Халықты қорғау әдістері



Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру
Бейбіт уақытында барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радияцияға қарсы баспаналарда, туннелдерде, кен орындарында, жер асты гараждарында және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп сондайақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.
Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
Халық аймақтық және көлемді төтеше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға авиациялық авиациялық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациялық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.
Соғыс уақытында кенеттен болған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.
Тұрғындардың толық немесе бөлігін қатерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.
Уақытша көшіру шаралары:
:: ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндіістік прингцип бойынша;
:: халықты көшіру - аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;
:: көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндіндігінше жеке меншік көлік иелерінің көлігін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.
Эвакуация -- адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.
Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.
Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.
Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.
Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.
Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.
Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.
Бытыраңқы орналастыру - соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.
Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.
1. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау;
2.Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың ,бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;
3.Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;
4.халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;
5.көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;
6.стансаларды,аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау,көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;
7.халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау,барлау және даярлау,марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі зерттеу;
8.жерасты құрылғаларын,жекпелерді және басқа да халықты жасауға болатын орындар мен құрылыстарды анықтау және оларды одан әрі жабдықтау;
9.Ааматтық қорғаныстың басқару пункттерін,байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;
10.қауіпсіз аумақта селолық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау,сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау.
Халықты бытыраңқы орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау жөніндегі бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы жүргізеді.
Эвакуациялық комиссиялар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді.
Эвакуациялық комиссиялардың құрамын жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді.
Эвакуациялық комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, қорғаңыс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.
Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі.
Эвакуациялық жиналу пункттерін орналастыру үшін әралуан қоғамдық бөлмелер пайдаланады.Эвакуациялық жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде халықты қорғау үшін тіршілікті қамтамасыз етуге арналған
(медицина, тамақтандыру,күзету және т.с.с.) орындар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдай кезіндегі қорғау
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары
Соғыс және бейбіт уақытындағы азаматтық қорғаныстың міндеті мен рөлі
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Төтенше жағдайлар кезіндегі тұрғындарды қорғаудың негізгі әдістері мен принципдері
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негізінің пәні мен тапсырмасы және принциптері мен әдістері
Төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету
Төтенше жағдайлардағы халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау шаралары
Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау
Алматы қаласы «құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі
Пәндер