Мизансцена - режисердің көркемдеуші құралы



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Мәдениет және өнер институты

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Мизансцена - режисердің көркемдеуші құралы

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Әрекет сахна өнерінің негізгі мәнерлеуші құралы
1.1 Сахналық әрекет, оның түрлері, атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Сахналық этюдпен жұмыстағы образдық әсерді қолдану маңызы ... ... ... .8
2. Мизансцена туралы түсінік
2.1 Мизансцена, оның түрлері және атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Театрландырылған қойылымдардағы көркем-мәнерлеу құралдарын пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3 Кейіпкерсындылық өнер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланатын әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Рухани өнер және рационалды өнер. Театр өнерінің басты тұлғасы актердің рухани творчествосының шарықтауы театр негізі деп қаралатын қағида ұстанған өнер ошағында ғана өз көрермені болуы ықтимал.
Театрлық шығармашылықтың табиғаты адамның эмоциялық, интелектуалдық қабілетін дамытуға ықпал етуші, жан дүниесін байытып, құндылықтарын арттырушы ретінде көрінеді.
Театрдың рухани бастауы халықта. Халық өнерді қабылдағанда ғана театр сахнасының жұмысы жүреді.
Прогрессивтік, демократтық дәстүрдегі орыс театр мектебінің жалынды жарнамашысы және оны жалғастырып алып барушы К.С. Станиславский өз зерттеулері мен еңбектерінде тек орыс өнерінің зиялы қайраткерлері төңірегінде ғана шектеліп қалмай, шетел театры мәдениетінің қол жеткен жетістіктерін талмай зерттеді.
Театр өнеріндегі ең негізгі қозғаушы күш режисер. Ол кез келген драмалық шығарманы өзгеше сахналық творчествоға айналдырар импульс ретінде көрінетін бүтін театр шығармасын жасаушы. Ол - қойылымның көркемдік құрамының логикалық байланысын режиссерлық шығармашылық ниетімен сабақтастыра отырып актер және т.б. театрдың мәнерлеуші құралдарымен толықтырып, жаңа, көркем гармониялық рухани шындықты жасаушы.
Қазіргі театр - режиссер театры. Бүгінгі режиссер театрдағы ең бірінші адам. Ол - театр процесінің топбасшысы, театр ісін басқарушы және жүргізуші, яғни, театрдың шығармашылық келбетін, оның идеялық бағытын, репертуарлық саясатын, көркем стилін айқындаушы. Әрбір театр қойылымының тағдырын шешуші. Театр қойылымдарының рухани құндылығы көбіне режиссердің біліміне, дүниетанымына, көркем талғамына байланысты.
Мизансцена (фр. mіse en scene - сахнада орналасу) - актерлердің спектакль кезінде сахнадағы орны. Мизансцена - пьесаның идеялық мазмұнын бейнелі түрде көрсететін басты құралдардың бірі. Бір-бірін үздіксіз ауыстырып отыратын мизансценаларда кейіпкерлердің мінез-құлқы мен қарым-қатынастары айқындалады. Мысалы, тұрмыстық драма өмірдегі табиғи, қарапайым мизансценаны, ал көңілді комедия қимыл-қозғалысы мол, жеңіл мизансценаны қажет етсе, классикалық трагедия қатал да қатаң мизансценаны талап етеді. Мизансцена спектакльдің стилі мен жанрына қарай құрылады. Мизансценаның жүйесі арқылы режиссер спектакльге арнайы пластикалық форма береді. Мизансцена режиссердің ойын нақты жеткізіп, актерлердің жан дүниесін ашу арқылы спектакльдің талаптарына толық жауап беруі тиіс. Мизансценаның орындалу барысы театр суретшісінің жұмысымен тығыз байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты - Мизансценаның маңызын түсіндіру, оның атқаратын қызметін айқындау. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту.
Курстық жұмыстың міндеті:
oo драматургия мен режиссураға қатысты негізгі ұғымдарға сипаттама беру;
oo сахналық этюдпен жұмыста көрінетін театр элементтері мен мәнерлеуші құралдардың бар болуы, олардың атқаратын қызметі.

1.Әрекет сахна өнерінің негізгі мәнерлеуші құралы
1.1 Сахналық әрекет, оның түрлері, атқаратын қызметі
Көркемөнер творчествосы, оның ішінде сахна өнері - органикалық табиғи процесс десек, оның бірден- бір ең сенімді іргетас негізі- кәдімгі қарапайым әрекет. Бұдан шығатын қорытынды: кез келген әрекет - адамның ішкі тебіренісінің ізгі нәтижесі.
Пьесаны өз бетінше талдап түсіне алатын, шығарманың ұсынылған тосын жағдай арасында емін-еркін зор белсенділік пен әрекет ете алатын, өз жанынан өнер тудыра алатын саналы санаткер туралы асыл арман
К. С. Станиславскийдің бүкіл ғұмырын арнаған көкейкесті арманы болған. Өзінің творчествалық алғашқы кезеңдерінде ол актерлердің көнбіс әрі икемделгіш қасиеттеріне мән беріп, жоғары бағаланса, кейінгі кезеңдерінде икемделгіш қасиеттің зиян екенін, аталмыш сипаттың актердің өз бетімен жұмыс істеу қабілетін жоятынын түсініп, актер келісімпаздығы - өнер кінәраты екенін зерделеді.
Кейіпкермәнділік процесі - яғни әртістің ел алдында көзге көрініп ойын көрсетуі.
Кейіпкержандылық өнері - сахнада өмір сүру мен сезім процесінің сыртқы даңғаза қуатын емес өмір сүру мен сезім процесінің ішкі сапалық қасиетін бағалайды.
Театрдің екінші бір үлгісінің қабырғасын қалайтын, сахнада адамның рухани тіршілігін бейнелеуді мұрат тұтқан өнердің өзгеше бір ағымы - кейіпкерсындылық өнері немесе кейіпкерсындылық мектебі болып аталады.
Кейіпкерсындылық мектебі - аталмыш екінші ағым өкілдіктеріне К.С. Станиславский француз театрының үш абызы: аға Кокленді (1841-1909), Сара Бернарды (1844-1923), Муне-Сюллиді (1841-1916) жатқызады.
Кәсіпқойлық - пьесаның фабуласы мен сыртқы әрекетін ғана көрсетіп бақса, екінші ағым - рөл құштарлығы мен образдың үйде отырып өмір сүрген дайын үлгісін көрсетумен шектеледі.
Кейіпкержандылық және кейіпкерсындылық өнері тебіреніс, яғни сахнада өмір сүру процессі тән болса, кәсіпқойлық өнер үшін олар жат. Кәсіпқойлық өнер үлгісі кез келген рөлді бұрын табылған үйреншікті дайын пішіні мен таптауырын тәсіл тезіне салып, ойнағанды қалыпқа құйып дағдыланғандықтан тебіренім пен сезім тудыра алмайды.
Таптаурындылық қашан да қолдан табылатын нәрсе; әрі жеңіл, әрі оңтайлы, көп күш жұмсамайтын арнаға бұра тартуға ыңғайлы, бойға сіңген әдет сияқты, ал әдет болса - адамның екінші бір мінезі екені белгілі. К.С. Станиславский.
Режиссердің көрсетіп бергенін талғамай қағып алып қарап отыруға дағдыланған актердің мұндай жұмыс түрі творчество тудырмайды, оны белсенділіктен айырады, нәтижесінде өнерпаздың өнер жасаушы қабілеті - творчестволық процесі бұзылады. Осындай мысалдық құбылыстың өнерге қып-қзыл зиян екенін актерлер аңғармайды.
Үстел маңы жұмысы кезінде күллі творчестволық коллектив режиссердің көркемдік басшылығымен драмалық шығарманың ішкі идеалық арқауыына , стильдік ерекшелігіне , жанрлық табиғатына , кейіпкерлердің мінез- құлқы мен арақатынасына , сөз астарына , әрекет арқауы мер түпкі мақсатына терең бойлап, егжей- тегжейлі түк қалдырмай бақайшағына дейін шағатын. Мұндай тыңғылықты талдау мен тарқатулар сахналық туындының ішкі көркемдік әлеміне дендей еніп , оның идеалық әм әлеуметтік әуені мен мақсат - мұратын айқындауға мол мүмкіншілік тудырады. Үстел маңы кезеңінің ең бір артықшылығы - актерді өз кейіпкерінің ішкі әлеміне терең бойлап енуіне керемет қайырлы жағдай жасайтын. Бұл спектакль іргетасының берік болып, керегесінің керегесінің шайқалмауына кепілдік беретін.
МХАТ- тың осы жұмыс стилі еліміздегі ең ірі театрдан бастап, қатардағы көркемөнерпаздар үйірмесіне дейін үлгі болып қалыптасып, ұзақ жылдар бойы репетициялық процесс аталмыш тәсіл бойынша жүргізіліп келді.
Ұзаққа қойылатын үстел маңы кезеңінде бар ауыртпалықты режиссер өз мойнымен көтеретін болды. Пьесаны түсіндіретін де , спектакль шешімін айқындайтын да күллі кейіпкерлердің мінез - құлқын ашып беретін де , режиссер болғандықтан , жұмыстың белсенділік рөлі біржола көркемдік жетекшінің қолына көшіп, актер тұтынушы міндетін атқарушыға айналып қалды. Сөйтіп, пьеса мен ролге байланысты мәселенің бәрін актер емес, режиссер - жетекші жалғыз шешетін жағдайға жетті. Ал, сыпайылап айтқанда актер - режиссердің мойнына мініп алды. Актер атаулының көпшілігі үстел маңы репетициясының алғашқы күнінен бастап , ойнайтын рөлдерін режиссердің көрсетіп немесе ойнап бергенін ұнатады.
Пьесаны өз бетінше талдап түсіне алатын, шығарманың ұсынылған тосын жағдай арасында емін-еркін зор белсенділік пен әрекет ете алатын, өз жанынан өнер тудыра алатын саналы санаткер туралы асыл арман К. С. Станиславскийдің бүкіл ғұмырын арнаған көкейкесті арманы болған. Өзінің творчествалық алғашқы кезеңдерінде ол актерлердің көнбіс әрі икемделгіш қасиеттеріне мән беріп, жоғары бағаланса, кейінгі кезеңдерінде икемделгіш қасиеттің зиян екенін, аталмыш сипаттың актердің өз бетімен жұмыс істеу қабілетін жоятынын түсініп, актер келісімпаздығы - өнер кінәраты екенін зерделеді.

1.2 Сахналық этюдпен жұмыстағы образдық әсерді қолдану маңызы
Қазір режиссер театр көрерменіне әсердің жаңа сапасы, түрі ретінде образдық әсерді қолдануда. Режиссердің ойы, ниеті және режиссер тебіренісінің көрермен залына тіке апарар мәнерлеуші құрал ретінде, этюдтың атмосферасы, өлшем ырғағы, мизансценасы және этюд композициясы қаралады. Сахна уақытын кеңістіктен меңгеруге арналған этюдтың мақсаты, оқиға орны, жоспарлық қоршаулар, декорация және реквизитпен жұмысты жандандырып, музыка және дыбыс партитурасын қолдану арқылы оқиға атмосферасын айқын бейнелеу. Бейнелеу өнері шығармалары тақырыбына жасалған этюдтарда, студенттер алғаш автордың ойы ниетімен өз қиялдарын ұштастырады. Шығарма тақырыбының өзектілігі басты назарда болады. Тақырып не туралы деген сұраққа жауап беретін өмір аумағын қамтитын мәселелер шеңбері десек. Идея - шығармадағы көріністердің (оқиғалардың) өмір шеңбері - негізгі ойы. Қойылымның идеясын айқындауда қателеспегеніне толық сену үшін шығарманың басынан аяғына дейін өтпелі желі тәрізді өтер әрекет арқауы ретінде дамып отырған негізгі әрекетке шиеленіс туғызар қарсы әрекетті (контрдействие) кімдер қарсы жүргізіп отырғанын зерттеп көз алдына елестете білу режиссер үшін өте ұтымды процесс. Қазіргі театрда көрермен залында әсер өзгеріс үстінде. Сахна қорабының 4-ші жары қолданды.
Сахна өнері өміріге келіп, өріс ала бастаған көне дәуірімен бірге ілесе келген кәсіпқойлық актер өнері ұзақ кезең бойы өзгерместен өңдеусіз, түзетусіз күйде бір бағытта қарқындап өрістеумен келді. Күн асқан сайын дарынсыз кәсіпқой актерлер қатары құрттай құжынап, ал дарындылар саны күрт құлдырап азая берді, өйткені кәсіпқойлық - нағыз өнердің өрісін тарылтып, тұншықтыра бастады.
Егер кейіпкержандылық өнері актерден сахна алаңына аяқ салған сайын тың шешім, тың сезім соны ойын өрнегін, суырып салма немесе табан асты тауып кету сияқты ойын үлгісін талап етсе, кәсіпқойлық өнер актерден бір рет табылып, әбден қасаң болып қалыптасқан спектакль ойнаған сайын қайта-қайта қайталана беретін, көрерменді ығыр қылатын таптауырынға ұшыраған дайын ойын үлгісін ұсынады.
Кейіпкержандылық және кейіпкерсындылық өнері тебіреніс, яғни сахнада өмір сүру процесі тән болса, кәсіпқойлық өнер үшін олар жат. Кәсіпқойлық өнер үлгісі кез келген рөлді бұрын табылған үйреншікті дайын пішіні мен таптауырын тәсіл тезіне салып, ойнағанды қалыпқа құйып дағдыланғандықтан тебіренім пен сезім тудыра алмайды.
Кәсіпқой актер әр рөлді өз бетінше жеке дара сомдай алмайды. Сондықтан олар рөлін бұрыннан табылған таптауырын ойын бедері бойынша қалыпқа құйғандай етіп, жалаң сөздің өзін баяндап шыққанға мәз. Кәсіпқой актерлердің бір-біріне ұқсамайтын әр түрлі рөлдерді бір үлгіден шыққандай етіп сомдауға, сондай-ақ әр түрлі мінезді кейіпкерлерді де бір мінезбен өлшеп-пішуге тіпті сан қилы сезім иірімдерін бір қырлы сезіммен ғана өрнектеуге машықтанған арзан әдістері болады. Сол себепті олар сахнада шынайы толғаныс процесіне бара алмайды. Мұндай таптауырын трафареттік оңай әдістер актер творчествосының ең арзан, ең жеңіл, ең жабайы үлгісі болып табылады.
Театрлық шығармашылықтың табиғаты адамның эмоциялық, интелектуалдық қабілетін дамытуға ықпал етуші, жан дүниесін байытып, құндылықтарын арттырушы ретінде көрінеді.
Өнер туындыларының ұлылығы мен көркемдігі - түр мен мазмұнның органикалық тұтастығымен бағаланады. Түр мен мазмұн бірлігі творчестволық безбенге түскен жағдайда, әрқашан мазмұн таразы басында тұрады, өйткені түр - мазмұн мағнасын тасымалдаушы ғана , ол мазмұн бола алмайды. Өнерде түр - мазмұнды көрерменге жеткізуші тіл құралы рөлін атқарады. Ал - тіл шартты нәрсе. Тілді - шарттылықтан айыру - тілден айырылу болып табылады. Сондықтан түр шарттылығы - өнердің ажырамас органикалық сипаты. Түр мен мазмұн екі бөлек өмір сүре алмайды.
Түр - мазмұннан тыс оқшау өмір сүре бастаған түстан формализм басталмақ. Оның қауіптілігі де осы даралығында. К.С. Станиславский болса, өнерде - түр мен мазмұнның органикалық бірлігін жақтап , формалистериен өмір бойы аяусыз күрес жүргізді. Дәлелсіз нәрселердің барлығы - формализм деп аталады.
Ал натурализм дегеніміз - формализмнің тағы бір түрі.
Жалпы, өнердегі дерт пен кінәраттардың түп төркіні - формализм. Натурализм де , таптаурындылық та - формализмнен тарайды.
Мен натурализмді - формализмнің көзге көрінбей әрекет ететін сипаты дер едім -деп С.Михоэлстің айтуы тегін емес. Натурализм - білінбей іштей кеміретін өнердің өзегіне түскен жегі құрт сияқты қатерлі құбылыс.
Бір жолы табылып, біржола қалыптасқан түр арқылы кез келген рольдің мазмұнын сауатты түрде сахнадан баяндап беруді қәсіпқойлық өнерге жатқызамыз.

2. Мизансцена туралы түсінік
2.1 Мизансцена, оның түрлері және атқаратын қызметі.
Егер де режиссер спектакльді практикалық шешімде көрмесе ол режиссер емес. Әрине, ол спектакльді тап қазір түгел көруі мүмкін де емес. Дегенмен, алғашқы кезде кейбір бөліктері көрінуі айқын. Бұл жерде үзік-үзік мизанценалар пьесаны әрекет арқылы талдау үстінде анық көрініп тұратын драмалық өмір аймақтарының үлкен толық бөліктерін қамтиды.
Режиссер мизансценаны жасау үшін пьесаны бөлімдерге бөледі. Ол бөліктерге актерлер барлығы бірігіп ойнап шығатындай негізгі ойды қамтитын тақырып береді. Енді әр бөлікке оның негізгі ойын көрсететін мизансценалар жабады. Осындай мизанценаны біз негізгі деп атаймыз. Негізгі мизансценалар жалғасын тапқан кезде пайда болатын мизансцена аралық-өтпелі болып аталады.
Режиссердің құрған мизансценасының көркемдік қасиеті оның шынайылығында, мәнерлілігінде және қарапайымдылығында шынайылылықтың бұл мизансцена құр ойластырыла салған емес, сахнадағы адамдардың орналасуы өмірдегідей болуы керек. Жақсы, дұрыс образды мизансцена еш уақытта өзінен өзі туындамайды. Және оны жасау режиссердің басты мақсаты болмауы керек. Ол шығармашылық тапсырмалардың жиынтығының шешім нәтижесі ретінде көрінеді. Мұнда әрекет арқауын табу, актер образының тұтастығы, қатысушылардың жеке тән сезімі және әрекет-оқиға өтіп жатқан орын атмосферасы. Оның бәрін мизансцена жасайды,- деп жазады А. Д. Попов.
Мизансцена пьесадағы оқиғалар мен кейбір әрекет-көріністердің пластикалық образын көрсете отырып, ол көбіне спектакльдің басты ойын көрсететіндіктей жинақ-символға дейін көтерілуі мүмкін.
Мизансцена өмірдегідей болуы керек. Дегенмен, ол өмірдегідей, тұрмыстағыдай анайы, дөрекі, сүйкімсіз болмай өнердегідей көркем образды болуы міндетті. Кескіндеме өнерінің жетік үлгілерін мизансцена құрылуын үйренуге болады, яғни адамдар мен көпшіліктің орналасуының композициялық заңдылығы мен принциптерінің ұйымдасуын көреміз. Басты фигура, адам топтары, оқиғаны жетектеуші және адам топтары - адам -оқиға болып жатқан оқиғаны қабылдаушы, және оқиғаға қызығушылығы пластика арқылы көрінеді. Мыс: Христостың халыққа келуі, Күтпеген кездесу, Майордың үйленуі. Мизансцена болып жатырған оқиғаның мәнін, жанрын, автор стилін образды түрде көрсетуі керек.

2.2 Театрландырылған қойылымдардағы көркем-мәнерлеу құралдарын пайдалану
Бұқаралық мерекеде идеологиялық және эмоционалдық әсер құралдарының қолданылуы шарт. Олар бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ықпалымен мереке аясында көрермен эмоционалдық әсер алады. Алайда мерекені ұйымдастырушылардың барлығы жоғары мәнді эмоционалды нәтижелілікке жете алмайды. Теоретиктердің айтуы бойынша эмоциялар мен мазмұндар шығармашылық нәтижеліліктің негізі. Бірақ мамандар ол әдістерді жете игермейді. [1,181]. Мәнерлеу құралдары қойылымның палитрасын анықтайды. Ол ең алдымен жанды сөз, оны іске асыра алатын және іс-әрекетін беретін сезім, көңіл күй және адамдардың ой- жеткізетін бейнелер. Тек жанды сөз ғана сахна кеңістігі мен кез келген аудиторияда қарым-қатынас атмосферасын қалыптастырады. Одан басқа ол нақты ақпарат тасымалдаушы. Мерекелік іс-шарада ауызша өнер көрсету ұзақ уақытты алуы көрермендерді уақиға атмосферасына енгізу үшін, өнер құралдары әсерін толықтыру үшін қолданылады. Бұқаралық қойылым ерекшеліктері, сөзді өте орынды да аз қолдануды талап етеді. Ол ерекшелік сөзге аса қаталдық пен талапшылдық тұрғысынан мән беру. Оның визуалді баламасын табуға тырысу. Оны пайдаланған жағдайда көпмәнділік сипат беру. Іс-шараға қатысушылар өнер көруге эмоционалды дайын болғандары маңызды. Сондай-ақ көрсетілетін өнерді қабылдай алуға эмоционалдық дайындық та қажет. Театрландырылған қойылымдардың басқа көрсетілімдерден айырмашылығы осында. Қызықты кейіпкердің, сыйлы қонақтың, осы немесе басқа да бір іс-шараның кейіпкерінің сөзі -- әдетте бұқаралық іс-шараларының ажырамас бөлігі. Көпшілік қойылымдардағы жанды сөзді қолданудың кең таралған түрі -- жүргізушінің сөзі. Ол маңызды ойды білдіріп, эпизодтарды жалғайды. Театрландырылған қойылымның көрнекілік және эмоционалдық желісінің тартымдылығы жүргізушінің образдық шешімге сәйкес іс-шараның мазмұн-мәнін жеткізетін толыққанды кейіпкер ретінде қалыптасуына байланысты. Ондай жүргізуші ретінде жалпы немесе ұлттық мәдениетте танымалдыққа ие болған: туған жер, белгілі әдебиет кейіпкері, ел туы, т.б. жанды, жансыз образдар таңдалады. Театрландырылған қойылымдарда қара сөз ғана емес, поэтикалық сөз де уақиғаны сипаттауға, мәнді хабар жеткізу үшін қолданылады. Сонымен, көркем-мәнерлеу құрал ретінде сөзді деректі, публицистикалық және көркем-әдеби материал ретінде қолданылады. Көркем-мәнерлеу құралдар ретінде өнердің барлық жанрлары да қолданылады. Олар инсценировка, кинофильмнен үзінді, ән, музыка, би, т.б. көркемөнер номерлері болып қолданылады. Олар көркем образдық шешімі арқылы әсер етіп, уақиғаларды суреттеп, оның дамуын, тарихи тұрмыстық жағдаятын көрсетіп, бір сәт ішінде күрделі қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиожурналистиканың пішіндік бейнелеуші құралдары
ҚАЗІРГІ БАСПА ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: ТАЛАП ПЕН ТАЛҒАМ
Дыбысталған сөз - басты бейнелеуші құрал
Егемендік жылдардағы діни басылымдар ерекшелігі
Графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа
Абайдың романы
Кітап форматы мен терім алаңы
«Хорды дирижерлау пәнінің теориялық негіздері»
Фильм идеясын іздеу
«Үш қиян» баспасынан жарық көрген атақты адамдар хақындағы кітаптар ерекшелігі
Пәндер