Морфологияны оқытуда оқушылардың тақырыпты түсінгендігін жаттығу жұмыстары арқылы жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Морфология
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Қазақ тіліндегі морфология туралы жалпы түсінік
1.1 Қазақ тілі морфологиясының зерттеу аясы туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..5
1.2 Морфологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2. Сөз құрамын оқыту кезінде оқушылардың іскерлігін арттыру
2.1 Қазақ тілінде сөз құрамын оқыту мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..15
2.2 Морфология тақырыбына сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Мектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады. Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды.
Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді. Демек, оқушы Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету.
Жұмыстың өзектілігі:
Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі.
Морфологиялық ұғымдардың бұл қасиеттерін біліп, мәнін түсіну арқылы ойын дәл, жүйелі, анық жеткізуге, сауатты жазуға үйренеді. Морфологиялық ұғымдарды оқытуда оқушылардың өрелі ой- санасын ғылыми негізінде дамыту үшін, меңгерген білім дағдыларды тиянақты болу үшін сабақты түрлендіріп, үлестірме кеспелерді, көрнкті құралдарды, сызба- кестелерді қолдану.
Зерттеу мақсаты:Морфологияны оқытуда оқушылардың тақырыпты түсінгендігін жаттығу жұмыстары арқылы жүзеге асыру.
Зерттеу обьектісі: Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстыру.
Зерттеу міндеттері: Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасу.
Зерттеу пәні: Морфологияны оқыту кезінде оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру жағдайлары және әдістері мен тәсілдері.
Зерттеу болжамы:Морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыру.Оқушы білімін тиянақтауда жаттығу жұмыстарын жүргізу, жазба жұмыстарын алу кезінде оқушы жағдайын байқау.

1.1 Қазақ тілі морфологиясының зерттеу аясы туралы
Қазақ тілінде морфология атауы мен зерттеу нысандары түрліше аталып және анықталып келді. Сол басы даулы басталған мәселенің әлі күнге дейін шешімі толық табылды деп айта алмаймыз. Өткенге көз жіберсек, қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым А. Байтұрсынов еңбегінде морфология деген термин қолданылмайды, морфологияның зерттейтін объектілерін сөз тұлғасы, сөз мағанасы [1] деп береді. Яғни, ғалым нақты атап көрсетпесе де, этимология деп қабылдағанды дұрыс көреді. Себебі, оған дейінгі ғалымның негізге алған еңбектерінде кейде фонетика саласы грамматиканың бір бөлігі ретінде енгізілсе, морфология этимология деп аталып, оған синтаксистің кейбір элементтері де кіреді. ХІХ ғасырдың аяқ кезіне дейін этимологияны грамматиканың бір тарауы, оның нысаны - фонетика мен морфологияның негізгі ережелерін зерттеу деген түсінік қалыптасқаны белгілі.
Профессор Қ. Жұбанов морфологияны сөз құрылысы деп алып, сөз-сөздің қалай құралатынын жалпы түрде қарайтын ғылымды жалпы морфология дейміз [2,163б.] деп анықтама берсе, С. Аманжолов морфологияның қарайтын объектісі - сөздің құрылысы, құрамы, өзгерісі деп, оның себебі ‑ әр тілде жаңа сөз тудыру жолы әр түрлі [3, 66б.] деген уәж айтады. К. Аханов сөздердің морфологиялық құрылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары мен сөздердің лексика-грамматикалық топтары туралы ілім [4,269 б.] деген анықтама береді. 1967 жылғы Қазақ тілінің грамматикасы (І бөлімінде) және Қазіргі қазақ тілі оқулығындағы А. Ысқақовтың сөз және оның формалары туралы ілім [5,10 б.] деген анықтамасы қазіргі таңда негізгі бағдар ретінде қолданыста. Бұл оқулықтың морфологиялық зерттеулердің көш басында тұратын еңбек екендігінде күмән жоқ. Онда сөз және оның морфологиялық құрылымынан бастап, сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары, сөз формалары мен олардың жасалу тәсілдері, сөз таптары мен олардың жасалу тәсілдеріне қатысты мәселелер ғылыми тұжырымдар арқылы нақты көрсетілген.
Н. Оралбай тілдің морфологиялық құрылысын зерттейтін, яғни сөздің грамматикалық түрлену сипатын зерттейтін ғылым [6, 4б.], Т. Сайрамбаев Морфология - әрбір тілдегі сөз таптары туралы ғылым, ол тілдегі бүкіл сөздердің мағыналық жиынтығы, ол он сөз табына қатысты сөздердің ішкі құрамын зерттейді, Б. Қасым морфема ретіндегі сөз және сөздің формалары, сөз тұлғаларын білдіретін грамматикалық мағыналар туралы ілім [7,197 б.] деген анықтама береді.
А. Салқынбай Сөз құрамы терімсөзін (термин - автор) морфологияның баламасы ретінде қабылдап, оған ерекше терімдік мағына береміз. Сөз құрамы - сөз таптарын біріктіретін, олардың грамматикалық тұлғалары мен категорияларын, сөздің тұлғалануын зерттейтін грамматиканың бір саласы [8,198-199 б.] деп жаңа балама ұсынады.
Морфология грек тіліндегі morphe - форма және logoz - ілім деген мағынаны білдіреді. Яғни, сөз формасы, тілдің морфологиялық құрылысын зерттейтін ғылым. Тілші‑ғалымдардың анықтамалары бойынша, тіл білімінің морфология саласы сөздерді жеке алып қарастырмай, оларды жалпы алып, сөз топтарына топтастырып, әр сөз табының өзіне тән грамматикалық ерекшеліктерін қарастыратын ғылым. Жеке дара тұрғандағы сөздің лексикалық мағынасы болғанымен, басқа сөздермен байланысқа түсуі үшін грамматикалық мағынаны қажет ететіні белгілі. Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да сөздердің байланысуынан анық аңғарылады. Екеуінің де обьектісі - сөз. Морфология осы сөздердің формасын, яғни, сөздің негізгі түбірін, сөздің түрлі қосымшалар қосылғандағы түрлерін, сөз тіркестерін тексеретін ғылым. Сонымен қатар, тілдегі сөздердің атқаратын қызметтеріне қарай топтарға бөлу, әр сөз табына тән категорияларды анықтау міндетін де қоса атқарады.
Десек те, соңғы кезде морфологияның зерттеу аясы тарылып барады. Морфологияның зерттеу нысаны болып табылатын қосымшаларды сөзжасамға бөліп, ал жалғауларды синтаксистің үлесіне тиесілі деген пікірлер бой көтеріп келеді. Осы мәселеге қатысты профессор‑ғалымдар да өз күмән‑күдіктерін де жариялаған болатын.
Профессор Б. Момынова Соңғы жылдардағы ғылымның дамуына сай сөзжасам сала ретінде жеке бөлініп шықты. Жеке сала болып таныла бастаған сөзжасамның аналитикалық, синтетикалық және лексика‑семантикалық тәсілдері осыған дейін жекелеген сөз таптарының грамматикалық сипатын тудырушы амалдар ретінде, мысалы, қосымшалар арқылы туындауы (синтетикалық) және сөздердің қосарлануы, бірігуі, тіркесуі (аналитикалық) жеке сөз таптарының аясында қарастырылды. Яғни есім сөздерден етістік тудыратын қосымшалар немесе етістіктен зат есім, сан есім, т.б. жасайтын жұрнақтар, есім сөздерден зат есім, сын есім, үстеу тудыратын жұрнақтар, т.б. сөз таптарына байланысты ескерілді. Сонымен бірге сөз мағынасының кеңеюі, тарылуы, ескі мағынасының мүлдем жойылып жаңа мән иеленуі, трансформациялану нәтижелері лексика деңгейінде тіліміздің сөздік қорының лексикалық деңгейде баюы деп танылды, әлі де солай деп саналғанмен, осыған дейінгі морфологияға байланысты принципті түрдегі ұстанымдар (сөз тудырушы жұрнақтарға, сөз таптарының жасалу жолдарына, т.б. қатысты) айқындығын жоғалтқандай әсер тудыра бастады [9, 6 б.] деп сөздерді сөз топтарына бөлудегі үш принциптің бірі - морфологиялық принциптің бағдары өзгеріп бара жатқандығын айтса, профессор Т. Сайрамбаев Морфология: кеше, бүгін атты мақаласында: Жұрнақ түбір күйіндегі сөз таптарының аясын кеңейтуші, жаңартушы, олардың санын көбейтуші қасиетімен ерекшеленеді. Жұрнақтардың осындай қасиеті бола отырып, сөзжасам пәнінің дүниеге келуі морфология саласына үлкен қиындық тудыруда. Солай болатын болса:
1. морфология саласының аясы тарылады;
2. морфология қосымшалардан тек жалғаулармен ғана шектеледі;
3. зат есімнен зат есім, басқа сөз табынан зат есім тудыру мәселесі ескерусіз қалды.
4. басқа сөз таптары да осылай;
5. бір сөзде, мысалы білімсізге - сөзіндегі қабаттасып келген жұрнақтар бұл сөзден алынып, сол сөздің түбіріне тек жалғау жалғасақ қандай күйге түспек?
6. жұрнақсыз әр сөз табына қатысты сөздер не болмақ ?
7. жұрнақсыз әр сөз табының не болатынын ойлау керек. Сонда қозылы қойдан қозысын ажыратқан кезде екеуінің маңырағанындай, әр сөз табы өзінің аясын көбейтуші жұрнақтардан мүлдем қол үзбей ме?
Ал осыдан сөзжасамнан не ұттық? [10, 232-233б.] деген мәселені ашық қойып, қосымшасынан айырылған морфология саласының келешегіне жанашырлық танытады. Ғалымдар бұл мәселені орынды көтеріп отыр. Қазіргі таңда күмәнді мәселенің басы ашылмаса, морфологияның келешегі де, зерттеу нысандары да бұлыңғыр болып, ертеңгі ұрпақ алдында көптеген сұрақтарға жауап таба алмауымыз мүмкін.
Кезінде Ы.Е. Мамановтың: Қазақ тілінің, басқа түркі тілдері сияқты, сөздерінің морфологиялық құрылысын тануда ең басты роль атқаратын оның алуан түрлі аффикстері болып саналады [11] деген пікірі қазір де негізге алынғанымен, одан бергі жылдарда сөздердің морфологиялық құрылымы, олардың сөз тудыру, форма тудыру тәсілдері мен жүйелері өздерінің даму процесін бастан кешірді.
Қазақ тілінде жазылған грамматикаларда, атап айтсақ, 1967 жылы жарық көрген академиялық "Қазақ тілі грамматикасында" сөз тудыратын, сөз түрлендіретін, сөз жалғастыратын қосымшалар деп берілсе, А. Ысқақов[5], Т. Аханов[4], А. Қалыбаева (жұрнақ, жұрнақша, жалғау) [12] т.б. ғалымдар еңбектерінде, сол сияқты қазақ тілі морфологиясы бойынша жазылған еңбектерде қосымшалар сөз тудырушы, форма тудырушы, сөз байланыстырушы болып үш топқа бөлінеді. Ы. Маманов, С. Исаев сөз тудырушы және форма тудырушы (жалғаулар, жұрнақтар) [13] деп екіге жіктейді. Н. Оралбай грамматикалық мағыналы қосымшалар (жалғауларды, грамматикалық жұрнақтарды жатқызады) мен сөзжасамдық қосымшалар (сөзжасамдық жұрнақтарды жатқызады) [6, 5б.], деп жіктесе, А. Салқынбай қосымшаларды негізгі мазмұны мен ішкі мағынасына қарай сөз тудырушы және тұлға тудырушы деп бөледі де, сөз тудырушы тұлғалар атау жасау қасиетіне ие болғандықтан, сөзжасамдық мағына бар болғандықтан, сөзжасам саласының зерттеу нысаны ретінде морфологияда қарастырылмайды деп есептейді. Тұлға тудырушы қосымшаларды қызметі мен ішкі грамматикалық ерекшеліктеріне байланысты былай жіктейді:
Лексика-грамматикалық тұлға тудырушы қосымшалар (сын есімнің шырай жұрнақтары, рең мәнді жұрнақтар, сан есім жұрнақтары, салт-сабақты етістік, етіс, болымды-болымсыз етістік категориялары);
Грамматикалық тұлға тудырушы қосымшалар: рай, шақ, жақ тұлғалары; зат есімнің жалғаулары (септік, көптік, тәуелдік), жіктік жалғауы;
Қызметтік мән туғызушы қосымшалар: қимыл есім, есімше, көсемше;
Қос қызметтегі (қос функциялы - Е. Шаяхметов) тұлға тудырушы қосымшалар [8, 214 б.].
Демек, ғалымның пікірінше, жоғарыдағы тұлға тудырушы қосымшалар морфологияның үлесіне тиеді де, сөзжасам негіз сөздің мағынасы арқылы жаңа туынды атаудың жасалу жолдары мен тәсілдерін анықтайды. Морфологияда негіз сөз сөздің түбірі делініп зерттелсе, сөзжасамда сөзжасамдық тұлға ретінде айқындалады. Яғни, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық тізбек бойынша қарастырылады, оның өзіндік ұғымдары, бірліктері бар сала. Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз. Ал туынды сөз морфологияның зерттеу нысанына айналған қосымшалар арқылы да жасалады.
Бұл мәселе сөздердің грамматикалық категорияларына қатысты. Мысалы, сан есім, есімдік, үстеу т.б. сөз таптарының грамматикалық категориясы болмауы мүмкін, себебі, бұл сөз таптары белгілі парадигмалық жүйеге бағынбайтын, грамматикалық, тұлғалық түрлері жоқ сөздер. Ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары - зат есім, сын есімнің сапалық түрі, етістік. Таратып айтар болсақ, зат есімнің сан‑мөлшер (көптік) категориясы, сапалық сын есімнің шырай категориясы, етістіктің салттылық‑сабақтылық категориясы, етіс, рай, шақ, жақ категориясы. Байқап отырғанымыздай, грамматикалық категориялардың түрлену жүйесі біркелкі емес. Олардың морфологиялық көрсеткіші болып табылатын грамматикалық тұлғалары бірде таза грамматикалық мағына үстеп тұрса, бірде лексика‑семантикалық сипатқа ие болып тұр.
Ал тіліміздегі көптік, септік, тәуелдік жалғаулары түбір білдіретін грамматикалық заттық мағынаға ешбір нұқсан келтірмей, сандық, мөлшерлік, меншіктілік т.б. мағыналар үстеп, сөйлемді байланыстыру қызметін атқарады. Соңғы қызметіне қарап ол жалғауларды синтаксис саласының зерттеу нысанына беру керек пе, жоқ па деген ой да қылаң беріп қалады. Қазақ тілі грамматикасының көшбастауы болған еңбектерде жалғауларды синтаксисте қарастыруы да ойланарлық жағдай.
Қорыта келгенде, морфологияда басы ашылмай жатқан мәселе жетерлік. Мақаламызда морфология саласына, оның зерттеу нысанына қатысты ғалымдардың айтқан ой‑пікірлерін, тұжырым, қағидаларын қайта қарауды, тереңірек зерттеуді қажет ететін тұстары бар екендігіне көз жеткіздік.
1.2 Морфологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар
Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі -- сөздерді белгілі бір сөз таптарына тәндеп бөлу. Сөз таптарының айқындалуына 30-жылдары ерекше үлес қосқан ғалымдар: Ахмет Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов. 40-50- жылдары морфологияның әрбір жеке мәселелері арнайы жүргізілетін күрделі монографиялық ғылыми - зерттеудің объектісіне айналады да, осы зерттеулердің негізінде кептеген көлемді еңбектер жарыққа шығады. I. Кеңесбаев, А. Ысқақов, К. Ахановтардың жыл сайын шығып отырған орта, орталау мектептерге арналған "Қазақ тілі грамматикасы" мен Н. Сауранбаевтың педучилищеге арнаған "Қазақ тілі" (1948) және жоғары оқу орындарына арналған "Қазіргі қазақ тілі" (1954) атты көлемді еңбектерімен қатар, морфологияның жеке сөз таптарын әр жақты баяндауға арналған морфология Балақаевтың "Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері", А. Ысқақовтың "Қазақ тіліндегі үстеулер", Ғ. Мұсабаевтың "Сын есімнің шырайлары", Ә. Хасеновтың "Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер", Р. Әміровтың "Қазақ тіліндегі шылаулар", Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі одағайлар" т. б. зерттеулерін айтуға болады. 60-жылдары мұндай еңбектер саны жағынан да, тақырып жағынан да молая түсіп, жеке сөз таптарына байланысты тағы да көптеген жеке зерттеулер: Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер" (1960); Ж. Шакеновтың "Қазақ тіліндегі сын есім категориясы" (1961); Ә. Ибатовтың "Қазақ тіліндегі есімдіктер" (1961); Ә. Төлеуовтың "Қазақ тіліндегі есім категориясы" (1963) атты еңбектері жарық көрді. Бұлардың бәрінде де әр түрлі сөз таптары өзіндік лексико-грамматикалық ерекшеліктері тұрғысынан әр жақты талдауға түседі. Морфология мәселелеріндегі бұрын-соңды жетістіктердің бәрін жинап, оны жүйелі тәртіпке келтіріп, теориялық тұрғыдан ғылыми бір ізге түсіріп баяндаған күрделі еңбек 1967 ж. Қазақ КСР ҒА "Ғылым" баспасынан шыққан "Қазақ тілінің грамматикасы" болды. Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі -- сөз формаларын зерттеу. Сол себептен сөз формалары жайындағы зерттеу сөздердің түрлері жайындағы қандай да болса ережелердің бәрін түгел қамтып, сөздерді морфологиялық категориялардың қандай түріне жатқызу және оларға тән формаларды анықтау сияқты заңдылықтарды да қамтиды.
Қазақ тілінде сөз формалары, әдетте, лексика-грамматикалық , не лексикалық-семантикалық мағыналарды тудырудың нақтылы тілдік жамылғышы болып келеді. Сөздердің формалары негізінен екі түрлі тәсіл арқылы жасалады: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсіл. Сөз формаларын жасаудың бұл амалдарын зерттеп анықтау, әрине, қазақ тіл білімінде бірден қалыптасып кете қойған жоқ. Кеңес дәуірінің алғашқы кезінде бұлар тек сөз жасаудың морфологиялық тұрғысынан ғана қаралып келсе, бертін келе, атап айтылмағанмен, синтаксистік тәсілдің де ескеріле бастағаны байқалады. Қазақ тіліндегі сез жасаудың синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсілдері 50-жылдары практикалық та, теориялық та тұрғыдан әбден қалыптасып орнықты. Сөйтіп кейбір күрделі еңбектерде ол сөз жасаудың тиянақталған негізгі амалдары ретінде ұсыныла бастайды да, жеке ғылыми мақалалық зерттеулер объектісіне көшеді.
Сөз формаларына қатысты негізгі мәселердің бірі -- сөздерді түр-тұрпатына, тұлғаларына қарай айыру. Сөздерді бұлайша айқындау кеңестік дәуірдегі қазақ тіл білімінде алғашқы күндерден бастап-ақ оқыту ісіне арналған грамматикалар мен оқулықтар жүйесінде дараланып көрсетіле бастаған. Ал оның ғылыми талдау жасалып, тілдік зерттеу негізінде теориялық анықтамаға ие болуы 30- жылдардан бастап айқындалған деп айтуға болады. Сөз тұлғасы (немесе сөздің түрлері) жайында еңбектер сан жағынан көп емес. Бул мәселе жөніндегі арнайы пікірлерді біз Қ. Жұба-нов, А. Ысқақов, Ә. Қайдаровтың еңбектерінен кездестіреміз. Аталған ғалымдардың сөз тұлғалары (түрлері) жайындағы пікір жүйелері негізінде бірдей, бірақ сөз тұлғаларын іштей жіктеу және оларды атау жақтарына келгенде, аздап айырмашылық барлығы аңғарылады. Сөздердің жеке-жеке тұлғалары (түбір сөздер мен күрделі сөздер) жайында мынаны айтуға болады.
1. Сөздердің негізгі тұлғасының бірі -- түбір сөздер туралы ойлар кеңестік дәуірдегі барлық оқулықтар мен грамматикаларда кездеседі. Түбір сөз туралы пікір алшақтығы немесе өзгеше сипаттау әдеті кездеспейді. Оның анықтамасы Қ. Жұбановтың "Сөздің түбірі қосымшасыз өзі ғана тұрса, түбір сөздер дейміз" деген ережесінің негізіне құрылған. Бұған қосылған ұғым -- туынды түбір, яғни әр түрлі жұрнақтар арқылы негізгі түбірден өрбіп табылған сөздер жайындағы түсінік.
2. Сөз тұлғаларының ең бір күрделі және соншалық қиын түрі -- күрделі сөздер мәселесі. Күрделі сөздердің жеке тараулары (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер) жайы Кеңес дәуірінің алғашқы кездерінен бастап-ақ тек оқулықтар емес, сонымен қатар жеке ғылымы мақалалық зерттеулер объектісіне айналды да, 40-50-жылдардан бастап ішінара диссертациялық зерттеу тақырыбына көшті. Бұл зерттеулердің бәрінде де зерттеулер жүйесінің көлемі және мақсатына байланысты кездесетін ерекшеліктер болмаса, жалпы принципті мәселелер туралы пікір алшақтығы байқалмады. Бірақ жалпы алғанда, қазақ тілі білімінің күрделі сөз мәселесі толық шешіліп болған жоқ. Мысалы, осы уақытқа дейін күрделі сөздердің іштей грамматикалық мағынаны тудыратын түрлерінің өзара жігі айқындалып, тұрақты бір межеге тіркелмей келеді. Күрделі сөздердің ішінде біріккен сөздер үнемі лексикалық жаңа мағына тудырып отыратынына дауа жоқ. Бірақ кез келген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz