Музей ұғымының теориялық негіздері
Құрманғазы атындағы саз колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Музей ұғымының теориялық негіздері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. БӨЛІМ. МУЗЕЙТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Музейтану пәнінің зерттеу нысаны және әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Музей ұғымы және түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. МУЗЕЙ - ҚОҒАМДЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ
2.1 Музейлік зат және оның қасиеттері мен музейдің әлеуметтік функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2 Музейлік қатынас және музейлердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.3 Музейдегі ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары
және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.4 Музей қорларындағы деректер және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3. МУЗЕЙДЕГІ ҒЫЛЫМИ-ҚОР ЖИНАҚТАУ ЖҰМЫСЫ
3.1 Музей қорын ғылыми ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.2 Музей қорларын жабдықтау жұмысын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
КІРІСПЕ
Музей (гректің museion - "орын", "музаға арналған орын", "муза ғибадатханасы") деген түсінік береді. Грек философтарының ерекше салтанатпен безендіріліп, жиын жасауға арналған сәнді ғимараттары антика дәуірінде осылай аталған. Музей табиғат және адам қолымен жасалған өнер туындылары мен көне заман ескерткіштерін, үлгі-нұсқаларын зерттеп жинаушы, сақтаушы, әрі бұл мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып солардың негізінде қоғам мүшелеріне тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени мекеме. Немесе, әртүрлі этникалық мәдени дәстүрлердің және ұрпақаралық диалогты, тілдесуді, жүздесуді ұйымдастыратын айрықша мәдени кеңістік.
Бүгінгі музейтануда қалыптасқан ғылыми тұжырымдарға сүйенсек, атқаратын қоғамдық функцияларына қарай әлеуметтік институт ретінде музей - мәдени, тарихи және ғылыми құндылықтарды сақтауға, музейлік заттар арқылы мәліметтерді жинақтап таратуға, өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қалған мұралар жөнінде тәлім-тәрбие беруге арналған тарихи қалыптасқан көп қырлы әлеуметтік ақпараттар институты.
Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" заңының 24-бабында "Мұражайлар - мұражай коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке ұсыну үшін құрылған, мәдени, білім беру және ғылыми функцияларды жүзеге асыруға және материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін зерделеуді, есепке алуды, сақтауды және көпшілікке таныстыруды қамтамасыз етуге бағытталған мәдениет ұйымдары" - депкөрсетілген. Бұл анықтаманың нақты қалыптасуы барысында музейлер ұзақ уақытқа созылған пікірталастар мен, тәжірибелерді басынан кешірді. Бүгінгі музейтану ғылымында кеңінен қолданылып жүрген "музей миссиясы" деген ұғым бар.
Музей дегеніміз не? Олар не үшін қызмет етеді, не себептен оның қойнауында сақталған заттар уақыт өткен сайын жаңа ұрпақты өзіне еріксіз тартып отырады? Музей жәдігерлерінің көрермендерге әсері қандай? деген сауалдар музейтану деген жаңа ғылымның пайда болуына алып келді. Шетел тарихнамасында "музейтану" термині "музеология" деп пайдаланылады.
Музейтанудың ғылым ретінде қалыптасуына үлес қосқан Дрезден "Жасыл күмбез" музейінің директоры Дж. Грассе (1883 ж.) болды. Өзі негізін салған "Музеология және кітаптану" журналында музейтануды жаңа ғылыми пән ретінде көрсетіп, қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатын көздеген ол, "Музеология ғылым ретінде" атты мақаласын жарыққа шығарды. Осылайша "музеология" термині ғылыми айналымға енгізіліп, ресейлік дәстүрде бұл сөздің баламасы "музейтану" болды. Музей ісі қоғамдағы өзгерістермен, тығыз байланыстағы ерекше сала. Ол ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына тікелей әсер ететін ғылыми мекеме.
Музей ісіне байланысты жинақталған тәжірибе мен музей ісінің мәселелерін көтеретін арнайы әдебиеттерде жарық көрген ғылыми білімдер жиынтығын музейтану деп атайды. Бұл термин ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана пайда болғанымен, көптеген тілдерде ертерек орнығып қалды.
Музейтану өзінің теориялық жүйесін, ұғымдарын, әдістерін және басқа ғылыми салалар арасындағы орнын тәжірибені теориямен біріктіріп, қорытындылау, материалдарды жүйелеу арқылы ұзақ мерзімнен соң тапты. Соңғы жылдары ғана музейтану жалпы ілімдік пән ретінде негізгі ұғымдарды қалыптастырып, бағытын айқындай бастады. Музейлердің Халықаралық кеңесінде музейтану ғылыми сала болып толық қабылданды. 1977 жылы Кеңес Одағында өткен музей ісіне байланысты Халықаралық ХІ шешуші басты конферециясында Халықаралық музеология комитеті құрылды.
Зерттеу мақсаты: музейдің теориялық негіздерімен танысу.
Зерттеу міндеттері:
oo Музей ұғымына сипаттама беру;
oo Музейдің теориялық негіздері туралы түсінік беру;
oo Музей жұмысымен танысу.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1 Музейтану пәнінің зерттеу нысаны және әдістері
Музейтану - қоғамдық ғылым, әлеуметтік ақпараттың сақталу үдерістерін, музей жәдігерлері арқылы танымдық білім беріп, эмоциялық әсер қалдыратын және әртүрлі қоғамдық-экономикалық жағдайдағы әлеуметтік заңдылықтардың қызметін музей жәдігері, музей ісі арқылы зерттеп, жүзеге асыратын пән. Арнайы пән ретінде музейтану музей ісінің теориялық және ғылыми әдістемелік негіздерін жасайды, музей ісіндегі тарихи тәжірибені қорытындылайды.
Кез-келген ғылыми саланың зерттеу нысанасы мен зерттеу пәні болады. Музейтанудың зерттеу нысаны музей, музей ісі, музей жәдігері. Музей және музей ісі тарихы, мәдениет, өнертану, әлеуметтану және басқа ғылыми салаларда зерттеу пәні үнемі өзіндік, арнайы заңдылықтарды анықтайтын ғылыми жүйе ретінде қарастырылуы қажет. Зерттеу пәні арқылы белгілі бір саланы зерттеуге қызығушылық тудырып, гносеологиялық міндеттерді шешуге болады. Музейтану пәні негізінен музей жәдігері, музей, музей ісі сияқты терминдердің төңірегінде оқытылып, зерттеледі. Музей ісінің теориясы мен тәжірибесін тарих, мәдениет тарихы, өнертану, әлеуметтану, этнография, археология ғылыми салалары да зерттейді. Зерттеу нысанына қарағанда зерттеу пәні ерекше белгілі бір заңдылықтар аясында қарастырылатын жеке дара ғылыми пән.
Музейтанудың теориялық зерттелуі көбінесе бұрынғы социалистік мемлекеттердің ғалымдарының үлесінде болды. 1950 жылдары музейтанушы чех ғалымы И. Неуступный музейтануды арнайы және жалпы деп екіге бөлуді ұсынады. Арнайы музейтану тек музей нысандарын зерттей отырып, адамзат қоғамының даму үрдісін музей заттары арқылы құжаттайтын тарихи музейтанумен, өнер туындылары және олардың жәдігерлерін зерттейтін өнертанулық музейтанумен, табиғи нысандарды зерттейтін жаратылыс-ғылыми музейтанумен байланысты болды. Ал музейлердің нақты қызметін ұйымдастыру, қор жәдігерлерін сақтау, музейлік жүйені құру сияқты маңызды мәселелері жалпы музейтанудың зерттеу нысанына айналды. Чех ғалымы Бенеш музейтану арнайы ұйымдастырылған іс әрекеттің жиынтығы және сол арқылы музейдің әлеуметтік функцияларын атқаруы деп анықтама беріп, музей жәдігерлерін жұмыстың негізгі қозғаушы күші ретінде қарастырды.
Словак ғалымы З. Странский еңбектері музейтану мен оның зерттеу пәніне теориялық негізделген анықтама берген. 1960 жылдары музейтануды дербес ғылыми сала дегенді қостап, музейтану пәні музейлік мекеме ретінде емес, музей ісінің саласы деп қорытындылады. Ол құжаттарды жинау мен музей жәдігерлерін, түп деректерді зерттеуге көңіл бөліп, кейіннен адамның музей ісіне деген арнайы қатынасының, көзқарасының ерекшелігіне тоқталды. Музейтануға байланысты шашыраңқы пікірлерді жүйелей келе, мынадай қорытынды шығарды:
а) музейтану - жеке ғылыми пән;
ә) музейтану - музей ісінің теориясы мен әдістемесі, яғни, қолданбалы қосымша ғылыми пән;
б) музейтану - музей қызметінің әдістемелік және техникалық әдістерінің жиынтығы. Жалпы музейтануға байланысты З. Странский "Музейтану" (1988 ж.) оқулығында музейтанудың құрылымын тарих, теория, тарихи деректану және қолданбалы музейтану құрайтынын атап көрсеткен еді. Поляк ғалымы В. Глузинский музей функцияларының құрылымын музейді зерттеудің негізі деп санайды. Сонымен музейтану пәні деп әлеуметтік ақпаратты жинайтын және сақтайтын үдерістерге музей заттары арқылы танымдық білім беретін, дәстүрді, эмоцияны, көріністерді жеткізетін, музей ісінің шығу, даму және қоғамдық қызмет ету функцияларына қатысты шынайы заңдылықтардың ауқымын айтамыз. Сонымен музейтану ғылымының зерттеу нысаны түрлі қоғамдық құбылыстарды қаттайтын музей және музей ісі болып табылады.
1.2 Музей ұғымы және түсінігі
Теориялық музейтануда "музей" анықтамасына түрлі пікірлер қалыптасқан. 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІ конференциясында 18 мамыр музей күні болып қабылданды.
Музейтану құрылымы мынадай тарихи, теориялық, қолданбалы элементтерден тұрады: Тарих және тарихнама музейлердің қалыптасу тарихын, түрлі тарихи жағдайларда олардың өмір сүруін, музей саясатын, музей жүйесінің құрылуы және музей ісін ұйымдастыру, аталған мәселелердің және ғылым тарихының ғылыми әдебиеттерде көрініс табуы. Теориясы төрт түрге бөлінеді.
1. Музейтанудың жалпы теориясы пәннің зерттеу нысанын, пәнін, әдістерін, құрылымдық элементтерін, ғылыми пәндер жүйесіндегі орнын анықтайды; ғылыми түсініктеме аппаратын құрастырады; музейлердің қоғамдық функцияларына байланысты, музей жүйесінің қалыптасуы, музейлердің салалану мәселелерін зерттейді; музей қызметінің ғылыми негіздерін құрастырады.
2. Құжаттау теориясы музей қорларының жабдықталу мәселелерін зерттейді, яғни, заттарды музей жинағына іріктеудің әдіснамалық және әдістемелік тұстарын қарастырады.
3. Тезаврациялау теориясы (гректің thesaurus - қазына, қор) - ғылыми-қор жұмысының теориясы; ол музей заттарының және олардың ақпараттылығын танып білумен байланысты. Бір сөзбен айтқанда, музей заттарының есепке алынуын және сақталуын зерттеу болып табылады.
4. Қатынас (коммуникация) теориясы музейді қатынас институты ретінде зерттейді. Музейлердің мәдени-ағартушылық қызметінде әртүрлі категориядағы көрерменге қатынас түрлері арқылы ақпараттың жеткізілу ерекшеліктерін қарастырады.
Музейлік деректану - музей заттарының деректану пәніне тиесілі тұстарын зерттейді; музей заттары мен коллекцияларын іздестіру және табудың теориясы мен әдістемесін құрастырады.
Қолданбалы музейтану үш бөлімен тұрады.
1. Ғылыми әдіс музей қызметінің барлық түрін қамтиды. Музейтану ғылымында жалпы және арнайы әдістемелік зерттеу қалыптасқан. Жалпы әдіс музейлердің барлық саласына тиесілі. Мысалы, музей қатынасының негізгі түрі ретінде экспозицияны құру, музей қорларын сақтау және экскурсиялық жұмыс қағидаттары. Арнайы әдіс жалпы ғылыми әдістен шыққанымен, нақты саладағы музейге бағытталған.
2. Музей жұмысының техниакасы ғылыми әдістерден шығып, музей ғимараттарын жобалау, музей материалдарын техникалық жағынан экспозициялау, музей заттарын консервациялау, реставрациялау мәселелерімен байланысты.
3. Музей жұмысын ұйымдастыру мен музей қызметін басқару менеджмент және маркетинг мәселелерімен байланысты болып келеді.
Пәннің көп мағыналығына орай, музейтану пәнаралық ғылымдар қатарына жатады. Сонымен қатар, зерттеу пәні таным үдерістері және ақпаратты музей заттары арқылы беру заңдылықтарымен байланысты болғандықтан музейтануды қоғамдық ғылымдарға да жатқызуға болады.
2. МУЗЕЙ - ҚОҒАМДЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ
ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ
2.1 Музейлік зат және оның қасиеттері мен музейдің әлеуметтік функциялары
Қарастырып отырған мәселенің теориялық-методологиялық мәнін ашу үшін алдымен музейлердің пайда болуы мен қалыптасу үрдісінің негізгі бағыттарын анықтап алған жөн. Ерте заманда әр жерде өзіне ұнаған заттарды жинап, коллекция жасауға құмар адамдар болған. Солардың тірнектеп жинаған заттарын бүгінгі музейлердің атасы деуге болады. Коллекция жасау деген ұғымды екі мың жылдан астам уақыт бұрын алғаш қолданысқа енгізуші римдік шешен Цицерон болатын. Ол көне дәуірдің қолжазбалары мен өнер туындыларын жинақтай отырып, артынан мол мұра қалдырған. Ең алғашқы коллекцияларға ежелгі қауымдық құрылыс адамдарының сүйек қалдықтары, ұлутастары жинақталған. Ертедегі грек философы Аристотельдің римдік үлгілерін, Рим императоры Юлий Цезарьдың ыдыстар мен мүсіндерді, картиналарды жинағаны туралы мағлұматтар кездеседі. Келесі бір грек философы Платон өз үйінің маңын мифтік құдайлар мүсініне толтырып, оны музалар храмы немесе музейон деп атаған. Бірақ алғашқы музей осы болды деп нақты айтуға болмайды. Себебі, ол қазіргі ұғымдағы музейлерден мүлде бөлек болатын. Біздің дәуірімізге дейінгі 307 жылы Мысырдағы Александрия шаһарында салтанатты түрде мусейон ашылды. Ұзақ уақыт бойы өнер-ғылым ордасы болған аталмыш мекеме, б.з.д. 47 жылдан бастап бірнеше рет аяусыз өртелген Александрия кітапханасына айналды. Шынайы музейлер ХVІ- ХVІІІ ғасырлар аралығында дүниеге келе бастады. Оларға көпшілік қауым бас сұға алмайтын. Музейлердің рухани мәнін алғаш рет батыл бағалаған француз суретшісі Жак Луи Давид. Ол Конвент мүшелері алдында былай деген: Адаспаңыздар, азаматтар! Музей дегеніміз әуестікті қанағаттандыру үшін жиналған пайдасыз байлық емес. Музей үлкен мәні бар мектеп болуы тиіс. Оқытушылар бұл жерге өз шәкірттерін, әкесі ұлын ертіп әкелсін. Жас адам данышпандардың мұрасын көрген сәтте, өз табиғаты қандай өнер немесе ғылым түріне тартатынын сезіне түспек. Содан бергі уақыт ішінде музейлердің түрлері көбейіп, сан алуан жәдігерлерге толды. Мысалы, Дрезденде 1930 жылы гигиена музейі ашылып, онда тіршілік иелерінің ағзалары қалай жұмыс істейтіні ұсақ-түйегіне дейін көрсетілген. Көне музей кешендерінің қатарына Мысыр пирамидаларын, Афины акрополін, Помпей қала музейін атауға болады.
Франциядағы Лувр, Версаль, Англиядағы Британ ұлттық музейі, Букингем сарайы, Лондон ұлттық галереясы, Германиядағы Дрезден галереясы, Мюнхен пинакотекасы, Веймар ұлттық галереясы, Испаниядағы Эскориал, Прадо, Италиядағы Неаполь, Рим, Уффици және Ватикан, Венеция музейлері, Ресейдегі Кремль, Қару-жарақ палатасы, Кунсткаера, Эрмитаж, Третьяков галереясы, АҚШ-тағы Метрополитен әлемге әйгілі музейлер. Шығыс өркениетінің қайталанбас ескерткіштері өз алдына бір төбе. Ерте заманда әр жерде өзіне ұнаған заттарды жинап, коллекция жасауға құмар адамдар болған. Солардың жинаған заттарын бүгінгі музейлердің атасы деуге болады.
Бүгінгі таңда теориялық музейтануда "музей" анықтамасының мәнін ашуда түрлі пікірлер қалыптасқан. Дегенмен, бүгінгі музейтануда қалыптасқан ғылыми тұжырымдарға сүйенсек, атқаратын қоғамдық қызметіне қарай әлеуметтік институт ретінде музей - мәдени, тарихи және ылыми құндылықтарды сақтауға, музейлік заттар арқылы мәліметтерді жинақтап таратуға, өскелең ұрпаққа көне мұралар жөнінде тәлім-тәрбие беруге арналған тарихи қалыптасқан көп қырлы әлеуметтік ақпараттар институты.
Шетел тарихнамасында "музейтану термині "музеология" деп пайдаланылады. Мәдениеттің ерекше түрі ретінде музейтану ХVІ-ХVІІІ ғасырлар аралығында Батыс Еуропада қалыптаса бастаған. Осы тұрғыда К. Найкель (Никелиус) деген жалған атпен К.Ф. Энкельдің Музеография, или Руководство к правильному пониманию и полезному учреждению музеорума или раритеткамеры (Лейпциг, 1727) атты еңбегі жарық көрді. Онда тұңғыш рет музейлерді сирек кездесетін жинақтарды сақтаушы қызметін атқарушы ретінде негіздеуші музейтанудың іс-әрекет шеңберінде қолданылатын музеография арнайы термин атауы ұсынылды.
Найкелдің еңбегінде Габсбург империясының музейлік тәжірибесін негізге ала отырып, мынадай жеті түрін атап көрсетті: шатцкамера (асыл тастар кабинеті, қазына сақтайтын орын) - құнды материалдар, өнер туындылары мен табиғи үлгілердің жинағы; галерея - көркемсурет және мүсіндік туындылар жинағы; кунсткамера (өнер кабинеті) - көркемдік қолөнер туындылары, ғылыми жабдықтар, гипс моделдері және т.б. жинағы; антиквитеткамера - көнеден қалған заттар жинағы; штудио-музеум - кітаптар, қолжазбалар, кейбір өнер заттарының жинағы; раритеткамера - сирек кездесетін заттар,көбіне табиғи үлгілер жинағы; натуркамера - жануарлар, өсімдіктер, минералдық үлгілер жинағы. Музей жинақтары мен коллекцияларын жүйелеуге деген талаптардың күшеюі музейлердің көркемдік, тарихи, жаратылыстану ғылыми түрлерін қалыптастырды.
2.2 Музейлік қатынас және музейлердің жіктелуі
Ғылыми ортада қалыптасқан пікір бойынша музей миссиясы - тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау және қорғау арқылы бүгінгі және болашақ мәдениетті бір-бірімен сабақтастыру болып табылады. Теориялық музейтануда "музейлік зат" деген ұғым бар. ХХ ғасырдың 30 жылдарында Н.М. Дружинин ғылыми айналымға енгізген бұл ұғым бүгінде маңызын жойған жоқ. Ойымыз түсінікті болу үшін бұл мәселеге тереңірек тоқталып кетейік. Мәселен, табиғатта, қоғамдық өмірде кездесетін ғылыми, көркемдік, тарихи, мемориалдық құндылықтары бар заттар музейде қолданыс таба алады. Олардың музей затына айналуы үшін бірнеше кезеңнен өтетін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Алдымен музейлік мәні бар зат оның қолданылған ортадан іріктеліп алынады. Ол ортадан алынғаннан кейін, музейлік мәні бар зат музейге түсіп тіркеуге алынып, толық ғылыми зерттеуден өткеннен соң ғана музей затына айналады. Музей қорына енген зат бұрынғы өмір сүрген ортамен байланысын үзіп, өзінің функционалды мәнінен айрылады. Музейде ол заттың атқаратын қызметі емес, тарихи және мәдени ескерткіш ретінде қоғамдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Музей жинағында ондай зат нақты оқиғаның, құбылыстың дәлелді құжатына айналады. Мысалы, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған еңбек құрал-жабдықтары немесе үй заттары өз қызметінің мәнін жойғанымен, олардың өмірге келуіне негіз болған шынайы жағдайлар оның әлеуметтік құндылығын арттыра түседі.
Музейлік заттың мұндай сипаттамасы заттың өмір сүрген ортасын нақты ашып көрсететін белгілері мен қасиеттеріне байланысты. Сондықтан музейтану ғылымында музейлік заттың ақпараттық, аттрактивтік және экспрессивтік қасиеттері кеңінен қолданылады.
Музей затының ақпараттық қасиеті тарихи оқиғалар, мәдени, қоғамдық және табиғи құбылыстар мен үрдістер туралы жан-жақты деректік мәлімет беретін заттың мазмұнды жағын сипаттайды. Заттар туралы мәліметтер жиынтығы ғылыми құжатталып, заттың ақпараттық негізін құрайды. Белгілі музейтанушы ғалым В.В. Кондратьев жинақталған ақпараттық мәліметтерді ішкі ақпараттық кеңістік және сыртқы ақпараттық кеңістік деп екі топқа бөледі. Ішкі ақпараттық кеңістікке тікелей затқа қатысты мәліметтер (атауы, көлемі, өлшемі, шикізаты, жазбалары, таңбалары, қолданысы т.б.) жатады. Сыртқы ақпараттық кеңістікке заттың шыққан жері және өмір сүрген ортасы, онымен байланысты жеке адамдар мен оқиғалар туралы мәліметтер қарастырылады. Музей затының аттрактивтілігі экспозицияға қойылған заттың сыртқы пішініне көрерменнің көңіл-күйін аудартатын құбылыс болып табылады.
Экспрессивтілік заттың құндылығына байланысты, көрерменнің жан-дүниесін қобалжытатын құбылыс. Мысалы, музейге келген көрермен кейбір заттарға жай ғана көңіл аударып өтіп кетуі мүмкін, ал кейбір заттардың жанында сәл кідіріп, тіпті экскурсоводтан толығырақ мәлімет беруді сұрайды. Мұндай музейлік заттар көрерменді ерекше көңіл аудартып, іштей қобалжуын тудырып, еріксіз өзіне тартады. Мысалы, ұлт-азаттық көтерілістерге қатысты заттай деректер, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ халқының аялы азаматтарының жекелеген заттары немесе тергеу көріністері, Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін заттарды, полигондағы жарылыс көріністерін көргенде көрермендер жай ғана шолып өте шықпай, оған ерекше көңіл бөліп, ұзақ назарын салады.
Шетел музейтанушы ғалымдары З. Странский, И. Ян музей затының ақпаратық мәліметтерді беретін ерекше қасиетіне байланысты "музеалдық" ("музеалия" - музей заты) терминін қолданысқа енгізді. "Музей заты" деген ұғым тек түпнұсқа заттарға ғана тән. Сонымен, музейлік затты өзінің музейде қолданылатын маңыздылығына орай өмір сүрген ортасынан алынып, музей жинағына енгізілген табиғи немесе адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесінде жасалған туынды ретінде сипаттауға болады.
Теориялық музейтануда қоғамдық өмірдің негізгі тұстары құжатталған музей қызметінің бағыттары әлеуметтік функциялар арқылы жүзеге асырылады. Музейлердің алдына қойылған қоғамдық міндеттер мен нақты әлеуметтік-мәдени жағдайлардың анықталуында, әлеуметтік функцияларының маңызы зор. Кеңестік тарихнамада 1960 жылдардың аяғы - 1970 жылдардың басында бұл мәселе белгілі музейтанушы ғалымдар А.М. Разгон, кейінгі онжылдықтарда Д.А. Равикович, Ю.П. Пищулина, А.Б. Закс еңбектерінің зерттеу нысанына айналған еді. Кеңестік музейтану ғылымында құжаттау, білім беру және тәрбиелік функциялар анықталып, музей жұмысының негізгі бағыттары аталған екі функция арқылы жүзеге асырылатындығын ғалымдар жан-жақты дәлелдеп берді. Бұл функциялардың анықталып, бөлініп алынуы музейлердің ұзақ уақытқа созылған эволюциялық дамуы мен әлеуметтік рөлінің өсуіне байланысты болды. Аталған функциялардың толығып отыруы әр кезеңнің даму ерекшеліктері мен тарихи заңдылықтарына негізделген қоғамдық сұраныстарды қамтамасыз етті. Өкінішке орай, отандық музейтану ғылымының кенже қалуына байланысты мұндай теориялық мәселелер осы уақытқа дейін тіпті қарастырылған жоқ. Бүгінгі музейтану ғылымында қоғам өміріндегі және мәдени салада музей ісінінің ерекшеліктері мен рөлін анықтайтын тарихи қалыптасқан екі әлеуметтік функция қарастырылады. Олар:
Құжаттау функциясы (дәлелдеу, растау) қоғам және табиғат өмірінде болған оқиғалар мен құбылыстар, тарихи үрдістер мен заңдылықтарды музей жинағындағы музейлік заттар арқылы мақсатты түрде көрсету болып табылады. Құжаттау функциясы музей қызметінің ғылыми қор жинақтау, ғылыми-қор жұмысында және экспозиция құру барысындақолданылады.
Білім беру және тәрбиелік функция музей заттарының ақпараттық және экспрессивтік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамның танымдық және мәдени сұранысын қанағаттандыру мәселесін қарастырады. Негізінен музей экспозияларының құрылуында ерекше маңызға ие бұл функция, ғылыми-ағартушылық үгіт-насихат және жарнамалық жұмыстарда да қолданылады. Бірқатар елдердің музейтанушылары жоғарыда көрсетілген екі функцияны музей қызметінде қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын маңызды функциялар деп атап көрсетсе, бүгінгі күні И.В. Иксанова, В.В. Селиванов, З. Странский сынды музейтанушы ғалымдар музейлердің ғылыми-зерттеу, эстетикалық, гносеология-аксиологиялық, тәрбиелік, қор жабдықтау және көрнекілік, сақтау мен коммуникация функцияларын атап көрсетеді.
Ғалымдар аталған функциялардың адамның мәдени құндылықтарын қанағаттандыруда, шығармашылық белсенділігінің артуында, қоршаған ортаны жан-жақты тануында маңыздылығын айта келіп, аталған функциялардың музей қызметінде кеңінен қолданылатындығына тоқталады.
Музейлердің әлеуметтік функциялары музейді тек қана музей емес, "музей - ғылыми-зерттеу институты, музей - мектеп, музей - клуб, музей - мәдени ошақ" деген сияқты қоғамға қажетті маңызды қырларын ашып көрсетеді.
Қазіргі кезеңде музейлік коммуникацияның теориялық негізін жасаушылардың бірі неміс ғалымы Ю. Ромедер болып табылады. Оның тұжырымдамасы бойынша, музей заты ерекше құндылыққа ие болмау қажет, өйткені ол "қоғамдық-тарихи үрдістің бір белгісі ғана". Сондықтан музей экспозициясы тарихи-мәдени құбылыстар мен үрдістерді белгілік компонентер болып табылатын жәдігерлер арқылы көрсетіп, белгілік жүйеге айналады. Топтастырудың негізгі категорияларының бірі музей саласы, яғни оның мамандандырылуы болып табылады. Бұл орайда музейдің нақты ғылым немесе өнер, техника, өнеркәсіп және оның салаларымен байланысы негіз болады. Бір сала музейлері бірігіп мынадай салалық музей топтарын құрайды:
+ жаратылыстану-ғылыми музейлер, тарихи музейлер, көркемдік
+ музейлер, сәулет музейлері, әдеби музейлер, театр музейлері,
+ музыкалық музейлер, ғылым және техника музейлері, өнеркәсіп
+ музейлері, ауылшаруашылық музейлері, педагогикалық музейлер.
Топтастырылған музейлер уақыт өткен сайын орнығып, әр салалық деңгейде өз қызметін атқарады.

және түрлері
Қоғам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі ғылыми зерттеулердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің арасында музейлер өзіндік орын алады. Бұл барлық саладағы орталық музейлермен қатар аймақтық музейлерге де тиісті. Зерттеулер музейдің ғылыми жұмыстарының шектелген құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың нәтижелері ғылыми жаңалықтардың қазынасын толтырып, көптеген ғылымдардың қызметіне көмектеседі.
Музейлердің ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыты бір жағынан нақты бір саладағы ғылыммен, екінші жағынан әлеуметтік институттар жүйесіндегі музейлердің алатын орнымен анықталады. Жеке бір саладағы ғылыми-зерттеулермен қатар музейлер музейтану облысында да зерттеулер жүргізеді.
Музейтану ғылымы музей жұмысының теориялық және әдістемелік негізін зерттеп отырғандықтан оның дамуы музейлер ішіндегі үнемі зерттеуді талап етеді. Музейлер ғылыми-жұмыстармен, музей жұмыстарының қажеттіліктері үшін айналысады. Мысалы, білім беру және тәрбиелік жұмыстарда музейлерді араластыру музейлік педагогиканың пайда болуына алып келеді. Барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі назары музей заттарына аударылады. Оларды зерттеу музейтанулық зерттеудің арнайы кезеңі болып табылады.
Музейдің ғылыми-зерттеу қызметінің негізі. Қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер бүкіл музей ісіне жаңа серпілістер мен бетбұрыстар алып келді. Музей жұмысының нақты бағыт-бағдары, қоғамда алатын орны мен рөлі, мұрасы анықталды. Музейлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында жаңа әдіс-тәсілдердің дүниеге келуі оңтайлы істердің атқарылуына мүмкіндік беріп отыр. Музей заттарын жинақтау, сақтау, сұрыптау және пайдаланудың теориясы мен әдістемесінде жүргізілетін жаңа музейтанулық зеттеулерді қалыптастырды. Бүгінгі музейлердің зерттеу жұмыстары мына бағыттар арқылы жүзеге асырылады:
- музейдің ғылыми тұжырымдамасын (концепциясын) әзірлеу;
- қорларды жабдықтау шеңберіндегі зерттеулер;
- музей заттарын және коллекцияларын зерттеу;
- қорларды сақтау және қорғау шеңберінде
жүргізілетін зерттеу жұмыстары;
- экспозицияларды және көрмелерді ғылыми жоспарлау;
- музейлер ара қатынасы шеңберіндегі зерттеу жұмыстары;
- музей ісі тарихын зерттеу;
- музейтану тарихнамасын зерттеу.
Музейдің ғылыми тұжырымдамасы оның қалыптасуымен даму бағыттарыны жан-жақты негіздеу және мақсат-міндеттерін анықтап, жүзеге асырылу үшін әзірленеді. Ғылыми тұжырымдама музей саласына және қызметтік бағытына қарай құрастырылады. Музейдің ғылыми тұжырымдамасы (концепция) - музейтанулық зерттеу нәтижесі болып табылатын нақты музей ерекшелігі мен міндетін жүйелі түсіну.
Музейдің қазіргі жағдайын жан-жақты талдау, оның музей жүйесіндегі орнын негіздейді; музейді дамыту болжамын анықтайды. Музейдің ғылыми тұжырымдамасына жинақтау, қор жұмысы және экспозицияның ғылыми тұжырымдамасы енеді. Музей қызметін ғылыми ұйымдастыруға көмектеседі, музей жұмысының түрлі бағыттарын байланыстыруға шақырады.
Музейдің ғылыми тұжырымдамасы музей жинағын кешенді пайдалану үшін жағдай жасайды; әртүрлі бағыттағы музей қызметі жоспары мен бағдарламасын құрастыру кезінде негіз болып қызмет етеді.
Бүгінгі Қазақстан Республикасындағы түбегейлі өзгерістер музейлер жұмысына айтарлықтай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz