ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТІ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ "ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЖӨНІНДЕГІ" ЗАҢЫНАН ҮЗІНДІ
І-тарау. Жалпы ережелер 3-бап. Терроризмге қарсы әрекеттің негізгі принциптері мен мақсаттары. 1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы әрекет: 1) лаңкестік қылмыс салдарынан қауіп төнген адамдардың өмірі мен денсаулығын, тұлғалардың құқықтарын қорғаудың басымдылықтары; 2) заңдылықты қадағалау; 3) лаңкестіктің алдын алу басымдылықтары; 4) лаңкестік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жазаның болмай қалмайтындығы; 5) алдын алу, құқықтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, насихат шараларын кешенді пайдалану; 6) лаңкестікке қарсы операцияларды жүргізу кезінде тартылатын күштер мен құралдарға басшылық жасау дара басқару принциптеріне негізделеді. 2. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы әрекет: 1) лаңкестік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау, тию және оның зардаптарын жою; 2) жеке адамды, қоғамды және мемлекетті терроризмнен қорғау; 3) лаңкестік іс-әрекетті жүзеге асыруға жәрдемдесетін себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жүзеге асырылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНЕН ҮЗІНДІ
9-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. 233-бап. Терроризм Терроризм, яғни адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекет қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқытса - үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ЛАҢКЕСТІК АКТІ ЖАСАУ НЕМЕСЕ ҚАУПІ ТӨНГЕН КЕЗДЕ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ХАЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ МЕН ӘРЕКЕТТЕРІ
ЖАРЫЛҒЫШ ҚОНДЫРҒЫСЫНА ҰҚСАСЗАТ ТАБЫЛҒАН КЕЗДЕ
а) ескерту (алдын алу) шаралары: - ұйым аумағына кіру тәртібін қатайту (соның ішінде аудио- және бейне- қадағалағыш пен сигнал бергішті орнату жолдарымен); - сезікті заттарды табу мақсатында күнделікті аумақтарды және бөлмелерді қарап шығу және тексеру; - келіп түскен мүліктерді, тауарларды, жабдықтарды, заттардың саны, буып-түю күйі т.б. бойынша мұқият тексеру; - қызметкерлерді, әсіресе күзет пен қауіпсіздік бөлімшелеріне қызмет көрсететін жеке адамдар құрамын мұқият іріктеп алу (кезекшілерді, жөндеушілерді, сыпырушыларды); - келушілерді, жеке адамдар құрамы мен зардап шегушілерді көшіру жоспарын әзірлеу; - келушілер мен жеке адамдарды хабарландыру құралдарын әзірлеу; - көшіру кезінде жергілікті күзеттің, әскери күзеттің немесе объектінің қауіпсіздік қызметінің міндеттерін анықтау (нақтылау); - резервті және құқық қорғау органдарын шақыру үшін жергілікті күзеттің, әскери күзет немесе объекті қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін радио құралдарымен қамтамасыз ету (қосымша қамтамасыз ету); - объект әкімшілігінің қалауы бойынша, бөлмелерді (аумақты) өзге мекемелерге жалға беру кезінде тапсырылатын бөлмелердің жәй-күйін және қойылатын тауарлардың тізбесін тексеру бойынша әкімшілік міндетін анықтау; - терроризм туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізу жолымен құқық қорғау органдарымен бірігіп ұйым қызметкерлерін дайындауды ұйымдастыру; - адамдардың жиналатын жерлерінен 100 метр қашықтықта автомобильдерді қою орындарын ұйымдастыру; - ондағы өртке қауіпті орындарды, уақытша қойма орындарын тексерудің тәртібі мен мерзімін, қоқыс салатын контейнерлер мен жәшіктерді және т.т. көрсете отырып, объектіні тексеруге даярлау; - қызмет бөлмелерін, баспалдақ торларын, техникалық қондырғылар орнатылған бөлмелерді қажеті жоқ заттардан босату; - ғимараттан қалдықтарды уақытында шығарып тұруды қамтамасыз ету, аумақты құрылыс ағаштары мен металл қоқыстардан босату; - қоқыс салатын контейнерлерді мүмкіндігінше объекті ғимаратынан алыс орнату; - күдікті заттар табылған немесе террористік акті жасау қауіпінің белгілері төнген кезде ұйымның бүкіл қызметшілеріне белгіленген органдарға хабарлайтын телефондардың номерлерін мәлімдеу.
б) Жарылғыш қондырғысына ұқсас зат табылған кездегі іс-әрекеттер (ЖҚ): Жарылғыш қондырғысының (ЖҚ): бар екенін көрсететін белгілер: - табылған затта сым, жіп, изоленталардың болуы; - заттан сыбдыр, сағаттың тықылдауы, күдікті дыбыстар шығуы; - заттан ерекше бадам иісі немесе әдеттен өзгеше басқа да иістердің шығуы.
Сақтануға негіз болатын себептер: - заттың табылуынан бұрын күдікті адамдардың болуы; - телефон немесе почта жолдамасы арқылы жеке қорқыту.
Іс -әрекеттер: 1. Табылған күдікті затқа тиіспеу, жақындамау, орнынан қозғамау! Затқа жақын жерде шылым тартпау, радио, соның ішінде ұтқыр байланысты пайдаланудан тартыну. 2. Күдікті заттың табылуы туралы құқық қорғау органдарына көрсетілген телефондар бойынша кешіктірмей хабарлау. 3. Табылған уақыты мен орнын белгілеп алу; 4. Қауіпті аумақты радиусы кем дегенде 100 метрге дейінгі жерді адамдардан босату. 5. Күдікті затқа және қауіпті аумаққа мүмкіндігінше күзетті қамтамасыз ету. 6. Дүрбелең тудырмау. Қауіпті аумаққа жанасып тұрған жерлерден адамдарды көшіруді қамтамасыз ету (көмекті қамтамасыз ету). 7. Құқық қорғау органдарының өкілі келгенге дейін күту, күдікті зат жатқан жерді, ол табылған уақыт пен жағдайды көрсету. 8. Бұдан әрі қарай құқық қорғау органы өкілінің нұсқауы бойынша әрекет ету. 9. Жарылыс қауіпі туралы дүрбелеңге жол бермеу үшін оны білуге тиісті адамдардан басқа ешкімге хабарлабамау. 10. Объектіге тексеру жүргізу, қызметшілердің қажетті санын білу және оларға өзін-өзі ұстау тәртібі туралы (неге назар аудару керектігі және қауіпті зат табылған немесе қауіп төнген кезде қалайша іс-әрекет ету туралы) ақыл-кеңес беру үшін, персоналдардың қажетті санын бөлу. 11. Объект қызметшілеріне бөгде адамдардан қандай да бір зат пен бұйымды сақтауға қабылдауға тиым салынғандығы туралы ескертіп отыру. 12. Жарылыс қондырғысына ұқсас заттың сыртқы түрін суреттеуге дайын болу. Зат көп адамдар жүруі мүмкін жерлердегі қалтарыстарда, жарылыс және өрт қауіпі бар орындарда, әртүрлі коммуникация орналасқан жерде: сөмке, орам, пакет және т.б. түрінде жатуы мүмкін. Ол сыртқы түрі бойынша жарылыс қондырғысына (гранат, мина, снаряд және т.б.) ұқсас болуы мүмкін; және өткізгіш жіп, арқан, изолента, жабысқыш түрінде жатуы мүмкін; сағаттың шықылдауы, механикалық гүріл, өзге дыбыстар естілуі; бадамның немесе өзге таныс емес иістің шығуы мүмкін. Күдікті затты күзеткен кезде мүмкіндігінше қорғауды қамтамасыз ететін заттар (ғимараттың бұрыштары, діңгек, жуан ағаш, автомашина және т.б.) тасасында тұрып, бақылау жүргізу қажет.
ТЕЛЕФОН БОЙЫНША ЛАҢКЕСТІК АКТІ ҚАУПІ ТӨНГЕН КЕЗДЕ
а) Ескерту (алдын-алу) шаралары: - лаңкестік актінің қауіпі туралы телефон хабарын қабылдау тәртібін қызметшілерге түсіндіру; - жарылыс қауіпі туралы, жарылыс қондырғысының жатқаны туралы хабарды алғаннан кейін үрейге бой алдырмау; - сабырлылық танытып, сыпайы болу, сөйлеушіні бөлмеу; - магнитофон болса, оны телефонға жақындатып, әңгімені жазып алу; - қауіп туралы өз әріптесіңізге бірден хабарлауға талпыныңыз; - мүмкіндігінше ол сөйлесіп жатып, сонымен бір уақытта басқа аппаратпен полиция жедел кезекшісіне және ҰҚК бөлімі бойынша кезекшіге төнген қауіп пен террористік қоңырау шалған телефонның номерін хабарлау. Телефон бойынша қауіп төнген кезде "Лаңкестік сипаттағы қорқытушылық телефон хабарын қабылдау тәртібіне" (2 қосымша) сәйкес әрекет етіп, ұйым телефонын жылдам автоматты номерді анықтау (АНА) қондырғысымен және телефон хабарының жазбасымен қамтамасыз ету қажет. б) Телефон хабары алынған кездегі іс-әрекеттер: - әрбір түскен телефон қоңырауына мұқият болу; - түскен телефон қоңырауы туралы басқа телефонмен құқық қорғау органына хабарлау; - қажетті жағдайда адамдарды көшіру жоспарына сәйкес көшіру; - жедел тергеу тобының, кинологтардың және т.б. кедергісіз жұмысын қамтамасыз ету; - телефонмен алынған ақпаратты құқық қорғау органы мен ұйым басшысына кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз ету.
ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ ТУРАЛЫ ХАБАРДЫ АЛҒАН КЕЗДЕ
Сабырлы, сыпайы болыңыз, сөйлеушіні бөлмеңіз. Магнитофонды (егер ол телефонға қосылып тұрса) қосыңыз. Әңгімені толық жазып алу үшін аппараттың жұмысының сапасына назар аударыңыз.
Әңгіме аяқталғаннан кейін телефонды ілмеңіз.
Мысалдық сұрақтар:
1. Жарылыс қашан болуы мүмкін?
2. Жарылыс қондырғысы қайда қойылған?
3. Ол қандай заттан жасалынған?
4. Оның сыртқы түрі қандай?
5. Тағы басқа жерлерде жарылыс қондырғысы бар ма?
6. Жарылыс қондырғысы не үшін қойылған?
7. Сіздің талабыңыз қандай?
8. Сіз жалғызсыз ба, жоқ жаныңызда тағы біреу-міреу бар ма?

ЛАҢКЕСТІК ҚАУІП ЖАЗБАША ТҮРДЕ ТҮСКЕН КЕЗДЕ
Ұйымға жазбаша түрдегі қауіп почта арнасы арқылы, сондай-ақ әртүрлі жалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық терроризмнің жалпы сипаттамасы
Терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ыңтымақтастық
Терроризммен күресудің қылмыстық құқықтық мәселелері
Терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Терроризм: оның ұғымы және түрлері
Қазақстанның қауіпсіздік жүйесіндегі терроризмге қарсы күрес саясатының шаралары, мақсаттары мен бағыттары
Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары
Терроризмнің халықаралық құқықтағы алатын орны
Ланкестік акт қаупы және оған қарсы күрес және алдын алу шаралары
Пәндер