Мектепке дейінгі мекемедегі отбасымен бірлескен жұмыстар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлыұ университеті

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

«Педагогика және психология»

кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері»

Орындаған: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 2 курс студенті Мажитова С. А.

Тексерген: п. ғ. к., доцент Джунисова Г. Қ.

Орал, 2014ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты

ұйымдастыру ерекшеліктері

1. 1 Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 6

1. 2 Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету және педагогтарды отбасымен жүргізу шеберлігіне дайындау . . . 12

2 Мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру әдістемесі

2. 1 Мектепке дейінгі мекемедегі отбасымен бірлескен жұмыстар . . . 19

2. 2 Зерттеу жұмыстарының қорытындысы . . . 28

Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі - ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығы осы айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз.

«Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі отбасының, балабақшаның, барша елдің, халықтың міндеті», дейді Н. Ә. Назарбаев.

В. А. Сухомлинский балалардың ата - аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата - аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында тәрбиешілер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы балабақшамен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте балабақшаның жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата - аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Бала балабақшадағы білім беру салалары бойынша жасалған ұйымдастыру іс - әрекетіндегі жасаған жұмыстарын жеке де көрген, білгендерін, үйренгендерін ата - аналарына көрсетуге, айтуға, жеткізуге асығады. Тәрбиеші балаға көптеген қызықты заттар мен істерді таныстырады. Олар балаға әр түрлі ағаштардың жапырақтарын кептіруді, гүл өсіруді, табиғи материалдарды жинауды да көптеген нәрселерді үйретеді.

Бала ертегіден еліктіретін шындық болмыстың бейнесін табады. Баламен табиғатқа серуен жасап, қыдыру олардың алдынан неше түрлі бояулар мен сыңсыған үндердің, дала, орман, тоғай, бақ, өзендерді мекендеушілердің тынымсыз қозғалысы әлемін ашады.

Бала көбінесе ертегілерге қызығады, ертегідегі кейіпкерлермен танысып, олардың дауысын, қимыл - қозғалысын келтіру арқылы рольдерге бөлініп, кейіпкерлер образына кіріп, ертегіні сахналауды үйренеді. Осы арқылы баланың ой - өрісі дамып, тіл байлығы кеңейіп, ертегіге деген қызығушылығы арта түседі.

Әр түрлі мәліметтер, дағдылар мен іскерліктердің көзі - балалардың ойыны.

Ойын - өмірдегі көптеген құбылыстармен таныстырады. Түрлі ойын баланың және дене күші жағынан: назары, есі, қиялы, ой - өрісі сонымен қатар эстетикалық жағынан жетілдіреді, тәртіптілікке үйретіп, жолдастық, достық, сезімін тәрбиелейді, айналасындағы өмірді тануға көмектеседі. Бала ойындада күштілік, шапшаңдық, төзімділік, ептілік сияқты дене қасиеттеріне дағдыланады, денсаулығы нығаяды. Ата - ана баланы өзін қоршаған барлық дүние мен өмірінің ең алғаш күнінен бастап таныстырудың қажеттілігін жақсы түсінеді. Демек, кез келген ата - ана өзінің баласымен көбірек қатынас жасап, үнемі сөйлесіп отыратын болса, баланың тіл байлығы, ой - өрісі соғұрлым тез дамиды.

Ғылымда сүйетін, білімді, асыл жүректі жан-жақты дамыған бала тәрбиелеу Қазақстан Республикасының ханымы С. Назарбаева дайындаған. 2010-2011 оқу жылында білім кеңістігіне енген «Өзін - өз тану» бағдарламасының түпкі мақсаты, жетермәресі. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бүлдіршіндерді ізгілікке үйретіп, тәрбиелеудің тиімді жолдарының бірі болып отыр. Онда баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адами қасиеттерді бойына сіңіру міндеттері қойылған. Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады.

Жас жеткіншектерді тәрбиелеу жұмысының негізі ең алдымен отбасында қаланып, сонан соң балабақшада жалғасатыны белгілі. Бүгінгі жас ұрпақ болашағының ірге тасының берік қалануы үшін, балабақшада берілетін білім мен тәрбиені дұрысм қалыптастыру өз қолымызда. Біздің басты мақсатымыз: Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру стандартының негізгі ережелері мен талаптарын басшылыққа ала отырып, білім салаларында білім алу құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы топтарда жүзеге асырылуда. Бес білім беру саласымен жұмыс жасау елеулі нәтижелер берді. Балабақшада оқу-тәрбие жұмысын жақсартуда педагогикалық кеңестер, тәрбиешілерге және жас мамандарға арналған кеңестер жүргізіледі. Олар өз іс-тәжірибесінде халық педагогикасымен қатар, психологиялық жаттығулар, тренингтер, әр алуан ойын тәсілдерін пайдаланады. Әрбір топтағы тәрбие, білім беру-өнегелі әдептерге үйретуде қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер мен ойын түрлері арқылы жүргізілетін тәрбие жұмыстары нәтижесін беруде. Балабақшада кең тараған ата-аналармен жұмыстың бірі-Ашық есік күні. Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету немесе дебаттар, әңгімелесу сәттерінде алған әсерлерін бөліседі., туындаған сұрақтарға жауап алады. Тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты десек, әр топтағы белсенді ата-аналармен өткізілген «Тәрбиедегі әкенің ролі», «Менің сүйікті әкем», « Бала тәрбиесі- баршаға ортақ», «Сіз қандай ата-анасыз?» т. б. ертеңгілік, дебаттар, кездесулер осының айғағы.

Зерттеудің мақсаты : мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру, жұмыс түрлерін көрсету.

Зерттеудің нысаны: мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмыс.

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері.

Зерттеу болжамы : егер мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмыстың түрлері ұйымдастырылып тұрса, білім сапасы артып, отбасы мен балабақша ынтымақтастығы нығая түседі деген болжам бар.

Зерттеу міндеттері:

- мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмытың түрлерін көрсету;

- мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмыстарға сипаттама беру;

-мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмыстардың ерекшеліктерімен танысу;

- мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыстар ұйымдастырып, өткізу және оның нәтижесін талдау арқылы көрсету.

Зерттеу көздері : психологтар, педагогтардың зерттеу тақырыбы бойынша еңбектері; Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» стратегиясы, Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік стандарты; оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдар.

Зерттеу әдістері: педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді оқу, талдау, жинақтау, қорыту, зерттеуді өткізу барысында сауалнамалар алу, бақылау жүргізу, балалар еңбегінің нәтижелерін салыстыру, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың қорытынды нәтижесін шығару.

Зерттеу базасы: Орал қаласы, «Айгөлек» балабақшасы

Зерттеу жұмысының құрылымы : кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері

1. 1 Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесіне ерекше дамытушыда, ілгері апарушыда-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.

Шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.

Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда баланы өмірге бейімдеу демектеп, тәрбиеші және ата-ананың орны бөлек.

Тәрбиешінің міндеті:

а) Ата-аналармен тығыз байланыста болу;

ә) жиналысын өткізу;

Ата-ананың міндеті:

а) Баланың тәрбиешісімен тығыз байланыста болуы;

ә) Ата-аналар жиналысына қатысу;

б) Топтың ата-аналар комитетінің төрайымы мен байланыста болу;

в) Балаңыздың балабақшадағы жағдайын жасау барысында өз еркіңізбең оқу-тәрбиесі -шараларына қаржылық көмек көрсету.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір тәрбиешілер үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеу үшін емес тәртіпсіз балалардың ата-аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа топта, балабақшада болатын кез-келген жұмыстарға балабақшадағы іс-шараларға, топ жетекшілерінің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін- балалардың ата-аналары. Осыған байланысты тәрбиеші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналар мен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық тәрбиеші бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланыстык өптеген ата-аналар тәрбиешінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, балаңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.

І. Баланың жанұясына барып тұру.

Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда тәрбиеші өз баласының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде, тәрбиеші баланың мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады.

Ата-аналарын балабақшаға тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде бала өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ тәрбиеші оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек. Ата-аналар тәрбиешілермен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер балабақша мен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, балалардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

II. Ата-аналармен хат алмасу.

Кейбір тәрбиеші жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады. Хат арқылы баласының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады. Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады. Ата-аналармен хат жазысуға баланың күнделік дәптері пайдаланылады. Тәрбиеші онда баласының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отыру керек.

ІІІ. Ата-аналар жиналысы.

Бұл - тәрбиешінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі. Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Тәрбиешінің ең бірінші өздерініің жетекшілік етіп отырған сыныбында ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады.

Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», т. б. Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады.

Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы - бала. Бала - дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, балабақшада, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген Иран мәтелі де соны меңзейді. Бұл орайда балабақшаның да атқаратын рөлі зор. Өйткені, отбасы тәрбиесі мен балабақшадағы тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы - ата-анасы. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды. Ата-ана тәрбиешіге көмекші. Сенімді тірек болса, тәрбиешіде сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.

Тәрбие тәсілдері әрбір жастың жеке адам ретінде ерекшелігін ескеруге оның шексіз мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс. Қазіргі таңда балабақшада тәрбиешілерді мазалайтын басты мәселе «қиын» балалар. Олар - ұйым тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар. Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, тәрбиешілердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, тотптағы балалармен үнемі тіл табыса алмайтын, ұжым мәселелері қызықтырмайтын балалар, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ балаларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз. Баланың қиын мінез - құлқының себебін іздесек, көбіне баланың өз отбасындағы ата-анамен қарым - қатысына байланысты екені анықталды. Кей балалар ата - ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектепке дейінгі ұйымдардағы өз тобындағы балалардың, тәрбиешілердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып, бала ашуланшақ, өмірге ызалы, тұйық қалыпқа түседі. Ата - ана тарапынан, балабақша қабырғасынан жылылық сезінбеген бала өмірде өзін ешкімге қажетсіз деп есептеп, уайымға шалдығады, ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді. Әдетте, ата - аналардың бала тәрбиесінен әр түрлі себептерге сай аулақатануы да теріс әсер етеді (ата -аналардың жұмыс басты болуы немесе жеке басының қамымен жүруі, балаларына теріс үлгі көрсетіп, келеңсіз өмір сүретін, ұзақ іс сапарда болатын ата-аналар) . Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата - аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан болады. Отбасындағы орта қандай болса, бала сондай болып өседі. Отбасындағы жайсыз ахуал қандай болсын балаға ауыр әсер етеді. Әсердің күші мен тереңдігі балалардың жасында, осы кезге дейінгі тәжірибесіне, мінезіне, тәрбиесіне, тәрбиелілігіне, сезімталдығына тәуелді.

Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл - қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата - ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. . отбасы - өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.

Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің мақсаты - балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.

- еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету.

- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым - қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .

- Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепке дейінгі тәлім - тәрбие беріледі.

«Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде « Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез - құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба?» деген сауал туады.

Ұлы педагог А. С. Макаренко : «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата - ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата - ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген.

Отбасы - барлығының басы, жан - жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері.

Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .

Бала бақыты - білімде. « Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды », - дейді А. Байтұрсынов.

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата - аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата - аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата - ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.

Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:

* Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;

* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;

* Ата - аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;

Ал міндеттері:

* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.

* Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата - ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.

Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді.

Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті .

Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?

Ол үшін біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата - аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың ұсыныс - пікірлермен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс - тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек», өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.

Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс - шараларға, ата - аналар және топ жиналыстарына ата - аналарды тартудың қажеттілігі:

* Балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;

* Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;

* Ұнайды;

* Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;

* Ересектер тәрбиеші жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық қызметтің дамуы
Мектепке дейінгі мекемеде логопед қызметінің бағыттары
Оқу процесінің негізі - жоспарлау
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда балабақша мен отбасының сабақтастығы мәселесін әзірлеу
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Ата- аналардың МДМ-мен өзара қатынасындағы психологиялық-педагогикалық құзырлық бағдарламасы
Баланы мектепке баруға дайындау
Педагогтың өздік жұмысы
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің рөлі
Мектепке дейінгі білім беру мекемеде түзету логопедиялық жұмысының жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz