Оқу – дидактикалық процесс



Кіріспе

1. Оқу процесінің мәні және дидактикаға түсінік
2. Оқу дидактикалық процесс
3. Оқудың әдіснама дидактикалық жүйелері
4. Оқыту процесінің қызметі
5. Оқу процесінің негізгі құрамдық бөліктері
6. Таным теориясы және оқу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko –оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Әль –Фараби оқыту дегеніміз-үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту – мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс әрекеті, оқушылардың танымдық іс әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі – мұғалім мен оқушының бірлескен іс -әрекеті.
Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен , мақсатқа жетуге бағытталған іс -әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамы, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және білім алу. Қыту – оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс әрекетіне назар аударылмайды.

Оқыту процесі –екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс әрекетіне басшылық етуді жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.

Оқытудың маңызды міндеттері:
- Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
- Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу танымдық іс әрекетті ұйымдастыру.
- Ақыл –ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.

Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады және мынадай бөліктерден тұрады:
• мақсат,
• міндет,
• мазмұн,
• нәтижелері,
• оны бағалау.

Білім беру деп – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті – білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика « Нені оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген екі үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептің алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.
Қолданылған әдебиеттер

1. Педагогика С.Әбенбаев, Ж.Әбиев, Астана: Фолиант – 2009

2. Жас ерекшелік педагогикасы С.Мұсаева, Т.Бегалиев, Астана: Фолиант – 2010

3. Педагогика Ш.Құрманалина, Б.Мұқанова, Ә.Ғалымова, Р.Ильясова, Астана: Фолиант - 2010

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы:
Оқу – дидактикалық процесс

Қабылдаған: Жуманбаева К.Р.
Орындаған: Джолдинова А.К.

Қарағанды қ.
2011ж.

Мазмұны

Кіріспе

1. Оқу процесінің мәні және дидактикаға түсінік
2. Оқу дидактикалық процесс
3. Оқудың әдіснама дидактикалық жүйелері
4. Оқыту процесінің қызметі
5. Оқу процесінің негізгі құрамдық бөліктері
6. Таным теориясы және оқу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қолданылған әдебиеттер

1. Педагогика С.Әбенбаев, Ж.Әбиев, Астана: Фолиант – 2009

2. Жас ерекшелік педагогикасы С.Мұсаева, Т.Бегалиев, Астана: Фолиант –
2010

3. Педагогика Ш.Құрманалина, Б.Мұқанова, Ә.Ғалымова, Р.Ильясова, Астана:
Фолиант - 2010

Кіріспе

Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko –оқыту, түсіндіру,
дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың
теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының
саласы.
Әль –Фараби оқыту дегеніміз-үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді.
Оқыту – мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған,
реттелген, бірлескен іс әрекеті, оқушылардың танымдық іс әрекетін арнайы
ұйымдастыру. Оқыту процесі – мұғалім мен оқушының бірлескен іс -әрекеті.
Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен , мақсатқа жетуге
бағытталған іс -әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамы, білім
алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және
білім алу. Қыту – оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға
қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар
аударылып, оқушылардың іс әрекетіне назар аударылмайды.

Оқыту процесі –екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың
бірлескен іс әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс әрекетіне басшылық етуді
жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.

Оқытудың маңызды міндеттері:
- Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
- Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті
оқу танымдық іс әрекетті ұйымдастыру.
- Ақыл –ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.

Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс әрекет жасауға
үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы
дамытады және мынадай бөліктерден тұрады:
• мақсат,
• міндет,
• мазмұн,
• нәтижелері,
• оны бағалау.

Білім беру деп – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған
білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана
білуін айтады. Дидактиканың міндеті – білім мазмұнын, оқыту әдістерін және
оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика Нені оқыту керек?, Қалай оқыту керек? деген екі үлкен
сұраққа жауап береді. Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік
педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне
енгізумен айналысады.
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептің алдында тұрған
ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.

1. Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік

Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі –
оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне
даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты
анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан
əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын
қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Ежелгі жəне ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында “оқу”, “оқу
процесі” ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание)
білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі
бірлікті – оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту – оқу
материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену
(учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-əрекетін
танытады. Кейінгі жылдары оқу ұғымы оқушылардың танымдық іс-əрекет
тəсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-əрекетін де , мұғалімдер
мен оқушылардың бірлікті іс-əрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен
оқушының бірлікті іс-əрекеті болған оқу процесінің мəні оқыту мен оқып
үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі
белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының
бірлікті əрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу жəне
басқару; 5) біртұтастық жəне бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына
сəйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тəрбиесіне жетекшілік.
Оқу жəне білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын
бөлімінде зерттеледі. Дидактика термині грек тілінен енген, аудармасы
үйретуші дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг
Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мəнін аңдатқан. Ал
Я.А.Коменский дидактиканы баршаны барлық нəрсеге үйретудің əмбебап өнері
деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы
тəрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас жəне қайшылықсыз теориясы ретінде
таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай
бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету жəне қалай үйрету
проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса –қашан, қай
жерде, кімді жəне не үшін оқыту қажет деген мəселелерді қарқынды зерттеуде.
Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген:
оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге
оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, əдістері, құрал-
жабдықтары, нəтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе жəне оқу технологиясы да
осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды
анықтама келіп шығады: дидактика- бұл оқу жəне білімдену, олардың
мақсаттары, мазмұны, əдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен
нəтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактика өз пəні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді,
оқу процесінің барысы мен нəтижесіне негіз болар тəуелділіктерді талдайды,
жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші
əдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының
арқасында ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика жəне
болжастыру); 2) практикалық (қалыпты іс-əрекет, құралдар дайындау).
Дидактика барша пəндер бойынша жəне оқу іс-əрекетінің барлық деңгейіне
орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту
шеңберіне байланысты дидактика жалпы жəне жекеленген болып бөлінеді. Жалпы
дидактиканың зерттейтін пəні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан
жағдаяттары мен оларды орындау шарттары жəне соның арқасында жетілетін
нəтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту əдістемесі
деп аталады. Ол əртүрлі оқу пəндерінің желісін , мазмұнын, оқыту формалары
мен əдістерін қарастырады. Əр оқу пəні өз əдістемесіне ие.

2. Оқу – дидактикалық процесс

Дидактикалық процесс мəнін түсіну үшін оқу жəне оқу процесі
түсініктерінің мəн-мағынасын ажыратып алған жөн. Кейде бұл категориялар
теңдестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес. Оқу түсінігі құбылысты
білдіреді, ал оқу процесі- бұл процестің уақыт жəне кеңістікте дамуы,
оның кезеңдерінің бірізді ауысып баруы.
Ұзақ уақыттар желісінде оқу процесі негізінен оқыту қызметі ретінде
қарастырылды, яғни мұғалім жұмысы деп есептелінді. Уақыт өтумен бұл
түсінікке кең мағына беріліп, оқушы іс-əрекеттеріне ерекше назар
аударылатын болды.
Оқу процесі – шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы, күрделі процесс. Ол
өз ішіне көптеген құрылымы, деңгейі əр текті жəне табиғаты бір-біріне
ұқсамаған жағдаяттардың сан қилы байланыстары мен қатынастарын қамтиды.
Сондықтан да оқу процесі түсінігіне толық жəне жан-жақты анықтама беру
қиындау. Солай да болса, қазіргі педагогика ғылымында оқу процесі ұғымына
орай келесідей анықтама қабылданған: оқу процесі – бұл барысында білім
беру, игеру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған
оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс -əрекет.
Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи
байланыстағы екі түрлі əрекеттен тұрады: оқыту – мұғалімнің оқу материалын
меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-əрекеттері жəне оқып үйрену –
білім меңгеру мақсатындағы оқушының іс-əрекеттері. Бұл екеуі арасындағы
байланыстырушы тетік – бірлікті іс-əрекеттерді жанамаластыратын оқу
мазмұны.
Оқу негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық бірліктері
болып есептелетін, əрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім ретінде
білімдер, ептіліктер жəне дағдылар жатады.
Оқып-үйренудің аса маңызды элементі – сеп-түрткілер (мотивтер). Қандай
да оқу əрекеттерін не тұтастай оқу істерін орындай отырып, оқушы осы сеп-
түрткілерді басшылыққа алады. Оқуға қызықтыратын мотивтер түрі көп, əрі сан
қилы. Олардың əрқайсысы өз алдына дербес ықпал жасамай, бір-бірімен тығыз
ықпалдастық байланыста оқушының білім игеруіне себепші болады. Ақыл-ой
əрекеттеріне ынталандырушы сеп-түрткілер қатарында танымдық қызығулар мен
қажеттердің маңызы ерекше. Бұлардың жоғары деңгейде дамуы үшін шынайы
ғылыми мазмұн жəне педагогикалық мақсат бағдарында ұйымдастырылған белсенді
де дербес таным қажет.

3. Оқудың əдіснама-дидактикалық жүйелері

Оқу мəнін түсіндірудің бірнеше əдіснама-дидактикалық жолдары бар.
Олардың ішінде аса кең танымал болғандары:
1) Гербарттық тəрбиелік оқу бағыты;
2) Дж.Дьюидің оқушы белсенділігіне негізделген оқу бағыты;
3) қазіргі заман демократияшыл дидактика бағыты.
Тəрбиелік оқу бағыты. Негізін салған неміс философы жəне педагогы
И.Гербарт. Ол Я.А.Коменскийдің дəстүрлі сынып-сабақтық жүйесін сындарлы
түсінім тезіне сала отырып, оның кемшіліктерін көрсетті, онымен бірге этика
мен психологияның соңғы жетістіктерін арқау еткен жаңа дидактикалық жүйе
түзіп, ұсынды. Гербарттың пікірінше, оқу-тəрбиенің ең жоғары мақсаты –
адамгершілікті, моральды, күшті мінезге ие болған тұлға қалыптастыру. Оның
ойынша, тəрбиелік оқу келесі этикалық идеяларға сүйенуі тиіс:
- тұлға ұмтылыстарының бағытын, аймағын жəне күшін анықтаушы кемел
жетістігі;
- өз еркін басқалардың еркіне икемдесуі мен бағынуын қамтамасыз ететін
тілектестік;
- адамдар арасындағы дау-дамайдың өрістеуіне шек қоятын құқықтар;
- басқалар тарапынан болған көңіл қабарту жəне өкпені қайтаруды міндетіне
алатын əділдік;
- адамның ерік сезімін оның ниеттері мен наным-сенімдеріне икемдестіруге
мүмкіндік беретін ішкі рухани еркіндігі.
Бұл жүйенің негізгі ерекшеліктері келесідей: мектептің басты міндеті –
оқушылардың ақыл-ес дамуын қамқорлыққа алу. Моральдық тұрғыдан күшті мінез
иелерін қалыптастыруға дұрыс педагогикалық жетекшілік, тəрбие жəне онымен
байланысты оқу себепші болады. Жетекшілік жасаған адамның міндеті
балалардың тұрақты іспен шұғылдануын қамтамасыз ету, дене жəне
интеллектуалды дамуына бақылау қою, тəртіпке үйрету. Оқудың тəртіппен тығыз
байланысқа келуінен, білімнің оқушы сезімі жəне ерігімен бірігуінен –
тəрбиелік оқудың мəні құралады. Бұл түсінікті ендіре отырып, Гербарт
тəрбиені оқудан бөлектеуге болмайтынына, ерік жəне мінездің ақыл-санамен
бірге дамитынына баса назар аударды.
Гербарттың дидактикаға ендірген басты жаңалығы – оқу сатыларын
бөлектеу болды. Оның дидактикасындағы схема келесідей: түсініктілік –
байланыс – жүйе-əдіс. Оқу процесі ұғымдардан түсініктерге өту жəне
түсініктерден теориялық сипаттағы ептіліктерге жету жолымен жүргізіледі.
Бұл схемада, байқағанымыздай, практикаға орын қалмаған. Бұл формальды
деңгейлер оқу мазмұнынан ажыралып, барша сабақтарда жəне барлық пəндерге
арналған оқу процесінің желісін айқындайды.
XIX ғасырдың ортасында кең таралған Гербарт теориясы кейін бірте-бірте
маңызын жоя бастады. Осы күнгі бағалармен өлшестіретін болсақ, Гербарт
жүйесі мектептің дамуына кері ықпал жасады. Осы теорияның негізінде оқудың
мақсаты дайын білімдерді ұсынып, жаттату деген пікірлер тарай бастады; оқу
процесіндегі белсенділік тек мұғалімнен ғана күтілді, оқушыларға тыныш,
назар салып, мұғалімнің айтқанын орындау міндеттері таңылды, яғни балалар
енжар тыңдаушыға айналды. Дегенмен, Гербарт дидактикасынсыз, одан келер
ықпал болмағанда, оның тəрбие тəжірибесін сынға салып, қайта
қарастырмағанда, бүгінгі теория мен практика мектеп өміріне еш уақытта да
енбеген болар еді. Зерделі назар аударсақ, бүгінгі мектептің өзінде де
Гербарт қалаған əміршіл дидактиканың элементтерін көптеп кездестіруге
болады. Осылайша, өз сыныбына қатаң тəртіп енгізуді ниеттеген мұғалім
алдымен ойланғаны жөн –бұлай істесем бола ма? Гербарт тəжірибесінде бұл
тəсіл қолданылған, бірақ оқудағы шектен тыс қаталдықтан ғұламаның кейінгі
шəкірттері бас тартты. Бұл өнеге – құптарлық.
Оқушы белсенділігіне негізделген оқу бағыты XIX ғасырда жасаған
американ философы, психологы жəне педагогы Джон Дьюи дидактикасы қоғам мен
мектептің прогрессив дамуына қайшы келген гербартшылардың əміршіл-əкімшіл
педагогикасына қарсы тұру мақсатында дүниеге келді. Гербарт дидактикасына
келесідей қарсы айыптар тағылды:
- қатаң тəртіп пен жазалауларға негізделген үстірт тəрбие;
- өмірмен байланыспаған оқудың кітабилылығы ;
- оқушыларға тек дайын білімдерді ұсыну, жаттауға бағытталған енжар
əдістерді қолдану;
- оқушылардың қызығулары жəне қажеттерімен байланыспауы;
- оқушы қабілеттерін дамытуға аз көңіл бөлінуі.
Дж.Дьюи өз зерттеуінде оқушылардың белсенділігі дамуына басты назар
аударып, оқушылардың қызығуларына, олардың өмірлік қажеттеріне байланысты
болған оқудың (құрғақ сөзді, кітаби, тек жаттауға негізделген оқудан гөрі)
анағұрлым жоғары нəтижелер беретініне көз жеткізді. Дьюидің оқу теориясына
енгізген негізгі үлесі – толық ойлау əрекеттері (акті) жөніндегі жаңалық
пікірі. Осыған байланысты адам өз өміріне аса күрделі де кедергі болған
қиыншылықтарды кездестірген кезде ғана ойлау əрекетіне кіріседі. Əрбір
толық ойлау акті келесі кезеңдерден құралады:
- қиыншылықты түйсіну (сезу);
- оны нақ байқап(көріп), мəнін анықтау;
- одан құтылудың жолдарын іздестіру (болжам белгілеу);
- болжастырылған шешімнен қорытындыға келу (гепотезаны логикалық
тексеріске салу);
- болжамды қабылдау немесе одан бас тартуға мүмкіндік беретін келесі
бақылаулар мен эксперименттерге өту.
Шешімдерін ойластырып, жеңу қажет қиыншылықтар кейін проблема
атауын алды. Дьюидің пікірінше, дұрыс құрылған оқу əр уақытта проблемді
болуы тиіс. Оқушыларға берілетін тапсырмалар олардың қызығуларына, өмір
талаптарына сəйкес болуы шарт.
Мұғалім оқушылардың қызығу қабілеттерінің дамуына мұқият ден қоя
отырып, олардың алдына түсінімі жəне шешілуі жағынан қиналтпайтын
проблемалар қойып баруы қажет. Оқушылар, өз кезегінде, осы проблемаларды
шешуден өздеріне жаңалық əрі пайдалы болған білімдерді игеретініне сенімді
болуы тиіс. Сабақтар толық ойлау актілері негізінде құрылып, одан
оқушылардың келесі ептіліктерді игеруі күтіледі:
- нақты қиыншылықты сезу;
- оны (проблеманы) анықтау;
- кезіккен қиыншылықты жеңудің болжамын (гипотезасын) түзу;
- толық проблеманы немесе оның бір бөлігін шешудің жолын табу;
- болжамды бақылау немесе эксперименттер жəрдемімен тексеру;
Дəстүрлі жүйемен салыстырғанда, Дьюи өте батыл жаңалықтар,
күтілмеген шешімдер ұсынды. Кітаби оқу орнына негізінде оқушылардың
өзіндік таным əрекеттері болған белсенді оқу мектеп тəжірибесіне енді.
Əміршіл мұғалім орнын оқушылар белсенділігін не мазмұн, не оқу əдістеріне
матамайтын, ал қиыншылықтарды жеңуге көмектесетін, қажет болса, жəрдем
беретін жебеуші – мұғалім иеледі. Жалпыға бірдей мызғымас оқу
бағдарламалары мұғалім тарапынан тек жалпылай мазмұны ғана анықталған
бағыттау бағдарламаларымен ауыстырылды. Ауызша жəне жазбаша сөздің орнына
оқушылардың өзіндік дербес зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға бағышталған
теориялық жəне практикалық дəрістер келді. Кейінгі кезеңдерде жүргізілген
зерттеулер ежелгіден, дəстүрлі жəне жаңашыл дидактикалық жүйелерден ең
құнды болған тараптарын сақтап қалып, күнделікті маңызды болған мəселелерді
шешудің жаңа жолдарын табуға бағытталды. Бұл ізденулерден кейін орын
иеленген оқу жолдары бүгінгі заман дидактикасының жаңа жүйесін құрады.
Жаңа бағыттар арасында белгілі американ психологы жəне педагогы Дж.
Бруннер ұсынған жаңалықтар ашумен оқыту бағыты назар аударарлық. Бұл
теорияға орай оқушылар барлық танымдық күштерін іске қосуды талап ететін
жəне өнімді ойлау қабілетінің дамуына ұтымды ықпал жасаушы өз
белсенділігімен ашқан жаңалықтары негізінде дүниені танып, білімдер игеруі
қажет. Оқушылар бұған дейін білмеген қорытындыларды жасап, оларды өз
бетінше өрнектеп, тəжірибеде қолдану жолдарын да игеруі қажет. Мұндай
шығармашылық оқу дайын білімдерді игеруден де, сондай-ақ қиыншылықтарды
жеңу жолымен жүргізілетін оқудан да өзгеше, дегенмен аталған екі жүйе де
Бруннер теориясының негізі əрі қажетті шарттары ретінде пайдаланылған.
Шығармашыл оқуға тəн белгі, Бруннердің пайымдауынша, нақты тақырып бойынша
деректерді жинақтау жəне бағалау, солардың нəтижесінде белгілі қорытынды
ғана өрнектеу емес, сонымен бірге игерілетін материалдардың шеңберінен
сыртта жатқан заңдылықтарды да анықтау.
Қазіргі заман демократияшыл дидактика өзінің келесідей
ерекшеліктерімен сипатталады:
1. Бұл жүйе негізін объектив заңдылықтар құрайды. Осының арқасында
қазіргі заман дидактикасы оқу процесін түсіну мен талдауда бір тараптылық
көзқарастан құтылды. Дидактиканың қазіргі күндегі тұжырымдамасы оқу
процесіне жүйелі бағытта қатынас жасауға негізделген, яғни осы жүйеліліктен
сезімдік қабылдау, білімдерді түсіну жəне игеру, игерілген білімдер мен
ептіліктерді тексеру танымдық процесте, оқу іс-əрекеттерінде табиғи
біртұтастыққа келтіріледі. Танымда да осы сезім, ойлау жəне практикалық іс-
əрекеттердің өзара бірдей уақыттағы ықпалдастығына байланысты талаптар да
іске асып барады. Қазіргі дидактикалық бағыт өткендегі дидактикалық
жүйелерге тəн теория мен практика, білімдер мен ептіліктер, баяндау
қабілеттері мен болмысты өзгерту, сондай-ақ тікелей мұғалімнен алынатын
білімдер көлемі мен оқушылардың өз бетінше жинақтайтын білімдердің
арасындағы қарама-қарсылықтарды жойды.
Дидактикалық жүйе түзуде комплекстік бағыт-бағдар қажеттігі жөніндегі
түсінім бекіді. Мұғалімдер де, ғалымдар да балалар жөніндегі білімдер,
оларды оқыту механизмдері, танымдық іс-əрекеттері, мақсаттары мен мотивтері
бірлігіне сүйенген дидактика ғана тұлғаның жан-жақты жəне үйлесімді дамуына
пайдалы болатынын түсінді.
2. Бүгінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактикалық жүйенің сипаттамасы
Биология курсын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі
Оқу процесінің мəн-мағынасы
Оқу - дидактикалық процесс туралы ақпарат
Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама
Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын
Қазақстандағы білім берудің қазіргі тұжырымдамасы және оны дидактикалық тұрғыдан іске асыру
Тарау Қазіргі дидактикадағы оқыту процесінің мәні және оқытудың жалпы теориялық мәселелері
Тұтас педагоикалық процестегі оқыту
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайлы мәлімет
Пәндер