МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛ КЕМШІЛІКТЕРІН ЖОЮДА ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛ КЕМШІЛІКТЕРІН ЖОЮДА ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
16-09-2011, 15:05 Раздел: Мақалалар Просмотров: 2016
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛ КЕМШІЛІКТЕРІН ЖОЮДА ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ КОМПЬЮТЕРНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ ПРИ ИСПРАВЛЕНИИ ДЕФФЕКТОВ РЕЧИ У ДЕТЕЙ ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА
ON A PRACTICABILITY AND CONVERGENCE OF THE ALGORITHM OF PARAMETRIZATION'S METHOD
А.Н. Адекенова, Л.В. Устинова, А.С.Кударинова, Ж.Бейсеева
КарГУ имени Е.А.Букетова, Караганда, Казахстан

Бұл мақалада жаңа компьютерлік технологияларды логопедиялық жұмыста қолдану қажеттілігі көрсетілген. Балалардың әртүрлі жастарда қандай компьютерлік бағдарламаларды қолданып, мұғалімнің жұмысын жеңілтетіп, тіл дамыту үрдісін тезтету жолдары талқыланған. Сонымен қатар, ғылыми жұмыста мектеп алдын даярлау балаларға арналған тіл дамыту компьютерлік бағдарламасы назарға ұсынылған. Осы логопедтердің жұмысын жеңілдету үшін, қосымша материалдар ретінде қолдануға арнлаған. ның ішінде логопедиялық жаттығулар құрастырылған, бейнелер 3DmaxStudio үшөлшемді графикалық редактор арқылы орындалған. Бағдарламаның интерфейсы Delphi құралдарымен жасалған.
В данной статье показана возможность применения новых компьютерных технологий в ло-гопедической деятельности. С применением компьютерных программ в работе логопедов в виде дополнительных средств повышается интерес ребенка к занятиям, что повышает эф-фективность занятий по развитию речи. Также ребенок дошкольного возраста учится эле-ментарным навыкам работы на компьютере. Вниманию читателей представлена разрабо-таная творческим коллективом компьютерная программа развития речи дошкольников, пред-назначенная в помощь логопеду,которую можно использовать в виде дополнительного мате-риала. Программа включает в себя логопедические упражнения, иллюстрации которых вы-полнены средствами 3DMaxStudio, звуковое сопровождение. Интерфейс программы создан средствами Delphi.
This article shows the possibility of using new computer technology in the lo-gopedicheskoy activities. With the use of computer programs in speech therapy in the form of additional resources is growing interest of the child for classes, which increases the efficiency of studies on the development of speech. Also, preschool child learns elementary computer skills. Presented to the readers developed tanaya creative team of computer program language development of preschool children, pre-assigned to assist the speech therapist that can be used as supplementary mate-rial. The program includes speech therapy exercises, illustrations of which are fulfilled in a graphics editor 3DMaxStudio, soundtrack. Interface program, we created tools Delphi.
Заманауи өзгерістердің толқынында тіл кемшіліктерін жою жолындағы жаңа ақпараттық технологияларға үлкен мән беріліп, жалпы логопедия ғылымының өзекті мәселелердің біріне айна-лып кетті. Компьютерлік технологиялар түзету-дамыту жұмысының әсерлі әрі тиімді әдісі ретінде алдыңғы қатарға шығып отыр. Олар дәстүрлі сабақтардың құрамына енгізіліп, қосымша инновациялық технологиялар элементтерінің көмегімен тұтас логопедиялық сабақтың іс жүзіне асы-руын қамтамасыз етеді.
Өз жұмысында компьютерлік технологияларды қолданатын логопед, компьютердің балалар денсаулығына тигізетін кері әсерін жоққа шығаруы тиіс. Жеке компьютерлік бағдарламаларды құрастыру барысында біз РАО жас физиология институтының зерттеулерінің нәтижелерін негізге алдық, олар:
Компьютерде жұмыстың бірреттік максималды шегі;
Бір баламен жүргізілетін сабақтың ұзақтығы мен қайталануы (периодтылығы);
Балалардың компьютермен жұмыс істеуге психологиялық даярлығы.
Жаңа ақпараттық технологиялардың қатысуымен сабақты ұйымдастыру барысында балалардың физиологиялық, жастық және зияткерлік мүмкіндіктерін білу маңызды. Оқытудың дамытушылық қағидасын және ағымдық педагогикалық міндеттерін негізге ала отырып, компьютерлік бағдарламаны таңдау мен қайталау жөн, мұнда балалардың жүйке жүйесінің түрін, қызығушылықтар мен құмарлықтарын, оқыту тілін ескеру қажет.
Компьютерлік бағдарламалар логопедиялық түзету жұмысының бірнеше аспектілерін анықтайды: жоғарғы психикалық функцияларды, сөздік қорын жетілдіру, грамматикалық құрылымды қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту. Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы дифференцивті және жеке келіс ұстанымы, сонымен қатар ерекше танымдық талаптары бар мектеп жасына дейінгі балалармен түзету-дамыту жұмысы қамтамасыз етіледі[1].
Жүйелілік және бірізділік қағидаларына сәйкес, компьютерлік бағдарламаның тапсырмалары біртіндеп күрделене түседі, бағдарлама жеке келіс арқылы әр баламен дербес түзету жұмысын жасауға мүмкіндік береді.
Зеіннің бұзылысы, тұрақсыздығы, қабылдаудың кемшіліктері, оның шоғырлануының төмендігі, тілдік жүйенің дамымауы және т.б. ерекшеліктер логопедиялық түзету жұмысының маңыздылығын айқындайды. Логопедиялық жұмыстың мақсатты және үйлесімді ұйымдастырылуы, біріншіден, тіл кемшіліктерін түзетіп, оның жалпы дамуына жағымды әсерін тигізеді, екіншіден жоғарғы психикалық функциялардың дамуын белсендетеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың еріксіз зейіні жақсы дамығандықтан, бағдарламадағы оқу матрериалы түрлі-түсті, қызықты, қолжетімді формасында беріледі. Осы жағдайда компьютерлік бағдарламаны қолдану расталады деп айтуға тура келеді, ол ақпаратты қызықты ғана болдырмай, сонымен қатар, оның мазмұнын тез және ұзақ мерзімге есте сақтауға мүмкіндік береді. Тіпті тез басуға арналған клавиатуралық жаттықтырушылардың да, мәтіндік редакторлардың (Блокнот, WordPad), графикалық редакторлардың (Paint және т.б.) мәні зор [2].
Зерттеушілердің бағалауы бойынша білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану балалардың ұсақ моторикаларын, есте сақтау, қабылдау, зейіндерін дамытады, ойлау қабілетін жоғарылатады, ана тілі бойынша білімдердін терең оқытып, тиянақты бекітілуіне, сауатты жазудың дағдыларын нақтылауға көмектеседі. Компьютерлік технологиялардың қатысуымен сабақтарды ұйымдастырғанда, сабақтардың тәжірибелік бағыттылығын теориялық ережелермен қатар жүруі керек. Мысалы, жаттығуларды орындау, орфография ережелерін қайталаумен, кітаппен жұмыс істеу, фонематикалық естудің жетілдіруімен бірге тұтас беріледі.
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар нарығында көптеген дамытушылық ойындар мен бағдарламалар бар. Қызықты оқиғалар оқудың ойындық элементтеріне жауапты. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін өте маңызды. Өйткені, компьютерлік бағдарламалардың мақсатына тек білім беру мен оны бекіту ғана жатпайды. Сонымен қатар, ол эмоционалдық сергітуді көздейді, танымдық нәтижелі әрекетті қоздырады. Қолданыста дайын бағдарламалар және тіл кемшіліктерін ескеретін шығармашылық өзіндік тапсырмалары бар.
Дайын бағдарламалар, жиірірек, өткен материалдың көлеміне сәйкес келмейді. Осы себепте, соңғы кездерде, логопедтер бағдарламалаушымен бірігіп, авторлық дамыту бағдарламаларын құрастыруға бет алған [3]. Дегенмен, бүгінгі таңда, ұлттық тілде жазылған, түрлі-түсті көркемделген, тіл кемшіліктерін жоюға және дамытуға арналған бағдарламалардың тапшылығы байқалады. Осы қарама-қайшылықтардың орнын басу мақсатында, біз, қазақ тілінде оқитын, мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемшіліктерін түзету үшін арнайы бағдарламаның құрастыруын мақсаттадық.
Бағдарлама төрт бөлімді тапсырмалардан тұрады: Дауысты, Дауыссыз, Дыбыстар, Қазақ тіліне тән дыбыстар.
Логопедиялық жаттығулар үшөлшемді объектілерді қолдануымен жасалған. Ол үшін үстінде сипатталған 3Dmax пакетінің мүмкіндіктерін қолдандық. Сол жаттығулардан мысал келтіріп, құру барысында қолданған 3Dmax құралдарын айта кетеміз.
Тіл дамыту сына әртүрлі бөлімдерден мысал ретінде үш түрлі жаттығулар жасалған: ұшақты іске қосу-Ж әрібін үйрету үшін (сурет 1), арыстанның ырылдауы - Р әрібін (сурет 2), ал әттеншек - тілді жаттықтыру үшін арналған (сурет 3).

1 - сурет. Ұшақты ұшыру жаттығусы

Бұл жаттығуда келесі мүмкіндіктер қолданылды:
Ұшақты құру үшін қарапайымдар мен булев операциялары қолданылған;
− Объектінің мөлдірлігі үшін материалдар қасиетіндегі opacity командасы қолданылған;
− Талдар қарапайымдар арқылы құрылған;
− Жазықты бұрмалау үшін Noise модификаторы қолданылған.

2 - сурет. Арыстанның ырылдауы

Осы жаттығуда келесі мүмкіндіктер қолданылды:
Стандартты және қосымша қарапайымдар: (сфера, цилиндр, жазықтық, OilTank-қосымшаға жатады);
− Қарапайымдарға модификаторлар қолданылған: streach;
− Булев операциялары: азайту, қиылысу, біріктіру;
− Материалдар;
− Камера;
− Негізгі анимация.

3 - сурет. Тіл гимнастикасы

Осы жаттығуды орындау барысында келесі мүмкіндіктер қолданылды:
− RenderingàEnverioment командасы арқылы фон құру;
− Дайын үлгілердің ішінен адамның моделін алу;
− Эллипстің түсін қызылға өзгерту, өлшемдерін беру;
− Негізгі анимациясын құру;
Келесі қадамда дыбыс жазуға көшеміз. Дыбыстақ файлдарды дайындауға және өңдеуге арналған көптеген бағдарламалар бар Олардың ішіндегі ең қол жетімдісі және қарапайымы ол Windows операциялық жүйесіндегі Звукозапись атты бағдарламасын қолданамыз (сурет 4).

4 - сурет. Дыбысты жазуға және ойынатуға араналған Звукозапись атты бағдарламасының терезесі

WAVE цифрланған дыбысты сақтауға арналған ең көп таралған форматтардың бірі. Дыбыстық файлдардың өлшемі олардың параметрлерінің сапасына қарай алуан түрлі өзгереді, мәселен, жиілігіне, жазу элементінің ұзақтығына, моно, әлде стерео ма және т.б. екеніне байланысты. Көлемі жөнінен дыбыстық файлдар уақыт ұзындығы бірдей цифрланған бейне файлдарға қарағанда әлде қайда аз орын алады, сондай-ақ, желімен де тез тасымалданады [29].
Келесі қадамда дыбыстық және бейне фалдарды беттестіру. Яғни артық кадрларды өшіріп немесе дыбыстық файлға бос үзінділер қосу. Фалдарды синхронды түрге келтіру жұмысын VirtualDub бағдарламасымен орындаймыз (сурет 5). VirtualDub - бейнены ұстап, өңдеуге арналған. AVI2 (OpenDML) және көпсегментті AVI-файлдарды оқып жазалады (2 Гб көлемді барьерді өту үшін). Ішіне MPEG-1 және Motion-JPEG декодерлер енгізілген, сонымен қатар басқа да бейне және аудио файлдарды қосуға мүмкіндік береді.

5 - сурет. VirtualDub бағдарламасымен файлдарды беттестіру

Енді аудио файл мен бейнены беттестірген соң, оларды синхронды түріне келтіру үшін Sound Forge 6.0 бағдарламасын қолданамыз (сурет 6).

6 - сурет. Sound Forge 6.0 бейне және аудио файлдарды өңдеу ортасы

Файлдарды беттестірген кезде бейне немесе аудио файлдарды келтіру керек. Ол үшін артық бейнекадрлерді қиып алу немесе пауза қосып келтіруге болады (сурет 7).

7 - сурет. Бейне немесе аудио файлдарды жеке өңдеу

Соңғы қадамда дайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік бағдарламалар тізбегі
Мектепке дейінгі мекемеде логопед қызметінің бағыттары
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ
Логопедиялық тексеру жұмыстары
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілінде бұзылысы бар балаларға сипаттама
Мектепке дейінгі тұтығатын балаларда коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктерін анықтау
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері
Пәндер