Музыкалық ырғақты қимылдардың маңызы, қойылатын талаптар



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Музыкалық білім беру кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Музыкалық ырғақты қимылдардың маңызы, қойылатын талаптар

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2014ж.

Мазмұны
Кіріспе

Музыка және қимыл ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім
1. Музыкалық-ырғақтық қимыл түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2. Жасерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3. Үйрету міндеті репертуарлары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе
Музыка және қимыл
Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау - бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі.
Тақырыптың өзектілігі: Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз - ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.
Музыка -- адамның өмірлік серігі. Бейнелі қимыл дағдылары өнердің әр түрімен байланысқан. Қимылдардың негізгі түрлері (жүру, жүгіру, секіру), гимнастикалық жаттығулар және сап түзеу дене шынықтыру жаттығулары саласынан алынған. Халықтық, сәнді билердің және характерлі бидің ең қарапайым элементтері би саласынан іріктелініп алынған. Бұлардан басқа драмалық, сюжетті-образды қимылдар да іріктелініп жүр. Балалар музыкалық аспаптарында ойнауға үйретудің мазмұны түрлі аспаптармен, олардың құрылысымен таныстыру болып табылады. Балалар шағын ансамбльге қатыса отырып, дербес және коллективтік дыбысты дұрыс шығару дағдысын меңгереді.
Баланы дамыту мен тәрбиелеуде ойын маңызды рөл атқарады. Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруда адамгершілік қасиеттері, қоршаған ортаны танып білуі ойын барысында жүзеге асырылады. Әйгілі совет педагогы А.С.Макаренко былай деген еді: Ересектердің өмірінде жұмысы мен қызметі қаншалықты маңызды болса, бала үшін де ойынның маңызы соншалықты зор. Адамның мінезі бала кезіндегі ойын барысында қалыптасады.
Баланың музыкалық мәдениетінің бастапқы мектебі де ойын тәжірибесінен туындайды. Сол сияқты музыканың сүйемелдеуімен орындалатын қимылды ойындар-шапшандылық, ептілікті, икемділікті, музыкаға дұрыс жауап бере білу қабілеттерін дамытады.
XX ғасырдың бас кезінде швейцар музыкант-педагогы Э. Жак-Далькроз-салған ырғақтық тәрбие жүйесі күні бүгінге шейін музыка тануда ғылыми мағлұматтар негізінде педагогика саласында қолданылып келеді.
Мектепке дейігі жастағы балалардың ырғақты жаттығулар, музыкалық ойындар, билер, қол ұстасып ән айту арқылы музыкалық-ырғақтық дағдылары қалыптасады.
Бұл ироцесте балалардың естуі мен өз қимылын музыкамен үйлестіре білуінің, тиісті музыкалық шығармаларды таңдап ала білуінің мәні зор. Музыкалық-ырғақтық тәрбие жүйесінің негізін қалаған педагогтар: Н.Г.Александрова, М.А.Румер, Н.А.Ветлугина, А. В. Кенемандар.
Музыка мен қимыл арасындағы байланыс олардың жалпы үйлесімділігімен шектеліп қана қоймайды, онда музыкалық образдың дамуы, ұқсас және қарама-қарсы сипаттағы музыкалық шығармалар, мәнерлілік реңк, ырғақтық өрнек, қарқын, динамикалық өзгерістер барлығы қимылдан көрініс таба білуі қажет.
Музыканың және қимылдың қарама-қарсылық, қайталанушылық сипаты өзара сәйкес келеді. Жеңіл ырғақты қимылдар-қол соғу, аяқтопылдату арқылы, ал динамикалық қарқындык сәттер-қимылды жылдамдату, бағытын өзгертумен айқындалады. Мысалы: о. х. ә. На горе-то калина, В. Иванов Полька.
Қимылдағы коркем образдарды білдіруде музыка жетекші орын алады. Мысалы: Темір әл-Мұхамед Ойнар едім, ал А. Меңжанованың Поезд әнін балалар орындай отырып біртіндеп поездің қарқынды жүрісін бейнелейді.
Сонымен қатар музыкалық-ырғақтық қимылдар баланың жеке басының еріктік, әсерлік, танымдық қабілеттерін де дамытады. Алуан тақырыптағы музыкалық ойындар, билер, қол ұстасып ән айту баланы көп білуге жетелейді, яғни танымдық қабілеттерін дамытады. Балалар музыканың сүйемелдеуімен қимыл жасағанда қандай да болмасын бір образды ойша көз алдына елестете отырып, таныс қимылдан жаңаша бір қимыл ойластырып, кейіпкерге деген өзінің көзқарасын береді. Мысалы: Қаздар мен түлкі Б.Дәлденбаев.
Бала өзінің алдына қойған міндетін саналы түрде орындау арқылы, бойында еріктік көрініс пайда болады. Музыкалық-ырғақтық қимылдар балаларды музыкада айтылғанды бастан кешіруге мәжбүр етеді. Олар музыкаға шаттану, куану арқылы эмоциялық сезімге бөленіп, орындаушылық сапасын арттыруға ықпал етед.
Қазіргі заманда мектепке дейінгі бүлдіршіндер арасындағы жалпақ табандылық пен омыртқаның қисаюы сияқты түрлі аурулар кең тараған. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемелердің ең басты мақсаты оқу-тәрбие беру процессінде балалардың денсаулығын нығайту болып табылады. Балаларды түрлі аурулардың алдын алуда күн бойғы әрекетінде денесін шынықтыру және сауықтыру шаралары кіріктіре жүзеге асырылу қажет. Ал, оның ішінде музыкалық ырғақты би сабағы осы өскелең ағзаның толық дұрыс дамуында көп ықпал тигізетіні анық. Яғни музыкалық ырғақты сабақтарда әсемдік пен қатар баланың бұлшық еттерінің дамуы мен дене сымбатының дұрыс өсуіне тигізер әсері мол. Дені сау баланың көңіл-күйі де жақсы болатыны анық яғни баланың өз-өзіне сенімділігімен ерекшелігін сезіну жеке тұлға ретінде қалыптасуына маңызды рөл атқарады.
Зерттеу мақсаты. Музыкалық ырғақты би сабақтарында балалардың эстетикалық тәрбие мен шығармашылық қабілеттерін дамыта отыра денсаулықтарын нығайту және артыру.
Зерттеу міндеттері:
oo балалардың би арқылы бұлшық ет күші мен иілімділігін және төзімділік қабілеттерін жаттықтыру. Әуенге сәйкес ырғақ пен қимыл үйлесімділігінің көркем де мәнерлі болуын жетілдіру;
oo балалардың қимыл белсенділіктерін арттыру;
oo ырғақты би арқылы еркіндік, шығармашылық пен психологиялық жағымды эмоциясын арттыру.
Зерттеу мәселесі. Елдің болашағы оқу - тәрбие ісіне тәуелді. Сондықтан да оқу - тәрбие ісіне келелі міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иелерін тәрбиелеп өсіру отбасының, балабақшаның міндеті. Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка пәнінен әуенге сәйкес дербес би қозғалыстарын ойлау арқылы баланың ой - қиялын және елестету қабілеттерін дамыту ерекшеліктері маңызды мәселе болып отыр.
Ғылыми болжамы. Егер мектепке дейінгі ұйымдарда, балалбақшаларда музыкалық білім беруде пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған музыкалық ырғақты қимылдардың түрлерін қолдану әдісі пайдаланылса, онда балалардың қызығушылығы артып, музыка арқылы биді жақсы меңгереді деген болжам бар. Музыкалық-ырғақты қозғалыстар музыканың көркем образдарын қабылдауды және оларды қимыл арқылы бейнелеуді жетілдіру негізінде құрылады. Осыдан келіп программада музыкалық-ырғақ дағдылары мен бейнелі қимыл дағдыларының көлемі ескерілген.
Зерттеу нысаны. Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру. Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық ырғақты қимылдарды үйретудің маңызы және оған қойылатын талаптар.
Зерттеу пәні. Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу. Музыкалық білім беру.
Зерттеу әдістері. Оқытудың бастапқы кезеңі алдын ала жаттығу туралы мағлұмат көзқарас қалыптастыру мен сипатталады. Осы кезеңінде жаттығулар түсіндіріліп, көрсетіп беріледі және жаттығуларының атауы мен оның кейіпіне енуге, қалыптастыруға жағдай жасайды. Мектепке дейінгі жастағы балаларға жаттығуларды немесе жеке қозғалыстарды жақсылап түсіндіріп көрсету, оқу үрдісіндегі маңызды буын болып табылады, себебі қозғалыстарды қабылдау көбінесе көру анализаторы мен байланысты.
Практикалық пайдасы. Мектепке дейінгі жастағы балаларды ырғақты би қиылға және әуендік оқытуға дәстүрлі тәжірибенің қолданылуына бағытталған. Жұмыс мына принциптерді еске ала отырып өңделген: Жүйелілік пен психологиялық жайылылық, жас ерекшеліктері бойынша балалардың дамуына ғылыми әдістеменің есепке алуы отыра баланың жеке тұлға ретінде дамуына негізделуінде. Эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата - аналардың педагогикалық сауатын ашуда, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешілердің ата - аналармен жұмысында, педагог - психологтардың практикалық іс - шараларында қолдануға болады. Көрсетілген әдіс тәсілдерді ұйымдастырылған іс әрекеттерінде пайдалануға болады.
Зерттеу базасы. Балбөбек балабақшасы
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
Балабақшада музыкалық білім берудің ерекшелігіне және кездескен мәселелерге теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
Тәрбиешілерге музыкалық ырғақты қимылдардың түрлері көрсетілген әдістер берілді;
Музыкалық-ырғақ дағдыларына эмоциялық әсерге бөленушілікті жетілдіруге арналған жаттығулар, музыкалық образдардың, олардың сипатының ауысуынан, шығарманың құрылымындағы бөлімдердің, формалардың ауысуынан, сондай-ақ метр-ырғақтық, динамикалық және екпіндік өзгерістерден туатын әсерлер енетіндігі анықталды;
Бала мен музыка репептуарының қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім
1. Музыкалық-ырғақтық қимыл түрлері
Балаларға музыкалық тәрбие беру түсінікті және қызықты ойындар, қол ұстасып ән айту, билер, жаттыгулар, драмалық ойындар шығармаларындағы қимылдар арқылы жүзеге асырылады.
Музыкалық ойын. Ойын - музыкалық-эмоциялық мазмұнды білдіретін белсенді шығармашылық қызмет, ол алуан түрлі қимылдар арқылы жүзеге асырылады. Ойынның өзіне тән сюжеті, ережесі, музыкалық оқу тапсырмалары болады. Түсінікті де қызғылықты ұйымдастырылған ойын бағдарламадагы дагдыларды жақсы игеруге көмектеседі. Музыкалық шығармалар мен ойын мазмұны жалпы тәрбие міндеттеріне жауап береді.
Мектепке дейінгі музыкалық тәрбие әдістемесінде ойынның екі түрі берілген. Музыка аспабымен және ән айтумен орындалатын ойындар.
Музыка аспабымен орындалатын ойындар сюжетті және сюжетсіз болып екіге бөлінеді.
Сюжетті ойындарды белгілі бір кейіпкерлер орындайды, оқиға дамып отырады. Негізгі міндет шешімін табады.
Сюжстсіз ойындар (қимылды ойындардың алуан түрі) ережесі музыкамен байланысты болып келеді, музыкалық шыгарманың мазмұнына, сипатына және түріне сәйкес қимыл жасау міндеті шешімін табады. Қол ұстасып ән айту, сахналық түрге келтіру ойындары енгізіледі. Олардың құрылымы шығарма мазмұнына байланысты болады. Қимыл әрекетке жеке балалар, шағын топ, бүкіл ұжым кезекпен қатысады, қимыл бағыты өзгертіледі, ойын кезінде тұру тәртібі - шеңбер жасау, сап түзеу, екі-екіден қатарға тұру, топтанып тұру т. б жатады. Сонымен музыкалық ойындар міндеті жағынан -дидактикалық, ал сипаты жағынан қимылды ойындар болып саналады. Мазмұны музыкамен толық байланыста.
Мысалы: Қайсы екен, қолымыз?, Во саду ли в огороде орыс х. е.
Билер. Балалар билерінде халықтық және классикалық би элементтері кеңінен колданылады.
Белгіленген кимылдары бар және ойдан шыгарылган сипаты бар бірнеше биден құрастырылган секірмелі билер, оларға қарама-қарсы сипаттағы екі бөлімді шығармалар:
- бірінші бөлімі бірқалыпты баяу орындалады, саппен жай жүру, музыка соңында ізет жасалады. мыс: о.х.е. Сеяли девушки яровой хмель,
- ал екінші бөлімінде көңілді, қызу жылдам орындалады. Мұнда музыкаға әркімнің өзінше билеуі, ойдан шығару қимылдарын енгізуге болады. Мысалы: о.х.е Я на горку шла
Еркін билер шығармашылық сипатта болып, халықтық би әуенімен орындалады. Балалар ездеріне таныс билердің элементтерін пайдаланып, оларды жаңаша құрастырып, өздерінше секірме би ойлап табады.
Сәнді би- құрамында полька, галоп, вальс қимылдары енгізілген балалардың сәнді биі. Жеңіл, көңілді түрде ойналатын музыка арқылы полька, галоп адымы үнемі сүйемелденіп отырады.
Өзіндік би-қандайда болмасын бір кейіпкерді орындайтын Петрушка, Ақшақар, аю, қояндар билері.
Жаттығулар. Ойындар, секірме билер, қол ұстасып ән айтуды үйрену барысында музыкалық-ырғақтық дағдылар меңгеріледі. Кейбір билер қосымша күш жіғерді, жаттығуды талап етеді. Мысалы: Ырғақтық өрнекті, екпінді дәл көрсетуге жаттықтыру, педагогтың тапсырманы қызғылықты етіп түсіндіре білуі билерді жеңіл игеруіне көмектеседі. Ал кейбір жаттығулар кейіпкерлерді, секіруді, көркем қимыл дағдыларын, жекелеген би элементтерін меңгеруге көмектеседі.
Ізденіс жұмысының арқасында балада музыкалық ырғақ қатынасы ерте қалыптасады (9-10 айда - Б.М.Теплов). Балада музыкалық ырғақ элементі дене қимылынан бастап музыканың ырғақ қысымына қосылады.
Г.А.Ильин: ... баланың бірінші музыка туралы түсінігі ырғақтық қабылдауы. 2,5 - 3 жаста бала музыка уақытының теңдігін байқайды, қарапайым ырғақтарды қабылдайды (екі кішкене ұзақтық және бір ұзағырақ ұзақтықты). 3 - 5 жаста әндеткенде ырғақтық қимылмен жүреді. 6 - 7 жаста, біріншіден, музыканың әсерлік (динамикалық) және ырғақтың жағын сезеді, ал әуені мен гармониясын нашар қабылдайды.
Музыкалық-ырғақтық үлгілер жүйесі арқылы музыкалық ырғақ сезімі дамиды және қалыптасады. Олар: екпіні жай, орташа, жылдам. Екпін, метр және ырғақтық сурет - міне, ол музыкалық сипатын білдіреді (6 - 7 жасар балалар). Метр - 24, 44 және (34) ырғақ өлшемдер арқылы. Екпіндік сезімі - дыбыс қатарларының жүрісін қабылдау (екпіні жай, орташа, жылдам). Балалардың ырғақтық сурет сезімі баяу дамиды, ауырлау. Музыкалық әрекетіндегі басты және тез алда дамуы - ол музыкамен музыкалық жүріс. Музыкалық жүріс - бұл ерекше әрекет, барлық музыкалық қабілет жүйесінің дамуы, алда жүретіні - ырғақ сезімі.
Музыкалық жүріс - халықтық, тұрмыстық, сахналы би және ырғақтық гимнастика мен аэробика т.б.
Мектепке дейінгі жас адам өміріндегі өте жауапкершілікті кезеңдердің бірі, яғни осы жас шамалық кезеңде баланың денсаулығының негізі, ақыл ойы, психо-физикалық дамуы қаланып, оның жеке тұлғасы қалыптасады. Дәлірек айтар болсақ, бала өсіп дамиды сонымен қатар әуенге сай ырғақты би қозғалыстарына деген қажеттіліктері ұлғаяды. Ал музыка әуеніне қозғалу бұл би. Ырғақты би - бала үшін қозғалыс арқылы өз - өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Себебі мектепке дейінгі жастағы баланың сөздік қоры бай емес, сондықтан да бала өз сезімін, эмоциясын ырғақты би арқылы бейнелеп, қоршаған ортаға жеткізеді. Ал қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын. Қазіргі заманғы балалар биін балабақшада қолданудың тиімділігі ол, балаларды музыкалық, психо-физикалық және эстетикалық тәрбие жағынан әр - түрлі әсерлі формаларды қолдана отырып ырғақты би қозғалыстарын дамыту болып табылады. Ырғақты би қимылы арқылы бала тәрбиелік және білімділік қасиеттерді бойына сіңіреді. Ол баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның рухани бейнесін қалыптастырады. Ырғақты би қимылы тек ептілік әдемілік, шығармашылық мүсін ғана емес, баланы жігерлендіреді. Хореография сабағында тек қана би үйретіліп қана қоймай денсаулықтары нығайып, ой-өрістері дамиды. Бұлшық ет күштері жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері дамиды және дене бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді, әдемілікке деген құштарлықтары артады, яғни ырғақты би қимылы баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді. Мысалы ішкі рухани жағдайы өзгеріп, мазасыздықты басып, қандағы кортизоль деңгейін жақсартып, жалпақ табандылық, омыртқа қисаю ауыруларын алдын алады сонымен қоса балалардың зияткерлік деңгейінің артуына, оның ойлау жылдамдығына ықпалын тигізе отыра есте сақтау қабілеттерін жақсартады. Ырғақты би балаларды эстетикалық құндылыққа тәрбиелейді, эмоцияналдық көңіл-күйін жақсартады. Өздеріңіз білетіндей біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің мінез-құлықтары әр түрлі ашық, шапшаң, белсенді болса ал кейбіеулері ұялшақ, қорқақ, ұяң балалар да болады дәл осындай балалармен ырғақты би сабағында балалардың тұйық мінезін ашып, көңіл-күйлерін жақсартып, өз-өздеріне МЕН деген сенімдерін арттыруға болады. Біздің бүлдіршіндеріміз көптеген билерді үйреніп қана қоймай ұлттық салт дәстүрлерді тез қабылдайды. Тәрбиеленушілердің арасында ерекше, биді жоғары орындау шеберлігі мен көзге түсіп жүргендері қалалық, облыс, республика деңгейіндегі сайыс - байқауларына қатысып жүр. Атап айтар болсақ бақшаның мақтаныштары Ә.Айнұр, М.Аружан, А.Анель, К.Мадина, Асанәлі, Б.Әлишер. Олар өздерінің табиғи қабілеттерін жетілдіруде. Қазақ халқы би өнері арқылы қайғы-мұңдары мен қуанышытарын би арқылы жеткізе білген. Әсем әуенді естігенде бойы елітіп би билегісі келмейтін жан болмас. Ырғақты би қимылын қабылдау ерекшелігін белгілі бір деңгейде, дайындық кезеңінде жас ерекшеліктеріне қарай анықтайды, оқыту 3 жылға бөлінген, осы кезде дидактиканың негізгі принциптері мен әрбір топтың жас ерекшеліктері, физикалық мүмкіндіктері мен 4-7 жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескерілген. Сабақ аптасына екі рет өткізіледі және үш бөлімнен тұрады атап айтар болсақ олар:
Ойын ритмика: жаттығуларды үйрету кезеңі және жеке қозғалыстар.
Ойын гимнастика: жаттығуларды тереңдетіп үйрету кезеңі, ол би бейнесі.
Ойын би : Жаттығуларды бекіту және одан әрі жетілдіру кезеңі толық би.
Жаттығуларды орындау техникасын түсіндіргеннен кейін бала жаттығуларды көрсеткенде алған ақпаратын толықтырады. Арнайы терминологияны қолдана отырып қысқа да нұсқа түсіндіру қажет, кейін билеген кезде балалар кейбір қозғалыстарды ұмытып қалған жағдайда,термин мен айтса олар ырғақты би қозғалыстарын көз адаларына елестетіп, естеріне түсіреді. Ең бастысы алғаш рет билеу кезіндегі сезімдері маңызды.
Жаттығуларды тереңдетіп үйрету кезеңінде оны орындау техникасының кейбір бөлшектерін анықтап, одан әрі жақсартумен сипатталады.
Бөлімдер сипаттамасы:
Ойын ритмика бөлімі
Балалардың ритмді сезінуімен қозғалу қабілеттерінің дамуының негізі болып табылады. Яғни әуенге (музыкаға) оның құрылымдық ерекшеліктеріне, сипатына ритіміне, темпке және басқа да музыкалық ерекшеліктеріне сәйкес ырғақты би қимылдарды еркін, әдемі және дұрыс орындап шығуына мүмкіндік береді. Бұл бөлімге музыкаға сай қозғалатын арнайы ырғақты би қозғалыстар, музыкалық тапсырмалар мен ойындар кіреді.
Ойын гимнастика бөлімі
Баланың әр түрлі қозғалыстарды меңгерудің негізі болып қызмет атқарады.Бұл бөлімге қатарға тұру, жалпы даму, сонымен қатар бұлшық еттерді жақсарту, дұрыс дем алу жіне тік отырып жүруді қалыптастыратын жаттығулар кіреді.
Ойын би бөлімі
Баланың мәдениеттілігін жоғарлататын би қозғалыстарын қалыптастыруға бағытталған.Бидің тәрбиелі және эстетикалық маңызы зор.Бұл бөлімге би қадамдары, хореграфиялық жаттығулармен би түрлерінің элементтері, тарихи тұрмыстық қазіргі заманғы және ритмикалық билер кіреді.
Ойын пластика бөлімі
Балалардың бұлшық ет күшінің дамуының дәстүрлі емес әдісіне негізделеді. Мұнда ойын түрінде орындалатын ежелгі гимнастикалық қозғалыстар мен стречинг жаттығуларының элементтері қолданылады. Осы жаттығуларды орындаған кезде көңі еттерді босату, көңіл-күй көтеріліп, бұлшық еттер босаңсып, балаға айқайлауға, түр әлпетін тыржыйтуға, эмоциясын еркін көрсетуге мүмкіндік береді.

2. Жасерекшеліктері
Тәрбиеші үнемі балаларды өзімен бірге қимыл жасауға, жүруге, билеуге, сылдырмақ соғуға шақырып қызықтырып отырады.
Алғашқыда тәрбиеші баланы қолына алып билейді. Ал жүре бастаған кезде оларды колынан ұстап, әуенге жетелейді, қолдарын бұлғайды, алақандарын соғады.
Екі жаста бала ойын, би, жаттығулар үйренуде үлкендерге еліктеп, қосыла әрекет етуге талпынады. Балалардың белсенділігін арттырып, ынтасын ояту мақсатында музыка қостауымен алуан түрлі ойын тәсілдері, ойыншықтар қолданылады. Мысалы. Бізге қонаққа қонжық келді, қоян келді, т.б. Сонымен катар музыка әуеніне сэйкес балалар қолдарындағы жалаушаларды, орамалдарды сермейді, былғайды. Педагог секірме билерді, ойынды өзі орындап көрсеткен соң, билегісі келген балаларды өзімен бірге ортаға шақырады. Мысалы: Е. Хасанғалиевтің Соқыр теке ойынында балалар жасырынады, тәрбиеші тауып алады. Одан соң балаларды ортаға билеуге шақырады.
Жыл соңында балғын жастағы балалар бірқалыпты секірме би ырғағындағы музыкаларға еліктеп, ойын әрекеттеріне әсермен жауап бере білуі тиіс.
Екі жастағы балалар музыка әуеніне сай жүруі, жүгіре білуі, жасырынбақ ойнауы, әр түрлі ойыншықтарды қозғап билей білуі және би әуендеріне қарапайым қимылдарды көрсете білулері қажет.
Кестеден балалардың музыкалық-ырғақтық дағдыларының күрделенуін және әр жастағы топтардың бағдарламалық талаптарын көруге болады.
Бұл кестеде балдырғандармен жүргізілгсн қандай да болмасын дағдының бағдарламалық талаптары күрделендіре отырып, кейінгі топтарда да жалғастырылады.
Мысалы: Кіші топтарда дыбыстың қатты, ақырын айтылуына әрекет етсе, ересек топтарда дыбыстың біртіндеп күшейтілуін немесе баяулатуына әрекет ете білулері керек. Мысалы: Б.Дплденбаев Сылдырмақ Музыкалық-ырғақтық дағдылар, ойындар, билер, қол ұстасып ән айту, жаттығулар үйрену процесінде меңгеріледі. Музыканың жалпы күйін, сипатын ұғына отырып, шығарманы тұтас күйінде қабылдауға үйрету керек. Алайда репертуарды үйрену кезінде, жақсы меңгеруге қажетті дағдыларды ажырата білу керек.
Сөйтіп музыканың мәнерлі кұралдарына көңіл бөле отырып, музыкалық образдарды дамыту-музыкалық-ырғаұтық дағдыларды меңгеруге көмектеседі.
Музыкалық-ырғақтық дағдыларын дамыту кестесі

Негізгі дағдылар мен біліктер
I кіші топ
II кіші топ
Естиярлар тобы
Ересектер тобы
Музыканың
сипаты,
дауыс күші
Шығарма сипатына
сәйкес
(марш,
секірмелі
би) қимыл
жасай білуге
үйрету
Музыка сипаты
(баяу, секірмелі
би, марш)
сипатына сәйкес
қимыл жасай
білуге үйрету
Музыканың,
Регистрдің (жуан,
жіңішке) қарама-
қарсы сипатына
сәйкес қимыл
жасау
Музыканың,
Регистрдің (жоғ
ары, орта,
төмен) әр түрлі
сипатына
сәйкес қимыл
жасау
Динамика
лық реңктер
Музыкалық
дыбыстың
қатты,
ақырын
шығуына
сәйкес
қимылды
өзгерту
Музыкалық
дыбыстың
қатты, акырын
шығуына сәйкес
қимылды
өзгерту
Динамикаға,
жылдамдыққа
сәйкес, қатты
ақырын кимыл
жасау
Динамикаға,
сәйкес,
қатгыбірқалып
ты, ақырын,
қатгырақ,
баяуырақ
қимыл жасау

Қалыптық өзгерістер

Бірқалыпты және жылдам қарқынмен
қимыл жасау
Музыка дыбысына сәйкес
бірқалыпты
қимылға
немесе ақырын
қалыпқа келу.
Өлшемді
ырғық
_
Ыргақ өлшемше
сәйкес қимылды
өзгерту
Ырғақ өлшеміне
сәйкес қимылды
өзгерту
Ырғақ
өлшемін
қимылмен (тактінің әлді
бөлігімен)жеңі
л ырғақгы қол
согумен
белгілеу.
Музыкалық шығарма
Шығарма
ның
басталуын,
аяқталуын
білу
Музыканың екі
бөлдім түрін
білу
Қимылды
музыкамен, екі бөлімді түрі
бірге бастап
бірге аяқтау.
Қимылды
музыканың
екі, үш
бөлімді түріне
сәйкес өзгерту.

Бір жастағы баланың қимылдар сипаты мен репертуарлары. Бір жаста балалар үлкендердің әнін тындау арқылы немесе үрмелі сырнай дыбыстарын тыңдай отырып, алғашында еріксіз күлімсірейді, кейіннен қол-аяқтарын қозғап, уілдеп, гуілдеп дыбыс шығарады. Баланың дамуымен қатар (алғашында манежде тұрады, кейіннен отырады, одан кейін түрегеліп түрады) тәрбиешінің көмегімен алақан соғу, қолын сермеу, жүреден отыру, сылдырмақ, бубен соға алатын қимыл әрекеттері дамиды. Олар ойын жағдайын түсіне бастайды. Мысалы: Алақан соғу-о. х. э., Аю- В. Ребиков, Қояндар-А. Герчанинов, Тәй-тэй-А. Иманалин, Топ-топК. Қуатбаев.
Ойын мазмұнына сәйкес қолдарымен беттерін басып жасырынады, қайда?-деген сөзге қолдарын артына жасырады.
Жыл аяғында қарама-қарсы сипаттағы әндерге бірінші бөлімінде-бірқалыпты, баяу, сазды әуенді, екіншісінде көңілді би әуенін тыңдай отырып, балалар шаттана секіріп жауап береді.
Екі жаста-балалардың денесі шыныға бастайды. Қимыл әрекеттері музыкамен байланысы жоқ болса да, музыкаға сай жүруге, секіріп билеуге тырысады. Бұл жастагы балалардың бағдарламалық репертуарларында музыкалык-ырғақтық қимылдарды қалыптастыруға арналған әуендер, әндер, билер алыңады. Е. Хасанғалиевтің Балақан да алақан әнінде балалар аяқтарын топылдатады, алақандарын соғады, саусақтарын оңға, солға бұрады.
Ал Ай-да о. х. әнінде балалар оңға, солға шынтақтарынан ұстасып жартылай иіледі, одан кейін аяқтарын топылдатып Ай! дегенде отырып қалады.
Ай-да, ай-да-2 рет.
Топ-топ, топ-топ басайық
Тез-тез қадам жасайық.
Ай!

3. Үйрету міндеті репертуарлары
Музыкалық-ырғақтық тәрбие берудің нақты міндеттері төмендегідей:
1. Балаларды музыкалық образды қабылдауға, өз қимылын музыкамен үйлестіруге, мәнерлі жүруге, музыкалық ойындар ойнауға, қол ұстасып ән айтуға, билей білуге сабақта және сабақтан тыс кезде үйрету.
2. Музыкадағы ырғақты сезінуге, мәнерлі қимылдарды көрсете білуге үйрету.
3. Ересек жастағы балаларды би билеу, қол ұстасып ән айтуда көркем - шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, дербес әрекетте пайдалануды дамыту.
4. Бұл міндеттер бағдарламалық талаптарды орындау барысында жүзеге асырылады. Мәнерлі әуен, жүйе, көркем образ, музыкалық үйлесімділік, сүйемелдеу, музыкалық көркемдік құралдарының кешендік байланысымен көрініс табады. Ырқақ деген ұғымның мағынасы өте кең, оған музыкалық образдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыңдауға арналған музыкалық репертуарлар
Барлық дыбыстарды анық айту
Балалардың музыканы қабылдай білу қабілеттілігі жайында
Музыка және қимыл
Музыка сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға музыканы қабылдауды оқыту әдістемесі
Мектеп оқушыларының музыкалық ырғақ сезімінің көрінуінің психологиялық ерекшеліктері
Ересек топтағы мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабылдау ерекшеліктері
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін таңертеңгілік гимнастиканың маңызы
Дирижерлық өнер орындаушылықты өнердің бір түрі
Пәндер