Мөрлердің пайда болуы және олардың түрлері



Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Мөрлердің пайда болуы және олардың түрлері

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж.

Жоспары

Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақ даласында мөрлердің пайда болуы
2. Мөр ұғымы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі "...Мөрдiң бедерi қағазға қара бояумен түсiрiлiп отырған, жазу мөрдiң табанына ойып салынған болғандықтан, оның басқанда түскен бедерi тiптi айқын болмай көмескi болып түсiп отырған. Әсiресе, диаграфиялық белгiлерiн айыру қиын. Мөрлердiң үлгiсi миндаль сияқты сопақ, дөңгелек, шаршы және сегiз қырлы келедi. Миндаль сияқты мөрлердi қашан да болса сұлтандар мен қожалар ұстаған, тек ерекше жағдай ретiнде ғана бұл мөрлерге бидiң ғана немесе мырзаның аты ғана жазылған. Көрнектi зерттеушiнiң жазғанындай сол кезеңдерден сақталынған мөрлердiң көбi хан, сұлтандардiкi миндаль, сопақша болса, қожа мен ишандардың мөрлерi де соларға ұқсас. Ал қара қазақтан шыққан билер мен батырлардың мөрлерi дөңгелек, қырлы болып келедi. Менiң назарыма iлiккен мөрлерде Әбiлхайыр хан, Қайып хан, Шөмекей тайпасының бас биi болған Кетебай Жолайұлының мөрi хиджра жылымен жазылған. Осы әулеттен Өтетiлеу, Пiрәлi билердiң (1794, 1830, 1860 жылдарда жасалған) мөрлерi сақталынған. Сонымен қатар есiмi үш жүзге тараған Ресей өкiметiне "ғазауат" соғысын бастаған Керей Марал ишан Құрманұлының мөрi де бар. Ырғыз өңiрiн билеген, 1834 жылы Бұхараға сапар шеккен орыс офицерлерi П.П.Демезон, И.В.Виткевичке жолбасшысы болған Алмат Тобабергеновтың 1875 жылғы, Сыр елiнде (Арал өңiрiнде) хан болған Бекмырза Әлдеевтiң 1857 жылғы, Жақайым Жетес бидiң 1874, Қаракете Бекмырза Еркiнбаевтың (1866), 1852 жылғы батыр Тоғанас Бәйтiкұлының, Сарғасқа Ерболат Талқанбайұлының (1866), Сарыбай Сәдiрдiң 1866 жылғы, Жаппас Жанғабыл Төлегеновтың тағы басқалардың 30-дан астам мөрлерiнiң көшiрмесi жинақталынған. Орынбор, Ташкент, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мұрағат қорлары құжаттардағы мөрлердiң бiтiм-пiшiмi, көлемi, орналасу тәртiбi жоғарыда ғалым, зерттеушi М.П.Вяткин айтқандай болып шығып отыр. Демек заң жүзiнде заңдастырылмаса да өлке басқарушыларының ықпалы болғаны аңғарылады. Дегенмен мөрлердегi жазулардың көбiсi аты мен тегi жазылса, Кетебай би мөрi хиджра жылымен белгiленсе, Жаппас Байсақал керуенбасының баласы Ахметтiң мөрiнде былайша жазылған: "Ахмет Байсақал баласы". Байлығы асқан Тiлеке батырдың баласы керуенбасы Байсақалдың өз мөрiне басқалардан өзгешелек етiп, өзiнiң руын жаздыруы, ел адамдары мен шенеунiктер арасында беделдi болғанын айғақтайды. Кейбiр мөрлер алтынмен апталып, кейбiреуi таза күмiстен жасалған.
Мақсаты: Бұрынғы хан, сұлтан, билердiң мөрлерi ел басқару, iрi iстердi шешуге араласқан тұлғаларды анықтап берумен қатар көп нәрсеге көз жеткiзедi. Бабаларымыздан қалған асыл мұралардың бiрi -- мөр тарихына шолу жасай отырып, XVIII-XIX ғасырлардағы хан, сұлтан, билер мен батырлардың мөрлерiнiң кейбiр нұсқасы туралы мағлұмат беру.
Міндеттері: мөрлер ұғымына түсінік беру, мөрлер тарихымен таныстыру.
Құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақ даласында мөрлердің пайда болуы
Қазақ хандығы алғаш өзi жеке шаңырақ көтерген 1456-1457 жылдардан бастап қазақтың ру, тайпаларын тұратын жерлерiне қарай үш ордаға бөлiп басқару жүйесiн құра бастайды. Мiне, осы кезеңдерден басталып, қазақ мемлекетiнiң өзiндiк шекарасы, үш орданың қысқы қонысы, жаз жайлауы хан, сұлтандар мен билердiң шешiмдерi арқылы белгiленiп келе-келе ол қоныстар тұрақты болып қалған-ды.
XVI-XVII ғасырлардағы түрлi дау-жанжалдардың қорытындылары ауызша билiкпен, билердiң мөрлiк таңбаларын басуымен расталып, бекiтiлетiн. Ресеймен қатынас орнату жылдарында XVIII ғасырдың басында-ақ бiрдi-екiлi құжаттарда хандардың мөр басып, куәландырған құжаттары бар. 1718 жылдың 8 сәуiрiнде Қайып хан мен Софының (Әзиздiң) Ресей патшасына жолдаған қатынас қағазында өздерiнiң сөздерiне сенудi айтып, мөрiн басқан.
Жалпы қазақ тарихшылары мен этнограф ғалымдары қазақ мөрi хақында зерттеу жүргiзбедi десе болғандай. Дегенмен, қазақтың хан, сұлтан билерi мен батырларының мөрлерi, жалпы мөр туралы аз-кем зерттеп, өз пiкiрiн жазған орыс ғалымы, зерттеушi М.П.Вяткин "Сырым батыр" атты еңбегiнде (21 бетте) былайша ой қозғаған:
"...Шығыстан шыққан документтердiң (құжаттардың) түп нұсқаларында қойылған қолдардың саны көп болады. Старшиналар (билер) мен сұлтандардың аттарын документтi кiм жазған болса, сол адам қойып отырған, яғни әдетте, молда жазып отырған. Бiрақ бұл қойылған қолдар тиiстi адам атының қарсысына таңба немесе мөр басылып анықталған".
Мемлекеттiк мұрағаттардағы көп құжаттардың арасынан және де сирек кездесетiн кiтаптардағы XVIII ғасырдың ортасынан бергi мерзiмдегi орыс-қазақ (басқа көршiлес елдермен) қатынас қағаздарынан түрлi сипаттағы мөрлердi көремiз. Негiзiнен алғашқы мөр Әз-Тәуке ханнан басталса керек.
Патшалық губернаторлар аймақ пен өңiрлердегi хан, сұлтандар және билер мен батырларға мөр жасатып алуға жазбаша рұқсат бермесе де, ауызша келiсiп отырған сияқты. Өйткенi хан мен сұлтан, қожалардың мөрлерi басқаша да қара қазақтан шыққан билер мен батырлардың мөрлерiнiң көлемi де өзгеше. Осы мөрлердiң түп нұсқасымен көшiрмелерiн көру арқылы зерделей қарасақ, патша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сфрагистикалық материалдар
ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлер коллекциясы
Қазақ хандарының негізгі мөрлерінің сипаттамасын қарастыру
Қазақ жеріндегі мөрлер
Халық банкі филиалында кассалық операциялар және оларды дамыту жолдары
Кеден бақылауы қүжаттар мен мәліметтерді тексеру
Қосалқы тарихи пән және оның міндеттері. Палеграфия ғылымының дамуы. Генеология. Хронология
Сақшының міндеттері
Б. Майлин өмірі мен шығармашылығы
Кеден әкімшілігін жүргізу
Пәндер