Музыкалық тәрбие берудегі жоспарлау мен есептеу және жетекші мен тәрбие рөлі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
«Музыкалық білім беру» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Музыкалық тәрбие берудегі жоспарлау мен есептеу және жетекші мен тәрбие рөлі»
Орындаған: 3пРДО топ студені
Жетекші:Мухажанова Б. Қ.
Орал-2014ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Балалардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру
1. 1 Балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру . . . 6
1. 2 Балабақшада музыкалық тәрбие және білім беру жоспары . . . 14
2. Музыкалық тәрбие берудегі музыка пәні жетекшісінің рөлі
2. 1 Музыка пәні жетекшісінің кәсіптік шеберлігі . . . 19
2. 2 Музыкалық білім беруде тәрбиешінің рөлі . . . 22
2. 3 Ұйымдастырылған іс - әрекеттің технологиялық картасы . . . 27
Қорытынды . . . 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілесу саясатты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы қоғамның барлық саласын, соның ішінде өнер саласында мәдениет пен білімді дамытуда аса маңызды рөл атқарды. Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында (1996) : "Тәрбиенің түп мақсаты - коғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, білікті, жанжақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу" - деп өнер мен мәдеиетті дамытуға ерекше мән берілген. Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени - рухани мұраның жетістіктерін келешек үрпаққа қалдырудың үлесі зор. Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі халықтық тәрбиеде. Күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін балалардың сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге деген эстетикалық көзқарасы оның қызметінің барлық саласында көрініп тұрады.
Музыкалық тәрбие - тұлғаны қоғамның музыкалық мәдениетіне қатыстыру процесі. Мақсаты - музыкалық тәжірибені (жасау, орындау, қабылдау, музыкалық шығарманы анализдеу) жас ұрпаққа жеткізу. Музыкалық тәрбие дегеніміз индивидке мақсатты түрде педагогикалық әсер ету, ол тұлғаның жалпы үйлесімді дамуының ізгіліктік-эстетикалық сезімінің, идеалдарының, музыкалық талғамы мен талаптарының қалыптасуының бір құралы ретінде қаралады.
Музыкалық тәрбие мазмұны, формасы және әдістері қоғамда танылған әлеуметтік, философиялық, жалпы педагогикалық ұстанымдарға, музыкалық мәдениеттің қалыптасқан типіне, адамды қоршаған музыкалық әрекет түрлері мен «дыбыстық ортаға» байланысты. Музыкалық тәрбие эстетикалық тәрбиенің ерекше саласы. Елеулі компоненті музыкалық қызметпен айналысуға қажет музыка тілін игеруге, музыкалық қабілеттерді дамытуға үйретегін музыкалық оқыту мен білім.
Қазіргі кезде оқу-тәрбие процесін ізгілендіруде, оқытудың тәрбиелік сипатының басымдылығына, сондай-ақ тұлғалық бағдарына назар аударыла бастады. Бір қунарлығы қазіргі балалар өте алғыр. Олардың қай-қайсысының бойынан дарындылықты табуға болады. Тек тұтанып тұрған отты мезгілінде үрлеп, дұрыс бағыт-бағдар беру талабын қанағаттандырып отыруда тәрбие мен жетекшінің асқан шеберлігі қажет: кәсіптік шеберлік өздігінен келмейді. Ол педагогикалық мамандығын арттыру жөніндегі мәдени және саяси ой-өрісін кеңейту жөніндегі табанды да күнделікті жұмысының нәтижесі болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Музыкалық тәрбие беруде музыка жетекшісінің рөлі және музыкалық тәрбие беруді жоспарлау, балалардың музыка ұлттық қазына арқылы қызығушылығын ояту, шығармашылық қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде ұйымдастыру әдістерін қарастыру.
Зерттеу міндеттері: музыкалық тәрбие беру әдістеріне түсінік беру, музыкалық тәрбие, білім беруді жоспарлау және музыка жетекшісінің кәсіби шеберлігі мен рөлі туралы түсінік беру.
Зерттеу мәселесі: Музыкадағы оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі басты мақсат - әрбір жас адамды қоғамның тірегі, рухани бай, мәдениетті, эстетикалық талғамы зор, өз Отанының елжанды азаматы етіп тәрбиелеу болып табылады:
а) музыканы тыңдау және ән салу, күй, жыр сияқты музыкалық шығармалардан үзінділер орындау (кез-келген музыкалық аспапта) ;
ә) музыкалық шығарламалардың мазмұны мен үлгісіне қатысты төл ерекшеліктері және қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениеті туралы білім қалыптастыру;
б) ән мен күйдің идеялық, эстетикалық мәнін түсіну, олардың сезім тербер дүниелі мазмұнын болжау;
в) оқу барысында (тәрбиеші мен балалның қарым-қатынасы) еркін шығармашылық ахуал орнықтыру мақсат тұтылады. Ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін музыка жетекшісі ұдайы өзін-өзі шындап, дамытып отыру керек, жаңаша ізденіс үстінде болуы қажет.
Зерттеу болжамы: балабақшада музыканы оқытуды жоспарлау ұйымдастырылып, музыкалық білім беру үрдісін толық жеткілікті қамтылса, балалардың бойында көркемдігімен, нәзіктігімен сана сезімін кеңейтіп, жақсы мінез-құлықтарының қалыптастыруына әсерін тигізеді.
Зерттеу нысаны: балалбақша және мектепке дейінгі балалар.
Зерттеу пәні : музыкалық білім беру.
Зерттеудің ғылыми-практикалық маңызы: музыкалық білім беруді жоспарлау балалардың музыканы тыңдау және ән салу, кез-келген музыкалық аспапта орындай білу біліктілігін қалыптастыруда септігіе тигізеді. Музыкалық шығарламалардың мазмұны мен үлгісіне қатысты төл ерекшеліктері және қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениеті туралы білімдері қалыптасады. Музыка пәні арқылы тәрбие беру тек қана жекеленген нысандарды елестете ұғыну ғана емес, ол мәдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірге деген эстетикалық қатынасқа тығысатын барлық үйреншікті заттарға, дағдылы әлемге жаңа қатынас орнатады.
Зерттеу құрылымы : кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Балалардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру
1. 1 Балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру
Біздің қоғамымыздың жас мүшені нағыз адамзаттық көзқарасын дәйекті көзқарасының қалыптасуын тек білімге ғана негізделмейді, оған қоса өзінің сезім түйсігінен, ар-ожданның елегінен өткен ақыл-ой қызметі қажет. Бұл жерде өнердің алатын орны ерекше, себебі біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың музыка және өнер әлеміндегі ірі-ірі тұлғалардың ғасырлар бойы жинаған бай тәжірибесінің арнасын одан әрі кеңітіп дамытуымыз керек. Жетекшінің музыкалық тәрбиесінің тәжірибелік нәтижелілігі жоғары көтерілуінің қажеттілігінің алғы-шарттары олардың білімі мен музыкалық дамуы болып саналады. Балалардың жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың өнер жолында ең жақсы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуде мүмкіндік туғызады. Бұл мәселелерді көптеген ғалымдарымыз зерттеді. Қазақстандағы музыкалық сын саласында әр кезеңдерде белгілі музыка танушылары - Б. Ерзакович, М. Ахметова, А. Темірбеков, Л. И. Гончаров, З. Қоспақов, Б. Қарақұлов және А. С. Райымбергеновтар. Музыканы қабылдау, әрине күрделі процесс, осыған орай Д. Кабалевский былай деп жазды: «Музыкаға деген қызығушылық музыкаға әуестену және оны ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ол өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды» Әрбір баланың сана-сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, музыкалық қабілеті бірдей болып келе бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі - тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. Демек, тәрбиеші өзінің тәрбие жұмысында әрбір балаға өз алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті - таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады. Адамның тұлға болып қалыптасуы жолында халық музыкасының әсері ұлан-ғайыр. Музыка өнері тек эстетикалық құрал ғана емес, оның өзге сипаттары да бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Бұл турасында, балабақшаларда осы тұрғыдан да зер салып, әдістемелік тәсілдеріміздің мазмұнын байыта түсуіміз керек-ақ. Сондықтанда балалардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек сияқты. Байқасақ, әрбір жүргізілген музыка пәнінің тәрбиелік мәні өте зор. Мектепке дейінгі балаларының әсемдікті көре, түсіне, жасай білуі мен рухани өмірін байыту, туған еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін және ұлтымыздың бай қазынасы - қазақ фольклорына қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойында эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу - бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр. Баланың әсемдікпен әрсіздікті, жақсы мен жаманды, мейірімділік пен зұлымдықты, қуаныш пен қайғыны түсініп ажырата білуіне байланысты оның эстетикалық мәдениеті мен мінез-құлық дағдылары айқындалады. «Жаратылыстың, һәм өнердің сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, сұлу суреттен, біреудің поэмадан. Тәрбиешінің міндеті балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету», - деп А. Жұбанов айтқандай, балаларының эстетикалық мәдениетінің дамуы жетекшілерінің және пән жетекшілерінің шеберлігі мен тәрбие құралдары қазақ фольклор жанрларын тиімді қолдана алуына, әдіс-тәсілдеріне байланысты. Балалардың музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістері алуан түрлі және ол баланың жас мөлшеріне тәуелді. Музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады. Педагогикалық ғылым мен практика баланың шығармашылық қабілетінің неғұрлым тиімді әдістерін анықтап отыр. Олар: балалардың музыканы қабылдауы мен эстетикалық мәдениетінің бастапқы көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдістері:
а) қоршаған ортаны жасампаздандыруға және мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыруға арналған практикалық іс-әрекеттерге үйрету, жаттықтыру әдістері;
ә) шығармашылық және практикалық іс-әрекеттерге итермелейтін проблемалық жағдайлар сияқты әдістер жатады. Шығармашылық қабілетті қалыптастыруда қолданатын сендіру әдісінің ерекшелігі оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайдалану керек екендігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz