Музыка сабағында заманауи технологияларды пайдалану



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Музыка кафедрасы

Музыка пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Музыка сабағында заманауи технологияларды пайдалану

Орындаған:
Жетекшісі:

Орал, 2014ж.

Мазмұны
Кіріспе
1. Музыка пәніндегі оқытудың тиімді жолдары
1.1 Музыка пәнін оқытудағы жаңа инновациялық
әдістердің тиімділігі
1.2 Музыкалық мектептегі заманауи педагогикалық технологиялар: дәстүр мен жаңашылдық арасында
1.3 Мектептегі музыка пәнінде жаңа технология әдіс-тәсілдерін, бағдарламалар тобын қолдану үрдісі
2. Музыка пәнінде заманауи технологияларды пайдаланып оқыту
2.1 Сиқырлы музыка аспаптары Шаңқобыз. Дабыл
2.2 Музыка әлемінде сыныптан тыс ашық сабақ
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, білім сапасын арттыру өмір талабы
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық қазыналар, ғылым мен практикалық жетістіктері және тұлғаны қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, - деп ерекше ата көрсетілген.
Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамының алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын және өз замандарына сай мәдени талғамы зор, эстетикадан сусындаған, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу. Біздің қазіргі мектепте тәрие алып жүрген жастарымыздың эстетикалық тәрбие жүйесі қалыптасқан деп айтуға болады.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі - сыныптық сабақ жүйесі екені бәрімізге мәлім. Осыған орай менің тәжірибемде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда болуда. Олар көбінесе оқытудың жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсатым - әрбір сабақтың оқу - тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдістің жаңалығы басқа ұстаздардың жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді.
Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні - білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы бағыттарда мектептерде музыкадан теориялық және тәжірибелік білім беру жүйесінен біраз тәжірибелер жинақталған, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде ұлттық бай музыкалық мұрамызды молынан пайдаланудың жолдары әлі де көрсетіле берсе артық етпейді. Басты міндет-оқыту мен тәрбиелеу. Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский Өнер- өнегілі , ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал деп тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару - ұстаздардың басты мақсаты.
Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып,оның патриоттық, адамгершілік сезімдерін қалыптастырады.Оның ықпалы үгіттеуден де, нұсқаулардан да анағұрлым күшті болады. Отан, Қазақстан, батырлық туралы айтқан балалардың әндерінен өз елдеріне деген сүйіспеншіліктерін көруге болады.Сондай-ақ,Қазақстан азаматы болғандықтан, әрбір бүлдіршін еліміздің рәміздерін, әсіресе, мемлекетіміздің Әнұранын есіне сақтап,жаттап алуын қамтамасыз еткен жөн. Түрлі халықтардың жеке және хормен айтылатын әндері мен билері достыққа тәрбиелейді. Әсіресе біздің балабақшамыздағы орыс топ балаларының казақ тілінде ән шырқап аудан көлемінде өткен Тіл болашағы балабақшада атты байқауда жүлделі орынға ие болғаны қазақ әні мен билеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырады. Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мінез-құлқына,мәдениетіне себін тигізеді. Өнердің басқа түрлері сияқты музыканың танымдық маңызы да бар. Музыка балалардың эстетикалық және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып,оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандырады.
Зерттеу объектісі. Мектептегі музыка сабағы
Зерттеудің мақсаты: музыка сабағында замануи технологияларды пайдаланып оқытудың тиімді әдістерін қарастыру.
Зерттеудің міндеті: Балаларға музыкалық білім беру және музыка сабақтарында заманауи технологияларды пайдалану тәсілдерін көрсету, балалардың музыка тыңдауын қалыптастыру ерекшеліктерімен таныстыру.
Зерттеу нысаны: мектепте бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру.
Зерттеу пәні: музыка пәнін оқыту
Зерттеу әдістері - ғылыми - педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата - аналар және ұстаздармен әңгіме, сұхбат жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
1. Балалардың эмоциялық сезімдерін дамытудың мақсат-міндеттері;
2. Музыка сабағында жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді тәсілдері;
3. Музыкалық тәрбие берудің маңызы туралы түсінік берілді.
Практикалық пайдасы: эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата - аналардың педагогикалық сауатын ашуда, мектепте сынып жетекшілерінің ата - аналармен жұмысында, педагог - психологтардың практикалық іс - шараларында қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

1. Музыка пәніндегі оқытудың тиімді жолдары
1.1 Музыка пәнін оқытудағы жаңа инновациялық
әдістердің тиімділігі
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы приортитетінің бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, тасымалдау, тарату және пайдалану қызметтерін атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр.
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми - педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында ұлттық тарихымыздың, ұлттық менталитетіміздің, ұлттық идеологиямыздың қалыптасуына білім беру жүйесіндегі ірі реформалық процестер жетекшілік ететіні даусыз.
Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімімен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады.
Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Мен осы бағытарда сбақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Мысалы: Интерактивтік тақатмен жұмыс , мультимедиалық көрніспен, жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуді дәстүрге айналдырдым. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Халқымыздың осы мақсатын қайта жандандыру мақсатында балаларды қабілетіне қарай, - жыраулық өнерге, терме айтуға , шешендікке тапқырлыққа , айтыс өнеріне үйретуде - ән - саз пәнінің алатын орны орасан зор. Олай болса, оқытумен тәрбиелеудің ой елігінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады. Әр мұғалімнің оқытуға, үйретудегі өз тұғырнамасы болу қажет.
Олар мыналар:- Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін мүмкіншілігін түсіну:
- Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау:
- Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшеліктерден арылуға көмектесу:
Музыка пәнінің басақа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттру, жақсы ұйымдастрылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты, музыка түрлерінің шығу тарихы, музыка түрлері дамыған елдерде, музыка әр саласындағы белгілі компазиторлар өмірімен Қазақстандағы әлем елдеріндегі компазиторлармен музыка жұлдыздары тағы басқа, музыка туралы толық мәліметтер беріп отыру. Сонымен бірге оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың тағы басқа, әлем елдеріндегі атақты компазиторлар және мәдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет. Осы тұрғыда оқушылар атақты компазиторлардың жетістіктерге жетудегі еңбектерімен таныса отырып, өздеріде, сабақта әр тапсырманы ыждағаттылықпен, белсенділікпен орындауға жұмыстанады.
Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының арттатыны сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А. Дейстербергтің Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді - дегенді. Содықтан да оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс тәсілдері болып табылады. Бұл-мұғаліммен оқушыға арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, музыкаға деген бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар, туғызып қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру. Барлық оқушы өз қызыметін ең төменгі жеңіл тапсармалады орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арсында бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызыметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады. Осылай ойын элементерін әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын Даму мониторингі кестесіне белгілей отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыруы қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ сапасын арттыруға ықпалы көп.
Атап айтсам: Кім шапшаң?, Әуенді тап, Сөз жұмбақтар т.б сонымен қатар ұлттық музыка әлеміне байланысты сабақты түрлендіріп өткізуге жаңа инновациялық технологияларды қолдану да орыны орасаң зор.

1.2 Музыкалық мектептегі заманауи педагогикалық технологиялар: дәстүр мен жаңашылдық арасында
Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызуғушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады.. Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда мұғалімде, оқушыда табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білемін. Оқусыз - білім жоқ, білімсіз күнің жоқ деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу - деп көрсетілген [1]. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни берілген үлгі бойынша өнім алу, оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.
Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар қалыптасуда.
Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар ке­ңістігінде дұрыс бағытты таң­дауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпа­раттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Педагог мамандарды ақпа­рат­тық-коммуникациялық техно­логия негiзiнде дайындауда ке­­лесi қағидалар негiзге алынған:
- вариативтiлiк - әрбiр бi­лiм беру қызметкерлерiнiң жа­сақ­та­ған материалдарына сәйкес бi­лiк­тiлiктi көтеру жүйесiн ба­ғыт­тайды;
- болашаққа негiзделген - күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анық­тайды;
- рефлексивтi-креативтi - жа­ңа ақпараттық технологиялар­ды меңгерту бiлiмдерiн ұй­ым­дас­ты­руда курстың бағыты да­ра­лық-шығармашылық негiзге бағыт­талуы қажет;
- эргономикалық - нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;
- iзгiлiктiлiк - бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап ете­дi, бiлiктiлiктi көтеру жүйе­сiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;
- тәжiрибеге бағытталған - оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қол­дану ой-пікірі жүзеге асырылады және нақытылы iс-әре­кет­тер бойынша тыңдаушылардың танымдық үдерістерінің өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
- жекелеген кеңес беру - тыңдаушыларға кеңес беру ұсы­нылады.
Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүм­кіндіктер береді. Бiлiм берудi ақпараттан­ды­ру­дың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бi­лiм­дiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақ­па­раттық технологияны пайдала­ну­ға, Қазақстан Республика­сын­дағы ақпараттық кеңiстiктi әлем­дiк бiлiм беру кеңiстiгiмен са­бақтастыруға мүмкiндiк бередi.
Бiлiм берудi ақпараттанды­рудың негiзгi мiндеттерi:
- ақпараттық және телеком­му­никациялық техникалық құ­ралдармен қамтамасыз ету;
- бiлiм берудi ақпараттан­дыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
- оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны ен­гi­зу­дi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүр­гiзу;
- пәндер бойынша жасақта­латын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiс­темелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiл­дiру бiлiм берудi басқаруда ақ­параттық жүйенi құру;
- бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн бағдарла­ма­лық-техникалық құралдарды қам­тамасыз ету және мульти­ме­дия­лық бағдарламаларды, элек­трондық оқулықтарды жасақтау;
- педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қыз­меттерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.
Музыкалық-теориялық цикл сабақтарында қолдануға болатын педагогикалық технологиялар келесілері: ақпараттық технологиялар. Ақпараттық техналогиялық оқыту ретінде ақпарат жаңғырту үрдісінің байланыс құрылымы компьютерлік бағдарламаны қолданумен жүзеге асырылуы түсіндіріледі. Бұл заманда білімді ақпараттандыру білім жүйесі ақпарат жүйесімен (компьютермен, аудио-бейне құралдармен), ақпараттық технология, ақпараттық өнімдермен біте қайнасқан іс-шаралар кешені іспетті.
-А.С.Границкаяның Бейімделген (бейімдеп) оқыту жүйесі (БОЖ). Бірінші кезеңде түсіндіру болады, барлығы жеке жұмыс жасайды. Мұғалім - жеке. Екінші кезеңде оқушылар бірін-бірі бақылайды. Үшінші кезеңде түбегейлі жеке жұмыс, әркім өзін-өзі бақылайды. Мұғалім әр оқушыға көңіл бөле алатындықтан, бұл жүйе сольфеджио және музыка теориясы сабақтарындағы музыкалық-теориялық ұғымдарды оқығанда өте ыңғайлы.
-Жеке бағытталған технологиялар субъект-субъекттік оқытудың, тұлғалық өсу диагностикасының, жағдаяттық жобалаудың, ойындық үлгілеудің, тұлғаның шынайы, әлеуметтік-мәдениеттік, білімдік кеңістікте дамуын қарастыратын оқыту тапсырмаларын өмірлік жағдайлармен байланыстырудың басымдығын қарастырады.
Біз берілген технологияларды заманауи деп айта алмаймыз, себебі, музыкалық білім үшін олар педагогикалық процестің концептуалды негізі және дәстүрлі болып табылады.
Топта жұмыс жасаса да, педагог әр оқушының тұлғалық-психологиялық ерекшелігін және даму перспективасын ескеруге міндетті.
-Заманауи жалпы білім беру тәжірибесінде ойындық үлгі, ойын жоспары, рөлдік позициялар, альтернативті шешімдер мүмкіндігі, болжалды нәтиже, жұмыс бағасының шешімі, эмоционалдық толқумен ерекшеленетін ойындық оқыту технологиялары (А.А.Вербицкий, Н.В.Борисова және т.б.) кең таралған.
Танымдық, шұғылдану, театрленген, ойындық, имитациялық, компьютерлік, ойындық жобалау, жеке тренинг, тәжірибелік жағдаяттарды және тапсырмаларды шешу және т.б. ойындар қолданылады. Әр ойын дидактикалық тапсырмаларға сәйкес келу мүмкіндігімен таңдалады.
-Оқытудың кедергілік-дамыту технологиясы (М.М.Махмутов., Н.Г.Мошкина және т.б.). Оқытудың кедергілік-дамыту технологиясының төл қызметі оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыру; оқушылардың белсенді қарым-қатынас жасау тәжірибесі мен мүмкіндіктерін қалыптастыру; оң әсерді қалыптастыру; сұхбат құрылымы мен оны оқыту барысында жүзеге асырудағы педагогтің қызметін ұйымдастыру болып табылады.
Бұл технология өте қызықты, музыкалық әдебиет сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Аталған технология әдістерінің көбі тәжірибеде көп қолданғандықтан заманауи деп аталуы екіталай. [1]
Н.В.Ягненкова БММ теориялық циклды сабақта кейбір заманауи педагогикалық технологияларды тәжірибелік қолдану мүмкіндіктері еңбегінде шынайы сабақтар жүйсіне негізделген (авторы - А.А.Окунев) педагогикалық технологияны қарастырады және сабақтың дәстүрлі емес технологияларының бірқатарын атап өтеді:
1.пәнаралық байланысқа негізделген кіріктірілген сабақтар; сайыс пен ойын түріндегі сабақтар: сайыс, турнир, эстафета, дуэль, іскер немесе рөлдік ойын, сөзжұмбақ, сұрақ-жауап;
қоғамдық тәжірибеде танымал түр, жанр, жұмыс әдісіне негізделген сабақтар: зерттеу, шығармашылық, бастапқы шығуын талдау, қорытынды пікір, мимен шабуылдау, сұхбат, репортаж, рецензия; - оқыту материалын дәстүрлі емес негізде ұйымдастыру сабақтары: даналық сабағы, махаббат сабағы, сыр ақтару, презентация-сабағы, қоюшы іске кіріседі;
2.қоғамдық қарым-қатынас түрін көрсететін сабақтар: пресс-конференция, аукцион, бенефис, митинг, регламенттік пікірталас, панорама, телебағдарлама, телекөпір, рапорт, тірі газет, ауызша журнал;
3.қиял қолданылған сабақтар: ертегі-сабақ, тосынсый-сабақ, сиқыршының сыйлық-сабағы, өзге ғаламшарлықтар тақырыбына арналған сабақ; - мекеме, ұйым қызметіне негізделген сабақтар: сот, тексеріс, парламенттегі пікірталас, цирк, патенттік бюро, ғалымдар кеңесі;
4.қоғамдық-мәдени іс-шараларды көрсететін сабақтар: өткенге сырттай саяхат, саяхат, әдебиеттік серуен, қонақта, сұхбат, репортаж;
5.сыныптан тыс жұмыс түрін дәстүрлі емес сабаққа алмастыру: КТК, Істі білгірлер жүргізеді, Не? Қайда? Қашан?, Эрудицион, ертеңгілік, спектакль, концерт, қойылым, отырыстар, алғырлар клубы және т.б.
Аталған барлық сабақ түрлерін БММ қолдануға болады.
Жобалар әдісі - қандай да бір қиын мәселені оқушылардың міндетті түрде нәтижелер презентациясы арқылы өз бетінше шеше алатын оқу-танымдық әдістер жиынтығы. Жобалар әдісін қолданудың негізгі талаптары: 1) шығармашылық ізденіс жоспарындағы қиын мәселе болуы; 2) болжалды нәтиженің тәжірибелік, теориялық маңыздылығы; 3) оқушылардың өзіндік жұмысы; жобаның мазмұндық бөлігінің құрылымы (кезеңдік нәтижені қоса көрсету); 5) зерттеу әдістерін қолдану. Орындалған жоба нәтижесі материалды тұрғыда, яғни бір түрде (бейнефильм, альбом, саяхат ботжурналы, компьютерлік газет, баяндама және т.б.) безендірілген болуы керек.
Берілген технологияны қолдану музыкалық әдебиет пен музыка тыңдауда кең етек алған.
-Оқу және хат арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясы.
ОХАСОД (critical thinking) технологиясы ХХ ғасырда АҚШ-та ойлап табылды (Ч.Темпл, Д.Стал, К.Мередит). Мұнда орыс отандық топтық және ұжымдық түрде оқыту технологиясы, сондай-ақ дамытып оқыту бірлестігі идеясы мен әдісі біріктірілген; бұл жалпыпедагогикалық және оқулықтық технология болып табылады.
Негізгі міндет оқушыларға келесілерді үйрету: себеп-салдарлық байланысты ерешелеу; бар білімдері мен жаңа идеяларды қарастыра білу; керек емес немесе дұрыс емес ақпараттан бас тарту; ақпараттың түрлі бөліктерінің қалай байланысқанын түсіну; талқылаудағы қателерді ерекшелеу; өз ойында табандылықтан бас тарту; дұрыс емес қорытындыға апаратын жалған стереотиптерді анықтау; алдыңғы қарым-қатынасты, ойды және талқыны тауып алу.
Ойлау үдерісінің ең танымал көрсетілім әдісі графикалық ұйым болып табылады. Үлгілер, суреттер, сызбалар және т.б. идеялық байланысты танытып, оқушыларға ой бағытын көрсетеді. Көзден таса болған ойлау үдерісі көрінетін түрге айналады. Конспект, хронологиялық және салыстырмалы кесте осы технология шеңберінде қолданылады. [2]
А.К.Колеченконың Пеагогикалық технологиялар энциклопедисы атты кітабында келтірілген БММ қолдануға болатын бірқатар педагогикалық технологияларды мысалға келтіре аламыз.
1.Өзара бақылау.
Мақсаттары:
1) білімді тексеру;
2) әр оқушыға өз жетістігі жайлы айтуға мүмкіндік беру;
3) әлсіз оқушылардың өзіне деген сенімсіздігін сейілту;
4) оқушылардың тіл байлығын дамыту;
5) сауал интенсификациясы;
6) Мен - концепциясын тәрбиелеу. Топ мұғалімдер мен оқушыларға бөлінеді. Оқушылар өз мұғалімдеріне жауап береді. Педагог сынып жұмысы барысында жеке оқушыларға барып, жауаптарын нақтылап, оларға көмектесуіне болады.
2.Қатені іздеймін.
Бұл технология сольфеджио және музыкалық әдебиет сабақтарында кеңінен қолданылады. Балалардың қызығушылығын тудырады, шағын топтардағы жұмыста назар аударғыштығын, бірлесіп жұмыс жасауын дамытады.
3.Сабақтағы консультанттар (бастықтар).
Берілген қойылым оқыту, тәрбиелеу, дамыту мақсаттарының мықты жетістіктерінің бірі болып табылады. Адам өзгеге үйреткенде өзі де материалды терең түсініп, есіне жақсы сақтайтыны мәлім. Технология тек қана теориялық цикл сабақтарында ғана емес, мамандандырылған сабақтарда қолдануда да нәтижелі.
4.Моншақ (сауалнама)
Мақсаттары:
1) балалардың білімі мен ептілігін кикілжіңсіз тексеру;
2) сұрақ құрастыру ептілігін дамыту. Бұл технология сабақ білімін тексерумен қоса, оқулық бөлімдерін тексеруде де қолданылады. Педагог өткен тақырып немесе бөлім бойынша оқушыларға сұрақ құрастыруды тапсырады. Оқушылар топта сұрақтарды кезектесіп оқып, өздері бағасын береді. [3]
Ұсынылған әдістер мен технологиялар, шүбәсіз, қазіргі заманғы білім беру үдерісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сондықтан, оларды балалар музыкалық мектебінде сабақ өткізу тәжірибесіне белсенді түрде кірістіру қажет.

1.3Мектептегі музыка пәнінде жаңа технология әдіс-тәсілдерін, бағдарламалар тобын қолдану үрдісі

Жас ұрпақ-ел тірегі ертеніміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.
Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсатүйрете жүріп, үйрену.
Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқтыуәдістемесін өзгертеді.Менің музыка пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Музыка пәнінде заманауи технологияларды пайдаланып оқыту
Музыка сабағындағы заманауи технологиялар
Музыка сабағында қашықтықтан оқытудағы компьютерлік технологиялар
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Музыка сабағында мұғалімнің қолданатын шығармашылық әдістері
Шығармашыл оқытушы музыка сабағында
Музыка пәнін оқытудың тиімділігі
Пән сабақтарында АКТ-ны қолдануды жетілдіру
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер