Ми бөлімдері. Мишық


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Ми бөлімдері. Мишық»

Орындаған: Еділбай Жұлдыз

Тексерген:

Орал, 2017ж.

Жоспары

Кіріспе

1. Мидың құрылысы және қызметі

2. Мишықтың қызмет

3. Мишықтың зақымдалу синдромы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Жүйке немесе нерв жүйесі адам организміндегі өмірлік маңызы бар басты жүйелердің бірі болып табылады. Ол дененің сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін және дененің біртұтас қызметінің іске асуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге нерв жүйесі ішкі мүшелердің қызметін реттейді және бүкіл өмір бойы олардың жұмысын үнемі өзгеріп отыратын сыртқы ортаға сәйкестендіреді. Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі өте күрделі болып келеді.

Біздің миымызды құрайтын жасушалардың саны орасан зор. Тек ми жартышарларының қыртысында 14 млрд. жуық нерв жасушасы болады. Жүйке жасушалары нерв талшықтарының қатысынсыз ашылды. Жүйке жасушалары мен нерв талшықтарының арасындағы байланысты көптеген зерттеушілер болжамдағанмен, техниканың дамуы төмен болғандықтан оны дәлелдей алған жоқ. Жүйке талшығы орталық жүйке жүйесінде жатқан жүйке жасушаларының бұтақшалары екендігі туралы гистологиялық дәлелдер орыс ғалымдары Ф. М. Овсянников және Н. М. Якубович еңбектерінде келтірілген. Кейін басқа зерттеушілер жүйке ұлпасын зерттеуде тарамдау әдісін қолданып, жүйке жасушаларын бүкіл бұтақшаларымен бірге бөліп алды.

Ми құрылысының ерекшеліктерін жақсырақ зерттеп білу үшін оны құрайтын бөлімдердің бір-біріне қатысты орналасуын, яғни оның топографиясын түсіну керек. Осы мақсатпен алдымен ми жарты шарлары жағынан жалпы ми рельефін шолып шығамыз, онан әрі миды ортаңғы сызықпен, ұзынша саңылау бойымен, вертикальды тіліп, мидың ішкі құрылысының ерекшелігімен танысамыз. Төменгі бетімен (негізімен) танысу үшін мидың негізін жоғары аударып, құрылысының ерекшелігін қараймыз. Ақырында, горизонтальды тілік жасап, мұнда алдыңғы тіліктерде көрінбеген ми бөлімдерін көреміз.

Мидың рельефін шолып қарағанда, әсіресе ішкі беті жағынан (вертикальды тілікте), көңіл аударар нәрсе - жаңа миға (неоэнцефалон) жататын ми жарты шарлары (жабынды) ежелгі құрылымды (палеоэнцефалон) жауып жатады. Жарты шарлардың үсті тереңделген сайлармен (салалармен) жабылған, салалардың арасында ирелеңдеген қыраттар бар, олар қатпар деп аталады. Қатпарлар мен салалардың суреті (архитектоникасы) едәуір күрделі. Егер адамның және жоғарғы омыртқалылардың ми жарты шарлары бетінің құрылысын салыстырса, ми қатпарлары мен салаларының архитектоникасының жануарлармен салыстырғанда адамда күрделіленуі түріндегі үлкен айырмашылық бірден көрінеді. Жарты шарлардың бетінде орналасқан салалардың екі түрі бар. Оның бірі терең және онтогенездік тұрғыда ерте дамыған, ми қабырғасының барлық қабатымен түгел өтіп оны қарыншалар қуысына басып, шығындылар түзеді. Ал басқалары - тек ми қыртысын ғана кесіп өтіп, сонымен шектеледі. Терең салалар өзінше табиғи шекара болып, ми жарты шарларының үстін белгілі бөліктерге бөледі. Осылай, жарты шарлардың жоғарғы қырының ортасынан жоғарыдан төмен қарай бағытталған терең сала созылып жатады, бұл орталық сала, немесе роланд саласы.

1. Мидың құрылысы және қызметі

Ми құрылысы жағынан да, атқаратын қызметі жағынан да өте күрделі мүше болып табылады. Ол - организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ететін басты орталық. Миға сыртқы рецепторлар жүйесі арқылы сыртқы ортадан сигналдар келіп түседі. Дыбыстық, жарықтық, иістік, тактильдік, вибрациялық-кинестетикалық тітіркендіргіштердің сыртқы әлемі біздің миымызға, әсіресе, оның жоғарғы бөлімдеріне (қыртысқа) әсер етіп, шынайы болмыстың сипаты жайлы хабардар етеді.

Сыртқы орта тітіркендіргіштерінен басқа, ми организмнің ішкі ортасынан ішкі мүшелердің жағдайы туралы импульстерді қабылдайды. Осылайша, мидың жоғарғы бөлімдерінде сыртқы және ішкі ортадан түсетін тітіркендіргіштердің күрделі анализі мен синтезі өткізіліп, соның нәтижесінде периферия қызметін реттейтін жауаптық бұйрық импульстері түзіледі.

Тірі адам миының консистенциясы қатты емес, қою болады. Ми сауытының ішінде жатып, ми, әрине осы ми сауытының шар тәрізді немесе созылыңқы (эллипс тәрізді) түрін қабылдайды. Өлі адамның миын зерттеген кезде қолайлы болу үшін оны формалинге салып қатырады, сонда ми тығыздалады. Осындай жағдайда ми құрылысының ерекшеліктерін зерттеу үшін тілік жасаған қолайлы. Ересек адамның миының орташа өлшемдері мынандай: ұзындығы 170-180 мм, ені 140 мм, биіктігі 125-135 мм (Бунак бойынша) . Ерлерде мидың орташа салмағы 1370-1380 г, әйелдерде 1250-1270 г болады. Мектеп жасындағы балалардың миының салмағы ересектерге жақындайды. Мидың салмағы мен өлшемдерін зерттеген кезде әдетте ми салмағы мен ақылдылықтың, дарындылықтың байланысы туралы сұрақ туады. Арнайы оқулықтарда атақты адамдардың миының салмағын сипаттайтын сандар келтірілген. Осылай, жазушы И. С. Тургеневтің миының салмағы 2012 г, белгілі математик С. Ковалевскаянікі - 2000 г, Д. И. Менделеевтікі - 1800 г, физик Лавуазьенікі - 1700 г болғандығы белгілі. Бірақ, сонымен қатар атағы олардан кем емес кейбір әйгілі адамдардың ми салмағының олардікінен едәуір аз болғаны туралы фактілер де бар. Мысалы, белгілі неміс химигі Либихтің миының салмағы 1350 г болған. Әйелдердің миының салмағы ерлерге қарағанда 120-150 г-ға азырақ болатындығы мәлім. Егер адамның ақылдылығы мидың салмағына байланысты деп есептесе, онда әйелдердің миының толық жетілмегендігі туралы сандырақ қорытындыға келуге болар еді.

Бұл сұрақ бойынша қандай пікірлер айтылуы мүмкін?

Ең алдымен, мидың салмағы мүлдем адамның ақылдылығын бағалауға болатын көрсеткіш емес, адам жан тапсырар кезіндегі жағдайға байланысты (өте ұзақ ауырғанда, қартайып қаусағанда) бүкіл дене салмағын жоғалтқанда мидың салмағы да айтарлықтай дәрежеде азаятындығын айтпағанда. Кейбір адамдарда ақыл қабілеттілігі салыстырмалы төмен бола тұра, ми салмағының жоғары болған жағдайлары да кездеседі. Бұл мидың сұр затының патологиялық ұлғаюымен (мегалоцефалия) білінетін сырқаттық жағдаймен немесе су ми болғанда ми қарыншаларында сұйықтықтың жиналуымен түсіндіріле алады. Сонымен, бұл сұрақты зерттеу мидың абсолютті салмағы да, салыстырмалы салмағы да (ми салмағының дене салмағына қатынасы) интеллектуальдық даму деңгейінің көрсеткіші бола алмайтындығын көрсеткен.

Кейбір халықтардың физикалық конституциясының ерекшеліктерінің де (кез-келген халықтың ішіндегі бойшаңдығы мен ірілігі әртүрлі өкілдері) ми массасының ауытқуында маңызы бар. Осыған жыныстық айырмашылықтың әсерін де жатқызуға болады. Мысалы, әйелдердің ми салмағының салыстырмалы аз болуы олардың интеллектуальдық мүмкіндіктерінің аздығын білдірмейді, қайта заңдылық түрінде олардың қаңқасының, бұлшық еттерінің, ішкі мүшелерінің ерекшелігінен туындайды. Бірақ құрылымдық ерекшеліктерді ғана ескермей, адам миында өтетін жүйке процесстерінің жоғары сапасын, шартты-рефлекторлы қызметтің бүкіл айналымын ескеру маңызды. Одан әрі ақылдылық пен дарын жасырын, табиғаттан аманат етілген механикалық, пассивті қабілеттердің, қайсыбір «алтын қордың» ашылу нәтижесі емес екендігін есте сақтаған жөн. Биологиялық қордағының көбі әлеуметтік әсерлерге байланысты болады. Бұл әсерлердің сипаты, яғни күші, тұрақтылығы өте маңызды. Осының бәрі жүйке жүйесінің түрлерінің қалыптасуына нағыз тікелей қатысты болады және психиканың физиологиялық негізі болып табылатын шартты-рефлекторлық байланыстардың сапасын анықтайды.

Осы мағынада баланы тәрбиелеу мен оқытудың, оны еңбекке баулудың және тәртіпті, жүйелі еңбектің ерекше маңызы бар. Ғылымдағы не өнердегі данышпан туындылар күш салып еңбектенусіз болмайды.

« . . . Ғылым адамның бүкіл өмірін талап етеді, егер бізге екі рет өмір берілсе, ол да жетпес еді», - деген И. П. Павлов. Ғылым адамнан зор еңбекті, аса жоғары құмарлықты қажет етеді. Біз әдеби классиктердің туындыларын оқып отырғанда олардың табиғаттың жеке құбылыстарына өте әсерлі сипаттама беруіне, жеке кейіпкерлердің күйзелісіне психологиялық талдау жасауының шеберлігіне таң қаламыз. Егер біз ол туындылардың түп нұсқасын көрсек, олардың өте көп түзетулермен, қайта өзгертулермен шұбарланғанын көреміз. Көптеген танымал жазушылар мен суретшілер өз шығармаларының беттері мен суреттерінің эскиздерін бірнеше ондаған рет дұрыстап сызып, жазып, үлкен көркемдік шындыққа жеткілері келген. Мұның бәрі ауыр күш салып еңбектенудің нәтижесі, онсыз не өнер, не ғылым саласында данышпан туындылардың болуы мүмкін емес.

Белгілі бір адамның данышпандығы мен дарындылығында, шамасы, екі қасиет ұйқасады деп санау керек. Бір жағынан - бұл биологиялық қордың (табиғи аманаттың) жоғары сапасы, онсыз аса көрнекті қабілеттердің дамуы мүмкін емес, екінші жағынан - осы адамның алдына қойған мақсатына ұдайы ұмтыла отырып жүргізген өзін-өзі жетілдіру, өзінің қабілеттерін дамыту жұмысының саны мен сапасы.

Адамның миы сұр және ақ заттан тұрады. Сұр заты әртүрлі пішіндегі және өлшемдегі көптеген жасушалардан тұрады. Үлкен жарты шарлар қыртысында 14 миллиардқа дейін жасушалар болады. Мидың ақ заты әртүрлі құрылымдағы талшықтардан тұрады, талшықтардың бір тобы горизантальды, ал кейбір топтары радиальды (сәуле тәрізді) орналасқан.

Ми қанмен молынан қамтамасыз етіледі. Миды қанмен қамтамасыз ету қызметін атқаратын негізгі артериялар болып ішкі ұйқы және омыртқа артериялары табылады. Омыртқа артериялары омыртқаның мойын бөлігінің бойымен көтеріліп, үлкен желке тесігі арқылы бас қуысына кіреді. Оң және сол омыртқа артериялары мидың негізінде бір-бірімен қосылып, жұпсыз ми артериясын құрайды, оның бұтақтары ми жарты шарларының артқы бөлімдерін, мишықты, Варолиев көпірін, сопақша миды қанмен қамтамасыз етеді. Мидың негізінде мидың артқы артериясының бұтақтары мидың ұйқы артериясының алдыңғы бұтақтарымен бірігіп, сақина құрайды (Виллизий шеңбері) . Негізгі шеңберден үлкен мидың қалған бөліктерін, қыртыс асты құрылымдарын, мидың тереңдегі қабаттарын қанмен қамтамасыз ететін мидың алдыңғы және ортаңғы артериялары шығады.

Мидың сол жақ жарты шарының қан тамырлар торы көбірек дамыған, демек, ол қанмен жақсырақ қамтамасыз етіледі. Кейбір авторлар бұл жаймен сол жақ жарты шардың салмағының да оң жаққа қарағанда басым екендігін байланыстырады. Ересектерде бұл айырмашылық 12-15 граммға жетеді. Сол жақ жарты шарда ерекше маңызды сенсорлық және моторлық сөйлеу орталықтары орналасқан. Ал оң жақ жарты шарда бұл орталықтар табылмаған. Сондықтан бұрын оң жақ жарты шардың кейбір жерлері мылқау жерлер деп саналды. Қазіргі уақытта дауыс модуляциясының бұзылуы, сөйлеу ырғағының біркелкілігінің, музыкалық қабілеттердің бұзылысы (амузия) мидың оң жақ маңдай бөлімінің зақымдануы кезінде де пайда болуы мүмкін екендігі туралы мәліметтер бар (E. K. Cenn) .

Веналық қанның мидан кері шығуы жақсы дамыған веналар жүйесімен қамтамасыз етіледі. Веналық қан ағысының аздаған баяулауы бастың ішкі қысымының жоғарылауына әкеледі. Орталық вена бағанасы Гален венасы деп аталады, ол ішкі веналардан қан жинайды. Мидың көптеген веналары қанды қатты ми қабықшасының жапырақтарының арасында орналасқан вена қойнауларына немесе синустарына алып келеді. Мұндай қойнаулар саны 21, оның 5-еуі - жұпсыз. Синустар қанды мидан ғана жинап қоймай, көз шарасынан, құлақтан, мидың қатты қабықшасынан жинайды. Синустардан веналық қан үлкен мойындырық (яремная) венасына түседі. Артериялар мен веналардан басқа, мида сонымен қатар артериялардың соңғы тарамдалуы болып табылатын өте ұсақ тамырлар - капиллярлар болады. Капиллярлар прекапиллярларға және посткапиллярларға бөлінеді, прекапиллярларда қанның газ алмасуы өтеді, посткапиллярлар веналарға жиналады.

Мида арнайы лимфалық жүйе жоқ. Бұл жүйенің қызметін ми қарыншаларындағы ми сұйықтығы (ликвор) атқарады.

Мидың қарыншалары қуыс болып табылады. Әр ми жарты шарында бір-бір бүйір қарыншадан болады және аралық ми мен артқы мида бір-бір қарыншадан болады (үшінші қарынша және төртінші қарынша, немесе ромб тәрізді ойыс) . Бүйір қарыншаларда қан тамыр өрімдері орналасқан, оларға мидың ортаңғы артериясының тармақтары келеді.

Бүйір қарыншалардан жұлын сұйықтығы жіңішке каналдар арқылы үшінші, сосын сильвий су құбыры (водопровод) арқылы төртінші қарыншаға таралады. Жұлын сұйықтығының бір бөлігі орталық арна арқылы төмен қарай таралады. Жұлын сұйықтығының басқа бөлігі мишықтың астындағы тесік арқылы жұмсақ және тор тәрізді қабықша арасындағы кеңістікке, яғни ми мен жұлындағы қабықша асты (субарахноидальды) кеңістігі деп аталатын кеңістікке қарай бағытталады. Жұлын сұйықтығының жиналуы мишық астындағы жоғарғы цистернада және соңғы перифериялық нервтер («ат құйрығы») орналасатын төменгі цистернада болады. Цистерна жұмсақ және тор тәрізді қабықшалардан құралған. Мидың қарыншалары бір-бірімен байланысып қана қоймай, жұлынның орталық арнасымен де қатынасып жатады. Осының бәрі мидың қуыстарында ликвордың еркін айналуына мүмкіндік береді.

Ми сұйықтығы қалыпты жағдайда мөлдір, құрамында мынандай элементтер болады: калий, натрий, кальций, магний, фосфор, азот, оттегі және т. б. Одан басқа оқулу немесе нәрулу, қант, холестерин және аз мөлшерде лейкоциттер кездеседі. Ми сұйықтығының негізгі маңызы жүйке ұлпасындағы тініндегі осмостық тепе-теңдікті ұстап тұруда және жүйке жүйесін секіруге, жүгіруге және тағы сол сияқты кенет қозғалыстарға байланысты сілкінулерден қорғап тұруда болады. Бірқатар авторлар сұйықтықтың қоректік маңызын және мидағы зат алмасудың өнімдерін шығаруға қатысады деп санайды. Патологиялық жағдайда, мысалы қабыну процестерінде қатынасып тұратын тесіктер жабылып, сұйықтық ағып шыға алмай, бітеу қуыста жиналады да, миды қысады, ми өз кезегінде бас сүйегінің қабырғасын керіп, қысым көрсетеді. Егер бұл көрініс бас сүйегінің жеке сүйектері арасындағы жіктері әлі бітіспеген кішкентай балада болса, бас сүйектерінің арасы ажырап, бастың көлемі ұлғаюы мүмкін. Мұндай жағдай су ми (гидроцефалия) деп аталады.

Ми арнайы қабықшалармен қапталған. Үш ми қабықшасын ажыратады - сыртқы қатты қабық, ортаңғы өрмекші ұясы тәрізді торлы қабық және ішкі жұмсақ қабық.

Қатты ми қабығы тығыз дәнекер ұлпадан тұрады, құрылысы талшықты. Оның сыртқы қабаты бас сүйектерінің қабығы қызметін атқарады, ішкі қабаты ерекше бұтақтар құрап, белгілі бір аймақтарда ми затымен бітісіп, бас қуысында мидың дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді. Мидың қатты қабығының өсінділері веноздық синустарды құрайды.

Торлы қабық ми затын сыртынан жабады және борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады, қан тамырларына бай емес.

Жұмсақ ми қабығы жұқалтым дәнекер ұлпадан түзілген, қан тамырымен жақсы жабдықталған, және ми қыртысының жоғарғы бөлімдерімен бітіскен. Жұмсақ ми қабығының қан тамырлары қыртыстың жоғарғы бөлімдеріне енеді. Ми затына жабысып, жұмсақ ми қабығы ми қыртысының суретін қайталайды. Торлы және жұмсақ ми қабықтарының арасында жұлын сұйықтығымен толтырылған қабықша асты кеңістігі түзіледі.

2. Мишықтың қызмет

Варолиев көпіршесінің үстінде орналасқан тағы бір құрылымды көреміз - ол мишық. Мишықтың ішкі құрылымы ағаш бұтақтарын еске түсіреді. Мишықтың құрылысының өзіндік суреті оның құрамына кіретін сұр және ақ заттың айқасып өрімделуінен түзілген. Ішкі тілік жасағанда сильвий өзегімен өзара жалғасқан үшінші және төртінші қарыншалар қуысы қарастыруға қолайлы болады.

1-сурет. Мишық

Мишық ми сауытының артқы шұңқырында, Варолиев көпірі мен сопақша мидың артында, жарты шарлардың желке бөліктерінің астында орналасады. Ол құрт деп аталатын ортаңғы бөліктен және екі бүйір жарты шарлардан тұрады.

Мишықтың құрылысы мидың басқа бөліктері сияқты ақ және сұр заттан тұрады. Сұр зат пен ақ заттың өрілуі мишықта тарам-тарам бұтақты ағашты еске түсіретін керемет түр алады, осыған байланысты бұрынғы анатомдар мишықтың мұндай құрылысына «өмір ағашы» деген атау берді. Мишықтың қыртыс бетін анықтап қарағанда оның екі қабаттан тұратынын байқауға болады, ол өзіндік қатпарлар құрайды. Жасушаға кедей бірінші қабаты молекулалық деп аталады, ұсақ жасушалардан тұратын екіншісі дәнді қабатты құрайды. Осы қабаттардың арасындағы шекарада мишықтың өзіндік жасушалары орналасады, олар Пуркинье жасушалары деп аталады.

Бұл жасушалардың пішіні алмұрт тәрізді болады, олардан мишық ядроларына бағытталатын өсінділер шығады. Құрттың ақ затында ядроларды құрайтын сұр зат жиынтықтары орналасқан: екі жабынды, екі тығын тәрізді, тісті және бірнеше шар тәрізді ядролар. Мишық мидың әртүрлі бөліктерімен ми аяқшалары деп аталатын ерекше байланыстырушы құрылымдар арқылы қосылады, олардың үш жұбы болады. Жоғарғы аяқшалары тісті және жабынды ядролардан басталып, мишықты төрт қыратпен байланыстырады. Ортаңғы аяқшалары ақ заттың басым бөлігін құрайды, олар мишықты Варолиев көпірімен байланыстырады. Төменгі аяқшалары, басқаша айтқанда арқанша тәрізді денелер, оливаларға жақын орналасып, мишықтың сопақша мимен байланысу қызметін атқарады. Бұл байланыстардан басқа, мишық ми қыртысымен және жұлынмен ерекше өткізгіш жолдар арқылы байланысады. Мишық тепе-теңдіктің күрделі рефлекторлық функциясын атқарады. Бұл функцияны мишық басқа да құрылымдармен, соның ішінде ішкі құлақтың вестибулярлық аппараты мен ортаңғы мидың қызыл ядроларымен бірге жүзеге асырады. Вестибулярлық жүйке арқылы мишыққа дененің кеңістіктегі қалпы өзгерген кезде ішкі құлақтың жартылай иірім түтікшелеріндегі ерекше сұйықтық (эндолимфа) мен оның ішіндегі әк тәрізді түзілістердің (отолиттер) ауытқып қозғалуы нәтижесінде пайда болатын импульстар келеді. Жұлын-мишық жолдарымен төменгі аяқшалар арқылы мишыққа буындардың, бұлшық еттер мен сіңірлердің қалпының өзгеруі нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар жұлынның артқы бағаналарынан келетін бірқатар басқа да импульстер бағытталады. Мишықтың тісті ядросынан жоғарғы аяқшалар құрамында орталық мидың қызыл ядросына импульс апаратын жолдар кетеді. Қызыл ядролардан жұлынға импульс апаратын Монаков шоғыры шығады. Осылайша тепе-теңдіктің күрделі жүйесі іске асырылады, мұнда мишық белгілі бір бұлшық еттер тобы жасайтын әрбір ерікті қозғалысқа түзету енгізіп отыратын реттегіш мүше рөлін атқарады. Бұл түзетулердің механизмі мишықтың антагонист-бұлшық еттер топтарының қимылын іске қоса отырып, сонымен бірге әрбір қимылдау актісіне тән инерцияны алып тастауына сайып келеді.

Төртінші қарыншаның түбінде әртүрлі бағытта өтетін және шиеленіскен тор құрайтын талшықтардан тұратын ерекше құрылым орналасқан. Бұл тор қабатында жеке немесе топталған жасушалар жиынтығы орналасқан. Осы атап көрсетілген құрылым Торлы (ретикулярлық) деп аталады.

Ми жарты шарларының терең қабатында орналасқан бүйір қарыншалар бұл проекцияда көрінбейді, олар үшінші қарыншамен монро тесіктері арқылы жалғасады. Төртінші қарынша Мажанди және Лушка тесіктері көмегімен қабықшалар асты кеңістігімен байланысады. Ми қуыстарының бүкіл жүйесі жұлын қуысымен жалғасады. Осы жүйеде ликвор айналымы жүреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мидың жеке сипаттамасы
Үлкен ми сыңарларының қызметі мен бөлімдері жайлы
Ми туралы
Орталық жүйке жүйесінің жеке физиологиясы
Орталық жүйке жүйесінің туралы
Ортаңғы ми,артқы ми,сопақша мидың құрылысы мен қызметтері
Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары. Ми қыртысы, оның қабаттары
Мидың бөлімдері
ОЖЖ жеке физиологиясы, Мишық, ортаңғы ми және ретикулярлық формация, бас миының стриопаллидарлық жүйесі, базальды ганглиилер
Адам миының құрылысы және қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz