Өрт шыққан кезде қалай іс-қимыл жасау керек


Өрт шыққан кезде қалай іс-қимыл жасау керек

Өрт қауіпсіздігі ережесін толықтай орындамау, ақаулы техниканы пайдалану, балалардың отпен ойнауы, мас күйінде төсекте темекі шегу, үй-жайларды шамадан тыс толтыру, қосалқы шығу жолдары санының аз болуы, өту жолдарының үймеленуі және өрт сатыларының барынша тотығуы - мұның бәрі трагедияға әкеледі.

Коммуналдық желілер орнатылған қазіргі заманғы көп қабатты ғимараттарда бір қабатта болған өрттен жалын басқа қабаттарға күрт таралып, жалынның жолына кезіккен адамдардың жолын кесіп, аса қауіптілік тудырады. Мұндай ғимараттарда өрт жанғыш заттар мен дәліздер мен үй-жайлардың ішкі өңдеулері, сондай-ақ терезе жолдары арқылы төменнен жоғарыға қарай тез таралуымен сипатталады.

Жалын мен түтіннің таралуының негізгі жолдары - саты торлары, лифт шахталары, әр түрлі коммуникацияларға арналған арналар, далдалардағы саңылаулар. Төменгі қабаттардың бірінде өрт шыққан кезде 5-6 минуттан кейін түтін саты торының биіктігімен таралып, түтіннің соншалықты қою болатынын ескере отырып, ол жерде тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарынсыз болу мүмкін емес.

Жоғары қабаттардағы, әсіресе желдің өтінде орналасқан бөлмелерде түтіндену қатар болады. Көрудің нашарлауы, үрей, жану өнімдерінің улы әсері адам өліміне әкелуі мүмкін. Қызған жану өнімдері саты торларына түсіп, ауа температурасын арттырады. Өрт шыққаннан кейін бесінші минутта өрт орнына жанасқан саты торындағы температура 120-140°С жетіп, адам үшін шекті рұқсат етілген мәнінен (60°С) едәуір асады.

Өрт шыққан жерден екі-үш қабаттың көлеміндегі саты торының биіктігінде жылу (100-150°С) түзіліп, одан жеке қорғану құралынсыз өту мүмкін болмайды.

Ғимараттың қасбетінде көлденең бөгеттер болмаған жағдайда жалын өрт шыққан сәттен бастап терезе арқылы 15-20 минуттан соң балкон, лоджия, терезе арқылы жоғарыға таралып, құрылыс заттарының жаңғыш элементтері мен жоғары орналасқан қабаттардағы тұрмыстық заттарды тұтандыруы мүкін. Тұрғын үй ғимаратындағы өрт саны, өкінішке орай, тұрғындардың өздерінің ұқыпсыздығынан орын алып жатады. Сондықтан, тұрғындар негізгі ережелерді білуі тиіс.

Биік қабаттағы өрт қауіпсіздігі ережесі.

Әр тұрғын ғимаратты өрттен қорғау негіздері мен өрт шыққан кезде іс-қимыл жасауды білуі тиіс. Биік қабатты үйлердің өзіндік ерекшеліктері бар: түтінденбейтін саты торларымен, түтін жою құрылғыларымен, өрт крандары бар өртке қарсы су құбырымен, автоматты өрт дабылымен және басқаларымен жабдықталады.

Өрт кезінде негізгі қауіптілікті тудыратын - түтін, ол жоғарғы қабаттарға тез тез таралуы мүмкін. Саты торларынан түтінді жою үшін арнайй желдеткіштер бар, олар кіреберіс бөлмелерде орнатылған тетіктердің көмегімен қашықтықтан немесе өрт сөндіру тетіктерінен автоматты түрде қосылады.

Түтіннің пәтерлер мен қабаттарға таралуына есіктерде орнатылған тығыздайтын резеңке төсемдер (дәліздер мен саты торларындағы есіктердегі серіппелер) кедергі келтіреді.

Жоғарғы теғмпература мен қою түтіннің әсерінен пәтерден шығу мүмкін болмаған жағдайда алтыншы қабаттан бастап балкондарда орнатылған металл өрт сатыларын пайдалануға болады. Ғимараттан адамдарды эвакуациялаудың негізгі жолы - түтінденбейтін саты торлары. Сатылардың түтінденбеуі артық ауа қысымын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мұндай саты торларында тікелей сыртқа шығу жолы бар.

Естеріңізде болсын! Биік қабатты ғимараттар өрт крандарымен жабдықталған ішкі өртке қарсы су құбырымен жарақталады. Олардың орналасқан жерін есте жақсы сақтау қажет. Пәтерлердің кіреберіс бөлмесінде өрт хабарлағыштары орнатылады. Олардың іске қосылуы туралы белгі диспетчер пультіне беріледі.

Лифтілер өрт кезінде адамдарды эвакуациялаудың құралы болып табылмайды. Бірінші қабатқа түскеннен кейін оларды өшіреді.

Азаматтар мыналарға:

• өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

• бөлмелер мен құрылыстарда алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өрт сөндіру жарағын (суы бар шелек, өрт сөндіргіш, плащ- жапқыш немесе көрпе және т. б. ) ұстауға;
• жалынды байқаған кезде ол туралы дереу өртке қарсы қызметіне хабарлауға;

• өрт сөндіру қызметі келгенге дейін адамдарды, мүлікті құтқару және өрт сөндіру бойынша шаралар қабылдауға;

• өртке қарсы қызметтің лауазымды тұлғаларына тексеріс жүргізуге және тұрғын, шаруашылық қорды қарауға мүмкіндік беруге;

• пәтер есіктерінің ысырмаларында тығыздайтын төсемшелердің болуына қадағалауға;
• балкондардағы люктерге үнемі қол жеткізуге мүмкіндіктің болуына, ал қысқы уақытта оларды қар мен мұздан тазартуға;

• өрт крандары орналасқан дәліздердің есіктеріне құлып салмауға;

• саты торларының, лифт холлдарының және олардың тамбурларының есіктерінде өздігінен жабылатын құрылғылардың болуын қадағалауға;

• дәліздерде, балкондарда және лоджияларда заттарды сақтамауға;

• өтетін балкондар мен лоджиялардағы секциялар арасындағы жеңіл далдаларды күрделісімен ауыстырмауға;

• вестибюльдерде түтінденбейтін саты торларын және сол түтінденбейтін саты торларында қоймаларды орнатпауға;

• өрттен қорғау құралдарының қандай да бір ақаулығы байқалғанда дереу диспетчерлік бекетке хабарлауға міндетті.

Пәтерлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық үшін жауаптылық жауапты пәтер жалдаушыларға жүктеледі. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар үшін жауапты тұлғалар тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарылуы мүмкін.

Есте сақтаңыздар! Өртте адамдар жалынан емес, түтін әсерінен қаза болуы мүмкін (түтінденген ауамен бірнеше дем алған есінен тану үшін жеткілікті) .

Пәтерде өрт шыққан кезде іс-әрекет жасау ережесі:

- кез келген қолайлы тәсілмен жалынды ауыздықтап, крандағы суды бүркіп, гүл өсіп тұрған ыдыстағы топырақты, тығыз матаны пайдалана отырып, жалынды жауып, оның одан әрі таралуына жол бермеу;

- егер өзіңізге қауіптілік төндірмей, телефонға қол жеткізе алсаңыз, өрт сөндіру қызметін шақыру үшін «101» телефонына хабарласу қажет.

Мекенжайды нақтырақ түсіндіру керек;

- терезеге барыңыз. Өрт командасын шақыру үшін адамдардың назарын аудартуға тырысыңыз. Өрт сөндірушілердің келгенін күтіңіз. Олар әдетте бірнеше минуттан соң келеді;

- өрт аймағынан шығып, дымқыл шүберек, мата, дәке арқылы тыныстау;

- көру мүмкіндігі 10 метрден аз болғанда түтінденген аймаққа өтпеу;

- кішкентай балаларға ерекше назар аудару, олар үстелдің, кереуеттің астына, бұрышқа тығылып қалуы мүмкін. Оларды бірінші кезекте көшіреді;

- егер есік ыстық болса - оны абайлап ашу қажет (металл бөліктеріне жақындамаңыз - олар қатты ыстық болады) ;

- жолдардағы барлық есікті жабу керек (жабық есік өртті 15 минутқа бөгейді) ;

- егер өрт төменгі қабаттарда шықса, әрі сыртқа шығатын жолға кедергі келтірсе, онда шатырға шығып, көмекті күту керек;

- ыстық бөлмеде жарылу болған кезде ыстық және синтетикалық киімнен тезірек құтылып, оның орнына мақта маталы киім киіп, суды мүмкіндігінше үстіне көбірек құйып, сулы жапқышқа, киім-кешекке орану қажет, тыныс алу жолдарын ылғалды матамен қорғау қажет, тыныс алуды мүмкіндігінше реттеу керек, желдің өтіне жол бермей, есікті жауып, өрт шыққан жерге оттегінің өтуіне кедергі келтіру керек;

- қою түтінге оранған бөлмеде секіріп не болмаса еденге жақын еңбектеп жүру қажет;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі өрт қауіпсіздігі ережелері
Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
БАЛАЛАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ АРҚЫЛЫ ОЛАРДЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫНА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Өрт сигнализациясы
Экстремальды жағдайлар кезіндегі халықтың іс әрекеті
Өрт және оның түрлері, өрт қауіпсіздігі
Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау ережелерінің талаптары
Өрт кезiндегi тәртiп
Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
Төтенше жағдайдың алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz