді салтанатты түрде мектепке дейінгі ұйымда атап өтудің маңызы зор. Мерекелер езінің идеялық бағыты мен құрылымына қарай үш түрге бөлінеді:

1) қоғамдық-саяси мерекелер: 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, 16 желтоқсан - Республика күні, 17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні, 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні, 1 мамыр - халықтардың ынтымақтастық күні, 7 мамыр - Қарулы Күштер күні, 9 мамыр -Жеңіс күні.

2) тұрмыстық мерекелер- жаңа жыл мерекесі, Наурыз мерекесі, балаларды мектепке шығарып салу, т. б.

3) маусымдық мерекелер: қысты шығарып салу, кұстар күні, жаз мерекесі.

Қоғамдық-саяси мерекелер мектепке дейінгі ұйымда салтанатты түрде өткізіледі Бұл мерекелер музыка залына балалардың көгілдір жалаушалар, шарлар, гүлдер ұстап, салтанатты шеру жасап кіруінен басталады. Балалар қонақтарға қарап тұрады. Мереке басталады. Салтанатта көңілді сауықтар, ойындар, билер, топ болып қосылып айтылатын әндер мерекені жандандырып, көңілді ететін аттракциондармен алмасып отырады. Бұлар алдын-ала дайындауды керек етпейді, балалар ептілік, тапқырлық жөнінде жарысқа түседі.

Мерекенің соңына қарай мереке салтанаты мен куанышын тағы да атап көрсетеді. Ересектердің құттықтаулары болады.

Тұрмыстық және маусымдық мерекелер қоғамдық-саяси мерекелерден тақырыбы, балалардың тұрмысы мен өмірі, көркемдік безендірілуі мен құрылымы жағынан өзгеше. Балалар үшін асыға күтетін сүйікті мереке - жаңа жыл. Жаңа жыл мерекесі ертегідегі сиякты сиқырлы ғажайыптарға толы, ол балаларға толып жатқан тосын қызықтар әкеледі.

Оттарымен, ойыншықтарымен жарқыраған шырша - жаңа жыл мерекесінің апталығы. Шырша өзінің әдемілігімен балаларды тартады. Көңілді музыкамен балалар тәрбиешімен бірге залға кіріп мерекелік шыршаны көреді. Шыршаны көңілді әндер айтып, айналып шығып, өздерінің орындарына барып отырады. Жаңа жыл мерекесіндегі ең басты қызық өздерімен бірге әзіл-қалжың, күлдіргі әңгімелер, ойындар, жұмбақтар, ертегі ғажайыптары және сыйлықтар әкелетін аяз ата мен ақша қардың келуінен басталады.

Шырша залда бірнеше күн тұрады. Балалардың өтініші бойынша әдетте мерекелік бағдарлама кейбір жерлері қайталанады. Әрбір бала өзі ұнатқан ролді алып, тағы да ән шырқалады, ойын өткізіледі.

Балалар құмарынан шықкан соң шырша аулаға шығарылып, мұздан жасалған ойыншықтар, түрлі-түсті мұздақтардан, қардан жасалған кішкене аңдармен безендіріліп тағы да біраз уақыт тұрады. Балалардың шыршаға қызығушылығы бәсеңдеген кезде оны жинап алады, бірақ шыршаның ағашын балабақша ауласына тастай салуға болмайды. Шырша балалардың есіңде әдемі, жайнаған күйінде сақталып қалуы тиіс.

Мектепке дейінгі ұйымдарда жыл мезгілдеріне байланысты маусымдық мерекелер өткізіледі. Олардың тақырыбы балалар өмірі мен іс-әрекетінен алынады. Мысалы, жазғы мереке кезінде балалар өздерінің саяжайда болғанда қаншалықты епті болғанын, қаншама жаңа әндер, өлеңдер үйренгенін т. б. көрсетеді, Мереке аулада немесе орман ішіндегі, алаңда өткізіледі. Мереке өткізілетін орынды безендіруге көбінесе тәрбиешінің және балалардың өз қолдарымен жасалған әшекейлер ілінеді. Бұлар - өсімдіктердің көк сабағынан, гүлдерден өрілген өшекейлі тізбектер, желмен айналып тұратын неше түрлі боялған зырылдауықтар, картоннан жасап, неше түрлі түске бояп жарқыратып қойған үлкен саңырауқұлақтар, үйлер т. б. болуы мүмкін.

Концерт түрінде ететін жазғы мереке ертегі қойылымдарымен және Отанымызды дәріптейтін ән шырқаумен аяқталады.

Мерекенің басты мақсаты - балалардың бақытты өмірін, олардың дамуындағы жетістіктерді көрсету.

Мерекелер балаларды жан-жақты тәрбиелеудің маңызды құралы, Мерекелердің сәтті өтуі тәрбиешінің шеберлігіне, ақылдылығына, шығармашылығына байланысты.

3. Мерекеге әзірлік және оны өткізу

Мектепке дейінгі ұйымда мерекеге дайындық жасау және оны өткізу жауапкершілігі бүкіл ұжымға жүктеледі. Музыкалық жетекші тәрбиешімен бірлесе отырып, мерекелік бағдарлама құрастырады, онда мектепке дейінгі ұйым бағдарламасының талаптары ескеріледі, ал педагогикалық кеңесте бекітіледі.

Педагогикалық кеңесте жұмыстың әрбір бөлігіне: залды безендіруге, костюмдер әзірлеуге, атрибуттар жасауға т. б. жауапты адамдар, мерекені жүргізуші тағайындалады. Мерекенің ойдағыдай етуі жүргізушіге көп байланысты. Жүргізуші жоғарғы мәдениетті, тапқыр, көңілді, балаларды және олардың ерекшелікгерін жақсы білетін, езін еркін және жайдары ұстайтын педагог болуға тиіс.

Мерекені ата-аналар арасында педагогикалық насихат жүргізу нысаны деп қарау керек. Мерекеге дайындық жұмысына: костюмдер, атрибуттар т. б. дайындауға ата-аналарды қатыстырып, мерекеге шақыру керек.

Педагогикалық кеңесте өткізілген мереке талқыланады, балалардың алған әсерін мерекеден кейінгі күндері жетілдіре түсу жұмыстары белгіленеді. Өткізілген ертеңгілік туралы балалармен әңгіме жүргізіліп, балалардың алган әсері анықталады Ата-аналарға арналған қалқанға балалардың жауаптарын іліп қойған дұрыс. Топтағы және залдағы мерекелік безендіруді ертеңгіліктен кейін бірнеше күн сақтап, содан соң балаларды қатыстырып жинап қою керек.

Сабақтарда мерекелік материалдар қайталанып, шығармашылық ойындар үшін балаларға кішкене жалаулар, беріктер, орамалдар т. б. беріледі. Бейнелеу сабақтарында балалар «Біздің мереке» деген тақырыпта сурет салады, саздан жапсырады, сөйтіп мереке әскери тағы да бастан өткізеді.

4. Сауық кештерінің түрлері

Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелік жұмыстың қызықты түрінің бірі сауық кештерін өткізу. Сауық кештері әр 10 күнде бір рет күннің екінші жартысында өткізіледі. Балалар мен ересектердің қатысуына карай үш түрге бөлінеді:

1. Ересектердің балалар үшін дайындаған сауық кештері.

2. Балалардың өз күштерімен дайындаған сауық кештері.

3. Ересектер мен балалар қатысатын аралас сауық кештер.

Ұйымдастыру нысанына қарай сауық кештері бірнеше типке бөлінеді:

- ойын-сауық түріндегі кештер;

- концерттер мен тақырыптық кештер;

- балалардың күшімен өткізілетін кештер;

- спорттық сауықтар.

Тәрбиешілердің шығармашылығымен ұйымдастырылған сауық кештерінің түрлі нұсқалары өз ерекшелігімен маңызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар
Ұлттық спорт түрлері
Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі
Денешынықтыру мәдениеті
Ойындар үйретуде балалардың жан-жақты қабілеттерінің даму барысын зерттеу
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойын-сауықтарды ұйымдастыру
Дене тәрбиесі мерекелері мен сауықтарының бала өміріне маңызы
БАЛАБАҚШАДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР - БАЛАЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫ АСПЕКТІ
Спорт және оның түрлері
Ортағасырлық Еуропадағы балалық шақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz