Музыка танушылар мен ғалымдар музыкалық білім жөнінде
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Мәдениет және өнер институты
факультеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Музыка танушылар мен ғалымдар музыкалық білім жөнінде
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе
1.Музыкалық білі беру
2 Музыкатанушылар мен ғалымдар музыкалық білім жөнінде
3. Шоқан және музыка
4. Фарабидің музыкалық ілімі
Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе
Музыка өнері - адамзат қауымының пайда болуымен бірге қалыптасып, қоғам дамуының барлық сатысында өмірлік мәні зор тәрбиелік қызмет атқарып, бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазына. Қоғамдағы мәдениеттің деңгейіне, өндірістік қатынастардың, өндірістік күштердің дамуына сәйкес, оның мақсаты мен мазмұны, сипаты, әдіс-құралдары, тәрбие формалары белгілі бір өзгеріске ұшырап отырады. Музыка өнерінің дамып, қалыптасуына жасалған ретроспективтік талдау және археологиялық мәліметтер музыкалық тәлім-тәрбиенің қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты болғандығын дәлелдейді.
Музыкалық тәлім-тәрбие адамзат қауымының түрлі іс-әрекеттерінде, ойын-сауықта, еңбек ету әрекеттерінде берік орын алып отырды. Ол қоғамның мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін жеткізудің құралы болуымен қатар, сол қоғамның дамуына, музыкалық білімнің жинақталуына, адамдардың өмір әрекеттерінің түрленуіне байланысты әлеуметтік категория ретінде өзі де үнемі дамып, қалыптасу үстінде болды.
Музыкалық білім беру педагогикасы - қоғам дамуымен біте қайнасқан өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім-тәрбие, тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіле келе, қоғамның, мәдениеттің дамуына, әлеуметтік тәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді. Сөйтіп, өткендегі музыкалық білім беру тәжірибесі және кейінгілердің оның дамуына жасампаздықпен өз үлесін қосып, белсенділікпен меңгеруі барысында бірте-бірте дербес ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады.
Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам саласына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар - түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен өрнектері.
1.Музыкалық білі беру
Музыканы оқыту - екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгертуге бағытталған оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара әрекеттілігі. Музыкалық білім беру педагогикасы - тарихи құндылықтарды зерттеу, жинақтау, жеткізуге деген қоғам қажеттіліктерінен пайда болған ғылым. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар құрайды.
Музыкалық білім беру - арнайы ұйымдастырылған оқу процесінде немесе өз бетімен білім алу арқылы білім, іскерлік, дағдылар жүйесін меңгерту ретінде қарастырылады. Білім, іскерлік, дағдылар жиынтығы музыкалық білімділік мазмұнын құрай келе, кәсіби салада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бемімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.
Меңгертілген музыкалық білім көлеміне сәйкес бастауыш, орта, орта арнайы, жоғары білім, ал сипаты мен бағыттылығына қарай жалпы музыкалық білім, кәсіптік музыкалық білім деп бөлінеді.
Қайсыбір ғылым саласы сияқты музыкалық білім беру педагогикасы ғылыми-теориялық, практикалық және болжау функцияларын атқарады. Музыкалық білім беру педагогикасының мазмұны маңызды деген ғылыми педагогикалық идеяларға (білім беруді ізгілендіру, ынтымақтастық педагогикасы, оқытудың өмірмен байланыстылығы және т.б.) ғылыми теорияларға сүйенеді. Музыкалық білім беру педагогикасын теориялық және қолданбалы ғылым ретінде сипаттауға болады. Өйткені ол, бір жағынан, педагогикалық құбылыстарды баяндап түсіндірсе, екінші жағынан, музыкалық білім берудің міндеттерін шешуге бағытталған қалай оқыту және тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Музыкалық білім беру педагогикасы теориялық жағынан дами отырып, музыкалық білім беру бойынша оқу-тәрбие процесін жетілдіруді көздейді. Оған озық педагогикалық тәжірибенің, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларының мектеп практикасына ендірілуі мысал бола алады. Музыкалық білім беру педагогикасына болжам жасау функциясы қоғамның дамуының, мәдениет пен экономиканың, музыкалық білім беру саласындағы ғылыми-мәдени жетістіктердің даму тенденцияларына талдау жасау негізінде музыкалық білім берудің болашағын жобалауға көрініс береді. Болжамның объектісі - ғылыми теориялар қалыптасқан жағдайда оны болашақтағы практикалық іс-әрекеттерде қолдану жолдарының үлгісінің жасалуы.
Осы тұрғыдан алғанда, музыкалық педагогиканың ғылым саласы ретінде музыкалық тәлім-тәрбиеге байланысты педагогикалық және қоғамдық іс-әрекеттің түрлі жақтарын қарастыруы оның зерттеу мақсаты болып табылады.
Музыкалық білім беру педагогикасын ғылым ретінде қарастыру қайсыбір ғылым саласын сипаттайтын факторларды анықтап алуды қажет етеді.
1) Музыкалық білім беру педагогикасы - ғылым саласы, оның пәні музыкалық білім беру;
2) Музыкалық білім беру педагогикасының зерттеу объектісі оқушы, музыка пәні мұғалімі, кәсіби сазгер;
3) Музыкалық білім беру педагогикасы музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді. Ол түрлі фактілерді жинақтап, қорытады, музыкалық-педагогикалық құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтайды, музыкалық білім беру мен тәрбиелеу ісінің болашағын болжайды;
4) Музыкалық білім беру педагогикасы өз пәнін зерттеуде жалпы педагогикалық және арнайы зерттеу әдістерін (бақылау, әңгімелеу, эксперимент және т.б.) қолданады;
5) Қайсы бір ғылым саласы сияқты музыкалық білім беру педагогикасына қатысты негізгі категориялар (музыкалық тәрбие, музыканы оқыту, музыкалық білім беру) қалыптасқан.

Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастыруға тікелей байланысты.
Өнердің осы түрінің адамның жан дүниесіне ықпал ету механизмдері мен оның табиғатын танып білуге ерте кездің өзінде-ақ антика ғұламалары назар аударған. Тарихи-археологиялық деректерге қарағанда, музыка ежелгі грек қауымының өмір тіршілігінде айтарлықтай орын алған және олар музыкалық тәлім-тәрбиеде жинақталған.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында музыкалық білім беру саласы дербес ғылым саласы ретінде дами бастады. Оған бірнеше факторлар себепкер болды. Біріншіден, бұл қоғамның әлеуметтік жаңаруы және адамгершілік, халықтық, ізгілік, демократизм идеяларының өркендеуіне байланысты еді. Осы кезеңде өмір сүрген орыс классик сазгерлері, педагогтары А.Н.Серов, В.В.Стасов, Ц.А.Кюи, М.Глинка, А.Доргомыжский, П.Чайковский, С.Танеев, Н.Римский-Корсаков және т.б. өнердегі халықтық демократизм, ағартушылық идеяларын дәріптеп, тәрбиені прогрессіл рухпен қанықтыруды батыл талап етті және музыкалық мәдениетті жетілдіру жөнінде құнды пайымдаулар жасап, оларды іс жүзінде жүзеге асыруға атсалысты.
Зерттеушілер музыкалық білім беру педагогикасының ғылым ретінде қалыптасу, даму жағдайын басты үш кезеңге бөліп қарастырады.
Бірінші кезең (XIX ғасырдың екінші жартысы) музыкалық білім беру педагогикасының негізін салушы ғалым-ұстаздардың (А.Н.Карасев, С.И.Миропольский, Д.Н.Зарин, С.Т.Щацкий және т.б.) педагогикалық іс-әрекеттердің белсенділігі және музыкалық тәрбие берудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін қарастыруға арналған бірқатар музыкалық-педагогикалық еңбектердің жарық көруімен сипатталады.
Музыкалық білім беру педагогикасының проблемаларын, соның ішінде музыкалық тәрбиенің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін анықтау ісімен айналушылардың бірі А.Н.Карасев болды. А.Н.Карасевтың Ән айту әдістемесіөз кезінде аса танымал еңбектердің бірінен саналған-ды. Әдістемеде ән айтуға үйретудің мақсаты және одан туындайтын нақты міндеттер, ән айтудың тәрбиелік маңызы анықталған. Автордың пікірінше ән айтудың мақсаты - балалардың музыкалық қабілеттерін, сонымен бірге дауыс, сөйлеу, тыныс алу органдарының іс-әрекетін белсендіру және қалыптасқан музыкалық қабілеттері мен іскерліктерін практикада қолдана білуге дағдыландыру. Ол нота сауаттылығын ашу жөнінде де құнды пайымдаулар жасады.
Музыкалық білім беру педагогикасы қалыптасуының алғашқы кезеңіндегі Ресей мен Батыс Европадағы музыкалық тәрбие берудің жағдайы туралы объективті мағлұматтар жинақталған маңызды еңбектердің бірі С.И. Миропольскийдің Ресей мен Батыс Европадағы музыкалық білім беру туралы кітабы еді. Автор еңбегінің негізгі мақсаты музыканың тәлім-тәрбиелік маңызын ашу және сол кездемүмкін болып есептелмейтін жалпыға бірдей музыкалық тәрбиені жүзеге асыру жолдарын қарастыру болатын.
XIX ғасырдың соңында музыкалық білім беру педагогикасының қалыптасуына Д.Н. Зарин мен А.Л. Маслов өлшеусіз үлес қосты. Олар өздерінің музыкалық тәжірибесіне сүйене отырып, балалардың музыкамен шұғылдануға деген әуесқойлығын, шығармашылық белсенділігін арттыру негізінде олардың музыкалық қабілеттерін дамытуға болатындығын дәлелдеп берді. Д.Н. Зариннің Мектепте хормен ән салу әдістемесі оқу құралында музыкалық қабілеттерді дамытудың бірқатар мәселелері қарастырылған. Оның пайымдауынша балалардың музыкалық белсенділігін арттыру музыкалық қабілеттерді дамытудың негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Автордың балаларға белгілі бір мәтінге немесе аяқталмаған музыкалық фразаны жалғастыра әуен шығарып аяқтау, музыкалық қабылдауды әнді орындау және оны импровизациялау негізінде ұйымдастыру музыка сауатын меңгеруде, дыбыстардың қатынасын, қозғалысын бейнелейтін әуендер шығару сияқты ұсынған шығармашылық тапсырмалардың, сонымен қатар музыкалық есту, ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту, әнші даусының тәрбиесі, әнді үйрету, репертуар сұрыптау бойынша ұсынған әдістемелерінің практикалық маңызы зор.
Жеке тұлғаның музыка арқылы шығармашылық сапа-қасиеттерін дамыту мәселелері П.Л.Яровскийдің, В.Н.Щацкаяның ізденістерінде көрініс алған.
П.Л.Яровский (1877-1942) - көрнекті музыкатанушы, сазгер, пианист, қоғам қайраткері, өнертану ғылымдарының докторы Мәскеу, Киев консерваторияларының профессоры. Оның бүкіл өмір жолы музыкалық тәлім-тәрбие жұмысын дамытуға арналған. Оның музыкалық-педагогикалық практикасында балалардың музыкалық мүмкіндіктерінің мейлінше ашылуына, шығармашылық қабілеттерін белсенділікпен дамуына ықпалын тигізетін өзіндік әдістемесі осы саладағы ізденушілерге үлкен қызығушылық туғызған еді. Автордың балалардың музыканы қабылдауы, олардың шығармашылық бастауларының көзін ашу міндеттерін жүзеге асыруда есту, сенсомоторлық түйсіктерді белсендіру бойынша ұсыныстары да назар аударарлық және өз заманындағы жаңашылдық болып табылады.
Музыкалық педагогиканың көрнекті өкілдерінің бірі - В.Н.Щацкая. Ол 1965 жылы Мәскеу консерваториясын бітіріп Детский труд и отдых балалар клубын басқарды.
В.Н.Щацкая мен С.Т.Щацкийдің Бодрая жизнь колониясындағы музыкалық тәрбиені ұйымдастыру тәжірибесі бүгінгі зерттеушілердің назарын өздеріне үнемі аударып келеді. Бұл тәжірибенің ерекше белгілері - ең алдымен сол кезеңде белең алған тәрбиедегі дөрекі жалтырақтық пен жаттандылыққа формализмге тосқауыл бола алатын амал-жолдарды іздестіру еді.
Екінші кезең (XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бірінші жартысы) ән-күйдің дербес пән ретінде оқытылуына және музыкалық білім мен тәрбие беру әдістемесінің жасалуына байланысты, музыкалық білім беру педагогикасының жаңа ғылым саласы ретінде қалыптаса бастауымен сипатталады. Сол кездегі көрнекті мемлекет қайраткері А.В.Луначарскийдің басшылығымен Халық ағарту комиссариаты жанында арнайы музыкалық бөлім ашылды. Сөйтіп, мектептерде музыкалық білім мен тәрбие мақматы мен міндеттері, талаптары айқындалып, музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің жүзеге асыру жолдары қарастырыла бастады. Ән сабағын оқытуға байланысты қойылатын талаптар күшейтіліп, білім мазмұнын сұрыптау қолға алынды, сабақ өткізу әдістемесін жасау және оқу құралдарын дайындау жұмыстары жоспарланды. Ән сабағын жүргізетін мұғалім даярлығы да назардан сырт қалған жоқ.
Музыкалық білім беру педагогикасының қалыптасуына шешуші роль атқарған бұл кезеңде тек ғылыми-әдістемелік өңдемелердің және музыкалық білім берудің мазмұнын, әдіс-құралдарын, ұйымдастыру формаларын қарастырған ғылыми-әдістемелік еңбектердің жарыққа шығаруларымен бірге, музыкалық білім беру проблемаларын шығармашылықпен, теориялық тұрғыдан ой таразылайтын батыл қадамдар жасалды.
Үшінші кезең (XX ғасырдың 50-90 жылдары) - музыкалық білім беру педагогикасының теориялық негіздерінің жасалуымен жәнеосыдан туындайтын Ресей, Қазақстан ғалымдарының ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарының өріс алуымен ерекшеленеді.
Білім беру және тәрбиелеу процессі кезінде тұлғаның әлеуметтендірілуін қамтамасыздандыру қажет. Бұл жаңа ашылыстарды игеруді, өзіндік күн көруді үйренуді, мәдениеттің минимумдық негізін салуды білдіреді. Музыка туралы білім біздің заманымызда күннен күнге үлкен роль атқарады.
Егерде бұндай жұмыс нәтижесінде оқушылар музыка пәнінде эмоционалдық қанағаттанса, онда олар музыкаға деген сүйіспеншілікті бүкіл өмір бойы өткізе алады. Солардың біреулері болашақта композитор., біреулері - әнші, тағы біреулері - жақсы, музыканы сүйсіне тыңдайтын тындарман болуы мүмкін. Музыкалық тәрбиешілер жастарды осы 2-3 топқа қосылып кетулеріне себеп болу керек.
Музыка педагогикасының әдістемесін жасаушы, ұлағатты ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы О.А.Апраксина Ресейде алғашқылардың бірі болып орыс музыкалық педагогикасы тарихын зерттеумен айналысты. Музыка сабақтарының мектептің оқу жоспатымен оқытылатын басқа да пәндермен ұқсас жақтары бар. Алайда, О.А.Апраксина атап көрсеткендей, музыка сабақтарының өзіне тән айшығы оқу материалының мазмұнына, балалардың танымдық ерекшеліктеріне, жалпы, әсіресе арнайы музыкалық қабілеттерінің даму деңгейіне, қолданылатын оқу әдістерінің тиімділігіне, пайдаланылатын техникалық құралдарға, мұғалімнің жеке тұлғасына байланысты көрініс алады.
Д.Б.Кабалевскийдің жетекшілігімен дайындалғанмузыка пәні оқу бағдарламасының жаңашылдығы бағдарлама мақсатында да айқын көрініс тапты. Егер бұған дейін музыкалық білім беру педагогикасының мақсаты балаларды музыка өнеріне тартып, оған деген қызығушылығын тудыру, белгілі бір көркемдік дағды, іскерлігін қалыптастыру болса, жаңа бағдарламада оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда теңдеусіз құрал болып табылатын музыканың адамның, әсіресе өскелең ұрпақтың рухани өрісіне эмоционалды түрде ықпал ететін әсер-күшін пайдалану талабы қойылды. Сөйтіп, музыка пәнінің жаңа мақсаты - оқушылардың музыка және оның қоғамдағы ролі мен әлеуметтік қызметі жөнінде біртұтас ұғым-түсініктері негізінде музыкалық қабілетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа мақсат жаңа міндеттерді нақтылауды талап ететіні белгілі. Сондықтан эстетика, психология, дидактика саласындағы қағидалары сондай-ақ Д.Б.Кабалевскийдің тұжырымдамасы негізінде музыкалық білім берудің басты үш міндеті қарастырылды.
Бірінші музыкалық міндет - оқушылардың музыкаға эмоционалды қарым-қатынасын қалыптастыру. Бұл міндеттің орнындалуы музыканы қабылдау негізінде жүзеге асырылады. Сөйтіп, оқушылардың музыкаға эмоционалдық ынта-ықыласын, музыкалық сезімін, музыканың сазын эмоционалды нәзік байыптау, білімді меңгеру, дағды, іскерліктерді иелену, музыканы тыңдап, орындауға деген белсенді талпынысын оятуға қажетті жағдай туғызылады.
Екінші музыкалық міндет - музыкаға деген қарым-қатынасты қалыптастыру. Бұнда оқушылардың музыкалық шығармаларды саналы түрде қабылдау тәжірибесін жинақтау, музыкалық білімдерді күнделікті өмірде қолдана білу, музыкалық образдардың сипатын сезіну, даму логикасын байыптау, шығарманың өміршеңдігі мен идеялық негізін саналы түрде ұғып-түсіну қарастырылған.
Үшінші музыкалық міндет - музыканы орындау, әсіресе музыкамен әуестенудің ең қолайлы формасы ретінде хормен ән салу процесіндегі іс-әрекеттік, практикалық қарым-қатынасты қалыптастыру. Бұл міндеттің шешімі оқушылардың музыкалық есту ұғым-түсініктерінің қалыптасуы мен музыкалық қабылдау процесінде орындаушылық дағдыларының дамуына байланысты.
3. Шоқан және музыка
Музыка зерттеуші ғалымдар мен музыка қайраткерлері Шоқан кезеңін қазақ халқы музыка мәдениетінің гүлдену шағы, халық музыка шығармашылының профессионалды - (классикалық) деңгейге көтерілген дәуірі деп санайды. Алайда, ғалымдардың бір тобы ХІХ ғасырдың екінші жартысында музыка өнерінде демократиялық тенденцияның өрістеуін орыс мәдениетінің әсерінен қарастырса, екінші бір қатары төл топырағымызда ықылым замандардан келе жатқан уақыт пен табиғаттың, ел мен мекеннің өзі тікелей тұлғалаған дәстүрлі өнер түрінде таниды.
Қазақтардың музыкалық қабілетінің аса биіктігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz