Миорелаксанттар



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

"Жұқпалы емес аурулар және
морфология" кафедрасы

"Фармакология" пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
"Миорелаксанттар"

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж.

Мазмұны

І Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
ІІІ Негізгі бөлім
3.1 Жаңа дәрілік заттарға клиникалық зерттеулер жүргізудің әдістемелік жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
3.2 Дәрілік заттардың әсер ету механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
3.3 Холинергиялық заттар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3.4 Қаңқа бұлшық ету Н-Холинорецепторларын блоктайтын заттар кураре тәрізді заттар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3.5 Антидеполяризациялаушы миорелаксанттар (пахикураре) және деполяризациялаушы миорелаксанттар (лептокураре) ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...21
3.6 Миорелаксанттарды қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

І Кіріспе бөлім
Фармакология - медициналық жоғары оқу орындарындағы барлық мамандар үшін студенттердің оқуына қажетті пән, себебі бұл тірі ағза мен дәрілік заттардың арасындағы әрекеттесуді және әсерді зерттейтін ғылым және медицина пәндірінің ішіндегі ең қиыны болып саналады, себебі бұл салада он мыңға жуық химиялық қосылыстарды зерттейді. Солардың ішінде клиникада тек бірнеше онға жуық, жаңа, жоғары белсенді дәрілік препараттар қолданылады, олардың әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері анықталуда, кеңейтілуді немесе өзгертілуді.
Фармакология - дегеніміз дәрі-дәрмектердің шипалы әсерімен әр түрлі ауруларға қарсы және аурулардың алдын алу мақсатымен қолданылатын заттар туралы ғылым. Фармаки сөзі көне заманынан келе жатқан араб тіліндегі шипалы деген мағынаны білдіретін, емдік ретінде қолданылатын заттар болып табылады. Содан бері келе жатқан ол грек тіліне сіңіп кеткен фармакон сөзі, яғни дәрі және логос - ғылым деген мағынаны білдіреді. Фармакологияның ең басты міндеттері жаңадан алынған тиімді және қауіпсіз дәрілік заттарды іздестіру болып табылады.
Медицинада дәрі-дәрмектердің алатын орындары өте зор, ол ғылымдардың ішінде аралық қатынасқа ие, яғни тәжірбиелік және теориялық ғылым саласын байланыстырып, олардың дамуына ықпал етеді. Мысалы, теориялық ғылымдар саласын алсақ оған: физиология, биохимия, патологиялық физиология, органикалық және органикалық емес химиялар жатады, екінші жағынан клиникаға (хирургиялық, терапиялық т.б.) да қатысы бар.
Препаратты дәрігер ұтымды тағайындау үшін, қазіргі талаптарға сай фармакотерапияның жалпы принциптерін (стратегиясы мен тактикасын) жетік біліп, әрбір жағдайдағы нақты медициналық міндеттерді анықтай білу қажет. Белгілі бір науқасқа ДЗ тағайындау үшін, дәрігер, сол ДЗ жағымды және жағымсыз әсерлерін, оның әсері ұқсас басқа ДЗ артықшылықтарын, оның басқа ДЗ өзара әсерлесуін, қолдану тәртібін білуі қажет. Дәрігер-маманға бұл сұрақтарды шешуге клиникалық фармакологияның мәліметтері көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда әрбір дәрігер-маман белгілі бір дәрежеде клиникалық фармаколог болғаны дұрыс. Аса көрнекті, орыс терапевті Б.Е.Вотчал медицинаның бұл саласын науқастың жанындағы дәрігердің фармакологиялық ойлау жүйесі деп айтып кеткен екен.
Фармакотерапияның нәтижесі көп жағдайда дәрігердің фармакологиялық ойлау жүйесіне, эрудициясына, жинақтаған жеке тәжірибесіне байланысты.
Қазіргі таңдағы клиникалық фармакология ұтымды фармакотерапияны жүргізу үшін дәрігер ДЗ туралы мәліметтермен қоса, науқастың жеке ерекшеліктерімен оның сол препаратқа жеке реакциясын ескеруі қажет деп үйретеді.
XXI ғасырға медицина дәрілік заттардың (ДЗ) күшті арсеналымен аяқ басуда. Қазіргі таңда әлемдік фармацевтикалық өндіріс он мыңдаған препараттар шығаруда. Бірақ, сол дәрілік заттардың тиімділігі өте жоғары және оларды кеңінен қолдануға болады деп айта алмаймыз.
1930-40 жылдары ДЗ қарқынды өндірісі бастау алды. Бұл кезеңді фармакологиялық революцияның бастама кезеңі деп те атайды. Оған ықпал еткен жалпы ғылыми-техникалық өрлеу, атап айтқанда биология, физиология, биохимия, микробиология, химия және т.б. ғылымдардың жетістіктері.
1930 жылдары сульфаниламидтің (стрептоцидтің) бактерияларға қарсы белсенділігі алғаш анықталып, инфекциялық ауруларды химиотерапиямен емдеу эрасы басталды. Сульфаниламидтің соңынан нитрофуран, 4-оксихинолин, хиноксалин, хиналон туындылары өндіріске шықты. 30-шы жылдардың соңында аллергиялық ауруларды тиімді емдеуге қолданылатын, сонымен қоса, психотропты препараттардың алғышарты болып табылатын гистаминге қарсы синтетикалық препараттар өндіріліп шығарыла бастады. 40-шы жылдары антибиотиктер мен цитостатикалық препараттар пайда болып, 50-ші жылдары клиникалық психофармакология, 60-шы жылдары кардиофармакология үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қоса, бронхообструктивті ауруларды емдеу мүмкіндіктері кеңеюде, атап айтқанда β-адреномиметиктерді қолдану.
Миорелаксанттар - жүйке-ет талшығы синапсындағы Нм - холинорецепторларына таңдамалы әсер етіп, қаңқа бұлшық етінің қайтармалы параличіне әкелетін дәрілер. Бұл топтың дәрілерін анестезиологияда қолданады.
Кураре-Ориноко және Амазонка үндістерінің жебе ұшының уы жылан уы қосылған Itrychnos toxifera мен Chondrodendrontomtosum ағаштарының шырындарының және экстракттары қоспасы. Кураренің әсер етуші заты - d тубокурарин алколоиды.

ІІ Әдебиетке шолу
Ю.Б.Белоусова, М.В.Леонова (2002) фармокологияның қарқынды дамуының нәтижесінде әр түрлі жаңа препараттар, дәрі-дәрмектердің алынуы медицина салаларының дамуы мен қауіпті ауруларды тиімді емдеуге мүмкіндік берді. Мысалы, наркозға арналған жергілікті жансыздандыратын (кураре тәрізді, ганглио бөгегіштер, т.б.) дәрілердің пайда болуы әр түрлі ауыр хирург. операциялар жасауға жол ашты. Антибиотиктер мен сульфаниламидті дәрілік заттар бактериялық инфекцияларды, гормондық заттардың бөлініп алынуы эндокриндік ауруларды, химия-терапиялық дәрілік зат -- сальварсан мерезді, т.б. қатерлі ауруларды емдеуге мүмкіндік берді. Ал қуық асты безінің гиперплазиясында қолданылатын 5 альфа редуктаза тежегіші жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромына шалдыққан ауруларды емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттардың ашылуы нәтижесінде пайда болды. Иммунды депрессивті дәрілік препараттардың табылуы органдарды ауыстыруға жол ашты.
Ю.Б.Белоусов, А.И.Вялков, Д.Ю.Белоусов (2003) Фармакология фармацевтік химия (дәрілік заттардың химия құрамы мен химия қасиетін зерттейді) және фармакогнозия (өсімдіктер мен жануарлардан алынатын дәрілік шикізатты зерттейді), сондай-ақ токсикологиямен өте тығыз байланыста дамиды. Қазақстанда дәрілік өсімдіктер, минерал және малдан алынатын заттар әр түрлі ауруларды емдеу мақсатында ежелден қолданылып келеді. Қазақтар, ертеден дәрілік өсімдіктердің 200-ден аса түрін және олардың фармаколиялық әсерін білген, қымыз бен шұбатты (қ. Қымызбен емдеу) шипалы сусын ретінде пайдаланған.
В.Г.Кукеса (2004) Фармакологияның дамуына ықпалын тигізді. Қазақстан ғалымдарының ізденістері нәтижесінде жаңа дәрілік заттар: арглабин; цитопротекторлар: алхидин, рувимин, салсокалин, т.б. алынып, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ клиникалық тәжірибенің жаңа бағыты -- эпидемиол. Фамакология, экономикалық Фармакологияның көп спектрлі формулярлы жүйесі енгізілді.
К.Г.Гуревич (2005) дәрілік препараттар өндіріп, оларды тәжірибеде қолдану үздіксіз жүруде, бірақ бұл салада қол жеткізген жетістіктер кездейсоқ емес, бұл ғылыми-техникалық даму жетістіктерін қолдана отырып, арнайы бағытталған ізденістердің нәтижесі. Жаңа ДЗ шығару химиялық синтез, биотехнология, генді-инженерлік технология салаларындағы жетістіктерге байланысты мүмкін болды. Мысалы үшін, биотехнологиялық жолмен күрделі эндогенді қосылыстар және олардың аналогтары болып табылатын моноклональды антиденелер, колонияықпалдаушы факторлар, күрделі полипептидті қосылыстар алынса, гендік инженерия жолымен интерферондар, соматотропин, инсулині алынады.

ІІІ Негізгі бөлім
3.1 Жаңа дәрілік заттарға клиникалық зерттеулер жүргізудің әдістемелік жолдары
Қазіргі таңда дәрілік заттардың көптігіне қарамастан, тәжірибеге тиімділігі жоғары және қауіпсіз жаңа дәрілік заттарды іздестіру және енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды зерттеп, өндіріп, қолдану үрдістері бір-бірімен өте тығыз байланысты, сондықтан осы аталған салаларда қызмет етіп жатқан мамандар арасында түсіністік болуы қажет. Соған байланысты, бүгінгі таңда дәрілік заттарды іздестіру, зерттеу, өндіру және клиникада қолдануға қатысты үш баршаға танымал халықаралық кодекстер пайда болды.
GLP - good laboratory practice - сапалы лабораториялық зерттеулер (немесе тәжірибе) - бұл әдіс, жаңа дәрілік заттарды адамдарға қолданған кезде күтпеген қатерлі реакцияларды болдырмау үшін, оларды алдын ала әр түрлі жануарларда қолданып, қазіргі заманның талабына сай сапалы тексеру мен мұқият зерттеуді талап етеді.
GCP - good clinical practice - сапалы клиникалық зерттеулер (немесе тәжірибе) - бұл әдіс, сол зерттеулерді жүргізген кезде алынған мәліметтердің сапалылығы мен шынайылығына кепілдік беріп, адамдардың хұқын қорғайтын негізгі қағидалар мен талаптарды қамтиды.
GMP - good manufacturing practice - мемелекеттік органдармен бекітілген, дәрілік заттардың шығарылуын қамтамасыз ететін сапалы өндіріс.
GLP, GCP, GMP кодекстерінде енгізілген талаптар әлемдік қауымдастықта мақұлданған. Әлемнің көптеген елдері осы талаптарды, өздерінің дәрілік заттар туралы заңдарына енгізді. Бірақ, бұл талаптарды жүзеге асыру көп экономикалық шығынды қажет етеді, сондықтан да, көп елдердің аталған кодекстерді ұстануға мүмкіндіктері жоқ.
Клиникаға дейінгі зерттеулер
Жаңа ДЗ клиникаға дейінгі этапта зерттеудің мақсаты - олардың фармакологиялық қасиеттері мен тиімділігін, сонымен қоса, токсикалық қасиеттерін анықтау болып табылады.
Жаңа дәрілік заттарды адамдарға тағайындамас бұрын, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі, экспериментальды моделдер мен жануарларда жүргізілген клиникаға дейінгі зерттеулерде анықталуы қажет. Мұндай зерттеулерге келесі аталғандар жатады:
:: фармакологиялық;
:: фармакокинетикалық;
:: токсикологиялық.
Фармакологиялық зерттеулер
Фармакологиялық зерттеулер жаңа ДЗ негізгі әсерін, оның ағзадағы маңызды анатомиялық және физиологиялық жүйелерге әсерін және де әсер ету ұзақтығын анықтауға мүмкіндік береді.
Фармакокинетикалық зерттеулер
Фармакокинетикалық зерттеулер кезінде жаңа ДЗ сіңірілуі, ағзада таралуы, түрленуі және шығарылуы, сонымен қоса, олардың түрленуі салдарынан пайда болған метаболиттер туралы мәліметтер алынып, ДЗ уақыт аралығындағы фармакокинетикалық профилі анықталып, олардың мөлшерлеу тәртібін жасауға мүмкіндік береді.
Токсикологиялық зерттеулер
Токсикалық зерттеулер кезінде экспериментальды жануарлардың ағзасына препараттың зақымдаушы әсерінің сипаты мен қарқындылығы анықталады.
Токсикологиялық зерттеулер үш этаптан тұрады:
- бірінші этапта ағзаға ДЗ бір рет енгізгеннен соң дамыған жедел токсикалық қасиеті зерттеледі;
- екінші этапта ДЗ екінші рет немесе бір жыл бойы бірнеше рет қайталап енгізген соң дамыған созылмалы токсикалық қасиеті зерттеледі;
- үшінші этапта препараттың арнайы токсикалық қасиеттері - канцерогенділігі, мутагенділігі, эмбриотоксикалық және тератогендік қасиеттері, аллергенділігі, сонымен қоса, дәрілік затқа тәуелділік тудыру қасиеті зерттеледі.
Клиникалық зерттеулер
Клиникалық зерттеулердің мақсаты -- жаңа ДЗ терапевтік немесе профилактикалық тиімділігін бағалап, ұтымды мөлшерлеу тәртібін анықтап, оны қолдану схемасын құрастырып, басқа қолданылып жүрген препараттармен салыстыру.
Клиникалық зерттеулердің фазалары
Жаңа ДЗ клиникалық зерттеу бір-бірімен тығыз байланысты 4 фазадан тұрады:
:: клинико-фармакологиялық зерттеулер;
:: пилотты және бақылаулы зерттеулер;
:: ауқымды клиникалық зеттеулер;
:: препарат тіркелгеннен кейінгі зерттеулер.
I-ші фаза - клинико-фармакологиялық зерттеулер
I-ші фазада зерттеуге өз еркімен қатысқан сау адамдарда жаңа ДЗ фармакокинетикалық қасиеттері мен қауіпсіздігі нақтылы зерттеледі. Оның мақсаты - зерттелетін препараттың қаншалықты қауіпсіз екендігін, оның терапевтік әсерінің бар жоғын анықтап, мөлшерлеу тәртібін таңдаудың ұтымды негіздерін құрастыру. Зерттеуді өз еркімен қатысқан адамдарға жүргізеді. (5-10 адам).
Фармакокинетиканы ДЗ бір рет енгізген соң, содан кейін бірнеше рет енгізгеннен соң зерттейді. Фармакокинетикалық параметрлерді алған соң (жартылай шығарылу уақыты, АUС, таралу көлемі, жалпы және бүйректік клиренс), препараттың әр түрлі мөлшерлерін қолданғандағы фармакокинетиканың сызықтылығын, пероралды қолданылатын ДЗ фармакокинетикасына тағамның әсерін зерттейді.
Фармакодинамикалық зерттеулердің I-ші фазасында препараттың мөлшері мен әсері арасындағы өзара байланысты, ең төменгі эффективті мөлшерімен жоғары терапевтік мөлшердің әсер ету ұзақтығын анықтайды.
I-ші фазада жүргізілген барлық зерттеулер, препараттың жағымсыз әсерлерін анықтау үшін, мұқият бақыланып отырады. Егер, клиникаға дейінгі зерттеулер мен өз еркімен қатысқан сау адамдарға жүргізілген зерттеулер кезінде жаңа ДЗ қауіпсіздігі дәлелденсе, науқастардың арнайы популяциясында, мысалы үшін бауыр мен бүйрек қызметтерінің бұзылысы бар науқастарда, препараттың фармакокинетикалық қасиеттері мен қауіпсіздігін анықтау зерттеудің I-ші фазасында да жүргізіле береді.
II-ші фаза - пилотты және бақылаулы зерттеулер
II-ші фазаның мақсаты - 100 -- 200 адамнан тұратын науқастардың белгілі бір контингентінде жаңа ДЗ тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетіп, оптималды мөлшерлеу тәртібін анықтау.
II-ші фазада зерттеудің екі түрі жүргізіледі:
пилотты зерттеулер (II-ші a фазасы);
бақылаулы зерттеулер (II-ші b фазасы).
Пилотты зерттеулер ДЗ қосымша фармакологиялық қасиеттерін табу мақсатында жүргізіледі. Зерттеулер барысында осы бағытта жалғасқан бақылаулы зерттеулерді жүргізу қажеттілігі анықталады.
Клиникалық зерттеулердің II-ші фазасындағы бақылаулы зерттеулер ең маңызды болып табылады. Бақылаулы зерттеулерде, атында тұрғандай, емнің нәтижесіне әсерін тигізетін факторлармен байланысты қателіктерді болдырмауға мүмкіндік беретін, бақылау тобы болады (алғашқы жағдайын бақылау, плацебо-бақылау, белсенді бақылау).
Рандомизация - зерттеуге қатысатын адамдарды топтарға кездейсоқ таңдау әдісімен бөледі. Бұл әдіс топтарды статистикалық салыстырудың негізі болып табылады.
Кейбір жағдайда, бақылау тобы ретінде тарихи бақылау (ДЗ бұрын қолданғандағы алынған тәжірибе) пайдаланылады.
Бақылаулы зерттеулер ашық және жабық болып екіге бөлінеді.
Көп жағдайда тәжірибеде ашық әдіс қолданылады. Бұл әдісте дәрігерге де, науқасқа да, емдеу әдісі мәлім болады (зерттелетін препарат немесе салыстырылатын препарат).
Жабық әдіс екі жолмен жүзеге асырылады:
:: қарапайым жабық зерттеу;
:: екі жақты жабық зерттеу.
Бірінші жағдайда, қандай ДЗ қабылдап жатқаны, тек науқасқа ғана беймәлім болса, екінші жағдайда, науқас пен дәрігер екеуі де бейхабар, ал емнің әдісін, тапсырыс берген тұлға ғана біледі. Зерттеулерде жабық әдісті қолдану, субъекктивті факторлардың жоққа шығарылуына байланысты, зерттеу нәтижелерінің шынайылығын арттырады.
ДЗ әрбір тобына тиімділікті бағалау үшін, алдын ала міндетті түрдегі қосымша критериилер белгіленеді. Олар:
:: клиникалық;
:: лабораторлық;
:: инструментальды;
:: морфологиялық және т.б.
III-ші фаза ауқымды клиникалық зерттеулер
Ауқымды клиникалық зерттеулердің мақсаты - клиникалық тәжірибеге максимальды жақындаған жағдайда жаңа ДЗ тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы қосымша ақпараттарды алу болып табылады. Бұл зерттеулердің барысында қосалқы аурулары, қан айналым бұзылыстары, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылыстары бар науқастарда жаңа ДЗ терапевтік артықшылықтары, өмір сапасына әсері, сирек кездесетін жанама әсерлері, басқа ДЗ өзара әсерлесуі анықталып, фармакоэкономикалық аспектілері зерттеледі.
III-ші фазадағы ауқымды клиникалық зерттеулер стационарлық және амбұлаторлық жағдайларда, әр түрлі популяциядағы жүздеген, тіпті мыңдаған пациенттерге жүргізілетін ірі, көпшоғырланған, бақылаулы және бақылаусыз зерттеулерден тұрады.
III-ші фазадағы ауқымды клиникалық зерттеулер препараттың тіркеумен аяқталып, екі фазаға бөлінеді:
:: Ш-ші а фаза - тіркеуге дейінгі тапсырыс кезеңді қамтиды;
:: Ш-ші в фаза - тіркеуге тапсырысты бергеннен, препараттатың тіркелген кезіне дейінгі уақытты қамтиды.
Жаңа ДЗ жүргізілген клиникалық зерттеулердің нәтижелері Фармакологиялық комитеттің талаптарына сай толтырылып, нақты ұсыныс түрінде ұсынылады. Ұсыныстар клиникада қолдануға негізді болып табылады, егер препарат:
:: әсері ұқсас танымал препараттардан тиімдірек болса;
:: әсері ұқсас танымал препараттармен салыстырғанда қауіпсіз болса (бірак тиімділігі бойынша бірдей);
:: әсері ұқсас танымал ДЗ емдеген кезде ем нәтижесіз, ал жаңа ДЗ өз тиімділігін көрсетсе;
:: экономикалық тұрғыдан тиімді, емдеу әдісі жеңіл және дәрілік формасы қолайлы болса;
:: басқа ДЗ қосарлап қолданғанда, олардың токсикалық әсерін жоғарлатпай, тиімділігін арттырса.
IV -ші фаза - тіркеуден кейінгі зерттеулер
Жаңа препаратты қолдануға рұқсат беріп, медициналық тәжірибеге енгізген соң, ДЗ қолдану көрсеткіштерін кеңейтіп, тағайындау тәртібі мен емнің схемасын жетілдіру мақсатында, IV -ші фаза - тіркеуден кейінгі зерттеулер басталады. Бұл зерттеулер бірнеше жылдар бойы іске асырылады.
Әсіресе, бұл зерттеулер барысында жаңа ДЗ жанама әсерлері туралы ақпарат жинақтап, талдау жүргізеді. Сонымен қоса, жаңа препараттың бірнеше жылдардан кейін мәлім болатын, өмір сүру ұзақтына тиімділігі анықталады. Бұл зерттеулер бірнеше жүздеген және мыңдаған адамдарға жүргізіледі.
IV-ші фазаның бақылаулы зерттеулерінде науқастардың саны әр түрлі болуы мүмкін (жүздеген және мыңдаған) және екі түрлі болады:
:: ретроспективті;
:: проспективті.
Ретроспективті зерттеулерде ауру тарихындағы мәліметтер бойынша, бұрын қолданған әр түрлі ДЗ немесе емнің түрін зерттейді. Бұл зерттеулердің кемшіліктері көп, өйткені, зерттеу нәтижесіне әсер ететін және әсер етпейтін факторлары жүйеленбеген, науқастардың әр түрлі тобына жүргізіледі (рандомизациясыз жүргізілген зерттеулер).
Проспективті зерттеулер алдын ала жоспарланады (әдетете науқастарды жинамас бұрын) және де науқастар тобы дұрыс таңдалып, жалпы хаттамаға сәйкес жүргізіледі. Бұл аталған жайттар алынатын нәтижелердің шынайылығын арттырады.
Кейде бұл зерттеулер барысында алынған мәліметтер, ДЗ көзқарасты өзгертеді.
Мысалы, кейінгі жылдардағы әдебиеттерде флозеквиналдың жүрек жеткіліксзідігнде қолданылатын жағымды әсері туралы мәліметтерді жиі кездестіруге болады (бұл артериолалар мен веналарды кеңейтетін күшті вазодилятатор). Бірақ, ұзаққа созылған, көп шоғырланған, екі жақты жабық зерттеулерде, бұл препаратты қабылдаған адамдарда өлім жиілігі арта түскен.

3.2 Дәрілік заттардың әсер ету механизмдері
Дәрілік заттардың басым бөлігі ағзаның физиологиялық жүйелерінің қызметін өзгерте отырып, емдік әсер береді. ДЗ әсерінен ағзада өтетін әр түрлі физиологиялық үрдістердің жүру жылдамдығы өзгереді. Бұл үрдістердің тежелуі немесе қозуынан мүшелер мен тіндердің қызметі де соған сай төмендейді немесе күшейеді. Соның әсерінен аурудың себебі болған ағзадағы патологиялық үрдістердің ағымы да өзгереді де, бұзылған функция қызметтері де қалпына келеді, ауру симптомдары кері қайта бастайды.
Дәрілік заттардың әсер ету механизмдерінің келесі түрлері бар:
:: арнайы рецепторларға әсері;
:: ферменттер белсенділігіне әсері;
:: жасуша мембранасына физико-химиялық әсері;
:: тікелей химиялық (цитотоксикалық) әсері.
Дәрілік заттардың арнайы рецепторларға әсері
Жасуша рецепторлары - белгілі бір химиялық қосылыстарға таңдамалы сезімтал болып келетін, макромолекулярлы құрылымдар. ДЗ рецепторлармен әсерлесуі, жасушалар мен бүкіл ағзадағы физиологиялық өзгерістерге әкеліп, белгілі бір фармакологиялық эффект көрсетеді (кесте 1).

Кесте 1. Рецепторлар, олардың патогенетикалық маңызы және регуляторлар

Рецепторлар
Патогенетикалық маңызы
Рецепторлардың регуляторлары
α1-адренорецепторлар
Артериалды гипертензия (АГ)
α1-адреноблокаторлар (доксазозин, празозин)

Ұрық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы
α1-адреноблокаторлар (альфузозин, доксазозин, тамсулозин, теразозин)
β1-адренорецепторлар
АГ, стенокардия, жүрек жеткіліксіздігі
β1-адреноблокаторлар (атенолол, бетаксолол, бисопролол, метопролол)
β2-адренорецепторлар
Бронх демікпесі
β2-адреномиметиктер (сальбутамол, фенотерол, формотерол)
м1-холинорецепторлар
Асқазан және 12-елі ішектің ойық жаралы ауруы
м1-холиноблокаторлар (пирензепин)
Н1-гистамин рецепторлары
Аллергия
Н1-блокаторлар (астемизол, клемастин, лоратидин)
Н2-гистамин рецепторлары
Асқазан және 12-елі ішектің ойық жаралы ауруы
Н2-блокаторлар (ранитидин, фамотидин)
I1-имидазолин рецепторлары
АГ, метаболиттік синдром
I1-имидазолин рецепторларының агонистері (моксонидин, рилменидин)
АТ1-рецепторлар
АГ
АТ1-рецепторларының блокаторлары (лазортан, телмисартан, эпросартан)
IIbIIIa-тромбоциттердің рецепторлары
Тромбтардың түзілуі
IIbIIIa-рецепторлардың блокаторлары (абциксимаб, тирофибан)
Дофамин рецепторлары
Асқазан ішек трактісінің (АІТ) моторикасын реттеу
Дофамин рецепторларының блокаторлары (домперидон, метоклопрамид)
5HT3-серотонин рецепторлары
Лоқсу және құсу
5HT3-серотонин рецепторларының антагонистері (гранисетрон, ондансетрон)
5HT4-серотонин рецепторлары
Асқазан ішек трактісінің (АІТ) моторикасын реттеу
5HT4-серотонин рецепторларының агонисті (цизаприд)
5HT4-серотонин рецепторларының антагонисті (алосетрон)
μδχ-опиоид рецепторлары
Ауырсыну сезімталдығын реттеу
Агонисттер (морфин, фентанил)
Антагонисттер (налоксон, налтрексон)

АІТ моторикасын реттеу
Агонисттер (лоперамид)
ГАМК-А-бензодиазепинді рецепторлық комплекс
Үрейлі жағдайлар, тырысу синдромы
Агонистер (бензодиазепиндер)

Рецепторларға әсеріне байланысты ДЗ төмендегідей бөлінеді:
* агонисттер - рецепторларды тікелей қоздыратын немесе рецептор белсенділігін арттыратын заттар
* антагонисттер - арнайы агонистер қызметіне кедергі келтіретін немесе рецепторды тежейтін заттар
* біруақытта агонисттер мен антагонисттердің қасиеттеріне ие болатын заттар.
Антагонизмнің екі түрі бар:
* бәсекелі - егер, ДЗ мен агонистер арнайы рецепторлардың бір түріне бәсекелессе. Бәсекелес антагонистің әсерінен туындаған рецепторлардың тежелу үрдісін, агонистердің әсерімен қайтаруға болады (ДЗ немесе табиғи медиатор);
* бәсекесіз - егер, ДЗ арнайы рецепторларға қатысы жоқ макромолекулалардың басқа бөліктерімен байланысса.
Көптеген рецепторлар ДЗ нысана болып табылады. ДЗ рецепторлармен өзара әсерлесу сипаты (агонизм, антагонизм), фармакологиялық әсердің ұзақтығы мен қайтымдылығын сипаттайтын - байланысу күші, өте маңызды болып табылады.

3.3 Холинергиялық заттар.
Холинергиялық синапстарда (парасимпатикалық жүйкелер, преганглионарлы симпатикалық талшықтар,ганглилер,барлық соматикалық) қозудың берілуі ацетилхолин медиаторымен іске асады. Ацетилхолин холинергиялық жүйке ұшы цитоплаз-масындағы ацетилхоэнзим А және холиннен түзіледі. Ацетилхолинмен қоздырылған холинорецепторлар бірнеше фармакологиялық заттарға бірдей сезімталдық көрсетпейді. Осыған байланысты рецепторлар бөлінеді:
1) мускаринсезімталды, яғни М-холинорецепторлар.
2) никотинсезімтал, яғни Н-холинорецепторлар. Н-холинорецепторлар: - Вегетативті ганглидегі посганглионарлы нейронның постсинапстық мембранасы әрі симпатикалық жүйке жүйе,әрі парасимпатикалық жүйке жүйе. - Бүйрекүсті безі милы қабатының ынталануы (стимуляциясы) қанға эндогенді адреналиннің бөлінуіне әкеледі. - Синокаротидтік шумақшардың ынталануы (стимуляциясы) тыныс алу орталығын рефлекторлы қоздырады. - Қозғалыс нейронның ұштықтары, яғни қаңқа бұлшықеті холинорецепторларының ынталануы қаңқалық бұлшықет тонусының жоғарылауына әкеледі. - ОЖЖ-де (қозғалыс нейрондарының ядросында, сопақша мида және т.б. ) Парасимпатикалықжүйке жүйесімен нервтелген барлық мүшелерде бар: М-холинорецепторлар. - барлық тегісбұлшықетті мүшелер (ынталануы тонустың жоғарылауына әкеледі) барлық ішкі секреция бездері (ынталануы секрецияның жоғарылауына әкеледі) жүректің өткізгіштік жүйесі вагусты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанама әсері
Наркозға арналған заттар
Наркоздың түрлері
Антигистаминді препараттар
Белсенді әсер ететін заттар
Антихолинэстеразды заттардың сипаттамасы. Холиноблокаторлар. Андреноблокаторлар
Термореттеу орталығы, терморетгеу орталығының құрылымдық ерскшеліктері
Нейрохирургиядағы зерттеу тәсілдері
Наркоздың өту сатылары
Дәрілік заттардың әсерінің ағза қасиеттеріне тәуелділігі
Пәндер